Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы. 3
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы.
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару органдарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай-ақ өзін-өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметтік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжым ішіндегі реттеудің спонтанды процестері (лидерлік, «мәртебе шкаласы» әлеуметтік нормалар, формальды емес топтар құру) аталған екі компонент үшінші компоненті - ұйымдық тәртіпті құрайды. Бұл «өткен» басқару еңбегінің жемісін (шешім, әкімшілік тәртіп) және ұжымда стихиялы қалыптасқан жүйені өз құзырына алады. Индивид, топ, ұйым, басқа да әлеуметтік түзілімдер мен процестер басқарудың объектісі болып табылады.
Басқарудың өзіндік әдістері бар. Басқару әдістері - бұл қыжметкерлерге, топтарға және ұжымдарға мақсатты ықпал жасаудың әлеуметтік кешені.
Көрсетілген деңгейдің әрқайсысында басқару бір-бірен ұқсамайтын, өзіндік ерекшеліктері бар проблемаларға кезігеді, демек, соған сәйкес әдістер жасалады; олардың кейбіреулері аталған үш жағдайдың әрқайсысында да қолданылады, басқаларының қолданылуы бір ғана оқиға барысымен шектеледі. Жеке қызметкерге қатысты сөз етер болсақ, сол адамның жүріс-тұрысына ықпал етудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады:
а) тікелей (бұйрық, тапсырма);
б) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);
в) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім, т.б.);
г) қоршаған әлеуметтік орта арқылы емес ұйымдар статустарының өзгеруі, т.б.).
Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қолданатын әлеуметтік басқарудың әдістері төмендегідей болып бөлінеді:
а) алдағы мақсатқа қарай бағыттай отырып, топтың құрамын қалыптастыру (біліктілігі, демографиялық, психологиялық белгілері, жұмыс орындарының саны, орналасуы және т.б. бойынша);
б) топтарды ұйымдастыру (жарыс ұйымдастыру, басшылық стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды қолдану арқылы және т.б. тәсілдермен ұйымдастыру).
Әлеуметтік ұйым деңгейінде кәсіпорын мынандай әдістерді қолданады:
а) формальды және формальды емес құрылымдардың ұйғарымы (жоспарланған және нақты айқын байланыстар мен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтар жою);
б) басқаруда демократияландыру (қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру, қызметкерлерді ортақ шешімдер дайындауға кеңінен қатыстыру, өндірісте кейбір басшыларды сайлау, еңбек белсенділігін дамыту арқылы және т.с.с.);
в) әлеуметтік жоспарлау (қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жітілдіру, хал-ахуалын жақсарту және басқа да шаралар).
Басқаруға қатысы бар тағы бір ұғым-«әлеуметтік тұрғыда өзінен-өзі ұйымдасу ұғымы». Бұл ұғым қоғамдағы, ұжымдардағы, топтардағы кездейсоқ, ойламаған жерде пайда болатын процестердің, яғни әлеуметтік реттеудің өзінен-өзі қозғалысқа түсіп кететін процестерінің байқалып қалатын кездері болатынын білдіреді. Әлеуметтік өзінен-өзі ұйымдасудың айрықша белгісі- спонтандық, өздігінен пайда болушылық, субъективті түрдегі негізгі бір басталу процесінің болмауы. Көп жағдайда мақсатқа бағындырылған жеке әрекеттер үлкен әлеуметтік жүйелер мен процестер шеңберінде спонтанды процестерді құрайды. Демографиялық салада өзінен-өзі ұйымдасу- халықтың ұдайы өсуі, некеге отыруы, көші-қон түрінде, экономикада- тұтынушылар сұранысының ауытқуы, нарықтық механизм түрінде байқалады.
Мектепті басқару жүйесінің моделi
Жаңа жобалы - құзырлы білім моделіне өту жағдайында мектепті тиімді басқару мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты басқару жүйесінің (БЖ) моделін әзірлеу, педагогикалық қызмет мақсатымен теңбе - тең түсетіндіктен және мәселелердің тиімді шешімін қамтамасыз ететіндіктен, осы мақсаттағы жетістікке қарсы әрекет ететіндіктен өзекті болып табылады.
Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару аппаратының жұмыстарының сараптамасы мен ғылыми көздерін зерделеу мектепішілік басқарудағы кеңінен таралған төмендегідей мәселелерді атап көрсетті:
• біріншіден: басшылардың басқару қызметіндегі кәсіби дайындықсыздығын;
• екіншіден: басқарудың келешегінің және нәтижесінің бағытының жоқтығы;
• үшіншіден: жоспарлау тұтастай келешекті нәтижемен өзара байланыспайтын өзіндік іс- шараларды ұсынатынын;
• төртіншіден: көпшілік пен мұғалімдерді басқару үрдісіне қызықтыратын қызмет пен басшылар тарапынан өзіндік басшылық жүйесін құруға талпыныстың жоқтығы;
• бесіншіден: әкімшіліктің қызметі мәселелердің алдын алумен емес, керісінше күнделікті мәселелерді шешумен ғана шектелетінін көрсетті.
Біздің түсінігімізше мектепішілік басқару жүйесі - педагогикалық жүйенің (ПЖ-ң) бір саласы және әртүрлі деңгейлі басшылардың өзара бірлесіп әрекет етуін ұйымдастыратын құрылым, әдістемелік жүйенің іс-әрекетін қамтамасыз ететін және дамытатын бағыт, оқыту технологиясы мен педагогикалық қызмет арқылы БЖ-ны құратын, қарым -қатынас пен басқарудың әдіс - тәсілі болып табылады. Басқару ұйымдастыру мен басқару жүйесінің үйлесімділігін, әдістемелік жүйесі моделінің келісімін, оқыту технологиясы және басқару жүйесінің моделін қамтамасыз етуі тиіс. БЖ моделдеуде білім беру ұйымдарының өзгешеліктері мен БЖ-да қолданыс табатын күтілетін маңызды ерекшеліктеріне, ішкі және сыртқы әлеуметтік ортаға байланысты қайшылықтарды талдауға бағытталуы тиіс.
Тәжірибелік - эксперименттік және ғылыми - зерттеу қызметінің ғылыми көздерін зерделеуде бізге БЖ дамытудың негізгі шарттары мәлім болды.
Бірінші шарты білім беру жүйесіндегі басшы кадрларды оқыту болып табылады. Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару құрамы қызметін талдап, зерделегенімізде, басқарудың басымдылығы тек бұрынғы тәжірибе негізінде, яғни тікелей танып- білу мен нұсқаулық негізінің құрғақ үлгісінде ғана құрылатындығы айқындалды. Мұндай басқару келеңсіз жайттарға апарып соғады. Қазіргі заманғы білім жүйесін басқару кәсіби басқарушылықты талап етеді, себебі мектеп басшыларын оқыту магистратура мен педагогикалық ЖОО-ң арнайы факультеттері арқылы жүзеге асырылады.
ПЖ құрамының өзара байланыса дамуындағы барлық бағыттылығы басқару жүйесі моделінің тиімділігі екінші шарты болып табылады, егерде олардың бірінің өзгерістері (мысалы, білім мазмұны) басқадай өзгерістерімен (мысалы, ұйымдастыру түрі, әдіс, тәсілдері) және басқару шешімімен теңбе - тең қатар жүретін болса. Мектептің ПЖ-н қайта құру әкімшілік құрамының білім беру деңгейіндегі іс - әрекеттің тиянақтылығын, жүйелілігін, кешенділігі мен мақсаттылығын болжайтындықтан, білім сапасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес, дегенмен, тәжірибе барысы мұндай шарттардың сақтала бермейтінін көрсетті.
БЖ жүйесі
моделін жобалауда
Басқарудың басты міндетін анықтай отыра, жекелеген мұғалімдер мен педагогикалық ұжымның нысанасыз жиналысқа айналдыруда нені қамтамасыз ететінін шешу керек. Мектепті басқару жүйесі педагогикалық ұжымының қызметімен, педагогикалық қарым - қатынаспен, ПЖ нысаналарының даму үрдісіндегі келесі төмендегідей міндеттерді орындаумен тиімді болып табылады:
1. Мәліметті
- қаржылық, интеллектуалдық қорды құру және тарату
(даму жоспарын нақтылау мен құрастыру,
2. Мұғалімдердің
ұжымы үшін, оқушылар мен ата
- аналардың ақпараттық
3. Басқарудың
әр деңгейінде сенімді және қазіргі кері байланыстың
4. Қызметкерлерді
оқыту. Алматы қаласы
5. Белгісіздікті жою. Бұл міндет бұрын белгіленген міндеттерді түйіндейді. Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі көптеген жаңылысулар тапсырмаларды дұрыс орындамағандықтан туса, жанжал нұсқауды түсінбегендіктен, ақпараттың бұрмалауынан, уақытылы кері байланыстың, ұсынылған педагогикалық қызметтің түрін түсінбеу мен қабылдай алмауы салдарынан және т.б. туады. Бұл міндеттің аясында алғашқы жоспарға түзету жүргізіледі, негізгі сұрақтарды шешіп, үнемі түзетіп, білімдік қызметтің нормативті тұғырын нақтылап отыру қажет.
Басқару
мен педагогикалық міндеттерді
жүзеге асыру – мәдени - білімдік
ортаға, жағдайларға, көптеген барлық
педагогикалық үрдіске
Басқару мен менеджмент мәселелері жөніндегі өзіндік тәжірибеге сүйене отыра және әдебиеттерді сараптауда мақсатқа сәйкес деп қорытындылайтынымыз: педагогикалық қызметтің мақсатына жету жолындағы жетістіктер тек басқару міндеттерін шешумен ғана шектеліп қана қоймай, қағидалардың жиынтығын ұйымдастыратын педагогикалық қызметін, балалар мен ата - ана және мұғалімдердің қатынас жүйесін анықтайды.
Егер басқару басымдылық танытатын адамгершілік қағидаларға, ғылыми және табиғи үйлесімділік пен жүйелілікке негізделмесе, мектептің дамуы мен жұмыс істеуінің тиімді болуы мүмкін емес. Б.З. Мильнердің анықтауынша, осындай басымдылық танытатын қағидалар «міндеттер құрылымы мен билікті құруда шешімін талап ететін басты сұрақтарды анықтайды. Олар нақты бекітілген ережелердің дәл жауаптары болып есептелмейді, тек басты сұрақтарды атап көрсетеді және басшының іс - әрекетіндегі басты бағытын айқындайды» деді. Басымдылық танытатын қағидалармен қоса, басқарудың да кездейсоқтық, күтпеген жағдай танытатын қағидалары бар.
Ондай қағидаларға, біздің ойымызша, орталықтандыру мен дара басшылықты, өзін - өзі басқаруға көшу мен құқықтық өкілеттілік қағидаларын және басқару нормаларына шек қою қажеттілігін жатқызуға болады.
Білім беру мекемесі айтарлықтай күрделі ұйым болып табылатындықтан, көлденең бөлу – орынбасарлар өкілеттіліктері арасында және әдістемелік бірлестіктер немесе пәндік кафедра бөлімшелерінің білім есебінде атүсті үлестіруі жолдарымен іске асырылады.
БЖ-ның құрылымы көлденең өкілеттікті анықтайтын лауазым сатысын белгілеуді талап етеді, яғни «үйлестіру жұмысын тапсырмаларды тікелей орындаудан бөледі». Еңбекті осылай бөлу қажеттілігі, жұмыстың бәрінен жақсы орындай алатындарды анықтап бекітуін қамтамасыз етеді. Қызметтің жоғарыдан төмен қарай мақсатқа сәйкестілігін анықтау, педагогикалық жүйенің нәтижесі мен оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға байланысты болатынын ұмытпау қажет.
Білім беру ұйымында БЖ-сін нәтижелі модельдеудің басқадай бір шарты
дәстүрлі де жаңаша жұмыс түрлерін жетілдіруге нық сеніммен қарау болып табылады. Басқару міндеттерін шешуде алқалық түрлер- соның ішінде педагогикалық, шағын және әдістемелік кеңестер, кеңестер, кеңесшілік, жас және алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелі мұғалімдер мектебі, психологиялық - педагогикалық семинарлар, проблемалық топтар, диагностикалық топтар, педагогикалық шеберханалар, теориялық семинарлар маңызды рөл атқарады. Бұл түрлер жеке құрылымдар болып табылмайтындығын, тұрақты немесе уақытша және алуан түрлі лауазым мен өкілеттік сипатта болатындығын, әр түрлі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететіндігін анықтауды қажет деп есептейміз..
Басқару дамуы мен ПЖ қызметі әртүрлі әдістерді ұсынады (қызметтің, үрдістер мен нәтижелердің талдамасы; бірыңғай тәсілдерді жасап шығаруға арналған пікірталастарды талқылау; мақсатқа сәйкес болжау; тұжырымдамалық көрініс; өкілеттік топтар құру; күнтізбелік жоспарлау; дер кезінде оқыту; ұйымдастырылған қайта құру; жоба бойынша басқару; үрдістерді модельдеу, тәртіп пен іс- әрекеттер; теңеу мен салыстыру; өлшеу мен бағалау; сараптама; үрдісті түзету; мотивациялар жүйесін құру және т.б.). Сонымен қатар, өзіндік тәжірибені әзірлеу мен басқару модельдерін мақұлдап жинақтап қорыту, педагогикалық жүйенің біртұтас құрамды бөлігі ретінде, барлық белгіленген шарттардың орындалу қажеттілігі мен олардың кезеңділігін бірізділікті жүзеге асыру екендігін атап көрсетеміз.
Жоғарыда
қарастырылған шарттарды
Олай болса, біз тағы да басқару бағытын әзірлеу мен дамудың түбегейлі жоспарын жүзеге асыруда және ПЖ-ның қызмет етуін «сенімді» қамтамасыз етуде, БЖ-ң іс - әрекетті ұйымдастыратынын, түбегейлі мақсатқа жету жетістігін қамтамасыз ететіндігін, бірақ өзі түбегейлі жоспар бола алмайтынын айта кетеміз.
Моделдеу мәселесінің ғылыми - тәжірибелік зерттеулері, жалпы білім беретін орта мектептегі БЖ-ның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, алынған нәтижелердің теориялық негіздемесі, біздің модельдерді басқа да ББЖ-не таратудың талдамасы мен Алматы қаласындағы мектеп басшылары қызметін зерделеуде төмендегідей тұжырымды анықтады:
Біріншіден, қызмет ету аясы, қызмет ету сатысын тек жүйе ғана орындай алатындығын, егер де басқару тек жеке адамның мектепте тәртіпті сақтау әрекеті болып табылатын болса, онда қызмет ету боямаланып, көбіне басқару мекемесіне көрсету үшін жасандылық кейіп танытады;
Екіншіден,
педагогикалық қызметтің
Үшіншіден, БЖ-ның тиімділігі әсер ету мен өзара іс - қимыл жасаудың түбегейлі жоспарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жалпы бірін-бірі толықтырулары қажет;
Төртіншіден, мектепте БЖ-ның моделін әзірлеудің үлкен ғылыми - тәжірибелік маңызы бар. Дәлел үшін, белгілі қазақстандық ғалым Т.Т. Ғалиевтің пікірінен дәйексөз келтірсек: «Басқару жүйесі моделінің қалыптасу үрдісі мен тәжірибе жүзінде іске асырылуының аз зерттелгендігі тек әдіснамалық негізде ғана көрініс тауып қоймай, сонымен қатар, басқарудың тиімділігінен де көрінеді.
Басқару
жүйесінің моделін әзірлеу БЖ-
Идеологиялық негіз құзырлы басқару болып табылады – басшы педагогикалық қызметтің мақсатын біледі, стратегияларды анықтауға және ғылыми негізделген іс - әрекеттерді жүзеге асыруға дайын. БЖ моделінің технологиялық негізін жасау – жүйені жобалау немесе жүйелі жобалау болып табылады. БЖ-ны дамыту білім сапасының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, яғни педагогикалық іс - әрекеттің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұжымның түрлері.
Кәсіптік
мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым
мүшелерінің құрылымы туралы хабардар
болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі
іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде
болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және
уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге
қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр
түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар,
отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана
түріне негізделуі (кружоктар, клубтар,
секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша
оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан
жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады.
Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым
құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай,
әр жастағы да болуы мүмкін.
Ұжымды
басқару мүшелері.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды
ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын
ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның
басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті
тапсырмалардың орындалуы үшін староста
және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері
осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар
қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының
рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне
жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса,
топ басқа старостаны талап ете алады.
Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында
қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге
сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге,
оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға,
тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында
мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның
өз міндетін атқаруын қадағалауға, топы
әр түрлі кружоктар мен спорттық секцияларға
қызықтыруға міндетті болып табылады.
Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының
тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.
Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері
төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар
оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық,
тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу
т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі
формада келеді. Олар: индивидуалды және
топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе
алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен
жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды
кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу;
оның топтағы нақты тіркелген жағдайының
тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын
белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі
үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын
тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар,
конференцияға дайындық,, шығармашылық
қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан,
мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына
алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың
әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады.
Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты
ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс.
Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті
тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін
де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжым
уақытша, оқушылық, тәрбиелік бoлып
бөлінед.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып,
берілгені уақыт көлемінде өз қызметн
атқарып, өмір сүруін тоқтады. Бұл ұжым
өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық
қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс
істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл
ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан
оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге
асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа
ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен
ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты
тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік,
кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып
табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся
ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен
және педагогикалық емес ұжым құрылымымен
анықталады. Топты басқару өндірістік
оқытудың шебері және сынып жетекшісінің
басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне:
ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту
тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік
және табандылық, іскерлік және тұлғааралық
қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап
қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі
тануына, дамытуына зор үлес қосады.
Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда
оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда.
Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар
т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір
сүру уақытымен (уақытша және тұрақты)
басқару формасымен
( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік
мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық,
потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады.
Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің
бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді
шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа
арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін
, мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен
қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі.
Ұжым дамуын басқару.
Оқу орнында
педагог пен оқушы алдында
тұрған тапсырмаларға барлық оқушы
өзінің қатынасын сезінетін қалпын
жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың
өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек.
Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты
сезінуге көмектеседі.
Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі
оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының
пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы
күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз
етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді
шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін
қиындықты төтеп бере алатын қасиетке
ие болады. Басқарушылық проблемаларының
шешімін табу позициясы олардың бірлескен
іскерлікке деген қатынасына тәуелді
болады.
Оқушылардың өзін -өзі басқару – қоғамдық
маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен
жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы
оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы.
Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау
мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім
қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады.
Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында
шешім қабылдау ғана бастау болады.

- Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- Басқару есебі маңызы мәні
- Басқару есебінің мағынасы, мәні, маңызы
- Басқару есебінің мағынасы, мәні, маңызы
- Басқару есебінің пайда болуы. Тарихи аспектілері
- Басқарудағы стратегиялық жоспарлау
- Басқарудың әкімшілік-ұйымдастырушылық әдістері
- Басқарудың әкімшілік-ұйымдастырушылық әдістері
- Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- Басқарудың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері
- Басқарудың ғылыми әдістерінің жиынтығы
- Басқарудың ұйымдастыру құрылымы