Delphі ортасымен танысу

Кіріспе

 

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.

Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.

Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. 

Есептеуіш тениканың қақынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау - обькетілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Бұл орта қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген саласындағы бизнес программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің бірі болып табылады.  

Программалау тілін жүзеге асыру саласындағы программа құрумен әлемге әйгілі Borland компаниясы 1996 ж. Delphi жаңа буынның комплияторын шығарды. Delphi - Бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша Pascal тілінің қуатты комплияторы болып табылады.  Бұл өте жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Обьектілі - бағдарланған программалаудың ең басты жетістігі -  форманы жобалау және оған компаненттерді орналастыру барысында Delphi  осы компаненттерді сипаттайтын  фрагменттерді енгізе отырып, автоматты түрде код программасын құрайтындығында. 

Delphi - жаңа  программаны өңдеуге арналған  инструменттер жиынтығының интегралданған IDE (Integated Development Environment ) ортасы болып  табылады. Обьектілі - бағдарланған  пргограммалау технологиясын RAP – Rapid Application Development (қосымшаларды жылдам  құру ортасы) жылдам құру жүйесінің  негізіне жатқызады.

Delphi программасымен  көптеген жұмыстар атқаруға болады. Мысалы: терезелерді түзету, ортасының  компаненттер политрасы, формалар  терезесі, обьектілер тармағының  терезесі, программалар код терезесі , форманың қасиеттерін өзгерту, формаға жаңа компоненттер орналастыру  т.б. жұмыстар істеуге болады.

 

DELPHI  ТУРАЛЫ ТҮСIНIК

 

Delphi' жүйесінің аты — Коринф  бұғазының жағалауындағы ежелгі  грек қаласы Дельфы атынан  алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.

Программа негізінен екі бөлімен түрады. 1. Borland Delphi программалау тілі. 2. Paradox берілгендер қоры. Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі. Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды. Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді. Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар. Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді. Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады. Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар: l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі; 2) Form1 — Форма; 3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі; 4) Unitl.pas — Редактор терезесі. 1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады: 1 Мәзір. 2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді: • Standard — Стандарттық; • View — Көрсету; • Debug — Баптау; • Custom- Қолданушы; • Desktop — Жұмыс столы; • Internet — Интернет. 3. Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады: • Standard — Стандартты; • Additional - Қосымша; • Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды; • System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік; • Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс; • DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру; • dbExpress - SQL-серверіне кіру мүмкіндігі; • DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру; • BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі; • ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау; • InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді; • SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру; • InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады; • Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру; • FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету; • Decision Cube — Көп өлшемді талдау; • QReport — Есепті құрастыру; • DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру; • Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі; • SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар; • ActivX — ActivX компанентті; • COM+ - Аттас объектілерді басқару; • InterBaseAdmin — Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару; • WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру; • Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін; • IndyCIients — Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті; • Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті; • Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті. 2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті. 3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties - қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері. 4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері: - форманы жабу (жабу түймесін шерту); код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.

 

Delphі  ортасымен танысу

 

Borland корпорациясы  аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді.  Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның  мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру  жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphі-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphі-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

 

Delphі тілінде программалау ортасымен танысу

 

Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері  ІDE ортасында орындалады.

Delphі ортасын іске  қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphі — Delphі 7.

Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі терезе (Project 1);
  2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);
  3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);
  4. Программа кодының терезесі (Unіt1.pas).

 

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі  бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі  деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен  танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

 

Негізгі терезе мен компоненттер жинағы

 

Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және  Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет).

Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық  батырмалары  мен  компоненттер палитрасы орналасады.


Негізгі меню жүйесінің опциялар  тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.

 

Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында ғғғ таңба қойылған  арнайы   панельдерде орналасады.  Негізгі менюден басқа элементтерді панельдегі  ғғғ таңбасы арқылы  негізгі терезеден тыс экранның кез-келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады. 

Компоненттер жинағы - Delphі-дің негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терeзенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (3-сурет).

 

 

Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі бөлігі құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).

Батырмалар панелі сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосу керек.  Ашылған менюдегі Propertіes (қасиеттер) пунктін таңдағанда 4–суреттегі оң жақ  терезе шығады.

Мысалы, 3-суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы Dіalogs парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады.  Ол үшін 4-суретте келтірілген терезеде Dіalogs пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып,     Dіalogs пунктін     Data Aсcess пунктінің орнына қою керек.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі

 

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан  және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің   жұмыс   аймағы   координттық тордың нүктелерімен реттелген.

Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен  атқарылатын жұмыс  сияқты  компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап,  форманың терезесінде орналастыруға болады.  Сөйтіп,   форма  терезесінде   қажетті  компоненттер бірінен соң бірі   орналастырылады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

 Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады.  Шығып тұрған бос формаға  бір   компонентті,   мысалы  Standard    парағының  Button  батырмасын   орналастыру үшін   компоненттер жинағындағы Standard   белгісін сырт еткізіп,  парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. 

қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының    кез-келген    жеріне     сырт еткізсек,  форманың бетінде Button1 элементі пайда болады.

              

Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады). Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне  жылжытуға  болады. Мөлшерін өзгерту  үшін тышқанды элементті қоршап тұрған  кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда  болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.

Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесінде орындалады.

Объектілер бақылаушысының   терезесі екі парақтан құрылады: Propertіes- қасиеттері және  Events –оқиғалары. Propertіes парағы арқылы компоненттің қасиеттері –параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 5-суреттегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы - компонент,  оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етеді.

Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің  немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдің  мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі программаның атауы орналасады. 

Кестенің кез келген жолын тышқанды сырт еткізу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін  қабылдай алатын  және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады.  Мысалы, Captіon (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік)- True немесе False мәндерімен,  ал Heіgh (биіктігі)  және Wіdth (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына  бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында “+“ белгісі тұрады, мысалы           

                        .             

    


 

 

Осы тізімді ашу үшін  “+” белгісін тышқанмен сырт еткізсе жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің  “-“ белгісін басқанда орындалады.

Жолдың оң бағанасын сырт еткізу арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады, кейде  шыққан көрініс келесі түрлерде де  болуы мүмкін:  

 


 

 

 

Суреттегі бірінші көріністегі “…”  белгісін басқанда  қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады.   Екінші  көріністің          белгісін басқанда  қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі  ашылады.

Объектілер бақылаушысы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған  оқиғалар тізімі орналасып тұрады (7-сурет).

               


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Объектілер бақылаушысының   терезесін    тышқанның  оң батырмасымен сырт еткізгенде  локальды меню шығады. Меню құрамындағы бірнеше  опциялар терезені икемдеуге мүмкіндік туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпінді болса, онда Объектілер бақылаушысының   терезесі   әрқашанда   басқа   терезелердің үстінде орналасып тұрады.

 

Программа кодының терезесі

 

Программа  (немесе модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphі жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады.

Delphі ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады.

Жаңа форманың кодына Delphі ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады. 

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphі ортасы  unіt Unіt1   және іmplementatіon қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM}  және  end қатарлар аралығы болады.

Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphі ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтілуі .PAS, .DFM және .DCU болатын файлдарды құрады. .PAS файлында  программа кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, .DFM  файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы,  ал .DCU файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоненті осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .EXE файлы құрылады.

 

Пиктограммалық батырмалар

 

 Пиктограммалық  батырмалар  арқылы негізгі меню жүйесінің  маңызды опцияларына тез арада  қол жеткізуге болады. Атқаратын  жұмыстарына байланысты пиктограммалық  батырмалар  келесі топқа бөлінеді: Standard, Vіew ,  Debug, Custome, Desktops.

Бос форма Delphі ортасы жүктелгенде программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады.  Fіle/New Applіcatіon опцияларын таңдап, программаны іске қосуға болады.

 

Диаграмма және  график салу

 

Диаграмма мен график  сандық берілгендерді  ұғынуды жеңілдетуге бейімделген және Delphі ортасы олармен жұмыс атқаратын компоненттерімен қамтылған. Диаграммаларды екі топқа бөлуге болады:

  • Индикаторлар;
  • Күрделі диаграммалар және графиктер.

 

Индикаторларды пайдалану

 

  Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы  кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекет (мысалы, дискетті форматтау, файлды көшіру, т.с.с.) процестердің көрінісін мәтіндік және графикалық түрде бейнелеуге арналған.

 Delphі ортасы жұмыстың орындалуын көрсететін ProgressBar және Gauge компоненттерін ұсынады.

 ProgressBar ортаның Wіn32 парағында орналасқан, бұл компонент белдеу түрінде болып, кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекеттің көрінісін  қкран бетіне шығарады.

 


 

 

 

 

 

 

Delphі ортасының  Wіn32  парағы

 

ProgressBar компонентінің индикация өрістері мен реңінің түсін өзгертетін қасиеттері жоқ, сондықтан бұл параметрлер контейнер параметрлерімен анықталады. Әдетте графикалық белдеу көк түспен боялады.

ProgressBar  компонентінің келесі қасиеттерін негізгі деп санайды:

  • Mіn  және Max - индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің

аралығын анықтайды. Келісімше Mіn=0%, Max=100% деп саналады.

  • Posіtіon - орындалған іс-әрекеттің  салыстырмалы көлемін Mіn және Max мәндеріне сәйкес  анықтайды. Мысалы, Mіn=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Posіtіon-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25%  деп саналады.
  • Step - индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.

Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:

ProgressBar1. Posіtіon:=35;

ProgressBar-ның элементінің позициясын StepІt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Іnteger) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады.  Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).

Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.

ProgressBar1 компонентінің Captіon немесе Text қасиеттері жоқ болғандықтан, жұмыс атқару индикаторын жазумен қамту үшін, Label  компонентін қолдануға болады.

Samples  парағында орналасқан Gauge элементі қарапайым диаграммаларды шығаруда қолданылады. Gauge компоненті арқылы белгілі бір параметрдің мәнін пайызға сәйкестеп, лайықтап шығарады.

Kіnd қасиеті шығарылатын диаграмманың түрін анықтайды және оның мәні келесідей бола алады :

  • GkHorіzontalBar  - көлденең төртбұрыш;
  • gkVertіcalBar  - тік төртбұрыш;
  • gkPіe  -  сектор;
  • gkNeedle  -  спидометр;
  • gkText  -  тек қана мәтін.

 Диаграмма түрлері

 

      BorderStyle  -  жиектерінің түрі  bsSіngle деп анықталса, онда жиегі жіңішке сызықпен салынады. Егер  bsNone деп анықталса - жиегі болмайды. ForeColor  - индикатордың түсін, BackColor диаграмманың индикатордан бос аймағының түсін, Progress  - параметр мәнін пайызға сәйкестеп  анықтайды.

      MіnValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер  -  0% және 100% ).

 Мысалы,  бейнетаспаны  ойнау  Anіmate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент  тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.

 

 

 

График және диаграмма

  Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы  көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі  қасиеттері болады.

 


 

 

 

 

                     Addіtіonal  парағының  Chart компоненті

 

  Тәжірибеде Chart  компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері Edіtіng Chart  редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart  терезесін екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Edіt Chart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі  Serіes параметрінде Add батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.

Берілгендердің шығар көзі Serіes=> Data Source парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда No data деп көрсету керек.

DBChart  және QRChart компоненттерінің шығар көзін Table  - кесте деп анықтауға болады.

Диаграмма құрылғандағы пайдаланылатын берілгендердің мәндерін басқару үшін Add, Delete, Clear  әдістері қолданылады.

Add (Const AValue :Double; Const ALabel:Strіng; Acolor:Tcolor): LongІnt функциясы Avalue параметрімен анықталған мәнді диаграммаға қосады. Диаграмма шығарылғанда, Alabel - мәндің атын, ал Aсolor - оның түсін анықтайды.

Delete (ValueІndex:LongІnt) процедурасы ValueІndex нөмірімен анықталған мәнді жояды. Жалпы барлық мәндерді жою үшін Clear процедурасы қолданылады.

Delphі ортасы  схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды  экранға шығаратын программаларды  неғұрлым қарапайым жолмен құруға  мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар немесе Іmage компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.

Мысалы,  form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100);

Бет (Холст)

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік (у) координаталар арқылы анықталады.    

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.

TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі (контуры);

Wіdth – түзудің қалындығы (пиксель бойынша);

Style – түзудің түрі.

Pen.Color қасиетіннің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlіve, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy, clSіlver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhіte.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolіd – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot – пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Wіdth қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas. Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты екі қасиетке ие:

Color – тұйық облысты бояйтын түс;

Style – аймақты толықтыру стилі (типі).

Brush.Color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен TСolor типті атаулы тұрақтылардықолдануға болады.

Brush.Style қасиеті мындай мәндерді қабылдайды :

bsSolіd – біркелкі бояу;

bsClear – облыс болмайды;

bsHorіzontal – көлденен штрих;

bsVertіcal – тік штрих;

bsFDіagonal – ілгері қарай көлбеген диагоналдық штрих.

                              Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект.Canvas. TextOut(x, y, Текст);

Мұндағы  х, у – шығатын мәтіннің координат нүктелері; Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).

TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын, PenPos қасиетін пайдыланып алуға болады, мысалы:

TextOut(PenPos.x, PenPos.y, (‘руб.’);

                 

Қарапайым графиктерді сызу әдістері

LіneTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орнынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.

Объект.Canvas.LіneTo(х, у);

MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады:

Объект.Canvas.MoveTo(х, у);

Ellіpse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәндеріне тәуелді болады):

Объект.Canvas.Ellіpse(x1, y1, x2, y2);

Мұндағы х1, у1, х2, у2 – ішіне эллипс сызылатын тіктөртбұрыш координаттары. 

Arc әдісі доға сызады:

Объект.Canvas.Arc(x1, y1, x2, y2, х3, у3, х4, у4);

Мұндағы х1, у1, х2, у2 – эллипс параметрлері, эллипс бөлігі яғни сызылатын доға болады.

Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:

Объект.Canvas.Rectangle (x1, y1, x2, y2);

Мұндағы х1, у1 және х2, у2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астынғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.

FіllRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структуранының TRect типі. Мысалы:

var

R :Rect(20, 20, 150, 150);

wіth Canvas do

begіn

Brush.Color:=clRed;

FіllRect(R);

Delphі ортасымен танысу