Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер

 Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер.

 

Шаруашылық  есептің туындауы, түрлері

Бухгалтерлік есеп дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның  іс-жүзіндегі  қызметінің мәнін айқындап, бағалауға  мүмкіндік береді.

Қоғамның дамуы барысында  бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1. есепті барынша ақпаратты,  әрі дәл жасау;

2. оның қарапайым және  арзан болуына қол жеткізу;

3. шаруашылық өміріндегі  деректер жөнінде  дер кезінде  ақпарат алу.

Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту  мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты – адамдар  арасындағы  экономикалық қатынастардың  дамуы. Бухгалтерлік есептің пайда  болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • Ежелгі дүние.
  • Ортағасырлық.
  • Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
  • Ғылымның пайда болуы.ХІХғ. екінші жартысы.
  • ХХғ. – бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
  • Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде тіркелді.Ертедегі Мысырдағы папирустар хронологиялық  тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу  үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте заманда Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде  пайдаланылды, оларға уақ тастар –  бастапқы құжаттар (картотека тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз  кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент, папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық  тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды. Бухгалтерлік есеп ғылым  ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің  «Сауда және нағыз көпес туралы»  деген бірінші кітабында  бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда  болып, қалыптасуы қарастырылды. Бүгінде  бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде  ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты  және басқа да  өндіріс процесін шынайы  көрсетіп береді. Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есебі  бухгалтерлік есеп Стандарттарында  және субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы  қағидалары мен ережелерінің негізінде  құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды  пайдаланушылардың талабына , қызметтің  құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша  ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Экнономиканың барлық саласындағы  кәсіпорындардың иелері мен еңбек  ұжымдары  шикізат пен материалдарды  ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын  азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды  өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын  төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да  ресурстарын заңсыз және тиімсіз  жұмсауға  және тонауға  қарсы  күресте бухгалтерлік есептің мәнін  айрықша бағаламауға болмайды.

Біртектес шаруашылық операцияларының  жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:

  • өндірістік қорларды дайындау;
  • өнім өндіру;
  • сату (өткізу).
  • Қамтамасыз ету ( дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым – қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
  • өндірістік , мұнда өнім дайындауда пайдаланатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілерілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;

- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар  (буып – түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді

Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген қозғалысы  мен өзгерісінің  фактісі  шаруашылық операциясы болып табылады.

Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне жедел және оперативті, статистикалық  және бухгалтерлік есептер кіреді.

Оперативті  есеп – кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік,оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспетчерлер, бақылаушылар және т.б. қызметкерелер жүргізеді.

Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды, олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік  есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен,  бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңының 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрдеі әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық  мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын атқарады.Бухгалтерлік есеп: теорияға,қаржылық және басқару есептеріне бөлінеді.

Салықтық есеп – бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.

 Есепте қолданылатын өлшемдер.

Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.

Заттай өлшеуіштегі  – есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с., шамалар қолданылады.

Еңбек өлшеуіштегі  жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын  пайдалану анықталады.

Ақшалай өлшеуіштер – (теңге, тиын) шаруашылық құрылдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы  іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып  есепте қолдану  тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында  да қорытындыланған көрсеткіштер алуға  мүмкіндік береді.

Қаржылық  және басқарушылық есеп және бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылардың жіктелуі.

Бухгалтерлік есеп басқарушылық есеп және қаржылық есеп болып бөлінеді.

Басқарушылық  есеп – ішкі пайдаланушылармен өңделетін және тасымалданатын барлық есеп ақпаратын қамтиды.

Қаржылық есеп – ішкі пайдаланушылармен қатар, сыртқы пайдаланушыларға берілетін есеп ақпаратын қамтиды.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың  екі негізгі топтары бар:

  • ішкі;
  • сыртқы.

Сыртқы пайдаланушылар екі  категориға бөлінеді. Олар:

  • субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;
  • субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.

Тікелей қаржылық мүддесі  бар пайдаланушылар категориясына  мыналар кіреді:

  • қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
  • қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;
  • сатып алушылар.

Жанама қаржылық мүддесі  бар пайдаланушылар категориясына  кіретіндер:

  • салық органдары;
  • реттеуші органдар;
  • статистикалық органдар;
  • басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.

 

Бухгалтерлік  баланстың мазмұны мен құрылымы.

Баланстың активі мен пассиві

Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету  үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен  пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда  болу, қалыптасу көздері жайлы  мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен  жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен  алады.

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық  жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың рынок экономикасында бағыт  алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында  бар қорлар,  олардың жағдайы  туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда  болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл  мәліметтер белгілі бір күнге  жалпы ақшалай көрсеткіштермен  берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

          Бухгалтерлік баланс екі бөлікке  бөлінеді: актив және пассив.

          Кәсіпорының шаруашылық құралдарының  заттық құрамы,орналастырылуы мен  пайдаланылуы көрсетілетін сол  жағы баланс активі деп аталады

          Баланстың оң жағы пассив деп аталады және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне салынған қаражаттың шамасын,оның шаруашылық құралдарын құруға қатысу нысанын көрсетеді.

           Баланс актив пен пассив жиынтықтарының  тепе-теңдігі міндетті түрде сақталуы  керек,өйткені баланстың екі жағы  да бір ғана шаруашылық құралдарын  көрсетеді,бірақ ол әр түрлі  белгілері бойынша топтастырылған:баланс  активінде заттық құрамы мен  функционалдық рөлі,яғни ол қалай  орналасқан (негізгі құралдар,материалдық  емес активтер,күрделі салымдар,дайын  өнім және т.б),ал пассивінде  шаруашылық құралдарының құрылу  көздері бойынша,яғни кімнен және  қанща шаруашылық құралдары алынғанын  (құрылтайшылардан,кәсіпорын табысы,бюджеттен,банк  қарыздары,жабдықтаушылардан және  т.б. көрсетеді.

           Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Құру тәртібі бойынша (кіріспе баланс,ағымдағы,таратылу,бөлу және қосылу балансы);
  2. Құрудың қайнар көзі бойынша (инвентарлық,кітаптық,бас баланс);
  3. Ақпараттар көлеміне байланысты (біртекті,жинақ балансы);
  4. Қызметінің сипатына байланысты (негізгі қызмет және негізгі қызмет емес баланстар);
  5. Меншік нысандары бойынша ;
  6. Бейнелеу көлемі бойынша (дербес және жеке баланстар);
  7. Тазарту тәсілдері бойынша (баланс брутто және баланс нетто).

                                            

Баланс баптары  мен бөлімі

Бірінші бөлімінде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімінде қаражаттың пайда болу көздері мен  мақсатты белгілеуі көрсетіледі. Меншікті капитал  мен міндеттемелердегі (МКМ-дағы) актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады.

 Баланс баптарының  топтар мен бөлімдерге біріктірілуі  олардың экономикалық мазмұнынан  туындайды.Бухгалтерлік баланстарға  шаруашылық құралдары мен олардың  құрылу көздерін көрсететін баптардан  басқа осы шаруашылық  құралдары  мен олардың құрылу көздерінің  бағалау құнын реттейтін баптар  да кіреді.Оларды реттеуші баптар деп атайды.Ол өзі екіге бөлінеді: тура және контрарлық болып.

Тура реттелетін баптар баланстың  негізгі бабына қосымша болып  табылады,ал контрарлық баптар негізгі  баптардың шамасын азайтуды көрсетеді  және баланста минус таңбасымен көрсетіледі.

 Реттеуші баптардан  тұратын бухгалтерлік баланс-брутто (итал.Brutto-таза емес,);  реттеуші баптарсыз-баланс нетто (итал.Netto-таза)

Баланс 5 бөліктен тұрады:

1 Ұзақ мерзімді активтер( материалдық емес активтер (МЕА), негізгі құралдар (НҚ) және т.б.)

2. Ағымдағы активтер (1 жылдан  кем).

3. Меншікті капитал.

4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер  (1 жылдан астам).

5. Қысқа мерзімді міндеттемелер  (1 жылдан кем).

 

1 –кесте.

Актив

МКМ

І. Ұзақ мерзімді активтер

  1. материалдық емес активтер
  2. негізгі құралдар
  3. ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
  4. Инвестициялар

ІІ. Қысқа мерзімді активтер

  1. тауарлы-материалдық қорлар (материалдар, дайын өнім, тауарлар)
  2. ақшалай қаражат (касса, есепшот, валюталық шот)
  3. дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу)
  4. қаржылық инвестициялар
  5. болашақ кезең шығындары

І. Меншікті капитал

  1. жарғылық капитал
  2. резервтік капитал
  3. қосымша төленген капитл
  4. қосымша төленбеген капитал
  5. бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)

ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  1. ұзақ мерзімді қарыздар
  2. ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
  3. салықтар

ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер

  1. қысқа мерзімдік қарыздар
  2. бюджетпен есептесулер
  3. алынған аванстар
  4. жалақы бойынша есептесулер
  5. жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер

 

Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық  өңдеу үшін кестенің әрбір баптары  кодталады. МКМ мен активтің әрбір  бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер мен МКМ тең болуы  тиіс.

Баланс негізінде ұйымның  қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып  салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі  экономикалық ресурстардың бар –жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсібір сәтінде ғана (заңнамаға сәйкес –  есепті жылдың 31 желтоқсанында) анықтауға  болады.

Шаруашылық операция әсерінен баланстың өзгерісі

        Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытта жасалып, қаражаттың жағдайы мен олардың шығу көздерін бейнелейді. Шаруашылық іс-әрекет үдерісінде қаражат тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамының, орналасуының және пайда болу, қалыптасу көздерінің өзгеруі болып жатады. Субъектінің іс- әрекеті барысында жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерінің бөлігі болып табылатын және қаражат құралы мен олардың шығу көздеріне тағы сондай өзгерістерді туындататын шаруашылық операцияларын іске асырады. Олар балнста тиісті баптардың ұлғаюы мен кішірейткен түрінде бейнеленеді, кей жағдайларда баланста жаңа баптар пайда болады немесе жоғалып кетеді.

Баланстағы өзгерістер құрылымы бойынша шаруашылық операциялары 4 типке бөлінеді:

1- тип: кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы) шоттан жалақы мен бақа шығындарды төлеу үшін 150 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті.

451 (1010)  «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша » шот дебеті, 150 000тг.   

441 (1040)  «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 150 000тг.                    

Актив

Сома, теңге

МКМ

Сома, теңге

Кезең басындағы жиынтық сома

Кассадағы қолма-қол ақша

Ағымдағы шоттағы ақша

 

300,0

 

+150,0

 

-150,0

Кезең басындағы жиынтық сома

 

300,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

300,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

300,0


А+А-; баланс сомасы өзгермейді; А= МКМ.

2-тип: тек қаражат көздері құрамында ғана өзгерістер туғызады. Мысалы, қысқа мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200 000 теңге шоты төленді.

671 (3310) «Төлемге арналған шоттар » шот дебеті, 200 000тг.

601  (3010) «Банктің қысқа мерзімді қарызы» шот кредит, 200 000 тг.

Актив

Сома, теңге

МКМ

Сома, теңге

Кезең басындағы жиынтық  сома

 

300,0

 

Кезең басындағы жиынтық  сома

Қысқа мерзімді қарыз

Жабдықтаушылармен есеп айырысу

 

300,0

 

+200,0

 

 

-200,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

300,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

300,0


П+П-; баланс сомасы өзгермейді; А= МКМ.

3- тип: шаруашылық құралдарын және олардың шығу көздерін теңбе – тең сомаға көбейтеді. Мысалы, жабдықтаушылармен есеп айырысу алынбаған 250 000 теңге сомасына материалдар алынды.

201 (1310) «шикізат пен материалдар» шот дебеті, 250 000тг.

671  (3310) «Төлеуге арналған шоттар» шот кредиті, 250 000 тг.

Актив

Сома, теңге

МКМ

Сома, теңге

Кезең басындағы жиынтық  сома

Шикізатпен материалдар

 

300,0

 

+250,0

Кезең басындағы жиынтық  сома

Жабдықтаушылармен есеп айырысу

 

300,0

 

 

+250,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

550,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

550,0


А+П+; баланс сомасы көбейеді; А= МКМ.

4- тип: қаражаттың және олардың шығу көздерінің бірдей сомаға азайтылуын сипаттайды. Мысалы, қызметкерлерге кассадан 120 000 теңге жалақы төленді.

681 (3430, 4230) «қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шот дебеті 120 000 тг.

451 (1010) «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша» шот кредиті, 120 000 тг.

Актив

Сома, теңге

МКМ

Сома, теңге

Кезең басындағы жиынтық  сома

Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша

 

300,0

 

-120,0

 

Кезең басындағы жиынтық  сома

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысу

 

300,0

 

 

-120,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

180,0

Кезең соңындағы жиынтық  сома

 

180,0


А-П-; баланс сомасы азаяды; А= МКМ.

Баланс актив, пассив баптарының өзгерісіне

әсер ететін шаруашылық операциялары

Шаруашылық  операциялардың әсерінен бухгалтерлік баланстың өзгеруі.

Бастапқы бухгалтерлік баланс

Актив

Пассив 

Материалдар

Есептік шот 

Касса

 

 

 

 

20000

80000

1000

Өткен жылдың пайдасы 

Кредиторлармен есеп айырысу:

  • тауарлар мен қызметтер үшін
  • еңбекақы
  • салық

50000

 

 

 

20000

30000

1000

Баланс 

101000

 

101000


 

   Шаруашылық операцияның I-ші типі: Екі активтік шоттар арасында өзгеріс болады. (А+ А-). Мысалы: Есептік шоттан кассаға 1000 теңге түсті.

I-ші операциядан  кейінгі бухгалтерлік баланс

Актив

Пассив 

Материалдар

Есептік шот 

Касса

 

 

 

 

20000

79000

2000

Өткен жылдың пайдасы 

Кредиторлармен есеп айырысу:

  • тауарлар мен қызметтер үшін
  • еңбекақы
  • салық

50000

 

 

 

20000

30000

1000

Баланс 

101000

 

101000


    Баланс валютасы  өзгерген жоқ, баланс теңдігі  сақталған. 

    Шаруашылық  операцияның II-ші типі: Екі пассивтік шот арасында өзгеріс болады. (П+ П-). Мысалы: Еңбекақыдан 1500 теңге ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталынды.

II-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс

Актив

Пассив 

Материалдар

Есептік шот 

Касса

 

 

 

 

20000

80000

1000

Өткен жылдың пайдасы 

Кредиторлармен есеп айырысу:

  • тауарлар мен қызметтер үшін
  • еңбекақы
  • салық

50000

 

 

 

20000

28500

2500

Баланс 

101000

 

101000


    Баланс валютасы  өзгерген жоқ, баланс теңдігі  сақталған. 

   Шаруашылық операцияның III-ші типі: Активтік және пассивтік шоттар арасында өзгеріс болып, сома өседі. (А+ П+). Мысалы: Жабдықтаушылардан 10500 теңге материалдары келіп түскен, бірақ ақысы төленбеген.

III-ші операциядан  кейінгі бухгалтерлік баланс

Актив

Пассив 

Материалдар

Есептік шот 

Касса

 

 

 

 

30500

80000

1000

Өткен жылдың пайдасы 

Кредиторлармен есеп айырысу:

  • тауарлар мен қызметтер үшін
  • еңбекақы
  • салық

50000

 

 

 

30500

30000

1000

Баланс 

111500

 

111500


    Баланс валютасы  операция сомасына ұлғайды (10500 теңге), баланс теңдігі сақталған. 

    Шаруашылық  операцияның IV-ші типі: Активтік және пассивтік шоттар арасында өзгеріс болып, сомасы кеміді. (А- П-). Мысалы: Жабдықтаушы шотына есептік шоттан 30500 теңге төленді.

IV-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс

Актив

Пассив 

Материалдар

Есептік шот 

Касса

 

 

 

 

30500

48500

2000

Өткен жылдың пайдасы 

Кредиторлармен есеп айырысу:

  • еңбекақы
  • салық

50000

 

 

28500

2500

Баланс 

81000

 

81000

Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер