Банктің Өтімділік тәуекелін басқару

 
 
 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы:

  • Өтімділік  тәуекелін  басқарудың саясатына
  • Өтімділіктің ішкі және сыртқы түрлері

      
 
 
 
 
 

    Орындаған: Бейсенова Н.А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Алматы 2011ж.

    Өтімділік тәуекелін басқару 

    Банктер  басқа  да   коммерциялық   ұйымдар  сияқты   белгілі  бір   мақсатқа  сүйенеді – пайданы  барынша  көбейту.   Бірақ  бұл  мақсатқа  жету  барысында  банк  мынандай  заңдылыққа  қарама –  қайшы  келеді, « Пайда  жоғарланған   сайын,  тәуекелділік  те  жоғарылайды  ».  Ал  банк  жүйесінде   жүретін  операциялардың  соңғы  нәтижесін,  ол   дегеніміз  пайданы  максималандыра  білу,  осы  тәуекелділіктердің  басқарып  білумен  тура  байланысты.   Міне,  осы  мәселенің  барлығы   бірінші  бөлімде  қарастырылған.

    Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықгық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

    Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларыньң өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты.Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуелділікпен жүргізіледі.

    Тәуекел — бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

    Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты кажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Соңдықтан, біріншіден, кез келген өңдіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады жөне бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

    Банк  операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезендегі Казақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:

    1. көптеген үйымдардың өндірістік  құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономиканьң дағдарысты жағдайы;

    2.  Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

    3.  кейбір негізгі заң актілерінің  жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;

    4.  инфляция.

    Бұл жағдайлар туындайтын банк теуекелдері  мен оларды зерттеу үдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.

    Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушьлықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң жөне теріс болуы мүмкін.

    Тәуекел — бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

    Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

    Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

    Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.

    Теорияға  сәйкес, тәуекелге  мыналар тән болып  саналады:

    • белгісіздік;

    • баламалықды тандаудың қажеттілігі;

    • баламалықты жүзеге асырудың ықгималдылығын бағалау

    мүмкіндігі.

    Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел  ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.

    Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік  сияқты белгілермен сипатталады.

    Карамақайшылық  мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.

    Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын тандауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

    Белгісіздік — бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

    Тәуекелдің  — субъективті және объективті екі  тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы  немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен  болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын тандауына  негізделетін тұжырымда болып саналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Өтімділікті жоғалту тәуекелі – банктің міндеттемелерін мүмкін орындамауына не уақытылы орындамауына байланысты тәуекел.

       Банктегі өтімділік тәуекелін тиімді басқару мақсатындағы басқарудың ағымдық және жедел деген екі бағыты бар.

      Банктің ағымдық өтімділігін басқару кезінде орналастырылған және тартылған ақша, сыйақы алуға (төлеуге) байланысты табыс пен шығыс мерзімдері салыстырылады және Банк пен уәкілетті орган нормативтерін орындау мақсатында ақша қаражатының резерві жүзеге асырылады.     

     Ағымдық өтімділікке қазынашылық бөлімшесі жауапты.

Банктің жедел өтімділігін басқару кезінде:

  • Gap-өтімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өтімділік позициясына ықпалын сараптау;
  • ақша ағындары мен қайтымдарына болжам жасау;
  • Банк өтімділігі тәуекелінің шығындарын бағалау;
  • өтімділік шектерін белгілеу;
  • қиын жағдайлардағы әрекет жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады.

    Банктің жедел өтімділігіне тәуекел-менеджмент бөлімшесі жауапты.

Банктің өтімділігін жүйелік басқаруға  Банктің ішкі нормативтік құжаттарына  сай Активтер мен пассивтерді  басқару комитеті жауапты.

       Активтер мен пассивтерді басқарудың ең маңызды бағыттарының біріне қаржы нарығында экстремалды жағдайлар орын алуына байланысты өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау жатады.

      Өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау үшін жиі стресс-тестілеу жұмыстарын өткізген дұрыс. Стресс-тестілеудің мақсаты бұл банктің қалыпты іскерлік белсенділік уақытында немесе жалпы дағдарыс жағдайында өтімділік тәуекелінің факторларына деген банк балансының сезімталдығын анықтау.

   Банктің өтімділігін басқару өтімділік  келесідей қызмет атқарады:

  • Несиеге деген сұранысты қанағаттандыруы;
  • Банкаралық несиелер;
  • Бағалы қағаздарды өтеу;
  • Сыйақы төлеу;
  • Банкаралық нарықтан ақшалар тарту;
  • Депозиттік емес банктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;
  • Банктің активтерін сату;
  • Өзге дебиторлық қарыздардың өтелуі.

   Өтімді  қаражаттардың негізгі пайдалану  бағыттары:

  • Банктерге және өзге қаржы ұйымдарына несиелер беру;
  • Клиенттерге несиелер беру;
  • Бағалы қағаздарды сатып алу;
  • Өзге активтерді сатып алу.

    Банктің төлемдік міндеттемелерінің негізгі  бағыттары:

  • Заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері;
  • Банкаралық несиелер;
  • Есептелген сыйақылар;
  • Есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;
  • Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де төлемдер;
  • Кредиторлық қарыздар.

   Өтімді  қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер  арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұсынымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттардың жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті  көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық  өтімділігінің ұсынымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау  және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.

   Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді  ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды: ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма қол ақшаларға айналдыру және резерв құру;

  • Сыртқы көздер. Өтімді активтерді сатып алу. Статикалық аспект белгілі бір күнге банк өтімділігін сипаттайды және ол берілген нақты уақыт мерзімінде талап еткенге дейінгі міндеттемелерді өтеу үшін өтімділігі жоғары қаражаттар көлемінің жеткіліктілігімен байланысты. Бұл аспектіде банк өтімділігі оның қолма қол және қолма қолсыз ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшері бола отырып, берілген нақты уақыт мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі.

        Динамикалық аспект күрделірек, ол банктің болашақтағы өтімділігін сақтау қабілетін қарастырады. Ол арқылы банк өз міндеттемелерін уақытында және болашақта да өтеу қабілетін сақтайды.

       Тұрақты табыстар бұл банктің  өмір сүру қабілеттігінің кепілі  болып табылады. Сенімді табыстар  банкке өз қызметін жалғастыруға  мүмкіндік береді. Банк жүйесіне  қоғамның сенім білдіруінің негізгі  талаптарының бірі мынада: салымшылар  өз ақша қаражаттарын қалаған  және кез келген уақытта қайтарып  ала алатындығына және де осы  банкке өз ақша қаражаттарын  сала отырып ешқандай тәуекелге  ұшырамайтындығына сенімді болу  қажет. Сол себептен, салымшылар  қадағалау органдары,банк басқарушылары  мен клиенттері сияқты банк  активтерінің өтімділігіне қызығушылық  тудырады.

Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін  басқару бірқатар  әдістер арқылы жүзеге асырылады.

        Дағдарыс жағдайында депозиттерді  мерзімінен бұрын алу қауіпі  пайда болатындықтан, бұл жағдайда  барлық депозиттер талап еткенге  дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді  өтеуге дайын болуы және ол  үшін бұл көлемге жеткілікті  өтімділігі жоғары қаражаттардың  болуы қажет. Ең бастысы ортақ  қор құру қажет. Бұл қордан  қаражаттар мынадай бағыттарда  үлестіреді: ең алдымен алғашқы резервтер, кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құрылады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.

   Ұзақ  мерзімді болашақта бірегей резервтік  қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама  кемшіліктері бар.

  • банктің қаржылық тұрақтылығына ұзақ мерзімді перспективалада жағымсыз әсер ететін табыстылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды максиммизациялауға бағыт жасайды;
  • әртүрлі депозиттердің түрлерінің мерзімділігі ескерілмейді;
  • талап еткенге дейінгі депозиттер есеп айырысу үшін арналған, ал жинақ және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;
  • бұл әдіс берілген қарыздардың қоржының өтімділігін есепке алмайды.
 

   Бірегей резервтік қор әдісінің көмегімен  өтімділікті басқару тәжірибесін талдау нәтижесінде келешек табыс теориясы жасалып шығарылады. Комерциялық банк басқарушысы қаражаттардың орналасуына жауап береді. Қарастырылып жатқан әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Ортақ қаражат қоры үлгісінде нақты активті операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттардың, егер оларды орналастыру банктің алдына қойған мақсаттарында жетуге жағдай жасайтын болса, онда олардың қандай көздерден келіп түскені маңызды емес. Бұл әдіс банк басқармасынан өтімділік және табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді. Сондықтан да қаражаттар осы қағидаттарға толық сәйкес келетін активтік операциялардың түрлеріне орналастырады. Құжаттарды орналастыру белгіленген бір артықшылқтарға сәйкес жүзеге асырады. Олардың белгіленуі бұл оперативті  бөлім басқармасына өтімділік және табыстылық сәйкестілік мәселесін шешуге көмек береді. Осы артықшылықтар банк қаражаттарында бар. Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі бірінші немесе екінші ретті резервтерге орналастыруды қажет етеді, табыс әкелетін ссуда немесе бағалы қағаздар үшін қолданалуы қажет екендігін анықтайды. Жер телімшілерін, ғимараттарға және де басқа да жылжымайтын мүліктерге қаражаттарды бірінші резервтер түрінде бөлінетін олардың үлесін анықтау болып табылады. Активтердің бұл санаты функционалдық сипаттамаға ие және де ол комерциялық банктердің баланстық есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оларға көптеген мән береді және де бірінші ретті резервтерге алынатын салымдар мен несиеге деген сұраныстарды қанағаттандыруға төлемдер үшін қолданылатын активтерді қосады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі болып табылады.

   Қаражаттарды  орналастыру кезінде екінші бір  мәселе бұл белгілі бір табыс  әкелетін кассалық емес өтімді активтерді жасау болып табылады.

   Екінші  ретті резервтердің негізгі қолданымы  бұл бірінші ретті резервтерді  толықтыру көзінің болуында. Соңғысы  сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретте резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссуалық шоттағы қаражаттар жатады.

   Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы  несие  қоржынын құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтердің мөлшерлерін  анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс  әкелетін банк қызметтерінің маңызды  түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша  табыстар банк табысының ең ірі қатысушысы болып табылады. Займдық операциялар  банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады.

   Ең  соңында құжаттарды алмастыру кезінде  бағалы қағаздар қоржынының құрамы анықталады.

   Активтерді  басқару бойынша қаражаттардың  ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды  белгілейді. Бұл әдісте активтердің  санаттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ  және де бұл әдіс өтімділік-табыстылық дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуицисына тәуелді болып  келеді.

   Банк  қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі - бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады. Сондықтан әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. Мысалы, талап ететін салымдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т.с.с.

   Коверсиондық әдісі - тәжірибеде қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі деп атауға болады. Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын табыстылық өтімділік анықталады. Талап ететін салымдар өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондақытан талап ететін салымдардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастыруға тиіс. Ал, талап ететін салымдарының қалған бөлігі қосымша резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. Мерзімді салымдардың басым бөлігін қосымша резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

   Жинақ салымдарының басым бөлігін алғашқы  және қосымша резервтерге, қалған бөлігін  сондай ақ несиелерге орналастыру қажет. Өзге қарыздарға бұл жерде банктердің Орталық банктен және өзге банктер  мен қор нарығынан тартқан  қаражаттары жатады. Оларды қосымша  резервтерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған дұрыс.

   Қорды басқарудың теңгерімділік әдісінің қаражаттардың ортақ қоры әдісінің артықшылығы есептеудің арқасында  жоғарғы өтімді активтерінің үлесін дәлірек анықтауға және олардың  азаюы есебіен қосымша ресурстарды  жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік  береді.

   Бұл әдістің басты айырмашылығы банк табыстылығына жету болып табылады. Активті және пассивті операциялар  арасындағы теңгерімділікті ұстау  теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді  деген көзқарас бар. Бірақ тәжірибе жүзінде оған олардың серпініін  болжау қиын болып табылатын факторлар  үлкен әсер етеді. Мысалы, клиенттерге  несиелерді өз уақытында қайтару  бенктің қаражаттарына қайтару  мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар тәуекелдерге байланысты. Соңғы он жылда өтімділікті басқаруда  тәжірибе жүзінде барлық теориялар  қолданылады деп айтуға болады.

   Экономикалық  тұрақтану, нарықтық қатынастардың  тереңдеуі, несиелік операциялардың дамуы  және қаржы құралдарының кең көлемінің  пайда болуы жағдайында қаражаттарды сенімді және табысты орналастырудың мүмкіндіктері пайда болады. Сөйтіп көптеген шетелдік банктер, күтілген табыс  теорияларын, сонымен қатар банк қаражаттарының аталған әдісін қолданады.

   Экономикалық  айналымның кезеңдеріне байланыссыз  өтімді қаражаттарға деген сұраныс  пен ұсыныс сәйкес келмейді, яғни соның  нәтижесінде банктерде өтімді қаражаттардың  артықшылығы немесе тапшылығы байқалады. Өтімшілікті артықшылығы немесе тапшылығы тұсында уақытылы артық  қаражаттарды орналастырмаса не кем  қаражаттарды тартпаса банктің жоғалтып тұрақсыздыққа ұшырауына жол  береді. Сыртқы көздерден қаражаттар тартудың өзіндік шектеулер болуы  мүмкін, атап айтсақ, банктің несиелік қабілеттігі, рейтингі, беделі, қаражаттарға деген қажеттілік көлемі, пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі, және т.б. Ал қаражаттарды орналастыруда да өтімділік  пен табыстылық дилеммасы орын алады. Сөйтіп банктер өтімділікті қолдау мақсатында қаражаттарының бір бөлігін  өтімді активтерге орналастырса, екінші бөлігін пайда табу мақсатында табысты  активтерге орналастыруға тырысады. Бұл жерде табысты активтерді қайтарудың тәуекелмен байланыстығын  ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық  өнімді активтерді ұстау өз кезегінде  банктің табыстылығын азайтып, банктің  құнына теріс әсер етеді. Бұл жерде  банк балансына талдау жасау үрдісінде  банк өтімділігі мен банктің капиталы өзара тығыз байланыстығын ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық өнімді активтерді ұстау өз кезегінде банктің  табыстылығын азайтып, банктің құнына теріс әсер етеді. Бұл жерде банк балансына талдау жасау үрдісінде  банк өтімділігі мен банктің капиталы өзара тығыз байланысты болатындығын байқау қиын емес. Баланста немесе пайда  мен зиян есебінде көрсетілген зиян, бұл банк активтері бойынша төлемеу  тәуекелінің, пайыздық не нрарықтық  тәуекелдердің салдарын көрсетеді. Банктің өтімділігін тек қана тартылған қаражаттар есебінен қолдау теріс салдарларға әкеліп соғуы  мүмкін. Біздің ойымызша, тек активтер немесе пассивтер есебінен өтімділікті  қолдап отыру, банктің алдына қойған мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік  бермейді. Сондықтан да активтер мен  пассивтерді теңгерімді басқару  негізінде өтімділікті басқарудың біршама тиімді әдістерінің бірі саналады. Мұндай әдіспен басқаруды  ұйымдастыру қаражатты тартып және оны орналастыруға құзіретті банктің барлық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, ақша қаражаттарының ағымдары туралы ақпараттар негізінде өтімділікті болжау. Өтімді қаражаттар басқарудың басымдылықтарын анықтауға, табыстылық пен өтімділік тұрғысынан банктердің активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша сәйкестігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

   Баланстын өтімділігін талдауда барлық активтері  екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақсыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді “Gap” анықтауға болады. Бұл әдістің мәні, яғни банк балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындағы алшақтықты айқындау болып табылады.

   Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі  күні өтімділікті басқару жоғарыда айтылған бастапқы екі әдістің көмегімен  іске асырылуда:

    • Жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдылықтармен қолданылуда;
    • Конверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген жағдайларда ғана қолдануда.

   Жиынтық қор әдісі - банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банк балансын өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады.

   Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің  өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің  қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары  жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел  валюталары да жатуы мүмкін: Банктің  күнделікті операциясына қажетті ақшалай  резервінің болуы қажет.

   Kонверсиялау әдіс - банктің қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден банктер қаражаттарды қалыптастыру көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет. Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.

   Отандық банктерде банк өтімділігін банктегі талдаушылық қызметі тікелей жауапты, олар өз кезегінде банктің қаражаттарды тарту және орналастыруына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бақылай отырып, олардың қызметін үйлестіреді. Демек, талдаушылық қызмет қана банктің ағымдығы өтімділік жағдайын және пруденциялық нормативтердің сақталуына бақылауға қажетті барлық ақпараттарды ала алады.

   Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті  ақпараттарды ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады. Сыртқы көздерден  ақпарат алу, негізінен банктің бәсекелестері мен клиенттер нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақтауды білдіреді. Ішкі көздер жүйесі банктің қызметіне байланысты жағдайлар туралы мәліметтерді қамтиды, және ол кез келген уақытта банктің ағымдық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдағы өтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.

   Банктің өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділікке және резервтерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

   Банк  өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдіеріне  байланысты тартылған қаражаттар мен  активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. Өтімділікті бақылау  шегінде мұндай салыстырулар банктің  ағымдағы өтімділік ұстанымын анықтау  жолымен жасалады.

   Банктің талдаушылық бөліміне өтімділікті  басқару барысында келесі қызметтер мен міндеттер жүктеледі:

    • Өтімділік жағдайына күнделікті мониторинг жасау және Қазынашылық бөліміне жедел ақпарат беру;
    • Өтімділік коэфициенттерінің орындалуына мониторинг жасау;
    • Банктің өтімділігін терең талдауға арналған коэфициенттер жүйесін есебінің жетілдірілген әдістерін жасау;
    • Өтімділіктің нашарлауын куәландыратын нақты немесе әуелетті теріс үрдістерді айқындау;
    • Теріс үрдіс туғызатын факторларды талдау;
    • Өтімділікті басқару стратегиясын анықтауға арналған ұсыныстарды жасау;
    • Мөлшері мен мерзімдері бойынша теңгерімді активтер мен міндеттемелердің оңтайлы құрылымын анықтау;
    • Валюталық тәуекелді және пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісінен туындайтын тәуекелді талдау және бағалау.
    • Банктің ағмдағы өтімділігін басқаруға байланысты Қазынашылықтын қызметтері мыналар:
    • белгі болған және болжанған талаптарды есепке ала отырып, күн сайынғы міндеттемелерді өтеуге қажетті қолма қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету;
Банктің Өтімділік тәуекелін басқару