Биполярлы транзистор
Тақырыбы: Абайдың ән - күйлері
(шығармашылық жұмыс)
Жоспар
1. Ән - күй – ел өмірінің бейнесі.
2. Абайдың халықтық ән - күй өнерін бағалап
құрметтеуі. Өлеңдері. Ән - музыка туралы
өлеңдерінің идеясы.
3. Абайдың өз әндері мен күйлері, Абай
– композитор.
4. Абайдың ән өнері туралы пікірлерінің
және әндерінің қазіргі құндылығы.
Қазақ халқының ертеден келе жатқан рухани
қазынасының, өнерінің бірі – ән мен күй.
Ән мен күй арқылы халық өзінің тұрмыс
- тіршілігін, қуаныш пен қайғысын, азаттық
жолындағы күресін, арман - тілегін білдіріп
отырады, яғни ән мен күй халық өмірінің
айнасы секілді. Қазақта екінің бірі әнші,
домбырашы, ақын екені мәлім, сондықтан
ол ақын жанды халық деп аталып кеткен.
Халқымыздың осындай қасиетін басқа халық
өкілдері жақсы біліп, таң қала бағалаған.
Мысалы,
ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс ғалымы Вульфсон
былай деп жазған.
«Өмірімде өлеңнің сондай соншалық мәні
бар қырғыздардай өзге халықты табу қиын
шығар... Қырғыз өмірінде қуаныш та, қайғы
ма, қандай оқиға болмасын, ол соның бәрін
өлеңмен толғайды, ол мейлі сүйген қызына
құда түсе ме, неке қию, той, ұлының, дүниеге
келгенін тойлай ма – соның бәрі де өлеңсіз
өтпейді, үйінде біреуі ауырып қала ма
не біреуі жерленіп, оған ас беріле ме
соның бәрінде алдымен өлең жүреді және
бәрінің арнаулы өз өлеңдері болады не
сол сәтте ойдан шығарылады».
№34- сабақ.
Сабақтың тақырыбы. Қорытынды сабақ. Абайдың өз тәрбиесінде болған ақын шәкірттері (ұлдары: Ақылбай мен Мағауия)
Жоспар: 1. Ақылбайдың шығармашылық өмірбаяны. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің мәні.2. Ақылбай дастандарының идеялық-тақырыптық мазмұны3. Мағауия- Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған шәкірті. 4. Мағауия- классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.
Лекция мәтіні:
1.М. Әуезов өзінің «Абай(Ибраһиим)
Құнанбайұлы» атты монографиясының
көлемді тарауын Абайдың көрнекті
шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына
арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын
талдамас бұрын оның өмірі
туралы қысқаша деректер келтірген.
Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған. Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған. Абай оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін шығарады.
Абай өлеңінде:
Ата – анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?
Тәңірі сорлы етсе бенде,
Не бітірер құр жылап.
Жігері жоқ ақылы кенде,
Жамбасыңнан жат сұлап!
Бір жаман мен бе?
Дедің бе,
Көңіліңде? – деп, жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен ой салады. Ақылбайға Абайдың ақындығын, ақылшы ұстаз екендігін танытып, оның тәрбиесіне ауысуына себеп болған.
Бұл Абайдың үлкен білімдар, атақты болған кезі еді. М. Әуезов Ақылбайдың осы кезде Абайдың ақындығына тәнті болып, оның үлгі - өнегесінің, қасиетінің ықпалымен өз бойындағы ақындық қуатын жарыққа шығара бастағандығын айтады.
Ақылбай алғашқыда ақындығын қысқа өлеңдер шығарумен байқатып жүрсе, кейін бірнеше үлкен поэма жазды. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң ән-күй, музыка өнеріне ден қояды. Ол шебер домбырашы әрі скрипкашы болған. Сонымен қатар, Ақылбайдың өз жанынан ән шығаратын компазиторлық таланты да бар еді.
2. М. Әуезов өзінің аталмыш
монографиясында Ақылбайдың жазып
шығарған үш поэмасы бар екендігін
айтып, оның алғашқысы «Жаррахтың»
мүлде жоғалып кеткендігін, «Зұлыстың»
бас жағы ғана сақталғанын, аман-есен
жеткені жалғыз «Дағыстан» поэмасы
екендігін көрсетеді. Зерттеуші
Ақылбайдың поэмаларын өмірінің
соңғы кезеңінде шығарғандығын,
ақындық талантын ірі үлгілер
мен кесек еңбектер тудырып
таныта бастаған шағында, ақындық
өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан
кезінде, әкесі Абайдан кейін 40 күн
ғана өмір сүріп қаза болғанын
өкінішпен жазады. Бұдан кейін
«Дағыстан» поэмасына тоқталып,
оған жан-жақты талдау берген.
Әуелі поэманың тақырыптық өзгешелігі,
сюжеттік желісі туралы сөз
болады.М. Әуезов: «Ақылбай осы шығармада
қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты
қазақ тіршілігінен ұзап барып,
өзге ел тұрмысынан алып жазады.
Абайдың антик дәуірінен Ескендір, араб
ескілігінен Масғұт тақырыбын алып, ұлттық
шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін
танытады... Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда
болған бір тартыс әрекетті баян етеді,»
- дейді де, онан кейін шығарма сюжетін
қысқаша мазмұндай отырып, поэмаға талдау
жасайды.
Поэмада кең орын алатын табиғат суреті Абай аударған Лермонтовтың «Теректің сыйы» деген өлеңін еске түсіретінін зерттеуші орынды атап өтеді. Кавказда атып келе жатқан таң көрінісі, жайқалып, мың құлпырған гүл-бәйшешек, сұлулыққа тамсанып сайраған бұлбұл үні – бәрі де ерекше бояулармен көз алдыңнан өткендей болады.
Сол әсем табиғат аясында өмір кешіп жатқан тау халқының, Дағыстан елінің әдет-ғұрпы, мінезі сипатталады, қазақтан өзгеше жұрт екендігі айтылады. Ақылбай суреттеуінде таулықтар кекшіл, ашушаң, қатал ерлігі бар, суық мінезді, қанжар жұмсағыш, қанға қан деген серттің адамдары болып сипатталады.
М. Әуезов поэма оқиғасының қызғылықты баяндалатынын жоғары бағалады. «Сюжет құрылысындағы Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған,» - деп атап өтеді.
М. Әуезовтің зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Ақылбай бүгінгі ұрпаққа Абайдың ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алған талантты ақын шәкірттерінің бірі ретінде танылып отыр. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде тіпті ұлы ақын, ұстаз ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығармалар тудырды.
Егер Абай туған топырағындағы және әлемдік мәдениеттегі реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрлерін өзіне үлгі етіп алса, оның ақын шәкірттері сол ұстаз ақынның нұсқауымен батыстың романтикалық стиліне көбірек назар аударған.
Ақылбай поэмалары мазмұны жағынан да, түр жағынан да сюжеттік композициялық құрылысы тұрғысынан да батыстың классикалық поэзиясы үлгілерінен кем түспейді. Олай дейтініміз, М. Әуезовтің өзі айтқандай, Ақылбайдың суреткерлігінде батыстың классик ақындары тәрізді ең әуелі кеңдік, үйлесімділік, дәлдік нақтылық бар.
Екіншіден, Ақылбай сюжет құруға шебер ақын. Ол батыс әдебиетіндегі қызықты оқиға туғызу дәстүрін жетік меңгерген. Өз шығармаларында фантастикалық және жартылай ертегілік элементтерді тиімді пайдалана алған.
3. М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.
Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.
М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат - Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.
4. Мағауияның «Медғат -Қасым»
поэмасының тақырыбы Ақылбайдың
«Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді
қазақтан жырақ алыс ел өмірінен
алынған. Поэмада Африка елінің
болмысынан алынған оқиғалар
сөз болады. М. Әуезов Мағауияның
да Ақылбай тәрізді Европа
және орыс классик поэзиясынан
үлгі алғандығын, оның «Медғат - Қасым»
поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай
фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик -
Кериб» сияқты түстік поэмаларын
және Байронның шығыстық поэмаларын
еске түсіретіндігін атап өтеді.
Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.
Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.
Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.
М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.
«Медғат - Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі - жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.
М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.
Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.
М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.
М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:
Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен үлестірген білімдар ақын.
Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.
«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.
Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз
№29,30,31 - Сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының таралу жолдары
«Өзгеге көңілің тоярсың»
Жоспар:
1. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба көшірмелері
2. Абай мұрасының ауызша таралуы
3. Абай шығармаларының 1909 жылдан бастап баспа бетін көруі
Лекция мәтіні:
1.М. Әуезов
о баста-ақ Абай
Абай шығармаларының әр түрлі таралу жолына М. Әуезов ерекше ден қоя қараған. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба көшірмелерде жататын-ды.Ақын шығармаларына құмартушылар оны арнаулы кісілерге көшіртіп алып сақтайтын. Немесе өзі үшін көшіріп алушылар, не арнайы түрде көшіріп берушілер тобы да ақынның көзі тірісінде көптеп кездесетін-ді.
Абай өлеңінің шын мәнінде бізге дейін жетіп келген қолжазба көшірмелері де болды. Мұның ішінде ерекше керектісі – Мүрсейіт көшірген қолжазбалар. Мүрсейіт Абай шығармаларын 1896 жылдан бастап көшіре бастаған. Өзі құрастырып, асыл түпнұсқа ретінде көшіріп жинақтағандарын ел арасына қолқа салып, ақы төлеп алатындарға қайта көшіріп беріп қызмет етсе де, келешектегі қазақ әдебиеті үшін теңдесі жоқ тарихи қызмет атқарып жатты. Абай айналасындағылар ақын шығармаларын көшіруді дәстүрге айналдырса, артынан осы дәстүрді Ғабитхан, Мұхаммедкәрім, Махмұт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайрабай сияқты бір топ сауатты жастар жалғастырып әкетті. 1974 жылы Шыңғыстаудан табылған Абай өлеңдерінің қолжазбасы да ( көлемі 44 бет) жоғарыда атап өткен дәстүрдің бір көрінісі десе болғандай.
Абай мұрасының көптеген қолжазба көшірмелерімен сол ортада туып өскен М. Әуезов ерте танысты. Есейе келе аталмыш жазба деректерге сынмен, ғылым талғамымен қарап, онда кеткен текстологиялық ауытқуларды тамыршыдай танып өскеніне екі түрлі жағдай әсер етіп, көмектескендей: мұның бірі – М. Әуезов балауса бала кезінде Абай шығармаларын жатқа білу болса, екіншісі, Абаймен жолдас, туыс болып, қатар өмір сүрген білікті, ақындық өнермен танылған бір топ талантты кісілермен әңгіме-дүкен құрып, солар айтқан Абай өлеңдерімен ерте қанығуында жатқан сияқты.
Қазіргі күнде қолда бар 1905, 1907, 1910 жылдары көшірілген Мүрсейіт қолжазаларын бір-бірімен салыстыра қарағанда елеулі текстологиялық өзгерістер ұшырасады.
Абай мұрасын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолындағы басты деректер көзінің екінші арнасы - Абай өлеңдерінің 1909 жылғы Петербургте басылған тұңғыш жинағы мен мерзімді баспасөзде қазақ, орыс тілінде жарияланған басылымдарымен шектеледі. Тұңғыш жинақ Абай шығармаларын түпнұсқа қалпын жақсы білетін Кәкітай мен Тұрағұл тарапынан даярланып, алғаш рет өлеңдердің жазылған мерзімдері қойылуымен де ерекшеленеді. Осы себепті бұл жинақ Абай шығармаларын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында жүргізіліп келе жатқан текстологиялық жұмыстардың сүйенер тірек негізі ретіндегі басты қайнар көзге айналып отыр. 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған “Абай термесінде” тұңғыш рет 1-қарасөзі мен 7 өлеңі басылды. Бұл басылымға да М. Әуезов назар аударып, абайтанудан оқыған лекцияларында сөз етіп отырған.
2. Абай мұрасын оның
ұмтылған шығармаларымен, кейбір
өлең жолдарымен толықтыру кезінде
ауызша тараған өлеңдері де
ілгері дерек көзі боп табылмақ.
Бұл М. Әуезов жүргізген текстологиялық
жұмыстардың нәтижесінен көрінеді.
Дәстүрге енген салт бойынша ақын мұрасын ауызша тарату жолында Абай маңында топталған көкірек көзі ашық өнерпаз ақын, жыршы, әнші, шежіреші Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Бейсембай, Әлмағамбеттер әрекет етті. Осымен қабат алыстан ат арылтып кеп, қона жатып, Абай өлеңдері мен әндерін үйреніп, өнеге үлгісін елге жаюшы Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Мұқа, Мауқай, Шашубай, Ажар, Зейнеп, Сара, Қуандықтар сияқты көптеген өнерпаздар арқылы да ақын өлеңдері ауызша таралып жатты.
Советтік дәуірде ең алғаш М. Әуезов шығармаларын жинастырып, тұңғыш толық жинағын құрастыру жолында асыл түпнұсқаны толықтырып, ұмыт болған шығармаларын қайта тірілтуде бірден-бірге жатқа біліп, ауызша тарату дәстүрі өз жемісін көптеп берді.
Абай әрі ақын, әрі композитор. Әсіресе, Абай өлеңдерінен - арнайы ән шығарғандары қазақ даласына айрықша мол әрі тез таралған. Абай өлеңінің әнмен таралуында, әсіресе, Абай маңында болған Мұқа, Әлмағамбет, Мұқаметжан, Әйгерім сияқты атақты әншілердің орны ерекше болғаны зерттеу негізінде табылған деректер бойынша беріледі, ол әндердің, тіпті, халықтық репертуарға айналып кеткені аяулы да ару қыз-келіншектер мен жас жігіттер арқылы ойын-той, әр түрлі жиындарды суреттеу үстінде көрсетіледі. Абай өлеңдерінің таралу тарихы мен жолдары өмірде болған шындық негізінде ғылыми зерттеу жұмыстары мен көп томды эпопея желісінде бір негізде беріліп отыратынын көреміз.
Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіріп, толықтыру жолында осылардың арасында Абайдың көп жыл үзеңгі жолдасы болған Көкбай сіңірген еңбекке М. Әуезов айрықша мән берген.
Абай өлеңдері революцияға дейінгі дәстүрде ауызша түрінде мол таралып отырумен қатар, сол ауызша таралған өлеңдердің кейбірі баспасөз бетіне де түсе бастады. “Қан сонарда бүркітші шығады аңға”, “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы”, “Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман”, “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” т.б. өлеңдері Қазан, Уфа баспаларында жарияланған кітап беттерінде жарық көріп жатты. Бірақ олар асыл түпнұсқа ретінде салынған Абай қолжазбаларынан алынбады.
1945 жылғы юбилейі
қарсаңында басылуға тиісті
толық жинаққа осы іспеттес
екі өлең ұсынады. Зейнелғабиден
ибн Әміре әл Жәуһари әл- Омскаудің
1909 жылы Уфада жарияланған “ Насихат-Қазақия”
кітабында басылған бір топ
Абай өлеңдері ішінен “ Қартайдық,
қайғы ойладық, ұйқы сергек”, “Ал
енді жақсы дейміз кімді қалап”
деген атпен басылған екі өлеңі
М.Әуезов өз қолымен көшіріп
ендірген. 1903 жылы Қазанда басылған
“Байлар жүр жиған малын қорғалатып”
өлеңі бөгде кісі атынан айтылады
әрі тексі жағынан да көп
өзгеріске түскен.
Зейнелғабиден өз замандастары арасында Абай мұрасын, әсіресе, ақын тілі мен көркемдік қуатын аса жоғары бағалайды. Абай шығармаларын қазақ поэзиясының гауһары деп танып, татар оқытушыларына қазақ әдебиетінің классикалық үлгі - өнегесі ретінде танытады.
Абай өлеңдері ауызша айтылуынан баспасөзге түсуімен қатар, кейде ауызша жаңа вариантпен жырланып, хатқа түскен түрі де кездеседі.
М. Әуезов, тіпті, өмірінің соңғы жылдарына дейін ауызша таралған Абай өлеңдері тағдырына, ондағы текстологиялық сырына үңіле түсіп, оларды үнемі жинастырып отырған.
М. Әуезов 1933 жылы: “Абайдың әдетінде бір жазған өлеңін қайта түзеп жазып, қайтадан қарастыру машығы жоқ. Жалғыз ғана “Сегіз аяқ” деген өлеңінің басын қайта бір түрлі ғылып айтып еді деген сөз бар”, - деп ескертеді. Абай өз шығармасын бір жазған соң өзгертпейтініне ақын замандастары куәгер.
М. Әуезов жоғарыда аталған әр түрлі жағдайда туған ерекшелігі бар деректер көзін пайдалану, оны зерттей отырып пайдалысын, асылдарын екшеп алудан тартынбаған. Абай мұрасын канондық бір ізге түсіру жолында аталып өткен деректер көзін тұтас қамтып, дер кезінде іздену нәтижесінде Абай шығармаларына көптеген өлең жолдарын, тұтас күйінде табылған сом алтындай жаңа өлеңдер тобын қосып, ата мұрамызды өлшеусіз байытты.
3.Абай шығармалары қазақ тілінде 1909 жылдан бастап таңдамалы, толық жинақ түрінде үздіксіз жарияланып келеді. 1909 жылы Петербургте, 1916 жылы Орынборда жарияланған тұңғыш жинақты еске алмасақ, соңғы басылымдардың бәрі де советтік дәуірде жарық көрді.
1924 жылдан бастап-ақ даярланса
да, тек 1933 жылы шыққан Абай шығармаларының
тұңғыш толық жинағы кейінгі
дәуірде дүркін-дүркін жарияланып
келе жатқан әр түрлі көлемдегі
таңдамалар мен толық жинақтардың
бәрі де М. Әуезов даярлауымен,
редакциялауымен немесе редколлегия
мүшесі ретінде кеңес беріп, жол
басшылық етумен шығып келеді.
1922 жылы Ташкенттегі В.И.
Ленин атындағы Орта Азия университетінде
еркін тыңдаушы ретінде оқып
жүрген кезінде-ақ кейбір оқу
орындарында қазақ әдеиетінен
дәріс беріп, Абай мұрасы жайлы
терең танымын, ақын мұрасын ұзтаздық,
ғылыми творчестволық жолмен
насихаттап жүргені байқалады.
Ұлы ақын мұрасын жинау, жариялау, ғылыми зертеулер жүргізу ісі М.Әуезовтің абайтануда жүргізген ұлан ғайыр жұмыстарының рухани өзегіне айналған саласы десе болғандай.
Алғаш рет М. Әуезов С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде 1942 жылдан бастап қазақ әдебиетін оқыту тарихында абайтанудан арнайы курс пен семинар сабағын жүргізе бастады.
М. Әуезов әуелі 1909 жылы Петербургте басылған тұңғыш Абай жинағына енбей қалған Мүрсейіт қолжазбаларындағы ақын шығармаларына назар аударды. Мүрсейіт қолжазбасында бар шығармалардан жинаққа енбей қалған 17 өлең (626 жол өлең), бір аударма поэма (“Вадим”), 45 қарасөз, 1 тарихи шығарма бар екенін анықтайды.
Ақын мұрасының үштен біріндей өз қалпына келтіру жолындағы М. Әуезовтің бұл тарихи еңбегі теңдесі жоқ мол табыс екендігін бүгінгі ұрпақ әрдайым ризалықпен еске алады.

- Биполярлы транзисторлар
- Биполярлы транзисторлар туралы қазақша
- Биполярная система
- Биполярные транзисторы
- Биполярные транзисторы
- Биполярные транзисторы
- Биполярные транзисторы. Параметры и применение
- Биоэтика: проблема взаимоотношения с биологией, философией, этикой, психологией, медицинской деонтологией и правом
- Биоэтика: проблема взаимоотношения с биологией, философией, этикой, психологией, медицинской деонтологией и правом
- Биоэтика: Проблемы и решения
- Биоэтика туралы түсінік
- Биоэтические проблемы медицины
- Биполярлық транзистор
- Биполярлы транзистор