Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ-і
Реферат
Тақырыбы:
Банктік операцияларды
қорландырудың депозиттік
емес көздері.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Банктің депозиттік емес ресурстары
2.2.Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Бұл рефератта негізінен, біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің депозиттік емес ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен танысамыз. Банктің депозиттік емес ресурстарына:
- банктің қысқа мерзімді өтелімдігін қолдау мақсатында тартылатын банкаралық несиелер,
- Ұлтық банктің несиелері,
- банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары,
- отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары:
- Несиелік операциялар;
- Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
- Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
- Кассалық операциялар
- Делдалдық-комиссиондық операцияларбойынша бөлінетіндігін де білетін боламыз.
2.1.Банктің
депозиттік емес
ресурстары
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір–біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір – бірінде ашқан корреспонденттік шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай ауларымдар иен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер бермейді. Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) – қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзісді займның түрін білдіреді. Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағады қағазын қайта сатып алуды көздейді.
Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру – бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің Ұлттық банкке өздерінің вексельлерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға:
- біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланылады;
- екіншіден, вексельдер несие алу барысында кепілдік ретінде жүреді;
- үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады;
- төртіншіден, вексельдің өтімділігі жоғары;
- бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары;
- алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды;
- жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады.
Коммерциялық
банктер өздерінің меншікті
капиталы мен банктік ресурстар
көлемін ұлғайту мақсатында
облигациялау арқылы қосымша
қаражат тартады. Облигацияларды
отандық тәжірбиеде көбіне ірі
коммерциялық банктер шығарып
отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер
түрлерін шығару бір жағынан
банк капиталын, екінші жағынан,
оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік
береді. Бұл операциялардың басты
мақсаты – банктің өтімділігін жақсарту.
2.2. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
Активтік
операциялар бұл банктердің табыс
алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатында, иелігінде бар
ресурстарды орналастыруды
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз
берушi және қарыз алушымен қатар
несиенiң құрылымының
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк
несие – бұл банктiк
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
Лизингтiк
несие – құрал-жабдықтарды
Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.
Банктің
инвестициялық операциялары – несиелік
опеарциялардан кейінгі орында тұрады.
Бұл операциялар негізінен
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- Мемлекеттік бағылы қағаздар;
- Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг
– бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi
құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру
техникаларды, өндiрiске және сауда
саттыққа арналған құрылғыларды, машина
және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтiк төлем төлеу
Лизингтiң
несиеден айырмашылығы келiсiмшартта
көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан
кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг
берушiнiң банктiк меншiк
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
Лизинг
көмегiмен кепiлге беретiн
Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:
Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:
Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
- лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
- лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
- лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
- жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
- лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
- лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
- лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
- лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
- лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
“Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) — өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.
3. Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.
Фактоинг мәмiлесiн ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.
Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:
- Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
- Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
- Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
- Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау.
- Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс. Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
- Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
- Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
- Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
- Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.
Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.
Форфейтинг
– бұл форфейтордың, яғни коммерциялық
банктiң немесе арнайы компанияның
экспортерға импортердiң
Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:
- Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
- Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
- Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Мұндағы,
1 – мәмiлеге қатысушылар арсында
келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын
несиеге бередi; 3 – аудармалы
вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 –
аудармалы вексельдi қайта сатады;
5 – аудармалы вексельдi есепке алады;
6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады;
7 – вексель бойынша
Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:
Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
Экспорттық
мәмiле бойынша – шетелдiк сатып
алушыға несиеге тауар бергенi
үшiн экспортерға қолма-қол
Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Қ.Р-дағы
екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң
кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада
Ұлттық банктiң Басқармасының
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.
Касса
жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге
кассалық операциялар бойынша қызмет
көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу
үшiн банктерде мынадай
- кiрiс кассасы;
- шығыс кассасы;
- кiрiс-шығыс кассалары;
- қайта санау кассасы;
- кешкi касса;
- сыртқа шығатын касса.
Банк
кассасына клиентерден қолма-
- қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
- кiрiс кассалыө ордер бойынша.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.
Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
- ақшалай чекпен;
- шығыс кассалық ордермен.
Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.
Шығыс
құжатын алған бақылаушы-
- қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
- құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
- клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.
Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.

- Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару
- Банктік тәуекел
- Банктік тәуекел
- Банктік тәуекелдер
- Банктін инвестициялық саясаты
- Банктің депозиттік саясаиының қалыптасуы
- Банктің инвестициялық операциялары
- Банктік карточкалар
- Банктік карточкалар
- Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері
- Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары
- Банктік менеджмент
- Банктік несиелердің есебі
- Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері