Депозиттік операция
ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос каржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
- депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер акша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде үсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорьшдар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозиттер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Бірінші топ - талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде каржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады (1-қосымша). Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатьш жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
-ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ак чектер көмегімен алынуы мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлык операциялары есептелетін контокоррент бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артьщ соманы алуга мүмкіңдік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі - наушоттар - пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, чғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар - бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі - автоматтық аудару шоттары (АТ8-шоттар). Жинак шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бүл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер - банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анык түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көтеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты "тазартады" (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялык балансты ұстануды талап етеді, бүл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады.
Депозитің келесі тобы - жинак салымдары. Жинақ депозит туралы келісім (2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ак ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинак салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан акша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
-шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинак кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
- шоттағы міндетті ең аз баланстык қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.
Жинак салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинак кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтын-дығын есептемегенде, көптеген үқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
- бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
- салымда ақша нарығының деттозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
- бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
-осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;
- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;
-банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;
- егер салымшылар - корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге карағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады ( 4.5- қосымша).Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:
- 30 күннен 89 күнге дейін;
- 90 күннен 179 күнге дейін;
- 180 күннен 359 күнге дейін;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, онын мерзімі келісімде көрсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздык мөлшер белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінін активті операцияларын басқа көз есебінен қайта каржыландырады, каржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртінші тобы - бағалы кағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың. кооперативтің, акционерлік коғамдар мен компаниялардық акциялары және облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды камтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
- шетел операциялары бойынша күндылықтар мен құжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар каржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.
Депозиттік сертификат - эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және өзі бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есег айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады Талап ету құқын ұсыну - цессия, ол депозиттік сертификаттыт сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз құқық ұсынушы тұлға - цедент пен кұқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің жәні қолдарының сәйкестігін тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
- жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзім жеткенде банкке ұсынылады;
- жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе басқ тұлғаға өтуі мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келгең мерзімге тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді: .
Шығарылуы бойынша:
- бір рет;
- сериямен шығарылатын.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
. Төлеу шарттары бойынша:
- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;
-сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар. Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қол емес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалык тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
- аты;
- сертификатты ұсыну себебі;
- ұсыну күні;
- салым сомасы;
- депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
- сертификат сомасын талап ету күні;
- пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;
- эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);
- банк мөрімен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі тұлғаның колы.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:
- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- салымшыға ыңғайлы сертификаттын ең аз шегін;
- пайыздық мөлшер кайта қараудың икемді механизмін;
- шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);
- номинал құны косылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
- кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
- сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейді;
- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.
ДЕПОЗИТТЕРДІ САҚТАНДЫРУ ҚОРЛАРЫ.
О.2. ДЕПОЗИТТЕРДІ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты корғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей кауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетісгтеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі" банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор кұрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы) бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері белгіленш, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:
2001 жылдың 1 шілдесінен:
- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
- 2001 жылдың 1 қазанынан:
- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесідей көлемде:
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:
Теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың тенгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер) бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға құқылы.
Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен Қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.
Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0.125 пен 0.375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылғы №136 ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен кепілденеді.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі - бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен қатар құралдар тізімі, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.
Ұжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бойынша бірінші топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.
Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткені сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мүндай шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесінен еркін шыға алады.
Шетелдік тәжірибе елде қалыпты жұмыс істейтін банктік жүйе қалыптасқанда ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәні бар екенін көрсетеді.
Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктік ассоциациясы ассоциациясының қатысушы-банктердің клиенттеріне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкіне дейінгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепілдік береді. Егер банкке қарсы күйзеліс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бірден төленеді.
Францияда бір салымшыға кепілдік 400 мың француз франкін құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзімдік аманаттар кепілдікке жатқызылмайды. Сонымен қатар бір банкке қатысты депозитті 200 млн франктен аспайтын жалпы кепілдік шегі бар. Франция банктерінің ассоциациясы сақтандыру төлемі түріндеп қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоциация мүшелерімен Франция банктік жүйесіндегі олардың меншікті депозиттерінің мөлшеріне үйлесімді жүргізіледі.
Германияда неміс банктерінің федералдық ассоциациясы жетекшілігіндегі депозитті қорғау қорына кіру ерікті сипатта. Аталған қорға қабылданудың міндетті шарты неміс коммерциялық банктерінің аудиторлық ассоциациясына мүше болуы. Ол банктерді яғни аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару біліктілігіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға міндеттейді. Жыл ішінде корға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық міндеттемелерінің 0,03 пайыз құрайды.
Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттілігіне және қор көлемінің жоспарлы деңгейіне жеткенге дейін енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейді.
Канада банктерінің депозиттерді сақтандыру бойынша Канада корпорациясына төлейтін сақтандыру жарнасы банкте орналас-тырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың канада долларына дейінгі көлемде сақтандыру есебінен клиенттердің барлық салымдары өтеледі.
Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бір салымшыға 10 миллион жапон йеніне дейінгі көлемде өтеледі. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлігінен, Жапон банкінен және жеке меншік банктерден енгізілген. Банктердің қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының - 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктік секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерілген.
Депозиттерді сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейін ал 1991 жылы - 0,15 пайызға дейін өсті. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктік салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиіс.
Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде? Біріншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік болып табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердің кепілденген міндеттемелеріне шектеу қойылады. Мысалы, АҚШ-та депозиттерді сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына Дейін сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы көлеміндегі бірнеше шоттың иесі болуы мүмкін. Екіншіден, Депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік емес елдерде сақтандыру төлемдерінің үлкен болуынан банктер өздері күйзеліске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабілетті болмауы мүмкін.
Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизмі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктік құпия - құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпараттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған.
Соңғы кездері ел экономикасына тұрғандардың бос ақша қаржыларын тартудың депозиттерді сақтандырудан басқа тәсілдерінің бірі ретінде капиталдар амнистиясы ұсынылады.

- Депозиттік операциялар
- Депозиттік операциялар
- Депозиттік операциялар
- Депозиттік операциялар
- Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен жіктелімі
- Депозиттік опрециялар
- Депозиты
- Депозитные операций
- Депозитные сертификаты
- Депозитные сертификаты
- Депозитный процент и депозитная процентная политика
- Депозитный рынок и его инструменты
- Депозит операций
- Депозиттик операциялар