Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
Педагогикалық шеберліктің компоненттеріне, психологиялық, педагогикалық білімнің тереңдігі, кәсіптік қабілетінің дамығандығы, педагогикалық техниканы игергендігі жатады.
Педагогикалық техника- оқушыларға әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы. Педагогтік өнері, даусы, ырғағы, сөйлеу темпі, көзқарасы, мимикасы, бұрылысы, жүрісі т.б. сан түрлі қимылы жатады. А.С.Макаренканың педагогикалық техниканы игерудің маңызын ерекше бағалаған. Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, қарау өнерімен таныс болу қажет деп есептеген. Дауысты мұғалімнің жұмыс құралы деп таныған. ”Тәрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де педагогикалық шеберлік болады”,- деген, ендеше әрбір педагог шеберлікке жетуді мұрат етуі тиіс.
Музыка пәні мұғалімінің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде, музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.
Мәдени-тынығу жұмысы сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтындығымен ерекшеленеді.
Мәдени-тынығу жұмысы айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – патриотизм. Патриотизм патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.
Оқу адамның жеке басы танымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталды. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. Ұлт көшбасшысы бұл орайда, халықтар бірлігі мен татулығын бірінші кезектен түсірген емес. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаңа Жолдауында: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі.
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
- ата – бабалар өсиетін орындау;
- жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, патриоттық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.
Табиғаттану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.
«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз.
Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.
Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.
Бұл жұмыста - халықтық дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады.
Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.
Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады.
а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта);
ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;
в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;
г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді.
Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда патриотизмнің рөлі ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды «Оқушылар бойындағы патриоттық тәрбиені қалыптастыруда мәдени-тынығу жұмысының рөлі» деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Мәдени-тынығу жұмысы мектеп оқушыларының патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу объектісі: Мәдени-тынығу жұмысы арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Патриоттық сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық процесте қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Патриотизм туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;
2. Патриоттық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;
3. Мәдени-тынығу жұмысы мектеп оқушыларының патриоттық сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;
4. Мәдени-тынығу жұмысы мектеп оқушыларының патриоттық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер патриоттық тәрбиенің кіші мектеп жасы кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының патриоттық сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің патриоттық мүмкіндіктерін қосуды меңгереді.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық, психологиялық, этно – педагогикалық, тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Шығармашылық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
- Мектептегі бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімдерін қалыптастырудың мазмұны
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы
біздің тәуелсіздігімізбен
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.
Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”[2].
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол.
Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.
Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси –әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
- Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;
- Қазақстанда қызмет етуді мойындату;
- Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар [21].
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпелі елге ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ жастарды ерлік рухта, потриатизімге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемі мақсат етті. Оның «Азаматтың бәрін сүй бауырым»- деген сөзі ұлы гуманистік идеяның айқын көрінісі еді[16].
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқараспен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды, оқушыларың білім сапасын жетілдіруді талап етуде.
Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл – Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз[30].
Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал – мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.
Патриотизм мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Патриоттық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Патриоттық сезімдер құралдарына:
Ұлттық құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.
Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.
Ұлттық мәдениеті – сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б.
Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.
Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV – ХVІІІ ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой пікірлерінен көруге болады.
Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (VІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі – ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой – толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде, жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал – мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл – ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап - ақ өлең – жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал – мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады[28].
Отаншылдық, ел – жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға болатын халықтық рухани құндылықтың бірі – ар – намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар – намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік - психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтық елін, жерін, тілін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар – намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердің, ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор.
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.
Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өдеңдерінің рөлі ерекше. Оның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ой», «Қараңғы түнде тау қалғып», т.б. өлеңдеріндегі туған жер табиғатының әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс – тіршілігі, іс - әрекеттер, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана – сезімнің оянуына әсер етеді.

- Бастауыш сынып оқушыларының шыәармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
- Бастауыш сынып оқушыларының шыәармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
- Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
- Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы
- Бастауыш сыныптарда математиканы
- Басты бет
- Бастыру аппараты және түрлері
- Бастауыш сынып оқушылары дене тәрбиесі
- Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы талдауға үйретудің өзекті мәселелері
- Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда дидактикалық ойындардың алатын орны
- Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
- Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру