Демалыс және жұмыс уақыты
Жоспары
I. Кіріспе 3
II. Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері 4
III. Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері 6
IV. Қорытынды 11
V. Қолданылған әдебиеттер 12
Кіріспе
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады.
Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
XIX ғасырдың басындағы жұмысшылар
қозғалысы негізгі талаптардың
бірі ретінде жұмыс уақытын
қысқартуды талап етті. Бірқатар
мемлекеттерде жұмысшылар
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын
11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер
мен балалар үшін - 10 сағатқа дейін
қысқарту туралы заң
1917 жылы Кеңестік биліктің
Қазақстан Республикасы азаматының еңбек етуі мен демалысына байланысты негізгі мәселелердің құқықтық регламенттелуі «Еңбек туралы » ҚР Заңына негізделеді. ҚР «Еңбек туралы» заңында жұмыс уақыты мен демалыс уақытының реттелуі жетінші тарау (жетпіс алтыншы баптан тоқсан бірінші бапқа дейінгі аралық кіреді) мен сегізінші тарауға (тоқсан екінші баптан жүз он төртінші бапқа дейінгі аралық кіреді) сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жиырма төртінші бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста деп белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі» делінген.
ҚР еңбек туралы заңындағы бірінші
тарауының бірінші бабында
Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу және тамақтану үшін үзіліс белгіленген. Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.
Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.
Республика Президентінің жыл сайынғы
Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының
24-бабында қызметкерлердің
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытымен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
1)Дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары);
2)Технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік;
3)Еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және басқа да кезеңдер.
2001 жылғы өндірістік
5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан
6 күндік жұмыс аптасында
– 5 күн – 7 сағаттан, ал бір
күн – 5 сағаттан болып белгіленген
(Қазақстан Республикасының
Жұмыс уақытының түрлерін айтатын болсақ, олар:
А) Қысқартылған жұмыс уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
−14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;
−16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;
Ә) Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал /сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды айтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Жұмыс ісеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Б) Толық емес жұмыс уақыты:
− толық емес жұмыс күні
− толық емес жұмыс аптасы
− күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.
Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.
Толық емес жұмыс
уақыты жағдайында жұмыс
В) Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).
Жүкті әйелдерді түнгі
уақытта жұмыс істеуге тартуға
олардың келісімімен ғана жол
беріледі. Түнгі уақытта жұмыс
істеуге 18 жасқа толмаған адамдар
мен түнгі уақытта жұмыс
Г) Үстеме жұмыстар:
Әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс.
Айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.
Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
1)Елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;
2)Суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;
3)Ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.
Үстеме жұмысқа мына тұлғалар жатпайды:
−жүкті әйелдер;
−он сегіз жасқа толмаған қызметкер.
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
−күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді);
−үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар.
−төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу.
−жұмыс уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу.
Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма бойынша 8 сағаттан аспауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасында – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат аптаоық норма кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс.
Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі.
Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері
Демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:
1) Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;
2) Күн сайынғы демелыс;
3) Демалыс күндері;
4) Мереке күндері;
5) Демалыстар;
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Еңбек туралы заңның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.
Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.
Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Еңбек туралы заңның 55-бабы).
Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі
болып есептеледі. Бес күндік жұмыс
аптасы кезінде екінші демалыс күні
жұмыс берушінің актісімен
Мерекелік күндер жұмыс күндеріне
сәйкес келген жағдайда және жұмыс
уақытын ұтымды пайдалану мақсатында
Қазақстан Республикасының
Өндірістік – техникалық
жағдайлары бойынша немесе халыққа
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет
көрсету қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты
Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.
Демалыс күндерінде жұмысқа
тартудың ерекше реттері Еңбек заңының
59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді
демалыс күндерінде жұмысқа тартуға
мынадай жағдайларда жол
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.
Белгіленген жағдайлар тізбесі толығымен берілген деп түсіну керек.
Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).
Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер басқа нормативтік
құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда және жұмыс берушінің
актілерінде қызметкерлердің
Республика Президентінің
жыл сайынғы демалысының
Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.
Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім мектептері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика қызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.
Еңбек демалысы күндеріне
дәл келетін мереке күндерін есептемегенде,
жыл сайынғы еңбек демалысының
ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс
режимдері мен кестелеріне
Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі жұмыс стажына (өтіліне):
1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыты;
2) жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталуға уақыт қосылады.
Жұмыс істеген бірінші жылы үшін қызметкерге еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің қалауы бойынша жыл сайын еңбек демалысы бөлініп берілуі де мүмкін.
Жыл сайынғы ақы төленетін
еңбек демалысын берудің
Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары еңбек туралы заңдармен рұқсат етілген. Заңның 63-бабына сәйкес еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті болуы мен босану бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл орайда еңбек демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы (не оның бір бөлігі) тек қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.
Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мына тұлғаларға ұсынылады:
ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;
бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.
Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.
Жалақы сақталмайтын демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отбасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс беру мерзіміне шек қоймайды.
Заңдарда қызметкерлердің кейбер санаттарына әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі мен босануы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезенге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.
Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толған күнге толғанға дейінгі кезенге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдем ақы төленеді.
Жүктілігі және босануы бойынша демалыстардың басқа, заңдар бір жарым жасқа балалары бар аналарға бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар беруге қарастырған. Қосымша демалыс уақыты ішінде олардың жұмыс орны (қызметі) сақталады.
Бұл демалыс сәби бір жарым жасқа толғанға дейін кез-келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.
Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берілетін қосымша демалыс жалпы еңбек өтіліне, және мамандық бойынша жұмысын өтіліне есептелінеді. Бірақ бұл уақыт жыл сайынға еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне қосылмайды.
Оқу демалысы. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады бұл демалстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстарын беру тәртібі жеке еңбек ұжымдық шарттарда белгіленеді.
Оқу демалысын алу үшін қызметкер жұмыс берушіге тиісті оқу орнының емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын туралы шақыру – анықтамасын ұсынады.
Қорытынды
Ойымды қорытындылай келе,
семестірлік жұмысымның негізгі
түйінін айтатын болсақ, жұмыс
уақыты және демалыс уақыты - бұлар
еңбек құқығының өзара
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі.
Демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты.
Демалыс уақыты мен жұмыс уақытының ұзақтығы мен мерзімдері еңбек туралы заңнамада көрсетілген. Еңбек туралы заңнамадағы жұмыс істеу уақыты мен демалыс уақытының әр жағдай үшін арналған тараулардан (бап) мысал келтіретін болсақ, олар:
1)Вахталық әдіспен
жұмыс істеу кезінде жұмыс
уақытын және тынығу уақытын есепке алу
1. Жұмыстың вахталық
әдісі кезінде айлық,
2. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс
уақытын, жұмыс беруші
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден
жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту
жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік
кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы
осы Кодексте белгіленген нормалардан
аспауға тиіс.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық
тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.
4. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс
істейтін әрбір қызметкердің жұмыс уақыты
мен тынығу уақытының есебін ай бойынша
және барлық есептік кезең бойынша жүргізуге
міндетті.
3) Мүгедек қызметкерлердің
түнгі уақыттағы
жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және
мереке
күндердегі жұмысын, оларды іссапарға
жіберуді
шектеу
Мүгедек қызметкерлерді
үстеме жұмысқа, түнгі уақытта,
4) Мүгедек қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысын беру
Мүгедек қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы еңбек
5) Мүгедек қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы
қосымша демалыс беру
Жыл сайынғы
ақылы қосымша демалыс - жыл
сайынғы ақылы еңбек

- Демаркация российско-китайской границы
- Деменция
- Деменция
- Деменция. Болезнь Альцгеймера
- Деменция. Болезнь Альцгеймера
- Деменция как понятие
- Демидовы в истории
- Дельфинотерапия как метод психотерапии
- Дельфинотерапия как средство от депрессии
- Дельфины
- Дельфины
- Дельфины - разумные морские животные
- Дельфи язык програмирования
- Делящиеся и радиоактивные материалы как особый вид объектов таможенного контроля. Порядок их перемещения через таможенную границу