Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны

 1 Сәби тәртібіндегі ана тілі орны Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжан ата­ла­ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар­тып отыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­ла- бақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі. Біз бүгінгі тақырыбымызда қаламыздағы екі балабақша жай­ын­да ой қозғамақпыз. Оның бірі мемлекеттік, екіншісі же­ке меншік балабақша. Енді же­ке-же­ке тоқталып өтелік:Біз әуелі ат ба­сын «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына тіредік.№2 «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына кірген кез­де әдемілікті сезіндік. Өйткені ау­ла­сы жа­сыл-же­лек­ке оранған. Ғимараттың іші та­за. Ең ба­с­ты­сы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде болашағымыздың тірегі осы­лар екен деп, іштей қуандық. 1989 жы­лы іргетасы қаланған балабақша бүгінде та­лай қиындықты ар­т­та қалдырып, қаладағы алдыңғы қатарлы балабақшаның біріне ай­нал­ды. 69 қызметкері бар берекелі ұжым ба­ла­лар­ды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 300 орын­ды қамтиды, қазірде 280 ба­ла­ны қабылдап отыр. «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жөндеуден өткен. 12 топтың ішінде үш пен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топ­та 25-30 ба­ла­дан бар. «Ұстаздарымыздың бәрі білікті ма­ман­дар, 29 пе­да­гог, соның ішінде: жоғары са­нат­ты — 4, бірінші са­нат­ты — 9, жоғары білімді — 8, аяқталмаған жоғары білімді — 2, ор­та — 13, аяқталмаған ор­та білімді — 6 оқытушымыз бар. Баланың жа­сы­на сай сабақтар, со­ны­мен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл да­мы­ту, ай­на­ла­мен та­ны­с­ты­ру, ва­лео­ло­гия, са­у­ат ашу секілді пәндерді оқытамыз. Ән-күй, де­не тәрбиесімен ай­на­лы­са­тын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне ба­у­ли­мыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Балабақшамызда толықтай жағдай жа­са­лып отыр. Тек қана саз пәнінің мұғалімі жетіспейді», — дейді балабақша әдіскері Ай­жан Қуанышқалиева. — Айтпақшы, әдіскер Ай­жан қалалық «Үздік әдіскер» байқауында 2-ші орынға ие болған. Балабақшада «Балбөбек», «Біз мек­теп­ке ба­ра­мыз», «Алғашқы қадам», «Зе­рек», «Мек­те­пал­ды дайындық», «Қайнар» бағдарламасы бой­ын­ша ба­ла­лар­мен жұмыстанады екен.Біздің ба­ла­ла­ры­мыз қаламызда ұйымдас- ты­ры­ла­тын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, жүлделі орынға да ие бо­лып жүр. А.Би­жа­но­ва, А.Ку­тей­но­ва, А.Мәденов, Е.Ай­за­ко­ва, А.Әлім- жа­но­ва секілді ба­ла­ла­ры­мыз­бен және А.Ер- ме­ко­ва, М.Бүлкебаева, Қ.Кеңесбаева сияқ- ты тәрбиешілермен мақтанамыз», — дейді балабақша тәрбиешілері. Балабақшаның да­му­ы­на үлес қосқан қызметкердің бірі Күләнда Мы­са­е­ва. Ол балабашаның алғашқы ашылған кезінен бері осы күнге дейін абы­рой­мен еңбек етіп ке­ле жатқан тәжірибесі мол қызметкер. Және балабақшаның ма­те- риалдық-техникалық базасының нығаюына, ғимарат пен тәрбиеленушілердің бөлме- лерінде техникалық та­лап­тар­да белгіленген санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар мен ере- желердің толықтай сақталуына өз үлесін қосып ке­ле жа­тыр. Күләнда апай­ды біз де сөзге тарттық: Күланда МЫ­СА­Е­ВА, шаруашылық бөлім меңгерушісі:

 

- «Ба­ла­лар — біздің  болашағымыз.» Сон- дықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бо- йы­на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ата-ана­лар таңертең бізге ба­ла­ла­рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама­нат­тап бізге сеніп тап­сы­рып кет­кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол­май­ды. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар­ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.Мұнан соң «Ай­наз» жекеменшік ба­ла- бақшасындағы жағдаймен де таныстық. Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тап­сы­ра­тын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аян­бай тер төгіп келеді. Атал­мыш балабақша осы­дан бір жыл бұрын, қыркүйектің 22-сінде «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да «Өркен» шағын- ауда­ны, №21 үйдің жа­ны­нан ашылған еді. Одан бері де жылға жуық уақыт өтіпті. Білікті пе­да­гог, кәсіпкер Назгүл Шырақбаеваның ұйытқы бо­лу­ы­мен бұл балабақша бой көтер- ген бо­ла­тын. Балабақшаның ғимараты, материалдық-техникалық ба­за­сы барлық талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытта бұл жер­де 100-ден аса ба­ла тәрбиеленіп жа­тыр. Кіші жас пен бес жастағы ба­ла­лар алаңсыз ой­нап, тынығып, уақытын өткізеді. Со­ны­мен қатар, мек­те­пал­ды даярлық то­бын­да ба­ла­лар­ды оқытады. Ба­ла­лар тек тәрбиеленіп қана қоймай, ағылшын, орыс тілін үйреніп шығады. 25 қызметкердің бәрі мәдениетті, са­у­ат­ты. 11 пе­да­гог жоғары білімді. Және «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жас ма­ман­дар балабақшаға жұмысқа ор­на­ла­са­ды екен. «Ай­наз» балабақшасы жекеменшік балабақшалардың ара­сын­да үздік ата­нып жүр. Себебі, бұл балабақша мемлекеттік балабақшадан еш кемдігі жоқ. Ғимараты кең, өз ал­ды­на ой­ын алаңы салынған. Мұнда тәрбиеші апай­ла­ры бүлдіршіндерге үстел басындағы тамақтанудың ережелері мен тәр- тіптерін, тамақтанып болған соң ас­ты қалай қайыру керектігінің бәрін үйретеді. Сон- дай-ақ балдырғандардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында әр түрлі танымдық ой­ын­дар, му­зы­ка сабағы қосымша өткізіледі.Балабақша әдіскері Айгүл Есқалиева ны әңгімеге тарттық.

- Балабақша ұжымы барлық балабақ- ша­лар секілді ке­ле­шек ұрпақтың тәрбиелі бо­лып өсуіне қызмет ету­де. Ашылғанына бір жыл то­ла­ды. Аз уақыттың ішінде жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, бірнеше рет ашық сабақ өткіздік. Әрине, әлі де та­лай тәжірибе жи­нап, еңбектенеміз. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жат­та­тып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің са­на­сы­на сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға ты­ры­са­мыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пай­да­ла­нып әрі ба­ла­ны қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жас­тан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жас­тан асқасын досыңдай сыр­лас» — де­ген та­ма­ша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шы­нын­да да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп кел­ген алғашқы сәттен бас­та­луы ке­рек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ен­де­ше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу ке­рек. Әрине, баланың тәрбиесі от­ба­сы­нан бас­та­ла­ды. Де­ген­мен, тәрбие ретінде балабақшаның да ала­тын ор­ны ерек­ше. Қазақтың про­бле­ма­сы балабақшадан бас­та­ла­ды. Балабақшаның са­нын көбейту ке­рек. 2010 жы­лы «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да қаламызда бірнеше жекеменшік балабақша ашылған бо­ла­тын. Би­ыл да бірталай балабақша ашы­ла­тын шығар де­ген ой­да­мыз. Өйткені, мұнайлы өңірде ал­ты мыңнан аса ба­ла бақшаға ба­ру үшін ке­зек­те тұр. Мемлекеттік балабақшаға ба­рай­ын де­се, орын жоқ, кезекті ұзақ уақыт күтесің. Ал жекеменшік балабақшаға ба­рай­ын де­се, кез кел­ген ата-ананың ай­ы­на 20 мың теңгені төлеуге ша­ма­сы жетпейді. Қалалық перзентхананың санақ мәліметтеріне жүгінсек, ап­та сай­ын қаламызда 85-ке жуық әйел бо­са­на­ды. Сондықтан балабақшаны көбейту — уақыт күттірмейтін та­лап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Танымдық ойындар арқылы бала сөйлесу дағдысын қалыптастыру

Түзете-дамыта оқыту  сыныбында  ойын элементтері   арқылы   оқушылардың

танымдық  белсенділіктерін   арттыру     жолдары.

«Ойын баланың алдынан  өмір есігін ашып,

оның шығармашылық қабілетін  дамытады

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».                   

В.А. СухомлинскийБүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының  Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам  алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта білім беретін  мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың  елу пайызы  психикалық дамуы  тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.К.С. Лебединская, В.И. Лубовской , т.б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төменболады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi- сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы;қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы;өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

 Психикалық дамуы  тежелген балалардың тiл байлығы  әдеттегi балаларға қарағанда  20-30% төмен деңгейде.Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.

Түзете-дамыта оқыту  сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, , педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

Психикалық дамуы  тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық  түзете-дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың  жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Шаршап кетпеуін қадағалау.

Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;                                                                                               Ойын дағдыларын оқу әркетіне аудару.

Арнайы әдістемелермен оқытуды ұймдастыру.

Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы  тежелген балаларды оқыту-тәрбиелеу  үдерісіндегі      міндеттер:

1.     дамуы  тежелген балалардың білім, білік,  дағды қабылеттерін шешу және  дамыту жолдары:дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;

2.     Балалардың  ой-өрісін дамыту;

3.     Оқу қажеттілігін  қалыптастыру;

4.     Баланың  әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру;

 

5.     Баланы  жан-жақты бақылау;

6.     Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру

7.     Баланың  жалпы даму деңгейін көтеру  және дамыту;

8.Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы  тежелген балаларды оқыту -түзету  процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып,төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:      

-Жалпы білім беру  циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы  оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;

-                  Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың  алдын алу, яғни, ақыл-ой мен  тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;

-                  Қызықты және әсемделген дидактикалық  заттарды дайындау, көрнекіліктің  түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;

-                  Баланың білім алу іскерлігін  барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

-                  Дайындық (оқу бағдарламаның нақты  бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

-                  Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде  оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет.Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады  . Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге беймдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады. 

Қазіргі кездегі ТДО  сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу  үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі – ойын. Ойын – баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту  ойындарды жатқызуға болады.

Ойын терапиясы –күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі.     Ойын дегеніміз -  ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.

Педагогикалық мүмкіндіктеріне  сәйкес ойын түрлері:

1.Білім беретін ойындар

2.Тәрбиелейтін ойындар

3.Дамытатын ойындар

4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар

5.Диагностикалық ойындар

Баланы оқуға қызықтыру  және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен  байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.

 

 Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым -қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым- қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады.Сондықтан,баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

 Психологиялық ойындар:

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

Есте қалған қызықты  оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер»  ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »

Дамыту ойындары –баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс-әрекет.

. Дамыту ойындардың  маңыздылығы оқушылардың ынта- ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Танымдық ойындардың  да  түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық  жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б.   Танымдық ойындар жас  ерекшеліктеріне қарай күрделене  түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.

Саусақ ойыны -ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

  Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

 Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Ұлттық ойындар –  ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын  баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.

Дидактикалық  ойынның  негізгі мақсаты баланы қызықтыра  отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау,  ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойындар . 

Оқыту тәжірибесінде  дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан.Атап  айтқанда, түзете-дамыта оқыту  сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді   толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан,тап», «Кім шапшаң?»,  «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық».

Сюжеттік-рөлдік ойын -  бұл өмірлік жағдайлардың белгілі  бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Түзете-дамыта оқыту  сыныптарында  сергіту ойындарын  өткізудің маңызы зор. Олар -оқушылардың   шаршамауына,демалуына  әсер етеді.

Ойын-оқушылардың оқуға  деген ынтасын арттыратын құрал.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.

 Мұғалім оқушыларға  түзете оқу-тәрбие үрдісінде   түрлі ойындарды пайдаланып, олардың  танымдық белсенділігін арттыратындай  тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3Бала тілі әдіс тәсілдері

Дамыта оқыту мен  сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың  қабілеттерін дамыту

Категориясы: Бастауыш сынып

 

Дамыта оқыту мен  сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың  қабілеттерін дамыту

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын». Сондықтан  да, қазіргі кезде білім берудің  жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру жүйесіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.

Оқушыларды түгел  жетілдіруге бағытталған жұмыс  түрлерін қолдану. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «даму» зонасында өсуіне жағдай жасау.

Осы принципке сәйкес ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың  пікірі:

«Тумасында қанша  зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз  бала кемеліне жетпейді Кімде кім  өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші - мұғалім.»(М. Дулатов)

Қазіргі уақытта дамыта оқыту «принциптері» және сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына сай болып отыр

Баланың ақыл - ой қабілетін  тәрбиелеу - оқыту жұмысының басты  міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына  жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға  тиіс. Бұл үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл - ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «кімде - кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс».

П. П. Блонскийдің айтуынша, ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз  болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс - әрекеттік тәжірибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушыларының негізгі кәсібі - ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.

Оқытудың мәні баланың  жаңаны оқып, үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл - ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді болмақ.

Дамыта оқыту жоғарғы  деңгейдегі ақыл - ой әрекетін қажет  етеді. Шындығында, оқушы ақыл - ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара  сабақтастығы бар, бірін - бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.

Дамыта оқытуда баланың  ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі  білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетіне жататындар:

- оқу материалдарын  оқушыға дайын күйінде көрсету  емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;

- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді  әрекеттестік, этикалық, эстетикалық  қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;

- оқу барысында баланың  бойындағы дамытуды қалыптастыруды  дағдыға айналдыру;

- оқу мен тілдің  арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

- сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

- оқушының сезіміне  әсер етіп, логикалық ойын дамыту;

- жалпы оқушының жан  дүниесін дамыту.

Ал сыни ойлау не мағына береді? «Сыни ойлау», бұл - американдық алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді; «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.

Ол өзіне тән сабақ  құрылымы жасалған, әр кезеңге сай стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты тапсырмалар берілген. Бұл технологияны қолдану үшін мұғалімнің шеберлігі, әр стратегияны өз орнына ұтымды қолдана білу де аса қажетті.

Бастауыш сыныпта  оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын кеми беретіні бәрімізге белгілі. Психологиясы тек айтқанды « орындаушы» болуға үйренуге, өз бетімен ойлауға, өз деңгейінде білімді меңгеруге бағытталмаған, тасада қалатын оқушыда өзіне деген құштарлығы жойылады. Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне лайық сыни ойлау стратегиясы:

Бірлескен топтық жұмыстары, жұптасу, джигсо, топта талқылау, еркін жазу.

Бала дамуындағы оқыту  рөлін көрнекті психолог А. В. Выготский екі аймақ бойынша анықтап көрсеткен:

Б. Д. Жақын аймағы.

Д. Д. қол жеткен аймағы.

Сабақтың дамыта оқыту  мен сыни ойлауға негізделуі басты шарт болған жағдайда сабақтың жоспары мына үлгіде көрсетіледі.

Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет:

I Ұйымдастыру.

II Қызығушылықты ояту.

III Бағдар беру.

IV Үлгіні көрсету.

V Мәселе қою.

VI Ой бөлісу.

VII Пікірлер шкаласы.

VIII Бақылау, бағалау.

IX Соңғы нәтиже.

Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар:

Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу; табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;

өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау.

Осы технология бойынша  өткізілген сабақ жоспары:

А) Қызығушылығын ояту ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)

- Балалар Отан, тәуелсіздік  сөздерін естігенде ойымызға қандай не келеді?

Ә) Мағынаны тани білу.

Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «  Ол ақын болар ма еді?»

Мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру

Оқулықпен жұмыс

(оқып отырған кезде  қарындашпен түртіп отырады)

Білемін Білмеймін Зерттеймін

Б) Ой толғаныс

Тәуелсіздік -------------------------,

---------------------- көркейсін.

Бейбітшілік ------------------------,

-------------------- орнасын.

Қорытынды.

Қ. Рысқұлбеков жайлы  не білдіңдер?

Осы мәтіннің тақырыбы мазмұнына  сай деп ойлайсыңдар ма?

Тағы қалай айтуға болады?

 

Ия Жоқ

Неліктен? Неліктен?

Дәлелде? Дәлелде?

Сабақты бекіту: «Кубизм» әдісі бойынша

- Тәуелсіздігімізді  қашан алдық?

- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

- Желтоқсан құрбандарын  ата?

- Қайраттың әке - шешесінің  аты кім?

- Жасы нешеде? Қай облыста туған?

- Тірі болғанда кім болар еді?

Әдебиеттер:

Бастауыш мектеп журналы

Д. Клустер «Сын тұрғыдан ойлау дегеніміз не?»

Куртис С және т. б. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» методикалық құрал

 

 

2.1Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері

I. Кіріспе

XXI ғасырда көтеріліп  отырған «Өзін-өзі тану» рухани  адамгершілік білімінің түп-тамыры  тереңде жатыр. Ол халқымыздың  ұлттық құндылықтарынан, рухани  мұраларынан, ділінен, тағылымдық  ой - толғауларынан бастау алады.  «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін  түсінген адам, өзін-өзі қадағалап,  сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден  өз орнын, өз бақытын табуға  ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның  шындықты өзінше түсіну жағынан  қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы  бірегейлікке сәйкес келетін  өзінің жеке құндылықтар жүйесін  жалпы адамзаттық құндылықтар  жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.

Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны