Ирина Эланс
Балалар психологиясының даму тарихы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
С.Байшев атындағы Ақтөбе университеті
МӘНЖАЗБА
Балалар психологиясының даму тарихы
Орындаған: Құлмағанбет Н.Қ
Тексерген: Изтлеуова С.Ш
Ақтөбе, 2015
Жоспар
- Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.
- Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.
- Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу.
- Жас дамуы мен ерекшеліктері.
Кіріспе
Балалар психологиясы - балалық шақтағы балалардың психикалық өмірінің ерекшеліктері мен психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Балалар психологиясы балдырғанды зерттейді. Алайда баланы зерттейтін басқа ғылымдарда бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан зерттейді.
Балалар психологиясы
балдырғанның басқа адамдармен
қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін,
жаңалық ашатын, өнер туындыларынан
ләззат ала білетін ересек
адамға қалай айналатынына көңіл
бөледі.
Баланың дамуы
үлкендерді үнемі таңдандырады
әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін
кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне
ұқсамайды. Ілкіде басын жерден
шаққа көтеретін ол, екі айдан
кейін отырып, шымылдырықтармен
ойнайды, ал тағы да бірнеше
айдап оның тәй-тәй басып, алғашқы
қадамдарын жасайды. Бұл қадам
әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен,
ең маңыздысы оның басталуында.
Енді оның алдынан жаңа кең
байтақ дүние – бұрын ол
ағаш бесіктің тал қоршауының
ішінде отырған кезде ойына
кіріп те шықпаған жаңа дүние
есігін ашты. Міне, ол түрліше
дыбыстар да шығарады. Енді бір-екі
айдан соң бөбекке ғана тән
былдырды еститін боламыз. Тағы
да бір сыпыра күндерден кейін
ата-анасының ет-бауырын елжіретіп
«ма-ма-ма», «ба-ба-ба» дегенді айтады.
Содан соң сәби «мама» деп
те, «папа» деп те, «бер» деп
тре, «ал» деп те бастайды. Әлі
де сөз қоры аз болғанымен,
бұл жердегі ең бастысы оның
сөйлеуді бастағаны, оның адамзат
тілінің бай қазынасына жол
ашқаны.
Бұл өзгерістердің
бәрі кездейсоқ емес, өзінің себептері
бар заңды сипаттағы нәрсе. Даму
заңдылықтарын анықтау, оған әсер
ететін себептерді іздестіру
– балалар психологиясының маңызды
міндеті.
Балалар психологиясы
тек балдырғанның психикалық
дамуын, психикалық дамудың әрбір
сатысын сипаттайтын негізгі
компоненттерді зерттейді. Бойының
өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының
өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы
мен жұмысының жетілуін, ішкі
секреция бездерінің жұмыс атқару
өзгерістерін – дамудың осы
жақтарының бәрін жас ерекшелігі
анатомиясы мен физиологиясы
зерттейді.
Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ.
Жас баланың мінез-құлқы
қысқа мерзімді итермелеуші тілектерден
түрткі алып, кездейсоқ жағдайларға
тәуелді болады. Міне, ол анадай
жерде тұрған фарфор ыдысқа
ынтыға ұмтылды, алайда үлкендер,
ыдысты сындырып алар деген
қауіппен көрінбейтін басқа жерге
қойса болды, балдырған бұрынғы
ойын ұмытып, әткеншекке тербелу
немесе қолына түскен ойыншықты
соққылап ойнаумен айналысып
кетеді. Бұл жерде біз баланың
жеке басы туралы жақсы не
жаман деген пікір айта алмаймыз.
Ал, мектеп жасына дейінгі бала
болса, әңгіме басқа. Оның қылықтары
жекелеген тілектен, талап-ниеттен
емес, белгілі мотивтер жүйесімен
белгіленеді. Бес жасар бала текшелермен
ойнап отыр делік, оны бірдей
уақытта құрбылары көшеге шығуға
шақырады, ал әжесі оның әлдебір
шаруаға көмектесіп жіберуін
сұрайды. Әрине, оның көшеге шыққысы
келіп-ақ тұр, бірақ алдымен текшелерді
жинап, жәшігіне салады, содан соң тездетіп
әжесінің өтінішін орындайды да көшеде
күтіп тұрған балаларға барып қосылады.
Бұлай болмауы да мүмкін: балалар түрлі
тәрбие алады ғой. Алайда ең маңызды мәселе
өзінің бір талабын екіншісіне жеңгізіп
баланың саналы түрде іс-әрекет жасауға қабілетті болуы.
Келтірілген мысалдар бала психологиясы
пәнінің мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Балдырған психикасының дамуын зерттеген кезде бала психологиясы кейбір басқа да ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады және өз кезегінде, олар үшін маңызды мәні бар материал беріп тұрады.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің; оның іс-әрекеті, психикалық процестері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады. Балалар психологиясы жалпы психологияның дербес саласы бола отырып, сонымен бірге, жалпы психологиялық заңдылықтарды айқындауға мүмкіндік беретін психиканы зерттеудің ерекше әдісі – генетикалық әдісі болып табылады.
Балалар психологиясы
жас ерекшелігі анатомиясы мен
физиологиясының жетістіктерін, әсіресе
баланың нерв жүйесі мен жоғары
нерв қызметінің дамуы туралы
мәліметтерді үнемі пайдаланып
отырады. Нерв жүйесінің дұрыс
жетіліп жұмыс істеуі – психикалық
дамудың маңызды шарты.
Бала психологиясы
саласындағы білім педагогиканы ң
ғылыми негіздерінің құрамына кіреді.
«Егер педагогика
адамды барлық қарым – қатынаста тәрбиелегісі
келсе, - деп жазды К.Д.Ушинский. – ол ең алдымен оны
да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Психологияны оқып
үйрену тәрбиешінің өзін де
баланы түсініп қана қоймай
оны қолдап, оның бүкіл жақсы
қасиеттерін дамытуға әзір неғұрлым
сезімтал бақылаушыға айналдырады.
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.
Бала психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
- биогенетикалық
- социогенетикалық
Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына
дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін
егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак
Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше
мән беріп, оның дүниені танып білу негізі
табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі
баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал
тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында
әрі қарай ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы
үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына
үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды.
Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе
анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда
табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа
ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді
талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың
бас кезінде шетел психологтары
В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер,
т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы
туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі
бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан
кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық
материализм негізінде де бала психикасының
дамуы туралы Ресейде эксперименталдық
балалар психологиясы ерекше қарқынмен
жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский,
А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев,
Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері
соның дәлелі.
Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді.
Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский«Адам тәрбиенің тиегі» – деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К.Д.Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.
К.Д.Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар:С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті.
Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.
Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмысжасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді
2.Балалар психологиясының
басқа ғылым салаларымен байланысы.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Балалар психологиясы тек балдырғандардың
психикалық дамуын, психологиялық дамудың
әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді
зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін,
салмағының артуын, дене пропорциясының
өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы
мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің
қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық
негізіне сүйене отырып зерттейді.
3. Психологиялық
жас кезеңдерге бөлу
Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.
Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.
1. Мектеп жасына дейінгі кезең:
- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;
- сәбилік кезең;
- мектеп жасына дейінгі кезең.
2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.
3. Жеткіншектік кезең.
4. Жасөспірімдік кезең.
5. Ересектік кезең.
6. Қарттық кезең.
Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.
4. Жас дамуы мен ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы ірқалыпты болмайды.
Баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.
Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезең деп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып,
денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі
кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің
түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік
ойын түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
Адамның дүниеге келгеннен,дүниеден
кеткенге дейінгі кезеңін онтогенез дейміз. Фелогенез –
тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі
кезеңі.
Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас көрсеткіші тұрақты болмайды.
Белгілі бір жас кезеңдеріне
сәйкес баланың сөйлеуі мен қабылдауының
даму үдерісін психолог В.Штерн, ойлаудың
дамуын Ж.Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу
кезеңін П.Я.Гальперин анықтады. Осы кезеңдердің
бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің
негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің
бар екенін анықтады.
Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек. Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.
Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала 5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.
Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып есептеледі.
Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың даму өзгешелігін анықтайды.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014
4. Психология детей младшего
школьного возраста: учебник и
практикум для бакалавров / [Айгумова
З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и
др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

- Балалар тағамы
- Балалар тағамындағы ақуыз компонентінің маңызы
- Балалар тамақтануы
- Балалар ұжымы
- Баламалы энергетика
- Баламалы энергетика – сарқылмас қуат көзі
- Баламалы энергетика – сарқылмас қуат көзі
- Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
- Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру
- Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар
- Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
- Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
- Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері
- Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны