Биоценоз

Биоценология

Биоценология.

Биоценология (биоценоз және гр. logos - ғылым) – тірі организмдердің құрылысын, дамуын, табиғатта орналасуын, пайда болу мерзімін, шыққан арғы тегін зерттейтін ғылым; биоценоз туралы ғылым олардың құрамы құрылымы ішкі және биоценотикалық ортасы биотрофикалық және медиопатикалық процестер кауымдастығында іске асады.[1]

«Биоценология» терминін алғаш рет ғылымға неміс ғалымы К.Мебиус 1877 ж. енгізген. Биоценология ғылымында тірі организмдерді 3 топқа бөледі: автотрофты организмдер; гетеротрофты организмдер және сапротрофтар. Биоценология тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасындағы биологиялық заңдылықтарды ашады, олардың арасындағы энергия айналымын зерттейді. [2]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. ↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3

ЖОСПАРЫ:  
БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ 3  
БИОТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-КАТЫНАСТАРДЫҢ ТИПТЕРІ 5  
БИОЦЕНОЗДАР ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕДЕГІ ЭНЕРГИЯ 11 
БИОЦЕНОЗДЫҢ КЕҢІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 12  
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15  
БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ  
Табиғатта әр-түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге 
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология 
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде «Экожүйе» 
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен 
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік 
Биоценоздағы қарым-қатынастардын ең бастылары қоректік және 
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны 
БИОТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-КАТЫНАСТАРДЫҢ ТИПТЕРІ  
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі 
Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз бір немесе бірнеше 
Түраралык бәсекелестік әр түрге жататын түрлер 
Жырткыштык. Жырткыштык түрлер арасында болатын карым-қатынастардың 
Жырткыштык организмдер үшін оңайға түспейді. Ол 
Адам баласы жыртқыш андар мен кұстарды 
Паразитизм. Паразитизм - бір түр өкілінің 
Паразиттердің көптеген түрлері жұкпалы тіптен катерлі 
Көптеген жануарлар (түлкі, кояы, жыртқыш кұстар. 
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте 
Комменсализм. Немесе арамтамақтық кұбылыс. Бұл симбиоздың 
Мутуализм. Әртүрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы 
Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы аркылы тұкымдарын 
Аллеопатия. Бұл организмдердің денесінен өзіне тән 
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларга еліктіргіш (аттрактивті) 
Бұл касиеттер, әсіресе, біртекті коректілср жэне 
Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз 
Организмдерге теріс ыкпалын тигізу аркылы карым-катынас 
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс 
БИОЦЕНОЗДАР ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕДЕГІ ЭНЕРГИЯ  
Экологиялык орын. Әрбір жеке организмнін тек 
Биоценоздын түрлік құрылымы. Әрбір биоценоздің өзіңдік 
- эдификатор болып саналады.  
БИОЦЕНОЗДЫҢ КЕҢІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ  
Биоценоздарға организмдер алғаш рет коныстанғаннан бастап 
- ярустылық (қатарлык). Ярустылық 
Топырактагы, судағы организмдерден де өзіне тә 
Биоценоздың экологиялык кұрылымы. Әрбір биоценоз организмдердің 
Су биоценоздары кұрлыкпен салыстырғанда карапайым болып 
Экожүйедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер 
Біріншісі - продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда 
Екіншісі - консументтер, бұған жануарлар жатады.  
Үшіншісі-редуценттер немесе қайтакалпыш келтірушілер. Оларға микроорганизмдер: 
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір 
Барлык коректік тізбектер бір-біріне байланысты және 
Экологиялык пирамида. Биоценозда коректік тізбектегі коректін 
Бұл зандылыкты кезінде эколог Ч. Элтон 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.  
2. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.  
3. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.  
4. ЗЕРДЕ, 2006, №3.  
5.Дүние, 2003, №6, 23-б.



5. Биоценоз 
Биоценоз (лат. bios - өмір; koinos – ортақ) дегеніміз – белгілі бір территорияда мекендейтін әртүрлі түрлер популяциясының бірлестігі. «Биоценоз» ұғымын алғаш рет 1877 ж. неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценозды зерттейтін экология ғылымының саласы биоценология деп аталады. Биоценоз – ағзадан жоғары деңгейдегі жүйе. Биоценоз – бірігіп тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан ағзалардың топтары. Ол үш компоненттен тұрады:  

Биоценоз       

 Биоценоз – бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң күрделi табиғи жиынтығы (“биос” — өмiр, “ценос” – бiрлестiк).  Тоған биоценозы. Табиғатта биоценоздар әртүрлi масштабта болады. Бұл, мысалы, ағашты, шалғындықты, тоғанды, батпақты, орманды бұзатын мүктер биоценозы. Қолдан жасалған биоценоздар бар – аквариум, террариум, жылыжай, ол жерлерде белгiлi абиотиканың жағдайлар жиынтығына бейiмделген бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлер бар және олар бiр-бiрiмен байланыса отырып, тiршiлiгiн сақтайды. Табиғаттағы майда биоценоздар үлкен биоценоздың бөлiгi болып табылады, мысалы, орман шалғынындағы барлық мекенетушiлер немесе құлаған ағаштың дiңiн мекендеушiлер – орман жалпы биоценозының бөлiгi, жағалаудағы және су түбiндегi биоценоздар – жалпы көл немесе өзен бiрлестiгiнiң бөлiгi. Биоценоздар — әртүрлi организмiнде кездейсоқ жиынтығы емес. Ұқсас табиғи жағдайда және фауна мен флораның жақын құрамы бойынша, ұқсас, заңды қайталанатын биоценоздар түзiледi. Бiз кеңжапырақты орман белдеуiнде және ағашын үйеңкi ағашын, өсiмдiк арасында – және басқа белгiлi өсiмдiк түрлерiн, жануарлар арасында – тиiн, жабайы шошқа, сарымойын тышқан, кездестiруге болады. Шыршалы орманда – түрлер жиынтығы басқа, кейбiр бөлiгi басқа бiрлестiкпен бiрдей, ал басқа бөлiгi – тек сол орманда ғана болуы мүмкiн. Сонымен, барлық түрi табиғат тек организмдер және түрлер емес, сонымен бiрге әртүрлi биоценоздардан тұрады. Биоценозға әртүрлi түрлер өкiлдерi кiредi. Биоценоздар, популяциялар секiлдi, тiршiлiктiң организмнен жоғары тұрған деңгейi. Бiр биоценозда тiршiлiк ете алатын, түрлердiң жалпы саны табиғатта өте көп. Тропикалық ормандар түрлерге өте бай. Олардың алуантүрлiлiгi әлi толық сипатталмаған. Тропикалық орманның бiр кв. километрiнде бiрнеше жүз мыңдаған өсiмдiктер мекендейтiн түрлер бар, микроорганизм мен саңырауқұлақтарды есептемегенде. Бiрақ, тiптi қатал жағдайда түзiлетiн табиғи бiрлестiктерде мысалы тундра немесе тау басында, мыңдаған түрлер бiрлесiп тiршiлiк етедi.

Биоценоз мүшелерi тура немесе жанама қоректiк қатынастармен байланысқан, бiр-бiрiне тiршiлiк ортасын түзiп, бiрлесе отырып сандарын шектейдi. Түрлер эволюция барысында бiрлесе тiршiлiк етуге бейiмделген. Биоценозда тiршiлiк ету және табиғи сұрыпталу процесстерi жүредi.

Кез – келген биоценоз – түрлер арасындағы байланыстар көмегiмен тiршiлiк ететiн күрделi табиғи жүйе немесе iшкi құрылымы күрделi.

Биоценоздың түрлiк құрылымы. Биоценозға кiретiн түрлер саны жағынан бiрдей емес. Кейбiреуiнiң саны өте көп, кейбiреуiнiң  саны аз, үшiншiсi – тiптi сирек. Биоценоздағы саны көп түрi доминантты немесе басым түр деп аталады. Мысалы, шыршалы- орманда, ағаштар iшiнде шыршаның саны басым, жер үстi өсiмдiктер iшiнде – қара жидек, жасыл мүк, құстар iшiнде тауықтар, ал тышқан тәрiздi кемiргiштер iшiнде – сары тышқан өте көп.

Саны көп түрлер биоценоздың  негiзгi ядросын құрайды. Кейбiр түрлер саны кейде ғана өседi, кей уақытта саны көп түрлерге ауысады. Шыршалы ормандарда орман тышқандары. Биоценоздарда сирек немесе саны аз түрлер алуан түрлi. Егер саны әртүрлi түрлердi бейнелейтiн, график түзсек, көптеген биоценоздар сирек түрлер жағында орналасады. Бұл тұрақты биоценозда сирек түрлер көп, ал көп санды түрлер – аз екенiн көрсетедi. Тропикалық орманда, ағаштар алуан түрлi, сонымен 1  ауданда бiр түрдiң бiрнеше ағашын табу өте қиын.

Биоценозда көп немесе аз санды түрлердiң қандай маңызы бар? Доминант – түрлер бiрлестiктегi негiзгi байланысты анықтайды. Олар оның негiзгi құрылымы мен сыртқы түрiн анықтайды. Саны көп түрлер бөлiгi – басқалардың тiршiлiк жағдайына қатты әсер ететiн, негiзгi орта түзушiлер. Шыршалы ормандарда жарық, жауын шашын таралуы, микроклимат, жағдай мозайкасын – шырша анықтайды. Шырша ағамының жағдайына көптеген жербетi шөптерiнiң өмiрi немесе жануарлардың типiнен бастап, буынаяқтыларға дейiн жануарлар өмiрi тәуелдi.

Саны аз түрлер бiрлестiк қорын түзедi. Белгiлi жағдайда олар көбею мүмкiншiлiгiн iске асырмайды, бiрақ өзгерген жағдайда доминантты түрлер құрамына кiре алады немесе олардың орнын басады. Орман түрлерiнiң арасында қоршаған орта жағдайынан қалыпты нормадан ауытқуы қолайлы болып табылатын түрлер де бар.

Сонымен, биоценоз тұрақтылығын сақтап, әртүрлi табиғи ауытқулар мен басқа да сыртқы түрлер саны iшiнде қалыпты антропогендi әсерлерден өзгермейдi. Түрлердiң сандық жағынан қатынасы биоценоздың түрлiк құрылымын түзедi. Әр биоценоздың өз заңдылығы болады.

Түрлердiң кеңестiкте таралуы. Биоценозға кеңестiкте түрлердiң таралу заңдылығы тән. Бұл таралудың негiзiн өсiмдiктер түзедi. Өсiмдiктер биоценозда қабат түзедi, өсу түрi мен жарықсүйгiштiгiне байланысты жапырақтарын бiрiнен – соң бiрiн орналастырады. Қалыпты климаттағы ормандарда өсiмдiктiң 5-6 қабаты болады.

Жануарлар да өсiмдiктердiң әрбiр қабаттарында тiршiлiк етедi, бiрақ қозғалуына байланысты бiрнеше қабатта тiршiлiк ете алады.

Тиiндер, мысалы, ұясын ағаштарда салып, сол жерде баласын өсiредi, ал жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жемiстердi жерде жинайды. Биоценоз түрлерiнiң алуантүрлiлiгi үшiн территорияда өсiмдiк бiрқалыпты немесе мозайкалы таралу өте маңызды. Орманның өсiмдiк, құс немесе жәндiктердiң түрлiк құрамы, бiртектi шалғындарға қарағанда бай. Бұл құбылыс түрдiң алуан түр қалпына шеттiк эффект деп аталады және көбiнесе саяжай немесе басқа да жасанды ормандар жасауда қолданылады.

Түрдiң экологиялық қуысы. Бiр биоценозда түрлер тек экологиялық талаптары әртүрлi және бiр-бiрiмен бәсекелестiктi әлсiрететiн жағдайда ғана бiрлесе тiршiлiк ете алады. Сонымен, әрбiр түр ресурстарды әрқалай пайдаланып, басқа түрлермен ерекше байланысқа ие болады.

Биоценоз құрамындағы  түрдiң алатын орны, оның экологиялық қуысы деп аталады. Түрдiң экологиялық қуысы оның әртүрлi факторларға қатысты төзiмдiлiгiнiң шегiн және басқа түрлермен байланысын, немесе тiршiлiк жағдайын және кеңiстiкте таралуын сипаттайды.

Бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң экологиялық қуыстары бiр – бiрiмен айқасып жатады, бiрақ ешқашан толығымен бiр-бiрiмен сәйкес келмейдi, өйткенi бәсекелестiк болмау заңы iске асып, бiр түр екiншi түрдi биоценоздан ығыстырады.

Биоценоздардың тұрақтылығы. Биоценозда популяция iшiндегi өзгерiстер оның тұрақтылығымен әртүрлi байланысқан. Мысалы, егер бiр бәсекелесушi түр екiншiсiн ығыстырса, биоценозда айтарлықтай өзгерiстер болмайды, әсiресе егер бұл түр саны көп түрге жатса. Сәйкес экологиялық қуысты басқа түр басып алуы мүмкiн.

Мысалы, сiбiрдiң шыршалы ормандарында тiршiлiк ететiн бұлғын – көпқоректi жыртқыш, ол майда кемiргiштер, құстар, балқарағайдың жаңғақтары, жемiстер, жәндiктермен қоректенедi, қорегiн жерден, ағаш басынан iздейдi. Солтүстiк европалық ормандардағы орман сусары да осындай. Сонымен, егер сусар орнына орманда бұлғындар тiршiлiк етсе орман биоценозы өзiнiң негiзгi қасиеттерiн сақтайды. Саны аз түрлер биоценоздың өзгергiш бөлiгi және популяциялар жиi аманқалу биоценоз жағынан шегiнде болады. Сонымен олар антропогендi әсердiң нәтижесiнде ең алдымен бiрлестiктен жойылады.

Сирек немесе саны аз түрлердi жоғалту белгiлi уақытқа дейiн негiзгi биоценоздық байланыстарды өзгертпейдi. Мысалы, шыршалы орман үлкен қала маңында ұзақ сақталады және үздiксiз адамдардың болып, таптауына, жемiстiң және гүлдiң жиналуына қарамастан жаңарып отырады және ол жердегi өсiмдiктiң, құстардың, жәндiктердiң көптеген түрлерi жойылады. Мұндай ормандардың құрамы кедей, ал тұрақтылық бiртiндеп әлсiрей бередi. Әлсiреген, кедейленген орман биоценозы қысқа  уақытта, әлсiз әсерлесуге байланысты кенеттен бұзылуы мүмкiн. Мысалы, топырақ құрамының бұзылуына байланысты жапырақтар түсе бастайды, ағаштардың минералды қоры азайып, олар әлсiрейдi, жаппай зиянкестердiң әсерiне ұшырап, өледi.

Биоценоз құрамынан негiзгi орта түзушi түрлердiң шығып қалуы бүкiл жүйенiң бұзылуына немесе бiрлестiктiң ауысуына әкеп соқтырады. Мұндай өзгерiстердi табиғатта адам жасайды, ол орманды кеседi, далалар мен шалғындықтарда мал бағыды, су қоймаларынан балықты аулайды. Бұрын тұрақты бiрлестiктердiң кенеттен бұзылуы – бiртiндеп iшкi байланыстар әлсiрейтiн барлық күрделi жүйенiң қасиетi. Бұл заңдылықтарды жасанды бiрлестiктер жасау немесе табиғи биоценоздарды қалыпта ұстап тұру үшiн өте қажет. Далаларды, ормандарды, саяжайларды қалпына келтiруде бiр-бiрiн толықтыратын немесе бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердi таңдай отырып, бiрлестiктiң күрделi түрлiк немесе кеңiстiктiк құрылымын жасауға ұмтылады, түзiлушi, бiрлестiктiң тұрақтылығы үшiн саны аз түрлердiң әртүрлi айналымның популяция болып жетедi.           

Мысалдар мен қосымша  ақпараттар.

“Биоценоз” атауын ғылымға 1877 ж. Немiс ғалымы Карл Мебиус енгiздi. Солтүстiк теңiзiнiң саяз жерiнде  ұлу шаруашылығының өнiмiн қалай  арттыру керектiгiн зерттей отырып, ол ұлулар басқа теңiз жануарларының түрлерiмен тығыз бiрлестiк  түзенетiн анықтайды, олар белгiлi бiр тереңдiкке , тұздылыққа немесе су температурасына үйретiлген. Бұл бiрлестiктерде тiршiлiк үшiн күрес және түрлер санының реттелуi жүредi, сондықтан олардың өнiмiнiң шегi бар. Осындан мынадай қорытынды шығады: “Егер табиғи бiрлестiктегi жануар немесе өсiмдiк санын арттыру керек болса, онда жауқарынан олардың жұмыртқасын немесе жас дараларын қорғап, қажеттi қорек берiп, кеңестiгiн қамтамасыз ету керек. Бұл ұлуларды жасанды көбейтуде , балықтар уалығындағы орман дала немсе бақша шаруашылығына қажет. Ол жерлерде бiз жасанды тiршiлiк бiрлестiктерiмен кездесемiз, ол жерде негiзгi фактор адам ойының жұмысы және қолдың жұмысы болып табылады.

Қабаттылық биоценоздың  тек жер бетiнде емес, сонымен бiрге жер асты қабатында болады. Әртүрлi өсiмдiктер тамыры әртүрлi тереңдiкте болады.

Сонымен, өсiмдiктер ресурстарды  бөлiсе отырып, бәсекелестiктен аман қалады. Топырақ жануарлары жер астында  талап етедi. Жауын құрты iшiнде  кейбiреуi 1 метр тереңдiкте көлденең ен қазып, жапырақтарды кiргiзедi. Кейбiреуi 20-30 см –ғана кiрiп, топырақ кирендендiсiмен қоректенедi. Үшiншiлерi минералды қабатта болмайды, өмiр бойы ормандағы түскен жапырақтар арасында талап етедi.

Биоценоздың құрылымы мен  құрамы үздiксiз өзгерiп отырады, ол өзгерiстер жыл маусымының ауысуына байланысты. Қыста көпжылдық өсiмдiктер тыныштық күйге көшедi, ал бiржылдық өсiмдiктер тұқым қалдырғаннан кейiн өледi. Суыққанды жануарлар тыныштық күйге түседi. Жылықандылар – құстар мен сүтқоректiлер – белсендi , олардың бiр бөлiгi де ұйқыға кетедi немесе оңтүстiкке миграцияланады. Көктемнен күзге дейiн өсiмдiк жамылғысы да өзгередi, гүлдеу немесе жемiстену кезеңi болады, жануарлар қызметi де микроорганизмдер белсендiлiгi де өзгередi. Бұл үздiксiз айналымға әртүрлi жыл маусымындағы ауа-райы жағдайының өзгеруi де әсер етедi. Суық немесе ыстық, құрғақтылық немесе жауынды кезеңдер жеке түрлер санының артуын тоқтатады, дұрыс айналымды бұзады. Биоценоздар үздiксiз өзгерiс жағдайында болады. Олардың тұрақтылығы негiзгi түрлердiң қатынасын тұрақтандыратын реттеушi байланыстарға негiзделген.

Далалар мен шөлдерде сүтқар арасында келесi түрлер топтарының тiршiлiк жағдайдың ұқсас болады: 1) тұрақты жерасты мекендеушiлер; 2) жер бетiнде қоректенетiн қазушы түрлер; 3) секiрушi шөпқоректiлер; 4) тез жүгiретiн шөпқоректiлер; 5) тез жүгiретiн жыртқыштар. Әртүрлi континенттердегi ашық ландшафтағы сүтқоректiлердiң бұл экологиялық қуыстарының тiршiлiк формасы ұқсас болады. Сонымен, биоценоздың ұқсас түрлерi әртүрлi түрлiк негiзде түзiледi.

Биоценоздарды салыстыру  үшiн әртүрлi әдiстер қолданылады. Мысалы, жаннар формуласымен есептеу:

А – бiрiншi бiрлестiктегi берiлген топтың түр саны,

В – екiншi бiрлестiкте, ол С – екi бiрлестiктегi түрлер саны.

Биоценоздарды жұптасын салыстырады жүктелiк топ бойынша түрлiк құрамдарын қоя отырып, мысалы, гүлдi өсiмдiктер тiзiмi мүктер, қыналар, құстар, сүтқар, жәндiктер және т.б. тiзiмi. Ұқсастық пайызбен көрсетiледi. Мысалы, егер әр биоценозда берiлген топтың 10 түрi болса және олардың 5-i 33 % -тi құрайды, ал егер жалпы түр – 8 болса – онда 66 % .

3 тапсырма. Волга маңы  даласыңдағы 3 участкесiнде ұялайтын  құстардың түрлiк құрамын салыстырыңыз. Жанкаро формуласын пайдаланамыз.

Ковыльная дала: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай бозторғай, каменка-плясунья, каменка-плешанка, далалық лунь, далалық бүркiт.

Орманды шалғындық: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай  бозторғай, сары трясогудка, қызғылт  қараторғай, шабындық лунь.

Ормансыз шалғындық: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай бозторғай, каменка-плясунья, чибис, далалық лунь.

Бiрлестiктiк қай участогында  көбейетiн құстар құрамы бойынша  ұқсас?

 

 Биоценоз туралы түсінік

 

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.Оларды кейде экологиялық топтар деп те атайды.Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала, шөл, орман т.б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне,белгілі бір ортаға бейімделуіне,осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы: Шырша биоценозы,шөлді жердегі шөптесін биоценозы,бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады.Сонымен бірге біз тек,өскен өсімдіктерді ған атап отырғанымыз жоқ,соған қоса осы мекенді тіршілік ететін басқа да тіріоргаизмдерді айтамыз.Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады.Мысалы:Су жағасындағы құмда не батпақты топырақтар биоценозы,аббиссать тереңдегі,пелоги биоценозы деп аталады.Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі.Бұл кеңістікті мекендеген тірі организмдер мен оған әсер ететінорта факторлары бар.Биоценоздың көлемі өте кішкентай,аз болса,олардың арасындағы өту зонасы бірнеше метрге жетуі мүмкін.Осы өту зонасын экотон деп атайды.  
Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардығы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр түрлердің,жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы. 
Биоценоздың негізгі қасиеттері. 
Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін,әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады. 
1)Түрдің молшылығы – осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны.Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін.  
Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі.Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады.Мысалы: О – түрі жоқ,1 – сирек және жайылып орналасқан, 2 – сирек емес, 3 – молшылық, 4 - өте көп кездеседі. 
2)Жиілігі – дегеніміз – биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді.Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді.Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін,бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі. 
3) Тұрақтылығы – мынадай формуламен көрсетуге болады: 
С= Px 100 ; С – тұрақтылық белгісі, Р – сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде – 50 % дейін кездеседі; 2)Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі.3) Кездейсоқ түрлер,сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер. 
4)Басымдылығы – топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп,басымдылық көрсетуін – даминаттық деп атайды. 
Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін,мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар,жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін,ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды. 
Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән. 
5) Сенімділігі – бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды.Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді.Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады.1) Тек 1 биоценозға тән байланысы бар,осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер. 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер – тихноцендті;3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер –ксеноценд.4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады. 
6)Әртүрлілігі – биоценоздың құрамында бірнеше түрлердің тіршілік ету қабілеттілігі. Ол үшін мынадай формуланы пайдаланып,Кортетаның көрсеткіштерін пайдалануға болады: а - әртүрлілік көрсеткіші – Неперов логарифмі және N= анықтаумен білгеннен кейін график бойынша а – ның санын анықтауға болады. 
7) Мерзімді өзгертуі – биоценоз ішінде маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін,кейде 1 тәулік ішінде де өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Өсімдіктер де болатын гүлдену немесе күзде жапырақтардың түсінуі,жануарлар арасында кездесіп жағдайлардың диапауза, миграция тағы басқа. 
8).Сукцелин-әрбір тірі оргонизмнің өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өзін қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын тағы сол сияқты өзгертіп ,сол ортаға әсерін тигізеді, сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріске басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлерінің пайда болуы мүмкін.Осыдай бірнеше рет қайталанып бір биоценоздың орнына жаңадан 2-ші биоценоздың пайда болу сункцессия деп аталады. Мекендік ортаның жағдайына және басқа да қасиеттеріне байланысты бастапқы және 1-ші,2-ші сункцессия деп бөлінеді.

 
 
Тірі  ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия

Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия

Бір территорияда немесе акваторияда өмір сүретін әр түрлі  түрлердің популяциялары табиғатта  өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз өмір сүре алмайды, олар бір – бірімен  үнемі байланыста болады.Бұл қатынас түрлері әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа ағзалармен қоректенеді. Біреулері бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте ұсақ микроағзалар өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде табиғатта ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе акваторияда тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді.

Бірлесіп тіршілік етуші  және ағзалардың өзара байланысы  биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).

Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).

Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі  өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды

Әрбір бірлестіктегі  жеке түрлерге жататын даралардың өзара  және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:

а) трофикалық, б) топикалық  в)фористік г)фабрикалық.

Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде  қоректенуі кезінде туындайды.

Топикалық байланыс бір  түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.

Форикалық байланыс бір  түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан  туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі  өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).

Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.

Боиценоздың құрылымы

Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен  қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң  құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.

Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің  олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.

Жеке түрлердің ролін  анықтау үшін олардың сандық сапасын  анықтап, санақ жүргізіп алады:

Түрдің өте көп болуы  –бір түрдің белгілі бір аудан  көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.

Кездесетін жиілігі  биоценоздағы сол түрдің қаншалықт  ы біртекті немесе әртүрлі тарлуында.

Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.

Биоценоздың кеңістіктік  құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің  – фитоценоз, жерүсті және жерасты  өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.

Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.

Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы  таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.

Мозаикалыққа - өсімдіктердің  горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).

Биоценоздың экологиялық  құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық  құрылымын сипаттайтын түрлі  типтері ағзаның экологиялық  топтарының қатынасы мен анықталады.

Экожүйелер 

Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.

Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым  әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы  зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі  күрделеніп отырады.

Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.

Сонымен қатар, әрбір  биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп  аталады.

Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды  құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым  түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

Биогеоценоздағы күн  сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық  және ең соңында ішкі энергияға айналады.

Әрбір түр органикалық  заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі  энергиясы мол органикалық заттардың  қалған бөлігін басқа ағзалар  пайдаланады. Эволюция барысында әрбір  биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

Экологиялық пирамиданың  мына категорияларын бөлуге болады:

1.Сандар пирамидасы  – әрбір трофикалық сатыдағы  даралар саны.

2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.

3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия  мөлшері. 

«Экожүйелер» және «биогеоценоз»  ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.

Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің  органикалық массасын құру бірлестіктегі  бірінші өнім деп аталады.

Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.

Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету  жағдайлары мен олардың даралар  қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.

Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі  тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық  периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен  болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол  бірлестікте басқарушы түрлердің  пайда болуына әкеледі.

Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия  деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.

Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ  жерде тіршілік түғызады.

Екінші сукцессия – бұрын  тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану  т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық  құрамда қайта қалпына келтіреді.  
Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.


Синэкологияның негізгі ұғымдары

Синэкологияның  негізгі ұғымдары Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.

 

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешеңі деп Қарауға болады.

 
Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: «микроқауымдастық», «синузиялар», «консорциялар» және т.б. ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды «агроценоз» деп атайды. Кез-келгек жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен ара қатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды.

[өңдеу] Биоценоздың түрлік құрылымы

Биоценоздың түрлік құрылымы Әрбір биоценоздың өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, екіншілері керісінше аз болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады Биоценоздың түрлік құрылымы деп ондағы түрлердің алуантүрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің ара қатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік тұндраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақаба суларда - бір немесе бірнеше фактордың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтар түрге жұтаң, кедей болады. Мұндай ортаның қолайсыз жағдайында тек аз ғана түрлер тіршілік ете алады. Сондай-ақ жиі-жиі өзгерістерге ұшырап тұратын, мысалы, жыл сайын өзендердің арнасынан шығып су басып қалатын, гербицидтер қолданылып жер жыртылатын егістіктерде немесе басқа да антропогендік әсерлерге ұшырап отыратын биоценоздарда да түрлік құрам төмен болады. Керісінше, ортаның абиотикалық факторлары оптималға жақын жерлердің бәрінде биоценоздар түрлік құрамға бай болады. Бұларға мысал ретінде тропикалық ормандарды, маржанды рифтерді, шөлді аймақтардағы өзен аңғарларын айтуға болады.

Сонымен қатар биоценоздардың түрлік құрамы, сол биоценоздардың қаншалықты ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқанына да байланысты. Әдетте жас, жаңадан пайда болған биоценоздарда ертерек қалыптасқан қауымдастықтармен салыстырғанда түрлік құрам аз болады. Адам қолымен жасалған биоценоздарда да (егістік, бау-бақша) табиғи жүйесі ұқсас қауымдастықтарға (орман, дала, шалғындық, батпақ) қарағанда түрлік құрам жұпыны болады.

Алайда ең түрге кедей деген  биоценоздардың өзінде әртүрлі систематикалық және экологиялық топтарға жататын бірнеше ондаған түрлер тіршілік етеді. Мысалы, бидай егілген агроценоздарда бидайдан басқа аз да болса әртүрлі арам шөптер, жәндіктер - бидай зиянкестері және фитофагтармен қоректенетін жыртқыштар, тышқан тәрізді кеміргіштер, омыртқасыздар, топырақ қабатындағы майда организмдер, патогенді саңырауқұлақтар және басқа да көптеген түрлер тіршілік етеді.

Бүкіл құрылық тағы дерлік және көптеген су биоценоздарының құрамына микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар кіреді. Алайда кей жағдайларда өсімдіктері жоқ (мысалы, үңгірлерде, судың терең қабаттарында), сирек жағдайда тек микроорганизмдерден тұратын (мысалы, су түбіндегі анаэробты ортада, көмірсутекті су көздерінде және т.б.) биоценоздар түзіледі.

Микроскопиялық организмдер болуына  және көптеген топтардың систематикасының толық құрастырылмағанына байланысты биоңеноздағы түрлердің санын білу өте қиын. Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс.

Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрлері, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады. Қауымдастықта доминантгар «түрлік негізін» құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.

Құрылықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып: шыршалы ормандарда - шырша, қарағайлы ормандарда Қарағай, далаілы аймақта - шымды астық тұқымдастары болып табылады. Алайда, кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін. Мысалы, суырлар колониясы мекендейтін территорияда ландшафттың, микроклиматтың және өсімдіктердің өсу жағдайлары сол суырлардың тіршілігіне, жерді қазуына байланысты.

Биоценоздың түрлік құрамындағы жеке бір түрдің ролін білу үшін сандық есепке негізделген әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі бір түрге жататын особьтардың санын - түрдің молдығы деп атайды. Мысалы, көлдегі судың 1 дм3 мөлшеріндегі майда шаян тәрізділердің саны немесе 1 км2 далалы жердегі ұя салған құстардың саны және т.с.с. Кейде түрдің молдығын есептеу үшін особьтар санының орнына олардың жалпы салмағының мәнін есептейді. Биоценоздағы түрлердің бірқалыпты немесе әрқалай таралуын кез болудың жиілігі деп атайды. Ол алаңқайдағы есептелген санның пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.

[өңдеу] Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы

Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жамылғысымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсгі мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады. Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады.

Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды багытта (тігінен) орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктігі бойынша жіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқ а тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.

Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылык, бөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады. Ярустылық әсіресе қоңыржай белдеудің ормандарында жақсы байқалады. Мысалы, шыршалы ормандарда ағашты, шөпті-бұталы және мүктер ярустылығы анық білінеді. Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады: I немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т.б) құралған;II ярус - басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал т.б.) құралған; III ярусты бұталар (шие, итмұрын) құраса; IV ярус биік шөптесін өсімдіктерден (сасыр, тобылғы); V ярус олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай); ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды.

Ормандарда міндетті түрде ярусаралық өсімдіктер - балдырлар, ағаштардың діңі мен бүтақтарында өсетін қыналар, эпифиттер, лианалар және т.б. болады.

Ярустылық өсімдіктердің күн сәулесін біршама толық алуына септігін тигізеді: биік өсімдіктердің көлеңкесінде көлеңкеге төзімді және аз ғана жарықты қанағат ететін көлеңке сүйгіш өсімдіктер тіршілік етеді.

Ярустылық шөптесін өсімдіктер қауымдастықтарында да (шалғындықтар, саванналар) байқалады, бірақ ормандағыдай анық болмайды. Сонымен қатар мұнда ярустылық та аз болады. Фитоңеноздардың жер асты ярустылыгы өсімдіктердің тамыр Үйелерінің әртүрлі тереңдікте болуына байланысты.

Ормандарда көбіне бірнеше (алтыға дейін) ярустар байқалады. Жануарлар да өсімдіктердің кейбір ярустарында көп шоғырланады. Кейбіреулері сол ярусты мүлдем ауыстырмайды да. Мысалы, жәндіктер арасында мынадай топтарды ажыратады: топырақта тіршілік ететіндерді - геобий, топырақтың беткі қабатындағыларды - герпетобий, мүктер ярусындағыларды - бриобий, шөптесін өсімдіктердегі - филлобий, одан жоғары ярустағыларды - аэробий деп бөледі. Құстардың арасында да өз ұясын тек жерде (тауық төрізділер, бұлдырықтар және т.б.), бұталы ярустарда немесе ағаш бұтақтарында (торғай, ірі жыртқыш құстар) салатындары да болады.

Биоценоз