Бейсаналық тұжырымдамасы
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Бейсаналық тұжырымдамасы.
2.2 Психоанализ.
2.3 Карл Юнг Ұжымдық бейсаналы теориялары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Бейсаналық- саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту.Адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау.
Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейнесаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесаналық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. Мысалы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. Мысалы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. Мысалы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.
Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.
Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:
1.Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;
2.Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;
3.Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;
4.Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.
Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде.Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады.Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ.Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.
Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:
1.психоанализ теориясы;
2.астарлы психикалық нұсқаулар (установки).
2.2 Психоанализ
Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Психоаналитикалық зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар тәуелділік регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктерін қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді. Ал егер ол өз өзіне тұйықталса, психикалық бұзылысқа ұшырайды. Мұндай адамдар үшін есірткі эйфория туғызу арқылы фрустрациядан арылу жолы. Қоғамдық пікір және есірткі өшпенділік пен кінә сезімін күшейтеді. Нашақордың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауының себебі оның толық емес «менінің» салдары. Психоаналитикалық бағыттың көптеген авторлары нашақорлықты мастурбацияның бір түрі ретінде қарастырса да, зерттеу бойынша психосексуалды дамудың оральды кезеңінде болатын ішкі жекелік қақтығыс деді. Регресс түсінігінің мәні жеке тұлға өмірі оңай болған, қорқыныш, қиыншылық болмаған даму кезеңіне қайта оралады. Яғни регресс дегеніміз «меннің» ауру мен фрустрация алдындағы әлсіздігі. Бұл бағыт психоанализде сынға алынған жоқ. Бірақ психоаналитикалық тәсіл арқылы тәуелділікті емдеу мүмкін емес. Себебі нашақорлық «ата-ана-бала» қатынасының және балалық шақтағы соққының салдары емес деген тұжырымдар айтылды. Нашақорлық жеткіншек шақтағы ересектер мен бала арасындағы қарым-қатынастағы қақтығыстың салдарынан немесе жеткіншектер ортасының психикалық қысымының негізінде қалыптасады. Қарым-қатынас сферасы нашақорлықтың дамуына негізгі тәуелділік «құмарту»жеткіншек жастан дамиды.
Психоанализ - батыс адамының рухани дағдарысының өзіне тән көрінісі және оның шешімін іздеудің талпынысы. Бұл психоанализдің соңғы кездегі бағыттарынан - «гуманистік» және «экзистенциалдық» анализдерден (сараптаудан) айқын көрінеді. Өзімнің «гуманистік» тұжырымдама ма көшпес бұрын, Фрейдтің жүйесі,кең тараған,мүлде қайшы түрде, «науқас» және «емдеу» деген ұғымдар аясынан шығып кеткендігін,оның жаны сырқат ауруларды емдеуге ғана емес, дұрысы, адамды «құтқаруға» бағытталғанын айтқым келеді. Бір қарағанда, Фрейд психикалық ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап, осы мәселеге күллі мүддесі мен өмірін бағыштаған адам. Алайда, тереңірек үңілсек,невроздарды медициналық жолмен емдеудің астарында Фрейдтің қызметінде аңғарыла бермейтін,оны өзі сирек сезінген мүдде жатқаны аңғарылады. Осы біржасырын немесе тек қана имплицитті тұжырымдама психикалық ауруларды емдеуден гөрі, «ауру» және «емдеу» ұғымдарының аясынан кеңірек мәселеге қатысты болған сияқты. Ол не? «Психикоаналитикалық қозғалыстың» негізі не еді? Фрейд болашақтағы адамды қалай елестетті? Оның қозғалысының іргестатық догматтары қаңдай? Бұл сауалдардың ең айқын жауабы, шамасы, Фрейдтің мына сөзінде жатыр: «Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Оның мақсаты иррационалды және санадан тыс нәрсенің бәрін ақылға билету болатын;адамды оның барлық мүмкіндіктеріне сәйкес санадан тыс нәрсенің құрсауынан босату еді.Ол сол күштерді өз бойынан сезінуге, бақылап - басқару отыру үшін оларды игеруге тиіс.Фрейдтің мақсаты ақиқатты, шын жағдайды мейлінше тану болатын.Ол үшін бұл (тану) мына дүниеде адамға бағыт берудің жалғыз тал сәулесіндей болды. Оның мақсаттары - рационализмнің, Ағарту философиясының, оның этикасының дәстурлі мақсаттары. Егер дін мен философия осы өзін өзі бақылау мақсаттарын утопиялық түрде қойса, Фрейд бұған бірінші болып ғылыми негіз жасап берген (санадан тысты зерттеу арқылы) адам болған - немесе, өзі солай деп есептеген - демек, осы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Фрейд батыс рационализмнің асқар биігі...
Индивидті қарастырарда Фрейдті философиялық және этикалық мақсаттар әдеттегіден тыс аландатты. Психоанализге кіріспе бойынша жасаған лекцияларында ол әлделбір мистиктердің тұлғаны түбегейлі өзгертуге іс жүзінде талпынып көргені жайлы айтады. «Біз,-дейді Фрейд, - психоанализдің терапиялық ұмтылыстары мәселені осылай қоюға жақын екенің мойдауымыз керек. Олардың діттегені Ego-ны күшейтіп, оны Super-Ego-дан мейлінше тәуелсіздеу ету, бақылау аймағын ұлғайтып,индивидтің жаңа тұстарына қол жетерлік жағдай жасау. Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Фрейд «адам нәтін невротикалық симптомдардан, мінез-құлқын бәсендік пен қалыпты еместігінен құтқаруды мақсат ететін психоаналитикалық терапия туралы осы ниетпен сөйлейді. Сонымен,ол үшін аналитиктің (сарапшының) бейнесі қарапайым доктордан, «емдеуші дәрігерден» биіктеу. Аналитик, егер ол пациент үшін кейбір аналитикалық мезеттерде өнеге ретінде, ал кейде мұғалім ретінде қызмет етуге тиіс болса,белгілі бір мағынада үстем жағдайда болуы керек. «Ақыр соңында,-деп жазады Фрейд,-аналитик пен пациент арасындағы қарым-қатынастар ақиқатқа деген сүйіспеншілдікке яғни, шындықты мойындауға негізделуге, сол аркылы ұятты да,алдауды да ысырып қоюға тиіс». Фрейдтің мұнда көрсетілген принциптерінің біріншісі - өзгертуші білім, оған сайсақ, теория мен практика бір-бірінен бөліп алғысыз нәрселер-өзімізді тану актісі арқылы біз өзімізді өзгертеміз (трансформациялаймыз). Фрейд осы заманғы батыс адамына тән нәрсені-саналы ойды шектен тыс, асыра бағалауды құптаған жоқ. Керісінше, ол біздің санамыз біздің барлық психикалық процестеріміздің шағын бөлігі ғана, оның үстіне онша маңызды да емес,біздің өз ішімізде санамыздан тыс күйде отырған қараңғы және иррационалды бастаулардың ғаламат күшімен салыстырғанда бұл тіпті,болмашы деп есептеледі.Адам табиғатының шынайылығына жету үшін Фрейд еркін ассоциациялар тәсілінің көмегімен саналы ой жүйесін бұзғысы келді. Еркін ассоциацияларды пайдалану арқылы қисынды, саналы, конвенционалды ойлау кедергісінен асу қажет болды. Бұл біздің тұлғамыздың алғашқы құнар-бастауына,санадан тысқа әкелуге тиіс еді. Фрейд үшін адам-либидосы ғана қозғайтын, қозудың ең кемшін дәрежесін сақтау принципімен реттелетін машина еді. Адам өзгелермен тек қана инстинктік құмарын өтеудегі екі жақты қажеттілік үшін араласатын тіршілік иесі ретінде көрінетін.Фрейдтің ләззат рахаты-кернеген қиындықтың азаюы. Бүтін адамның интеллектісі мен аффектілері екі айырылған соң,оның бойында Ағарту дәуірі философтары айтатын «Мен» ғана қалды. Мистикалық тәжірибе ол үшін инфатильді нарциссизмге қарай құлдыраумен бірдей еді.
Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.
Төртінші томда ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастырудың теориясын жасаған кеңестік ғалымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.
П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.
Бесінші томда гуманистік психологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көзқарастары баяндалған. Бұл томда К.Роджерстің “Кеңес беру өнері мен терапия” деген еңбегінен жеке тұлғаны зерттеу тәжірибесінен үзінділер келтірілген.
Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.
Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен оқытудағы ситуациялық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған.
Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.
Осы томға қазіргі кездегі батыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиаже, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, сонымен қатар ресейлік авторлардың жұмыстарынан жекелеген еңбектер енгізілген.
Сегізінші том “Жеке тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен беріліп, онда А.Адлердің “Балаларды тәрбиелеу” және “Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлғасы, оны тәрбиелеу мәселелері, балалар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арналған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін психоанализді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғымдарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің “Санадан тысқарының мәселесі” деген еңбегінен де үзінділер аударылған.
Тоғызыншы томда ХХ ғасырдағы кеңес және шет ел психологтарының (С.Л.Рубинштейн, Л.Леви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психологиясы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзінділер берілген. Ойлау психологиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ретінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады.
Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің теориялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Роджерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтейбойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айтқан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-табиғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсуге мүмкіндігі мол, өйткені “үмітсіз – шайтан” дегендей, онда болашақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылушылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсынылған.
Бұл түйіндер полиэтностық Қазақстан үшін аса маңызды. Елімізді 130-дай этнос өкілдері мекендейді, олардың тұлғалық психологиясының қалыптасу жолы да бірдей емес. Осы мемлекетті құрайтын қазақтардың өзі де біркелкі емес. Олардың бірі – ада қазақ (мәңгүрт), екіншісі – шала қазақ, үшіншісі – жаңа қазақ (байлар), сондай-ақ, орта тап, кедей-кепшік болып кете береді. Бұлардың өмір жолы, мақсат-мүддесі, талап-тілегі әр түрлі. Формасы – қазақ, ішкі жан дүниесі қазақ емес жандардың да қалаған мақсатқа сай өзін-өзі жетілдіре түсуге, өзін айналасындағыларға таныта алуға ұмтылатыны сөзсіз. Осы айтылғанға орай, бізде гуманистік психология ұсынған проблемаларды зерттеу аса тиімді болмақ.
Ол үшін еліміздегі әр түрлі этнос өкілдерінің, әсіресе қазақ халқының психологиясын зерттейтін мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми-зерттеу институтын ашуымыз қажет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін болса, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді.
6. Карл Юнг ұжымдық бейсаналы теориялары.
Ұжымдық бейсаналықтың гипотезасы қоғамға басында Жат болып, соңынан белгілі, кейде атақты да болып кететін ғылыми идеалардың қатарына жатады. Дәл осындай жағдай кен танымал "бейсаналық" ұғымымен де болтын. Г. Карус пен Ә фон Гартман жасаған. Бейсаналықтың философиялық идеясы ешбір ізсіз маңыздылығы өте бастады, бірақ уақыт өте келе ол ғылыми толқынның бетіне медициналық психология саласында шыға бастады. "Бейсаналық" өзінің алғашқы даму кезеңдерінде ығыстырылып шығарылған немесе ұмытылған мән-мағыналарды білдірді. Фрейдте бейсаналық метафорикалық түрде, яғни әрекеттегі субьект ретінде түсіндіріліп, тек ығыстырылып шығарылған мән-мағыналардың жиналатын жері кейпінде көрсетілді. Анығы, біз бейсаналыққа осы көзқараспен қарасақ, ол тұлғалық табиғатында болады, ал өзгеше жағымен қараса, Фрейд бейсаналық түрде ойланудың архаика-мифологиялық мағынасын түсіндірді.
Әрине, бейсаналықтың жоғарғы қабаты жекеше түрде болмақ. Біз оны тұлғалық немесе жекеше бейсаналық деп атаймыз. Бірақ бұл қабат өзге, одан да терең, бастауын басқа тәжірибеден алатын қабатта болады. Бұл тереңірек қабат ұжымдық бейсаналық деп аталады. Мен "ұжымдық" терминін таңдадым, себебі бейсаналық жеке тұлғалық емес, жалпыламалық түрде болды. Басқаша айтқанда, жымдық бейсаналық барлық адамдарға тән және табиғаты жағынан тұлғадан жоғары болып, әркімнің рухани өмірінде ортақ негіз салады.
Біз жанымызда бір ойланарлық мәселені бар екендігін тек түсіндіріле алатын мағыналар болғанда ғана мойындаймыз. Ұжымдық бейсаналықтың мағынасы ретінде біз архетипті айта аламыз. Бұл сөз Филон Иудейдің Imago Dei-де кездеседі. "Архетип" ұғымы адамдағы Imago Dei-re қатынас ретінде Филон Иудейде қатынас ретінде Филон Иудейде кездеседі. Сонымен қатар Иринейде де, Дионисий Ареопагитте де бұл түсінік өте көп қолданылады.
Ал Августинде "архетип" сөзі кездеспейді де, бірақ оның орнына "идея" сөзі қолданылады. Архетип Платонның eidos сөзінің түсіндірме Суреттемесі. Бұл атақ біздің мақсатымыз үшін дұрыс және пайдалы болып табылады, себебі етер ұжымдық бейсаналықтың мазмұны туралы айтсақ, онда біз көне, алғашқы типтермен, яғни ғасырдан ғасырға сақталған жалпы көріністермен кездесеміз. Сонымен қатар Бейсаналылық мазмұнына ең алғашқы өмір танымындағы символикалық фигураларды белгілеу үшін пайдаланған Леви Брюльдің "representations collecnives" ұғымын жатқызуға болады. Мұнда ру — тайпалық оқытулар түрлері өзгертілген архетиптерге қатынасы туралы айтылады. Бірақ бейсаналықтың мазмұны емес; олар дәстүрлі оқытулар көмегімен берілетін, яғни бастауын бейсаналықтан алатын ұжымдық мазмұнның берудің әдісі болып табылатын құпия оқытулар арқылы берілетін формаларды алып үлгерген.
Мифтер және әңгімелер Архетиптің басқа жақсы, танымал түсінігі болып табылады. Мұнда да көп ғасырлар бойы берілетін спецификалық формалар туралы айтылады. "Архетип" ұғымы "representations collecnives" сөзіне қатысы бар, онда ол сөз әлі ешқандай саналы өндеуден өтпеген психикалық мазмұнының бөлігін және сонымен қатар тек тікелей психикалық мәлімет дегенді білдіреді. Архетип осыдан тарихи болған немесе қайта өндеуден өткен формалардан ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытулардың ең жоғарғы сатысында архетиптер пайымдау мен бағалаудағы саналы қайта өндеудің әсерінен көрініс табады. Біз түсімізде, елестерімізде кездесетін архетиптердің пайда болуы мифтерге қарағанда индивидуалды, түсініксіз болып келеді. Өмір сүруі бойынша, архетип танылатын және қабылданатын болып өзгеретін бейсаналы мазмұн болып табылады; Ол индивидуалды сананың бетінде пайда болады.
Архетип сөзінің түп мағынасын оны мифпен, құпия оқытумен, әңгімемен қатынасы арқылы білуге болады. Бізге архетип сөзін психологиялық тұрғыдан түсіндіру қиынға соғар еді.
Осы күнге дейін мифтерді зерттеу барысында солярлы, лунарлы, метеорологиялық және тағы басқа көмекші көріністермен қанағаттандырылған. Миф — біріншіден, жанның түп мақсатын көрсететін психикалық көрініс дегенге мүлдем көңіл аударылмайды. Жабайы көріп тұрған заттарды обьективті түсіндіре алмайды. Керісінше, ол ешқашан қажеттілік сезінеді, немесе дұрысырақ оның жанында барлық сыртқы тәжірибені жан дүниесінде болып жатқа • құбылыстарға сәйкес қалыптастыру талпынысы болады. Жабайыға Күннің шығып және батқанын көру ғана жеткіліксіз - бұл сыртқы әлемді бақылау сонымен бірге психикалық құбылыс болу керек, яғни күннің метаморфоздары. Адамның өзінің жан дүниесінде орналасқан құдайдың немесе кейіпкердің тағдырын білдіру керек. Барлық мифологиялық табиғи құбылыстар, мәселен жаз немесе қыс, жаңа айдын тууы, жаңбырлы уақыт, т.б сол объективті құбылыстардың аллегориясы тана емес, сонымен қатар ішкі және бейсаналы жан дүниесінің драмасының символикалық белгісі. Ол көбінесе проекция арқылы адам санасымен, яғни табиғи құбылыстардың айнада пайда болуымен қабылданады. Міне, мұндай проекциялау тек өзінің негізінде жатыр, сондықтан да проекцияны сыртқы объекттерден ажырату үшін адамзатқа бірнеше мыңжылдық мәдениет ағымы қажет болды.
Мәселен, психологиялық мінездеме жұлдыздардан бөлінбегендіктен, астрологиядағы көне "scientia inventiva"- ның ісі абсолюттік дискредитациям ұшырады. Астрологияға күні бүтінге дейін сенетіндер — қайта сендіруге ұмтылғандар, әлі де жұлдызнаманың ықпалы жөніндегі көне ой толғамдарға әрқашан орала береді. Бірақ жұлдызнаманы есептей алатын әрбір адамға сонау Гиппарх Александрискийдің заманында көктемдік күн теңелісі Тоқтының 0 градусына тең болғандығы мәлім.
Алғашқы қауым адамының субьективтілігінің қызықтылығы сонша, тұңғыш болжамда мифті оның рухани өмірінен шыққаны жайында болуы керек еді. Негізінен табиғатты тану — ол үшін тілге және бейсаналық рухани процестердің сыртқы белгілеріне әкеп тірейді. Олардың Бейсаналықтығының себебі де — мифтерге түсініктеме бергенде адам жанынан басқаның бәріне де жүгіну. Түсіндіруге жатпайтындығы мынау еді: адам жанында сол мифтер бастау алатын көріністердің болуы, біздің бейсанамыздың әрекет етуші әрі субъекттің әрекетіне төтеп беруші объект болуы, ол осы көріністерді алғашқы қауым адамының үлкен және кіші табиғи процестерден іздеуі де түсініксіз еді.
"Сенің көкірегіңде өз тағдырыңның жұлдызы бар" — дейтін Зени Валеншгейну, жүректің бұл құпиясы жайлы бірнеше адамдар ғана білгенде, бұл ұғым астрологияның негізгі түсініктемесі болды. Бұл да түпкілікті түсінікті емес, сондықтан мен қазір аса бір күрделі өзгеріс болды деп айта алмаймын Ру-тайпалық оқытулар қасиетті әрі қауіпті. Барлық құпия оқытулар рухани оқиғаларды іліп алып, жоғарғы абыройлы алғысы келеді. Бұны көбіне әлемдік доминантты діндерге қатысты айтуға болады. Олар алғашында құпиялы әрі бағалы ілімді насихаттап, ұлы тұлғалық үлгілер арқылы жан құпиясын түсіндіреді. Олардың храмдары мен қасиетті жазулары өзінде бір уақытта діни сезім, жаңғыру мен ойды қоса алатын көне оқытуларды мадақтай түседі. Айта кететін жайт, дәстүрмен беріліп келетін үлгі қаншалықты кең, керемет әрі әсем болса, онда ол соншалықты жеке тәжірибеден аулақ болады. Біз — бір нәрсені сеземіз, қабылдай да аламыз, бірақ, алғашқы тәжірибелік үлгіні жоғалтып алдық. Не үшін психология ең жас тәжірибелі ғылым болып табылады? Бейсаналық ертерек неге ашылмады. Ал оның байлықтары мәңгілік үлгі ретінде көрінді? Себебі барлық рухани құндылықтар үшін діни формулалар негізделінген және олар жанама тәжірибеге қарағанда анағұрлым кеңірек әрі керемет. Егер көпшілік үшін христиандық дүниетаным барынша айқындалып қойса, ал шығыс рәміздерінің құндылығы ғажаптарға толы.
Қызығушылық пен жаңа қырларды тану ынтасы бізді оларға жақындата түсті. Мейлі, ол үлгілер христиандық, буддистік немесе тағы басқа түрі болсын, олар — ғажайып, құпия әрі пайғамбарлықтай болып табылады. Әрине, олар, яғни діни құндылықтар бізге қаншалықты үйреншікті болса, қаншалықты өз мәнін күнделікті қолданыспен өшіре берсе, онда соншалықты олардың қарабайыр сыртқы көрінісі мен мазмұнынан айрылған парадокстық қалады. Пәктік жағдайындағы ұрықтану құпиясы Әке, бала, Үштіліктің бір негізділігі — енді философиялық қиялды қанаттандырып, дем бермейді. Сондықтан да діни қажеттілік , сенімнің мәнін түсінуге деген ұмтылыс, философиялық спикуляция білімді еуропалықтарды шытыстық нышандарға, Индияның Құдай хақындағы ой толғанысына, қытайдың түпсіз дао философиясына ынталандыруда. Дәл осы жолмен антикалық адамның сезімі мен рухы өз кезінде христиандық ойлармен жаулап алынған еді. Қазіргі күнде алғашында христиандық құндылықтардың ықпалына беріліп, уақыт өте оған қарсы кверкегорлық невроз туатын адамдар аз емес.
Біз христиандық нышандарға түсіністікпен қарайтын білімді Шығыс өкілдерінен ортақ ұқсастықты байқаймыз және Еуропа ғылымының шығыстық рухына тән жағдай. Мәңгілік үлгілерге тартылыс, ұмтылыс қалыпты нәрсе, олар сол үшін де жаралған. Олар бізді өзіне тартып, сендіріп тан қалдыруы тиіс. Олар адамға қасиетті әрі құдай жолына бағыт көрсетеді және бір уақытта оған деген жақындастықты алшақтап отырады. Адам рухына мыңжылдық әрекетінің арқасында бұл үлгілер әлемдік тәртіп санасының жалпылама жүйесіне енген. Олар тағы да алып, кең, көне сыйлы институт шіркеу кейпіне де келеді.
Мұны көбіне үштіктің елесін байқау оқиғасымен түсіндіруге болады. Мәселен, Заксельн шіркеуінің дәлізінде үштілік елесінің көрінісі сақталған. Бұл орта тұсында ғажайып үлгісі бар, алтыға бөлінген маң дала. Бізге Николай бауырымыздың өзінің көрген елесінің мәнін түсініп, оған анық форма енгізу үшін, бір неміс мистигінің иллюстрациялық кітабын пайдаланғаны мәлім. Он көптеген жылдар бойы сол белгіні өңдеумен айналысты. Елестің мәнін түсінуге Николай бауырымыздың рухани жетекшілерінің диаграммасы әсер етті. Сондықтан ол нақ Үштіліктің өзін, Summun bonum, мәңгілік махаббаттың өзін көрдім деп шешті. Мұндай қорытындыға Заксельндегі көрініс те сәйкес келеді.
Бірақ бірінші елеспен жүздесу мүлдем басқаша еді. Оның ғажайыптылығы соншалықты, одан Николайдың өзі үрейленіп кетті, өзгелер де сескене бастады. Ол туралы Велфлин былай дейді: "Бейнені көруге келгендердің бірден бойын үрей билейді. Бұл қорқыныштың себебі деп, өзінің адам жүзінің бейнесінде өткір жарықты көргенін айтты. Елестің қорқынышты болғаны соншалықты, сол сәтте жүрегінің майда бөліктерге бөлініп, жарыла жаздардай соққаны дәлел еді. Бұл бейнені көрген соң, оның өзі мүлдем өзгеріп, адам танымастай болып кетті"

- БЕЙТАНЫС АРУ - Сырым Исабаев
- Бекен Қайратұлы. Қазақ жерін отарлау қалай жүргізілді
- Бекетов Николай Николаевич
- Беккер и его основные работы
- Беккет Самуэль: жизнь и творчество
- Беккет Самуэль жизнь и творчество
- Беклешов, Александр Андреевич
- Бейнелеу өнерінің негіздері
- Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы
- Бейнелеу өнері сабағындағы живопись өнерін оқытудың ерекшеліктері
- Бейнемонтаж
- Бейорганикалық қосылыстар
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және олардың номенклатурасы
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және олардың номенклатурасы