Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Ақпараттық жүйелер факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедрасы
Өңдірістік практикадан
Есеп беру
Астана 2015
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
- Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері;
- «Қазақтелеком қызметтері» автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы;
- Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары және техникамен қамтамасыз етілуі.
- Қорытынды
Кіріспе
«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының Целиноград аудандық өңдірістік телекоммуникация торабы мекемесінде 25.05.2015-31.06.2015 аралығында өңдірістік практикадан өттім.
Бұл
өңдірістік практикада мен
Өңдірістік практикамның мақсаты жоғары оқу орнындағы алған жалпы инженерлік пәндерді оқығаннан кейін алған теориялық білімімді жетілдіру, кеңейту. Өңдірістік практиканы өту алдыңда алдыма келесі міндеттерді қойдым:
- Мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу;
- ЖОО-да алған теориялық білімімді практикада қолдану;
- Практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толықтай орындау;
- Ішкі тәртіпті және жұмыс орынында қауіпсіздік техникасын сақтау;
- Өндірістік практика бойынша есепті оқу жоспарында бекітілген мерзімде дайындап және қорғау.
Қоғам дамуының технологиялық, қаржы экономикалық, тарифтік, инвестициялық, әкімшілік-шаруашылық, кадрлық, әлеуметтік, ақпараттық-жарнамалық және басқа да қызмет салаларын қамтитын жалпы даму тұжырымдамасын іске асыру. Сонымен қатар байланыс арналары байынша барлық ақпарат түрлерін үздіксіз таратуды ұйымдастыру, телекоммуникация желілерін, соның ішінде жай-күйіндегі кез келген өзгерістер түрінде тиімді пайдалану.
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» акционерлік қоғам Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы , жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілді. 2001-05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995жылдан бастап көрсетілген байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көлемі 43 пайызға артып, 29.5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186.8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130.6 млн. арна-км болды. Қалааралық және халықаралық телефон бйланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн.арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станциялары қалпына келтірілді. 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. Транс-Азия талшықты – оптикалық байланыс желісінің Қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент-Ақтөбе-Атырау- Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-line” сауда таңбаымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай интернетті пайдаланушылар саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды.
Астана мен Алматыда қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық ақиқаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып, Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және бұрынғы кеңестік аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компанияның бірі болып табылады. Қоғам мен оның еншілес мекемелері өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сәйкес жеке құрылымы мен басқаруы бар екі нарықтық бизнес-сегментінде ұсынылған. Өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сәйкес Эмитетінің қызметі нарықтың мынандай екі сегментіне бөлінуі мүмкін: бекітілген байланыс қызметінің сегменті сым байланысы қызметін, деректер
беру мен желіаралық қосылыстар қызметін ұсынады. Ұялы байланыс қызметінің сегменті сымсыз байланыс қызметін ұсынады. Қоғамның ҚР-ның әрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар және ол елдің барлық аумағында байланыс қызметің қамтамасыз етеді. Топ «Астанателеком» мен «Алматытелеком» телекоммуникациялық орталықтарын қосқанда 24 филиалдан тұрады. 2009 жылғы 31 желтоқсандары бағалау мәліметтеріне сәйкес Компания 3.622 млн. астам бекітілген байланыс желілеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефонмен қамтамасыз ету тығыздығы орташа алғанда әр 100 адамға 25 телефонға тең (Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша). «Қазақтелеком» АҚ-ы жақын және алыс шетелдердегі 40-тан астам операторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Қоғам бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен, телекоммуникация торабын модернизациялау және сандық түрге ауыстырумен, жаңа технологияларды енгізумен, ауылдық мекендерді телефонмен қамтамасыз етумен және интернетке кеңжолақты кіруді дамытумен айналысады.
Қоғам
қазіргі уақытта төменде
Серпінді жобалар. «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық торабын Next Generation Network технологиясына ауыстыру дәстүрлі дыбыс беру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша және мультимедиялық хабарларды беру қызметтері бар жаңа мультимедиялық сервис түрлерін көрсету мүмкіндігін бере алады. Бұл жобаға сәйкес аналогтық телефон станцияларының абоненттері цифрлық телефон станцияларын пайдалану кезеңіне соқпай өтіп жаңа платформаға ауыстырылады. Конвергенттік желі дәстүрлі дыбыс беру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар жаңа мультимедиялық сервис түрлерін: телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша және мультимедиялық хабарларды беруге жағдай жасайды. 2005-2009 жылдары Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Атырау қалаларында жергілікті NGN торабы іске қосылды.
2008 жылдың аяғында NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 712 066 абонентті құрады. 2009 жылы NGN желісінің 191 968 порты эксплуатацияға берілді, нәтижесінде 31.12.09 жылы NGN желісінің сыйымдылығы 904 034 портты құрады.
CDMA. Технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникация торабын жаңғырту және дамыту 2008 жылы «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС-мен бірге ауылдық мекендерге CDMA 450 торабының құрылысын салу жұмысы басталды. Жобаның мақсаты ауылдық мекендердің қатынасы қиын алыс және тұрғындары шағын аудандарын қысқа мерзімде телефонмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сымсыз WLL CDMA құрал-жабдығының негізінде телекоммуникацияның ауылдық торабын салу болып табылады. Бір CDMA станциясының қызмет аумағы ауылды жерде 25-35 шақырымды құрайды және 1000 абонентті қамтиды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасына сай орындалатын «CDMA тезнологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту» өтімді жобасының аумағында тұрғын саны елу адамнан асатын байланыс жүйесі жоқ елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету жұмыстары сәтті аяқталды. 2008-2009 ж.ж. аралығында «CDMA технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникациялар желілерін жетілдіру және дамыту» үздік жобасы шеңберінде 399 базалық бекеттерді орнату бойынша жұмыстар ойдағыдай аяқталды және 200000 абонент қосылды. Инвестициялық жобалар DWDM магистралдық торабын салу ең ерекше жобалардың ішінен талшықты – оптикалық кабель мен DWDM-ді спектральды тығыздау негізінде салынып жатқан ұлттық ақпараттық супермагистралының (ҰАСМ) құрылысын бітіру қажет. ҰАСМ-нің өткізгіштік қабілетін түбегейлі арттыруға көрші мемлекеттердің ұлттық байланыс тораптарының арасында қуатты интерфейс жобаларын жүзеге асыру жалғасуда. DWDM технологиясы (ITU-T Rec. G.692 және Rec .G.694.1 стандарты) бір мезгілде бірнеше ақпараттық каналдарды бір оптикалық талшық арқылы беруге мүмкіндік береді. Бұл каналдың өткізгіштік қабілетін арттырады. Сонымен, атап айтқанда, қазіргі уақытта еліміздің сандық телекоммуникациялық инфрақұрылымының негізін құру жұмысы аяқталды. Бұл өз кезегінде маңызды мемлекттік жобалардың бірі- «электрондық өкімет» жобасын қалыптастыруды ары қарай іске асыруға мүмкіндік береді және онан басқа ҰАСМ Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын қамтамасыз етті. ҰАСМ жобасын іске асыру Республиканың орта-азиялық аймақтағы ірі транзиттік ақпараттық орталыққа айналуын тездетеді. ҰАСМ-ның кең көлемде жұмыс жасалуы телефон мен интернет пайдаланушыларының саны бойынша Қазақстанның әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына кіруіне мүмкіндік береді және республиканың әлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын тездетеді. Халықаралық байланыс операторларымен түйісу шлюздерін ұйымдастыру қазіргі уақытта бар тораптарды ұлғайту және жаңаларды салу бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. «Қазақтелеком» АҚ-ның көршілес мемлекттермен желі тораптарында қуаттарды дамыту мақсатында операторлармен кездесулер өткізілуде және осының барысында шетелдік серіктестерге «Азия-Европа» транзиттік маршрутты ұйымдастыру шеңберінде қоғамның желісін одан әрі пайдалану мүмкіндіктері беріліп отыр. Кездесулер барысында қоғамның келесі серіктестерімен келісімдерге қол жеткізілді: «Узбектелеком» АК-Бейнеу елді мекені ауданында екінші шекаралық түйісудің құрылысы жөнінде (келісімді бекітетін хаттамаға қол қойылды); «МТТ» ААҚ и «ChinaTelecom» (ҚХР)-транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде(кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде); «СЦС Совинтел» АҚБ және «China Unicom» (ҚХР)-транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде (кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде);
- «China Network Communications» (ҚХР)-бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде;
- «ТрансТелеКом» компаниясымен (Россия)-бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде Шекаралас мемлекеттермен келесі шлюздер салынды және пайдалануға берілді:
- Үшарал-Достық-ҚХР-мен шекара;
- Сары өзек-ҚХР-мен шекара;
- Петропавл-Ресеймен шекара;
IP/MPLS желісін дамыту 2005 жылы ҰАСМ негізінде өткізу қабілеті 622Мбит/с IP/MTLS ұлттық магистральды деректер беру желісі құрылды. 2009 жылы Алматы –Астана –Ақтөбе қалаларының арасында магистральдік желі 20Гбит/с - қа дейін, үлкен облыстық орталықтарда: Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шымкент, Өскемен 2*10 Гбит/с-қа дейін және Қазақстанның басқа облыстық орталықтарында 2Гбит/с-қа дейін ұлғайтылды. Желі республиканың барлық облыс орталықтарын қамтиды және Metro Ethernet желілерін салуға және Қазақстанның барлық қалаларында интернет желісіне қатынау қызметін ұсынуға негіз болады, сондай-ақ NGN келесі буын желісін салу үшін тасымалдау ортасы болып табылады. Деректерді берудің магистральды желісі шағын бизнестен бастап мемелекеттік құрылымдарға дейін кез келген көлемдегі тапсырыс берушілерге желілердің қажетті қорғалуын мен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ете отырып, виртуалды жеке желілер салып беруді қамтамасыз етеді. ҚР шұғыл және анықтама – ақпараттық қызметтерін шақыру кезінде нөмір теруді өзгерту жоба бойынша жұмыс. Пошта мен электр байланысы әкімшілігінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ) ұсыныстарына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінің арасында 2006 жылғы 17 маусымда қол қойылған келісімге сәйкес жүргізілуде. 2009 жылдың қараша айында атқарылған жұмыстар нәтижесінде Қоғамның телекоммуникациялар желісінде «1UV» анықтама-ақпараттық қызметтерге нөмірлер кірісін біржолғы енгізу жүзеге асырылды, «0XY» нөмірлер кірісі эксплуатациядан шығарылды. Қазіргі уақытта 8, 8-10 префикстерін 0 және 00 ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл 2010 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланды.
Коммерциялық
жобалар. Трафикпен алмасу орталығын
құру интернеттін қазақстандық
сегментін дамыту және тәелсіз
провайдерлерді тарту
- «Бейне сұрату»: DVD болмаса да, TV-интерфейс арқылы үйден шықпай-ақ, кинофильмді таңдау және көру мүмкіндігі. Бұл жағдайда фильмнің көрсетілу сапасы DVD сапасына сәйкес келеді;
- Телекөрсетілімді басқару мүмкіндігі: «үзіліс» түймешігін басу арқылы көрсетілімді тоқтату, бірнеше арналардағы телехабарларды бір уақытта «виртуалды» бейнемагнитофонға жазу және оларды кейінірек көру (бұл жағдайда тұтынушыға қосымша жабдықтың қажеті жоқ);
- Виртуалды кинозал: үйден шықпай-ақ, кинопрокат хиттерін көру мүмкіндігі;
- Ойындар, радиохабар, анықтамалық ақпарат алу (телефон анықтамалығы, қаланың/облыстың/елдің/әлемнің интерактивті картасы, пойыздардың/ұшақтардың кестелері, валютаның котировкасы, ауа райының болжамы) сияқты қосымша интерактивті сервистер, e-commerce және тағы басқалар.
2009 жылы Қоғам жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыстарды аяқтады. Қазақстанның 10 ірі қалаларында және Астана, Алматы ққ IPTV аймақтық торабтары іске қосылды. Жоба Қазақстанның барлық облыстық және көпшілік аудандық орталықтарда сандық телевизия қызметтерін беру мүмкіндіктерін келешекте қамтамасыз етуді қарастырады.
“Қазақтелеком”АҚ-мы
Республиканың
Компанияда
2005ж 31 желтоқсанына сәйкес компанияда
32602, жұмыс орны болды (2004ж 33220 жұмыс орын).
Компания акциялары Қазақстан Республикасына
және басқа миноритарлық акционерлерге
тиесілі. “Қазақтелеком” компаниясының
еліміздің әрбір облысында аймақтық бөлімшелері
бар.
Компанияның
клиенттері шамамен екі жарым миллион
жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
“Қазақтелеком”
халықаралық оператор ретінде алыс шетелдердің
154 операторымен және ТМД мен Балтық елдерінің
23 операторымен тығыз ынтымақтастықты
жүзеге асырады. Қазақстандықтарды әлемнің
230-дан астам елімен байланыстырады.
“Қазақтелеком”
- бүгінгі таңда тұрақты және игі беделі
жыл сайын “үлкен төрттік” аудиторлары
тарапынан расталып отыратын бизнес-бағытталған
компания. Компания ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді
жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар
енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің
аймақтық рыногын қалыптастыруды, бірыңғай
ақпараттық кеңістік құруды және Қазақстанның
халықаралық телекоммуникация рыногындағы
ұстанымын арттыруды қамтамассыз етеді.
Компанияның
акциялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізіміне және “көгілдір фишкалар” мемлекеттік
пакеттерін жүзеге асыру бағдарламасына
енген.
Fitch халықаралық
рейтингтік агенттік “Қазақтелекомға”
жергілікті және шетелдік валюта бойынша
“ВВ” деңгейіндегі ұзақмерзімдік корпоративтік
несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның
рейтингтік келешегін агенттіктер “тұрақты”
деп бағалады.
Компания
бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді
мекендерді телефон байланысымен қамту
және мектептерді Интернет желісіне қосу
жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.
Озық
телекоммуникациялық технологияларды
енгізу сапа менеджметі жүйесіне басты
рөл берілетін басқару технологияларымен
тиімді үйлеседі. Өткен жылы компания
филиалдарын сертификаттау үдерісі табысты
аяқталды. “Қазақтелеком” компаниясының
клиентпен тікелей қатынас жүргізетін
барлық филиалдары ISO 9001:2001 халықаралық
сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау
аудитінен табысты түрде өтті.
Қазақстанның жетекші байланыс
операторының табысты қызметіне лайықты
баға берген «Euromoney» халықаралық баспа
үйі 2005 жылы “Қазақтелекомды”
ТМД-дағы үздік телекоммуникациялық компания
ретінде таныды.
“Қазақтелеком”
бүгінгі таңда – телекоммуникациялық
бірегей қызметтер көрсететін және икемді
тарифтік саясаты мен сервистің тиісті
сапасымен ерекшеленетін компания.
Клиенттерге
қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің
сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту
компанияны дамыту саясатының негізгі
алғышарттары болып табылады. Бұл мәселелер
әсіресе байланыс рыногында ырықтандыру
үрдістерін тереңдету және бәсекелестіктің
артуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында
өзекті бола түсуде.
“Қазақтелеком”
өзінің телекоммуникация саласындағы
жүйе құрушы ретіндегі жауапкершілігін
сезіне отырып, көшбасшы ұстанымын сақтап
қалуға және Қазақстанның ақпараттық
қоғамы мен бәсекелі экономикасын құруға
лайықты үлес қосуға ұмтылады.
Телекоммуникация
нарығын ырықтандыру бағдарламасы. Қазақстан
Республика Үкіметінің 2004ж 2 қыркүйегінен
№925 Қаулысына сәйкес компанияның қалааралық
және халықаралық телефон байланысын
ұсыну бойынша экслюзивті құқығы жойылды.
2005 ж компания қалааралық және халықаралық
байланыс қызметін ұсынғаны үшін бютжетке
3,571,883 мың теңге көлемінде төлем енгізді
және бұл сомма негізгі қызмет бойынша
шығыстарда көрсетілді.
2005 ж компания мемлекеттін “ауылдық аймақты
дамыту” бағдарламасын іске асыру мақсатында
300 млн тенге көлемінде ақша жұмсады.
Компания, Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004ж 21 тамыз айынан №884 қаулысына
“Өзгертулер мен толықтырулар енгізу”
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2005ж 19 қантарынан №28 Қаулысын іске асыру
мақсатында абонеттерге қалааралық байланыстын
тарификациялық қадамын толық және толық
емес 10 секундқа көшті.
Қаржылық есеп беру. Ұсыну негізі
– Ұсынылып отырған компанияның шоғырланған
қаржылық есебі, Қаржылық есеп беру стандарты
бойынша Халықаралық кеңес бекіткен, Халықаралық
Қаржылық Есеп беру Стандартына (ХҚЕС
- МСФО) сәйке жасалған және Қазақстанның
мың теңгесінде көрсетілген. Топ, бухгалтерлік
есепті ҚР - да (бұдан әрі БЕҚС - КСБУ) және
РФ – да қабылданған бухгалтерлік есеп
жайлар мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Берілген жайлар мен ережелер ХҚЕС – нан
ерекшеленеді, сәйкесінше компанияның
қаржылық есебі БЕҚС – ты бойынша жасалды,
және ХҚЕС – на сәкес келу мақсатында
оған түзетулер жасалды.
Есеп беру кезеңі 1 қаңтардан
31 желтоқсанға дейін болып саналады. Қаржылық
есепке, берілген мәліметтердін уақтылығына,
толықтылығына және нақтылығына жауап
беретін компанияның Бас бухгалтердің,
Бас қаржы директорының, Вице – президенттің
және Президенттің қолы қойылады.
Лицензиялар."Қазақтелеком"
АҚ Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар Министрлігі тарапынан
2004 жылдың 28 мамырсында берілген № АБА
№000001 . лицензиясы негізінде жұмыс істейді.
Лицензияның формасы: Бас лицензия;
Әрекет аумағы: Қазақстан Республикасы;
Осы
лицензияға сәйкес "Қазақтелеком"
АҚ жалпылама пайдаланыстағы телекоммуникация
тораптарын (ЖПТТ) дамытуды, енгізуді,
қолдауды қамтамасыз ететін бірден-бір
ұлттық оператор дәрежесіне ие және сонымен
қатар ЖПТТ операторы, әрі Қазақстан Республикасы
аумағындағы қалааралық және халықаралық
байланыс қызметінің жеке-дара операторы
жұмысын атқарады.
Компания бөлімшелері."Қазақтелеком"
АҚ - Республикадағы ең үлкен компаниялардың
бірі, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Толық жұмыс кезеңі - қызметтерді өндіруден
оны тұтынушыға сатуға дейін және оларды
сатудан кейінгі қолдау - атқарылатын
функциялардың көп түрлігінде және Қазақстан
Республикасының барлық территориясында
орналасқан құрылымдық бөлімшелер мен
филиалдар санында көрсетілген.
«Қазақтелеком» акционерлік
қоғамын стратегиялық дамытудың
2005-2008 жылдарға арналған негізгі
бағыттары.
Миссиясы. Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар
рыногының бастаушысы болу. Бір бірімен
және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы,
қолайлы және қарапайым. Халықаралық телекоммуникация
ауқымына толық құқықты шоғырлану
Мақсаты. Телекоммуникация секторының
ырықсыздануы және әлемдік экономиканың
ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы
рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған,
жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және
экономикалық тиімді Компания құру.
Қызмет көрсету спектрі. Желінің
техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы
деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту
жолымен тұтынушыларға бүкіл республика
аумағында Интернет желісіне кең жолақты
қатынаудан корпоративтік клиенттерге
көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін
телекоммуникациялық қызметтердің кең
көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс
желісін құру.
Тарату өрісі. Қазақстан республикасының
бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде
телекоммуникациялар қызметін көрсетуді
тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік
экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа
шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық
рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу
және нығайту. Қазақстанның транзиттік
әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске
асыру.
Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар.
Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде
бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты
корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру
және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған
маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының
тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет
көрсетудің кең көлемді спектрін және
жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз
ету.
Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Дәстүрлі
арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар,
Сервис-бюро, Call-орталықтар және т.б.) бойынша
да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар
қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін
арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың
интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет
арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету,
оның ішінде ұжымдық қатынау орындары,
Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері,
CRM-шешімдер және т.б. арқылы).
SIP-тұғырнаманы дамыту дәстүрлі офистік станциялар ұсынатын қызметтер жиынтығынан асып түсетін қызмет түрлері бар виртуалды офистік станция (Hosted PBX), виртуалды бірыңғай нөмір, әмбебап дыбыс поштасы және автоматты хатшы SIP телефониясының негізгі қызметтері болып табылады. Абонент кастомизирленген WEB-портал арқылы мультимедиялық қызметтерді өзі басқара алады. Абоненттік WEB-портал абоненттерді қызметтерді басқарудың ыңғайлы құралымен, web-интерфейс арқылы қосымша қызметтерді алу және жандандыру мүмкіндігімен, «click to dial» функциясының көмегімен тура порталдан қоңырау шалумен, тағы да басқадай қызметпен қамтамасыз ете алады.
Қазақтелекомның хабарлауынша, компанияның телекоммуникация желілерінде телефон қызметтеріне жаңа абоненттерді қосу жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі анықталған жолақ саны биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 4 039 725-ті құраса, соның ішінде қалалық телекоммуникациялық желіге (ары қарай - ҚТЖ) тиесілісі 2 913 996, ауылдық телекоммуникациялық желіге (ары қарай – АТЖ) тиесілісі 1 125729», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 100 адамға шаққандағы телефон тығыздығы 24,5 нөмірді құрады. Нақтырақ айтар болсақ, ҚТЖ 31,99, АТЖ 15,46 нөмір.
Биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телекоммуникациялық желісі 5 799 коммуникациялық пункт таныстырылып, соның ішінде ҚТЖ бойынша 2 950, АТЖ бойынша 2 849, деп хабарлайды компания.
«Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобы бойынша Ғаламторға қолжетімділік қызметтерінің тұтынушылары саны 2014 жылдың 9 айында 4 172 638 адамды құрады.
Хабарламада айтылғандай, Қазнеттің белсенді дамуы мен төлем деңгейін өзгертпестен жылдамдықты арттыру үшін Ғаламтор желілеріне қолжетімділік қызметтерінің сипаттарын жақсарту бойынша бірқатар шаралар кешенін дайындады.
«Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Megaline Hit Optima тарифтік жоспарының сыртқы ғаламтор ресурсы трафигі көлемі екі рет ұлғайтылды, 10 Гбайттан 20 Гбайтқа дейін. Ал 1 шілдеден бастап MegalineHitOptima тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қолжетімділік жылдамдығы секундына 2 Мбиттен 4 Мбитке дейін көбейтілді», - делінген хабарламада.
- Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері
Ақпараттық жүйені (АЖ) қарастырудың технологиялық және функционалдық аспектілерінен тәуелді бірнеше құрамдас элементтерге бөлуге болады. Олардың құрамы: технологиялық, техникалық, бағдарламалық, лингвистикалық, математикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық және эргономикалық қамтитын көмекші жүйе.
АЖ технологиялық қамтуы қолданушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді автоматтандырушы, тапсырмаларды ЭЕМ және жұмыстың орнатылған режимінде басқарудың басұа да техникалық құралдарының көмегімен шешетін көмекші жүйеден тұрады.
АЖ техникалық қамтуы ақпараттық технология (АТ) жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенінен тұрады. Барлық техникалық құралдардың ішінен орталық орынды ЭЕМ алады. Құрамдас элементтері әдістемелік, басқарушы материалдар, осы көмекші техникалық құралдарға қызмет көрсететін техникалық құжаттама.
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенінің автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпарат жүйесінің құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік – уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз – бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.
Ақпараттық
жүйе ресурстарының
- Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар;
- Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар;
Қоғам
Қазақстан Республикасының
Қоғам
мынадай қызмет түрлерін ұсыну
бойынша қызметті жүзеге
- Таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 және телекс абоненттік телеграфтау желісі, деректер беру қызметтері, оның ішінде арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге , жалпы пайдаанымдағы телекоммуникация желісінің дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;
- Телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру;
- Қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц байланыс, сөздік пошта, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдар қызметі, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетуге болатын басқа да қызметтерді;
- Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің және операторлар арқылы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің барлық түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылыстарды;
- Бағдарламалық өңімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуден тұратын ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.
- Жоғары технологиялы байланыс қызметтерін:
а) зияткерлік байланыс желісі, кадрларды қайталап көрсету қызметтері;
б) интернетке коммутациямен қатынау;
в) бөлектелген каналдар арқылы интернетке қатынау;
г) ащық цифрлы арналарды ұйымдастыру;
д)VPDN (жеке коммутациялы виртуалды желілер);
е) бейнеконференцбайланыс;
ж) басқа да жоғары технологиялы байланыс қызметтері.
7) сымсыз байланыс қызметтерін:
а) барлық пейджингтік және басқа да ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау және беру;
б) барлық дербес байланыс қызметтері мен барлық дербес байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді және стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау және беру.
8) спутниктік байланыс қызметтері: телекоммуникацияны пайдаланушыларға спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында радиожиілік спектрі мен геостанциялық және төменорбитальдық байланыс спутниктерінің орбталарын пайдалану.
Қоғам телекоммуникация саласында мынадай технологиялық жұмыстарды жүзеге асырады:
- Жалпы республикалық, магистральдық және халықаралық байланыс жолдарын жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану;
- Инженерлік-іздестіру, ғылыми зерттеу, сараптау, жобалау-конструкторлық жұмыстар;
- Құрылыс-құрастыру, жөндеу және іске қосу-келтіру жұмыстары;
- Инновациялық жұмыс;
- Телекоммуникация саласындағы метрологиялық жұмыс;
- Байланыс арналары арқылы ақпараттың барлық түрлерін толассыз беруді ұйымдастыру, жұмыстың сенімділігі мен сапасын арттыру және телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану;
- Қоғамның телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Телекоммуникация ғимараттары мен объектілерінің күрделі құрылысын ұйымдастыру;
- Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың мүдделеріне сай желінің трактілері мен арналарын ұтымды түрде бөліп таратуды, басымдылықпен бөлуді, сондай-ақ, резервте сақтауды қамтамасыз ету;
- Қоғамның телекоммуникация желілерін қалыптастыру;
- Қоғамның телекоммуникация желілері жұмысының сапасы туралы ақпарат жинау және талдау;
- Телекоммуникация құралдарын пайдалануды жетілдіру;
- Телекоммуникация объектілерін, олардың өңдірістік-экономикалық жағынан тиімділігін арттыру мақсатында қайта құру;
- Желінің жай-күйіндегі және қоғамның байланыс желісін нөмірлеудегі өзгерістер туралы пайдаланушылар мен байланыс операторларын хабардар ету;
- Телекоммуникация бойынша халықаралық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
- Әртүрлі операторлармен және байланыс қызметің пайдаланушылармен өзара есеп айырылысуды жүзеге асыру;
- Қоғамның мүддесі үшін халықаралық телекоммуникациялық және басқа да ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;
- Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің немесе қоғам пайдаланатын жеке желілердің көмегімен кез-келген басқа қызметтерді көрсету.
Қоғам басқа да қызметтерді жүзеге асырады, атап айтқанда:
- Қоғамға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көзделген рұқсат етілген сыртқы экономикалық қызметті атқару;
- Сауда-сатып алу, делдалдық және коммерциялық жұмыстар;
- Менеджмент, маретинг, инжиниринг;
- Ақпараттық, сервистік және басқа да заңды, жеке, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қаржылық қаражаттарын Қоғамның телекоммуникация желісін дамытуға жұмылдыру және шоғырландыру;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы шаруашылық және өндірістік өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтер әзірлеу;
- Ішкі және сыртқы рынокта Қоғамның бағалы қағаздарын шығару және өткізу;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
- Қоғамның қаражаттарын салалық және өңірлік бағдарламалар мен жобаларға инвестициялау;
- Төте және портфельдік инвестициялау;
- Қоғам қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар, бірлескен өндірістер құру мақсатында өз қаражаттарымен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысу;
Негізгі оңтайлы сәттер
Акционерлер Компанияның корпоративтік басқару практикасына жағымды ықпал етеді, акционерлер құрамы үйлестірілген, акционерлер құқығы сонымен қатар миноритарлық жеткілікті деңгейде қалыптастырылған және қорғалған.
Компанияда тәжірибелі директорлардан тұратын және құрамында тәуелсіз директорлардың жеткілікті санынан құралған Директорлар кеңесі (ДК) қалыптасқан және қызмет етеді. ДК құрылымында Аудит жөніндегі комитет пен Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитет құрылған. Компанияның ішкі құжаттарында ДК мен оның комитеттерінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі сәттері бекітілген, оның талаптарының көп бөлігі практика жүзінде орындалады. ДК саны мен ұзақтығы бойынша жеткілікті отырыстар өткізеді.
Үлесақыларды төлеу жалпы алғанда, қалыптастырылған және практика жүзінде Үлесақы саясатына қайшы келмейді.
Компанияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында бірқатар құжаттар мен саясаттар бекітілген, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты әзірленген. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласында негізгі ішкі құжаттар бекітілген, тәуекел-менеджменті үрдісі мен рәсімдері қалыптастырылған, тәуекелдерді басқарудың ұйымдастыру құрылымы құрылған.

- Қазақ тілі - күшті тіл
- Қазақ тілі - күшті тіл
- Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
- Қазақ тіліндегі кейбір лексикалық диалектизмдердің шығу негізі
- Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
- Қазақтар
- Қазақтардың барша тіршілік болмысы
- Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
- Қазақтардың Пугачев басқарған көтеріліске қатысуы
- Қазақтардың Пугачев басқарған көтеріліске қатысуы
- Қазақтардың Пугачев басқарған көтеріліске қатысуы
- Қазақтар және қазақ тілі туралы