Әбу-насыр әл-Фараби
Жоспар
І. Кіріспе
ІI. Негізгі бөлім
1.Әбу насыр әл-фараби (қысқаша өмірбаяны)
2.Әбу насыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері
3.Философиялық көзқарастары.
4."Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат".
ІII. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қатдасы бар. Өміріміздің даму барысын дүрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі — баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу — кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай үрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі — казак, топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.
Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және казак тілдерінде Фарабидің философиялык және әлеуметтік- этикалык трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалык, тарихи-философиялык, логикалык, жаратылыстану ғылыми еңбектері, "Птолемейдің "Алмагестіне " түсініктемелері" жарык көрді. Ғұламаның философиялык, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми-зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шыкты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының "Әл-Фараби", "Фарабидің математикалык мұрасы " (орыс тілінде), "Сөнбес жұлдыздар ", "Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері" (орыс тілінде), "Фарабидің педогогикалық мұрасы "(орыс тілінде) монография, кітаптары, "Фараби Бағдат шаһарында " атты повесі, көптеген мақалалары бар.
Менің бұл рефератты жазудағы көздеген басты мақсатым, қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту болып отыр.
Әбу Насыр әл-Фараби
(870—950)
Әбу Насыр әл-Фараби — Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Онтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған. Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ «Екінші ұстаз» (Аристотелъден кейінгі екінші ұстаз) атады. Тәжік академигі Б. Рафуровтың мағлұматтары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т. б.) аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.
Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады.
Әлемнің, негізгі тұтқасы — адам. Егер оның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, ол дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез-құлық — бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты — адамның басты кадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Адамның өсіп-жетілуінде Фараби дағды мен әдетке елеулі орын береді, бұлар тәлімгердің ғибратты сөзі мен нақты ісі жәрдемімен калыптасады. Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру, тағы басқалары) тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай еткенде ғана ол шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады, сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие, болуга тиіс. Ізгі, әділетті қаланың басшысы мен ұстаз екеуі бірдей дәрежеде тәлімгер. Ұстаз балаларды, ал кала басшысы шаһардың бүкіл тұрғындарын тәрбиелейді.
Нағыз тәрбиеші, жалпы жұртқа танымал жетекші өзінің бойына он екі тума табиғи қасиетті, алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам. Окыту — тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу — сарамандық жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып-біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім-болмысына қанығады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады.
Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектердің («Ақыл-ой туралы», «Жан туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» тағы басқалар) авторы ретінде де танылды. Ол араб тілі. халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жуйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ.
Әбунасыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета¬физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани" — екінші ұстаз деп атаған. "Бірінші ұстаз" — "ал муаллим ал аууал" деп олар Аристотельді атаған.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-тартпа мұсылман діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалыктар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір тебе.
Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура¬лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні тұралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б.
Фарабидің философиялық көзқарастары
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.
Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму-таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.
Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықгарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға. даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық, Міне осылай екі шындық ілімі, теориясы жасалады. Бұл теория ортағасырлар заманында прогрессивті кызмет атқарды.
Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило¬софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды.
Фарабидің өз еңбектерінде кұдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп — "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің "жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан" деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы сиякты "күпірліктері", кателері үшін Әбунасырды қудалаған кездері болған.
Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондыктан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-тео-логиялық сипат алды.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм — зерттеу прин¬ципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу — ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип — Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.
Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы. Аристотельге айтканда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп — Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны — аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы — адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр.
Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде баp екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер -— барлығы ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан, әр түрлі қосылыстарынан тұрады, түзіледі. Фарабидің материя мен форманың бөлінбес, ажырамас бірлігі туралы тезисі дұрыс материалистік сипаттағы қорытынды болды.
Таным проблемасын карастырғанда, зерттегенде Фараби өз заманындағы жаратылыстану ғылым жетістіктеріне сүйенеді және математика, астрономия, медицина, физиология, музыка теориясы және басқа салалар бойынша өзінің жан-жақты білім қорын мол, сарқа пайдаланады. Мұнда ол таным теориясына рационал сипат беретін ақыл туралы ілімді басшылыққа алады. Тану теориясының бірсыпыра мәселелерін ғылыми жолмен дұрыс қойып, түсіндіруде Фараби бірсыпыра психологиялық проблемаларды камтып, оң шешуін табуға тырысады. Мысалы, түйсіктің табиғаты, олардың сезім мүшелеріне байланысы; жан қуатының және адам қабілетінің жалпы схемасы, танудың екі негізгі формасы (түйсік арқылы және ойлау арқылы) т.б.
Фарабидің таным туралы ілімінің негізгі көздеген нысанасы - ғылымның рөлін көтеру, философия мен діннің қызметін даралау, бөлу, ең бастысы өзі үлкен ат салысқан, қатысқан танудың ғылыми әдістерін (метод-тарын) (эксперименттік-теориялық әдіс, табиғат туралы білімдерді математикаландыру) жасау және дамыту болып табылады.
Методологиялық дұрыс бағдарламаны басшылыққа алып, Фараби көптеген нақты ғылымдар (математика, астрономия, акустика, музыка теориясы т.б.) бойынша және оларды оқыту дидактикасын жасау жөнінде айтулы табыстарға жетеді. Алайда Фарабидің таным теориясы тұтас алғанда өміршең ілгерішіл бола түра, онда ғылыми қайшылығы бар бірсыпыра даулы қағидалар мен идеялардың да болғанын айтуымыз керек.
Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылық қызметінде логика мәселелері үлкен орын алады. Логика ойлау жүйесі мен пікірлерді мүлтіксіз дәлелдеуді қажет етеді, сондықтан да Фараби оны шындыкты табудың және оны негіздеудің бірден бір әдісі ретінде жоғары бағалайды. Логикалық тұрғыдан ол білімді аксиомалар мен алғышарттар түрінде өрнектелген бастапқы, не алғашқы және оларды ой қорыту салдары ретінде шығарылып алынған туынды, қорытынды деп екіге ажыратады. Ал логиканың заңдары мен ережелері жаңа білім шығаруға қызмет етеді. Тілде грамматикасыз күн жоктығы сияқты дұрыс ойлауда логикасыз аттап басуға болмайды. Фарабидің үйретуінше, адамның адам болуы ақыл, ойлау арқасында болса, онда мәдени, жоғары парасатты ақылды себетін логика адамзат үшін ең қажетті игілік болып саналатын ғылым, өнер көзі болады. Фарабидің логика жайындағы трактаттарының мәні өте зор. Онда автор категория, семантика, импли¬кация теориясы т.б. мәселелер жөніндегі Аристотельдің бай идеяларын әрі карай дамыта түседі. Фарабидің философиясы өзінің өміршендігін, дұрыстығын нақтылы ғылыми зерттеулерден тауып, принциптері, қағидалары одан ары кемелденіп отырды. Оның ғылыми ойлау жөніндегі тапқан әдісі (методы), жеке, дербес заттарды, кұбылыстарды нақтылы қарастыру, бақылау жасау арқылы дедуктивті-аксиоматикалық теория жасаумен ұштастырылады. Бұл туралы толығырақ кейін Фарабидің ғылым, атаи айтканда музыка теориясын жасау әрекеттерін баяңдау барысында айтамын.
Фараби өзінің дүниеге көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары", “Бақытқа жету туралы" трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол ең әуелі өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Калаларды жік-жікке бөле келіп ол кемел де үлгілі құрылым ретінде "Ізгі қаланы" тандайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын "қажеттілік қаласы" деп қарайды. Фараби әрі карай "алыс-беріс қаласы" (саудагерлер мен алыпсатарлар мекені), "бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын" (ұры-қарылар, арамтамақтар мекені) бөліп ажыратады.
Ізгі мемлекет (қала) туралы ілімін жасауда Фараби Платонға еліктеп мемлекетті әрбір мүшелері белгілі бір қызметті аткаратын адам тәніне ұқсас етіп қарастырады. Осыған сәйкес ізгі мемлекеттегі феодалдық құрылыс суреттеледі. Идеалистік түрде жақауратып айтылғанмен Фараби топшылауында адамдар арасындағы теңсіздік, артық-кешілік анық сезіледі. Мысалы, халық — мемлекеттің жүрегі саналғанымен, олар да күн көріс қамын, харекетін жасауға, ойлауға мәжбүр (ішіп-жеу, үйлену-жайлану т.б.) Фараби мұндай теңсіздікті, әділетсіздікті жоюдың бірден бір жолы ағартушылық, адамгершілік тәрбиесін күшейту деп қорытады. Феодалдық әділетсіздік езгі мен зорлық-зомбылық өріс алып тұрған сол ауыр заманның өзінде-ақ ол зорлықсыз, қанаусыз әділ қоғам болуы мүмкін деген батыл утопиялық (қияли) болжам жасайды. Фараби ондай ізгі мемлекеттің тууы, ең алдымен мемлекет басшысына, оның ақыл-парасатына, ғұламалығына, талантына, тәрбиесіне тікелей тәуелді деп қорытынды жасайды (ағартушы-философ әкім идеясы). Кемеңгер-ойшылдың бұл пікірін түгелдей теріс деп айтуға болмайды.
Фараби философияны үйрену шарттары туралы
Фараби ғылым мен философияны оқып-үйрену мәселесіне арнап бірнеше еңбек жазған. Солардың бірі "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат".
Бұл еңбекте Аристотельдің ғылымын, философияны меңгеру үшін кажет болатын тоғыз шарт туралы әңгіме болады, олардың әрқайсысы жайлы ұлы ұстаз өз пікірлерін ортаға салады.
Бірінші шарт — философиялық ағымдардың аты-жөнін білу. Бұл туралы Фараби былай дейді: "Философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен түрады: 1) философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
2) оның шыққан қаласы;
3) философияға мекен (медресесі) болған орынның аты;
4) философиялық талдауға түскен мәселелер;
5) философияның алға қойған максаты туралы түсінік;
6) философияның практикалық мәні, нәтижесі. Философиялық бағыттың негізін салушы ұстаздың есімі бойынша аталған философиялық ағымға "Фупағұрс" (пифагористер) тобы жатады.
Бұл жерде Фараби ертеде Грециядағы негізгі ғылыми-философиялық мектептерге шолу жасаған.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі мақсаттарды тану. "Философиялық еңбектер (кітаптар) арасында және мөселелерге ғана арналған бөлшек (жузие) түрлері бар және мәселенің күллісін жалпы камты-ған толық (куллие) түрлері бар. Бүл екеуінін аралығына жататын орташа (уассита) аталатын кітаптар бар. Бөлшек жазулар кейде үлкен еңбектерінің жеке үзінді дәптері болуға да мүмкін. Немесе жалпы еңбектердің ішінде философиялык. еңбектерге талдау жасаған, ескертпе енбектер болуы мүмкін.
Философияда қолданылатын дәлелдер (бурһан) ғылымы жөніндегі еңбектер үшке бөлінеді. Оның біріншісі дәлелдеу ғылымынан бүрын оқылатын еңбектер; екіншісі дәлелдеу негізін үйрететін еңбектер; үшіншісі, дәлелдеуді білгеннен кейін оқылуға керекті кітаптар. Дәлелдеу ғылымынан бүрын оқылуға тиісті кітаптар екі түрлі болады: оның біреулері дәлелдеудің дүрыс нөтиже беретін жолын үйретеді; екіншілері дәлелдеуге жататын кіріспелердің (мүқадималардың) қалай қолданылуын, қалай айтылуын үйрететін еңбектер. Дәлелдеудің дүрыс нәтиже беретін жолын үйрететін "Бариминияс" кітабы болып табылады. Мүқадималардың қалай қолданылуын үйрететін с'Фи-әл-хадди" деген кітап, оны кейде "Катигориас" (категория) деп те атайды.
Ал, енді дәлелдер үйрету кітабы "Фи-әл-бурһан" деп аталады. Оның өзі екіге бөлінеді: оның бірінде дәлелдеудін формасы (қүрылысы), екіншісінде дәлелдің қүрамы зертте-леді. Формальдық дәлел (логика) олшеу - салыстыру (силлиогизм) кітабында (Фи-ал-киас) айтылады, оны анулу-тика (аналитика) деп атайды. Дәлелдің қүрамын зерттеу "Ғұнсари ал бурһан (табиғи дәлел)" деген кітап жазылған. Оны "Бафузуқтика" (метафизика) деп атап кеткен.
Дәлел ғылымын үйренгеннен кейін сол ғылымның дұрыс дәлелі мен терісінің арасын айыратын кітаптарды оку керек. Демек, дәлелдің өтірігі де бар, расы да бар. Өтірік дәлел-қисындар көбінесе поэзияда, өлеңдерде болады. Өтірік қисын кітаптардың ішінде түгелдей өтірігі болады, өтірігі мен шындығы аралас тең түрлері де сол сиякты өтірігі көп, шындығы аз түрлері де немесе шындығы көп, өтірігі аз түрлері де болады.
Үшінші шарт — философ болу үшін кажетті ғылымдар-ды тани білу. "Философия ғылымын үйрену үшін алдымен тани білуге қажетті болған ғыльш. Ол ғылым Платонның және оны жақгаушылардың (оның мектебінің) макүлдаған ғылымы. Ол ғылым "ғылым әл-һандаса", яғни геометрия. Алдымен соны оқу керек. Философияны үйрену үшін алдымен геометрияны білу керек екенін дәлелдеген Платон өзінің академия сарайының (һайлінің) есігіне "кімде-кім геометр (муһандиса) болмаса, біздерге келіп кірмесін" деп жазып қойған. Неге десеңіз, геометрияда қолданылатын дәлелдер барлық дәлелдер атаулының ең дұрысы деген.
Қорытынды
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило¬софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетті. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета¬физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура¬лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні туралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.
Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ Философия.оқулық.-Алматы:»
Мырзалы Серік.Философия.-Алматы: «Бастау»,2010.-644б.
Тұрғынбаев Ә.Х.Философия.Жоғары оқу орындарыны студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы: «Білім»2005ж-304б.

- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әдебиетке шолу
- Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
- Әдебиет шолу
- Әдеби нормадан ауытқу
- Әбділда Тәжібаев
- Әбділда Тәжібаев
- Әбділдә Тәжібаев
- Әбілхан Қастеев
- Әбіш Кекілбаев
- Әбу-насыр аль-фарабидің негізгі саяси құқықтық ойлары
- Әбу насыр әл Фараби