Бағдарламалау тілдері
Қарағанды Мемлекеттік Университеті Қазтұтынуодағы
Бағдарламалау тілдері.
Тексерген: М.Б. Кабыкеновна.
Орындаған: Аманбаева Арайлым Ю-11к.
2011-2012 оқу жылы.
Жоспар:
Бағдарламалау тілдеріне жалпы шолу
Трансляторлар
Ішкі бағдарламалар
Процедуралар
Функциялар
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
Жоғары денгейлі бағдарламалау тілдері
Жүйелік бағдарламалау
Обьектіге-бағытталған бағдарламалау
Құрылымдық бағдарламалау
Логикалық бағдарламалау
Қорытынды.
Бағдарламалау, программалау – 1) есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру процесі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкесбағдарл
Бағдарламалау ғылыми пән ретінде теориялық бағдармалау, жүйелі бағдарламалау және қолданбалы бағдарламалау болып бөлінеді.
Алгоритмдердің машиналық тілдегі бейнесі бағдарлама деп аталады. Ал бағдарлама жазуға арналған тілдерді бағдарламалау тәлдері дейді. Тіл операторлары дегеніміз- компьютерге әрекеттерді орындауды ұйғаратын алгоритм командасы.Бағдарламалау жүйесі-бағдарламаны құрудың және жөндеудің автоматтануын қамтамасыз ететін бағдарламлық құралдардың жиынтығы.Оның ішінде бағдарламалау тілдері,осы тілдерден аударғыштар,қосалқы бағдарламардың кітапханалары,бағдарламалардың құрастырушысы және оны жһндеуші кіреді. Бағдарламалау жүйесінің негізін құрайтын-бағдарламалау тілі.
Бағдарламалау тілдерін екіге бөлуге болады:процедуралық және процедуралық емес.Процедуралық(не алгоритмдңк) бағдарламалар нақты есепті шешудің алдын ала сипаттау жүйесінен тұрады. Процедуралық тілдерді төменгі және жоғарғы деңгейдегі деп бөледі. Төменгі деңгейдегі тілдер(машинаға бағытталынған) машиналық кодтардан,әсіресе 16 лық пішінде бағдарлама құрады. Олармен жұмыс істеу қиын,бірақ олардың көмегімен құрылған жоғары маманданған бағдарламашының бағдарламасы жадыдан аз орыналып,тез жұмыс істейді.Бұл тілдердің көмегімен жүйелі бағдарламаларды,драйверлерді(
Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады. Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер (“ЭВ-80-3”, “ИПТ-5” және “Урал-1”), 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Машина және есеп
Бағдарламалау тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі бағдарламалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана бағдарламалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Бағдарламалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын бағдарламалау технологиясына байланысты бөлінеді .Бағдарламалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
бағдарламалауға үйретуші;
жалпы мәнді;
проблемалық-бағытталған;
параллель бағдарламалаушы.
Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классикацияға сәйкес қарастырамыз.
бағдарламалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы – Basic тілі. 60-жылдардың ортасынан бастап мамандар арасында құрылымдық программалау мәселесі көтеріле бастады. 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды.
Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді программалауға бағытталған тілдер жатады. Бұл классқа жататын тілдердің негізгілері C, Modula, Ada тілдері. Бұл тілдердің негізі 1966 жылы құрылған, ғылыми, пәндік облыстағы есептерді программалауға мүмкіндік беретін PL/1 тілі. PL/1 тілі ЖС ЭЕМ сериялы модельдерде кеңінен қолданылды. Си тілін 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. Си тілі ассемблер тілінің де және жоғары деңгейлі тілдің де мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін болғандықтан орта деңгейлі тіл деп атайды. Pascal тілінің идеологиясын тарату мақсатымен Н.Вирт 1980 жылы Modula–2 тілін құрды. Бұл программалау тілінің негізі – программа бір-біріне тәуелсіз модульдерден тұрады.
1978 жылы қазіргі АҚШ-та әскери қаруды басқаруға қолданылатын қосымшаларды программалуға арналған Ada тілі құрылды. Ada тілі құрылымды программалау тілі болып табылады және параллель программалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Проблемалық–бағытталған жоғары деңгейлі тілдер деп нақты пәндік облыс есептерінің мәселесін түгел қамтитын тілдерді атаймыз. Бұл классқа жататын бірінші жоғары деңгейлі тіл – Fortran тілі. Fortran-I тілін 1956 жылы IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған.
Жасанды интеллект символдық информацияларын және тізімдерін өңдеуге арналған есептерді программалауға Lisp, Prolog тілдері қолданылады. Lisp тілін 50-жылдары Д.Макартни құрды. 70-жылдары Lisp тілінің негізінде құрылған Prolog тілі логикалық программалау тілі болып табылады және 5 буынның ЭЕМ жапон проектісінде негізгі тіл болып таңдалған. Әр Prolog программа жәй тұжырымдар немесе импликациялардан тұратын сөйлемдерден тұрады, инструкция қолданылмайды.
Дәстүрлі неймандық архитектурадан ЭЕМ дәстүрлі емес параллель архитектуралы есептеу машиналарына көшуіне байланысты параллель алгоритмдерді сипаттаушы инстументальды құрылғылар пайда бола бастады. Параллель программалау тілдерінің негізі – параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған параллель программалық жүйелердің тиімдісін алу. Параллель программалауды жабдықтаудың қиындығы тиімді параллель жөндеушілерді құру. Қазіргі кезде қолданылып жүрген интерактивті параллель жөндеушілер IPSC (Intel фирмасының дербес компьютерлеріне арналған) және PDBX (мультипроцессорлы ЭЕМ арналған). Жиі қолданылатын векторлы матрицалық есептерге параллель программалар кітапханасы құрылған, BLAS- сызықтық алгебра программаларының кітапханасы, NAG – сандық алгоритмдер кітапханасы. Бұл есептерге белгілі матрицалы параллельдеушілер ProSolvar (Intel фирмасы) және жалпы мәнді параллельдеуші Parafrace (Д.Кук құрған) қолданылады.
Программалау технологиялары
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап — бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі. Бағдармалау жинақтаушы Бағдармалау, құрама Бағдармалау және нақтылаушы Бағдармалау болып 3 түрге бөлінеді.
Жинақтаушы Бағдармалау — жалпы бағдарлама жасау.
Құрама Бағдармалау ішкі программалар жиынтығына сүйенеді.
Нақтылаушы Бағдармалау берілген кластағы кез келген есепті шешуге арналған әмбебап бағдарламаны қажет етеді. Іс жүзінде, Бағдармалаудың бұл 3 түрі аралас қолданылады. Бағдармалау ғылыми-техникалық пән ретінде бағдарлама жасаудың теориясын, методологиясын және технологиясын зерттейді.
Келешекте бұл командалар арнайы бағдарламалар көмегімен автоматты түрде машиналық кодқа өтеді.Осы тілдердің бірінде жазылған бағдарлама сөйлемдердің немесе операторлардың тізбегінен тұрады және бастапқы бағдарлама немесе бастапқы модуль деп аталады.Әр ЭЕМ-нің өз бағдарламалау тілі болады,машиналық командалар тілі немесе процессор тілі және осы тілде жазылған бағдарламаларды ғана орындай алады.Сандар тілі бола тұра прцессор тілі бағдарламаларды жазу мен олардың ішіндегі жіберілген қателерді түзету үшін көп уақыт жұмсауды талап етеді,себебі барлық амалдар мен нұсқаулардың екілік бейнелерін/кодтарын/ есте сақтап,кез келген алгоритмді осы машиналық амалдар мен нұсқаулар арқылы өрнектей білу керек.Бағдарламалау тілі машиналық кодқа қаншалықты жақын болса,бағдарлама процессор үшін соншалықты ыңғайлы,оның орындалуы да жылдамданады,жадта да аз орын алады.Табиғи тілге жақын болған сайын орындаушыға ыңғайлылығы артады,бірақ процессор регисторларын меңгеруге арналған командалары азаяды. Шығарылып жатқан есептерге қарай(математикалық,
Белгілі бағдарламалау жүйелері мыналар: Фортран(FORmula TRANslating system-формулаларды аудару жүйесі.);Бейсик(Beginners All-purpose Symbolic Instruction Code- үйренушілерге арналған нұсқауларының әмбебап символикалық коды) 1964 жылы дайындап шығарылды;Алгол(ALGOritmic Language- алгоритмдік тіл)1968 жылы жасапшығарылған және қойылған есептерді шешу үшін қолданылатын процедуралар тізбегі түрінде құрылған алгоритмдерді жазу үшін арналған;ПЛ/1(PL/1 Programming Language One-бағдарламалау тілі бір)1967 жылы ойлап табылды;Си(С-«си». Алғашқы нұсқасы 1972 жылы ойлап табылды;Паскаль (Pascal- оқымысты Блез Паскаль құрметіне атаған); Кобол(Common Business Oriuented Language-ортақ бизнеске бағытталған тіл);Дельфи(Delphi-обьектілі-
Процедуралық емес тілдер арасындағы белгелері: Лисп(Lisp)- функциональдық бағыттағы символдық пішіндегі деректерді өңдеуге арналған бұл бағдарламалау тілін 1962 жылы Дж.Маккарти ойлап шығарды; Пролог( PROgramming in LOGic) және Оккам(философ У.Оккамның құрметіне аталған).
Жалпы,қазіргі уақытта 3500-ден астам бағдарламалау тілдері бар.Кеңінен қолданылып жүрген бағдарламалау тілдерін атап шығайық. Алғашқы кеңінен тараған бағдарламалау тілі-1954 жылы IBM фирмасының бағдарлама құрушылар тобы ойлап шығарған Фортран.Ол ғылыми-техникалық есептерді бағдарламалау үшін арналған еді.Бейсик тілін оқу мақсатында 60-жылдар барысында Дартмут колледжінде (АҚШ) профессорлар Дж.Кемени мен Т.Куртс ойлап шығарған.Өзінің қарапайымдылығының арқасында ол халық арасына тез жайылды және үй компьютерлерінде қолданылды.70-жылдары Бейсик сол заманның ең қарапайым бағдарламалау тілі ретінде Altair дербес компьютерінде жүзеге асырылды.Бұл жұмысты Билл Гейтс Microsoft-тың қазіргі президенті өзінің серіктесі Пол Алленмен бірге орындады.Гейтстің арқасында Бейсик IBM PC платформасына көшірілді,ал оның ең жетілдірілген QBasic нұсқасы(Qbasic- жылдам Бейсик) MS-DOS операциялық жүйесінің базалық жабдықтауына енеді. Қазіргі күнге дейін Гейтстің күш салуы және қаржылай қолдауы арқасында Бейсикті дамыту белсенді жалғасуда.
60-жылдары әмбебап бағдарламалау тілдерін құру мақсатында алғашқы бағдарламалау тілі- ПЛ/1(1967 жылы) ойлап шығарылған.
Бағдарламалау тілдері әр түрлі мақсаттарда қолданылады және оны таңдау компьютер мен қойылған есепке байланысты. Ал компьютерге қойлыған есептер әр түрлі: есептеуші,экономикалық,
Классикалық операциялық немесе процедуралық бағдарламалау бағдарламалаушыдан есепті шешудің нақты сипаттамасын,яғни есептің алгоритмі мен оның арнайы жазылуын талап етеді. Тілдердің негізгі ұғымдары- оператор және деректер. Процедуралық әдісте операторлар бір топқа-процедураларға біріктіріледі. Құрылымды бағдарламалау жалпы бұл бағытқа кірмейді,ол тек бағдарламалаудың қайсыбір қажетті технологиясын қосымша белгілейді.
Бағдарламалауды өзге бағыт процедураны емес бағдарламалаудың методологиясымен(кейде, «парадигмасымен» деп те айтады) байланысты. Оларға обьектілі бағытталған және декларативті бағдарламалауды жатқызуға болады. Обьектілі бағытталған тіл бір-біріне тәуелсіз обьектілер жиыны түріндегі қоршауды құрады. Әрбір обьект өзін жеке компьютер ретінде ұстайды,оларды қызметінің ішкі механизміне енбей-ақ «қара жәшік» ретінде қолдануға болады. Кәсіпқойлар арасындағы белгілі обьектілі бағытталған бағдарламалау тілдерінің С++-ті,бағдарламашылардың көпшілігі үшін Delphi мен Visual Basic-ті ерекше атауға болады.
Бағдарламашылар декларативті тілді қолданғанда берілген информациялық құрылымды,олардың өзара байланысын және қандай болу керек екенін көрсетеді.Бұл тіддерде «оператор» ұғымы қолданылмайды. Декларативті тілдерді екіге бөлуге болады: логикалық және функциональдық.
БАҒДАРЛАМАЛАУ |
ПРОЦЕДУРАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ (Ассемблеры, Фортран,Бейсик,Си) ҚҰРЫЛЫМДЫҚ (Паскаль,Модула) | ПРОЦЕДУРАЛЫҚ ЕМЕС ДЕКЛАРАТИВТІ: ОБЬЕКТІЛІК (С++, Дельфи) ЛОГИКАЛЫҚ (Пролог) 3.ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ (Лисп)
|
Трансляторлар
Алғашқы компьютердің пайда болуынан бастап,бағдарламашылар компьютерлік бағдарламалардың кодталуы жайлы ойлана бастады.40- жылдардың аяғында-ақ алғашқы жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері пайда болды. Оларда бағдарламашылар есепті математикалық формула түрінде жазды,сосын арнайы кестелерді қолдану арқылы символдарды ауыстырып,осы формулаларды екі литерлік кодтарға түрлендірді. Бұдан әрі арнайы бағдарлама (кейін интерпретатор деп аталды) бұл кодтарды екілік машиналық кодтарға айналдырды. Алғашқы компиляторды 50-жылдардың басында Г.Хоппер ойлап шығарған; ол командаларды біріктіру функциясын жүзеге асырды, трансляция кезінде қосалқы бағдарламаларды ұйымдастырды, компьютердің жадын белгіледі және жоғары деңгейдегі (ол кезде псевдокодтарды) командаларды машиналық командаларға түрлендірді.
Жоғары деңгейдегі тілде бағдарлама құру,әрине,ыңғайлы. Мәтінді редакторда теріңіз,командаларды есепті шешу алгоритміне сәйкес жаздыңыз делік,бірақ бағдарламаның бастапқы мәтіні-әлі толық жарамды бағдарлама емес,бұл тек жұмысқа «қосуға» мүмкін емес арнайы командалардың (бағдарламалау тілі операторларының) жиынтығы,өйткені оларды процессор орындай алмайды. Сондықтан бағдарламалаудың кез келген тілінде жазылған бағдарламаларды алдымен процессор тіліне аударады,яғни машиналық кодқа айналдырады. Бұл аударманы арнайы бағдарламалар-аудармашылар орындайды. Ағылшынның трансляция(translation) сөзі аударма деген мағынаны білдіреді.Бағдарламаларды машиналық код тіліне аударатын бағдарламалар трансляторлар деп аталады. Транслятор- бұл бастапқы мәтіндерді автоматты түрде жұмыс істейтін бағдарламаларға айналдыратын арнайы бағдарлама. Транслятордың екі түрі бар: компиляторлар және интерпретаторлар.
Компилятор бастапқы кодты машиналық кодқа айналдырады.Нәтижесінде обьектілі модуль пайда болады. Ол машиналық кодта жазылған,бірақ ол әлі жұмыс істей алмайды,оған бағдарлама қолданған стандартты процедураны қосу керек. Бұл процедуралар бағдарламалар тіліне қоса тіркелген кітапханалардан алынады. Процедураларды кітапханалардан таңдап алу және оларды обьектілі кодқа қосу операциясын арнайы бағдарлама- құрастырушы(байланыстар редакторы) орындайды. Содан кейін ғана жұмыс істейтін бағдарлама пайда болады,оны жұмыс коды немесе атқарылушы код деп атайды.Компиляторлар бағдарламалаудың барлық танымал тілдері,соның ішінде Бейсик үшін де құрылған.
Интерпретаторлар-мәтінді алдын-ала емес бағдарламаның тікелей жұмысы барысында өңдейтін трансляторлар. Интерпретатор дегеніміз- бастапқы файлдан командаларды оқитын және процессор тіліне «жол-жөнекей» (тікелей бағдарламаның жұмысы барысында) аударатын бағдарлама-делдал.
Бағдарламалау тілдерінің көпшілігі үшін (бәріне деуге болмас) компиляторлар да, интерпретаторлар да жасалған.Бағдарламалау тілінің стандартын қолданғанда интерпретатор басқаруымен бағдарламаның орындалу нәтижесі мен компилятордан жасалған атқарылушы файлды іске қосу нәтижесі толық сәйкес келеді.
Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің,деректер қоймасының басқару жүйесінің осы заманғы трансляторларлары-
Бағдарламалау жүйесінің дамуында қосалқы бағдарлама басты элемент болып табылады.Қосалқы бағдарламалар аппараттарының пайда болу жүйелі және қолданбалы бағдарламаларды дайындау процесін жеңілдететті. Қосалқы бағдарламалар бағдарламада қолданылатын алгоритмдер-процедуралар мен функциялар кітапханаларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бағдарламалар жүйесінде міндетті түрде стандартты(жүйеге кіріктіріл ген) қосалқы бағдарламалар кітапханасы қатысады. Мысалы,олардың қатарына тригонометриялық және т.б математикалық функцияларды есептейтін қосалқы бағдарламалар кіреді.
Қазіргі кезде қосалқы бағдарламалардың қолданбалы және пайдаланушылар кітапханалары кең тарады. Олардың саны күн сайын кеңеюде. Осы заманғы тілдерде мысалы,пернелер тақтасымен,графикамен,т.б жұмыс істеуге арналған өзара байланысқан қосалқы бағдарламалардың арнайы пакеттерін ұсынатын(Unit) модульдер кең тарады. Обьектілі-бағытталған бағдарламалаудың дамуы обьектілер мен (Object) деректердің обьектілі типті қосалқы бағдарламалардың кітапханаларын құруға мүмкіндік береді.Бұған қосымшаның TurboVision түрі мысал бола алады.
Қазіргі бағдарламалар бағдарламалау жүйесіндегі бар кітапханалардан,модульдерден,
Көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды(бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.
Ішкі бағдарламалар.
Қандай да бір алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзіне негізгі бағдарламаның кез келген бөлігінен қатысуға болатын бағдарламаның жекелеме бөлігін ішкі бағдарлама деп атайды. Ішкі бағдарламалар негізгі бағдарламының ішіндегі кіретін және шығатын орындары бар тұйықталған бөлігі болып табылады. Негізгі бағдарлама мен ішкі бағдарламадағы айнымалылар бір-біріне бағынышты емес.
Ішкі бағдарламаның екі түрі болады – процедуралар және функциялар. Олардың айырмашылығы: процедура белгілі бір операторлар тобын орындаса, функция осыған қоса қандай да бір нәтижені есептеп, оны негізгі бағдарламаға қайта жібереді. Бұл нәтиженің өзіне тән типі болады. Си++ бағдарламалау тілінде «процедура» деген ұғым жоқ, онда тек қана функция қолданылады. Егер функция ешбір нәтиже есептемесе, онда ол «ешқандай» (void) типін қайтарады.
Кез келген бағдарламада бірнеше процедура немесе функция қолданылуы мүмкін. Процедура мен функция сипаттау бөлігінде айнымалылар бөлігінен кейін жарияланады.
Бағдарламаның орындалуы негізгі бағдарламаның операторларынан басталады. Қажет жағдайда ішкі бағдарлама шақырылып, оның операторлары орындалады. Содан соң басқару қайтадан негізгі бағдарламаға беріліп, бағдарламаның орындалуы жалғасады.
Ішкі бағдарлама негізгі бағдарлама сияқты құрылады, яғни бағдарлама атауынан, операторлар бөлігінен және аяқталуынан құрылады.
Параметрдің екі түрі болады: формальды және шын мәніндегі параметрлер.
Шын мәніндегі параметр деп процедураны шақырар кездегі негізгі бағдарламадағы параметрлерді айтамыз. Ал формальды параметрлер ішкі бағдарламаның атауынан кейін көрсетіледі.
Формальды параметрлер тізімінде айнымалылар аталып, олардың типтері көрсетіледі.
Ал формальды параметрлер ішкі бағдарламаның атауынан кейін көрсетіледі.
Формальды параметрлер тізімінде айнымалылар аталып, олардың типтері көрсетіледі.
Формальды параметрлерді екіге бөлуге болады:
параметр-аргументтер, яғни процедура үшін кіретін мәліметтер;
параметр-нәтижелер, осы параметр-нәтижелер арқылы процедураның жұмысының нәтижесін негізгі бағдарламаға қайтарады.
Параметр-нәтижелер тізімдерінің алдында var сөзі жазылады. (Паскаль).
Процедуралар.
Процедура – белгілі ретпен іске асырылатын іс-әрекеттер жиыны, жалпы бағдарламаның бір бөлігі.
Модульдер және Процедуралар
Visual Basic тілінде жоба Windows- қолданбаны жасау жобаны жасаумен бірдей. Жоба( Проект-Project ) – бұл Windows- қолданба (орындалатын exe-файл) деген сөз. Жобаны компиляциялауға жөнелтсек,бірнеше секундтан кейін Windows- қолданба дайын болады.
Жоба дегеніміз -оның көмегімен кейбір есеп шығарылатын пішін мен программалық кодтың жиынтығы. Ережеге сай бұл есеп пайдаланушымен бірге компьютерде орындалады. Компьютердің рөлі программаны мүлтіксіз орындау, ал пайдаланушының рөлі қажетті мезетте компьютерге сандарды және мәтіндерді енгізу,батырмаларды басу,пішіндегі батырмаларды тышқанмен шерту.
Егер есеп күрделі болса. онда оның шешімін оңайлату үшін бұл есепті өте қарапайым бөліктерге бөлу ыңғайлы. Бұл бөліктер модульдер деп аталады.
Мұндай бөліктерді кейде бағыныңқы есептер деп те атайды.
Дербес жағдайда,жеке файлда бір пішін туралы ақпарат сақталады. Мұндай файл пішін модулі деп аталады. Пішіннің модулі файлының кеңейтілуі . frm болады. Пішін модуліне пішіннің өзі туралы мәліметтер,пішіндегі обьектілердің сипаттамалары және осы обьектілердің қасиеттерінің мәндері енеді. Бұдан басқа пішін модулінде пішінге және ондағы обьектіге қатысты программалық код болады.
Модульдердің басқа түрлері де бар. Олардың ішінен біз стандартты, яғни әмбебап модульмен танысамыз. Мұндай модульде бір емес,бірнеше пішінде немесе тіптен бірнеше жобаларда қолданылатын программалық кодтар және файлдарының кеңейтілуі .Bas болады.
Модульге жеке файлда сақталатын,программалық кодтың бөлігі деген анықтама беруге болады.
Функциялар.
Функция – басқа мәліметтер алу үшін анықталған мәліметтерге қолданылатын компьютердің іс-әрекеті. Функцияның ерекшелігі – оның орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, ал кіру параметрлері бірнешеу болуы мүмкін. Нәтиже функция атауымен белгіленіп, негізгі бағдарламаға беріледі.
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері. Ассемблер тілі.
Қандай да нақты жазылған қолданушы программалары басқа тілге түрлендіретін программаларды транслятор деп атайды. Трансляторларды екі топқа бөлуге болады. Егер кіруші тіл сандық машиналық тілдің символикалық репрезентациясы болса, ондаоны ассемблер, ал кіруші тіл ассемблер тілі деп аталады. Егер кіруші тіл жоғары деңгейлі тіл болса, ал шығатын тіл не сандық машиналық тіл, не оның символикалық репрезентациясы, онда транслятор компилятор деп аталады.
Ассемблер тілі – ол әрбір жеткізуі бір машиналық командаға сәйкес болатын тіл. Ассемблер тілінің программасында машиналық командалар мен операторлардың арасында бірмәнді сәйкестік бар. Мұнда екілік және сегіздік аттар мен адрестердің орнына символдық белгілулер қолданылады.
Ассемблер тілінің басқа жоғары деңгейлі тілден айырмашылықтары:
ассемблер тілінің жеткізілуі мен машиналық командалардың арасындағы бірмәнді сәйкестік;
машиналардағы барлық объектілер мен командаларға қатынау;
бір тектес компьютерлердегі жұмыс.
Ассемблер тілін қолданудың екі негізгі ерекшеліктері бар: жоғары өнімділігі мен машинаға қатынау. Көбіне программада барлық кодтың азғантай пайызы программаның орындалу уақытының көбірек пайызына жауап береді. Мысалы, программаның 10% оның орындалу уақытының 90%-на жауапты. Бұл программаның 10% оны ассемблер тіліне жазып алуды жүзеге асырады. Бұл процессті реттеу(tuning) деп аталады. Ассемблердегі программа көлемі бойынша соншалықты кіші және орындалу жылдамдығы бойынша соншалықты тез болуы мүмкін.
Ассемблер тілі мен жоғары деңгейлер тіліндегі программалық салыстырулар (реттеушімен және реттеушісіз)
Программаны жазуға кеткен адам жылының саны Секундына
программаның
орындалуы
Ассемблер тілі 50 33
Жоғары деңгейдегі тіл 10 100
Икемдеуге дейінгі аралас
10 % сынаулы 1 90
90 % қалғаны 9 10
Барлығы 10 100
Икемдеуден кейінгі аралас
10 % сынаулы 6 30
90 % қалғаны 9 10
Кейбір процедураларға ассемблер жасай алатындай аппараттық қамтамасыз етуге толық қатынау қажет. Бұл категорияларға операциялық жүйедегі үзіліс өңдеушілері мен үзілістер, сол секілді реттелген жүйелердегі құрылғылардың тексерушілері келіп түседі.
Ассемблер тілінде оператор құрылымы машиналық командаға сәйкес құрылымды білдіреді. Әр түрлі машиналар мен әр түрлі деңгейлердегі ассемблер тілі бір-бірімен ұқсас. Intel компьютерлеріндегі Microsoft MASM, SPARC процестеріне Sun ассемблерге мысал бола алады.
Ассемблер тілінің жеткізілуі төртке бөлінеді. Олар: белгі, операция, операнд және комментарий алаңдарынан тұрады. Белгілер жады адресіне арналған символикалық аттармен қамтамасыз ету үін қолданылады. Олар командаларға өту және деректі сөздердің сақтайтын жерге символдың аттары бойынша қатынау мүмкіндігін алу қажет.
Егер жекізу машиналық командаың символикалық репрезентациясы, не бұл кодтың символикалық аббревиатурасы, не ассемблердің өзне арналғанкомандасы болып табылса, онда операция коды алаңында жатады.
Операндтардың алаңдары машиналық командалар үшін операндтар болып табылатын адрестер мен регистрлерді анықтайды. Регистрлер. тұрақтылар, жады ұяшықтары және т. б. операндар болуы мүмкін.
Комментарий алаңында программа әрекетінің түсіндірмесі келтіріледі. Бұл комментарийлерсіз ассемблердегі программаларды түсіну өте қиын.
. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері.
Фортран.
IBM фирмасы жасап шығарған Фортран бағдарламалау тілі ең алғашқы және сәтті компилятор болып табылады. Профессор Дж. Букс пен американдық мамандардың бір тобы бұл тілді алғаш рет 1954 жылы жария етті. Толық түрінде FORmulae TRANslation – формулаларды түрлендіру.
Фортран тілінің көпке шейін сақталуының себебі Фортран тілінің өзінің және оған арналған трансляторлардың қарапайым құрылымы болып табылады. Фортран тіліндегі бағдарлама белгілі бір стандарттар бойынша құрастырылады, операторлар тізбегі қатаң ретпен жазылады. Фортран тілінде жазылған бағдарлама бір немесе бірнеше сегменттердің жиынтығы болып табылады. Бүтін бағдарламаның жұмысын басқаратын сегмент негізгі бағдарлама деп аталады.
Фортран тілі ғылыми және инженерлік-техникалық салаларда қолдану үшін ойлап табылған. Алайда бұл тілде тармақталған логикалық есептер, экономикалық есептер және де әсіресе безендіру есептері(кестелерді, сілтемелерді, ақпартізімдерді құрастыру және т. б.) оңай сипатталады.
1958 жылы Фортран тілінің модификациясы – Фортран ІІ пайда болды. Араға бірнеше жыл салғаннан кейін 1962 жылы Фортран ІҮ, қазіргі кезде жиі қолданылатын тілдердің бірі, пайда болды. 1966 жылы Фортран тілінің екі жаңа стандарты шықты: Фортран және базисті Фортран (Basic FORTRAN).
Кобол.
Кобол бағдарламалау тілі 60-жылдарда жасалған, ол экономикалық салада бизнес-есептерді шығаруда қолданылады. Оның ерекшедігі «көпсөзділігінде» болып табылады – оның операторлары кәдімгідей ағылшын фразаларына ұқсайды. Кобол тілінде сан алуан сыртқы тасымалдағыштарда сақталатын өте ауқымды ақпараттармен жұмыс жасау үшін қуатты құралдар жасалған. Бұл бағдарламалау тілінде қазіргі таңда көп қолданылатын қосымшалар жазылған.
Алгол.
Алгол – 1960 жылы шығарылған компиляторланатын тіл. Негізінен, алгол тілі фортран бағдарламалау тілінің орнына қолданылу үшін жасалынған болатын, алайда оның құрылымы өте ауқымды болғандықтан, бұл бағдарламалау тілі кең тараған жоқ. 1968 жылы Алгол 68 версиясы пайда болды. Бұл версия өзінің мүмкіндері жағынан қазіргі кездегі көптеген бағдарламалау тілдерінен басым болып табылады, алайда сол заманда жетілдірілген компьютерлер болмауы салдарынан бұл тілге сәйкес тиімді компиляторлар жасап шығару мүмкін болған жоқ еді.

- Бағдарламалау тілдеріне шолу
- Бағдарламалау тілдер кітаптары
- Бағдарламалау тілі
- Бағдарламалық жасақтама
- Бағдарламалық оқыту технологиялары
- Бағдарламаның паспорты
- Бағдаршамдарды гелиоэнергетикалық қондырғылардың көмегімен қуаттау
- Баға түрлері
- Баға тұрақтандыру
- Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары
- Бағдарламалау технологиялары
- Бағдарламалау тілдері
- Бағдарламалау тілдері
- Бағдарламалау тілдері