Биологиялық қару. 8

Жоспар

І. Кіріспе...................................................................................................................2

II. Негізгі бөлім.

2.1 Физикалық география.Жергілікті жердің планы...........................................4

2.2 Жергілікті жердің планы. Оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.........7

III. Қорытынды........................................................................................................9

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................11

 

І. Кіріспе

 

 «География» оқу пәнінің  мазмұны жаратылыстану - ғылыми  жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі,  табиғат құбылыстарын зерттеудің  жаратылыстану - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану - ғылыми  дүниетанымы сияқты мазмұндық  желілерге сәйкес құрылған.

Мектептiң  бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты  жан - жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы  жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде  тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен  рөл атқарады.

Білім берудің  негізгі орта деңгейінде географияны  оқытудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.

 Географиялық  бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

– оқушылардың  географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді  оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен  ойлауына жағдай жасау;

– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына  бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм  жүйесінің жиынтығын беру;

– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына  жағдай жасау;

– оқушылардың  бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік  қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;

– негізгі  орта білім беру деңгейіндегі қажетті  базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен  таныстыру;

– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын  қалыптастыруға және елжандылық сезімін  дамытуға жағдай  жасау;

– оқушылардың  бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар  туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.

Географияның  құрылымы мен оқу материалдарының мазмұны оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп әрі тереңдетіліп орталықтандырылған тәсіл бойынша құрылған, сонымен қатар 6–9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық - бағдарлану тәсілі қарастырылған.

 «География»  оқу пәнінің мазмұны «Жаратылыстану»  білім саласы бойынша берілген  жаратылыстану - ғылыми жүйелер,  олардың өзара әрекеттесуі, табиғат  құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану  - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану  - ғылыми дүниетанымы мазмұндық  желілеріне сәйкес келесідей  құрылым арқылы беріледі:

1. Жер туралы  географиялық білімнің дамуы.

2. Жер табиғатының  ерекшеліктері.

3. Жер шары  халқы және халықтың табиғатты  игеруі.

4. Материктер  мен мұхиттар.

5. Қазақстан  географиясы

«Жер туралы географиялық білімнің дамуы» бойынша  оқушылардың бойында география  пәнінің ғылымдағы орны, рөлі, мақсаты  мен міндеттері, географиялық зерттеулердің  тарихи кезеңдері, қазіргі зерттеулер және олардың басты нәтижелері, картографиялық, кешенді физикалық -экономикалық - географиялық ұғымдар, жердің планда картада бейнеленуі туралы түсініктер және оларды түрлі  өмірлік жағдаяттарда қолдана алу  біліктері қалыптасады.

«Жер табиғатының  ерекшеліктерінде» оқушылар литосфера  және Жер бедері, атмосфера және жер климаты, Дүниежүзілік мұхит  – гидросфераның басты бөлігі, табиғат кешендері және табиғи зоналық  ұғымдарымен танысып, жергілікті, аймақтық және дүниежүзілік жер табиғатының  ерекшеліктерін оқып үйренеді.

«Жер шары халқы және халықтың табиғатты игеруі»  оқушыларды Жер бетіндегі халықтар санымен, олардың орналасуымен, жер  бетіндегі адамзат, нәсілдер, олардың  сыртқы белгісіне қарай өзгешеліктерімен, қазіргі дүние жүзінің саяси  картасымен, ондағы Қазақстанның орнымен  таныстырады. 

«Материктер мен мұхиттар» оқу материалдарының  мазмұнында оқушылар материктер мен  мұхиттар табиғатының алуан түрлілігін және ерекшеліктерін оқып үйренеді.

«Қазақстан  географиясы» негізгі орта білім  беру деңгейіндегі базалық географиялық білім беруді аяқтайды. Оқушылардың  бойында Қазақстан, оның табиғат  жағдайы мен ресурстары, халқы  және шаруашылығы туралы біртұтас түсінік  қалыптасады.

 

 

 

2.1Физикалық  география. Жергілікті жердің  планы.

 

   «Физикалық география» курсын оқыту «Жаратылыстану» курсынан географияның бастапқы курсына логикалы түрде көшуді жүзеге асырады. Бұл курстың негізгі міндеті – оқушыларға география пәні, Жер қабықтары, табиғаты және халқы, географиялық карта және жергілікті жердің планы туралы алғашқы түсініктерді беру.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушыларды география ғылымының теориялық негіздерімен, заңдылықтарымен, себеп-салдарлық байланыстарымен, дүниетанымдық идеяларымен, әдістерімен таныстыруды қарастырады және оқу материалының сабақтастығы мен жүйелілігін ескереді.

   Курсты оқу барысында оқушылар географиялық қабықтың біртұтастығы, табиғат компоненттерінің өзара байланысы, оларды адам өмірінде пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық аспектілері туралы мәлімет алады. Оқушыларды нәсілдік және ірі халықтар, олардың тұрмыстық және мәдени ерекшеліктері туралы білім қалыптасуы тиіс.

   Сонымен қатар оқушыларда геосфера, табиғат, халықтар және олардың шаруашылығы жайлы түсініктерін қамтитын өлкетану білімі қалыптасады.  

Курстың мақсаты. Бұл курс географияны одан әрі оқып үйренуге қажетті білім негізін беріп қана қоймастан, сондай-ақ пәнге деген тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыруы, өмірлік бағытты іскерліктер мен дағдыларды дарытуы тиіс.     

Курстың мақсаты – карта, табиғат  компоненттері және жер шарының  физикалық-географиялық ерекшеліктері туралы қарапайым білім жүйесін қалау.    

«Физикалық  география. Жер ғаламшары» курсының міндеттеріне тұтас алғанда, Жер туралы және оның бөліктері – қабықтары туралы қарапайым білім қалыптастыру, географиялық қабықтың әрекеттілігін түсіндіру, пәннің негізгі түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру жатады.

  Міндеттері: Оқушылардың өз бетінше әрекет ете білуге үйретеді. Курсты оқу барысында білім мазмұнын меңгеруге, түрлі операциялар жасай білуге көп көңіл бөлінеді. Практикалық және ақыл-ой әрекетін ұштастыра қолдану оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, сапалы әрекет етуге ұмтылдырады. Курстың оқу-әдістемелік жиынтығы осы мақсатқа қызмет етеді.  

 

Курстың бағдарламасы. Олар мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Кіріспе.

2. «Жер бетінің бейнелері және оларды пайдалану».

3. «Жер туралы географиялық білімдердің дамуы».

4. «Жер – Күн жүйесіндегі  ғаламшар».

5. «Литосфера – Жердің тас қабығы».

6. «Гидросфера – Жерджің су қабығы».

7. «Атмосфера – Жердің ауа қабығы».

8. «Биосфера – тіршілік қабығы»  және «Географиялық қабық –  Жердің ең ірі табиғат кешені».[5]

   Әдістемелік жұмыстың ең негізгі ерекшелігі – күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру. Осыған орай әдістемелік жұмысты жүргізу әрекеті былайша тізбектеледі:

- әдістемелік жұмыстың мақсаты  мен міндетін айқындау;

- мәселелік оқыту технологияларын  пайдалану жолдарын үйрету;

- еркін және шығармашылық тұрғыдан  ойлауды дамыту;

- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру,  басшылық жасау;

- жылдық, айлық, өзіндік, жеке жоспарлар жасау;

- оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші  құралдар, ережелер, т.б. дайындау;

- аналитикалық, диагностикалық материалдар  дайындау;

- білім мониторингін шығару;

- озат тәжірибені тарату;

- интернет сайттарға материал  әзірлеу;

- ақпаратты технологияларды пайдалана  отырып, виртуалды семинарлар, интернет-форумдар, өзара ақыл-кеңестер жүргізу,  т.б. [4] 

Жергілікті жердің планы.

  План элементтері –– сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады. [3]

  Пландар дәлдігі –– пландағы объектілер орындарының жергілікті жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы шамасын сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-өлшеу нәтижелерінен алынған мәліметтер айырмашылығымен бағаланады. Шектеулі айырмашылық нұсқаулармен белгіленген орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. Шектеулі шамадан асатын айырмашылық саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі айырмашылық саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі.

   Пландардың шартты белгілері — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады

  Пландағы горизонтальдар — жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты. Горизонтальдарды салу мен олардың картадағы суреттеріне қарай бедер бағаланады, баурайдың тіктігін, жергілікті жер нүктелерінің абсолюттік, салыстырмалы биіктігін анықтайды, сондай-ақ жергілікті жердің пішінін салады. [1;26 б] 

2.2 Жергілікті  жердің планы. Оны оқытудың  әдістемелік ерекшеліктері.

 

   Сабақтың мақсаты: жергілікті жердің планын құруды үйрену, жеке суреттерді планмен салыстыру, жергілікті жердің планы туралы ұғымдарын кеңейту; оқушыларды планды оқи білуге үйрету, топографиялық диктант арқылы оқушылардың білімін бекіту.

   Сабақтың көрнекілігі:план суреттері, түсті шартты белгілер.

   Сабақ нәтижесі:Жергілікті жердің планын карталардан айырмашылыгын үйрену, жергілікті жердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерін айыра білу, тегіс емес жердің горизонталь бейнесін салуды үйрену, планды практикалық іс–әрекетте пайдалану.

  Жергілікті жер сипаттамасын жасауға қажетті негізгі ұсыныстар:   Алдымен жер бедеріне, содан кейін гидрографиялық объектілерге, өсімдік қабатына, елді мекендерге, көлік жолдарына және байланыс құралдарына сипаттама беріледі.  Жер бедерін сипаттау барысында бедер формасын, өзіндік сызықтары мен нүктелерін, берілген бөліктің ең үлкен және ең кіші биіктіктерін, беткей тіктігінің толқуын атап өткен дұрыс. Өзендерді сипаттау кезінде оның бағыты мен ағыс жылдамдығына, тереңдігіне, еніне, қима биіктіктеріне, кеме өткізгіштігіне, жүзіп өту құралдарына тоқталу керек. 

   Көлдерді сипаттау кезінде олардың конфигурациясына, тереңдігіне, сипатталатын территориядағы көлдің «қалыңдығына», олардың орналасу сипатына (дара, топтық, желі бойымен т.с.с.), жер бедерімен және өзен желісімен байланысына назар аударылады.  Батпақты жерлерді сипаттағанда оның орналасқан орнының жер бедерінің сипатына тәуелділігіне, өтпелілік деңгейіне, ауданына және тереңдігіне баса мән беріледі. Сонымен қатар, өсімдік түрлеріне тоқталып, оларға сандық және сапалық сипаттама жасалып, өсімдік қабаты орналасуының жер бедері мен гидрогеологиялық желімен өзара тәуелділігі көрсетіледі.   Елді мекендер сипаттамасында олардың типі, орналасу және жобалану ерекшеліктері, сондай-ақ шаруашылық және мәдени маңыздылығы келтіріледі. Тасымал жолдары мен байланыс желістерін сипаттау барысында олардың типі, территориялардың олармен қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Шаруашылық және мәдени объектілердің сипаты мен орналасуы, сонымен қатар территорияның ауылшаруашылық игерілгендігі және шабындықтардың (орман, шабындық, егістік, бау-бақша) негізгі түрлерінің табиғат жағдайларына байланысты орналасу көрінісін де анықтап өткен жөн.[2]

   План элементтері –– сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады

   Жергілікті жердің  карта мен планын жасау ушін  орындалатын геодезиялық өлшеулер  процесі түсіру деп аталады.  Егер осының нәтижесінде контурлар мен объектілердін өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсары анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық деп аталады.

   Пландар мен карталардың шартты белгілері.  Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден түрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің жэне ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .

Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік  береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас  сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын  сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін  заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс  шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері  көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен  кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың  ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы  ағаштардың жанында жазылган сандар, т.б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын  немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады.

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

«География» оқу пәнінің мазмұны  жаратылыстану - ғылыми жүйелер, олардың  өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану - ғылыми дүниетанымы  сияқты мазмұндық желілерге сәйкес құрылған.

Тұлғаға - бағдарланған білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі бағдарламада берілгендей білім  беруді күтілетін нәтижелерге бағдарлау  болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік  жалпыға міндетті беру стандартындағы (ҚР МЖМБС 2.3.4.01–2010) оқыту сапасын  көтеру мен оқушыларды тәрбиелеу  талаптарымен келісіліп қойылған.

6 сыныпта   «Жаратылыстану» курсынан география  пәнінің курстарын оқытуға логикалық  түрде көшу жүзеге асырылып, ол  ары қарайғы оқушылардың білім  географиялық алуына негіз болады.

Географиядан 6-9 сыныптарға арналған  оқу бағдарламасы  оқу пәні бойынша берілген міндетті мазмұн көлемін сақтай отырып, оны  оқытудың түрлі тәсілдерін жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.

Мектептегі  география пәні оқушылардың алғашқы  курсы физикалық–географияның алғашқы  түсініктері мен ұғымдарын бере келе, ары қарай  адамның табиғатпен қатынасы, халықтар туралы біліммен ұштастырылады.

Оқу бағдарламасында  биосфераны сақтау бойынша дүниежүзілік экологиялық саясатты жүргізудің қажеттігі  мен адамзаттың орнықты дамуы  мәселелерін шешудегі оқытудың геоэкологиялық тәсілдері мен  ерекше көңіл бөлінген.

Қазақстанның  қоғамдық және шаруашылық тұрғыда дамуына  орай мектеп географиясының мазмұнына  өлкетану, топонимика, табиғи–тарихи  және мәдени мұра, туристік - рекреациялық ресурстар, туризм индустриясы, инновациялық саясат, геосаяси жағдайы, кластер, стратегия  және т.б. терминдер мен ұғымдар  енгізілді.

Оқу бағдарламасының  базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың  теориялық білімі негізінде олардың  практикалық тапсырмаларды орындау  біліктерін қалыптастыруға  көмектеседі. Оқу материалдарының практикалық  жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, картадан көрсетіп, атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау  және болжай алу біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болады.

Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың ғылыми - географиялық мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік  жағдаяттармен байланыстыруға мүмкіндік  береді. Ол практикалық - бағдарланған тапсырмалардың кешенді сипатын  қамтиды, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзыреттіліктерді  шешуді қамтиды.

Географиядан  оқу бағдарламасының  астрономия, физика, биология, химия және тарих  пәндерімен пәнаралық кіріктіруді  жүзеге асыру мүмкіндігі зор. Бұл  бір жағынан оқушылардың географиялық білімін тереңдетуге, әсіресе табиғи процестер мен құбылыстарды, географиялық қабықтың байланыстарын оқып - үйренуге көмектеседі. Екінші жағынан – аралас пәндер бойынша қоғамдық және табиғи объектілер туралы географиялық білімін  толықтырады.

Географияны әртүрлі көрнекі құралдарды –  оқулықта берілген сурет, сұлба, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып - үйренудің маңызы зор.

 Географияны  оқыту жүйесінің басты құраушыларының  бірі оқушылардың оқыту үдерісіне  белсене араласуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу іс–әрекеттерін  ұйымдастырушы рөлін атқарады. [3]

 

 

 

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Бірмағамбетов, К. Мамырова, «Физикалық география», 6-сынып Алматы «Атамұра », 2011жыл.

2. Байсарова Г. Г.«Әдістемелік нұсқау», Ақтау, 2011жыл

3.http://kk.wikipedia.org

4.http://bilim.idhost.kz/ustaz/341-adistemelik-zhumysty-kyzmetter.html

5.http://53.astana-mektep.kz -Элективті курс-  География.

 


Биологиялық қару. 8