Қазақстанның газ өнеркәсібі

 

Қазақстанның  газ өнеркәсібі

 

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының  бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы  өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.

Алдымен Дүние жүзіндегі  газ өнеркәсібіне тоқталатын болсақ, Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.

 Содан соң газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда.

Қазақстанның газ өнеркәсібінің  дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:

табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі  төмен капитал сыйымдылығы қысқа  мерзімде республиканың отындық  баланс құрылымын газға қарай  өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор…

КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұқар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.

Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды  Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу  керек болды. Магистралды газ  құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша  жобаланып, өткізілгендігін атап өткен  жөн.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен  бірге газ тасымалдау жүйесінің  магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел  жұмыс жасау және желілерді жарамды  күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан  жағдайға байланысты осы проблемаларды  шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім  қабылданды.

1997 жылдың жазында бельгиялық  «Трактебель С.А.» компаниясы  мен Қазақстан Республикасы Ішкі  және халықаралық газ тасымалдау  жүйелері концессиясы шартын  жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.

Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды — «Интергаз Орталық Азия» (газ құбырларының операторы) және монополист «Алматы Пауэр Консолидейтед». Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі резервтерінен газ жеткізілімімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты. Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының көтерілуін білдірді. Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетржабдықтауды өшіріп тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған. Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің «Ұрпақ» қозғалысы ерекше көзге түсті.

Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген «Трактебель» компаниясы бұл салаға қаражат салуға ұмтылмады , 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын  шұғыл тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі газдың бағасын көтеруге тырысты.

2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл»  ұлттық газ тасымалдау компаниясы  «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды , ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

 

Қарашығанақ кен орнының  ашылуы

1979 жылы ашылған Қарашығанақ  кен орны әлемдегі ең ірі  газ конденсат кен орындарының  бірі болып табылады. Кен орны  Қазақстанның солтүстік-батысында  орналасқан және 280 шаршы километр  аумақты алып жатыр. Мұндағы  көмірсутектердің есептелінген  бастапқы баланстық қоры 9 миллиард  баррель конденсат пен 48 триллион  текше фут газды құрайды, ал  бағаланған жалпы қор көлемі 2.4 миллиард баррель конденсат пен  16 триллион текше фут газдан  асады.

Қарашығанақ кәсіпорнында бес  ірі мұнай газ өндіру компаниялырының - BG Group (29.25 пайыз), ENI (29.25 пайыз), Chevron (18 пайыз), Лукойл (13.5 пайыз) және ҚазМұнайГаздың (10 пайыз) жоғары деңгейлі мамандары  қызмет атқарады. Олар Қазақстан Республикасында  осы ресурстардың құндылығын ішкі нарықта  және экспортқа шығаруда барынша  арттыру үшін өз тәжірибесі мен білімімен  бөлісуде.

1997 жылы серіктес-компаниялар  Қарашығанақ кен орнының аумақты  қорын игеру үшін Қазақстанның  бұрынғы Мұнай және Газ өкілетті  мекесімен бірлескен жиналыс  өткізді. Қарашығанық кен орнын  2038 жылға дейін өндіру бағдарламасын  анықтайтын Өнімді Бөлу туралы  Түпкілікті Келісімге (ӨБТК) қол  қойылды. Бұл келісім күшіне  енгеннен кейін Қарашығанақ кен  орнын өндіру мен игеру үшін  шамамен 14 миллиард доллар жұмсалынды  және әлемдегі ең күрделі коллектор  қабатын өндіру үшін ең үздік  технология енгізілді.

 

Қазіргі таңда Қарашығанақ  кәсіпорны Қазақстан Республикасының  барлық газ өндірісінің шамамен 45 пайызын және сұйық көмірсутектер  өндірісінің 16 пайызын құрайтын газ  және конденсат өндірісіндегі рекордты көрсеткіштерге ие ірі жетекші мұнайгаз компаниялардың бірі болып есептеледі. Кәсіпорын 2011 жылы 138.5 миллион баррель  мұнай өндірді.

Кәсіпорын туралы

Манғышлақ өнiрiндегi мұнай  мен газдың ірі кендерінің ашылуы – тарих пен ғылымның ең арыстай  беттерінің бірі. Осы кендерді игеруімен  қатар күн тәртібінде Манғышлақ  жарты аралындағы газдың аса зор  қорларының тиімді пайдалану сұрағы көтерілді.

1971 жылдың наурызында  СОКП-ның XXIVсъезді өтті. «Өзен»  мұнай кенінің пайдалануында  алынатын жолай-мұнай газын пайдалану  мақсатында съездің нұсқауымен  Манғышлақта газ өндейтін зауыттың  құрылысы жөнiнде шешім қабылданды.

1972 жыл – құрылыстың  алгашқы кезеңі. Қазақстанда Манғышлақтағы  алғашқы газ өндейтін заутты  салуына бүкіл Совет Одағы  көмек көрсетті. Елдің 100 ден аса  кәсіпорындарынан жабдықтаулар  жіберілді, он шақты жобалы  институттар техникалық құжаттамаларды  дайындады, үлкен елдің барлық  аймақтарынан мамандар келді.  Қазақ газ өндеу зауытын icке  түсiруі үшін Грозныйның МӨЗ-нан,  Миннибайдың ГӨЗ-нан, Вознесенскийдің  ГӨЗ-нан. Невинномысскийдің химкомбинатынан  газ қайтаөңдеуі және газ мотокомпрессорларының  пайдалануы бойынша мамандар  келді. 

Зауыттың icке түсiрiлуі кезеңінде  зауытта мына басшылар жұмыста тұрды: Григорьев И.В., Ширшов Л.Н., газды  қайта өндейтін цехтің бастығы Саурин А.П., компрессорлық цехтің бастығы  – Жаков М.С., газды қайта өндейтіннің  құрылғысының бастығы- Фомин Г.П.

Газды қайта өңдейтін цехінде  Өзеннің жолай-мұнай және табиғи газды қайта өңдеуінде Луничкин В.Л., Филиппов В.Д., Шелухин В, Федоров  Ю.А, Жовнер В., Жаворонкин В., және де газ  моттокомпрессордың машинистары –  Белов А.С., Безбах И.Г., Дудин А.Я.,Глушнев  Н.Ф. секілді техникалық құрудың  тәжірибелі аға операторлар қызметтерін  көрсетті.

Қазақ газ өндейтін зауыты Манғыстау өндіріс-территориялық  комплексінде маңызды орынын алады. Зауыт Республиканың едәуір бөлігін  тұрмыс сұйылтылған газбен қамтамазсыз етеді, аймақтың ел-жұртын құрғақ бензинмен өңделген газбен және пеш жағып жылытумен жетістіреді, Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарының мұқтаждығын техникалық кислородпен камтамазсыз етеді.

 

2007 жылы зауыттың заңгерлік  статусының өзгерісі өттіп, осы  жылы зауыт «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі болып  қайта тіркелді.

Теңізшевройл - геологиялық  барлау, кен орнын игеру, мұнай  мен ілеспе өнімдерді өндіру жəне оларды сату жұмыстарымен айналысатын  қазақстандық кəсіпорын. Ол өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары əлемдік  стандарттарына сəйкес жүзеге асырады.

Батыс Қазақстандағы Теңіз  мұнай кеніші 1979 жылы ашылды. 1993 жылы 6-шы сəуірде Қазақстан Республикасының  үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісімге қол қою  нəтижесінде «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. ТШО-ның  қазіргі серіктестері – Шеврон, 50%, ҚазМұнайГаз, 20%; ЭксонМобилҚазақстан  Венчурс, 25% and ЛукАрко, 5%.

Ақтөбемұнайгаз — Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін  өндірумен айналысатын акционерлік  қоғам. Ақтөбе облысында мұнайдың алғашқы  өнеркәсіптік көзі 1931 ж. Шұбарқұдық тұз  күмбезіндегі перм және триас дәуірінің  тұз үстіндегі шөгінділерінен ашылды. 1937 ж. Шұбарқұдық кенін, кейін Жақсымай кенін өнеркәсіптік өңдеуге беруге байланысты Темір қ-ндағы Солт. мұнай  барлау басқармасы негізінде “Ақтөбемұнай”  тресі құрылды. Ол Ақтөбе облысында  мұнай мен газды іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1953 ж. Гурьев (қазіргі  Атырау) қаласында екі дербес ұйым — “Ақтөбемұнайгазбарлау” тресі  мен “Қазақстанмұнай” бірлестігі құрылды. Шұбарқұдық мұнай өндіру басқармасы осылардың құрамына кірді.

Дала геофизикасының, сейсмиканың  дамуы мен бұрғылаудың техникасы  жақсы жабдықталуы 60 ж. Ақтөбе облысы жерінің геологиялық құрылымын  егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде  жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 ж. Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта  басталған кең көлемді параметрлік  бұрғылау 1971 ж. Кеңқияқта шөгінділердің  тұз астындағы кешенінен мол  мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 ж. Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе облысындағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 ж. құрылған “Ақтөбемұнай” өндірістік бірлестігі 1993 ж. “Ақтөбемұнайгаз” акцион. қоғамына айналды. Мұнда мұнай өндіру жұмыстарын “Октябрьмұнай” және “Кеңқияқмұнай” мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 ж. ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект — Жаңажол газ өңдеу зауыты. “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғам 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.

2012 жылы республикада газ өндіру 40,1 млрд. текше метрді құрады (2011 ж. деңгейге 100,3%).

Тауарлық газды өндіру көлемі 21,7 млрд. текше метрді құрады, (2011 ж. қарағанда 100%).

Республика облыстарының табиғи газды тұтыну көлемі 10,5 млрд. текше метрді құрады  (2011ж. қарағанда 103,2%).

2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Газпром» ААҚ, «Узбекнефтегаз» НХК және ҚМГ арасындағы Газдың қарсы жеткізілімдері туралы келісімге сәйкес газдың барлық импорты тең баға мен тең көлемдер бойынша Қарашығанақ экспортымен «свопталады».

Республиканың газ экспортының көлемі 8,5 млрд. текше метрді құрады (2011 ж. қарағанда 103,7%). Республиканың аумағы арқылы 96,5 млрд. текше метр (100%) көлемінде газ транзиті жүзеге асырылды.

2,2 млн. тонна сұйытылған көмірсутегі газы (103,1%) өндірілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 83,2% құрады.

2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша республиканың жерасты газ қоймаларында табиғи газ қорының көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады.

Жамбыл облысындағы Аманкелді газ кенорнын игеру жалғасуда. 2012 жылғы газ өндіру 324,1 млн. текше м. құрады.

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін 80 жоба іске асырылды, бұл  210 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жалпы республика бойынша 880 астам елді мекен газдандырылды, бұл жалпы санынан шамамен 20% құрайды. 2012 жылы 024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ-тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінді, 43 жоба бойынша құрылыс жүзеге асырылды, жалпы ұзындығы шамамен 600 км. газ құбыры салынды. Нәтижесінде, Қазақстанның 8 облысында 60 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік жасалды.

Елді мекенді газдандыру бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың өсу серпіні және республикалық бюджеттен бюджет қаражаттарының көлемі төмендегі кестеде келтірілген.

 

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

инвестициялық жобалардың саны

1

3

15

11

11

36

43

бюджеттік қаражаттары,

млн.теңге

300

1 200

6 333

7 328

12 121

14 179

13 508


 

2013 жылы 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін көбейту және тұтынушылардың басым көпшілігін газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, ҚР мұқтаждығына өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау  туралы» Заңын дайындады және оған Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.

Заң мыналарға мүмкіндік береді:

1. Республиканың газ тасымалдау желiлерiнiң кешендi дамытуына және iшкi нарыққа тауарлық газды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету, бiрыңғай ұлттық операторды құруға. Бұл шаралар елімізді тауарлы газбен жабдықтау жүйесін реттеуге және желілердің қатты тозу мәселесін шешуге;

2. ҚР аумағын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге;

3. Сұйытылған табиғи газ нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.  Бұл - қазіргі уақытта алауларда жағылатын ілеспе газдың бірінші кезекте республиканың ішкі нарығын қамтамасыз етуге жіберілетіндігін білдіреді.

Экспорт және халықаралық газ транзиті

Қазіргі уақытта Қазақстан–Қытай газ құбырының бірінші учаскесінің екі желісі салынып пайдалануға берілді, сондай-ақ ҚХР-ға 43,0 млрд. текше метрден астам транзиттік газ тасымалданды.

Сондай-ақ брінші учаскені кеңейту мақсатында жылына қуатты 25, млрд. текше метр газ құбырының үшінші желісін салу пысықталуда, ол бойынша 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалану ынтымақтастығы туралы 2011 жылғы 27 қазандағы ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға тараптар қол қойды, қазіргі уақытта оның күшіне енуге дейін мемлекеттік ішілік рәсімін өтуде.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 маусымдағы №918 қаулысымен басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгіленді және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілді, атап айтқанда «Қазақстан-Қытай» МГ-ның бірінші учаскесінің «С» желісін салу, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ салу және Жаңажол ГӨЗ-дің 2-і,      3-і кезектерін салу.

Сондай-ақ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағыты бойынша Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесін салу жобасы іске асыру сатысында тұр және 2012 жылғы 1 тамыздағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Астана қ. және еліміздің солтүстік аймақтарын газдандыру үшін «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырын салу жобасы пысықталып жатыр, бұл республиканың бұған дейін газдандырылмаған аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта осы жоба бойынша ТЭН және ЖСҚ әзірленген және «Самұрық-Қазына» АҚ-тың дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері пысықталуда.

Жобаның шикізат базасының көзі ретінде Қазақстаның батыс кен орындарынан алмасу схемасы (СВОП-операциясы) бойынша жеткізілетін, ресейде шығарылған табиғи газды пайдалану жоспарлануда, одан әрі жоспарланған Қарашығанақ газ өңдеу зауытынан (одан әрі-ҚГӨЗ) газ жеткізу мүмкін, сондай-ақ ол Мемлекет басшысының қаңтардағы жолдауында айталған болатын.

Қазіргі уақытта ҚГӨЗ құрылысының жобасы бойынша Эни итальяндық компания ТЭН әзірлеген және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Жобаның ТЭН қорытындысы бойынша, жақын уақытта, жобаны одан әрі іске асыру жөнінде шешім қабылданатын болады, атап айтқанда жобалық-сметалық құжатты әзірлеу бойынша, бұл ретте    2013-2014 жылдары ЖСҚ әзірлеу кезеңі, ҚР нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігін ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мәселесі «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу арқылы пысықталуда.

Қазақстан-Қытай комитетінің ынтымақтастық жөніндегі 6-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық және «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу туралы келісімге қол қойылған (2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында).

Қазіргі уақытта аталған Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

2013 жылға арналған жоспарлар

- «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Сарыбұлақ-Зимұнай», «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырларын салу жобаларын іске асыруды жалғастыру;

- 2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- РФ-пен ҚГӨЗ салу және Қарашығанақтың 3-ші сатысын дамыту мәселелерін ескере отырып Орынбор ГӨЗ негізінде БК құру мәселесі бойынша келіссөздерді 2013 жылғы бірінші жарты жылдығына дейін аяқтау;

- ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ-Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- ҚР Мұнай және газ министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйыту зауытын салу мен пайдалану туралы келісім жобасын Қытай тарапымен келісу және қол қою.

Еліміздің дамып  келе жатқан халық шаруашылығын энергия  тасушылармен қамтамасыз ету үшін КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесі «Газ өнеркәсібін және КСРО кәсіпорындары мен қалаларын газбен жабдықтауды әрі қарай дамыту туралы» 1958 жылғы 15-тамыздағы №935 бірлескен қаулыны қабылдады, онда 1959 -1965 жылдары бірқатар магистральдық газ құбырларын, оның ішінде «Бухара-Орал» және «Орта Азия-Орталық» газ құбырларын салу бағдарламасын жүзеге асыру көзделген.

           Алғашқы газ құбыры Орта Азиядан  Оралға газ жеткізді, екіншісі - Түрікмения, Өзбекстан мен Қазақстан кен  орындарын өнеркәсіптік дамыған  орталық Ресеймен байланыстырды.

          Бәрі 1961 жылғы 5-мамырда басталды. Газлиде «Мұнайқұбырмонтаж» трестінің  бригадасы болашақ «Бухара-Орал»  газ құбырының «нөлінде» алғашқы  түйісуді дәнекерледі.

          1961 жылғы 23-мамырда КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Газ өнеркәсібі бас басқармасы басшылығының №123-бұйрығымен Шалқардағы (Қазақ КСР Ақтөбе облысы) және Челябинсктегі (РКФСР) екі бөлімшесімен Қаған қаласында (Өзбек КСР) салынып жатқан «Бухара-Орал» газ құбырының дирекциясы ұйымдастырылған болатын.

         1963 жылғы 25-қарашада алғашқы бухара  газы Оңтүстік Орал орталығы  – Челябинск қаласына жетті.  Ал 1964 жылдың қараша айында бухара  газы Свердловскке келді.

         Екінші кезек құрылысы мерзімінен  бір жыл бұрын аяқталды. Құрылыс  масштабтары ғажап болды. Газ  құбыры трассасы елімізде ең  ұзын және ең заманауи болды  - 4464 километр, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 700 км.

         Бүкіл трасса бойында 17 компрессорлық станция, оның ішінде 5-уі – Қазақстанның Ақтөбе облысында, 22 газ тарату станциясы салынды, үлкен газды айдап қотаратын агрегаттар монтаждалды, электрберілісі желілері, су алу құрылыстары мен магистральдық су құбырлары, жолдар, көпірлер, радиорелелік желі салынды.

         «Бухара-Орал» магистральдық газ  құбырының құрылысы бұрынғы Кеңес  Одағының көптеген өңірлерін,  оның ішінде Қазақстанның да  индустриялық дамуына жаңа серпіліс  берді.

        1965 жылы «Орта Азия-Орталық» газ  құбырларының көп желілі жүйесінің  құрылысы басталды. Жаңа газ тасымалдау  магистралі Өзбекстан пен Түрікмениядан табиғи шикізаттың күшті ағыстарын өзіне алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің орталық аудандарына миллиардтаған текше метр газды тасымалдауы тиіс болған.

         1965 жылдың қазан айынан бастап  ұзындығы 3180 километрлік «Орта Азия-Орталық»  газ магистралінің бірінші желісінің  құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағында  «Бейнеу» және «Индер» алғашқы  компрессорлық станцияларының құрылысы  басталды. «Орта Азия-Орталық» (ОАО)  магистральдық газ құбырлары  жүйесінің желілік бөлігінің  бірінші кезегі 1967 жылы бір жарым  жылдың ішінде салынды.

         Содан кейін құрылысшылардың  орнына пайдаланушылар мен тасымалдаушылар  келді. Сөйтіп жаңа өмір басталды. Кейіннен тағы да төрт газ  құбырлық желі өткізілген қауырт  жұмыс істеген жылдар болды. 

         «Орта Азия-Орталық» газ тасымалдау  жүйесінің құрылысы Қазақстанның  газ саласының пайда болуы  мен қалыптасуының маңызды кезеңі  болды. Бүгін «Орта Азия-Орталық»  газ құбыры жүйесінің еліміз  экономикасында рөлі маңызды,  өйткені ол арқылы орташа азиялық  газдың айтарлықтай көлемінің  транзиті жүзеге асырылады.

         70 жылдардың басында Орынбор газ  конденсатты кен орнының игерілуімен  тағы екі ірі «Союз» және  «Орынбор-Новопсков» магистральдық  газ құбырларының құрылысы басталды. «Орынбор-Новопсков» газ құбырының  қазақстандық учаскесі 1972 жылы пайдалануға  енгізілді. Қатарынан Орынбордан  Александров-Гайға дейін КСРО  батыс шекарасына ұзындығы 558 километрлік «Союз» газ құбырының алғашқы учаскесі желісінің құрылысы басталды. 1978 жылдың аяғына дейін бүкіл газ құбыры салынып болды.

         Газ құбырларының құрылысымен  қатар Қазақстан Батысында оңтүстік  газ тасымалдау жүйесінің құрылысы  басталды, бұл еліміздің ең ірі  мегаполисі – Алматы қаласына  және халқы көп оңтүстік өңірінің  облыстық орталықтарына газ беруге  байланысты болған.

        Газ берілген объектілері санының  өсуіне қарай Бухара газды  ауданынан Ташкент, Фрунзе арқылы  Алматыға табиғи газды жеткізу  үшін магистральдық газ құбырын  салу қажеттілігі туды. «Бухара  газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» газ құбырының құрылысы 1961 жылы Газли кен орнынан басталды.

        1968 жылы газ облыстық орталық  – Жамбыл қаласына жетті. 1971 жылдың  қаңтар айында Алматы қаласына  дейін «БГА-ТБА» газ құбырының  құрылысы аяқталып, Заря Востока  кентінде ГТС-1-де салтанатты жағдайда  газ факелі жандырылды. 1988 жылы  «Газли-Шымкент» газ құбырының  құрылысы аяқталды.

     Кеңестік  кезде Қазақстан аумағынан өтетін  тағы бірнеше магистральдық газ  құбыры салынды. 1965 жылы Челябинск  облысында Қарталы қаласынан  Рудныйға дейін газ құбыры  пайдалануға енгізілді. 1973 жылы «Окарем-Жаңаөзен»  газ құбыры салынып, 1975 жылы Бейнеуге  дейін жеткізілді. 1987 жылы «Мақат-Солтүстік  Кавказ», ал 1988 жылы «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе»  магистральдық газ құбыры пайдалануға  енгізілді. Олардың барлығы қазақстандық  магистральдық газ тасымалдау  жүйесінің дамуында маңызды рөл  атқарды.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы табиғи газ 14 магистральдық газ құбырымен тасымалданады. Газ айдауды 291 газ қотару агрегаты орналасқан 22 компрессорлық станция қамтамасыз етеді. Магистральдық газ құбырларының бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.

         Магистральдық газ құбырлары  жүйесін пайдалану мен техникалық  күтуді 1997 жылдың маусым айында  құрылған «Интергаз Орталық Азия»  АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына  кіреді) қамтамасыз етеді, ол республиканың  ішкі тұтынушыларына (еліміздің  14 облысынан 9-ы) және экспортқа  табиғи газды тасымалдауды, сондай-ақ  халықаралық газ транзитін жүзеге  асырады.

        Жергілікті  жерлерде газ тасымалдау жүйесі  объектілерін пайдалану мен күтуді  жеті филиал - магистральдық газ  құбырлары басқармалары және  «Инженерлік-техникалық орталығы»  филиалы жүзеге асырады.

        «Интергаз  Орталық Азия» компаниясы қолданыстағы  газ тасымалдау желілерін қайта  құру мен жаңартуға айтарлықтай  қаражат салады және өз қызметінің  салаларын кеңейту бойынша жаңа  жобаларды іске асыруды жүзеге  асырады.

       2001 - 2010 жылдар ішінде жаңа ішкі магистральдық  газ құбырларының 684 км салынды.  Оның ішінде он жылдық ішінде ұзындығы 193 км «Амангелді-КС-5 (Тараз)» газ құбыры, сондай-ақ ұзындығы 123 км «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Біріншісін енгізу 2003 жылғы 23-қазанда өтті, ол кезде Амангелді кен орнынан газ облыстық орталыққа дейін жетті. Жаңа газ құбырын салу белгілі бір деңгейде Қазақстанның өзбек жеткізушілерге тәуелділігін жоюға және Жамбыл облысының тұтынушыларына қосымша газ көлемдерін беруге мүмкіндік берді. «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры 2004 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды. Ол Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында салынған болатын.

        2006-2008 жылдары «Опорная» КС-те ОАО-4 және ТКЦ-4 лупингін салу» инвестициялық жобасы іске асырылды. ОАО-4 лупингінің құрылысы көрші мемлекеттермен ортақ газ тасымалдау жүйесін құрайтын магистральдық газ құбырларындағы жұмыстың ең маңызды учаскелерінің бірі болып табылады.

        Газ  саласын дамытудың маңызды құрамының  бірі Қазақстанның транзиттік  әлеуетін қамтамасыз ету болып  табылады.

        Еліміз  газ тасымалдау бағыттарын кеңейтуге  және көмірсутекті жеткізуге  жаңа жолдарды іздеуге мүдделі.  Егер өткен жүзжылдықта Қазақстан  үшін батыс бағыты басым болса, 21 ғасырда «көгілдір отынды» тасымалдаудың  шығыс жолы да сәтті игеріле  бастады.

Қазақстанның газ өнеркәсібі