Банктік карточкалар. 2
Мазмұны:
Кіріспе
І. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы
ІІ. Банктік карточкалармен есеп айырысу
2.1 банктік карточкалар бойынша операциялар
2.2 есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана
жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша
беру төлемдері мен сауда
Банктерге карточкалардың
беретін артықшылықтарының бірі
– олардың банктен алыс қашықтықта
тұратын клиенттерде
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
- халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
- алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
- магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
І. БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРҒА ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пластикалық карточка –бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:
- Халықаралық;
- Жергілікті;
- Дебеттік;
- Кредиттік;
- Корпоративтік;
- Жекешелік;
- Құрама;
болып бөлінеді.
Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:
- VISA;
- Master Card/Europay;
- American Express;
Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді.
1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.
Visa Electron – ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма – қол ақша алуыңызға, тауарарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электродық құрылғылар: банкоматтар және POS - терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі.
Visa Classic – Қазақстанда және шет елдегі ең танымал төлем карточкасы. Қызмет көрсетудің ең пайдалы тарифтері, сондай – ақ әлемнің кез келген елінде нақты қолданылу ыңғайлылығы оны шет елге шығатындар үшін маңызды нәрсе етеді. Ол бойынша Visa логотипі бар жерлердің бәрінде қызмет көрсетіледі. Visa Classic көмегімен сіздің:
Сауда және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге;
-Банкоматтарда және қолма – қол ақша беретін пункттерде ақшаны қолма – қол алуға;
-Қонақ үйлерде нөмірді күні бұрын алып қоюға, автокөлікті жалға алуға, авиакомпаниялар мен агенттіктерде билеттерге тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз бар;
Visa Business – корпоративтік карточка болып табылады және кәсіпорындардың қызметкерлеріне компанияның балансына жататын іссапарлық, өкілдік және өзге де шығыстарды ақша аудару арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Карточка жоғалатын жағдайда сізге бар болғаны карточканы шұғыл түрде ауыстыру немесе қолма – қол ақшаны беруді ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Қызметкерлердің қаражатты жұмсауын талдауға;
Іссапарлық және өкілдік шығыстарды жоспарлауға;
Іссапарлық шығыстарға қаражатты ақша аудару тәсілімен беруге мүмкіндігі бар;
Visa Gold анағұрлым мәртебелі карточка қолайлылық пен сервистің жоғары деңгейін бағалайтындарға арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі. Карточка ұстаушыларының көрсететін қызметтерінің міндетті түрлерінің қатарына карточка жоғалатын жағдайда шұғыл қызмет ету, жоғалғанның орнына уақытша карточканы тегін алу мүмкіндігі және т.б. кіреді. Visa Gold карточкасының иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін атап көрсетеді және анағұрлым қаржылық мол мүмкіндіктерді береді.
Tsesna Local - ең тиімді белгіленген баға бойынша арзан төлем карточкасы болып саналады. Кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерге төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Виртуалдық карточка - Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақ үйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды.
Diners Club карточкалар - бұл клиенттерге айрықша «клуб» қызметтерінің пакетін ұсынатын ең көне төлем жүйесі, ол өзіне алуан сақтандыру түрлерін, тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсыну, әлемнің ірі әуежайларындағы VIP-залдарға кіру, іскерлік сапарлары мен кездесулер және басқаларды ұйымдастыру бағдарламаларын кіргізеді.
American Express карточкалар - карталар бойынша жұмсау лимиті түбегейлі анықталмаған. Бұл - сіз несиеге сатып аласыз да, келесі айда сізге төлейтін шотыңыз келеді деген сөз. Карточка ашу үшін сақтандыру депозитін ашу қажет, алайда карточка бойынша рұқсат етілген жұмсау лимиті депозит мөлшерінен едәуір асып түседі.
Жалақы карточкалары – бұл тек қолма-қол ақша алудың ыңғайлы құралы ғана емес, сізге өз ақшаңызды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржылық құрал, әрі қазіргі банктік қызметтерге кілт болып саналады.
Корпоративтік карточкалар – қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Visa Electron Instant Card - Казкоммерцбанк жаңа қызметті - Visa Electron Instant Card әмбебап төлем карточкасын ұсынады, мұны кез келген адам банкке тікелей хабарласып, қажетті құжаттарын ресімдегеннен кейін ала алады. Visa Electron Instant Card – Казкоммерцбанктің төлем карточкалары бойынша ұсынылатын барлық банктік қызметтерге толық мәнді қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық атаулы емес төлем карточкасы, әрі сонымен бірге біраз артықшылығы бар – мезетте алу. Бұл төлем карточкасының және оны рәсімдеу шапшаңдығы мен ыңғайлылығының үйлесуінде.
GoCard - Қазкоммерцбанктің «GoCard» бонустық карточкасы – бұл сіздің ақшаңыздың жұмыс істеуінің айрықша және ерекше тиімді түрі, ол тауарлар мен қызметтерді сатып алып қана қоймай, мұнымен бонустар табуға да мүмкіндік береді. Қазкоммерцбанк кредиттік карточка бойынша қызмет көрсету жүйесінде нағыз төңкеріс жасады, енді сіз неғұрлым көп жұмсасаңыз, соғұрлым көп ақша аласыз. GoCardпен сауда жасау – бұл толық ләззаттану және абсолютті тиімділік болып табылады, себебі сіз:
- Несие қаражаты есебінен тауарлар мен қызметтер аласыз;
- Казкоммерцбанк серіктестерінің торабынан мезетте бонус табасыз;
- Одан кейінгі саудаларда тапқан бонустарыңызды тауарлар мен қызметтер төлемі ретінде жұмсайсыз;
- Бонустарды ірірек зат алуға жинаңыз;
- Өз бюджетіңізді үнемдеңіз.
GoCard қалай жұмыс істейді? - GoCard төлемге GoCard логотипі бар барлық сауда және сервис кәсіпорындарында қабылданады және дәл сол кәсіпорындарда сіз бонустар табасыз және жұмсайсыз. Сіз осы карточкамен Master Card халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын төлемге қабылдайтын басқа сауда нүктелерінде де есеп айырыса аласыз.
Сіз GoCard иесі боласыз да, банктің серіктестік торабына кіретін 1, 2, 3 кәсіпорында сауда жасайсыз. Сауда сізге ұсынылған несие шегіндегі арнайы бонустық бағдарлама бойынша аяқталады. 1, 2, 3 кәсіпорын GoCardты төлемге қабылдайды да, сіздің шотыңызға бонустар – жасалған сауда сомасынан автоматты түрде белгілі бір пайыздар есептейді. Есептелген бонустар сіздің бонустық шотыңызда көрініс табады (карт-шотта).
Altyn жергілікті дебет карточкасы - банк шығарған алғашқы жергілікті карточка. Шетелге саяхатқа шығуды жоспарламайтын жалпы көпшілікке арналған. Altyn карточкасы бойынша тек Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетіледі.
АҚ «Цеснабанк» еңбекақы үшін жергілікті төлем карточкаларын ұсынады. Жергілікті төлем карточкалары ҚР – ның территориясында электронды түрде, яғни банкоматтарда және POS – терминалдарда қолма – қол ақшаны алуға мүмкіндік береді.
1.2ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотына тәулік бойы кіре алады;
Кез келген мемлекетте қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі;
Халықаралық карточкалар әлемнің әр елінде 30 миллионнан астам сауда орындарында, 820000 банкоматтарда және 410000 банк бөлімшелерінде қабылданады;
Сауда және сервис кәсіпорындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі;
Әуе көлік билетіне тапсырыс беру, қонақ үйіндегі нөмірлерді брондау және автокөліктерді жалға алу мүмкіндігі;
Қолма-қол ақшаларға қарағанда, төлем карточка, клиенттің қалтасында көп орын алмайды;
Төлем карточка банкомат арқылы ұялы байланыс операторының қызметін қолма-қолсыз төлем және коммуналдық қызмет жасауға рұқсат береді;
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотынан бірнеше минут аралығында банкомат арқылы жақындары мен туыстарының карточкалық шотына ақша аудару мүмкіндігі;
Корпоративтік төлем карточкалары
Корпоративті төлем карточкасы келесі жағдайда қолайлы болып табылады:
Іс сапар және басқа да шығындарды төлейді;
Кедендік төлемдер жүзеге асырылады;
Компанияның ағымдық шаруашылық төлемдерді жүзеге асырады;
Авиа және темір жол билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді;
Қолма – қол ақша алуға қолайлы;
Сіздің компанияңыздың басқа да төлемдерін жүзеге асырады;
Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы:
1.Уақытты үнемдеу:
Іс сапарды хаттаумен байланысты құжат айналымын айтарлықтай азайтады;
POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин);
2. Бақылау:
Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі;
Ай сайын карточкалық шот бойынша көшірмелер алу;
Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі;
Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі;
3. Ыңғайлылық:
Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік карточкаларды қолдана алады;
Компанияның ағымдық төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі;
Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді;
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары:
Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз;
Жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр;
Қазіргі заман легіндегі төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді;
Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз;
Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ;
Visa төлем карточкаларының пайдасына бірнеше салмақ дәлелдер:
Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін
Visa International ғаламдық төем жүйесінің
микропроцессорлық
Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады;
Visa карточкаларын әр әлемнің түрлі елдеріндегі 820000 банкомет пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды;
Қажеттілікке қарай ақшалай
қаражатты қарызға алу
Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді;
Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді;
Шотыңызға бекітіліп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері;
Карточка қолма – қол ақшадан гөрі қауіпсіздеу;
Авиабилетті, қонақ үйдегі бөлмені күні бұрын алып қою және автокөлікті жалға алу үшін Visa карточкасын пайдаланыңыз;
Қауіпсіздік шаралары:
Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз;
Сатып алған заттарыңызға ақыны төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз;
Чектерді сақтаңыз және карточкалық шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз;
Сатып алудан бас тартсаңыз немесе
чекті рәсімдеу кезінде қателер
жіберілген болса, онда бөлінген чекті
өзіңіздің көзінізше жоюды
Отбасыңыздың мүшелерінің
Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз;
Төлем карточкаңызхдың барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып алыңыз;
ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН – кодыңызды басқа адмға соның ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз;
Карточка операция жүргізу кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;
Банктiк карточкаларды
колдану бойынша қатысты
Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға бергсн несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлген операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретiн несиелік ұйым болып табылады.
Төлем ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк карточкалармен операция бойынша ережелердi бекiтетiн заңды тұлға болып табылады. Төлем жүйесi — анықталган түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтiн коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег көрсету белгілсрінiң құқынаине болады. Төлем ұйымы сондай-ак тиiстi төлем жүйесiнің техникалык қалыптасуын камтамасьгз етедi.
ІІ. БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1БАНКТІК КАРТОЧКАЛАР БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Visa төлем карточкалары
Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.
Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦентрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-есепшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді.
Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ.
Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.
Эквайринг
Эквайринг (Acquiring) – пластикалық
карточкаларға қызмет көрсету, оған
карточканың көмегімен
Төлем карточкасымен
тауарға/қызмет көрсетуге төлем
алу үшін мекемеге: ЦентрКредитБанкімен
Төлем карточкаларын ұстаушылар
Мекеменің қалауы бойынша Банк механикалық импринтерлер (бұл кезде Банк операцияны телефон арқылы жүргізуге рұқсат береді ) немесе Электрондық POS-терминалдар (операция жүргізуге автоматты түрде рұқсат беріледі) орнатады.
Қызметкерлеріңізге жалақы төлеу үшін «Жалақы жобасы» атты қызмет көрсетуді пайдаланыңыз.
- Жалақы жобасы касса мен инкассацияға қаражат шығындамай-ақ жалақы төлеудің балама тәсілі.
- Жалақы жобасының аясында қызметкерлерге Visa Electron, Visa Classic және Visa Gold халықаралық төлем карточкаларын ашылады.
Жалақыны карт-есепшотқа төлеу бухгалтерлер үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де ыңғайлы, себебі төлем жасаған сәтте олар бір- бірін іздемесе де болады. Жалақы Банк файлды алғаннан кейінгі 15-20 минуттың ішінде электрондық түрде аударылады.
Банк жалақы карточкалары бойынша
Несие лимитін ұсынады,
Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы
қазақстандық карточка.
Егер Сіз шоп-турға аттанатын, Қазақстан
бойынша немесе шетелге жедел іссапарға, сондай-ақ демалуға баратын болсаңыз,
Егер Сіз Card to card жүйесімен ақша аударуды,
жалақыны карточкамен алуды, банкомат
арқылы төлем жасауды қаласаңыз,Қазақстан
Халық Банкі төлем карточкасын банкке
келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін
ұсынады. Halyk Card карточкасының иелеріне
стандартты карточка ұстаушыларға арналған
мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.
Halyk Card карточкасын
алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне
барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының
көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге
өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз,
сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге
сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз.
Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу
үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa
International халықаралық жүйесінің арнаулы
карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде
карточканы көрсету талап етілмейді.
2.2ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАНКІ НЕМЕСЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ АГЕНТІ
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрлер арасындағы өзара есеп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым.
Банктiк карточканы ашу үшiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кьзметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА

- Банктік карточкалар
- Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері
- Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары
- Банктік менеджмент
- Банктік несиелердің есебі
- Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері
- Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері
- Банктер жүйесі
- Банктер жүйесі
- Банктин меншікті капиталын баскару
- Банктік емес несиелік ұйымдар
- Банктік есеп
- Банктік жүйе
- Банктік жүйенің теориялық негізі