Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік
тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрыңғыдан да зор талаптар қойылады.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.
Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып бероіп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі.
Деңгейлік тапсырмалар үлгісі. 9 сынып. «Жыл мезгілдері»
І деңгей.
1. «Көктем табиғаты»
тақырыбындағы сөйлемдерді
2. «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.
ІІ деңгей.
1. Мәтінге бір ортақ жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
2. Мәтіннен 2 салалас құрмалас сөйлем, 2 сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
3. Мәтін бойынша диалог дайындаңыз.
ІІІ деңгей.
«Көктемгі еңбек» тақырыбындағы құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданып, шағын шығарма жазыңдар.
Көктем мезгілі бәріне бірдей ұнай бермейді. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Неге? Өз пікірлеріңізді дәлелдеп жазыңыздар.
Осы сияқты деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
ІҮ деңгей.
Қосымша әдебиет бойынша Абылай хан туралы мәліметтер жинақтап, реферат жазыңыз. Бұл тапсырманы орындауға оқушылар өз ізденісі арқылы жетеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы өзі ізденіп, нақты нәтижеге жетеді. Мұғалім кім қалай меңгергенін бақылайды.
Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тағы бір ең қолайлы жолдарының бірі- тірек сызбаларын пайдалану.
Тірек сызбасын
сабақта кеңінен пайдалану-
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Оқу орыс тілінде
жүретін мектептерде қазақ
Сондықтан
қазақ тілі сабағында
Тіл үйрену, тіл
ұстарту адамның ойлау
- Тілдік жаттығулар;
- Сөйлеу жаттығулары;
Сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркестерін құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту, сұхбат құрастыру жатады.
Тірек сызбалар оқушылардың
сөйлеу тілін арттыру
Қазақ әдебиеті
сабақтарында келесі тірек
Тірек сызбалардың түрлері
Шәкәрім Құдайбердіұлы |
Ол кім ? |
Туған жері |
Әдебиетке қосқан үлесі |
Кімнің туысы? |
Қай поэманың авторы ? |
Философиялық шығармалары |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шығарманың аты |
Тараулар |
Басты оқиғалар |
Кейіпкердің іс-әрекеті |
|
|
|
|
|
Қазақ әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылардың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін жоғарыда көрсетілген семантикалық талдауды орындатуға болады. Белгілі бір шығармамен танысқаннан кейін сол шығарма бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы деп есептеймін.
1. Қараев Ж.. Деңгейлік оқыту технологиясы.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №5, №6 2010ж.
3. Қадашева К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А: Мұрагер, 2005. 168 б.
Сабақтың тақырыбы: Ойын сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Модуль бойынша өткен сөздерді бекіту ;
2. оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын
арттыру, тілін, ойлау қабілетін дамыту, жазбаша
3. қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сөзжұмбақ, мақал,
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ойын тапсырмаларын орындату,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
М |
| ||||||||||
|
Е |
||||||||||
К |
|||||||||||
Т |
|||||||||||
Е |
|||||||||||
П |
|||||||||||
1. ручка
2. окно
3. дверь
4. доска
5. тетрадь
6. класс
«Мектеп» мәтінін әңгімеле.
«Артық сөзді тап» ойыны.
«Адасқан әріптер » ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
- Р, О, Б (бор)
- П, А, Т, І, К (кітап)
- М, А, Л, А, Қ (қалам)
- Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)
- Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)
- Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)
Жұмбақты шеш.
Ауызы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,
Сөйлейтұғын сөздерінің саны жоқ. (қалам)
Мақалды оқы.
Білім- өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ,
«Түсіп қалған әріпті тап» ойыны.
О..ушы, д..птер, та..та, сыз..ыш, сын..п, қал..м, к..тап, өшірг..ш.
Серігіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
Сабақты қорытындылау.
- Сабақта қандай өткен сөздерді қайталадық?
- Қандай оқу құралдарын білесіңдер?
Ү/т Оқу, білім туралы мақал жаттау.
Шығармашылық есеп
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың
ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Қарағанды – 2012 жыл.
Іс – тәжірибемнің тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін дамыту, жазу сауаттылығын арттыру, білім сапасын жоғарлату.
Педагогикалық ұстанымым:
- Қазіргі жаңа технологияның әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларға тілді үйрету;
- Өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
- Оқытуды оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық жұмысына айналдыру;
- Қазақ тілінде еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға, оқығанын, естігенін мазмұндай білуге үйретуге жағдай жасау.
Өздік әдістемелік жұмыстарым: сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды2011-2012 оқу жылдарында бекіту сабақтарында қолдандым.
Белсенді оқытудың әдістемелері мен түрлері: Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқутыда сабақта диалог, сөздік ойын түрлерін, тест сауалдарын, грамматикалық диктанттар жүргіземін. Әсіресе, сабақтарда жаңа сөздерді есте сақтауда, ол сөздердің синонимін, антоимін, омонимін тапқызып, сөз тіркестерін, сөйлем құратамын. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, нақыл сөздердің мағынасын жалғастыру тәрізді тапсырмалар орындатамын. Бұл тапсырмалар менің ойымша –баланы логикалық ойлауға бағыттайды, сауатты сөйлеуін қалыптастырды.
Бастауыш сыныптарында мұндай тапсырмалардың түрлерін ойын түрінде қызықты өткізуге тырысамын.
Мысалы: «Кім жылдам ойыны», «Артық сөзді тап», «Адасқан әріптер» сияқты ойындар. Әр сабақты көрнекі құрал арқылы өткіземін, себебі көрнекі құрал арқылы түсіндірілген сабақ оқушының жадына ұзақ және берік сақталады. Әр сабақта күнтізбе жоспары бойынша тілдік материалдар мен сөйлесім әрекетінің түрлеріне тоқталамын.
Сонымен бірге өз тәжірибемде
деңгейлік тапсырмаларды
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқутудың тиімділігі ол:
-қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен сапасы артады.
-оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында сабақты тірек сызбалар арқылы түсіндіргенді тиімді деп есептеймін.
Тақпақ, өлең, жұмбақ сияқты ауыз әдебиеті үлгілерінен алынған қысқа үзінділер жатталады.
Сондай-ақ Блум таксаномиясын оқып, әр оқушының білім дәрежесін анықтау диогностикасын қолға алдым және биыл әрі қарай жалғастырамын.
2012 жылы 09.01 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мектепшілік отырысында «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу және жазу қабілеттерін арттыру» тақырыбында баяндама оқыдым.
Баспаға келетін болсақ:
2011 жылы Қарағанды қаласында өткен «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» атты облыстық ғылыми – әдістемелік конференциясының мақалалар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары » тақырыбына баяндамам шықты.

- Қазақ тіліндегі кейбір лексикалық диалектизмдердің шығу негізі
- Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
- Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
- Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
- Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
- Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі
- Қазақтардың Пугачев басқарған көтеріліске қатысуы
- Қазақтар және қазақ тілі туралы
- Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері
- Қазақ тілі - күшті тіл
- Қазақ тілі - күшті тіл
- Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- Қазақ тілі – мемлекеттік тіл