Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір
хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
Тақырыбы:
Қазақстандағы
және БҚО деструктивті діни ағымдар
Орындаған:БМД-11 тобының
студенті Жолдасқали.А.Қ.
Тексерген:
Галиева Ж.С.
Орал-2011
Мазмұны:
Кіріспе
І бөлім: Қазақстандагы дін жағдайы
- Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
2.Мемлекет және дін қатынастары
3.Қазақстандағы
ислам мәселелері
ІІ бөлім: Дедуктивті діни ағымдарға қарсы күрес
(соңғы жаңалықтар түрінде)
Тәуелсіздік жылдарында
елімізде орын алған күрделі саяси-
Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:
1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
Елімізде негізінен
басты екі дін бар десек
болады. Олар – ислам және христиандық.
Ислам дінін ұстанушылар халық
санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын
24 этникалық топ. Республика халқының
58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр,
татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен,
әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы
бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін
және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын
ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының
бір бөлігі мен шағын ирандық
топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады.
Бүгінге дейін көп білінбейтін
шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның
(1936- ) елімізге жасаған сапарлары
және «Халықаралық тау университетінің»
Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында
соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын
күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы
деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман
діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс
істейді. Осы арада ислам дінінің
Қазақстанның негізгі діні екенін және
халқымыздың тарихында
Қазақстандағы
екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі
ахуалы исламмен салыстырғанда тым
күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік)
алуан түрлі конфессиялар мен
секталардан құралған және бір діни
орталыққа бағынбайтын
Христиандықтың
еліміздегі екінші тармағы католицизмді
ұстанатын шағын топ. Олардың
өзі екі топқа бөлінеді: Рим
католик шіркеуі және Грек католик
шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен
Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында
белсенді жұмыс істеуде. Республика
көлеміндегі католик
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.
Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты – Қазақстанды інжілдендіру (евангелизация) және қазақ халқын түгелдей өз нанымдарына инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...
Қазақстанда мұсылмандар
мен христиандар жалпы халықтың
шамамен 97 пайызын құрайды. Бұларға
қоса елімізде көптәңірлі (политеистік)
және атеистік бағыттағы нанымдарды
ұстанатын шағын топтармен
Соңғы жылдары
елімізде үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен
дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан
«Сайнтология шіркеуі», Бахаизм, Қадияния
(Ахмадия), Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссарионство
шіркеуі сияқтыларды атауға болады.
Жалпы діни бірлестіктердің
соңғы 15 жылдағы көбеюін мына кестеден
көруге болады:
| ДІН НЕМЕСЕ
КОНФЕС-
СИЯ |
Ис-
лам |
Православие | Баптистер | 7. күн Адвентистері | Лютерандар | Иеһоуа куәгерлері | Елуліктер | Рим католик шіркеуі | Дәстүрлі еместер | Иудаизм | БАРЛЫҒЫ |
| 1989 | 46 | 62 | 168 | 3 | 171 | 27 | 42 | 42 | 81 | - | 642 |
| 1993 | 296 | 131 | 162 | 36 | 152 | 33 | 36 | 66 | 92 | - | 1004 |
| 1995 | 483 | 165 | 130 | 34 | 117 | 27 | 19 | 66 | 91 | - | 1132 |
| 1996 | 679 | 185 | 140 | 41 | 110 | 45 | 18 | 73 | 96 | - | 1387 |
| 1997 | 826 | 196 | 141 | 45 | 81 | 52 | 19 | 79 | 108 | - | 1547 |
| 1998 | 1000 | 220 | 242 | 64 | 84 | 97 | 37 | 77 | 110 | 1 | 1932 |
| 2003 | 1648 | 230 | 300 | 70 | 90 | 106 | 40 | 77 | 166 | 23 | 2750 |
2. Мемлекет және дін қатынастары
Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпағаны белгілі. АҚШ мемлекет басқармасының «Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросы» жариялаған «Қазақстан – халықаралық діни бостандық есебі» (2002 ж.) де осыны растайды. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, дін мемлекетті қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институттардың бастыларынан және азаматтық қатынастарда маңызды рөл атқаратындықтан мемлекет ұйымдары мен құрылымдарының ішінде дін саласымен жұмыс істейтін мекемелер уә органдар болуы заңды. Осы орайда ҚР Үкіметі қарамағында діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңестің облыстар мен Астана уә Алматы қалаларындағы бөлімшелері тікелей діни бірлестіктер және жамағаттармен, сонымен қатар әкімдіктер, Әділет министрлігінің тіркеу қызметі, Ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мәдениет министрлігі сияқты құзырлы мекемелермен етене байланыс жасайды.
Конституциямыз бойынша орталығы шетелдерде орналасқан діни ұйымдардың Қазақстандағы басшыларының тағайындалуы «тиісті мемлекет мекемелерімен үйлестіре отырып» жүзеге асырылуы керек. Бұл жерде де сәл ойлануға тура келетін жәйттер бар секілді. Жоғарыда көрсетілген көптеген діни ұйымдар мен миссионерлер және экстремистік бағыттағы зиянды ағымдардың шектен тыс қажыр-қайрат жасауы салдарынан бүгінгі күні еліміздегі діни ахуал аса күрделі қалыпта десек болады. Ал, осы күрделі ахуал ертеңгі күні қандай болмақ? Тиісті шаралар бүгін қолданылмаса, бірнеше жылдан кейін діндер арасы қатынастар қандай кейіпте болмақ? Осындай мәселелерді ойлаған сәтте шетелдік ұйымдардың еліміздегі жүз мыңдаған яки миллиондаған азаматтарымыздың рухани тізгінін қолда ұстауы бір жағынан «ішкі істерге қол сұғушылық» болса, ал екінші жағынан әлеуметтік балансты теңселтетін нәтижелерді алып келетін қауіпті күш болуы мүмкін. Бұған қоса айтпағымыз, болашақтағы президент және парламент сайлаулары кезінде (құдды АҚШ-тағы сияқты) шетелдік діни ұйымдар біздегі жамағаттары арқылы Қазақстандағы белгілі бір тұлғаны яки саяси партияны немесе топты қолдауы, сол арқылы мемлекет билігіне ие болуы да әбден ықтимал...
1992 жылы қабылданған
«Діни сенім бостандығы және
діни бірлестіктер» туралы заң
бойынша азаматтар діни
Бұлар сияқты елімізде
ислам атын жамылып, әртүрлі негізсіз
һәм зиянды үгіт-насихат жүргізіп
жатқан діни ағымдар да баршылық. Бұлардың
ішінде баспасөз бетінде жиі аталатыны
және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигізушісі
«Хизб-ұт Тахрир» ұйымы. Құран Кәрімде
«халифат құру» туралы ешқандай мәлімет
келтірілмегеніне қарамастан, бұл ұйым
Орталық Азиядағы елдердің орнына «халифалық»
мемлекет орнатқысы келеді. Құран
Кәрімде баяндалған шынайы исламның
насихатталу деңгейінің төмендігін
және сауатты мамандар мен дінтанушылардың
аздығын пайдаланған осындай
ұйымдар, әсіресе, еліміздің оңтүстік
аймақтарында біршама жастарымызды
қатарына қосып та кетті. Қырғызстан,
Өзбекістан, Тәжікстан және ҚХР елдерінде
белсенді әрекет жасап жатқан осындай
ұйымдар мұсылман мемлекеттерінің
тұрақтылығына зиян тигізумен қатар,
ислам дінінің имиджін бұзу және
мұсылман жастарды дінде орны жоқ
нәрселерге үйрету арқылы екі есе
үлкен зиян тигізіп отыр. Орталық
Азиядағы бауырлас республикалардың мемлекет
институттары нығайған сайын және әлеуметтік-экономикалық
өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын
осындай зиянды ұйымдардың ықпалы азаймақ.
Дегенмен, азаматтарымызға ненің
орны исламда бар, ал не нәрсенің орны
жоқ екенін дұрыстап үйретпейінше қауіптің
алдын алдық деуге сірә болмас.
Сонымен қатар әлгіндей ұйымдардың
аталуындағы «ислам», «Аллаһ» сөздеріне
мән беруден гөрі, олардың іс-әрекеттерінің
исламға қаншалықты сәйкес екеніне
көңіл бөлген жөн. Кейбір Батыс елдерінің
ислам дінін бұрмалау мақсатымен
ислам атын жамылған ұйымдарды құрғызғаны
және оларды жан-жақты қамсыздандырып
тұратыны белгілі. Олар кейде «Хизб-ұт
Тахрир» сияқты саяси кескінде болса,
кейде ардақты ата-
Еліміздегі мемлекет
және дін қатынастары турасында
айта кететін өкінішті бір мәселе
– ешбір діни мейрамның мемлекет
дәрежелі мейрам ретінде бекітілмегені.
Мұсылмандардың «Құрбан айт» және «Ораза
айт» мерекелеріне Қазақстанмен көршілес
елдердің барлығында да ресми демалыс
берілгеніне қарамастан, бізде әлі
сең жібитін емес сияқты. Жуырда
сайланған Мәжіліс депутаттары
осы мәселені алғашқы кезекте
қарап, азаматтарымызды қатты
Мемлекет-дін
қатынастарының өзекті бір мәселесі
азаматтардың дін саласында білім
алу, оқу құқығын пайдалануы. Еліміздегі
«Білім» туралы заңда бұл мәселе
толық шешімін тапқан емес. Бүгінгі
күні Қазақстанда 8 діни жоғары оқу
орны, 6 орта дәрежелі діни оқу орны
мен 3 жалпы білім беру мекемесі жұмыс
істеуде. Жоғары оқу орындарынан
екеуі мұсылмандардікі. Олар «Нұр-Мұбарак
Мысыр ислам мәдениеті
3. Қазақстандағы ислам мәселелері
Қазақстан мұсылмандарының
діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер,
мешіттер және шетелдердегі мұсылман
ұйымдарымен халықаралық
Алдымыздағы уақытта
мынадай мәселелер оң шешімін
тапса еліміздегі мұсылманшылықтың
жүйеленуі уә тұтастануы жағынан
үлкен жетістіктерге жетер
Біріншіден: Ең
маңызды проблема еліміздегі мұсылмандардың
белгілі бір жүйе бойынша ұйымдаспағанында
және ислами үгіт-насихаттың дініміздің
негізгі бұлағына, яғни Құран Кәрімге
толыққанды сәйкестік қағидасы бойынша
жүзеге асырылмауында. Әсіресе, өзге мұсылман
мемлекеттерінде орталықтары
Екіншіден: Ислам
ғылымдарын оқыту және ғылыми зерттеулерді
белгілі бір жүйеге салу мәселесі
де жөнді шешімін тапқан жоқ. Бұл
сала мамандары мен
Үшіншіден: Жоғарыда келтірілген бірінші және екінші проблеманың оң шешімін табуы мұсылмандардың Құран Кәрімді дұрыс түсінуіне тікелей байланысты. Құранды дұрыс түсінбейінше исламды түсіну мүмкін емес десек артық айтқандық болмас. Құранды лайығыншы түсіну екі жолмен ғана болады: 1-арабшаны меңгеру 2-Құранның мағынасын дұрыс жеткізетін сапалы тәржімесін жасау. Азаматтардың барлығын арабшаға үйрету мүмкін емес, сондықтан, қолымыздан келетіні қасиетті кітабымыздың бүгінгі ғылымдар негізінде, адамзаттың өркениет деңгейін есепке ала отырып және шынайы ғылыми жетістіктер бойынша ислам тарихына қайтадан талдау жасай отырып аудармасын жасау. Өкінішке қарай, бүгінге дейінгі жасалған тәржімелер дәстүрлі тәфсірлер мен аудармалардың әсерінен аса алған жоқ және Құранымызды бүгінгі ұрпақтарға түсіндіру ісінде жетіспеушіліктері мол. Меніңше, ҚМДБ-ның алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі осы мәселені шешу болуы керек. Құранның жаңа аудармасы йаһұди және христиандардың, сондай-ақ суфилердің аңыздары (исраилият) мен хиял-ғажайып уақиғалардан, бос сенімдер мен ғылымға қайшы келетін тұжырымдардан ада болуы керек. Мүмкін осы аударма жұмысын жасау үшін арнайы комиссия құрылар...
Төртіншіден: біз
бір ащщы шындықты мойындауымыз қажет.
Ол тәуелсіздікті алған жылдары
елімізде дін мәселесін жете меңгерген
мамандардың болмағандығы және мемлекет
билігінің жоғары сатысында жүрген
азаматтарымыздың осы мәселенің
маңыздылығын жете бағаламағандығы. Хош,
бүгінгі халіміз қалай деп
сұрағым келеді. АҚШ, Израил және Еуропа
елдеріндегі депутаттар мен жоғары
лауазымды тұлғалар өз діндерін терең
зерттеген адамдар және олардың
басым көпшілігі миссионер
Бесіншіден: Қазақстан
мұсылмандар діни басқармасының
құқықтық және әкімшілік мәртебесін
нығайтуымыз керек. Ұлтты құрайтын
ең басты құндылықтың бірі дін
екенін жоғарыда атап кеттік. Дін институтының
мемлекеттің қалыптасуындағы
Алтыншыдан: Маңызды
проблеманың бірі еліміздегі миссионерлік
әрекеттерді қатаң бақылау және
әсіресе мұсылмандардың басқа діндерге
кетуінің алдын алу мәселесі. 2001
жылы талқыға түскен жаңа заңның Үкімет
тарапынан қайтарылып алынғандығы
естеріңізде болса керек. Содан
бері жаңа заң қабылданған жоқ. Кейбір
деректерде 100 мың, ал енді кейбір газет
хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар
басқа діндерді қабылдаған делінеді.
Бүгінге дейін дінге бөлінбеген
халқымыздың енді азаттыққа қол
деткен шақта алуан түрлі діндерге
бөлінуі болашақта аса маңызды
проблемаларға апарып соқтыруы, тіпті
мемлекетіміздің іргесін
Дедуктивті діни ағымдарға қарсы күрес
Жаңалықтар:
1.М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Деструктивтік діни ағымдардың қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету тәжірибелерімен алмасу» тақырыбында аймақтық семинар-кеңес өткізіліп, оған Атырау, Ақтөбе облыстарынан өкілдер қатысты.
Тұрғындар, әсіресе,
жастар арасында діни экстремизмнен
келетін қауіптің алдын алу, түрлі
жат ағымдардың қызметінен жапа шеккендерге
психологиялық және заңдық тұрғыда
көмек көрсету шараларын
Мемлекеттік рәміздерді мойындамайтын, еліміздің әнұраны айтылғанда орнынан тұрмайтын, өз мүдделерін мемлекеттен жоғары қоятын секталар мен исламдағы теріс ағымды ауыздықтау үшін дәстүрлі дініміздің беделін жоғары көтеру керектігі, құқық қорғау органдары арқылы теріс ағымдарды құрықтауды басты бағытқа алу, интернет желісінде дәстүрлі дінді насихаттауды қолға алу туралы құнды пікірлер айтылды.
Кеңеске қатысушылар дәстүрлі ислам дінін білім берудің барлық деңгейіне енгізу, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтау, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу мақсатындағы қыруар жұмысты бірлесе атқаруға келісті. Осындай шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылуда.
2.ҚР Парламентінің Сенаты "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңын қабылдады.
ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің атап өтуінше, заң жобасының алдына үш негізгі міндет қойылған. Олар: адам құқықтарын қорғау, діни бірлестіктердің қызметін ретке келтіру және оны азаматтық заңнамаға сәйкестендіру, заңнамадағы кемшін тұстарды толықтыру. «Заң жобасында Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер мен жиналыстар қажеттілік туындаған жағдайда ғибадат үйлерінде және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелерінде, зираттарда, қоғамдық тамақтану орындарында, тұрғын үйлерде ешбір кедергісіз жүргізіледі деп айқын көрсетілді»,-деді Агенттік төрағасы.

- Қазақстандағы жекешелендіру процесі
- Қазақстандағы жекешелендіру процесі
- Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
- Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы экологиялық мәселелерді
- Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
- Қазақстандағы жаңа экономикалық модель
- Қазақстандағы жастар саясаты
- Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі