Бағдарламалық жасақтама

Мазмұны

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
    • Бағдарламалық жасақтама деңгейлері.
    • Бағдарламалық жасақтама түрлері.
    • Жүйелік бағдарламалық жасақтама.
    • Қолданбалы бағдарламалық жасақтама.
    • Аспаптық бағдарламалық жасақтама.
  1. Қорытынды.

 

Кіріспе

 

Егер біз компьютерді  қоспас бұрын қарайтын болсақ, онда жүйелік блокқа қосылған көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратынын көреміз. Жүйелік блоктың құрамында үлкен  пластина – жүйелік тақша орналасқан, оған компьютерлік жүйенің құрауыштары  қосылады.

Іске қосылмаған компьютер  темір мен пластмассадан дайындалған, бірақ оны іске қосқан соң ол түрленіп, жанданады: онымен мәтіндер теруге, ойындар  ойнауға, музыка тыңдауға және көптеген басқа амалдар орындауға болады. Мұның барлығы әр түрлі программаларды пайдаланғандықтан болады, олардың  біреуі компьютерді басқарады, екіншілері мәтінмен, графикамен жұмыс істеуге  мүмкіндік береді, үшіншілері басқа  да маңызды функциялар атқарады. ДК және олардың жүйелерінің архитектурасында икемді құрылым болып бағдарламалық жасақтама табылады.

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда, дискіде файл түрінде сақталып, қолданушының командасы бойыншакомпьютер жадына жүктеліп орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Сонымен, бағдарлама – бұл  командалардың ретке салған тізбектері. Кез-келген компьютер бағдарламасының  негізгі мақсаты – аппаратты  құралдармен басқару. Егер бағдарлама сырттай қарағанда жабдықпен ешқалай әрекетпесе де, енгізу құрылымдарымен ешқандай да мәндерді енгізу талап етпейді және қорытындыны құрылымындағы мәліметті шығаруы, бәрібір оның жұмыстарын жүзеге асырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппаратты құралдарын басқаруда негізделген.

Аппараттық және бағдарламалық  жасақтама үнемі өзара тығыз  байланыста болады.

Бағдарламалық жасақтама (Software) – компьютерде шешілетін есептерді орындауды жасақтайтын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтама  – белгілі бір типтегі есептеуіш  машиналар кластарына арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты  қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез-келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Компьютердегі бағдарламалық  жасақтама құрамын бағдарламалық  конфигурация деп атайды. Бағдарламалар  арасында физикалық буындар мен  блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді, демек біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мұндай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар және өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде бағдарламалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.

 

Бағдарламалық жасақтама  деңгейлері

 

Бағдарламалық жасақтама  келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Бағдарламалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық  жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бағдарламалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлерге сүйеніп жұмыс істейді. Бұлай мүшелеу есептеу жүйесінің барлық жұмыс кезеңдері үшін ыңғайлы, бағдарламаларды орнатудан бастап практикалық пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге дейін. Әрбір жоғары жатқан деңгей бүкіл жүйенің функцоналдығын жоғарылатанына көңіл аударыңыз. Мысалы, базалық(негізгі) деңгейдің бағдарламалық жасақтамасы бар есептеу жүйесі функциялардың көпшілігін орындауға қабілетті емес, бірақ жүйелік бағдарламалық жасақтама орнатуға мүмкіндік береді.

Базалық деңгей. Бағдарламалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі – базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық бағдарламалар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады. Бағдарламалар және мәліметтер жасау кезеңінде жедел жадыға жазылады және пайдалану үдерісінде(процесінде) өзгертіле алмайды. Базалық бағдарламалық құралдарды пайдалану бағдарланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пайдаланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын өзгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауға да болады, оған тыс та программалаушы деп аталатын арнайы құрылымдарда да болады.

Енгізу – шығарудың  базалық жүйесі (BIOS) компьютердің тұрақты жадысында орналасқан, бұл негізі MSDOS-тың бөлігі емес бірақ бұнымен тор байланысты. Bios құрамына компьютердің құрылғыларын тексеруге, операциялық жүйенің инициализациялауға арналған және монитор, пернетақта, дискттер, принтермен енгізу шығару амалдарын орындауға арналған бағдарламалар.

Жүйелік деңгей. Жүйелік деңгей – өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін бағдарламалар базалық деңгейдің бағдарламалары мен компьютерлік жүйенің өзге де бағдарламалары және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, яғни «делдалдық» функцияны атқарады. Бағдарламалық жасақтаманың бұл деңгейінен көбінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тәуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа бағдарламалар үшін осы жабдықпен байланысты қамтамасыз ететін бағдарлама орнатылуы тиіс. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты бағдарламаны драйвер құрылғысы дейміз. Ол бағдарламалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің құрамына кіреді.

Жүйелік деңгей бағдарламаларының  басқа класы қолданушымен өзара  әрекетесуге жауап береді. Солардың арқасында ол есептеу жүйесіне мәліметтерді енгізуге,оның жұмысын басқаруға  және нәтижесін өзіне ыңғайлы  формада алуға мүмкіндік алды. Бұл программалық құралдар интерфейстің пайдаланушылық қамтамасыз ету құралдары деп аталады. Олардан компьютермен жұмыстың ыңғайлылығы мен жұмыс орнындағы еңбек өнімділігі тікелей тәуелді.

Жүйелік деңгейдің бағдарламалық  қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы – адамның есептеу жүйесімен практикалық жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

Қызметтік деңгей. Бағдарламалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі бағдарламалармен де, жүйелік деңгейдегі бағдарламалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік бағдарламалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалардың қызметін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.

Өңдеуде және қызметтік бағдарламаларды  пайдалануында екі талғаулы бағыт  бар: амалдық жүйемен біріктіру және автономды жұмыс жасау.Бірінші жағдайда қызметтік бағдарламалар жүйелік бағдарламаның тұтынушылық құрамын практикалық жұмысқа өте ыңғайлы ғып өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік бағдарламалық қамсыздануымен әлсіз байланысқан, бірақ қолданушыға аппараттық және бағдарламалық қамсыздануымен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.

Қолданбалы деңгей. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады. Қолданбалы бағдарламалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, браузерлер және т.б. жатады.

Мәтінді информацияларды  даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Кез-келген Эем-де жұмыс істейтін адамдар әр түрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетінін талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең таралған мәтін редакторларына Microsoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады.

Графиктік редакторлар  – графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Оларда өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп – схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер орындалады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез-келген жан әуестенетін топқа жатады.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан сабаққа дайындау кезінде өте ыңғайлы. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер «қазы» ролін де әділ атқара алады.

Информациялық жүйелер информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында қолданылады. Бұлар мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады.

 

Бағдарламалық жасақтама  түрлері

 

Барлық бағдарламалық  жасақтама флоппи-дискілерде, CD-де жинақталады  немесе Интернет желісі арқылы әкелінеді. Қызметіне қарай (функционалдық  мүмкіндіктеріне байланысты) бағдарламалық  жасақтама жүйелік, қолданбалы және аспаптық болып бөлінеді.

 

Жүйелік бағдарламалық  жасақтама

 

Жүйелік программалық жасақтама (Системное программное обеспечение; system sof tware) — компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Операциялық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік және космостық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың архитектуралық формасын, жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаға әсерін және адамдық фактордың қатысуын қамтиды.

Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Амалдық жүйе болмаса, қазіргі  заманғы компьютердің жабдықтары мен  бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар  бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға  тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады 

Адамның компьютермен қатынас  жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық  ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесудің әмірлік және терезелік  екі түрін көруге болады.

Әмірлік тілдесуде адам компьютермен өте көп және түрлі пішімде  жазылатын АЖ әмірлерінің көмегімен  қатынас жасайды. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге бертінге дейін компьютерлерде негізгі болып  келген MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс  жұмыс істей алу үшін пайдаланушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том  нұсқаулықтарды оқып шығуы қажет  болатын.

Терезелік тілдесуі Windows сияқты, компьютермен тек бір құрылғы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын  амалдық жүйеде жүзеге асырылған. Бұнда  сіз компьютермен қатынас жасау  үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде ұсынылған өзіңізге қажетті  әрекеттерді таңдасаңыз болғаны.

Windows амалдық жүйесінің  пайдаланушы тілдесуінің негізгі  элементтеріне мына нысандар  жатады: Жұмыс үстелі, терезелер,  лақаптар, батырмалар, үстелдер, мәзірлер, қалталар, қосымшалар және құжаттар.

Терезелік тілдесуді  жүгіргіні нысан үстіне апарған  кезде қалқып шығатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде  шерткен кезде пайда болатын  мәтінмәндік мәзірлер өте ұғынықты етеді.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Белгілі бір  қосымша қызмет атқаруға керекті  программалар тобы утилиттер болып  табылады.Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Вирусқа қарсы  бағдарламалық жасақтама (Antivirus software) - вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.

Интернетте қызықты жерлер мен пайдалы дерек көп, алайда қауіп-қатері де жетерлік. Компьютер  электрондық пошта арқылы немесе веб-тораптан қотарылған бағдарламамен  бірге келген компьютерлік вирустан зақымдалуы мүмкін. Вирусқарсы бағдарламалардың болмауы вирустардың басқа компьютерлерге таралуына мүмкіндік жасайды.

Көптеген вирусқарсы бағдарламалар  өздіктік түрде жаңартылу жетесімен  жабдықталған. Вирусқарсы бағдарламалық  жасақтама жаңартылған кезде  жаңа вирустар туралы мәлімет вирустарды тексеру тізіміне үстеледі де, бұл  компьютердің жаңа шабуылдан қорғалуын  қамтамасыз етеді. Егер вирусқарсы бағдарлама өздіктік түрде жаңартылмайтын болса, жаңа вирустар күн сайын пайда  болып отыратындықтан, жаңартуды  үнемі қолдан жасап отыруға кеңес  беріледі. Егер Сіз қолданатын вирусқарсы бағдарлама жазылуды қажет етсе, жаңартуларды жүйелі түрде алып тұру үшін жазылымды белсенді күйде үзбей сақтауға кеңес беріледі. Егер вирустар тізімі ескірген болса, компьютер жаңа қатерге осал болады.

Егер компьютерде вирусқарсы бағдарламалық жасақтама орнатылған-орнатылмағаны  анық белгілі болмаса, төмендегі  қадамдарды жасау арқылы мұны анықтап  алуға болады. Көптеген ірі компьютер  өндірушілер компьютерлерді вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың ең болмағанда сынақтама нұсқасымен жабдықтайды. Алайда, вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың компьютерде болуы оны белсенді екеніне және жүйелі түрде жаңартылып отыратынына кепіл болмайды.

Қандай антивирус  таңдау қажет?

Қандай антивирус жақсы, қандай антивирус алу керек деген  сұрақтар қазір кез-келген компьютер  қолданушысынығ алдынан шығатыны айдан  анық. Өйткені сіздің компьютеріңізде  маңызды құжаттар сақтаулы тұр, ал қарапайым  антивирус күтпеген мәселерлер туындатуы  мүмкін.

Қазір интернет басты ақпарат көзі болып табылады. Көптеген жағдайларда вирустар осы интернет арқлы келуі де мүмкін. Мұндай вирустар әлемнің барлық компьютерлерінде тарайды.

Антивирус компьютерді қорғауға арналған бағдарлама. Антивирус — қондырғаннан кейін компьютердегі папкалар мен файлдарды тексеріп, ондағы біздің вирус деп атап жүрген бағдарламамызды іздейді. Егер антивирус сондай бағдарламаны тапса, қолданушыдан не істеу керектігі туралы хабарлама береді. Уақыт өткен сайын вирустар да дамып келеді, кейбір антивирустар оны таба да алмайды және сол сияқты компьютерге де соншалықты қауіпті бола бастады. Вирустар көптеген жолдар арқылы тарайды: сайттарды қараған кезде, файлдарды көшірген кезде және әлеуметтік желілер арқылы. Антивирус шығаратын компанияларда қарап қалып жатқан жоқ, оларда өз антивирустарын барынша дамытып жатыр.

Ең жақсы антивирус қандай?

Антивирус таңдауда ең басты  мәселе, әрине оның жұмыс істеуі мен ақшасы.

Антивирус таңдауда соңғы  шешімді өздеріңіз таңдайсыздар. Ал мен барынша антивирустардың жұмысы туралы айтып өтемін. Ал қай антивирусты таңдайтыныңызды өзіңіз шешесіз.

Avast-осы антивирусты мен өзім де қолданып жүрмін. Әрине бәріңде соны қондыр дегендей ақыл айта алмаймын. Бірақ бұл антивирустың қорғанысы өте жақсы және компьютердің ресурсын да көп жемейді. Ең бастысы бұл антивирустың тегін лицензиясы бар.

Nod32-бұл да жақсы антивирус, жүйелік ресурстарды аз жейді. Алғашы версиясы 1987 жылы шықты. Қазір Касперский антивирусымен таласқа түсе алатын антивирус.

Касперский-Сапалы және өте  атақты антивирус. Көптеген вирустар компьютерге  кірген кезде ең алдымен осы антивирусты  іздеп, ағытып тастауға тырысады. Тек бір кемшілігі көмпьютердің ресурсын көп жейді.

Dr.Web-Ауыз толтырып айтатындай жақсы емес. Бірақ оның қосымшалары алдына жан салар емес. Мысалы Dr.Web CureIt. Бар болғаны соңғы версиясын көшіріп алып, қосу керек. Ал Dr.Web LiveCD компьютерді вирустан оңай тазартып, компьютердегі файлды басқа қатқыл дискіге көшіруге мүмкіндік береді.

Norton Antivirus-жақсы антивирус, вирустан да жақсы тазартады, тек компьютерге көп жүктеме түсіреді.

 

ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА

 

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

  • жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
  • мәселелік бағытталған ҚПЖ;
  • интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

  • мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
  • графикалық редакторлар;
  • электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
  • мәліметтер қорын басқару жүйелері;
  • электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

  • жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
  • таңбаларды айыру жүйелері;
  • статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;
  • ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған  ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына  қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі  қадамдарын атауға болады:

  • мәтінді енгізу;
  • редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);
  • құжатты сақтау;
  • жариялау;
  • құрылған құжатты іздеу және ашу;
  • аудару.

Мәтінді енгізу.  Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII (American Standard Code for Information Interchange)  -  ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).

RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі  -  оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000  және  MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange)  -  Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.

Мәтіндік құжатты  жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

  • құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);
  • электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );
  • Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты  іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде  кездесетін негізгі ұғымдар:

  • символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;
  • абзац -  аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
  • колонтитул -  документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).

Мәтіндік  ақпаратты  өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.

Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.

Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).

Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.

MS Word мәтіндік  процессоры, оның мәтіндермен жұмыс  істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:

  • мәтіндерді интерактивті режімде теру;
  • мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);
  • көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;
  • мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);
  • арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);
  • грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;
  • ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер
  • суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)
  • электрондық поштамен жұмыс істеу;

MS Word процессоры интерфейсінің   негізгі элеметтері төмендегі  суретте (сурет 10)  көрсетілген. MS Word процессорында жұмыс істеу  негіздеріне арналған көптеген  арнайы әдебиеттер, оқу құралдары  болғандықтан шолу қысқаша жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 10 - MS Word программасының негізгі интерфейс элементтері

4.2 Электрондық кестелерді  өңдеу құралдары

Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте  процессорлары жатады.

Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.

Алғашқы кестелерді өңдеу  программалары 80-жылдардың басында  пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.

Электрондық кестелер

  • мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;
  • қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;
  • есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;
  • тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;
  • параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;
  • кестелік құжаттар дайындау үшін;
  • берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта кеңінен  қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.

Microsoft Excel – мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда  келесі қадамдар орындалады:

Бағдарламалық жасақтама