Delphi программалау ортасы. 2

Delphi программалау ортасы

 

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

3. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер  терезесі

4. Оқиғалар

 

 

 

1. Кіріспе

Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі  - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6,7-нұсқалары жарық көрді.

Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS Dos жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi – де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады(Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау  технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс - әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады.

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.

 

2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы:

Іске қосу – Программалар – Borland delphi6 – Delphi 6

Экранда  Delphi ортасының үш терезесі кµрінеді (1.1-сурет).

                                                                            1



 

    3                                            2 

                                         1.1-сурет.Delphi ортасы

  1. Delphi 5-тің негізгі терезесі;                             

  1. Форма(Form1);

  1. Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector).

Жалпы ортада программа құруға арналған тµртінші, модуль терезесі де іске қосылады(Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда кµрінбейді.

Delphi-дің  негізгі терезесінің құрамына негізгі мєзір, аспаптар панелі жєне компоненттер палитрасы енгізілген (1.2-сурет). Негізгі мєзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мєзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналатырылған.

                           1.2-сурет. Delphi-дің негізгі терезесі

 

            Стандартты түймелер:

 

  - New(Жаңа);

 - Open(Ашу);

 - Save(сақтау) ;

 - Open Project(проектіні ашу);

            - View Form(Форманы кµрсету);

           - Run(Іске қосу);

           - Pause (‡зіліс);

            - Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.

 

3. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі

Delphi-де дайындалатын программа дайындау проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен кµрінеді(1.1-сурет). Оның жиектеріне тышқан кµрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту жєне қалдыру тєсілі бойынша формасын кеңейту не қысу қиын емес.

Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

Кей жағдайларды экранда форма кµрінбеуі мүмкін. Он экранға шығару үшін View – Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың жєне формаға енгізілетін компоненттердің(компоненттер жµнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мєндері – форма тақырыбының мєтіні, µлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сєйкес мєндер меншіктеліп қойылады.

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мєндерін µзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі  Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген.. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін  сєйкес обьектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обьект атауы да жазылып қойылады.Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1.1-суретте кµрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties  (Қасиеттер) жєне Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер-қасиет атауларыб екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.

 

4. Оқиғалар

Windows - тағы сияқты Delphi – де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, форманы не формада орналасқан компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның єр іс – єрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға программаның жұмыс істеуі кезінде обьект жағдайының µзгеруі.

Delphi-де єр оқиғаға атап беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы  формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (шерту) оқғасын шақырады (1. 5. 4-тақырыпты қараңыз).

Әр обьектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға – байланысты оқиғалар саны-35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша беті не енгізілген. Терезеде оқиға атауларының  алдына On префіксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

 

                                

1.4 -  сурет. Форма оқиғалары

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

 

OnClick – тышқан түймесін бір рет басу;

OnDbiClick – тышқан түймесін екі рет басу;

OnKeyDown – клавишті басу;

On KeyUp – басылған клавишті босату;

OnMouseDown – тышқан түймесін басу;

OnMouseUp - тышқан түймесін босату;

OnMouseMove – тышқан кµрсеткішін жылжыту;

OnCreate – форманы екі рет  шерту, т.б.

 

 

 

Программа құрылымы.

Жоспар:

 

1. Программалық код терезесі

2. Программа құрылымы. Негізгі  модуль

3. Тәсіл модуль құрылымы

 

1. Программалық  код терезесі

Delphi-де программа (проект) екі бµлімнен тұрады. Алғашқы автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) жєнеunit1. pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сєйкес іс – єрекеттерді орындайтын программа мєтіні (процедуралар) енгізіледі (олар 1.4 – тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мєтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1-тақырыпта ескертілгеніндей, Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында кµрінбей тұрады. Он экранға шығару тєсілдері:

  • форманы жабу (жабу түймесін шерту);

  • код терезесінің бір шеті форма астында кµрініп тұрса, оны шерту.

Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) кµрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бµлінген класс жєне процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет). т.б.

Жалпы формадан код терезесіне µту жєне код терезесінен формаға µту үшін F12 клавишін басу желкілікті. 1.5 – суретте кµрініп тұрғаны – код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылған процедура оқиғаны µңдеуіш не оқиғаны µңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

 

Procedure <атау> (Sender: TObjiect);

Сипаттау бµлімі

Begin

Процедура денесі

End;

Мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класна тиістілігін анықтайды.

Терезенің сол бµлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын кµріп шығуға болады.

 

          

 

1.5 – сурет. Редактор терезесі. Онда кµрінген процедура дайындамасы.

 

2. Программа құрылымы. Негізгі модуль

 Кез келген программа program сµзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде он ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездері қосымша нұқсқаулар енгізулің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):

 

Program Project1;

Uses

    Forms

    Unit in “Unit1. pas’ {Form1};

    {$R*.RES}

 

begin 

  Application. Initialise;

    Application. СreateForm(Tform1, Form1);

  Application. Run;

End;

Мұндағы,

Progect1 – негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;

Uses (қолдану) – Tурбо Паскальдағы сияқты, қызметші сµз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы. (Unit1) жазылған Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құралатыны (In ‘Unit1. pas’) жєне онымен байланысты форма атауы кµрсетіледі. ({Form}).

{$R*.RES}-нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows кµмегімен дайындалған қолданбалы программаның) қор  сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды жєне т.с.с. пайдалану керектігін кµрсетеді (файлдың кеңейтілуі -.res);

Begin – end операторларының аралығына енгізілген. Соңғы бµлім- қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін тәсілдер (Delphi-де арнайы іс-єрекетті орындайтын процедура, функция жєне командалар тәсілдер делінеді): 

Application.Initialize – қосымша обьектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) тәсілі;

Application.CreateForm – проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда кµрсету тәсілі (create-құру);

Application.Run – программаны іске қосуды қамтамасыз ету тәсілі.

 

3. Тәсіл. Модуль  құрылымы

Delphi-де тәсілдің  командалық түрде жазылуы:

<Обьект>.<Тәсіл>

Мысалы, Application.Initialize – Application обьектісінің Initialize тәсілін орындау.

Кейбір жағдайда бµлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.

Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.

Модуль-түрлі іс-єрекеттерді орындауға арналған программа бµлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сµзінен басталып, соңына єдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасы мен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы- Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматы түрде құрылады:

unit Unit1;

Interface

Uses

  Windows, Messages, SysUtils, Clfsses,

  Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

Type

  Tform1=class(TForm)

Private

  {Privare declarations}

public

  {Public declarations}

end;

var

  Form1: Tform1;l

Implementation

{$R*.DFM}

end.

Інтерфейс (interface) бµлімі interface кілттік сµзімен басталады да оған бµлімдер енгізіледі: uses - Турбо Паскальда пайдаланатын бµлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бµлімге пайдаланушы пайдаланған модуль атауын кірістіріп қоюы да мүмкін. Одан єрі, Delphi дайындалған форма типі сипатталады (онда µрістер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.).

Private (жеке, дербес) бµліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - µрістер, тәсілдер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (кµпшілік) бµлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын кез келген программа не модульдің кµрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, єдетте (кµп жағдайда) олар бос кµрінеді.

Implementation (іске асыру, орындау) бµліміндегі {$R*.DFM}-.dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқаукы. Ол модульді  сєйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файла форма қасиеттерінің мєндері жазылып қойылған. Ол формаға қойылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сєйкес Objiect Inspector терезесінде кµрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны µңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бµлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3.7.4, 3.11-тақырыптары µңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.

Кейде модульдің соңына инициалдау (initialization) бµлімі енгізіледі. Бµлім модуль айнымалыларын инициалдау (бастапқы мєндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер де толтырылса, бұл бµлім басқаруды программа денесіне беру ден бұрын орындалады. Бµлім нұсқауларын begin жєне end кілттік сµздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда кµрсетілген сиқты, бµлім толтырылмаса, begin сµзі жазылмай, оған тек end µзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сµз.

 

 

 

Берілгендерді  енгізу және шығару.

Жоспар:

 

1. Берілгендерді жекедиалогтық  терезеде енгізу. InputBox функциясы

2. Стандартты  типті- түрлендіру  функциялары

3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы

4. Берілгендерді формада  енгізу және шығару.  TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың қасиеттері

 

1. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде енгізу. InputBox функциясы

Delphi –де   айнымалы  мәнін  жадқа  енгізу  үшін  Турбо  Паскальда  пайдалынылатын  Read (оқу ) операторы жоқ. Программада  ол үшін  басқа тәсілдердің  қолданылуы мүмкін :

  1. менщшіктеу;

  1. енгізу  терезесін  пайдалану;

  1. форманың Edit  компоненті өрісін  пайдалану.     

Меншіктеу  командасының  программада  жазылуы  әдеттегідей ,  мысалы,  х:=4.7;

Енгізу  терезесі  Delphi-дің  стандартты InputBox   функциясының  терезесі. Программада InputBox (енгізу  қорабы ) функциясын  пайдалану   командасының  жазылу үлгісі:

<айнымалы >:= InputBox (‘<тақырып >’,’<түсініктеме >’,’<мән>’)

мұндағы,

    айнымалы –мәні  енгізу  терезесіне  енгізілетін  жолдық  типті  айнымалы атауы (InputBox  функциясының мәні  әр  кезде  жолдық (String)  типті.  Мән меншіктелетін  айнымалы (х)  программада х: String; түрінде  сипатталуы тиіс);

Тақырып-енгізу  терезесінің  тақырыбы ретінде  жазылатын  мәтін;

Түсініктеме- енгізу  терезесінің ішінде  жазылатын түсініктеме мәтін;

Мән-енгізу  терезесі  көрінген кезде  оның  енгізу өрісінде  көрінетін мәтін. Әдетте оны бос  символдық етіп  енгізеді. Мысалы ,х:=4.7  меншіктеу  командасын InputBox функциясын  пайдаланып,  мынадай  түрде беруге болады:

   х:= InputBox (‘Аргумент  мәні ’,   ‘х:=’ ‘’ )

Команданың  орындалу  барысында  көрінетін терезе 1.6- суретте  көрсетілген .Терезенің  енгізу  өрісіне 4,7  мәнін  енгізіп,  ОК  түймесін  шерту керек (не КҚ клавишін  бауғада болады).

Ескерту. Windows-тың  күйге  келтіріліп  қойылуына  байланысты нақты  сан әдеттегідей  үтір (,) арқылы  бөлініп  енгізілуі мүмкін.  Ол меншіктелетін айнымалы  (х)  жолдық типті  болғандықтан, қажет болса, оны  сандық типті  етіп түрлендіру  керек.

 

1.6- сурет. Енгізу терезесі

 

2. Стандартты  типті- түрлендіру  функциялары:

                    1. кесте

Функция

Орындайтын іс -әрекетті

StrToFloat(x)

Кескіні  жолдық  типті  болатын  х нақты  санын  қалпына  келтіру

 

FloatStrTo (x)

 

х нақты  санын  жолдық типті ету

FloatStrToF (x,f,s,o)

х нақты  санын  форматты  жолдық  типке  түрлендіруүМұндағы f-формат (кескіндеу форматы ). Ол көбінесе  ffGeneral  не ffFidex  түрінде  жазылады;

s-барлық  цифрлар саны (дәлдік);

о-ондық нүктеден  соң жазылатын  цифрлар  саны (ондық дәлдік ), мысалы, FloattostrF(x,ffFidex,7.3 );

StrToInt(x)

Кескіні жолдық  типті  х бүтін  санаын   қалпына келтіру ;

IntToStr(x)

Х бүтін санын  жолдық типті ету

(IntToStr-Integer to string,  т.с.с.)


 

    

Ескерту. 1. FloatStrToF функциясының  форматын (f)  ffExponent   түрінде  жазуғада болады. Ол санды  экспонеттік етіп  дөңгелектейді.

  2. Delphi-де Турбо  Паскальда  қолданылатын  Str(x,s) және  оған кері   Val(s,x,code)  типті  түрлендіру  процедураларында  пайдалану мүмкін.Мысалы, x=25  болса, Str(x,s)   процедурасының орындалу  нәтижесі:s=’25’;s=’54’   болса  Val(s,x, code) процедурасының  орындалу нәтижесі :x=54,  code=0.

  

3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы

Delphi-де  берілгендерді Showmessage (мәліметтерді көрсету)  процедурасының терезесіне шығаруға  болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі.

Showmessage(s);

 Мұндағы  s-жолдық типті  өрнек .Егер  ол  сандық типті  болса  оны жолдық  типке түрлендіру  үшін s аргументінің  орнына типті  түрлендірудің  сәйкес  функциясын  енгізу керек. Мсыалы, s  нақты  типті  сан болса, оны  шығару  терезесінде  көрсету  операторының  мынадай түрде   жазылуы мүмкін:

      

Showmessag(FloatToStr(s));  не

Showmessag((FloatToStr(s,ffgeneral,7,3));

Жүйе  соңғы  операторды  оқып шығып,  жеті  цифрдан  тұратын  нақты санды  символдық типте шығару терезесінде  көрсетеді.

 

4. Берілгендерді  формада енгізу және шығару.  TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың  қасиеттері

Компоненттер понеліне формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delphi-де визуальды прогрммалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер понелінің Standart бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TЕdit, мәтін енгізілетін TLabel және командалық TButton компоненттері жиі пайдаланады. Мысалы, формаға  Еdit1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы не іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болды. (Оны таңдап, буфер арқылы формада орнатылған екінші Еdit өрісіне көшіруде мүмкін.)

Формада орнатылған Label, Еdit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне праграмма арқылы қол жеткізу – паскальдағы жазу өрісіне қол жеткізу сияқты. Алдымен обьект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:

Label1. Caption:=’біз студенттерміз’;

      Еdit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 –өрісіне шығару да мүмкін. Ол  үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Еdit1. Text- Еdit1 обьектісінің Text қасиетін программа арқылы орындау әдісі):

Var s string;

Begin

S= Еdit1. Text;

Label1. Caption :=s;

End;

Формада TButton (түйме) компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қыйын емес.

Осы класстардың тағы да бірнеше қасиеттерін қарастырайық.

TLabel:

  • AutoSize: Boolean - компонент көлемі ішіне жазылған текстке қатысты өзгеру не өзгермейтіндігін белгілейді,

  • Layout: TТextLayout; - компонент ішіндегі тексттің вертикаль бойынша реттелу түрін анықтайды.

  • Transparent: Boolean; - компонент фоны мөлдір болуын не болмауын анықтайды.

TEdit:

  • BorderStyle: TSaticBorderStile; - компонент айналасында рамканың болуын (болмауын) анықтайды.

  • SelText: string; - тексттің ерекшеленген фрагменті (ТMemo классы үшін де тиісті).

тәсілдері (басқа да текстпен жұмыс істейтін компоненттерге де тиісті):

  • Procedure Сlear; virtual – бүкіл текстті жояды.

  • Procedure ClearSelection; - ерекшеленген текстті жояды.

  • Procedure CopytoClipboard; - ерекшеленген текстті алмасу буферәне көшіреді.

  • Procedure PasteFromClipboard;- алмасу буферіне көшірілген текстті курсор тұрған орынға қояды.

 

 

 

Программалау элементтері

Жоспар:

1. Берілгендер. Өрнек

2. Программаның жалпы  түрде құрлымы.

3.Тармақталу командасы.   Таңдау комадасы. Case операторы

4. Циклдер 

 

1. Берілгендер. Өрнек

Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық;символдық, мәтіндік т.б. инфармацияны(ақпаратты) берілгендер деп атайды.Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды идентификатор деп те атайтыны беолгілі.

Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған.Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа құрылымы Турбо Паскаль программлау тіліне негізделген.

Delpihi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:

Integer, Real, Char, String, Boolean

(Integer-бүтін, real-нақты, char-символ, string-жол, booean-логикалық).

 

Айнымалы атауы үшін латын алфавитінің әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын (‘’) символын енгізуге рұқсат етілмеген. Атау тек әріппен басталуы тиіс.

Жүйе атауды оқып шыққан соң мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды (яғни айнымалы берілгендер сақталатын жад облысы).Айнымалы атауы программаның  var бөлімінде сипатталуы міндетті (variable-айнымалы, кілттік сөз).

Мысалы, программаға енгізілген

a1:=521;   a2:=45; a3:=7; a4:=5, 8; simb:=’k’;

меншіктеу командалары үшін айнымалылар мынадай түрде сипатталуы тиіс:

var a1:integer; a2, a3:byte; a4:real; simb:char;

мұндағы а2, а3 айнымалыларын integer арқылып сипаттап,

а1, а2, а3:integer;деп жазуға болады.

Ескерту. Мәндері integer типті болатын айнымалылардыңсипатталуы тиіс. Мысалы, а1:=40;  a2:=5;  b:=a1/a2; меншіктеу нұсқауларының орындалу нәтижесінде b мәні 8-ге тең, бірақ b-ның сипатталуы:b : real;

Өрнек- берілгендермен әрекет жүргізіліп, мән өндірілетін  тұжырымды жазу.Арифметикалық өрнектің, меншіктеу операторының, т.б. жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, мысалы, y:=5/(3*x+1); z1:=’a; Мұндай операторлардың орындалуы үшін айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.

Математикалық өрнекке түрлі операциялар енгізілуі мүмкін.

Мысал.

мәндерді қосу, азайту, көбейту, бөлу(+, -, *, /), т.б.;

mod (бүтін сандарды бөлуде шығатын қалдық );

div (бүтін сандарды бүтін бөлу);

and (және), or (немесе), not (емес );

chr (13) не #13-жаңа жолдан бастау коды.

Өрнекке енгізілген плюс (+) таңбасы элементтердің типі не сәйкес түрлі әрекеттер орындайды:

-сандарды қосу;

-жолдық типті берілгендерді біріктіру (жалғастыру).

and, or, not-құрама шарттарда пайдаланылатын  кілттік сөздер.

Программаға енгізілген математикалық өрнекте типтерді түрлендіру функциялары жиі пайдаланылады.

 

2. Программаның  жалпы түрде құрылымы

Программаға ретімен мынадай  бөлімдердің енгізілуі мүмкін (программа құрылымы):

программа тақырыбы (procedure не function);

ен бөлімі (label);

тұрақтылар бөлімі (const);

айнымалылар бөлімі (var);

қосалқы программалар бөлімі (процедуралармен функциялар);

операторлар бөлімі.

Delphi-де тиянақты бір іс-әрекетті орындайтын программалық элемент жеке процедура арқылы жазылады.Мысалдар келесі тақырыпта берілген.

 Түсініп оқуға жеңіл  болуы үшін күрделі программаның  қажетті жерлеріне түсініктеме мәтіндер енгізіліп қойылады. Түсініктеме оператор алдында енгізілсе, фигуралық жақшалар ({}) ішінде орналастырылады. Егер ол оператор соңында енгізілсе, алдында\\ (екі теріс көлденең сызық) символдары жазылады.Соңғысын тек бір жолдық түсініктемеде пайдалану мүмкін. Мысалы,

1.{Трапеция ауданы}

   s:=(a+b)*h/2;

2. s:=(a+b)*h/2;         \\ трапеция ауданы

 

Компьютер түсініктемені оқымай тастап кетеді, ол тек пайдаланушыға программаның жазылуын түсінуді  жеңілдету үшін қажет.

 

3.Тармақталу командасы.   Таңдау комадасы. Case операторы

Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері.

 

if p then s                                // қысқа нұсқа

if p then else s2                       // толық нұсқа

 

мұндағы Р- шарт, S, S1, S2- орындалу тиіс сериялар (бір блоктық оперторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескертетін жайт- программа денесі де бір сыртқы блок ретінде қарастырылады):

 

if  p then begin

                    S1

                 end

   else begin

                S2

          end;

  Блокқа   енгізілген тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.

   If (егер)  командасының орындалу стандарты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалды.

 

Таңдау командасы- көп сериалы тармақталу командасы. Әдетте ол Case (қорап) операторын пайдаланып құралады.

Оператордың жазылу үлгісі:

       Case өрнек of

                   1-тізім: begin

                                        S1

                                          end;

                     2-тізім: begin

                                          S2

                                      end;

               n- тізім: begin

                                     Sn

                                 end;

                     end;

мұндағы

     өрнек- мәні бойынша сәйкес тізім нұсқаулары (S1, 2, …, Sn) орындалатын өрнек. Көбінесе ол мәні case операторының алдында енгізілетін айнымалы түрінде алынады;

  k- тізім сұрыптаушы (таңдаушы) делінеді Ол үтір  арқылы ажыратылып жазылатын тұрақтылар тізімі  (к=1, 2, …n).

   Тізім орнына бір тұрақтыны не тұрақтылар аралығын алуға болады. Ралық екі нүкте арқылы ажыратылып жазылады.  Мысалы: 3.4.5.6 тізімін 3...6 аралығымен ауыстыру мүмкін: егер айнымалы (х)мәні (-¥;2) аралығында алынса таңдаушыны x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тізім нұсқаулары орындалып болған соң басқару case операторынан соңғы нұсқауға беріледі. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған айнымалы мәні бірде-бір таңдаушыға сәйкес келмесе case  операторы орындалмай тастап кеті леді.

 

4. Циклдер 

Циклдердің  қолдану  тәсілдері  стандартты  Турбо  Паскальдағы  сияқты.While(әзірше),  Repeat (дейін), For(үшін)  циклдік  құрылымдардың   жазылу  үлгілері:

  

1) While P do

                Begin

                    S

     End;

     

2)  Repeat

              S

      Until (not P);

   

3)  For   k:=k0  to  kn  do

              begin

                     S

                  End;

        

           Мұндағы         P-шарт; do -орындау  (кілттік  сөз);

                                    S – цикл  денесі;