Бизнес жоспар. 3
Жоспар:
Кіріспе
1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеті.
2. Қаржылық жоспаржың құрылымы.
3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.
4. Шығын және аударым жарнасын жоспарлау.
5. Қаржылық жопарды тексеру.
Қорытынды
Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері.
Кәсіпорынның қаржылық жоспары – ақшалай қаржы түсімі мен шығысының мөлшерін көрсететін құжат. Кәсіпорынның табысы мен шығынның бағытын, бюджетке төленетін төлемді ескере отырып теңгерім жасау.
Нарықты экономика қаржылық жоспарлау әдіснамасына, қаржылардың кәсіпорынды басқарудағы шаруашылық тұтқасындағы орыны мен қызметіне елеулі өзгерістер енгізді. Ақшалай қаражат мөлшерын қалыптастыру, бөлу және оны қалай пайдалану жолдарын, кәсіпорындардың өздері таңдап алатын болды. Қаражат жоспары мен оны бақылаудың жаңа әдіснамасы шаруашылық құжаттары мен бюджеттің өзара қатынасын белгілі бір жүйеге келтірді. Кәсіпорынның даму стратегиясын анықтауда қауіп мөлшері ұлғайды: табыспен жұмыс істеу немесе тақырға отыру. Сондықтан қаражат қорын тиімді пайдалану шаруашылықты жүргізу стратегиясы мен тактикасында, жаңартымдар мен қаражаттандыру тұрғысында шешім қабылдау кезінде ең негізгі өлшем болып табылады. Кәсіпорындарды нарықты басқару концепциясы, басшылар мен мамандардың назарын шет елдердің қаржылық жоспарлау тәслдеріне назар аударуға мәжбүр етті. Шет елдерде пайдаланатын тәсілдерді білу, жаңа мамандарды жұмысқа қабылдауда кәсіпорын басшыларының негізгі талаптарының біріне айналды.
Қаржыны
жоспарлау қаржы қарым-
- Кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өнімді өткізу процесіндегі (жұмыс, қызмет көрсету), немесе коммерциялық несие айырбасы кезіндегі;
- Кәсіпорынның меншік иелері, еңбекші ұжымы және жекелеген жұмыскермен еңбек ақы төлеу барысындағы;
- ортақ міндетті атқаруға құрылған қаражат ресурсының орталық қорын ұйымдастыру және ондағы ресурсты пайдалану кезеңдегі бірлестіктің құрамына кіретін шаруашылық ұжымдары арасындағы;
- бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу кезінде және бюджет бойынша бөлінген қаржыны бөлісу кезіндегі бірлестікпен, кәсіпорындар және мемлекеттік бюджет арасындағы;
- алынған несие және оның пайыз төлемін төлеу кезіндегі кәсіпорындар және коммерциялық банкпен арадағы;
- кәсіпорының мүлкін сақтандыру кезіндегі кәсіпорын және сақтандыру мекемелерімен арадағы;
Қаражат жоспары бұл қатынастарды бір жүйеге келтіріп, кәсіпорын қызметінің арқасында жеткен жетістіктің қаражат нәтижесін алдын ала көріп отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық және тактикалық жоспарында белгіленген мақсатқа жету үшін қаражат ағымын қалай пайдалану жолын ұйымдастыруға көмектеседі. Қаражат жоспарының негізгі мақсаты, болашақтағы шығындарды кәсіпорынның қаражат мүмкіндігімен теңгерімге келтіру.
Қаражат
жоспары жасау барысында
- меншікті қаражат ресурсының көзі және оның мөлшерін анықтау (табыс, амортизациялық аударым, орнықты пассивтер және т.б.)
- құнды қағаздар шығару, несие, қарыз алу арқылы сырттан қаражат ресурсын тарту жөнінде шешім қабылдау;
- Кәсіпорынға қажетті қаражат ресурсының мөлшерін анықтап, ішкі шаруашылық қажеттігіне балама бөліс мөлшерін анықтау, артық қаржылық басқа кәсіпорындарға үлес ақы, табыс алу мақсатында жұмсау;
- жоспарланған инвестициясының (күрделі қаржы жұмсалымы) экономикалық тиімділігі мен мақсатқа сай екенін нақтылау;
- өндірістің тиімділігін арттыру, табыс табу мақсатында, кәсіпорынның өндірістік қуатын, негізгі қорларын және айналым қаражатын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу;
- басшы мекемелер, банк және мемлекеттік бюджетпен кәсіпорын арасындағы қаражат қатынасын анықтау.
Қаражат жоспары кәсіпорында жоспарлы – экономика және қаражат бөлімдерінде жасалынады. Жеке қаражат бөлімдері негізінен ірі және орташа кәсіпорындарда құрылады. Бөлімнің құрамына мыналар кіреді:
- қаражат жоспарлау бөлімі;
- қаражат және шаруашылық жағдайын талдау бөлімі;
- кассалық операция бөлімі.
Қаражат бөлімінің жоспарлау бағытындағы қызметі:
- барлық ресурстарды тиімді пайдалану және ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін толық жұмылдыра отырып қажетті есептеулер арқылы қаражат жоспарының жобаларын жасау;
- белгіленген мерзім ішінде несиелік сұраулар және кассалық жоспарларды құрастырып банк бөлімшелеріне ұсыну және оны талқылауға қатысу;
- өнімді сату жоспарын құруға қатысу. Жылдық баланстық табысты және табыстылық көрсеткіштерін анықтау;
- амортизациялық төлемнің жоспарлы мөлшерін анықтау және оны негізгі қорды толық қалпына келтіру және күрделі жөндеуге бөлу;
- меншікті айналым қаражатының элементтері мен нормаларын анықтауға қатысу;
- негізгі қорды күрделі жөндеуден өткізу жоспарын жасау;
- баланстық табысты және амортизациялық төлемді бөлу жоспарын жасау;
- ғылыми–зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржылау жоспарын жасауға қатысу;
- жеткізуші мен мердігерлердің кінәрат – талаптары бойынша есеп-қисап жасау;
- тоқсандық қаражат көрсеткіштерін айларға бөлу;
- қаражат жоспарының көрсеткіштерін және одан шығатын тапсырмалар, шектеулер және нормаларды кәсіпорынның барлық бөлімшелерін жеткізу;
- айлық оперативтік қаражат жоспарын жасау;
- ақшалай сипаттамадағы өнімді өткізу және табыстың оперативтік жоспарын жасау;
- тауарлы өнімді жөнелтудің оперативтік жоспарын жасау;
- нормадан жоғары босалқы қор жиналып қалмас үшін тауарлы материалды құндылықтарды жеткізу ісін бақылау;
- қаражат, несие және кассалық жоспарлаудың орындалуын қамтамасыз ету;
- төлемдерді бақылау;
күнделікті оперативті есеп - қисап жүргізу.
2. Қаржылық жоспаржың құрылымы
Қаражат жоспары табыс пен шығыстың теңгерімдік, сонымен қатар теңгерімнің баптарын анықтайтын есеп айырысу формасы түрінде құрылады.
Табыс пен шығыс теңгерімі мынадай бөлімдерден тұрады:
- табыс пен қаражат түсімі;
- шығын және қаржы аударымы;
- бюджетке төлем;
- бюджет бойынша қаржы бөлу.
Қаражат жоспарының құрылымының жоба нысаны 2.1–шы кестеде көрсетілген.
Қаражат жоспарының көрсеткіштерінің құрамы әртүрлі дәрежеде бөлшектелген болуы мүмкін, сондықтан қаражат жоспарының нысанын жоғарғы мекемелермен және жоспар ұсынылатын мекемелермен (қаражат және салық мекемелері) келісілген болуы керек. Жекелеген баптар неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылған болса, соғұрлым қабылданған қаражат жоспарындағы шешімдер сенімді және негізделген болады.
Қаражат жоспары мынандай мәлеметтердің негізінен жасалады:
- жоспар жасалып отырған мерзімнің алдындағы 2-3 жылдық бухгалтерлік баланстың нақты деректері;
- өнімді өндіру және өткізу жоспарының көрсеткіштері;
- өндірістің шығын сметасы немесе кәсіпорынның өнім өндіруге, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметке жұмсаған қаражат қортындысы;
- әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық объектілерді ұстауға кететін шығын сметасы;
- инвестиция мен күрделі қаржы жұмсалымының мөлшері жөніндегі деректер;
- негізгі қорлар мен айналым қаражатының өзгерістері жөніндегі деректер;
- өткізу бағасының есептеулері;
- амартизациалық аударымның нормалары;
- меншікті айналым қаражатының мөлшері;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлем өтелімнің мөлшерлемесі;
- шығынның жекелеген баптарына қойылған шектеулер шамасы, мысалы фирмалық киім, өкілдік және іссапар шығындары, қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттар үшін төлем;
өнімді сатып алушы, шикізат жеткізуші, несие берген банк және салық жөнінде біджетпен есептесу шарттары.
3.Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
Қаражат жоспарын құру алгоритімі мынандай кезеңдерден құрылады:
● кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау;
● табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау;
● шығын және аударым жарнасын жоспарлау;
● қаражат жоспарын тексеру.
Жоғарыда айтылған кезендерді жеке-жеке қарастырамыз.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың негізгі міндеттері:
- объективті және субъективті факторлардың кәсіпорының қаражат көрсеткіштеріне әсерінің мөлшерін анықтау;
- кәсіпорынның қаражат жағдайын және оны өзгерту факторларын бағалау;
- кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қаражат жоспарының көрсеткішін қамтамасыз етудегі іс әрекеттерін бағалау;
- қаражат, есеп және несие тәртіптерінің орындалуын талдау;
- табыстылықты көтерудің жаңа жолдарын іздестіріп, оны пайдаланудың тәсілдерін қарастыру.
Қаражатты талдау процессінде мына мәселелер зертеледі:
- кәсіпорында бар қаражаттар, оның құрамы және құрылымы, оларды өзгертудің себептері мен нәтижелері;
- кәсіпорынның қаражат көздерінің барлығы, құрамы мен құрылымы, өзгеру себептері мен нәтижелері;
- ұзақ мерзім активтердің жағдайы, құрылымы және өзгеру серпіні;
- дебиторлық берешек;
- қаражатты пайдаланудың тиімділігі.
Ақырында мынандай талдау, жоспарлау кезеңіндегі нақты шаруашылық жағдайды ескере отырып, қаражат нәтижелерін болжауға мүмкіндік беру керек.
Қаражатты талдаудың мәлімет көзі болып, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, пайда мен залал туралы есеп беру нысаны, бухгалтерлік баланстың қосымшасы және де басқа есеп құжаттары табылады.
Кәсіпорынның қаражат жағдайы мынандай көрсеткіштермен сипатталады: ағымды және келешектегі төлем қабілеттілігі, қаражат айналымдағы, меншікті және қарыз қаражаттының барлығы, оны пайдаланудың тиімділігі ж. б. Қаражат жоспарының шешімін нақтылауға арналған қаражатты талдау әдістемесынің өзіне тән ерекшелігыі болады. Талдау кәсіпорынның активтерінен басталады.
Кәсіпорынның активтерін талдау барысында оның барлығы, құрамы, құрылымы, серпінісі зертеледі. Жоспар жасалынып жатқан мерзімнің алдыңғы жылымен салыстырғанда кәсіпорынның жалпы қаржысы қаншаға өскенін немесе кемігенін, қаражаттың ұзақ мерзімдік және ағымдық активтері арасындағы бөлінісі қалай өзгергенін анықтаймыз.
Ұзақ мерзімді активтер - қаражатты жылжымайтын дүние – мүліктер, құнды қағаздар (акция, облигация), бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына жұмсау. Ұзақ мерзімді активтерге материалды емес активтерде жатады. Ұзақ мерзімді активтерді талдау, оған жасалған жұмсаудың қауіп дәрежесін, гудвилл және олардың өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Негізгі назарды ағымдық активтердің құрылымын талдауға аударған жөн. Құрылымда материалдық айналым қаражатының (өндірістік сақтаулы қор, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, жөнелтілген тавар); ақша (қолда бар ақша, қысқа мерзімді құнды қағаз); дебиторлық берешек және басқадай активтер (болашақ мерзімінің шығыны т. б.) үлес салмағының қалай өзгергенін анықтау керек. Талдау барысында ағымды активтердің есепті кезендегі құрамын нашарлатуға әсер еткен жағымсыз себептерді табу, жоспарлау кезеңінде осы факторларды жою және тиімді қаражат стратегиясын жасау керек.
Ішкі және сыртқы факторлардың жиынының әсерінен құрылған қаражат жоспарының өзіндік стратегиясы болуы керек. Олардың ең маңыздыларына мыналар жатады:
- құнсыздану. Бағаның құнсыздануы мен айналымды қордың айналымдағы арсында байланыс бар; айналымдылық неғұрлым баяу болса, табыс сонша көтермелі болады.
- активтердің құрылымы (ақшалай және ақшалай емес деп бөлінуі). Құнсыздану кезенінде ақшалай пассивтің өскені пайдалы немесе ақшалай активтің өскені пайдасыз.
- қаражаттау тәсілі. Тұрақты процентпен өтелетін қарыз неғұрлым көп және ұзақ мерзімге болса, соғұрлым кәсіпорынның активтері құнсызданудан сенімді сақталған болып табылады.
- өндірістік сақтау қорының дәрежесі. Өндірістік сақтау қорының үлес салмағының өсуі ішкі заттың, жартылай өнімнің пайдалану қасиетін жоғалтады, сонымен қатар өнімнің сапасын төмендетуі. Сонымен қатар қаражатты қосалқы қорға оқшауландыру қаражат жағдайының тұрақсыздығының бір белгісі болып есептеледі. Қосалқы қордың мөлшерінің азайуы шикізаттың, материалдардың қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігін туғызып, өндіріс кестесін бұзуы мүмкін. Сондықтан тиімді стратегия қосалқы қорды белгілі бір деңгейде ұстаған дұрыс деп есептейды.
Ағымды активтерды талдау кезінде, дебиторлық берешек маңызды орын алады, себебі ол айналым қорының елеулі бөлігін құрауы мүмкін. Бұл жерде, дебиторлық берешектің жалпы шамасы мен оның құрылымын зерттеу керек. Талдау мына тұрғыда жүргізілуі керек:
- сатып алушылар және тапсырма берушілермен есеп айырысу;
- векселдік есеп айырысу;
- аванс бойынша есеп айырысу;
- кынәрат бойынша есеп айырысу;
- бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу;
- еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
- еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу және басқалар.
Талдау барысында дебиторлық берешекті жоспарлау кезінде оны қайтарудың жолдарын қарастыру керек. Бұл мүмкіндік дебиторлық берешектің сапасына байланысты: кім?, жағдайы қалай?, жоспары қандай?
Пассивті талдау. Талдау барысында меншікті және қарыз қаражаттың мөлшерін бағалау керек. Бұл талдау мынандай бөлімдерде жүргізілуі керек: меншікты қаржы (жарғылы қор, резервтык қор, арнайы қор, алдағы шығын мен төлемдер қоры, мақсатты қаржыландыру, жолгерлік міндет, құрылтайшы мен есеп айырысу, бөлінбеген табыс); қарыз (ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері, ұзақ мерзімді банк несиесы, ұзақ мерзімді қарыз, қысқа мерзімді қаражат міндеттемесы, қысқы мерзімді несие, қысқа мерзімді қарыз, есеп айырысу және басқада қысқа мерзімді несиелер).
Меншікті және қарыз мөлшерінің өсуін немесе азайуын, өзара қатынасының өзгерістерін анықтау керек. Нарықты экономика жағдайында меншікті қаржының жалпы қаржының мөлшеріне қатынасы 60% болса, дұрыс деп есептелінеды. Меншікті қаражаттың жалпы қаражат қатынасы меншіктік коэффициент деп аталады. Жоғарда көрсетілген бұл коэффициенттың мәні, өнеркәсіпты инвесторлар назарын аударуға көмектеседі.
Талдаудың маңызды бөліктерінің бірі болып, ұзақ мерзімді және материалды емес активтерды қаржыландыру көздерін қамтамасыз ету сәйкестілігі, сонымен қатар ағымдағы активтерды қаржыландыру көздерін зерттеу. Негізгі және айналым қорды құрауда, меншікты қаржылық көзінің үлесінің өскен немесе кемігенін анықтау керек. Қандай мөлшерде жетпей жатқан қаржыға қысқа мерзімды қаражат міндеттемелері алу қажеттігін анықтайды.
Кей жағдайдайларда айналымды қаражатты қаржылау үшін жарғылықты капитал пайдаланылады. Айнымалы қаражат қорына бағытталатын жарғылық қордың мөлшері жарғылықты капиталдан меншікті капиталдың ұзақ мерзімді және материалды емес активке жұмсалған қаржыны алып тастағанға тең. Талдау барысының негізгі бөлігі, меншікті айналым қаражатының мөлшеріне әсер ететін факторларды табу болып табылады, келешекте қаржы жоспарында көрсету үшін.
Талдау кредиторлық қарыздарды бағалаумен аяқталады. Қарыз болудың себептерін дәл анықтау керек. Ол үшін қарыздарды мынындай бөліктерге бөлеміз:
- тауар, жұмыс және қызмет үшін;
- вексельдер үшін;
- аванс үшін;
- сақтандыру үшін;
- бюджеттен тыс төлемдер;
- бюджетке төлемдер;
- еңбек ақы және әлеуметтік қажеттіліктер үшін төлем;
- еншілес кәсіпорындармен арадағы төлем.
Айтылған
мәселелер дебиторлық берешек пен
кредиторлық қарызды
Талдаудың қортындысында төлем қабілеттілігі мен қаржы жөніндегі орнықтылықты бағалау керек.
Төлем қабілеттілігі мынадай көрсеткіштердің көмегімен бағаланады:
- ағымдағы өтімділік коэффициенты;
- сына өтімділік коэффициенты;
- жалпы өтімділік коэффициенты;
- меншікті қаржымен қамтамасыз ету коэффиценты;
- төлем қабілетін қалпына келтіру коэффиценты.
Қаражат жөніндегі орнықтылық болашақтағы төлем қабілеттілігін бағалайды, сондықтан қаражатты жоспарлауда оның орны жоғары. Сонымен қатар ол қарыз, меншікті және қорытынды капиталдың ара қатынастарын көрсететін коэффициенттер арқылы бағаланады. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:
- қарыз қаржының жалпы капиталдағы үлес салмағы;
- қарыз қаражаттың меншікті капиталдағы үлес салмағы;
- ұзақ мерзімді несие мен қарыздардың активтерді қаржыландырудағы меншікті қаржылармен салыстырғандағы үлесі;
- меншікті қаржыны оңтайластыру коэффициенты;
- амортизацияның жинақталу коэффициенты;
- негізгі қордың нақты бағасының жалпы қаржыға қатынасы коэффициенты;
кәсіпорынның несиеның пайызын төлеу қабілеті.
Табыс және қаражат түсімін жоспарлау өнеркәсіптің жоспар жылындағы ақша ағын қозғалысының есептеріне жүгіне отырып, жасалады. Ақша ағымының қозғалысын есептеудің негізгі мақсаты, кәсіпорын шаруашылық қызметінің арқасындағы ақша қозғалысын бақылауға мүмкіндік алу. Ақша ағыны, ақша қорының артықтығын немесе жетімсіздігінің мөлшерін анықтауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты айналымға қажетті несие ресурстарының мерзімін, мөлшерін, несие пайызын анықтауға болады.
Табыс және қаражат түсімінің көздері мыналар болып табылады:
- өндірістік – шаруашылық қызметтерінің нәтижесіндегі табыс;
- амортизациялық төлем;
- орнықты пассивтер;
- құнды қағаздарды сатудан, уақытша бос ақшаны қаржы операциясына қосу арқылы түскен қаржы;
- занды және жеке тұлғадағы еңбек коллективтерінің мүшелерінің мүшелік жарнасы;
- ұзақ мерзімды банк несиесі;
- қарыз;
- құрмалдық және қайырымдылық жарнасы;
- құрылысқа үлескерлікпен қатысу нәтижесіндегі түсім қаржысы;
- қүрылыс процесінде жұмылдырылған қаражат ресурстары, сонымен қатар осы жұмыстардың өзіндік құнын төмендету және ішкі ресурстарды жұмылдыру нәтижесінде түскен түсім.
Негізгі табыс және түсімнің көздерін жоспарлаудың әдістемесін қарастырамыз.
Табыс. Табыс жөніндегі жоспарды былай құруды ұсынады:
- жоспарлау жылының бағасы және шарттары бойынша;
- алдынғы жылдың бағасы және шарттарымен үйлесетін жағдайда;
- қолда бар баға мен шарттар бойынша.
Бағаның өзгерісін толық және жан-жақты есепке алу, былтырғы жылдың есептемесінің деректерін пайдалану және болашақ пен ағындағы жоспардың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін табыс алғашқыда былтырғы жылдың бағасы мен шарттарында есептелінуі керек. Болашақ жоспармен салыстыру үшін есептеулер болашақ жоспарда белгіленген бағамен есептелуі керек.
Сонымен қатар өндіріс шығыны және табысқа бағаның, тарифтың, еңбек ақы төлеу шартының және де басқа факторлардың әсерін анықтау орынды болып табылады.
Жоспардың нәтижесі болып балансты табыс табылады. Ол мыналардан құрылады:
- Негізгі өндірістің өнімдерін сату, жұмыс істеу және қызмет көрсету нәтижесінде түскен табыс;
- басқа өтімдерден түскен табыс, мысалы, негізгі қорды және кәсіпорындағы керексіз болған мүлікті сату;
өткізуден тыс операциялардан түскен қаржы.
4.Шығын және аударым жарнасын жоспарлау
Кәсіпорынның шығыны және төлемі қаражат жоспарының 2 - бөлімін құрайды. Қаражат жоспарлау шығын бөлімінде шығынның мынандай баптары қарастырылады:
- қорлану, тұтыну, резервтегі қорға жіберілетін төлемдер мен қайырымдылық мақсатындағы төлемдер;
- кәсіпорынның қарамағында қалатын еркін табыс;
- кәсіпорынның қарамағындағы қалатын амортизациялық өтелім ;
- басқадай шығын;
- шығындар мен өтелімдердің қорытындысы;
- табыстан шығыстың асып түсуы (+), немесе шығыстың табыстан асып түсуі (-).
Қаражат жоспарының бұл бөлімінде кәсіпорынның табысы мен басқадай қаражат ресурстарынан қаржыланатын кәсіпорынның өндірісінің өсуы мен өркендеуіне, әлеуметтік - мәдени және еңбек коллективінің тұрмыстық мұқтажын қамтамасыз етуге қажетті және де басқа шығындар қарастырылады.
Қаражат ресурсын пайдаланудың нақты бағыты мен пропорциясын кәсіпорын өзі анықтайды. Бұл стратегиялық жоспарлаудың жетістігі болып табылады.
Заң жүзінде мемлекет бюджетіне салық және түсім шамасына әсер ететін табыс құрамы ғана реттеледі.
Нақты экономика теңдемелі стратегия және тактика жағдайында тиімді қызмет ету үшін кәсіпорынның үш қоры болған жөн:
- қорлану қоры;
- тұтыну қоры;
- резервтік қоры.
Қорлану қоры мына жағдайлар үшін керек:
- күрделі құрылысты қаржыландыру, меншікті айналым қорын өсіру, ғылыми – зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
- ұзақ мерзімды несиенің пайыздық төлемін өтеу.
Тұтыну қоры мынандай шығындарды жабуға пайдаланады:
- жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымына берілген сый ақы;
- бір жолғы еңбек ұжымының мүшесіне көрсетілген көмек;
- өндірістік тапсырманы аса маңызды орындағаны үшін жұмыскерге берілген сыйлық ақы;
- кәсіпорынның жұмыскерлеріне мәдени – тұрмыстық қызмет көрсету;
- тұрғын үй, балалар және мәдени – спортық бөлімшелерді салу және күрделі жөндеуден өткізу;
- еңбек ұжымының мүшелерін тамақтандыруға демеу қаржы.
Бұл қорлардың ара салмағын кәсіпорын өзі анықтайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтеріне қарағанда ең тиімді ара салмақ: қорлану қоры – 60%, тұтыну қоры – 40%. Резервтік қор кәсіпкерлік қызмет кезіндегі қауіптік нәтижесінде алынбай қалған табыстың орнын толтыру үшін қажет. Бұл қаражат, жоспардың кейбір тармақтарын өзгертуге жұмсалуы мүмкін, егер әртүрлі жағдайларға байланысты жоспардың орындалу барысы жоспарда көрсетілгеннен басқаша жолмен кетсе.
Қаражат жоспарының негізгі шығын баптарын жоспарлаудың әдістемесін қарастырамыз.
Күрделі қаржы жұмсалымы. Күрделі қаржы жұмсалымы қаржыландырудың көлемді бөлігын құрайды, ұлғайту, қайта құру және өндірістің және өндірістік емес, негізгі қорды техникалық қайта құруға жұмсалады.
Күрделі қаржы жұмсалымының көлемі және құрылымын кәсіпорынның өздері анықтайды. Қаржыландыру қызметі мемлекет тұрғысынан реттеледі, сондықтан жоспар құру негізінде кейбір шектеулер болуы мүмкін. Күрделі құрылыс қызметін көрсету үшін лицензия болу керек. Оны жүргізу үшін проектіге, төлемнің декларациясы және қаржыландыру көзіне мемлекеттік сараптама қажет. Күрделі құрылыста жоспарлауға қажетті негізі құжаттар болып мыналар табылады:
- қаржыны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ететін проект – сметалық құжаттар;
- лицензия;
- мемлекеттің құрылысқа жер бөлуі туралы шешім;
- құрылысты жүргізушімен келісім.
Күрделі қаржы жұмсалымының көздері меншікті және қарыз қаражат ресурсы болуы мүмкін. Оның құрамы және құрылымын жоспарлау кезінде қаржыландыру белгілі бір тәртіп бойынша жасалынуы керек.
Меншікті айналым қаржысының өсімі. Қаржыландырудың жоспарын жасауда меншікті айналым қаржысының көлемін ұлғайтудың негізгі болып, айналымды қаржыны жоспарлы кезеңінің аяғына құру есептемелері жатады. Жоспарлы жылдың басымен салыстыру арқылы оның өзгерісін байқауымызға болады.
Айналым қордың нормасы деп, айналым қаржысының ең кіші мәнін азаймайтын жағдайды қалыптастыратын қаражат ресурсының көлемін айтамыз. Айналым қоры деп отырғанымыз, шикізат, материалдар, отын, қоймадағы дайын өнім. Нормативтің өзгерісін есептеу үшін қосымшадағы 6-шы кестеде жазылады. Есептеуде мынандай ережені ұстанған жөн:
Шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын нормаларын анықтағанда, өндіріске кететін шығының әрбір мәлімет бойынша бір күндік шығынды оның күндік қосалқы қор нормасына көбейту арқылы есептеу керек.
Айналымды қордың күндік нормасы шикізат пен негізгі материалдардың түрлері бойынша мыналардан құралады:
- қосалқы қор жолы – ақысы төленген материалдың жолға кеткен уақыты;
- қосалқы қор технологиясы – түсіруге, қоймаға, орналастыруға және өндіріске дайындауға кеткен уақыт;
- сақтандыру қосалқы қоры (ағынды қосалқы қордың 50%- ы).
Аяқталмаған өндіріс және қоймадағы дайын өнім бойынша көлемі қосалқы қор нормасы жалпы өндірістік өнімнің өзіндік және тауарлы өнімнің өндірістік өзіндік құнына енетін бір күндік шығынға көбейту арқылы есептеледі.

- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес-жоспар бұл табысқа ұмтылар кәсіпкердің жол картасы болып табылады
- Бизнес жоспардың басты мақсаты-«Fast food»
- Бизнес-жоспардың жобасының жасалу негізі
- Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- Бизнес в сфере финансов. Управление инвестициями
- Бизнес группы
- Бизнес-группы в российской промышленности
- Бизнес-единица
- Бизнес - жоспар
- Бизнес – жоспар
- Бизнес жоспар