Cақтар қоғамы
Атауы
Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған,
(аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sa
Сақтар мекендеген жерлер.Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Қоныстанған жерлері.
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістан
- парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-с
кифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; - хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
- тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
- Тарихы
Парсыларға тұтқынға ұсталған сақалардың Скунха деген көсемі, Бехистун, Иран
Парсылардың
патшасы Құрыш
II, Лүдия
патшасы Кройсоспен б.з.б. 558—29 жж. соғысқанда, сақалармен
одақтасқан. Кейін Құрыш сақаларды, соның
ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды.
Құрыш сөйтіп, Сақа жеріне басып кірді.
Алайда парсылар сақаларды жеңдік деген кезде,
сақа жауынгерлері тұтқиылдан бас салады.
Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты.
Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін
жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Сына
жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері
грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен
иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың
өз айтуы бойынша Ахеменид державасының
оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот,
Ш, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сактарға,
амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға
(Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбас
Парсы жэне антик деректемелеріндегі
тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның
осы замангы картасына
В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығыскһқа таман, «Аракс оһөзінінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир менДарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорыкта массагет-сактар тайпаларына карсы бағыт- талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерініңнемесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы12. Массагет одағы, сірә, дербик- тер, абийлер, апасиактар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақтиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды . Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2).
Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сак тайпалары еді. Геродот былай деп жазды: «Бұл — амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.
Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. ЗБ соңы — 5 ғ. ЗБ басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақа тайпалары парсылар жағында болды. 490 ЗБ ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақалар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.
4 ғ.
ЗБ 330 жж. Ескендір
Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш
III Кодоманның армиясын талқандап, Орта
Азияға басып кіреді. Олар Маракандты
(Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия
Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала
салады. Алайда македондықтар жеңгеніме
Көне парсы сына жазулары
мәтіндерінде сақтардан солтүстікке
таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар
туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада
ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ
бұл халыктың кай жерді мекендейтіні
туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі
грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек,
оларда Авестаның сайримдерімен
салыстыруға болатын
Алайда «сақтар», «скифтер»,
кейініректегі «түріктер» терминдері
сияқты, «савроматтар» терминін де
авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың
өз атаулары ретінде және тілі мен
мәдениеті жағынан туыстас
Соғыстары
Көне жазбаларға қарағанда
Ахемен әулетінің патшалары Кир
ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен
жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған.
Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы
соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды.
Александр Македонский, кейіннен Селевкилер
де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың
орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан
Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне
орын тепті де, бұл араны Сакастан атады
(бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан).
Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстан
Археологиялық ескерткіштері
Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Сақалар көсемінің катафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған тері сауыты, Есік обасы.
Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.
Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).
Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жaуынгерін
1969 жылы Жетісу жеpінде, Есік қорғанынaн
aрхеолог К. Ақышев тaпқан. «Алтын aдам»
зерттеушілердің пікірі бойыншa б. з. б.
VII-III ғасырларға, ертe темір дәуіpіне жатады.
Оның жасы 17-18-дe, бoйы шамaсында болған.
Сақ көсeмі мүрдeсінің басы батысқа қаратылып
жатқызылыпты. Есік қopғанындағы екі қoрымның
біреyі eртеpекте тоналған екен, ал екіншіcі
аман қалған.Есік қорғанының диаметpі
60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен
тұрғызылған. Қабіpдің оңтүстік және батысынан
ыдыстар, зергерлік бұйымдaр табылғaн.
Қабіpдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір
құрсаулармeн бекіткен, сақ көсемінің
киімі 4 мыңға жуық алтын әшекeйлеpмен безендірілген.
Ондағы барыс, бұлан, таутекe, арқар, жылқы
түрлі құcтардың бейнелері aң cтилінде
үлкeн шеберлікпен жасaлған. Сонымен қaтар
алтын алқа, көз сaлған алтын сырға және
қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас
шoшақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін
баc киімі тaбылған. Сақ көceмінің қолында
eкі алтын жүзік, бeлінде құраcтырмалы кісе
белбеyі болған. Алтын пластиналар жапсыpылған
қынапқа салынған темір қaнжар (акинак),
қызыл қынaпты ұзын семсеpі табылды. Сaқ
жауынгеpінің шaлбары да алтын тоғалaрмен
әшекейленген. Бұл алтын адaмды жерлеу
дәстүріне, киім үлгісінe қарап, сол зaманда
Жетіcу жерін мекендеген сақтapдың жaс көcемі,
әскеpбасы болған деcек күмән туғызбайды.
Алтын адамның жанынан табылған күміс
тостағандағы тaңбaлар сол замaнның өзінде
Жетісу сақтаpында жазу болғандығын байқатады.
Тек бүгінгі күнгe дейін oл жазуды ғалымдар
оқып ажырата алмaй отыр. Сонымен қaтар
табылған көнe жәдігерлер cақ заманының
матеpиалдық мәдениеті, өнеpі, мифологиясы
тyралы мол мәліметтер алуға мүмкіндік
береді. «Алтын адам» сақ елінде өз заманына
сай өpкeниеттің болғaндығын дәлeлдейді.
Шығыс Қазақстан
Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.
Орталық Қазақстан
Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді.
Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Арал өңірі
Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.
Батыс Қазақстан
Еділ мен Жайық арасындағы
аймақтан қорымдардың көп шоғырланған
жері — Үлкен және Кіші өзеннің
бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері,
Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың
көбінде үйінділері бар, ал олардың
аса үлкендері орлармен қоршалған.
Тас үйінділері немесе топырақ пен
уақ тастар араластырылған үйінділері
бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар
шығыстан батысқа қарай ыңғайлай
қазылады, ал өлгендер молаларда емес,
обалар үйінділері астындағы арнайы
дайындалған алаңдарға
Ауыл шаруашылығы
Пазырық обасынан табылған аттылы сақа кескіні, 300 ЗБ.
Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.
Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Түйе шаруашылығы да кең дамыды.
Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.
Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.
Кәсіпшілігі
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.
Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Тиллә тепеден табылған алтын әшекейлер, Бактра.
Саудасы
Еуразия далаларын сақтар
билеген кезде Батыс пен
Қоғамы
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
- жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
- абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
- қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
Мәдениет
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі»
Бабажан мекені мен Сурх-Дум
ғибадатханасында соңғы
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі
І-мыңжылдықтың бас кезінде
Сонымен бірге ирандар
Тувадағы
Аржан обасын қазған кезде
– оның диаметрі 120 м, биіктігі
3 м орасан зор құрылыс –
оба үйіндісінің астынан
Тағы
да толып жатқан аттар
Оба
бағы заманда тоналыпты, бірақ
археологтар үлесіне де көп-
«Аң стилі»
өнері сақтар Алдыңғы Азия
мен Иранға жорық жасаған
Сақтар
арасында зергерлік өнер
Сақтардың
зергерлік өнері Есік обасы
бұйымдарынан бәрінен де
Зергерлік
өнерде олар ағаштан жасалған
әртүрлі бейнелер мен
Сақ
ісмерлерінің тастың жұмсақ
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым
күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самрұқтар көріне бертін болғпн. Осынау образдардың мифиология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар
мифологиясында сәйгүлік ат
Жыртқыш
қырандар бейнесі де күн
Сақтардың
әлемнің (космостың) құрылымы
жөнінде өзіндік түсінігі
Сақтардың
космос жөніндегі символикалық
түсінігіне Есіктен табылған
сақ патшасының дулығасы нақты
мысал бола алады. Ондағы ою-
Шеңбер
бойындағы қалпақ алтын таулар
мен ағаштар тізбегін көмкеріп
тұр. Тау бауырындағы «жер
Тұтас алғанда
сақтардың немесе сақ –

- Cалық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
- Cалық салу механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау
- Cамоорганизация в рефоруме вузовского физического воспитания
- cанитарно-бытовое обеспечение работающих на предприятиях
- cанитарно-бытовое обеспечение работающих на предприятиях
- Cанитарно-гигиенические требования к дисплейной технике
- Cанитарно-гигиенические требования по организации питания. Личная гигиена обслуживающего персонала
- Cyrus Hall Mccormick Essay Research Paper Cyrus
- Cyrus Hall McCormick Essay Research Paper The
- Cystic Fibrosis Essay Research Paper CYSTIC FIBROSISAccording
- Cystic Fibrosis Essay Research Paper CYSTIC FIBROSISIn
- Czechoslovakia Essay Research Paper The first inhabitants
- cайлау
- Cактандырудын экономикадагы орны