Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

 

Орталық Қазақстан Академиясы

«ҚЗГТИ»  ғылыми-білім орталығы

 

Әлеуметтік-педагогикалық факультеті

«Дефектология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

«Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»

 

 

5В010500 – «Дефектология» мамандығына арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

2013 жыл

Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен (студенттерге) «Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»/құрастырушы: - Қарағанды, 2013.

 

 

Бұл курста Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы, психология ғылымының  басқа салаларымен байланысы, қалыпты даму мен ауытқулы даму туралы қазіргі заманғы пікірлерге сай  әдіснамалық мәселелері қарастырылады.

Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері пәнінің категориялары, дизонтогенездің негізгі түрлерінің классификациялары мен параметрлері, білім алу қажеттігі ерекше балалардың психикалық және дене бітімдік дамуларындағы өзіндік ерекшеліктері қарастырылады, яғни  даму ауытқуы бар балалардың әр категориясына жан-жақты  клиникалық, физиологиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан сипаттама беріледі.

Оқу-әдістемелік кешен 5В010500 - Дефектология мамандығы бойынша ҚР ЖМББС (Астана, 2006) және 5В010500 - Дефектология мамандығы студенттеріне арналған «Арнайы психология» пәнінің типтік бағдарламасы (Алматы, 2007) негізінде даярланды.

 

 

 

       ОӘК «Дефектология және Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының  отырысында талқыланды.

(Хаттама № _____«_____»_______________2013ж.)

 

Кафедра меңгерушісінің қызметін атқарушы_______________Тамабева М.К

 

Факультет кеңесінің ОӘК отрырысында мақұлданды

(Хаттама № ___«_____»____________2013ж.)

 

  Төраға _____________________Аргумбаева К.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

1.1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Кулов А.Б. және Утельбаева М.П.

 

1.2. Пән туралы мәліметтер:

«Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»

Несиелер – 2

 

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу түрі

 

Оқу мерзімі

 

Курс

Семестр

Несиелер

Лекциялар

Семинарлар (в)

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

 

сырттай

3жыл

1

1

2

4+4

8+4

70

90

емтихан


1.3. Пререквизиттері: Студенттің курсты оқу алдында жалпы психология, мамандыққа кіріспе, арнайы педагогика пәндерінен мағлұматы болуы қажет.

 

  • 1.4. Постреквизиттері: «Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»» курсынан кейін студент балалардың дамуындағы ауытқулардың түрлерін, олардың этиологиясын, патогенезін және класификациясын ажырата алатын болады.

     

    1.5. Пәннің қысқаша мазмұны: «Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері» курсында дизонтогенездің негізгі түрлерінің классификациялары мен параметрлері, білім алу қажеттігі ерекше балалардың психикалық және дене бітімдік дамуларындағы өзіндік ерекшеліктері қарастырылады, яғни  даму ауытқуы бар балалардың әр категориясына жан-жақты  клиникалық, физиологиялық, психологиялық және педагогикалық сипаттама беріледі. Арнайы психология курсының мақсаты студенттерді психофизикалық дамуында ауытқуы бар, әр түрлі категорияға жататын балалардың психикалық ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы теориялық біліммен қаруландыру болып табылады.

     

    1.6. Оқыту нәтижелері

    Пәнді  оқытудағы міндеттер:

    • Даму ауытқуы бар балалар мен қалыпты дамудағы балаларға тән психикалық көріністер мен негізгі заңдылықтарды ашу.
    • Әр түрлі категориядағы кемістігі бар балалардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін ашу.
    • Даму ауытқуы бар балалардың психикалық процестері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу машықтарын қалыптастыру.
    • Студенттердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру.
    • Психологқа қажетті кәсіби қасиеттерді қалыптастыру.

    Студенттердің  міндеттері :

    • Білім алу қажеттілігі ерекше балаларды зерттеудің әдістемелерін меңгеру.
    • Оқушыларды сырттай бақылау әдістерін меңгеру.
    • Оқушыларды тексеру жұмыстарын өздіктерімен ұйымдастыра білу.
    • Әр түрлі категориядағы кемістігі бар балалардың пихологиялық ерекшеліктері туралы білімді толық меңгеру.
    • Кемақыл, ПДТ,есту, көру, тірек-қимыл аппараты, сөйлеу тілі  бұзылған балалармен жүргізілетін  түзету жұмыстарының өзіндік ерекшеліктерін білу.
    • Психолого-педагогикалық мінездеме негізінде даму кемістігі бар балаларды әр түрлі категорияларға ажырата білу.
    • Кез келген арнайы мектеп оқушысына психолого-педагогикалық мінездеме жаза білу.

     

    1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

     

    Жұмыс

    түрі

    Тапсырма

    мақсаты және маз-

    мұны

    Пайдала-

    нуға  ұсы- нылатын

    әдебиеттер

    Орын-

    дау

    мерзімі

    Балдар (рейтингтік

    Шкалаға сәйкес)

     

    Бақылау

    түрі

    Есеп беру формасы

     

    Тапсыру

    уақыты

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    1

    Ағымды

    сабақтарға дайындық

    1.Бағдарла-малық материал-дарды  игеру.

    2.Теория-лық

    білімін

    бекіту.

    Дәрістерге ұсыныл-ған

    әдебиет-тер

    Семестр бойы

     

    Ауызша және жазбаша

    Сұраққа жауап

    Кестеге сәйкес

    2

    Дәрістерге

    қатысуы

    Дәріске

    дайындық

    дәріс

    тақырыбы-на

    байла-нысты

    ұсыныл-ған

    әдебиет-тер

    семестр

    бойы

       

    конспект

    Кестеге сәйкес

    3

    СОӨЖ бойынша

    тапсыр-

    маларды

    орындау

    Тақырып бойынша

    білімін

    тереңдету.

    тақырыпқа

    байла-нысты

    ұсыныл-ған

    әдебиет-тер

    СОӨЖ өткізу

    кестесіне сай.

     

    ауызша

    және

    жазбаша

    Реферат, глоссарий, каталог

    кестеге сай мерзім-де

    4

    Аралық

    бақылау

    жұмысы

    жазбаша

    түрде.

    өткен тақырып-тар

    бойынша білімін

    тексеру.

    өткен тақырып-тар

    бойынша

    ұсыныл-ған

    әдебиет-тер

    әр 3 апта

    сайын

     

    ауызша

    және

    жазбаша

    Бақылау жұмысы

    3,6,,9,

    12 апта-

    ларда

    5

    Емтихан

    Жалпы

    курс бойынша

    алған білімін

    тексеру

     

    Соңғы апта

     

    жазбаша

    тест

    Кестеге сәйкес


     

    1.8. Әдебиеттер тізімі:

    Негізгі әдебиет:

    1. Айзенберг Б.И.,Кузнецова Л.В. Психокоррекционная работа  с детьми, имеющими  нарушения психического развития: Психотерапия  в дефектологии. – М., 1992.
    2. Айзенберг Б.И.,Кузнецова Л.В. Психокоррекционная работа  с детьми, имеющими  нарушения психического развития: Психотерапия  в дефектологии. – М., 1992.
    3. Астапов В. М. Введение в дефектологию с основами нейро- и патопсихологии. — М., 1997.
    4. Басилова Т. А, Использование игры и изобразительной деятельности в развитии социально-бытовой ориентации слепоглухих детей // Дефектология. — 1995. — № 6.
    5. Басилова Т. А. Воспитание в семье ребенка раннего возраста со сложными сенсорными и множественными нарушениями // Дефектология. —1996. - № 3.
    6. Басилова Т. А. Развитие игры у слепоглухих детей // Дефектология. —1994. - № 2.
    7. Басилова Т. А. Условия формирования первоначальных жестов у слепоглухонемых детей // Дефектология. 1987.  № 1.
    8. Башина В. М. Ранний детский аутизм // Альманах «Исцеление». — М., 1993.
    9. Белякова Л. И., Гаркуша Ю. Ф., Усанова О. Н., Фигередо Э. Л. Сравнительное психолого-педагогическое исследование дошкольников с общим недоразвитием речи и нормально развитой речью: Теория и практика коррекционного обучения дошкольников с речевыми нарушениями. — М., 1991
    10. Блинова Л.Н. Диагностика и коррекция в образовании детей с ЗПР, М., 2002 г.
    11. Боскис М.   Учителю о детях с нарушениями слуха.- М., 1988
    12. Браун Н. Психологические факторы принятия себя родителями слепоглухонемых детей// Дефектология.1997.  №2.
    13. Ван Дайк Я. Воспитание и обучение слепоглухих как особой категории аномальных детей // Дефектология. — 1997.  № 2.
    14. Винарская Е. Н. Раннее речевое развитие ребенка и проблемы дефектологии.
    15. Власенко И. Т. Особенности словесного мышления взрослых и детей с нарушениями речи. — М., 1990.
    16. Выготский Л. С. Собр. соч.: В 6 т. — М., 1982.
    17. Глухов В.П. Особенности творческого воображения  у детей дошкольного возраста с общим  недоразвитием речи \\  Недоразвитие и утрата речи. – М.,1985.
    18. Гончарова Е. Л. Формирование базовых компонентов читательской деятельности у детей с глубокими нарушениями зрения и слуха // Дефектология. - 1995. - N9 4.
    19. Гончарова Е.Л. Изобразительная деятельность слепоглухого ребенка, овладевающего словесной речью // Дефектология. — 1986. — № 6.
    20. Григорьева Л.П.,Сташевский С.В. Основные методы развития зрительного восприятия  у детей  с нарушением зрения. -  М., 1990.
    21. Гуровец Г.В., Маевская С.И.  Генезис,  клиника и основные направления  работы  при моторной алалии \\ Недоразвитие и утрата речи. – М.,1985.
    22. Детский аутизм: Хрестоматия / Сост. Л. М. Шипицына. — СПб., 2001.
    23. Диагностика и коррекция социальной дезадаптации подростков \\ Под ред. С.А.Беличевой. — М, 1999.
    24. Ермаков В.П., Якунини Г.А. Развитие , обучение и воспитание  детей с нарушениями зрения. - М., 1990 .
    25. Ерсарина А.К. Дети с трудностями в обучении. – Алматы, 2001.
    26. Жукова Н.С.,Мастюкова Е.М.,Филичева Т.Б. преодоление  общего  недоразвития  речи у дошкольников. – М., 1990.
    27. Зайцева И.А.,Кукушин В.С.,Ларин Г.Г.,Румега Н.А., Шатохина В.И. Коррекционная педагогика. – Москва  - Ростов на Дону , 2004.
    28. Ипполитова М.В., Бабенкова Р.Д., Мастюкова Е.М. Воспитание детей с церебральными параличами в семье. — М., 1993.
    29. Каган В.Е. Аутизм у детей. — М., 1981.
    30. Катаева А.А., Басилова Т.А., Гончарова Е.Л. О некоторых аспектах  изучения  психического развития слепоглухих детей, потерявших слух и зрение  на разных этапах  онтогенеза: Дифференцированный подход  при обучении и воспитании  слепоглухонемых детей. - М.,1990. – с. 41 -56.
    31. Клейберг Ю.А. Психология девиантного поведения. — М., 2001.
    32. Коррекционная педагогика : Учеб. пособие.  – М., 1998.
    33. Кузнецова Л.В., Переслени Л.И., Солнцева Л.И.  Основы  специальной психологии.- Москва ,2003.
    34. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии.- М., 1990г.
    35. Лебединская К. С., Никольская О. Н. Диагностика раннего детского аутизма.
    36. Лебединская К. С., Никольская О. С., Баенская Е.Р. и др. Дети с нарушениями общения: Ранний детский аутизм. — М., 1985.
    37. Лебединская К. С., Райская М. М., Грибанова Г. В. Подростки с нарушениями в аффективной сфере. — М., 1988.
    38. Лебединский В.В. Нарушения психического развития у детей. - М., 1990.
    39. Левченко И. Ю., Приходько О. Г. Технологии обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. — М ,2001
    40. Леонгард К. Акцентуированные личности. — Ростов, 1997.
    41. Литвак А.Г.  Психология  слепых и слабовидящих. – СПб., 1998.
    42. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. — М., 1983.
    43. Маркова Л.С. Организация коррекционно-развивающего обучения дошкольников с    ЗПР, М., 2000 г.
    44. Мастюкова Е.М. Основы клинической типологии и медицинской коррекции общего недоразвития речи у дошкольников: Теория и практика коррекционного обучения дошкольников с речевыми нарушениями. – М,1991.
    45. Мастюкова Е.М. О нарушениях  гностичеких функций у учащихся с тяжелыми расстройствами речи.\\ Дефектология 1976. №1.
    46. Мастюкова Е.М. Ребенок с отклонениями в развитии.- М., 1992.
    47. Мещеряков А.И. Слепоглухонемые дети : Развитие  психики в процессе  формирования поведения. – М.,1974.
    48. Намазбаева Ж.И. Развитие личности умственно отсталых школьников .- А-А, 1976
    49. Никольская О. С. Проблемы обучения аутичных детей // Дефектология. - 1995. — №1.
    50. Никольская О. С., Баенская Е. Р., Либлинг М. М. Аутичный ребенок: Пути помощи. — М., 1997.
    51. Нұрманбетова У.Е.,Тебенова Қ.С., Омарова Н.Н., Мамандыққа кіріспе. – Қарағанды, 2006.
    52. Особенности психофизического развития учащихся специальных школ для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата \\ Под ред. Т. А. Власовой. - М., 1985.
    53. Павлова О.С. Нарушения коммуникативного акта у детей с общим недоразвитием речи: Психолингвистика и современная логопедия .М.,1998.
    54. Переслени Л.И., Фотекова Т.А. Особенности познавательной деятельности младших школьников с недоразвитием речи и задержкой психического развития \\ Дефектология ,1993, №5.
    55. Плаксина Л.И.  Теоретические  основы  коррекционной работы в детских садах для детей с  нарушениями зрения. – М., 1998.
    56. Психология глухихи детей \\ Под ред. И.Т.Соловьева, Ж.И.Шиф, Т.В.Розановой, Н.В.Яшковой.-  М., 1977
    57. Психология и психоанализ характера: Хрестоматия / Ред.-сост. Д. Я. Райгородский. — Самара, 1997.
    58. Развитие логического мышления и особенности  усвоения  основ  наук  слабослышащими  школьниками \\ Под ред.  И.М.Гилевич, К.Г.Коровина. – М., 1986.
    59. Ранний детский аутизм: Сб. науч. трудов / Под ред. Т.А.Власовой, В.В.Лебединского, К.С.Лебединской. — М., 1981.
    60. Розанова Т. В. Методы психолого-педагогического изучения глухих детей со сложным дефектом //Дефектология. — 1992.— №2—3.
    61. Розанова Т.В. Развитие памяти и мышления  глухих детей. – М., 1978.
    62. Рубинштейн С.Я. Психология умственно отсталого школьника.- М., 1986 .
    63. Селиверстов В.И. Заикание  у детей.  – М.,1994.
    64. Симерницкая Э.Г. Мозг человека и психические процессы в онтогенезе.  – М., 1985.
    65. Синяк В.А.,Нудельман М.М. Особенности психического развития  глухого ребенка. – М., 1975.
    66. Скороходова О. И. Как я воспринимаю, представляю и понимаю окружающий мир. — М., 1990.
    67. Соколянский И. А. Обучение слепоглухонемых детей // Дефектология. — 1989.-№2.-С. 75-84.
    68. Соколянский И. А. Усвоение слепоглухонемым ребенком грамматического строя словесной речи // Дефектология. — 1999. — № 2.
    69. Солнцева Л.И. Введение в тифлопсихологию раннего дошкольного и школьного возраста . – М., 1998.
    70. Спиваковская А. С. Нарушения игровой деятельности. — М., 1980.
    71. Сулейменова Н.А. Диагностика психического развития в раннем возрасте. Алматы, 2000 г. 
    72. Сурдопедагогика   \\ Под ред. М.И.Никитиной.- М., 1989 .
    73. Тигранова Л.И. Умственное развитие  слабослышащих детей.  – М., 1978.
    74. Тржесоглава З. Легкая дисфункция мозга в детском возрасте - М.,1986.
    75. Трофимова Н.М., Дуванова С.П., Трофимова Н.Б., Пушкина Т.Ф. Основы специальной педагогики и психологии. – Москва – Минск, 2005.
    76. Ульенкова У.З. Шестилетние дети с ЗПР, М., 1990 г.
    77. Усанова О.Н., Синякова Т.Н. Особенности невербального интеллекта при недоразвитии речи: Обучение и воспитание  детей с нарушениями речи.
    78. Усанова О.Н.,Слинько О.А. Опыт формирования коллектива учащихся младших классов школ для детей с тяжелыми нарушениями речи: кррекционно – развивающая направленность обучения и воспитания детей с нраушениями речи. – М.,1987.
    79. Федосеева Е.Г. Формирование коммуникативных умениий у детей старшего дошкольного возраста с общим недоразвитием речи : Автореферат канд. дис. – М.,1995.
    80. Филипс К. Мама, почему у меня синдром Дауна ?  - М., 1998.
    81. Фотекова Т.А. Сравнительное исследование особенностей познавательной деятельности при общем недоразвитии речи при задержке психического развития у младших школьников: Автореферат канд. дис. псих. наук.– М.,1993.
    82. Ярмоленко А.В.  Очери психологии слепоглухонемых.  – Л.,1961.
    83. Яшкова Н.В.  Наглядное  мышление  глухих детей. – М., 1988.

    Қосымша әдебиеттер:

    Мерзімдік баспасөз:

    1.   Журнал «Дефектология»  1990-  2009 жылдар аралығы.

    2.  Журнал  «Дошкольное и начальное образование»  1990- 2009 жылдар аралығы.

    3. Журнал «Воспитание и обучение детей с нарушениями развития» 2000- 2009 жылдар аралығы.

    4. Журнал «Специальная психология»  2002- 2009 жылдар аралығы.

    5.  Журнал  «Коррекционная педагогика»  2002 - 2009 жылдар аралығы.

    6. Журнал «Психология. Социология. Дефектология» 2005 - 2009 жылдар аралығы.

              

    1.9. Баға туралы ақпараттар:

    Ағымдық бақылау:

    • дәрістер мен семинарға  қатысуы;
    • дәрістер, семинарлық сабақтар бойынша конспектілері;
    • семинарлық сабақтарға дайындығы мен қатысуы.

    Аралық бақылау:

    • СОӨЖ бойынша тапсырмаларын орындауы;

    Үй жұмысы:

    • таңдап алған тақырып бойынша реферат дайындауы;
    • таңдап алған тақырып бойынша  баяндама дайындауы.

    Рейтинг көрсеткіш

    Бақылау формалары

    Балдары

    Аралық

    30-60

    Қорытынды

    20-40

    Барлығы

    50-100


     

    1.10. Курстың саясаты мен процедурасы:

    Пәнді оқыту барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:

    Белгіленген уақытқа рефераттың дайын болмауына

    Минус 5 балл

    Ауызша мәнерлеп айтуға дайындықтың болмауына

    Минус 5 балл

    СОӨЖ тапсырмасының орындалмауына

    Тақырыптың тиісті баллын шегеру 

    Аралық бақылаудың болмауына

    Минус 10 балл

    Сабаққа кешігу мен босатуына 

    Ағымда бақылаудан баллдарды шегеру


     

     

    2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАР

     

    2.1. Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары

    Сырттай бөлім 2 несие

     

     

     

    Тақырып атауы

    Дәрістер

    Семинар

    СӨЖ

    Конт

    Вирт

    Всего

    Конт

    Вирт

    Всего

    1

    Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»пәні, міндеттері мен әдістері

    Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация)

    1

     

    1

    2

     

    2

    10

    2

    Баланың психикалық дамуының жалпы және  спецификалық заңдылықтары Арнайы психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері

    1

     

    1

    2

     

    2

    10

    3

    Психикалық даму бұзылуының типтері

    Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері»қосымша проблемалары. Коррекция, адаптация, компенсация

    1

     

    1

    2

     

    2

    10

    4

    Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерін зерттеудің негізгі принциптері

    1

     

    1

    2

     

    2

    10

    5

    Даму ауытқуы бар балалардың түйсіну мен қабылдау ерекшеліктері

     

    1

    1

     

    1

    1

    10

    6

    Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  зейін ерекшеліктері

    Даму ауытқуы бар балалардың жады ерекшеліктері

     

    1

    1

     

    1

    1

    10

    7

    Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  қиял ерекшеліктері

    Даму ауытқуы бар балалардың ойлау ерекшеліктері

     

    1

    1

     

    1

    1

    5

    8

    Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері

    Даму ауытқуы бар балалардың жеке тұлғасының индивидуалды-психологиялық  ерекшеліктері

     

    1

    1

     

    1

    1

    5

     

    Барлығы:  90

    4

    4

    8

    8

    4

    12

    70


     

     

    2.2. Дәрістер тезистері

     

  • №1 дәрістің тақырыбы: «Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері» пәні,  міндеттері мен  әдістері. Кемістік және  оның  орнын толтыру  (компенсация).

    Жоспар:

    1. Арнайы психология пәні мен міндеттері. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  психологиясының негізгі  міндеттері :
    2. Арнайы психологияның сүйенетін  қағидалары:
    3. Кемістік және  оның  орнын толтыру  (компенсация).

    Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.

    Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология),  психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ)  балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.

    Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық  дамуы  болып табылады.

    Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар. 

    Нормативтік-құқықтық құжаттамада арнайы білім беру жүйесіне жататын балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар.

    Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе  бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психологиялық - педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін  қолданылады. 

    Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.

    Білім алу қажеттілігі ерекше балалар- бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.

    Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  психологиясының негізгі  міндеттері :

    1.Даму кемістігі бар балалар  мен қалыпты дамып келе жатқан  баланың психикалық дамуындағы  негізгі заңдылықтарды ашу.

    2.Даму кемістігі бар баланың  әртүрлі категорияларының психикалық  даму ерекшеліктерін қарастыру.

    3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.

    4. Дамудағы кемістіктерге байланысты  өзіндік ерекшеліктерді анықтау.

    Арнайы психологияның сүйенетін  қағидалары:

    1. Объективтілік қағидасы психикалық көріністерді зерттейді; демек ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тұрғыдан талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сүйену.
    2. Кешенділік қағидасы – дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалық тексеру болып табылады.
    3. Жоспарлылық қағидасы – баланы жүйелі түрде зерттеу.
    4. Детерминизм қағидасы –кез келген құбылыстың өзіндік себептері бар деген қағиданы ұстану.
    5. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы.Бұл даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі.Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет.
    6. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасын жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу.
    7. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы.Яғни бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.
    8. Талдау- жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.

     

    Кемістік және  оның  орнын толтыру  (компенсация).

      Дамудың  алғашқы және туынды  кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский  енгізді. Алғашқы кемістіктер  қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады.   Туынды кемістіктер –  бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде  қалыптасатын (саңыраулардың  сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау  қабілетінің бұзылуы, т.б.)  психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік  биологиялық  негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға  оңай көнеді. «Элементарлық  функциялармен салыстырғанда жоғары  функциялар  анағұрлым тәрбиеге көнгіш  болады» (Т.5.- 131 б.)

    Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты  бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі  органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде  коррекциялық – педагогикалық  жұмыстар басталмаса, екінші  кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық  қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген  кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші  орын алады.  Психологиялық қиын мәселелер  шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық  психикалық  функцияларға өзінің кері ықпалын  жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.

    А.Адлердің компенсация теориясы.

     А.Адлер теориясының  түйіні адамда қалыптасатын «толыққанды  болмау  кешені» болып табылады, ол А.Адлердің 

    позициясынын алғанда, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген  үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады. 

      Л.С.Выготскийдің  кемістік пен оның  орнын толтыру туралы ілімі.

    А.Адлерден кейін Л.С.Выготский де функциональдық позициядан алғанда  қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады.   Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты  әрекетін қиындатады, екінші жағынан -  кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың  қарқынды жетілуіне  жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да  бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне  айналады».

    Психикалық функциялардың  кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар -  жүйе ішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың  сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланатынады (Брайль шрифті) .

    Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың  негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс  келбеті оның қандай да бір функциясының  жоғалуынан қалыптаспайды,сол  жоғалған функцияның бала  дамуында  жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни,  жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы  мен  даму процесіндегі компенсациясы».

    Ұсынылатын әдебиеттер:

    Негізгі:1,2,10,15,24,31,32,33,45,50,51,63,64.

    Қосымша:1-6.

     

    № 2 дәріс тақырыбы: Баланың психикалық дамуының жалпы және  спецификалық  заңдылықтары. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.

     

    Жоспар:

    1. Баланың психикалық дамуының жалпы және  спецификалық  заңдылықтары.
    2. Баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың ролі.
    3. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.

     

    Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет Г.М.Дульнев пен А.Р.Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.

    Б і р і н ш і, ең маңызды шарт  - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса -  тітіркендіргіш және тежелгіш процестердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты анализдеу мен синтездеудің күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін  ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.

    Е к і н ш і  шарт  - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы және сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке процестерінің дұрыс  сақталуы».

    Ү ш і н ш і  шарт  - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».

    Т ө р т і н ш і  шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.

    Балалардың  психикалық, дене бітімі және әлеуметтік  денсаулықтарын  үнемі тексеріп отыратын  түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім берушілік, әлеуметтік) жасаған анализдері  қазіргі кезде даму ауытқуы бар  балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, ал барлық параметрлерге сай дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің  берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың 70 % - і  өздерінің түрлі даму этаптарында арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.

    Л.С.Выготский, көрнекті психолог, дефектолог, әрі адамның психикалық даму теориясының мәдени – тарихи негізін қалаушы бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке  кірігіп өсуі, әдетте оның органикалық жетілу процестерімен біріккен тұтастықты  көрсетеді. Дамудың екеуі де   -  табиғи және  мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және  тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде баланың жеке тұлғасының әлеуметтік – биологиялық  қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды. (Т.3- 31 б.)

    Баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың ролі.

          Факторлар деп қандайда бір белгінің өзгерістерін тудыратын, үнемі әсер ететін жағдайларды айтады Клиникалық – психологиялық материалдарға сәйкес, психикалық функциялардың өрескел бұзылуы немесе жетілмеуі жүктіліктің бас кезіндегі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының интенсивті жасушалық дифференциациясында түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кеміс дамуына әсер ететін зиянды факторлар 1-суретте көрсетіледі.

    Әлеуметтік факторлар


    Соматикалық          Биологиялық                                             факторлар                                                                         факторлар


    Генетикалық факторлар    


                  Қоршаған ортаның

    Ми құрылымының зақымдану                                         индексі                                     әсерлері        

    1-сурет. Адамның психикалық және  дене бітімі жағынан кеміс  даму қаупін туғызатын   факторлар.

          Әсер ету уақытына  қарай патогендік факторлар үшке  бөлінеді: пренатальдық (тууға  дейін); натальдық (туу  кезінде);постнатальдық (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін);

    Есте болар жайт, ауытқулы  дамудың себебін қарастыруда  кез келген біржақты көзқарас нағыз себептерді  анықтауға және тиісті  дамыту – түзету  мақсатындағы психологиялық – педагогикалық жүйелерді  құруға  кедергі жасайды.

    Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.

          «Дизонтогенез» терминін клиникалық медицина  өкілдері балалық шақта ағзаның морфофункциональдық жүйелері әлі жетілмеген кезінде  пайда болатын қалыпты онтогенездің бұзылу түрлерін  атау мақсатында енгізген.

    1927 жылы Швальбе алғаш рет ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте  постнатальдық кезеңдегі бұзылулардың барлығы   аталатын болды. Бұған дейін арнайы психология мен арнайы педагогикада  ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы  деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде  «дефективті балалар», яғни кеміс балалар  термині қолданылды. Соңғы жылдары  субъект – объект педагогикасынан субъект – субъект педагогикасына ауысуға байланысты бүкіл әлемде даму кемістігі бар балаларды атайтын гуманды термин қарастырылды. 

    Балада пайда болатын дизонтогенез типтеріне  әсер етуші  факторларды  клиницистер Г.Е.Сухарева мен М.С.Певзнердің  мәлімдемелерімен және қазіргі заманғы нейропсихология саласындағы зерттеулермен (В.В.Лебединский, Э.Г.Симерницкая, А.В.Семенович т.б.)   сәйкес қарастырған абзал : 1) зақымдаушы өкілдердің  әсер ету уақыты мен  мерзімі (жасқа сай); 2) олардың этиологиясы ; 3) ауыру процесінің таралуы – патогендік әсердің локальдылығы немесе жүйелілігі; 4) функция аралық  байланыстардың  бұзылу деңгейі. Бұл дизонтогенездің  параметрлері, енді оларды кеңірек  қарастырайық.

    Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі