Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны. 2

                                                  Кіріспе

 

Бұл курстық  жұмыстың тақырыбы:шығындардың жіктелуі,оның мақсатары мен мәні. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.  

      Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты, тұрақты нарықтық экономиканы қалыптастыру, дамыған 50 елдің қатарына қосылу және бірінші Азиялық Барыс болу болып табылады. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан отандық кісіпорындардың тұрақты экономикалық дамуынсыз, ішкі тексерусіз, сапалы өнім шығарып, қаржылық жағдайды жүйелі түрде жоспарлаусыз, шет ел тәжірибесіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қол жеткізу керек тігін көз алдымызға елестету қиын. Елдің экономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі кәсіпкерлік саладағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, тексеру жоғары нәтижеге алып келеді. Қазіргі кезде отандық кәсіпорындар мен серіктестіктер үшін өнімнің өзіндік құнын төмендету — бұл пайданы жоғарлатудың және саланың рентабельділігін көтерудің маңызды резерві болып саналады. Сондықтан, қазіргі кезде отандық бухгалтерлік есептің тәжірибесінде өндірістік шығындардың құрамын нақты анықтау, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін жүйелі түрде ұйымдастыру басты мәселелердің бірі болып табылады.

   Нарықтық экономика жағдайында өндіріс шығындарын жүйелі есептеу кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін зор табысқа кенелтеді. Кәсіпорынның алға қойған басты міндеттерін анықтауға өндіріс шығындар есебі келесідей мүмкіндікте береді: жеке өнім түрлерін және өндіріс тиімділігін анықтауға; ішкішаруашылық есепті нақты жүргізуге; өзіндік құнды төмендету қорларын анықтауға; өнімге баға белгілеуге; өндірісте жаңа өнім түрлерін өндіруге немесе сатуға тиімсіз ескірген үлгілерді өндірістен шығаруға шешім қабылдауға; мемлекет көлемінде ұлттық табысты есептеуге; қажет болған жағдайда жаңа техника, технологияны қолдануға негіз болады.

   Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік қызмет нәтижесінің басты көрсеткіші болып саналады. Берілген көрсеткіш – пайданы басқарудың негізгі құралы болып табылады, ал пайда — коммерциялық кәсіпорын жұмысының басты мақсаты болып табылады. Өзіндік құн құрамын дұрыс есептеу үшін өндірістік шығындарды анықтаудың ролі зор. Нақты өзіндік құнға дұрыс баға бермей, тиімді әрі дұрыс басқару мүмкін емес. Өндірістік шығындарды анықтау - көп салалы процесс, материалдарды сатып алудан – дайын өнімді өткізуге дейінгі барлық шаруашылық қызметтің аспектілерін қамтиды.

    Нарықтық қатынастардың кең етек жаюы жағдайында, өзіндік құн кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінде ең маңызды көрсеткіш болып саналады. Бұл көрсеткішті есептеу жоспардың орындалуына баға беру үшін және кәсіпорын қызметінің әртүрлі көрсеткіштерін дұрыс анықтау үшін қажет: өндірістің және жеке өнім түрінің рентабельділігін анықтайды; ішкі шаруашылық есептілікті жүргізу; өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау; өнімге баға белгілеу; өндіріске жаңа өнім түрін енгізіп және өндірістен ескірген өнім түрін шығарып шешім қабылдау үшін маңызды.

   Өнімнің өзіндік құнын басқару жүйесінің негізгі элементтері болып болжау мен жоспарлау; шығындарды мөлшерлеу; калькуляция және есеп жүргізу; өзіндік құнға бақылау және талдау жасау болып табылады. Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болады.

   Курстық жұмыстың басты мақсаты — өндірістік шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды анықтау. Осы мақсатқа жетудің басты жолдары: өндірістік шығындардың және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау; өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің көлемі, ассортименті және сапасына бақылау жасау және жоспар бойынша осы көрсеткіштердің орындалуын анықтау; өндірістік шығындардың есебін жүргізу және шикізат, материал, еңбек және басқа да ресурстардың бекітілген шығындар сметасына сәйкес келуін анықтау; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өзіндік құн бойынша жоспардың орындалуын тексеру; өзіндік құнды төмендету бойынша шаруашылық бөлімшелердің қызмет нәтижесін бағалау; өзіндік құнды төмендетудің резервтерін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

             1.Тарау. Шығындар-басқару есебінің негізгі бір обьектісі ретінде

 

1.1. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

 

Кәсіпорынның  өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын  көрсеткіштердің жалпы жүйесінде  басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалган қоғамдық еңбек шығындары.

Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі  мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданган жөн.

2 «Қорлар»атты Халықаралық есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:

  • пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жүмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
  • шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша;

а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 2 «Қорлар»-Халықаралық есеп стандарттарына сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:

•    материалдық  шығындар;

•    еңбекті  өтеуге жұмсалатын шығындар;

•    ақша аударулар;

•    құралдардың  тозуы;

•    басқадай шығындар.

ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» Халықаралық есеп стандарттары бойынша бұларға:

 

•    материалдар;

•    еңбекті өтеу;

•    ақша аударулар (аударымдар);

•    қосымша  шығыстар.

Көрсетілген топтарды салыстыру 1-кестеде келтірілген.

 

 

 

Кесте 1. Элементтер мен калькуляция баптары бойыиша шығындарды топтастыру, мын теңге

 

Экономикалық  элементтер

Сома

Калькуляция

Сома

1. Материалдық шығындар

78000

1. Материалдар

25200

2. Еңбекті өтеуге  шығатын шығыңдар

17000

2. Сатылатын  жартылай өнім

41000

3. Ақша аударулар (аударымдар)

3060

3. Қайтарымды қалдықтар (ұстап қалынады)

2400

4. Құралдардын  тозуы

7220

Технологиялық   мақсатгарға арналған отын мен энергия

9100

5. Басқадай-шығындар

11720

5. Еңбекті өтеу

10000

Барлығы

117000

6. Ақша аударымдары

1800

6. Өндірістік емес шоттарға (-) (қайтарымды қалдықтар құны, ақауға кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т.б.)

(3600)

7. Өндірісті дайындау мен игеруге шығыстар

4600

Бітпеген өңдірістің қалдығын (+) өзгерту

600

8. Қосымша шығыстар

17500

   

9. Ақаудан болған шы-ғыстар

1390

   

10. Басқадай өндірістік шығыстар

1010

Барлығы

114000

Барлыгы

114000


 

Экономикалық  элементтер (117000 теңге) және калькуляция баптары (114000 теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалык элемент бойынша "Еңбекті өтеу шығындары" 17000 теңге болып, ал "Еңбекті өтеу" калькуляциясының бабы бойынша 10000 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен щұғылданатын еңбекшілердің еңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.

Алайда экономикалық элементгер мен шығын баптары  бойынша шығыи есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін байқаған жөн, өйткені олар субъектінің бірдей шығындарын кұрамы (элементтер) және мақсатгы белгілеуі (калькуляция баптары) бойынша сийаттайды.

Бұл есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші субъект бойынша  ақпаратгы элементтік тұрғыда қалыптастыруға және оны шығындардың пайда болу орны мен өнім (жұмыс, қызмет көрсету), түрлері, калькуляция баптары бойынша мұқият қарастыруға, өзіндік құнды анық есептен шығаруға, кәсіпорын шығындарын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша топтастыру олардың құрылымын оқып-үйрену, өндірістік шығыстардың сметасы қолданылады. Екі топтасу да бірін-бірі толықтырады және өнім өндірісіне жұмсалған шығынды есептеуге, өзіндік құнды есептеу мен талдауға мүмкіндік береді.

Өндіріс шығындары  бірқатар басқа белгілер бойынша  жіктелуі мүмкін (2-кесте):

 Кесте 2. Өндіріс шыгындарын жіктеу

 

Жіктелуші топ

Шығындар (шығыстар)

Өндіріс процесіндегі экономикалык рөл бойынша

  • негізгі
  • қосымша

Өнімнің өзіңдік құнына жаткызу тәсілі бойынша

  • тікелей
  • жанама

Құрамы  (біртектілігі) бойынша

  • бірэлементтік
  • кешенді

Өндіріс көлеміне байланысты

  • өзгермелі
  • тұрақты

Пайда болу мерзімділігі бойынша

  • ағымдағы
  • бір жолғы

Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша)

  • өндірістік
  • әкімшілік
  • коммерииялық

Тиімділігі бойынша

  • өндірістік
  • өндірістік емес

Бақыланатын мүмкіндігі бойынша

  • реттелетін
  • реттелмейтін

Орташалау дәрежесі бойынша

  • жалпы
  • орта

Пайданы генерациялау кезеніне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша

  • өнімге
  • кезеңге

 

Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.

Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).

 Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.

Шығындар бір  бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек  ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша  шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.

Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).

Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Мысалы, егер өндіріс  көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі  шығындар да 10%-ке ұлғаяды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1*-суреттен және 3-кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе, жалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.

Кесте 3. Өзгермелі шығындардыц өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі

Көлем, бірлік

Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар, теңгемен

Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен

100

10

1000

200

10

2000

300

10

3000

400

10

4000


 

 

 

 

 

 

Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.).  Егер көлем 10%-ке ұлгайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2*-суреттен өндіріс  көлемі өзгерген кезде, тұрақты  шығындар, өзгеріссіз қалатыны көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке азайса, онда жалпы тұрақты шығындар  өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс  көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақгы шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұракты шығындар өидіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса, тұрақты төмендейді. Соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да кемиді.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 4. Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққандағы реті (тәртібі)

 

Көлем, бірлік

Бірлікке шаққандағы тұрақты шығындар, теңгемен

Бірлікке шаққандағы жалпы тұрақты шығындар, тенгемен

1

300

300

2

150

300

5

60

300

15

20

300

20

15

300

25

12

300

30

10

300


 

Өнім бірлігіне  шаққандағы тұрақты шығындарды 3*-сурет  пен 4-кестеден көруге болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнім бірлігіне  шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс  көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.

Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім — өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; баска жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлык шығындар.

Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш  емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы - өндірілетін  өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар - өнімнің  бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге - өнімнің  өзіңдік құнына (тікелей шығындар) кететін.

Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне  байланысты. Басқару есебінің негізгі  міндеттеріне мыналар жатады:

•   өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;

•    басқару  шешімін қабылдау мен жоспарлау;

•    жауапкершілік  орталығының өндірістік қызметін бақылау  мен реттеу.

Аталған міндеттерді  шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.

 

 

                           1.2 Шығындар ұғымы және түрлері.

 

Өндірістік  есеп міндетіне қаржылық есептер  жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау  кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.

Шығындарды  жіктеу әр түрлі белгілер бойынша  жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің  өзіндік құны мен алынған пайданы  есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу -реттелетін және реттелмейтін.

Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

Шығындар есебі  жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілІ бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

Оңтайлы басқару  шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет.  Шығыстарды талдау олардың  тиімділігін анықтауға, олардың  шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын  басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Ұзақ уақыт  бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетгі мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.

1887 ж. ағылшын  экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатады. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты — тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын "директ-костинг" тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетгі емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.

Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың  пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әр тараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.

Басқару есебі  жүйесін толық түсіну үшін мынадай  ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.

Шығындар - шаруашылык іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге  алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығыңдар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Көбіне экономикалық әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп  жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары  бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазакстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.

Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.

Есепті кезең  қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:

•    Ағымдағы есепті кезең;

•    Кейінге  қалдырылған.

Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне  байланысты және осы кезеңнің кірістері  мен шығыстары туралы есепте танылады.

Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:

•   осы  есепті кезеңде алынған кірістермен  байланыстырылған  шығыстар (негізгі  және  негізгі   емес  қызмет шығыстары);

• ағымдағы кірісті  алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

Кейінге қалдырылған  шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану  жөніндегі шаруашылық операцияларымен  байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.

Ұйымның болашақтағы  ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған  шығыстар былайша белінеді:

•    инвестициялар (күрделі қаржы);

•    болашақ  кезең шығыстары.

 

 

  1.3. Шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы

 

     Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қзметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет.

     1887 ж ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды.  Оның негізіне шығнды шаррты-тұрақты жіне шартты өзгермеі деп бөлу жапты. Ғалыдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шағын өндіретін көлемін пропоруионалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын «Директ-костинг» тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдырпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.

    Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырыл қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды.    Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.

Басқару есебі  жүйесін толық түсіну үшін мынандай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.

    Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болшақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін күн. Бұдан шығатыны, «Шығындар» ұғымы «Өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығыстар-өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны. 2