Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану тәжірибесі

Кіріспе

Соңғы қырық жыл ішінде Жобаларды  басқару - даму тарихы, салт-дәстүрі, экономикасы  мен мәдениеті әр қиылы түрлі  контитенттер елдерінің өркенетті  бизнесі мен іскерлік ынтымақтастығында  маңызды түйістіруші буын болып  табылатын жаңа басқару мәдениеті  ретінде қалыптасты. Жобаларды басқару (инвестициялық жобаларды басқару) қазіргі уақытта тұтастай әлемдік нарықтық экономикадағы кәсіпқой қызметтің танымал түрі әрі сұранысқа ие бағытына айналды.[1;143]

Қазақстанда басқарушылық жолды игеру идеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1993 жылдың мамыр айының өзінде-ақ Қазақстан инжинерлерінің бірінші съезінде қорлдау көрсеткен болатын.Республиканың инженерлік корпусы өкілдеріне былай деді: «Сіздердің назарларыңызды заманауи инженерлік білім мен қызметтің маңызды бір жағына аударғым келеді. Мен «жобаларды басқару» немесе «инвестициялық жобаларды басқару» деп аталатын инженерлік еңбекті ұйымдастыру аспектісін сөз етіп отырмын. Оның ерекшелігі мен артықшылығы  - идеяларды іздеуден пайда түсіруге дейінгі тұтастай инвестициялық циклді үздіксіз қадағалап, инженерлік сүйемелдеу жасауға бағыттайтындығында».

Ұлттық инновациялық жүйелерді (ҰИЖ) қалыптастыру ісінде инвестициялық жобаларды басқарутің маңызы өте зор. Әлемнің озық экономикаларының ұлттық инновациялық жүйелерін жасар алдында әрдайым Жобаларды басқарудың ұлттық стандарттары қабылданғандығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл негізді, өйткені ҰИС қалыптастыру процесінде өте көп бірегей жобалар іске асырылады. Сондықтан Қазақстанда ресми қабылданған Жобаларды басқару стандарттарының болмауы тиімді ұлттық инновациялық жүйені құру ісіне күмән тудырады. Бұған қоса, Жобаларды басқару стандарттарын қолданусыз инновацияларды іске асыру технологияларды коммерциализациялаудың тым өсіп кетуіне әкеп соғады. Осының салдарынан, әдетте, мерзімі жағынан болсын, мазмұны мен құны жағынан болсын жобалардың нәтижесіне қол жеткізілмей қалады.

Бүгінгі таңда «Стратегиялық жоспар 2020 – көшбасшылыққа қазақстандық жол» жоспарын, Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, және «Бизнес жол картасы 2020»  бағдарламасын жүзеге асыру барысында  барлыққа дерлік салалық министрліктер  мен ведомстволар өздерінің жеке бағдарламалық құжаттарын әзірлейді.[4]

«Ғылымды, инновацияны дамыту және технологиялық модернизацияға атсалысудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы»  құжатының жобасы Қазақстанда ҰИС  жасауға қатысты басты құжаттардың  бірі болып табылады. Бұл құжатта  Технологиялық болжаудың ұлттық жүйесін, инжинирингтік құзіреттері  бар бірқатар салалық инвестициялық қорлар мен орталықтар, аналитикалық орталықтар, конструкторлық бюро құру және басқа да іс-шаралар кешені қарастырылған. Бұлардың бәрі жобалық қызмет саласына жатады: Өйткені олар - «бірегей өнімдер, қызметтер немесе нәтижелер жасауға арналған уақытша кәсіпорындар». Ендеше, оларды жүзеге асыру Жобаларды басқару әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Аталмыш бағдарламада оны жүзеге асыру барысында Жобаларды басқарудың қандай стандарттары пайдаланылатыны көрсетімеген. Осы тектес жағдай басқа да салалық бағдарламаларда көрініс тапқан.[5]

Қазіргі заманда инвестициялық жобаларды басқарудың ауқымы мен ролін келесі цифрлермен сипаттауға болады. Әлемдік сарапшылардың бағалауы бойынша бүгінгі таңда 25 млн. мамандар мен іскерлер түрлі салаларда жаңа өнімдер мен қызметтерді жүзеге асыру бойынша жобалық бағыт-бағдар қызметімен айналысады. Олардың айтуынша жобалар мен бағдарламаларға 2020 жылдың аяғында әлемдік бюджеттің 30 пайызы немесе 45 трлн. доллар шамасында қаражат жұмсалатын болады. 2008 жылы жобалар формасында 6 трлн. доллар сомасында өнім жасалған, бұл әлемдік ІЖӨ көлемінің 20 пайызын құрайды.

Кәсіпқой әлемдік қауымдастық  инвестициялық жобаларды басқару бойынша шамамен 500 мың маманды біріктіріп отыр. Олар жобалық қызметтің барлыққа дерлік саласында жұмыс істейді және 185 елдің ұлттық және кәсіпқой, халықаралық және ұлттық ғаламдық желісіне тиесілі. Олардың ішінде 317 мың адам Инвестициялық жобаларды басқару институтының (PMI) мүшелері болса, шамамен 95 мың адам – Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығының (IPMA) және 88 мың адам басқа да кәсіпқой ұйымдардың мүшелері болып табылады. Жобаларды басқару саласындағы сертификаты бар кәсіпқойлар саны 475 мың адамды құрайды, соның ішінде 381 адам – РМІ бағдарламасы бойынша РМР, 70 мың адам – ІРМА төртдеңгейлі сертификаттау бағдарламасы бойынша және шамамен 24 мың адам Жапония және Австралия қауымдастықтарының бағдарламалары бойынша.

Қазақстанда инвестициялық  жобаларды басқаруды енгізу процесіне қатысушылар: республиканың бірқатар министрліктері мен ведомстволары, инновациялық даму институттары, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлерінің одағы, Жобаларды басқарудың Қазақстандық қауымдастығы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (Алматы қаласы), бірқатар ЖОО, консалтингілік компаниялар мен мекемелер.

Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды

қолдану тәжірибесі

 

Жобаларды басқару  шетелде кәсіпқой қызметтің маңызды  саласы ретінде қалыптасты. Ол бизнес жүргізу мен мемлекеттік қызметті жүзеге асырудың ажырамас бөлігіне айналып, инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды  іске асырудың әдіснамалық негізі және технологиясы болып табылады. Бүгінгі  таңда «жоба басшысы» мамандығы  ресми танылып, әлемнің көп елдерінің  мемлекеттік реестріне енгізілген. Ауқымды инвестициялық қызмет жүргізіп отырған барлыққа дерлік дамыған  елдерде Жобаларды басқару саласында  мамандар дайындалады. Стандарттарды  қолдану салааралық, институционалдық және инфрақұрылымдық жобаларға  бастама жасап, оларды табысты орындауға  және аяқтауға мүмкіндік жасайды. Жобаларды  басқару стандарттарының болуы, олардың мәні мен барлық жерлерде қолданылуы мамандарға жобаларды табысты  басқарып, өзара жоғары кәсіпқой деңгейде араласуына жағдай жасайды, салық төлеушілер мен инвесторлардың ақшалай қаражатын  тиімді пайдалануға жетелейді.

Жобаларды басқару  әдіснамасы мен құралдары өмірдің  барлық саласында, соның ішінде мемлекеттік  басқару ісінде кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары АҚШ, Ұлыбритания,Германия, Австрия, Жапония, Франция, Австралия, Бразилия, Мексика және басқа да елдердің үкіметтері жобалық басқару саласындағы білімге арнайы талаптар қоюда. Мысалы, АҚШ үкіметінің әрбір қызметкері кеңсе бағдарламаларының міндетті жиынтығының ЖБ бағдарламалық құралдарын меңгеруі тиіс. АҚШ Қорғаныс министрлігінде жобаларды басқару ісіне арнайы дайындықтан өтіп, жобаларды басқару жөніндегі кәсіпқой сертификатын (РМР РМІ) алған қызметкер ғана жіберіледі. Энергетика министрлігі, Менеджмент және бюджет кеңсесі (ОМВ) өз қызметкерлеріне инвестициялық жобаларды басқару бойынша міндетті сертификат енгізді. АҚШ-тың әуе-ғарыш агенттігі (NASA) зерттеу, құралдар әзірлеу және инвестициялық  жобаларды басқарудыпайдалану саласында әлемге танымал көшбасшы болып табылады. Штаттар әкімшіліктерінің жобаларды басқарудың өзіндік әдіснамалары бар. Нью-Йорк мэриясы өзіндік инвестициялық жобаларды басқаруды әзірлеу үшін айтарлықтай қаражат жұмсаған. ЖБ құралдары федералды жобалар мен бағдарламаларды ғана емес, сонымен қатар үкіметтік аппарат ішінде басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін белсенді қолданып келеді.[2;129]

Жапонияда Жобаларды  және бағдарламаларды басқару әдіснамасы (Р2М) елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың  мемлекеттік стратегиясын әзірлеу  барысында пайдаланылған. Жобаларды  басқарудың жапондық қауымдастығының (JPMF) мәліметтері бойынша барлық инвестициялық-құрылыс жобалары жобаларды  басқару технологияларының көмегімен  бағаланып, жүзеге асырылады.

Халықаралық сарапшылардың  мәліметтері бойынша ЖБ-ның қазіргі  әдіснамалары мен құралдарын пайдалану  жобалар мен бағдарламаларды  жүзеге асыруға кететін уақыттың 20-30 пайызын және шамамен 15-20 пайыз  қаражатты үнемдеуге жағдай жасайды.[2;140]

ҚР-да инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану қажеттігінің негіздемесі

 

Елдің экономикалық жағдайын оңалдыру бойынша Қазақстан  Республикасы Үкіметінің жоспарлы әрекеттері, өсім үсітіндегі несиелік рейтинг, Қазақстанның әлемдік экономикаға белсенді интеграциялануы  мемлекеттік және халықаралық бағдарламалар  мен жобаларды іске асыру жолымен  қол жеткізілуде. Ең жаңа басқарушылық технологияларды қолдану мемлекетті, бизнес пен қоғамды одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс. Халықаралық озық сарапшылардың бағалауы бойынша  жобалар мен бағдарламаларды  басқарудың осы заманғы технологияларын  кеңінен қолдану жалпы ел экономикасының тиімділігін кем дегенде 15-20 пайызға  арттырады. Жобалық басқаруды кеңінен  қолдану аз уақытта (2-3 жыл) Қазақстан  Республикасының Үкіметі басымдықтар  деп белгілеп отырған бірқатар міндеттерді  шешуді айтарлықтай тездетеді.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда жобаларды басқару  тәжірибесін қолдануда алғашқы  қадамдар ғана жасалуда. Республика үшін, әсіресе, ҰИС қалыптастыру, әлеуметтік жобаларды іске асыру және жер  қойнауын пайдалану, құрылыс салаларында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  саласында жоғары технологиялық  өндірістерді құру барысында жобаларды  кәсіпқой басқаруды қолдану өзекті болып табылады.[3;III- тарау]

Алайда, қазіргі  уақытта Қазақстанда мемлекеттік  жобалар мен бағдарламалардың 60 пайыздан астамының мерзімдері бұзылып, іске асыру нәтижелері ойдан шықпай жатады.

ҚР-да инвестициялық  жобаларды басқаруды дамытудың

басты алғышарттары

 

Қазақстанда жобаларды  басқарудың осы заманғы технологияларын  ілгерлету экономикалық өсімге бағытталған білімді трансформациялайтын ұлттық инновациялық жүйені құру үшін қажет етерлік алғышарттарды талап етеді. Қазақстанда осы процестің басты базисі, сөзсіз, микроэкономикалық алғышарттар болып табылады. Оған өндірістің меншік құқығы мен салалық құрылымын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан экономикасын жаңа әлемдік шаруашылық байланысқа жұмылдыратын геосаяси жағдайдың өзгеруін жалғастыру енеді. Дамудың тұрақты макроэкономикалық параметрлері және ҚР Президенті қойған ҰИС қалыптастыру міндеттері аясында республика экономикасындағы интеграциялық процестердің жоғары белсенділігі елде инвестициялық  жобаларды басқаруды дамыту ісінде қуатты серпін жасау үшін, сөзсіз, оңтайлы мүмкіндіктер беруде.

 

     2011-жыл бойынша Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар //http://www.kaz.stat.kz/digital/STROIT_INVEST_kz/DocLib1/%D0%BF%D0%BE% //

 

Алдағы жылдарда Қазақстан  соңғы өнімдер экспортына бағытталған  өндірісті белсенді дамытып, машина жасау, металлургия, химия және агроөнеркәсіп  саласында бірлестіктегі өндіріс  орындарын құруы қажет. Қазақстанда  жеке бизнеске қолдау көрсету үшін және оның тауарлары мен қызметтерін  әлемдік нарыққа шығару үшін арнайы құрылымдар құрылуда. Сөйтіп, Қазақстанда  жобаларды басқаруды дамыту үшін макроэкономикалық жағдайлар қалыптасқан, ал олардың өзектілігі алда тұрған мемлекеттік мінждеттерге байланысты.

Алғышарттардың  екінші тобы – дамудың басты құралы ретінде жобаларды бақаруда жаңа әдіс-тәсілдерді қабылдауға әлеуетті әлеуметтік ортаның болуы. Осы ортадан тек оқытушылар корпусын ғана қалыптастырып қоймай, өмірдің барлық салаларында жаңа білім мен тәжірибе таратушыларды қалыптастыруға болады. Осы ортаның өмір сүруі қазақстандықтардың жоғары біліміне қатысты, ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылық білікті құрамы мен ғалымдардың болуымен шарттасады. Сонымен қатар, саны қазірдің өзінде 15000-нан асып түсетін үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің ортасы осы ортаны толықтыра түседі. Ендеше, Қазақстанда заманға сай басқару технологияларын енгізу үшін қажетті зияткерлік әлеует қалыптасқан деуге болады.

АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінде инвестициялық  жобаларды басқаруды енгізу процесінің динамикасына жасалған талдау ол Интернет-ресурстарды кеңінен қолдана отырып, дамыған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аясында жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Осыған байланысты дамыған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болуы елде осы заманғы жобалық  менеджментті ілгерлетудің алғышарттарының үшінші тобы болып табылады.

Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар (АКТ) саласында даму процесі серпінді жүруде. Алайда, инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту процесіне әртүрлі қатысушылардың қызметін топтастырушы интернет-ресурстар өте жеткіліксіз. Бұл тұста «Электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасы үлкен роль атқаруы тиіс. Ол бизнес және азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік басқару органдарының өзара әрекеттерін қамтамасыз етуге әлеуетті.

Егер бұл процесс  мемлекеттік басқарудың жоғарғы  эшелондарында қолдау таппаса, түсіністік болмаса, елде жобаларды басқарудың осы заманғы әдіснамаларын кеңінен  дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты алғышарттардың төртінші тобы мемлекеттік қызметшілер құзіретінің деңгейі болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жоғарғы эшелонының өкілдері, әдетте, жобаларды басқару тәжірибесіне ие және нақты жобаларды қолданады. Бұған қоса, осы салада ұлттық стандарттардың болмауы салааралық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында көптеген қиындықтарға әкеп соғады. [3]

Сөйтіп, Қазақстанда  инвестициялық  жобаларды басқаруды кеңінен дамыту үшін бастапқы алғышарттардың болуына жасалған талдауды қорыта отырып, мұндай алғышарттар елімізде бар деуге болады. Алайда, инвестициялық  одан әрі дамытудың міндеттері аясында  оларды қайта ой елегінен өткізу қажет. Шындап келсек, бұл іс елді индустриализациялаудың жоспарланған қарқынынан әлдеқайда кенже қалуда.

Инвестициялық жобаларды  басқаруды дамыту жолындағы

негізгі кедергілер

Институционалдық  жоба ретінде инвестициялық  жобаларды басқаруды дамыту жолындағы кедергілерді талдау үшін төрт аспектіні бөліп қараған жөн:

    • қаржылық,
    • клиенттік,
    • «ішкі бизнес-процестер»,
    • «персоналды үздіксіз оқыту және дамыту».

Қаржылық аспектінің басты проблемасы Қазақстанда келесілердің болмауында:

  • мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырудың Жобаларды басқару стандарттарына негізделген мониторинг жүйесі;
  • инвестициялық  дамыту процесін бюджеттік қаржыландыру жүйесі.

Халықаралық тәжірибе келесіні көрсетіп отыр: ANSI EVMS 749 стандарттары тектес жобаларды интеграциялай  басқару әдіснамаларын қолдану  ғана жобаларды мемлекеттің мүддесінде жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз етеді, шығындарды айтарлықтай қысқартады және жобалардағы сыбайластықты  жояды.

Мемлекет басшысы  өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Елдегі әрбір индустриалды жоба тек жергілікті биліктің ғана емес, сондай-ақ қоғамның айрықша бақылануына  алынуы тиіс», - деген болатын.

Клиенттік аспект Қазақстанның 16 миллион халқы үшін Жобаларды басқару саласын реттейтін бірнеше халықаралық және шетелдік стандарттар бір мезгілде қолданылады. Ал, Қытайда 1,3 миллиард адамға бір ғана C-PMBOK стандарты қолданылады. Жапония, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания және Швейцарияда да өз ұлттық стандарттары бар. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында (2010 жылғы) жалпы инвестиция көлемі 6,5 триллион теңге 162 ірі жобаны іске асыру міндеті қойылған, бұл елдің ІЖӨ-нің бестен екі бөлігінен асады. Бұл міндетті шешу үшін, әрине, көптеп жоғары білікті жобалық менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Бүгінгі таңда  Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен Бизнес жол картасы 2030 жүзеге асыру ісінде жобалар мен бағдарламаларға  кәсіпқой басшылық жасау басты фактор екеніне қарамастан, басшылық етуге  және жобалар мен бағдарламаларды  жүзеге асыруға қатысты мамандықтар  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік реестрінде болмағандықтан елімізде инвестициялық жобаларды басқару мамандығына қызығушылық төмен қалуда. Алайда, нақ жобалық менеджерлер ғана іс жүзінде клиенттердің мүддесін сақтап, оларға барынша құндылық беруді қамтамасыз ете алады. [3]

Ішкі бизнес-процестер. Инвестициялық  жобаларды басқарудыдамытудың ұйымдар мен компаниялардың технологиялық жетілуін арттырудың басты тежегіш факторы Жабаларды басқару бойынша стандарттардың болмауы болып табылады. ҮИИД және Бизнес жол картасы 2030 мемлекеттік бағдарламалары аясында жобаларды іске асытруға кірісе отырып, Қазақстан «жоба», «жобалар мен бағдарламаларды басқару» ұғымдарын мемлекеттік деңгейде нормативтік құжаттармен бекітіп алған жоқ. Ұлттық стандарттың болмау жағдайында әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген жобаларды басқарудың қайсысын Стратегия – 2020-ны жүзеге асырушыларға қолдану ұсынылады. ҮИИД бағдарламасында тек операциялық (өндірістік) қызметтерді реттеуге қатысты технико-технологиялық стандарттарды жетілдіру жоспарланған.

Сонымен қатар, жобалық  басқару әдістемелерін стандарттау  мамандарды дайындау және жобаларды  одан әрі жүзеге асыру шығындарын айтарлықтай азайтады.

«Персоналды үздіксіз оқыту  және дамыту» аспектісі. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен Бизнес жол картасы 2020-ны іске асыру аясында жоғары білікті жобаларды басқарушылар тапшылығы өсе түсуде. Қазіргі уақытта мемлекет орасан зор ресурстарды Жобаларды басқару саласында сертификаты жоқ отандық  мамандарға немесе өз жұмыстарында ағылшын тіліндегі стандарттарды пайланатын шетелдік мамандарға сеніп тапсыруға мәжбүр. Бұл ағылшын терминдерін мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай түсініп, қолдануға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

ҮИИД мемлекеттік  бағдарламасында индустриализациялаудың аймақтық картасына енгізілген жобаларды  іске асыру үшін 186 мамандық бойынша  кадрлар дайындау және біліктілікті арттыру іс-шаралары қарастырылған. Кадрларды дайындау және тұрақты  жұмыс орындарын ашу бойынша  мемлекеттік тапсырыстарды мамандандырылған сервистік ұйымдар, мемлекеттік  және жеке меншік білім беру құрылымдарының арасында жайғастыру белгіленген.

Алайда, Жоғары оқу  орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік  классификаторына 2008 жылы енгізілген «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша  дайындық тек екі жоғары оқу орнында  ғана жүргізіліп, мемлекеттік білім  беру гранттарының саны 20-дан аспайды. Әлемнің барлық ірі жоғары оқу  орындарында жобалық менеджерлерді  дайындау қарқынды жүргізіліп отырғанын  әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бізге  ірі сыртқы инвестицияларды тартудың нәтижесінде Жобаларды басқарудың өзіндік дербес әдісі бар батыс топ-менеджерлерінің ағымы көбеюі мүмкін. Бұл қазақстандық инвестициялық жобаларды басқарутің бәсекеге қабілетін арттыруда тиімсіз.

Батыс компаниялары қолданатын әдістер, көп жағдайда, жабық  сипатқа ие және қазақстандық серіктестер  үшін барынша тиімділікті олар мақсат етпейді.

Озық жоғары оқу  орындары арқылы, сол сияқты жобалық  менеджерлердің біліктілігін арттыру  үшін арнайы ашылған орталықтар арқылы елде жобалық менеджерлерді көптеп дайындауды ұйымдастыру бойынша  нақты әрекеттер жасау талабы туындауда.

Халықаралық инвестициялық жобаларды басқару орталықтары жобалық басқару саласында мамандар дайындауға қатысты қазақстандық оқу бағдарламаларын аккредиттеу процесін ҚР Білім және ғылым министрлігі бақылауға алуы тиіс.Стратегиялық жоспар 2020 бағдарламасын жүзеге асырудың және елдің бәсекеге қабілетін арттырудың маңызды құралы ретінде мемлекет пен қоғамның барлық өмір саласында инвестициялық  жобаларды басқаруды дамыту жөніндегі нормативтік-заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік қызметті қарқындату осы Тұжырымдаманың мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін күш-жігерді келесі міндеттерді  шешуге шоғырландыру керек:

  1. Мемлекеттік құрылымдардың, азаматтық қоғам мен бизнес назарын басқарудың осы заманғы технологияларын белсенді дамыту қажеттігіне тарту;
  2. жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеп, қабылдау үшін және оны салалық ерекшеліктерге бейімдеу үшін жайлы құқықтық базаны қалыптастыру, бұл үшін РМІ жобаларын басқару институтының (АҚШ) тәжірибесін қолдану ұсынылады. Бұл институт мамандандыру жолын таңдап, РМВОК жобаларын басқару стандарттарын кеңейтіп, онда келесі салаларды айқындады: үкімет тарапынан жобаларды басқару - Government extension to PMBOK, құрылыс саласындағы жобаларды басқару - Construction extension to PMBOK, бағаларды басқару – Practice Standard for Earned Value Management, жұмыстардың иерархиялық құрылымын жасау – Practice Standard for Work Breakdown Structures және т.б.;
  3. келесілерді пайдалана отырып, түрлі халық санатын (мемлекеттік қызтетшілер, білім беретін оқытушылар мен жаттықтырушылар, ЖОО студенттері, бизнес құрылым басшылары, ҮЕҰ және т.б.): белсенді оқыту әдістері (Action   Learning); коучинг және бағалау (Coaching   and  Assessment); тыңдармандарға кеңес беру (Peer  to  Peer); ұқсас жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен алмас әдістері; жобалық басқаруды енгізген компаниялардың тәжірибелі мамандарының немесе күрделі жобалар басшыларының шеберлік сабақтары; интернет-конференциялар;
  4. ҚР озық оқу орындары мен Қазақстанның мемлекеттік қызмет академиясы жанынан инвестициялық  жобаларды басқаруды дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында орталықтар ашу;
  5. жаңа веб-технологиялар мен әлеуметтік желі қызметтерінің принциптері негізінде «Жобаларды басқару» интернет порталын ашу;
  6. жобаларды басқарудың ұттық стандарты бойынша сертификаттау жүйесін қалыптастыру;
  7. «ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Мамандықтардың мемлекеттік реестріне» және «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестріне» «жоба менеджері», «бағдарлама менеджері» лауазымдарын енгізу;
  8. елде инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту;
  9. қазақстандық жағдайға бейімделген салалық стандартты  әзірлеу. Мысалы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі,  металлурния саласында. [10]

Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды дамытудың басты принциптері мен құқықтық негіздері

 

Инвестициялық жобаларды  басқаруды дамытудың басты міндеттеріне мыналар жатады:

а) инвестициялық жобаларды басқаруды дамытудың эволюциялылығы мен кезеңділігі;

ә) этикалық нормалар мен ережелерді сақтау;

б) жобалық менеджметті  дамыту процесін ұлттық инновациялық жүйе қалыптастыру процестерімен синхрондау;

в) бір тараптан - заңды тұлғалардың, екінші тараптан -  жұмысшылар мен жұмыс берушілердің серіктестік қатынастарын үйлестіруші  құрал ретінде жобаларды басқарудың қазіргі заманғы мәдениетіне  халықтың ауқымды жігін тарту.

Инвестициялық жобаларды  басқаруды ілгерлету процесіне қатысушы қоғамдық құрылымдардың бірі де Қазақстанда осы процесті монополиялауға үміттене алмайды.

Жобаларды басқаруды  дамытуда мүдделі барлық құрылымдардың  әрекеттерін үйлестіру үшін Қазақстанда  Жобаларды басқаруды стандарттау  жөнінде техникалық үйлестіру комитеті құрылуы қажет.Қазақстанда инвестициялық жобаларды басқаруды ілгерлетуді бастаудың құқықтық негізі қолданыстағы заңнамалық база болып табылады. Алдағы уақытта бұл база ҚР-да инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту процесі Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарымен үйлестіру бағытында қамтамасыз етілуі тиіс. [5]

Инвестициялық жобаларды  басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары мен құралдары

 

Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен механизмі  оның негізгі міндеттерімен үйлестіріледі. Мемлекеттік құрылымдар, азаматтық  қоғам мен бизнестің назарын  жобаларды басқарудың осы заманғы  технологияларын белсенді ілгерлету  қажеттігіне аудары үшін, алғашқы  және негізгі қадам ретінде, осы  Тұжырымдаманың негізінде оны жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар  жоспарын әзірлеу ұсынылады.

Осы Жоспарды іске асыру отандық және шетелдің жобалық  білікті менеджерлерінің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс. Талқылауды ұйымдастыру  үшін қоғамдық және парламенттік тыңдаулар  механизмін қолданған жөн.

2010-2020 жылдар  аралығындағы кезеңде Қазақстанда  инвестициялық жобаларды басқаруды дамыту бойынша министрліктер, ведомстволар, даму институттары, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдарының әрекеттерін айқындайтын нормативтік құжат осы процестің қорытындысына айналуы тиіс.[7]

Инвестициялық жобаларды  басқару тұжырымдамасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері.

Бірінші кезең 2010 – 2011 жылдар:

Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен осы Тұжырымдаманы іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар жоспары әзірленеді;

  • инвестициялық жобаларды басқаруды ілгерлету саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандар мен қазақстандық құрылымдар кеңінен тартыла отырып, халықаралық іс-шаралар (конференциялар, форумдар мен симпозиумдар) кешені өткізіледі;
  • ҚР техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі комитетінің жанынан Жобаларды басқаруды стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылады. Оған ҮИИДМБ іске асыруға жұмылдырылған барлық министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ инвестициялық жобаларды басқаруды дамытуға қатысушы кәсіби бірлестіктердің өкілдері енгізіледі;
  • Қазақстан Жобаларды басқарудың халықаралық стандартын әзірлеуге қатысушы елге айналады;
  • Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарымен үйлестірілген Жобаларды басқарудың ұлттық стандарты әзірленеді және енгізіледі;
  • Министрліктер мен ведомстволарды, ҚР даму институттарында барлық бағдарламалық құжаттар ЖБ ұлттық стандарттары мен жобаларды басқару тұжырымдамаларына сәйкестеледі;
  • ҚР Мемлекеттік қызмет академиясы мен елдегі озық ЖОО-лар жанынан құзірет орталықтары ашылады, оларда топ-менеджерлер дайындалады;
  • 06М051800 (магистратура) және 06D051800 (докторантура) мамандықтары бойынша жобаларды басқару саласында мамандар дайындаумен байланысты қазақстандық оқу бағдарламаларын инвестициялық жобаларды басқару халықаралық орталықтарының аккредитациялауы процесі іске қосылады;
  • «Жобаларды басқару» пәні бойынша ЖОО оқытушылары мен оқыту тренерлерінің әлеуеті қалыптасады;
  • «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистрлар мен PhD дайындауға деген мемлекеттік тапсырыс ҮИИДМБ іске асыру сұранысына сай көлемде өседі;
  • жобаларды басқару тәжірибесін қолдануды кеңінен тарату ісі жүргізіледі.

Екінші кезең 2012 – 2014 жылдар:

  • Мемлекет пен қоғамның барлық өмір саласында Жобаларды басқарудың ұлттық және салалық стандарттары белсенді енгізіледі;
  • Инвестициялық жобаларды басқарутің халықаралық орталықтары сарапшыларының қатысуымен сертификаттау орталықтары ашылады және Prometric,  VUE жаңа халықаралық тестілеу орталықтары аккредиттеледі;
  • көп жағдайда сәтті шыққан әрі пысықталып жасалған OPM3  PMI и CMMI  SEI моделдерінің негізінде ұйымдар, кәсіпорындар мен компаниялардың технологиялық жетілуінің ұлттық стандарты халықаралық нормаларға сәйкестікте әзірленіп, енгізіледі;
Дамыған елдерде инвестициялық жобаларды басқаруды қолдану тәжірибесі