Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары

Банк туралы 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді. 

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді. 

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады. 

Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия. 

  

Банк тарихынан 

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.  
 

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды. 

Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және  басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.  
 

Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.  
 

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.  
 

Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.  
 

1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.

Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.). 

60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.  
 

Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 

1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.  
 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 

1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.  
 

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. 

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді. 

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.  
 

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.  
 

2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын  акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты. 

Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі.  Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. 
 
 
 

Рейтингтер

Moody's Investors Service 

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер 

Ba2 

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер 

Not prime 

Қаржылық тұрақтылық рейтингі 

D- 

Рейтинг болжамы 

  

Тұрақты

Standard and Poor`s 

Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі 

В+ 

Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі 

B 

Рейтинг болжамы 

  

Тұрақты

Fitch Ratings 

Шетел валютасындағы эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі 

BB- 

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг 

B

Тұрақтылық рейтингі bb- 

Жеке рейтинг 

D 

Қолдау рейтингі 

4 

Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы 

Тұрақты 
 
 
 
 

01.09.2004 ж.

2004 жылдың 2-ші тоқсаны бойынша баланстық есеп және кіріс пен шығыс туралы есептер  Прим 30 июня

2004 года 31 декабря

2003 года

Активы     

Деньги и их эквиваленты   19.568.695 13.415.347

Обязательные резервы   5.470.635 5.212.050

Торговые ценные бумаги 3 33.829.091 39.914.328

Средства в кредитных учреждениях 4 1.822.120 7.290.929

Инвестиционные ценные бумаги:     

- годные для продажи 5 3.105.224 3.231.735

- удерживаемые до погашения 5 16.174.567 6.443.297

Займы клиентам 6 197.749.564 163.888.497

Текущие налоговые активы   85.924 199.373

Основные средства   7.176.874 7.322.490

Прочие активы   3.700.147 2.605.196

Итого активов    288.682.841 249.523.242

      

Обязательства      

Средства Правительства и НБРК   796.335 528.514

Средства кредитных учреждений 8 64.360.182 61.876.550

Средства клиентов 9 186.737.744 154.845.698

Задолженность по дивидендам   174.904 366.253

Налоговые обязательства   259.361 182.686

Резервы 7 1.160.214 920.576

Прочие обязательства   1.575.822 778.847

Выпущенные субординированные долговые ценные бумаги 10 8.376.744 8.582.604

Итого обязательств   263.441.306 228.081.728

      

Доля меньшинства   178.192 203.256

      

Собственный капитал 11   

Уставный капитал     

- простые акции   7.422.628 7.422.600

- привилегированные акции   2.474.200 2.474.200

Дополнительно оплаченный капитал   2.191.180 2.191.872

Собственные акции   (16.521) (15.739)

Резервы   336.062 367.951

Нераспределённый доход   12.655.794 8.797.374

Итого собственного капитала    25.063.343 21.238.258

      

Итого обязательств, собственного капитала и доли меньшинства   288.682.841 249.523.242

      

Финансовые и условные обязательства 12   
 
 
 
 

01.01.2003 ж.

2002 жылдың 4-тоқсаны бойынша баланс 

Балансовый отчет по состоянию на 1 января 2003 года

  Активы в тысячах

I. Наличные деньги 5591117

II. Корреспондентские счета и вклады в Национальном Банке Республики Казахстан 1576240

III. Аффинированные драгоценные металлы 2007

IV. Ценные бумаги, предназначенные для торговли (нетто) 23506982

V. Корреспондентские счета и вклады в других банках (нетто) 14873154

VI. Займы и финансовый лизинг, предоставленные другим банкам (нетто) 

VII. Требования к клиентам (нетто) 122899710

VIII. Прочие ценные бумаги (нетто) 8766271

IX. Инвестиции в капитал и субординированный долг 212874

X. Основные средства (нетто) 7059191

XI. Нематериальные активы (нетто) 200539

XII. Прочие активы (нетто) 9190012

  Итого активов:(I+II+III+IV+V+VI+VII+VIII+IX+X +XI+XII) 193878097

  ОБЯЗАТЕЛЬСТВА 

I. Корреспондентские счета и вклады банков 288971

II. Банковские счета и вклады клиентов 130965305

III. Выпущенные долговые ценные бумаги 

IV. Задолженность перед банками 27067594

V. Прочие привлеченные средства 7470505

VI. Субординированный долг 4468713

VII. Налоговые обязательства 220849

VIII. Прочие обязательства 6611336

IX. Итого обязательства:(I+II+III+IV+V+VI+VII+VIII) 177093273

X. Доля меньшинства -619

  КАПИТАЛ 

XI. Уставный капитал 9669706

  в том числе: 

  простые акции 7408556

  привилегированные акции 2261150

XII. Дополнительный капитал 2085600

XIII. Нераспределенный чистый доход прошлых лет, резервный капитал и резервы переоценки банка 2309636

XIV. Нераспределенный чистый доход (непокрытый убыток) 2720501*

XV. Итого капитал: (XI+XII+XIII+XIV) 16785443

  Итого пассивов: (IX+X+XV) 193878097

  * Примечание: Результат скорректирован на сумму пополнения резервного капитала дочерней компании в течении 2002 года. 
 
 
 
 

22.08.2011 ж.

Сәйкестендіру нөмірлерін берудің қажеттігі туралы  

Банк клиенттерінің назарына! 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлерді қоса, 2010 жылғы 1 қаңтарға 2012 жылғы дейінгі мерзімде жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) алу үшін тиісті органдарға өтінішпен баруы тиіс. Бұл ретте, жеке тұлғаларға - дара кәсіпкерлерге ЖСН беріледі. 

Банктің барлық клиенттері - жеке және заңды тұлғалар - 2010 жылғы 13 тамызға дейінгі мерзімде ЖСН немесе БСН бар екендігін растайтын құжатты деректер базасына енгізу үшін Банкке тапсырулары қажет. 

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Банктің деректер базасында клиенттің ЖСН-і/БСН-і болмаған жағдайда кез келген банктік операцияны жүргізу мүмкін болмайды! 
 
 

(КРЕДИТ БЕРУ)

«Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасы

Мақсатты пайдалану: 

Заемдар жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөліктерді сауда ұйымдарынан және арнайы рыноктардан сатып алу үшін беріледі. Осы бағдарламаның шеңберінде берілген заемды мақсатты пайдалану міндетті болып табылады және қадағаланады. 

Мақсатты топ: 

Жеке тұлғалар - ҚР резиденттері, олардың Банктің жалақы жобасына қатысу /қатыспауына байланысты емес. 

Бағдарламаның талаптары: 

  

Кредиттеу мерзімі  

3 айдан 7 жылға дейін. 

Сыйақы мөлшерлемесі: 

автосалоннан сатып алынатын автомобиль кепіліне - теңгемен 15,5% СТЖМ 17,1%-дан, доллармен - 13,0%, тиімді 14,2%-дан 

рынокта сатып алынатын автокөлік немесе жылжымайтын мүлік кепіліне - теңгемен 16,5%, тиімді 18,2%-дан, доллармен - 14,0%, тиімді 15,3%-дан   

Кредит валютасы 

Теңге, АҚШ доллары 

Заем сомасы  

өтініш берушінің төлеу қабілеттілігіне байланысты. 

Бастапқы жарна   

автокөлік құнынан 30%-дан кем емес (автосалондар желісі және «Astana Motors» мен «Mercur» компанияларының серіктестерінен сатып алынатын болса 20%-дан кем емес)* 

  

Табысты құжатпен растау  

  - өз қаражатымен 50%-дан жоғары қатысу жағдайында - табысты құжатпен растау қажет етілмейді,  от 30%-дан жоғары болса - табысты растау міндетті түрде. 

Клиенттерді «Astana-Motors» және «Mercur» автосалондары арқылы автомобильдерді сатып алу үшін кредиттеу кезінде: 

- өз қаражатымен 50%-дан жоғары қатысу жағдайында - табысты құжатпен растау қажет етілмейді,  от 20%-дан жоғары болса - табысты растау міндетті түрде. 

Кредит бойынша қамтамасыз ету:  

Банк талаптарына сәйкес сатып алынатын автокөлік, сондай-ақ Банк талаптарына сай қамтамасыз етудің басқа түрлері.

Қамтамасыз етуді бағалау - жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөлікті сатып алған жағдайда жүргізіледі. 

Сақтандыру  

Мүліктік сақтандыру (кепіл мәнін) қолданыстағы тарифке сәйкес іске асырылады   

Кредит өтінімін қарастыру мерзімі  

3 жұмыс күні. 
 

  

Сатып алынатын автокөліктің пайдаланылған мерзімі бойынша шектеулер: 

ТМД елдері, Қытай, басқа елдер - 3 жылға дейін. 

Корея, АҚШ - 7 жылға дейін. 

Жапония, Еуропа - 10 жылға дейін.  
 
 
 
 
 

«Банктің жалақылық жобасына қатыспайтын жеке тұлғаның кепілдемесімен» бағдарламасы 

Мақсатты топ: 

Банктің жалақылық жобасына қатыспайтын, Банкпен ынтымақтастық туралы шарт бекіткен  Компанияның қызметкерлері әрі ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалар. Заемшының/кепілгердің жасы- 23 жастан кіші болмауы керек. 

Пайдалану мақсаты: 

Тексерілмейді. 

Бағдарламаның талаптары: 

Кредит мерзімі -  3 айдан 3 жылға дейін. 

Заем берілетін валюта - теңге. 

Заем сомасы -   80 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін. 

Жалақының талап етілетін ең төмен деңгейі - кемінде 15 000 теңге (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес) 

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 24%. 

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде - 38,2%-дан бастап 

Табысты құжат арқылы растау міндетті түрде талап етіледі. 

Міндетті талабы - компаниямен (жұмыс берушімен) ынтымақтастық туралы шарт бекіту және Банкпен өзара қарым-қатынас мәселесін үйлестіруге жауапты қызметкерді анықтау, компания тарапынан заемдарды әкімшілендіру және заемдарды жабу жұмысын ұйымдастыру. 

Сақтандыру - Банктің уәкілетті органының шешімінде тиісті компания бойынша  өзге жағы қарастырылмайтын болса, сақтандыру қарастырылмаған.    

Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні. 

Кредит бойынша қамтамасыз ету: 

Банктің жалақылық жобасына қатыспайтын, Банкпен ынтымақтастық туралы шарт бекіткен  Компанияның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғаның кепілдемесімен. 

Тиісті компанияның шеңберінде берілетін барлық заемдар бойынша тараптардың келісімімен бірыңғай өтеу күні анықталады.  

Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - минус 1%.

Екінші қайтара заем алған кезде және оң кредиттік тарихы болған жағдайда Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - минус 2%.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Білім беру кредиттері» бағдарламасы  

Пайдалану мақсаты:

Заемдар оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін беріледі:

«Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен заем берілгенде - ҚР аумағында орналасқан, аттестациядан өткізілген жоғары оқу орындарында;

егер қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік  ұсынылса - ЖОО орналасқан жеріне және оқыту нысанына байланысты. 

Мақсатты топ:

Жасы 16-дан кіші емес ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.

Бағдарламаның талаптары:

Кредит беру мерзімі -   6 айдан 10 жылға дейін.

Кредит берілетін валюта - теңге.

Кредит сомасы - өтінім берушінің төлем қабілетіне байланысты.

Базалық сыйақы мөлшерлемелері - жылдығы 15% (Қаржы орталығының кепілімен), жылдығы  17% (жылжымайтын мүлік кепілімен).

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі -теңгеде жылдығы 16,4% -дан бастап.

ЖОО-дағы оқуы аяқталғанға дейін негізгі міндетті төлеу бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну мүмкіндігі (6 жылдан аспай, қосымша 6 ай).

Табысты растау  - міндетті.

Сақтандыру - Егер қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік ұсынылса - мүлікті (кепілзатты) сақтандыру.

Банк кредиттеу мерзімінің толық уақытына шейін жеке сақтандыруды (өмірін/келеңсіз оқиғадан жүзеге асырады)*.

Заемның мақсатына қарай пайдаланылуын қадағалау - міндетті түрде. Заемның мақсатына қарай пайдаланылуының растамасы болып  заем сомасын ЖОО-ның шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларының көшірмелері табылады.  

Міндетті талабы - жобаға көп дегенде екі қосарлы заемшы қатысады.

Өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредит бойынша қамтамасыз ету:

негізгі қамтамасыз ету ретінде - «Қаржы орталығы» АҚ кепілдеме міндеттемесі және қосымша - жеке тұлғаның (қосарлы заемшының) кепілдемесі;

коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы, жеке тұлғаларға тиесілі пайдалануға дайын қолда бар жылжымайтын мүлік.   

* жаңа берілетін заемдар бойынша 1 мамыр 2010ж. жарамды 

  
 
 
 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ тобының ұзақ мерзімді даму стратегиясы  

Ұзақ мерзімді кезеңде Халық Банкі Тобының үйлестірілген және сапалы өсуінің негізі мынадай стратегиялық мақсаттарға жету болып табылады: 

- Бөлшек, корпоративті және ШОБ секторларындағы клиенттер мен ықтимал клиенттер үшін сенімді серіктес-банк мәртебесін нығайту; 

- Көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің жоғары сапасы; 

- Көрсетілетін қаржы қызметтерінің жиынтығын кеңейту, оның ішінде банктік емес еншілес компаниялардың (зейнетақы өнімдері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару) өнімдерін екі жақты сату арқылы; 

- Филиалдық желіс және қаржы қызметтерін ұсынудың өзге арналарын дамыту және жақсарту; 

- көрші елдердегі еншілес банктік ұйымдарына инвестициялардың оңтайлы партфеліне қол жеткізу; 

- Тәуекел-менеджмент стандарттарын жетілдіру және инвестициялар арқылы адам ресурстары мен ақпараттық технологияларға операциялық тиімділікті жақсарту; 

- Топтың акционерлік капиталын ұлғайту; 

- Болашақта бизнес жүргізу стандарттарын жақсарту және банктік өнімдердің жиналымы мен сапасын жетілдіру үшін жетекші халықаралық банктік ұйыммен стратегиялық серіктестік құру. 
 
 
 
 
 
 

«Халық» тобының құндылықтары  

Клиентке бет ұстау: Біздің Клиенттердің жетістіктері - ол біздің жетістіктеріміз. Біз клиенттеріміздің сұраныстарын түсінуге тырысамыз және клиенттерге олардың мақсаттарына жетуге көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарымызды қолдануға міндеттенеміз. 

Сенімділік: Біз халықаралық құқықтың көпшілікке танылған принциптері мен нормаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық» тобы бинес жүргізетін басқа елдерің заңнамасын, ішкі ереже мен «Халық» тобының ережелерін мүлтіксіз сақтаймыз. Біз қызметтердің барлық салаларында бизнесті әрқашан мінсіз адал жүргізуге ұмтыламыз. Біз корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынамыз және акционерлер, Клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін «Халық» тобы қызметінің ең таза саясатын ұстанамыз. Сенімділік біздің ең құнды активіміз - «Халық» тобының іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы. 

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары