Бухгалтерлік есептің даму
Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында — Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым — Ұлттық — Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.
Күн — қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы — баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы — есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді, ойшыл адамдар болса керек.
Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп орісінде ғана өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде қарапайым «униграфиялық» есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері қайта қүрылып, қызмет түрлеріңің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін қажетті мүліктер мен мүның күрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп жүргізудің максаты өзгеріске түспейтіндігіқ мүның өзі қолда бар мүліктер мен шаруашылық айналысына түсуші жақтармен есеп айырысып отыруға арналған мағына екендігі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Осыдан бес мың жыл бүрын счеттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары, мүліктерді түгендеу, контокорренттік өзара есеп айрысу және шығындар жүмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі адамзат тарихының дамуындағы ашылған үлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу қарапайым жазу принципіне негізделген. Счеттарға жазу тек қана бірақ рет, бір счеттың дебетіне немесе бір счеттың кредитіне бірақ рет жазылатын болған. Бүл кезде бірегей ақшалай өлшеммен өлшеу, екі жақты жазу, баланс әдістері қолданылмаған.
Униграфиялық қарапайым
Бухгалтерлік есеи тарихын зерттеушілердің мәліметіне қарағанда бухгалтерлік есеп бес кезеңнен:
түгендеуші есеп;
езара контокорренттік есеп айрысу;
есеп объектісі болып танылған ақша;
есеп объектісі түріндегі
ақша мен контокорренттік
Униграфиялық түгендеу есебінің бастапқы кезеңінде мүліктік қүндылықтар қалдығы ғана’есепке алынып,мүндай қалдықтар есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдарға жазылған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдар ретінде көп жылдық тропикалық өсімдік жапырақтары (папирус), балшықтан істелген тақтайшалар т.б. қолданылған. Осындай материалдарды есеп қүралдары ретінде пайдалану нәтижесінде есеп регистрлары, тіркеуші қүжаттар пайда болған. Папирус және пергаментке есеп мәліметтерін жазу арқылы «бос қағаздар», ал балшықтан істелген тақтайшаларға түсірілген мәліметтерді тіркеу негізінде «карточкалар» пайда болған. Бүдан соң есеп жүргізуге қолданылған бос қағаздардағы мәліметтер есеп кітаптарына жинақталып жазыла бастаған. Бос қағаздар мен карточкаларға жазылған қолда бар мүліктер санының есебі натуралды сандық өлшеммен жазылған. Натуралды өлшеммен есеп жүргізу негізінде мүліктік түгендеу (инвентаризация), тіркеу, тізімдеу әдістері қолданылған. Түгендеу әдісі ертедегі барлық елдердің есеп жүргізу тәжірибесінде қолданыііып, мүліктердің қалдығын анықтауға арналған ресми қүжат болып танылған. Күні бүгінге дейін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән түгендеу әдісі өз мағынасын жойған жою ертедегі Египетте біздің арамызға дейін екі мыңыншы жылдары кіріс-шығыс есебі пайда болыпты. Бүдан соң дайындалатын ағымдағы есеп (перманентный) байланысы жоқ түгендеуші үзілмелі (дискретный) есеп орнына қолданыла бастаған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы жапырақ қағаздарға (папирус) тек қана мүліктер қалдығын ғана жазып қоймай, мүліктер өрісіндегі барлық әрекет өзгерістер жазылытын болған. Жалғастырып жазу (перманенттік) есебінің мақсаты-материалды қүндылықтарды алу мен беру есебінің дүрыстығын тексеріп отыруға арналған. Материалды қүндылықтар беру фактісі жапырақ (папирус) қағазына үш адамның қатысуымен: бірінші адам жапырақ қағазға берілетін қүндылықтың санын, екінші адам нақтылы берілген қүндылықтың санын, ал үшіншісі берілетін және берілген қүндылық айырымын шығарып жазатын болған. Ең исгізгі мақсат-материалды қүндылықтар қозғалысының күн сайынғы қалдығын анықтап отыру еді. Есеп жүмысын осылайша жүргізу тек қызмет көлемі аз ғана шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Жүмыс күні аяқталғаннан соң әрбір беруші мен алушы жақтар бойынша қүндылықтардың жеке-жеке атаулары көрсетіліп, бүлардың қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп жасалынып отырған. Қорытынды есеп жасау үшін арнайы күрылған үлгі қағаздың әрбір бетіндегі жазулар жеке жинақталып, бұдан соң жалпы жинақ шығарылып тұрған.
Құндылықтардың жеке атауларына сай
кіріс-шығыс құжаттары
Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердін зерттеуіне қарағанда шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі қолданылған.
Материалдық есеп жүргізу негізінде орын алған шаруашылық фактілерін хронологиялық түрғыда үздіксіз тіркеу арқылы материалдардың дүрыс жүмсалуы тексеріліп отырған. Тексерудің дүрыстығы қажетті рәсімдеулерден: алынған қүндылықтардың аталуы мен саны, бүлардың кімнен алынғандығы, қүндылықтарды алушының аты-жөні, орын алған фактінің ай-күнін көрсетіп жазу жүмыстары орындалғаннан кейін ғана дәлелденген.
Ертедегі Египетте материалдық есеп пен жүмсалған шығындардың сметалық есебінің элементтері біріктіріліп, негізінен материалды қүндыльщтар қозғалысының күнделікті есебі жүргізіліпті. Мүндай қарапайым есеп жүргізу мысалына: қүдық қазушыларға, жалдамалы жүмыскерлерге, дәрігерлерге, қүлдарға, күзетшілерге, үй қызметшілеріне, іс қағазын жүргізушілерге т.б. берілетін бір айлық тамақ нормалары, бидай, ет т.с.с. шығындар сметасын белгілеу фактілері жазылып отырған.
Босатылған, жүмсалған қүндылықтар қозғалысын жүргізуші қүжаттар екі, үш данаға бөлініп жазылған. Даналап жазудың негізі Вавилонда салынып, мүнда жүмсақ балшықтарға жазылған мәліметтер қате болған жағдайда балшьщ тақтайшалар жойылып, түзу жазулар басқа балшық тақтайшаларға жазылып отырған.
Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер.) арнайы қүндылықтар болып саналған. Есеп күжаттары «осы жылғы», «келесі жылғы» қүжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бүлардың аузын белдіктер, жіптер т.б. байлап белгілер соғатын болған. Бүдан соң «есеп жасаушылар» мүліктер қүрамына кіретін заттардың жеке атауларын, малдар мен қүралдардың т.б. қүндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген қүндылықтардың пайда болуының қасиетіне қарай, бүларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап отырған. Қүндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен елшеу әдісі қолданылған. Бүдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және қүндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен счеттар үғымы пайда болған.
Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген қүқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби саудагер купецтердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін қүндылықтар мемлекеттік түрғыда қадағаланып, бүларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың кол қойып растауынсыз есепке алынбаған.
Біртіндеп тауарлы қатынастардың тереңдеп үлғаюына байланысты контокорренттік (есеп айырысу) счеты пайда болды. Хаммураби заңының түжырымында есеп айырысу операцияларының екі типі: 1) мүліктер бойынша есеп айырысу мемлекеттік коймалар мен шіркеулер қоймасы арқылы; 2) қатысушы жақтар арасында нақты ақша төлемей есеп айырысу жағы қаралғаи.
Ерте заманда, шамамен 12 — ші ғасырда, бані/тер атқаратын міндеттерді шіркеулер және сауда қоғамы атқйрған. Банктегі қаражат көздері банк құруға қатысушылардың қосқан үлесінен қалыптасқан. Банктегі қаражаттар екіге: негізгі және айналымдағы капитал болып бөлініп қаралған. Негізгі капитал есебінен қаражат алушы жақтарға пайыздық несиелер беріліп, ал айналым капиталының есебінен көпестер операцияларының ағымдағы шығындары жабылып отырған.
Есеп айырысу жұмыстары
Тағы бір айта кететін жағдай — есеп айырысу фактілері жеке дара (бір адам арқылы) немесе үжымдық (бірнеше адамдардың) қатысуымен орындалып отырған. Осылайша есеп айырысулар қалалар мен шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Мемлекетпен есеп айырысу қаражаттарды бөлу мен қайта бөлу мақсатында натуралды өлшеммен жүргізілген. Жеке меншік иелерімен есеп айырысу тауар айырбастау операцияларымен орындалған. Бірегей ақшалай өлшем болмағандықтан және тауарлы-ақша қатынастарының жеткіліксіз дәрежеде дамымауына байланысты несиелік қаражаттар белгіленген міндеттерді ғана орындап отырған. Несие беру тек қана арнайы қабылданған заң шеңберінде жүргізілген. Несиелендіруші мекемелер несие алушы жақтардан (клиенттерден) арнайы сенімхаттар алып, қарызға түсетін қаражат жөнінде ресми келісім-шарт негізінде несие беріп отырған. Қарыз алушы клиенттерге берілген және қайтарылмаған несие сомаларының деңгейін анықтап отыру үшін сенімхаттағы және келісім-шарттағы сомалардың көлемі тексеріліп, несиедегі сомалар жөншдеп мәліметтер салыстырылып отырған.
Кейіннен, шамамен 12 — ші ғасырдың аяғына таман есеп айырысу жүмыстары өлшеп таразылау, ақша жәнр натуралды өлшемдер қолдану арқылы жүргізіле бастады. Алайда есеп айырысу жөніндегі жазулар балшыққа жазылып, ағымдағы күнделікті операцияларды арнайы счеттарға жазу жағы қиындықтар тудырды. Жедел есеп болмады, әр күнгі айналым операциялары бір қалыпты жинақталмайтын болды. Мүндай қиындықтар бастапқы қүжаттардың қажеттілігін туындатты. Бастапқы қүжаттардың пайда болуына қарай счеттарға жазылған жазуларға мөр басылатын болды. Қүжаттар өз міндеттеріне қарай кірістік және шығыстық болып екіге бөлінді. Ертедегі бухгалтерияда «дебет» және «кредит» категориялары қолданылмады. Қайта бағалау мақсатында немесе қүндылықтарды бір өлшемге келтіру үшін арнайы термин «кар»1 қолданылды. «Кар» термині материалды қүндылықтардың санын эквиваленттік бір өлшемге келтіру мақсатында күмістің бір сиклюінің2 өлшемімен өлшенді.
Мысырлықтар мен вавилондықтар есеп ақпараттарын ең бірінші болып қағазға түсірді. Бүлар жиналған астық пен мал^ сандарын тексеріп отыру үшін жазулар (белгілер) ойлап тапқан.
1937 жылы Жорж Ифраның келтірген
мәліметіне қарағанда-
Кейбір деректерге қарағанда санаққа, санауға түсетін нәрселер онім түрінде сатылатын болған. Санау қүралдары тауарлар түрінде, пайдаланылып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралы болып танылған. Мысалға май құйылған құмыралар саны, малдардың үрғашысы мен еркегі, қүралдардың саны, т.с.с. арнайы белгі таңбалар салу арқылы белгіленген. Арнайы жасалған белгілер мен таңбалар салу нәтижесінде жазулар, әріптер пайда болса керек. Жекелеген әріптерді ыңғайлы пайдаланудың нәтижесінде алфавиттік жазулар жазыла бастаған. Күні бүгінге дейін біздердің пайдалануымыздағы әріптер нүсқасы ең әуелі Сикай жартыаралынан басталыпты. Біртіндеп алфавит Грецияға тараған. Біртіндеп келген осы алфавитті гректер өз алфавитына айналдырған. Тіл қүрылымын зерттеудің нәтижесінде гректер грамматика мен синтаксисті қалыптастырған.
Қарапайым арифметикалық амалдарды ара қатынастық сауда-саттық фактілеріне қолданудың нәтижесінде цифрлар мен әріптер жазу өнері пайда болған. Яғни, арифметикалык амалдарды қолдану нәтижесінде жазу өнері пайда болса керек. Бүдан соң жеке адамдар, сондай-ақ саудагерлер мемлекеттік мүддені қорғау мен сақтау мақсатында есептесу мәдениетін (үғымын) енгізген. Ал арифметика болса, бүл математиканың саласына жататын сандардың қасиеті мен сандар арасындағы амалдарға тән ілім болып табылады. Арифметиканың аталуы гректің «рефлесс» сөзінен шыққан. Математика — ғылымның тілі. Грек тілінде «матема» сөзі тану мен үйрету пәні. Гректер сандар төориясы мен есептеу шеберлігі мәдениетін бірінен бірін ажыратып қараған. Гректер сандар төориясын математикалық үлкен үғым түрғысында қарап, бүдан философиялық терең мағына талап етіп отырған. Математика іліміне терең философиялық мән берудің нәтижесінде гректер «логистика», «есеп» дейтін қолданбалы үғым ендірген.
Платонның айтуына қарағанда арифметика мен логистика белгілі бір сандарды (цифрлар) қолдану түрғысында тығыз байланыста бола түрса да, логистиканы шын мәніндегі дәлдіктік математикасы деп атаған.
Адамның
өмір сүруіне кажетті мүліктердің,
үй малдарының, жердің, арпа, бидайдың,
күрал жабдықтардың адам өмірі мен
тіршілігіне қолданыла
Еларалық
сауданың жүруіж байланысты кейіннен
өлшемдердің стандарттық
Алайда мүндай ақшалардың пайда болуы үлкен талант түрғысында ашылған жаңалық ретінде бағаланып, тек қана монета емес, тиісті салмақтағы қүн өлшемі болып та қабылданды. Мүндай ақшаларды гректер асыл қазына деп танып, бүларды ешқандай дүние мүлікке ауыстыруға жатпайтын қымбат дүниелер ретінде бағалап, тек кана айырбас сауда үшін жүмсап отырды. Ертедегі ақша өлшемі біздің жыл санауымызға дейінгі XVII ғасыр шамасында эталон ретінде Аргоса Хахы Фейдонның жазуымен белгіленіпті. Ақшалай өлшеу мен таразылауды бүл мемлекет тек қана жеке мүліктердің қүнын шығарып салық жинау үшін ғана пайдаланған. Ерте заманда темір материалымен өлшеу салмақтап өлшеудің стандарттық бірлігі болған. Бүдан соң темір ақшалар пайда болып өлшеудің жалпылама стандартына айнала бастаған.
Біздің жыл санауымыздың VI-VII ғасырына дейін өмір сүрген мемлекеттер рөлінің біртіндеп артып, қорғаныс және әлеуметтік салалардың күшейіп, пайда табу мақсатына жүмсалатын шығындардың көбеюіне, сондай-ақ архитектуралық қүрылыстардың қарқындап өсуіне қарай әрбір мемлекеттер мәрмәр, металл, қүрылыс ағаштарын, т.б. материалдарды сыртқа шығара бастады. Мүндай операциялар аса қүнды сом алтындарды ақша түрінде жүмсау арқылы іске асырылады. Ірі-ірі сом алтындарды пайдалануға ыңғайлы дәрежеге келтіру үшін арнайы қоймаларға қойьш, үлкен көлемдегі алтындарды бөлшектерге бөліп, бүлардың беттеріне арнайы белгілер қойып, уақ ақшалар түрінде қолданылынды.
Беттеріне әр түрлі таңбалар салынған уақ ақшалар пайдалануға ыңғайлы болды, Кейіннен келе орталық өкімет салық төлеушілермен есеп айырысу және монополиялық пайда табу мақсатында ақша беттеріне патшалар мен ел басқарушылардың суреті мен аты-жөні жазылған алтын ақшалар шығара бастады.
Ертеректе шыққан ақшалар Грек мемлекетінің қүрамына кірмейтін Лидей және грекциялық, ионикалық жерлерде орналасқан Анатолиядан шықса керек. Осылайша шығарылған ақша беттерін табиғи алтындар немесе күмістермен бедерлеп отырған. Мүндай ақшаларға, бүлардың салмағы мен металдың сапасын көрсетіп кепілді таңбаларда басылатын болған. Грек мемлекетінің барлық қалаларында өздерінің жасаған меншікті ақшасы болған. Грек ақшасы негізінен күмістен жасалыпты.
Ең әуелі ақша жасаушының аты күні, бүгінде дейін белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда саудаға түсетін ең бірінші ақшаны біздің жыл санауымыздың VII ғасырына дейін грек билеушісі Лидии Крез жасапты деген уәж бар. Ал ақшаны бірінші рет бедерлеуді бастаған Грек қаласында түрған Аргос болеа керек. Жасалған ақшаны шығыс Жерорта теңізі аймағына бірінші рет айналысқа түсірген Айгина деп аталып жүр.
Мәліметтерге қарағанда, біздің жыл санауымыздың 300 жылдарында Вавилонда алтын және күмістен қүйылған ақшалар болса керек. Тауар сатып алушылар алған тауарлары үшін мүндай ақшалардың белгілі бөлігін тауар сатушыларға кесіп беріп отырыпты. Кесілгеннен кейін қалған ақшалар қайта өлшеніп, бұлардың беттеріне басқа суреттер салынып отырған. Бедері мен белгілері бар ақшалар қозғалысы тек қана шаруашылық операцияларын іске асырып қана қоймай, ақшаның белгілі бір орындарға жинақталуына қазыналық байлықтың көбеюіне үлкен ықпал етіп отырған. Сонымен қатар, ақша қозғалысы арқылы мемлекет аралық есеп айырысуды, мемлекет қазынасын сақтауды, шіркеулер мен халық арасындағы ақшалар қозғалысы бақыланатын болған.
Ең бірінші қағаз ақша біздің эрамызға дейін 650 жылы Қытайда пайда болған. Европада ең бірінші жазу «төлеу міндеттемесі» үғымы XVII ғасырда жазылған. Өз аталуына қарағанда ақша үлкен бір қүндылыққа жатпайды. Ақша тауар қүнын төлеу, айырбас жасау, қүн, жинақтау және өлшеу бірлігіне келтіру үшін ғана керек.
Ал экономиканың дамуы мен ақшаның пайда болып, шаруашылық фактілерінің дүрыс есептелуінің негізінде ақшалай өлшеп жазу (жазбаша) мен счеттарға жазу әдістері туындады. Мысалға, қырманнан келіп түскен 30 тонна бидай ең әуелі астық ору машинасының 3 бункер астығы түрінде қабылданып, қырманшының есебіне енді. Бүл операцияда ақша деген үғым, қазірше қолданылмай түр. Бидайдың 1 тоннасының қүны белгіленбеген. Бірнеше он күндік өткен соң 1 тонна бидай 15 мың теңгеге бағаланды. Яғни, қырманға түскен бидайдың барльщ қүны 450 мың теңгені қүрады. Мүның нәтижесінде ақша әмбебаптық өлшемге айналып, бухгалтериядағы мәліметтерге түрақты қүндық өлшеммен жазылғандығын көрдік.
Бүл мысалдардан біздер нені үғамыз? 1) адам өмір сүруі үшін еңбек етіп, бидай өндірді; 2) өндірген бидай қырманшыға өткізілді; 3) қырманға өткізілген бидайдың қүны едәуір уақыттан соң, ақша түрінде бағаланды; 4) сатып беруші мен сатып алушы жақтар өзара келісті; 5) келісім нәтижесінде бидай сатқан жақ өзіне тиеселі ақшасын алды; 6) ақша беруші жақ бүл ақшаны бухгалтериялық есепке жазды. Яғни бидай өндіру жөніндегі барлық операциялар есеп жүргізудің объектісіне айналды.
Осы айтылған сабақтастық қатынастардың барлығы да ертедегі үкімет пен халық тарапынан тексеру мен бақылауда болған. «Алтын ғасыр» болып аталған ертедегі Афина елдерінде ең әуглі демократиялық процесс қүрылып, бүл процесо экономикалық процестің үлкен дәрежедегі тарихи қозғаушы күші болса керек. Афинаның әрбір азаматы өз мемлекетінде қабылданған ата заңына сай жаңа заң жобаларын үсынып, кез келген қарсы келетін әкімшілік биліктіктерге өз пікірлерін айтып отырған. Қоғамдық қорларды басқарудың барлық іс-әрекеттері арнайы тексерулер және бақылаудан өтіп отырған. Тексерушілер өз қорытындыларын тексеруші аудиторларға тапсырып, халық алдында есеи беріп отырған. Конституциялық заңдар қоғамдық қордың жүмсалуы және реттеліп отыруы мен қатар бухгалтерлік есептің қатаң тәртіппен жүргізілуін, сондай-ақ әрбір аудитор атқаратын қызметіне қойылған талаптарды орындау дәрежесіне баға бере білген. Аудитолар мен тексерушілердің есебі арнайы сотқа тапсырылып, шешімдер қабылданған.
Қоғамдық қорлардың
Қоғамдық қорларды басқарушы міндетті адамдар альшған қорытындылар мен жүмсалған ақшаларды, мемлекеттік жарлықтарды және басқа да қүжаттарды өздерінің Палата ксңесінде сақтаған. Қоғамдық «тексерушілер» палатасымен бүлардың атқаратын қызметтері тізімін Аристотель және мүның шыіарған заңдары арқылы бекітіліп отырған. Аристотель тсксерушілердің үш палатасын қүрған. Әр палата қүрамына он адамнан енгізілген. Бірінші «тексерушілер» кеңесі палатасына гекеерушілердің жалпы қүрамынан елу адам сайланады екен. Ккінші тексерушілер палатасына «басқарушы бухгалтерлер» деп а салатын өкілеттікке он адамнан көмекші ассисенттер және адвокаттар тағайындалып отырған. Үшінші тексерушілер палатасына арнайы тексерушілер тағайындалып, бұларға көмек ретінде жиырма адамнан ассисент сарапшылар және кеңесшілер тағайындалған. Мүншама бухгалтерлердің барлығы бірігіп, Афинаны басқарушы өкіметтік органдар қызметін, бұлардың барлық құрылымдарын тексеріп отырған.
Афинадағы «Алтын ғасыр» ережелерінен біздер тек аздаған мәліметтер беріп отырмыз. Мүның өзі демократия мен халықтық үкімет аралығындағы әділетті заңдылықтың тексеру мен бақылауға арналған жақтары деп ойлаимыз.
Тексеру және аудиторлық бақылау жүмыстары Афинада өте жоғары демократиялық деңгейде өрістеген «аудиторлар» мен «тексерушілер» жоғалған немесе үрланған мүліктер үшін лауазымды адамдарды жауапқа тартып отырған. Сот қорытындысы шығарылып жауапқа тартылған лауазымды адамдар мен сотқа шағым түсіруші аудиторлар мен тексерушілердің дүрыстық не кемшілік жақтары жарияланып отырған.
Тексерушілер жүмысының
Грецияда «Алтын ғасыр» заманындағы бухгалтерлік жүйенің дүрыстығын тексеру үлкен маңызды істердің қатарында болған. Тексеру жүмыстарын орындау жоғарыда айтылған палаталардың қүзырында қаралып, қоғамдық мүліктерге жауапты лауазымды адамдардың есебі тыңдалып отыратын болған. Аудиторлық жүмыстар мен лауазымды адамдардың атқаратын бухгалтерлік жазу, табыстар мен шығындарды есептеу жүмыстары бірі мен бірі тығыз байланыста қаралып отырған. Сметада бекітіліп қаралған шығындар мен нақтылы жүмсалған шығындарды салыстырып отыру арқылы бухгалтерлік жүйемен мемлекеттік тексеру жүйесінің сәйкестігі, сондай-ақ мемлекеттік ресурстардың орынды жұмсалуы тексеріліп отырған. Яғии бухгалтерлер мен аудиторлар иалатасы және мемлекеттік басқарушы лауамызды түлғалар арасында интегрециялық байланыс орнатылған.
Грек еліндегі ақша айналысқа ертеректе енгенімен қаржыландыру немесе несиелендіру үшін қажетті ақшалар тек қана біздің жыл санауьшыздың II ғасырында ғана қолданыла бастады. Ьүл елдегі кедейшіліктің жоғары болуына сай халык қолындағы ақшаларын қүмыраларға салып, көптеген жылдар бойы тығып үстады. Кейбір деректерге қарағанда мүндай жағдай жономиканың дамуына зиян келтірген.
Банктердің пайда бола бастауына қарай мүндағы ақша айналысы бухгалтерлік есептің дамуына үлкен әсер ете бастады. I ің бірінші банк біздің жыл санауымыздың V ғасырында Грецияда иайда болды. Бастапқы кезеңдердегі банктер тек қана оалымшылардың ақшасын сақтайтын орынның ғана міндетін атқарды.
Римдіктер Грецияны басып алу кезеңінен бастап банк есебіне дс өз биліктерін жүргізді. Бүдан соң ертедегі Римде банк есебі окі түрлі жазудан, клиенттердің есеп шоттары бойынша банк кітабын жүргізуден және ақша қозғалысының кіріс-шығыс кітаптарын жүргізуден басталды. Кіріс-шығыс есебі мыңдаған жылдар бойы жүргізіліп келеді. Ал клиенттер есеп айырысу қызметін қанағаттандыру мақсатында банкирлер «кірістер» мен «шығыстар» терминін ауыстырып, мүның орнына дебет және крсдит терминдерін енгізді. Дебет термині — «ол қарыз», ал кредит термині — «ол иелік етеді» деген үғымға саятын болды. Мүндай өзгсрістер бухгалтеряның дамуына үлкен үлес қосты. Кіріс-шығыс ечеты жойылды. Бухгалтерлік есептің объектісі ретінде ақша үгымы есеп айырысу үғымымен біріктіріліп қаралатын болды.
Нц әуелі Египетте бүдан соң Ертедегі Римде банктер пайда болды. Банктердің пайда болуына қарай банк жүйесіне тән жаңа терминдер қолданыла бастады. Мысалға кредит дейтін латын сөзі «бар» немесе «салған ақшасы бар» деген үғымды білдіретін болды. Кредит сөзі Римдіктерден орта ғасырдағы Италияға, одан Іівропаға, бүдан соң басқа елдерге өтіп, 1-ші Петр кезінде Россияда пайдалана бастаған екен. Тарих мәліметтеріне қарағанда, банктер бухгалтериясы негізінен Ертедегі Римде дамыған. Мүндағы банк бухгалтериясының даму тәжірибесінің өркендеуіне, әсіресе қаржылық есеп айырысуларды тиісті заң актілерімен реттеп отыруға байланысты бухгалтерлік есеп дами бастады.
Ертедегі Римде банк кітаптарының кірісі мен шығысын сот процесі қаралатын орталықтарға тапсырмай сот процессі қаралмайды екен. Мұндай қүжаттарды тиісті орындарға тапсыру және арнайы шешімдер қабылдау заң нормаларына міндетті түрде енгізілген. Мәселе осылайша қойылған жағдайда банктерге салынған салымдар және арнайы клиенттермен есеп айырысу тек қана қағаз жүзінде өз шешімін табатындығы дәлелденген.
Римдіктер бухгалтерияның пайда болып, мүның ары қарай жетілдірілуін жақсы бағалапты. Ақша қозғалысы есебін банктерде жүргізу тәжірибесін Римдіктер гректерден үйренген. Алайда Римдіктер бухгалтерияны заңды түрдегі сенімді орынға айналдырған. Бүлар бастапқы қүжаттардағы мәліметтерді ең бірінші болып бухгалтерлік есеп регистрларына (счеттарға) жазған. Бухгалтерлер негізінен үш регистрлерді пайдаланған. Бірінші регистрға (кітапқа) күнделікті шаруашылық фактілері жазылып отырған. Бүдан соң бүл кітап екінші регистр түрінде сақталатын кітап немесе мемориал деп аталынған. Жүйелеп жазу кітабы — үшінші ең соңғы регистр түрінде Кодекс деп аталған. Барлық кітаптардағы ақша есебінің қозғалысы және ақшалай елшеммен есеп айырысулар жазылған. Барлық материалдарды қүндылық заттардың есебі (астық, май, шарап, малдар т.б.) натуралды өлшеммен беріліп, басқа кітаптарда жүргізілген. Кодекстік счеттар бойынша соңғы қалдықтар шығарылып отырған.

- Бухгалтерлік есептің даму тарихы
- Бухгалтерлік есептің даму тарихы
- Бухгалтерлік есептің даму тарихы
- Бухгалтерлік есептің даму тарихы
- Бухгалтерлік есептің даму тарихы
- Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есеп теориясы
- Бухгалтерлік есептеу
- Бухгалтерлік есепті 1С: Бухгалтерия жүйесінде жұргізу
- Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту
- Бухгалтерлік есептің 12 принципі
- Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің жалпы сипаттамасы
- Бухгалтерлік есептің әдістері