Биологиялық қару. 4

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................

2

 

Негізгі бөлім.

 

1.

Тарихы..........................................................................................................

3

2.

Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері...................

6

3.

Биологиялық қарудың түрлері және медицина-биологиялық сипаттамалары.............................................................................................

 

9

3.1.

Адамның инфекциялық ауруларының топталуы.....................................

9

3.2.

Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары................................

10

3.3.

Өсімдіктердің аса қауіпті аурулары..........................................................

11

4.

Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы...............................................

13

4.1.

Құтқару жұмыстарын жүргізу....................................................................

13

5.

Жеке қорғау құралдары..............................................................................

15

5.1.

Бактериялық қарудан қорғану жұмыстары...............................................

17

5.2.

Бактериялық зақым аумағында жүріп-тұру, іс-қимылы және әрекет ету тәртібі.....................................................................................................

 

19

 

Қорытынды..................................................................................................

23

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................

24


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық)  қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі [3, 4].

Бактериологиялық қару 1935-1936 жылдары Япония елінде Маньчжурида арнайы лабораториялар жасалды, бірнеше жылдан соң армиялық зерттеу отряды құрылды. Олар бактериологиялық қауіпті заттар жасап шығарып, әскери қызметкерлерге және Қытайға тәжірибелер жүргізе бастады. Биологиялық қару туралы мәліметті халық 1949 жылы ғана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін биологиялық қаруды АҚШ, Австралия, Канада жасап шығарды [5].

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді [9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Тарихы

Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск(1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды [2].

1-сурет. E 120 биологиялық бомбасы.

Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30 жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде тұтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды, онда 3000-ға жуық адам өлген [2].

                            

 

2-сурет. Бактериялық  қаруды қолдану 
 
    Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950 - 1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді – дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ - тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады. 1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды. 1940 - 1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы биологиялық қарудың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700 - ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды.

1941 жылдан бастап АҚШ  биологиялық заттарды әскери  мақсатта қолдану мен жасауға  қатысты зерттеу жұмыстарына  кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд  штатында бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ полигонын және басқа объектілерді салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың бәрі ерекше кұпиялық жағдайында жасырын жүргізіледі. Бірақ биологиялық қару заттары мен оны қолдану тәсілдерін жетілідіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу жұмыстарын 50-60 жылдары АҚШ пен оның  одақтастары жүргізді, олардың қаруды агрессиялық мақсатта қолдануы адамзатқа орны толмас шығын әкелу қаупін тудырды. Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы қабылданған бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар қорын жасауға, өндіруге және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі Конвенциясы болды. Бірақ ЖЖҚ-ның  барлық  түріне жаппай және толық тыйым салуға ұмтылған іргелі күштер агрессиялық күштер қарсылығына соқтығысып қалды. Олар әр түрлі сылтаулар айтып, өздерінің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарында өздерінде бар биологиялық заттар түрін жетілдіру, сондай-ақ оның жаңа түрлерін, оны қолдану тәсілдері мен құралдарын жасап, сынау жұмыстарын жалғастыруда [5].

Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану үшін оларды мынадай қасиеттеріне қарай таңдап, іріктеп алады:

- ашық ортада (адам денесінен тыс) бейімделіп, тірі қалу қабілеті;

- дерттің ауыр, күрделі  формасын қоздыру қабілеті;

- ауруды тікелей аэрозольдан қоздыруымен бірге науқас адамнан сау адамға өту, ауруды жұқтыру қабілеті;

- сырқаттың жасырын, инкубациялық  мерзімінің ұзақтығы;

- аурудың ұзақтылығы;

- барлық науқастардың  санындағы өлімге соқтыратын, адам  шығынына әкелетін үлесі;

- биоқұралдың аз мөлшерімен-ақ дертті қоздыру; [6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері

 

Биологиялық қару - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады [2].

Биологиялық қарудың зақымдайтын әсерінің негізін биологиялық зат құрайды биологиялық агенттің әскери қолдану үшін арнайы сұрыпталған адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде ауыр жаппай ауруды тудырады. Биологиялық агентке жататындар: патогендердің жеке өкілдері, яғни микроағзалардан ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер, адамдарда қауіпті жұқпалы ауруларды тудырушы, көбінесе, адам ағзасында ие болатын бактериялар класынан тұрады және ағзаға түскендегі оларды ауыр зардаптарға ұшыратады.

3-сурет. Халықаралық биологиялық қатердің белгісі.

Жұқпалы ауру тарататын микроорганизмдерге мыналар жатады: вирустар, бактериялар, риккетсиялар, ауру туғызатын саңырауқұлақтар. Бұл микроорганизмдер адамдар арасында оба, бөртпе, сүзек, тулярмия, түйнеме, т.б. ауруларды, ал малдарда маңқа (сап), аусыл, топалаң, мал обасы, т.б. ауруларды қоздырып, таратады. Өсімдіктер дүниесінде дәнді дақылдардың масағын қарайтатын (ржавчина, күріште пирикуляриоз, картопта фитофтороз, т.б.) аурулар туғызады. Бұлардан басқа бактериялық қару ретінде ауру таратушы құрт-құмырсқалар, кеміргіштер (тышқан, суыр, қосаяқ), тағы басқалар қолданылуы мүмкін. Жұқпалы ауру таратушы жәндіктердің бір ерекшелігі – олар өздері бұл аурумен ауырмайды, бірақ ауру таратушы міндетін атқарады.  Жұқпалы ауру туғызатын микроорганизмдер адам денесіне тыныс алу мүшелері, асқазан, тері арқылы енеді. Биологиялық қарулар сұйық немесе құрғақ рецептура түрінде қолданылады [7].

Патогенді микроағзалар – адамдар мен жануарлардағы ауруларды тудырушылар, биологиялық құрылу мөлшеріне байланысты: бактериялар, вирустар, риккети, сиялар спирохеттер сияқты кластарға бөлінеді. Соңғы екі микроағзалар зақымданудың қарулы биологиялық ретінде шетелдік мамадардың көзқарасы бойынша мәнге ие емес.

Бактериялар —бір жасушалы өсімдік әлемінің микроағзалары, қалыбы бойынша әртүрлі келеді. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ге дейін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шығарады. Вегетативті формадағы бактериялар, яғни даму мен өсу формасында жоғары температураның пайда болуына сезімтал, сонымен бірге күн сәулесіне, ылғалдылықтың күрт тербетілуіне және керісінше, төмен температура кезінде жеткілікті тұрақтылықты 15-25°С-қа дейін сақтайды. Қолайсыз жағдайларда өмір сүру үшін кейбір бактериялардың түрлері қорғалу капсуласымен жабылады немесе спораны жасайды. Споралық формадағы микробтар кебуге жоғары тұрақтылыққа, жоғары және төмен температураның әсеріне, т.б.-ға ие болады. Қабілеттілігі бойынша патогенді бактериядан сібір жарасының, ботулизмнің қоздырушылары пайда болмақ. Бактериялар класына адамдардың қауіпті ауруларының қоздырғыштарын жатқызады, мысалы, қотыр, сібір жарасы, мелиолдоз, сал, т.б. 

Риккетсиялар – бактериялар мен вирустар арасындағы уақыт аралық жағдайда орын алатын микроағзалардың тобы. Олардың шамасы 0,3-тен 0,5 мкм-ге дейін. Риккетсияларда спора болмайды, кептіруге тұрақты, алайда, жоғары температураның әрекетіне сезімтал келеді. Реккетсияларды шақыратын, тудыратын ауруларды риккетсиоздар деп атайды. Олардың арасында жоғары қауіпті дақты лихорадка т.б. Риккетсиоздардың жасанды шартында көбінесе, адамға зиянсыз паразиттер ретінде беріледі.

 

               

 

                         4-сурет. Риккетсиялар

 

Саңырауқұлақтар өсімдік табиғатының көп жасушалы микроағзалары. Олардың мөлшері 3-тен 50 мкм-ге дейін. Патогенді грибоктармен тудыратын аурулар микоздар деп атауға болады. Олардың арасында адамдарда кокцидиоадамикоз, блогомикоз, гистоплазмоз т.б. аурулары бар. 

Вирустар — 0,08-ден 0,35 мкм-ге дейінгі мөлшердегі микроағзалардың тобы. Олар қожайынының жасушаларының биосинтетикалық аппаратын қолдану есебінен тірі жасушалы паразит болып табылады. Вирустар төмен температураға және кебуге жоғары тұрақтылыққа ие болады. Күн сәулесі, әсіресе, ультра күлгін сәулелер, сонымен бірге 60°С-де жоғары температурасы вирустарға әсер етеді. Вирустар адамның 75 ауру түрін қоздырушысына себеп болып табылады, олардың арасында жоғары қауіпті, сары ауру, т.б. бар [9].

Көбінде биологиялық құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды "таза түрде" емес, арнайы дайындалған биологиялық рецептура құрамында пайдалану қажет.

 

          

 

5-сурет. Патогендік микроорганизмдер.

 

Биологиялық рецептура дегеніміз — биологиялық агент пен түрлі препараттар қоспасы. Бұл қоспа биологиялық агентті сақтау және ұрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Биологиялық қарудың түрлері және медицина-биологиялық сипаттамалары

3.1 Адамның инфекциялық ауруларының топталуы

 

                          

6-сурет. Жаппай жою қаруы

 

Көптеген эпидемиологиялық топталудың ішінде, қоздырғышты беру механизмі негізіндегі топталу кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар барлық инфекциялық аурулар: ішек инфекциялары, тыныс жолдарының (аэрозольды) инфекциялары, қанды (трансмиссивті), сыртқы жабын (түйілу) инфекциялары болып төрт топқа бөлінеді.

Инфекциялық аурулардың жалпы биологиялық негізіне қоздырғыш көлемділігінің ерекшелігіне байланысты: антропоноздер, зооноздар, сонымен қатар трансмиссивті және трансмиссивті емес бөлінуі жатады.

Қоздырғыштың түрі бойынша инфекциялық аурулардың топталуы да кең қолданылады, олар: вирустық аурулар, риккетсиоздар, бактериалды инфекциялар, протозойлы аурулар, гельминтоздар, тропикалық миноздар және қан жүйесінің аурулары болып бөлінеді [9].

Тырыспа. Қоздырғышы – тырыспа вибрионы, имек таяқша пішінді, өте шапшаң қозғалмалы және белсенді; өзіне лайықты ортада тез арада көбейіп, өседі; ылғалды ортада көп уақыт сақталады, әсіресе суда. Тырыспа ішек инфекциялық ауруларға жатады. Ауырған адамның организмі көп мөлшерде сұйықтығын жоғалтады – сырқатты негізгі ауырлататын осы нәрсе. Науқастың алғашта іші өтеді, құсады, дене температурасы төмендейді, көздері шүңірее түседі. Емделмеген адам өледі. Қастенің жасырын мерзімі 2-5 күн.

Бөртпе сүзегі. Тарихта әдетте соғыс кезінде, ашаршылықта пайда болған. Қоздырғышы – Провацек риккетсиясы. Науқастан сау адамға биттер арқылы тарайды. Жасырын мерзімі орташа алғанда 14-15 күн. Дене температурасы күрт өседі, басы ауырады, теріні бөртпе қаптап кетеді, бас миының қабынуы ықтимал. Дерттен сауыққан организмде тұрақты иммунитет пайда болады.

Ку-қызбасы. Бернет риккетсиялармен қоздырылады. Қоршаған ортада бұл риккетсия өте тұрақты, кептірілген жағдайда бірнеше ай бойы сақталады. Табиғи түрінде әсіресе малдарға жұғысқан адамдарға, жүн, терімен айналысқандарға тыныс арқылы өтеді.

Табиғатта риккетсияларды кенелер сақтап жүреді. Сырқаттың жасырын мерзімі 8-28 күн. Ауырған адамның температурасы көтеріліп, өкпеде өзгеріс байқалады, бүкіл денесі ауырады, бауыры ісінеді.

Оба. Халық арасында бұл індет үрей, дүрбелең туындатады, өйткені ол ерекше қауіпті инфекциялы қасте. 1346-1351 жылдары обадан 50 млн.-ға жуық адам өлген деп тарихшылар мәлімдейді. Қоздырғыштың пішіні жұмыртқаша келеді. Табиғатта оны таратушы, сақтаушы болып кеміргіштер болады: атжалман, тышқандар, суыр, саршұнақ, т.б.Адамның дертті қабылдаушылығы өте биік. Өкпе обасы науқас қолданылған заттарынан, ірің-сілекейлерінен сау адамға тыныс арқылы өтеді. Індеттің таралуында әсіресе басым рөлін бүргелер атқарады. Жасырын мерзімі 2-3 күн. Алғашта температура өсіп, организмді жалпы әлсіздік баурайды. Өкпе обасымен ауырған адам емделмеген жағдайда 2-3 күн арасында міндетті түрде өледі [10].

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустық гепатит, сүзек, безгек, ыстығы көтеріліп ауру, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда Атырау мен Қызылорда облысында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан, оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнақ, май тышқанның түрлері болып табылады [7].

 

 

3.2 Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары 

 

Жануарлардың инфекциялық аурулары – арнайы қоздырғышты, даму кезеңділігі, ауру жануардан сау жануарға жұғу мүмкіндігі, эпизотикалық таралуды қабылдау сияқты жалпы белгілері бар аурулар тобы.

Эпизоотикалық ошақ – белгілі жағдайда өте қабылдағыш жануарларға ауру қоздырғышы берілуі мүмкін, белгілі мекенжай аумағында қоздырғыш инфекциясының көзінің болу орны эпизоотикалық ошағы белгілі инфекция табылған жануарлардың жүрген аймақтары және тұрған ғимараттары болуы мүмкін.

Эпизоотикалық процесс таралу кеңдігі бойынша үш формамен: спорадикалық ауруларынан, эпизоотиялық және панзоотиялықпен сипатталады.

Эпизоотия – эпизоотикалық процестің қарқындылығының орташа дәрежесі. Эпизоотия кеңінен инфекциялық аурулардың шаруашылықта, ауданда, облыста, елде таралуымен сипатталады. Эпизоотияға жаппайлық инфекция қоздырғышының көзінің ауқымдылығы, жұқпалықтың басып алуының бір мезгілділігі, кезеңділік пен мерзімділік тән.

Панзоотия – эпизоотияның дамуының жоғарғы дәрежесі. Бұл инфекциялық ауру бір мемлекетті, бірнеше елді, материкті қамтитын кең таралуымен сипатталады. Панзоотияға жақындылығына ие жануарлардың инфекциялық ауруларына ящур, ірі қара, шошқа және құстар обасы жатады [9].

Қазақстан Республикасында  хайуанаттардың эпизоотиялық ауруларының мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды безгек, аусыл, лептоспироз [7].

Ящур – ауыз қуысының сілекейлі қабығының, терінің, аяқтарының автозды (ойықты жара) қабынуымен және безгекпен сипатталатын жабайы және жүн тұяқты үй жануарларының жоғары контагнозды (түйіспелі) тез жұқпалы вирусты ауруы. Ірі қара мал мен шошқа ящур ауруын тез қабылдағыш, ал қой мен ешкі бұл ауруға аз сезімталды келеді. Ауру жануарлар, сонымен қатар вирус тасымалдағыш  жануарлар вирусты қоршаған ортаға сүтпен, сілекеймен, зәрмен және қимен бөледі де, нәтижесінде мал қораларды жайылма жерлерді, жемді, тасымалдау құралдарын инфекциялық жарақаттайды.

Ящур вирусын тапқан жағдайда, шаруашылыққа немесе елді мекенге карантин жариялайды және шаруашылықтың жұмысына шектеулік қойылады. 

Шошқалар классикалық обасы – инфекциялық, жоғары контагиозды (түйіспелі) тез жұқпалы вирусты ауру. Табиғи жағдайда бұл аурумен үй және жабайы шошқаның барлық түрі ауырады. Ауру және вирус тасымалдағыш жануарларды сау жануарлармен бірге ұстағанда және інтек жем бергенде жұғады. Обамен ауыратын шошқаны арнайы емдеу әдістері әлі табылмаған. Ауырған жануарларды жедел өлтіріп,  ал өлігін өртейді.

Құстар обасы – тауықтар құрылымындағы құстардың жоғары түйісу жұқпалы гиозды вирусты ауруы, тыныс, ас қорыту, орталық жүйке жүйесінің жұқпалықтан істен шығуымен сипатталады. Аурудың жұғуы жем, су, ауа арқылы, бір жерде ауру құсты сау құстармен ұстаған кезде өтеді. Ауру кейбір кезеңдікпен жазғы-күзгі мерзімділікке ие, өйткені бұл кезде шаруашылық жұмысы көбейеді де құстардың, көбеюі өтеді. Ауру пайызы 100%-ға дейін, ал өлшемдігі – 60-90% -ға дейін жетеді. Арнайы емдеу әдістері әлі өңделмеген. Шаруашылықта ауру пайда болған жағдайда карантин жариялайды, ал құстарды өлтіріп өртейді [9].

 

 3.3 Өсімдіктердің аса қауіпті аурулары

 

Өсімдіктер ауруы – бұл фитопатогеннің әсерінен немесе қоршаған ортаның жағымсыз жағдайынан болатын ағзалар торларының және барлық өсімдіктің құрамында зат алмасуының бұзылуы нәтижесінде өнімділігі төмендетіледі немесе мүлдем өліп қалуына келтіреді.

Фитопатоген – өсімдіктердің заттар алмасуына кері әсер көрсететін биологиялық активті заттарды бөлетін ауруының қоздырғышы, ол тамыр жүйесін зақымдап, қоректік заттардың берілуін бұзады.

Өсімдіктердің ауру масштабтарын бағалау үшін эпифитотия және панфитотия деген түсініктемелерді қолданады.

Эпифитотия – белгілі уақытта маңызды аймақтарда таратылған өсімдіктердің инфекциялық ауруы.

Панфитотия – бірнеше мемлекетті немесе құрлықтарды басып алған жаппай аурулар.

Өте қауіпті ауруларға бидай мен арпаның сабақты сызықты тозаңдануы, бидайдың сарғыш тозаңдануы және картоптың фитофторазы жатады.

Бидай мен арпаның сызықты тозаңдануы – бұл өсімдіктердің бір жылдық кең тараған зияндылығы жоғары ауруы. Сабақты тозаңдану көп жағдайда, сабақтың және жапырақтың қынабын жарақаттандырады. Тозаңдағыш аурулардың тез таралуы қоздырғыштың жоғары өнімділігімен белгіленеді. Аурудың дамуының ең қауіпті ошақтары  Кубань және Ставрополье болып табылады.

Бидайдың сарғыш тозаңдану ауруы саңырауқұлақты зиянды тасымалдағышпен өте таралған ауру, арпа, сұлы басқа да астықтарды жарақаттандырады. Бидайдың сарғыш тозаңдануымен жарақаттану вегетациялық кезеңнің барлық уақытында байқалады, бірақ негізінен тамшылы сұйық ылғал бар жағдайда және ауа температурасы  +10-нан +20°С-қа дейінгі аралықта өтеді.

Бидайдың сарғыш тозаңдау ауруының ең зиянды тасымалдағыш эпифитотиясы жылы қыста, жылы көктем мен ылғалды салқын жаз айларында байқалады. Сары тозаңдануға ұшыраған бидай дәнін егу кезінде өнімділік 50%-ға дейін, ал саңырауқұлақтарға тиімді жағдай болған жылдары 90 және 100%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Картоп фитофторозы – кең таралған зиянды тасымалдағыш ауру. Аурудың зияндылығына өнімділіктің төмендеуімен және жерастында пайда болған түйнектерінің жаппай шіріп кетуімен белгіленеді. Ауру қоздырғышы – қыс бойы ұрықтық түйнекте сақталатын саңырауқұлақ. Фитофтора өсімдіктердің барлық жер бетіндегі ағзаларын зақымдайда да ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Картоп өнімінің шығын 15-20% және одан да жоғары болады [9].

 

    

7-сурет. Картоп фитофторозы

4 Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы

 

Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы – бұл зақым ошағына бактериялық қаруды қолдану салдарынан адам мен малда түрлі жұқпалы аурулар тараған аймақ жатады. Жұқпалы аурулардың таралу кезеңінің әр түрлі болуына байланысты зақым ошағы бактериялық қару қолданылысымен бірден анықталмайды. Зақым ошағы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ол кейбір микробтар мен саңырауқұлақтардың сыртқы жағдайға тұрақтылығына және олардың ауру таратқыш жәндіктер организмдерінде ұзақ сақталу қасиетіне байланысты.

Бактериялық зақым ошағының көлемі қолданған қарудың түрі мен биологиялық рецептуралардың ерекшелігіне, қолдану әдісіне және ауа райына, жер бедеріне байланысты болады.

Бактериялық ошақта бактериялық құралдарды пайдаланудың негізгі белгілері: жарылыс орында сынған қару. Шөпте, өсімдікте, жерде, айналадағы заттардың бетінде тамшы пайда болады, төмендеп ұшқан самолет соңында тұманның немесе түтіннің жолағы, контейнерлер, ауырған өлген малдар көрінеді. Әсіресе жарылыс болған жерде құрт-құмырсқа, кеміргіштер, кенелер кенет көбейеді, үй жануарлары мен адамдар жаппай ауырады [7].

 

4.1 Құтқару жұмыстарын жүргізу

 

Бактериялық қаруды қолдану нәтижесінде жұқпалы ауру тараған территорияға азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша карантин немесе обсервация салынады. Бұл жағдайда территорияға сырттан ешкім кіргізілмейді және одан шығарылмайды. Зақым ошағында медицина қызметкерлері, мал мен өсімдікті қорғау қызметкерлері, мал мен өсімдікті қорғау қызметі эпидемияға қарсы емдеу және аурудың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Бұл шараларға үйлерді, киімдерді, т.б. тұрмыстық заттарды дезинфекциялау, адамдарға тиісті дәрілер мен вакциналар егу кіреді [7].

Дұшпанның бактериялық құралдарды қолданғаны белгілі болысымен бактериялық ошаққа барлаушылар жіберіледі. Олар ошақтың шегін, уақытша тиым тәртібін орнатады. Санитарлық жасақтар санитарлық сараптама, азық-түлік шикізатын, су, жайылым, оларды залалсыздандыру, індетке қарсы санитарлық-гигиеналық, арнаулы санитарлық емдік-көшіру жұмыстарын жүргізеді.

Бактериялық құралдармен зақымданған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде АИ-2-дегі N1 бактериядан қорғайтын құралдарды пайдаланған жөн.

 N1 бактериядан қорғайтын құрал – жасыл түсті таблеткалар, аппақ түсті екі пеналда сақталады, бактериалды зақымдану қауіпі немесе жұқпалы аурулар ошағында жұмыс кезінде шұғыл сақтандыру үшін қабылдайды. Әуелі 5 таблетка қабылдайды (бірінші пеналдың ішінде) және 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблетканы (екінші пеналдың ішінде) қабылдайды.

Емханаға, дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Дәрігерлерге дейін мынадай шараларды жүргізу керек:

  • қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтау;
  • қолданылуы аясы кең антибиотиктерді беру;
  • дезинфекциялық шараларды жүргізу;
  • ошақтық ішінде санитарлық тазалауды жүргізу;
  • сырқаттардың киімдерін микробиологиялық зерттеу үшін лабораторияға жеткізу.

Бактериялық ошақта пәтерді, мебельдерді, ыдыстарды, киімдерді, төсек орындарды және де басқа заттарды хлорлы әкпен, феномен дезинфекциялайды. Жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктерді, тышқандарды, атжалмандарды, шыбын-шіркейлерді т.б. жәндіктерді жою қажет. Карантин жарияланған аудандарда бактериялық ошаққа кіріп-шығуға тиым салынады.

Бактериялық ошақтарда суды залалсыздандыру жұмыстары дезинфекция деп аталады [6].

 

                          

 

8-сурет. Барлаушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Жеке қорғау құралдары

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте. Жеке қорғау құралдарының топталуы. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

Сүзгілейтін газға қарсы заттар дем алу ағзасына микробтардың түсуінен қорғауға арналған, көзге, бетке. Қорғаныс әрекетінің қағидалары қауіпті қоспалардан алдын ала қорғануға бағытталған. Газға қарсы құралды пайдаланар алдында оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу керек. Азаматтық газға қарсы ГП-7 ең соңғы және жетіктірілген модель. Ол УЗ-дан көптеген КӘУЗ-дан, радиобелсенді шаңнан, бактериалды құралдардан қорғайды. ГП-7, МГП бет бөлігінен сүзгілеу қорапшасынан тұрады.

Ол УЗ көптеген КӘУЗ, радиоактивті шаңнан, бактериялды заттан жақсы қорғайды. Өте жеңіл, қозғалыстарды аз тығыздайды.

Ұзақ уақыт бойы қолданған демалуды қиындата түседі. Көру өрісін шектейді.

Өнеркәсіптік газға қарсы құралдар көз, бет ағзаларын зақымдаудан сақтайды.Олар нақты улы заттардан қорғау үшін арналғанын есте сақтау қажет. Ауада оттегі реттелген жағдайда осындай газға қарсы құралдар қолдануға тыйым салынады. Мысалы, жылдамдықта, цистернада, құдықтарда және басқа да жекелеген бөлшектерде жұмыс істеу кезінде қолдануға тыйым салынады.  Оларды  ауада 18% оттегі болғанда ғана қолданылады.

Биологиялық қару. 4