Әбу Насыр Әл-Фараби. 3
Әбу Насыр Әл-Фараби
(870-950)
Қасиетті қазақ даласы талай
ұлы ғұламаларды дүниеге алып
келді. Қазақ топырағынын
Әл-Фараби түрік тайпасының
дәулетті бір ортасынан
Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн
Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби
ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін
дүниежүзі білімі мен
Туған жері Сырдария
Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.
Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдердіүйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші
Өмірінің соңына қарай Әл
Фараби Мысыр, Шам, Халеб
Әл Фарабидің ісін
жалғастырған, ғылымға берілген
шәкірттері көп болған. Олардың
ішінен, ең алдымен, Орта Азияның
ұлы ғалымы Әбу Әли ибн
А. Н. Бернштам, шекарадағы
аса манызды мекен және керуен
жолдарының торабы болған
А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар шапқынышылы кезінде қала қиратылды, бұл "Отырар ойраны" деп аталды, қала қайтадан тез қалпына келеді. Онаң соңғы әйгілі мәлімет 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының - саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Қаланың ең ақырғы күйреуі 18 ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына байланысты.
Бірақ Отырар Қазақстан
территориясындағы бірден бір
мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің
кажырлы еңбегі арқасында
Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300-400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.
Ал енді әл-Фарабидің антика
дәстүрімен байланыстылығынан,
Білімге, ізденуге деген
Біздің заманға әл-Фарабидің
тек негізгі шығармалары ғана
келіп жетті. Ол шығармалардың
ежелден бері-ақ жұртшылыққа
Ыбырай Алтынсарин.
(1841-1889)
Қазақ мәдениетінің
кемелденуіне үлкен үлес
Құнанбайұлы Абай
(1845-1904)
Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты - Ибраһим. Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен аралысып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді. Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.
Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары –бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік-саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің “Шағым”,”Жылқышы”, ”Шәбденге”, ”Сәт сайланарда”, ”Өстепкеде”, ”Патша әмірі тарылды”, ”Зілді бұйрық” сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның “Туған елім” атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы “Правда” газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр” сияқты эпикалық туындылары қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім – Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі, сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Басты мәселе – ар ілімі, моральдық төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің “ілімі” деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: “Әрине, жанның өлген соң тазарып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттық көп айырмасы жоқ болса керек. Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы”. (Үш анық. 44-45 бб.) Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі “каллокагатия”, И.Канттың “Кесімді иператив” ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.
Әлихан Бөкейханов
Қазақтың ұлттық мәдениетінің
дамуына өз үлесін қосқан

- Әдебиетке шолу
- Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
- Әдебиет шолу
- Әдеби нормадан ауытқу
- Әдеби сын
- Әдепсіздерден «әдеп» үйрену
- Әдипнең психологик сюжет осталыгы
- Әбілхан Қастеев
- Әбіш Кекілбаев
- Әбу-насыр аль-фарабидің негізгі саяси құқықтық ойлары
- Әбу насыр әл Фараби
- Әбу-насыр әл-Фараби
- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Әбу Насыр Әл-Фараби