"Диана" туристік фирмасы

МАЗМҰНЫ

    1. КІРІСПЕ
    2. Негізгі бөлім
    1. «Диана»  ЖШС-на жалпы сипаттама
    1. «Диана»  турістік фирмасының басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы
    2. «Диана»  туристік фирмасының  маркетингтік саясаты
    3. «Диана»  турагенттігінің жарнамалық жұмыстары
    4. «Диана»  ЖШС-нің қаржылық жағдайына сараптама
    5. Турфирманың стандарттау және сертификаттау бойынша ұстанатын саясаты
    1. ҚОРЫТЫНДЫ
    2. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
    3. ҚОСЫМША
  1. Қосымша 1 – «Диана»ЖШС турфирмасы
  1. Қосымша 2 – «Диана» ЖШС турагенттігін ұйымдастыруға берілген лицензиясы
  2. Қосымша 3 – «Диана» ЖШС  авиатурагенттігінің логотипі
  3. Қосымша 4 – «Диана» ЖШС  авиатурагенттігінің орналасқан орыны
  4. Қосымша 5 – «Диана» ЖШС  алған дипломдары, сертификаттары және алғыс хаттары
  5. Қосымша 6 – Турды растайтын келісім шартқты толтыру. «Диана» ЖШС-нің құжаттар үлгісі
  6. Қосымша 7 –  «Диана» ЖШС-нің  ғаламтор желісі
  7. Қосымша 8 – «Диана» ЖШС-нің  онлайн тапсырыс беру
  8. Қосымша 9 – Электронды билет үлгісі
  9. Қосымша 10 –Туристік ваучер
  10. Қосымша 11 – Сақтандыру полисі
  11. Қосымша 12. Диана» ЖШС ішкі көрінісі

 

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда туризм тек жоғары дамып  келе жатқан әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігі. Мамандардың айтуы  бойынша орта есеппен алғанда  елге келген бір шетел туристінен түсетін пайда әлемдік нарыққа  шығатын 9  тонна тас көмірмен немесе 15 тонна мұнай өнімі, сонымен  қатар 2 тонна жоғарғы сортты бидай  өнімдерінен түсетін пайдамен теңестіру  керек. Осыған орай елдегі табиғи шикізат  өнімдері үнемделіп, ал туристік индустрия  өңделген ресурстар есебінде алға дами түседі.

 ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаевтің  БҰҰ-на  кірісті Халықаралық туристік  ұйымдардың XVIII Бас ассаблеясында   туризм саласынан түсетін кіріс  74 млрд. Тенге құрағанын, және  де бұл көрсеткіш өткен жылмен  салыстырғанда 17%  артқандығын  айтты.  «Қазақстанға деген шетел туристерінің қызығушылығы жыл сайын артуда. Отандық туристік фирмалардың маркетингтік зерттеуіне қарағанда, шамамен 4 млн.  Еуропа мен Азия аймағының туристері алдымыздағы жылда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Біздің елге деген үлкен қызығушылық әсіресе Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония мен АҚШ елдерінен байқалуда».

Елдегі  туристік орталықтардың  қызмет көрсету  деңгейіне қарай отырып, біз болашақта  келуші туристердің саны өсетіндігін, жаңа туристік өнімдерге сұранысы артып, бұл жаңа қызмет түрлерін жетілдіріп, елімізде туризмді жаңа қырынан танытатын  орталықтар ашылуы мүмкін екендігін  мойындаймыз. Нәтижесінде Қазақстанның әлемдік нарықта тек шикізат  өнімдерін экспорттау арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңадан ірі  туристік қызметтерді ұсыну арқылы алдыңғы орындарға шығуына мүмкіндік  аламыз, бұл еліміздің табиғи, ғылыми және қаржылық  деңгейін бір жүйеге келтіруіне өз септігін тигізеді.

 

 

 

 

 негізгі  міндеті:

  • Туристік кәсіпорын кызметін меңгеру;
  • Ұжыммен жұмыс жасауға машықтану;
  • Туристік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын меңгеру;
  • Фирмалардың өзара келісім шарт жасау түрлерін үйрену;
  • «Диана» турагенттігіне маркетингтік іс-әрекет талдауын жүргізу;
  • Бәсекелес өзге де фирмаларға сараптама жасау;
  • Туристік кәсіпорынның жарнамалық-ақпараттық қызметіндегі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • Ұйымның ұжымдық басқаруын және де керекті қолданыстағы іс-қағаздарды жасауды үйрену (жарлықтар, бұйрықтар, өтініштер жазу үлгілері).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. «Диана» ЖШС-на жалпы сипаттама

Туристік кәсіпорынның фирмалық атауы: «Диана» ЖШС

Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Алматы қ. Наурызбай батыр көшесі, 118,   тел. 279-56-61, сот: 8771-5648528,

E-mail: [email protected]

Кәсіпорынның бас ғимараты: Шымкент ул. Туркестан, 67.  "Диана" ЖШС АО филиалы:  Астана қ, ЖК: Тараз, 19 офис 6"Диана" ЖШС авиатурагенттігі  экономика нарығында  бес жылдан артық уақыт аралығында жұмыс істейді. Жалпы қызмет көрсету түрлеріне демалыстарды ұйымдастыру, әлемнің кез-келген нүктесіне іскерлік сапарларды, сонымен қатар тұтынушыға, оған ыңғайлы уақытта барлық бағыттарға авиа және теміржол билеттерін сату және алдын ала брондау үшін барлық жағдай жасалған.

Агенства қаланың орталығында  орналасқан, керемет, ремонты ғимаратта  орналасқан жәнеде көліктерді қоятын тұрағы бар. Кәсіпорын  офисі жеке меншік, оларға көршілес басқа да организациялар бар. Кірер есік алдында арнайы ақпарат жазылған және де қандай елдерге турпакет сатылатыны жазылып, әдемі суреттер ілінген. Офис ішінде клиенттердің демалысы үшін арнайы жабдықталған орын бар, үстелдің үстінде әр түрлі брошюралар, проспектер және көрсетілетің турлардың фотолары. Клиенттің қалауы бойынша маршрутпен қонақ үй туралы видео көруге болады.

Кәсіпорынның  көрсететін қызмет түрлері:

-  Тұтынушыға қажетті жоғары сапалы, ең төмен материалдық және уақыт шығындарына негізделген туристік саяхат маршруттарын есептеу және ұсыну;

- Тұтынушыны қажетті барлық  ақпаратпен қамтамасыз ететін, нақты  айтқанда әлемнің барлық авиакомпаниялары  жайлы, ұшақ түрлері,  стыковочный  аэропорттар, саяхат маршрутының  ерекшелігі мен елге келу уақыты жайлы толық ақпарат беретін  квалификациясы жоғары менеджер қызметі;

- Тұтынушының саяхаттауға байланысты  туындайтын барлық сұрақтарына  нақты және толық ажауап беру, ақпараттандыру;

- Тұтынушының мәртебесіне, атақ  даңқына сәйкес дүние жүзіндегі  кез келген қаладағы жоғары  деңгейде қызмет көрсететін отельдеді,  қонақ үй кешендерін таңдауға  көмектесі және де қонақ үйлерді  интернет желісі бойынша онлайн  режимінде брондау;

- Трансферлерді ұйымдастыру, автомашиналарды жалға беру;

- Аэропорттағы Vip Cip қызметін ұйымдастыру;

Визалар мен визалық қолдаулар;

- Сақтандыру қызметтерін ұсыну

- іскерлік  кездесулер кезінде тамақтануды  (catering),  кофе-брейктер, достық кешкі  астар, фуршеттер ұйымдастыруды  қамтамасыз ету; 

- өтпелi туристтер  және iскерлiк сапарына  қызмет  көрсетуi,

- шетел туристтiк  сапарлары және халықаралық туризмның  ұйыдастыру;

- iшкi және  халықаралық әуе жолдарына делдалдық  қызметтердiң көрсетуi ресiмдеу  және билеттердiң брондауы;

- «Scat», «Turkish airlines» әуе жолдарының  Түркияға  аптасына 4 рет чартерлік рейстері;

- VIP-тұтынушыларға ұсынылатын арнайы  бағдарламаларды жасақтау;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын  қабылдау және қызмет көрсетуi;

- Авиа және теміржол билеттерін тапсырыс берген тұтынушының офисына жеткізу. 

«Диана» авиатурагенттігі, атында айтылып тұрғандай көрсетілетін қызметтердің көбі көлік салаларымен тығыз байланысты. Мұнда ішкі туризмге үлес еселеп қосылуда, бұлай дейтін себебіміз, қала бойынша жүргізілетін экскурсиялық сапарларда жалға алынатын автокөліктерді біздің кәсіпорын арқылы жүзеге асыра аласыз. Ыңғайлы  «Мерседес» маркалы автобустар, «Тойота Превиа», «Тойота Хайс» кішігірім автокөліктері, сонымен қатар, басқа да жеңіл автокөліктерді сіздің қалауыңыз бойынша  ұсына аламыз. Қызмет көрсету қазақ, орыс, ағылшын, неміс және түрік тілінде жүзеге асады. Барлық қызмет түрлері, визалық сатылымнан бастап автокөлік тасымалы, отельдерде, қонақ үй кешендерінде алдын ала орындарды брондау, агенттіктің негізгі бағыты болып табылатын авиабилеттерді сату мен брондау тек аймақ көлемінде ғана емес, сәйкесінше халықаралық деңгейде де жүзеге асырылады. Әсіресе  шетелдік туристерді қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Авиакомпаниялардың ішіндегі басты  серіктесіміз «Эйр Астана»,  обан бөлек, билеттер сатылымы бойынша «Трансаэро», «Скат», «Евроазия Эйр» компанияларымен бірже жұмысжасайды. Әлемде орын алып жатқан қаржы тапшылығына қарамастан фирманың экономикалық жағдайы бірқалыпты. Фирмада жинақтаған тәжірибелер нәтижесінде болашақта әлемдік туризм нарығында жүзеге асыратын қызметте ісімнің алға басуына толық сенімдімін.

 «Диана» турагенттігінің қызметіне жүгінетін болсаңыз, бірінші кезекте тұтынушыға қандай қызмет түрлері ұсынылатынын және оны қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіреді, сонымен қатар  агенттіктің міндеттері мен кепілдемелері және тұтынушылардың әр қайсысы білуге тиісті өз құқықтарымен таныстырылады.

«Диана» туристік фирмасына келген туристтерге турды рәсімдемес бұрын «Тур бойынша ақпараттық қағазбен» таныстырады. Ол құжат келесі ақпаратты қамтиды:

1 бөлім. Маршруттың  күнтізбелік жоспары.                                    

2 бөлім. Турдың  сипаттамасы.                                         

         Бұл бөлімде төмендегідей ақпарат көрсетіледі:

- орналастыру  орындары бойынша сипаттама (ғимарат  типі, номер қоры)

- ұсынылатын  көлік қызметіне сипаттама;

- ата-ана  мен балаларды орналастыру жөнінде  ақпарат;

- ақылы қосымша  қызметтер тізімі;         

3 бөлім. Саяхат ұйымдастырылатын ел жайлы ақпарат.                                      

 Бұл бөлімде  төмендегідей ақпарат көздерімен  таныса аласыз:

- Елге келу  және шығу ерекшеліктері. Визалар. Санитарлық анықтамалар (сақтандыру, медициналық егілу). Кеден тәртібі;

- жергілікті салт-дәстүрлер мен этикет нормалары;

- дүкендер мен ойын-сауық орындары;

- ақша, айырбастау курсы;

- почта, телеграф, телефон;

- көрікті жерлері;

- басқа да қажетті ақпарат берілген.                                              

4 бөлім. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері.                                        

Бұл бөлімде  көрсетілген ақпарат:

- туристік  фирмалар тізімі – жергілікті  елдімекен талаптарына сайкес  сертификация және турды іске  асырушысеріктес фирмалар  жайлы  мағлұмат;

- сулы ортада  білуге қажетті тәртіптер;

- Тазалық  сақтау ережелері;

- Төтенше  жағдайлар орын алғанда сақтандыру  полисін пайдалану ережелері; 

- Бағалы  заттарды, ақшалай құндылықтарды  қай жерде және қалай сақтау  керектігі;                                                                  

-залал тиген  кездегі қойылатын міндеттемелер  жайлы ескертпе.

Фирма құрамында шетелдік әріптестермен  тікелей байланыста жұмыс істейтін жеке туризмнің үлкен бөлімі жұмыс  істейді, қатысқан халықаралық туристік көрмелерде көптеген келісім-шарттар  жасалынған.

    • «Gulnar tour» турфирмасы;
    • Түркия «Alara tourism» ;
    • Алматы «Тез тур»;
    • Италия «ISCRA»;
    • Малайзия «EMBASSY ALLIANCE»;
    • Алматы «Яссауи»;
    • «Фараб» турфирмалары;
    • «SCAT» авиакомпаниясы;
    • Біріккен Араб Әмірлігі «Yasi tours»;

Кәсіпорын бірнеше қалалық телефон жүйесімен, факс, ксерокс, принтер, Internet желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу мен реттеуді жеңілдететін барлық кеңсе  заттарымен толық қамтылған.

Униформа, фирманың персоналына арнайы жоқ, бірақ та барлығында бейджиктер болу керек, кәсіпорынның аты мен  жұмыскердің қызметі жазулы болу керек.

Кәсіпорында жұмыс істейтің жұмыскерлер  саны 4. Қызметкерлердің туристтік  нарық бизнесіндегі тәжірибелері бес  жылдан астам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. «Диана»  турістік фирмасының басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы

Кәсіпорынның құрылымы өте күрделі, барлық негізгі функциялар мен міндеттер  фирманың көптеген менеджерлері арасында реттелген. Фирманың ұйымдастырушылық құрылымы оның дамуына сай үздіксіз жақсарады. Қазіргі уақытта фирмада 4 адам еңбек етеді: бас директор, әр түрлі бағыттағы туризм менеджерлері, бухгалтерлер және т.б. Турфирма нарықта  ұзақ уақыт жұмыс істейтіндіктен және сату көлемі үлкен болғандықтан, бірнеше бухгалтердің болу қажеті туындады. Кәсіпорын алдына белгілі бір  мақсат қойған, бір топта жұмыс  істейтін, қажетті білімдері мен  техникалық біліктіліктерін қолданатын, бүтін бір ағза ретінде қалыптасқан  адам тобынан құралған.

Ұйымдық құрылым  - арнайы жасалған жүйе болып  табылады. Жүйелілік сол жүйе бойынша  жұмыс істейтін адамдар алдына қойған мақсатқа  неғұрлым тиімді жету үшін арнайы құрылады. Кәсіпорынның жоғарғы  басқармасы басқарудың демократиялық  стилін қолданады. Яғни қызметкерлерге шешім қабылдауға қатысуға рұқсат беріледі.

Турфирма  сызықтық басқару принциптеріне  негізделген. Басқарудың бұл типі байланыс біртектілігі мен өзін-өзі басқару  мүмкіндігінің болуымен сипатталады. Сондықтан басқарудың бұл типі туристік бизнесте кең қолданады. Жұмысты  топтастырудың бұл типі әдетте орындалатын  жұмыстың біртиптілігі кезінде қолданады.

Қазіргі кезде туроператорлық іс-әрекетті жүзеге асыру құқығына лицензия алу  үшін қызметкерлер штатында арнайы туристік білімі немесе туризм саласында жұмыс  істеу тәжірибесі бар адамның  болуы міндетті шарт болып табылады. «Диана» фирмасында сондай адам туристік бизнесте үлкен тәжірибесі бар туризм менеджерлері болып табылады.

Басқа фирмаларда сияқты «Диана» турфирмасының да әр қызметкерге бөлістірілген міндеттері бар нақты ұйымдастырылған ішкі құрылымы бар. Осыдан кез-келген кәсіпорын, фирма, ұйыммен танысу басталады. Төменде фирма қызметкерлерінің кейбір атқаратын міндеттері көрсетілген ( Кесте-1).

Кесте-1

1

Құрылтайшы, бас директор:

-  жұмысқа қажетті барлық  заттармен қызметкерлерді қамтамассыз  ету;

-  өнімді жұмыс үшін жағдай жасау.

2

Менеджер қызметі:

- билеттерді сату және жылжыту  (авиабилеттер);

- әуежайлармен  байланысу.

- отельдерді  броньдаумен айналысу;

- шетел  серіктестермен орналасу бойынша  келіссөздер жүргізу.

- клиенттермен  жұмыс;

- халықаралық  туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу.

3

Бухгалтер:

- салық органына есеп беру  қаржылық құжаттарды дайындау;

- жарнамаға  кеткен шығыстарды есептеу.


Бухгалтер фирманың есебін жүргізіп, баланс тапсырады, жалақыны есептеп  береді, мемлекеттік есеп органдарының алдында жауа береді. Сонымен қатар  ол фирманың шаруашылық операцияларын  рәсімдейді.

Менеджерлердің  міндеті клиенттерге қызмет көрсетіп, өтініштерді қабылдау, тур жоспарын жасау, орналастыру орындары мен  басқа елдердегі серіктестермен байланыс орнату, турларды броньдау, визалар  мен сақтандыру полистерін рәсімдеу. Негізінен менеджер кәсіби білікті  маман боуы тиіс. Себебі тұтынушылардың турды сатып алуға келісім  беруі тікелей туристік менеджердің  шеберлігіне байланысты.

«Диана» Қазақстан бойынша ірі туристік кәсіпорын болып табылады. Ұйымның барлық ұйымдастырушылық жұмысы республикада болып жатқан процестерді, туризмді дамыту саласы бойынша үкіметтің қабылдайтын директивті құжаттарды есепке алып, қойылған міндеттерді орындауға бағытталған. Сондай-ақ,  ҚР Кәсіподақтар Федерациясы белгілеген бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Сызба-нұсқа-1. «Диана»  турістік фирмасының басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы

Маркетингтік  бөлімде директордың функционалды жауапкершілігі бақылау функцияларымен шектелмейді. Фирма жетекшісі дәрежесіне ие бола отырып, ол басқа фирмалардың, компаниялардың  жетекшілерімен келіссөздер  жүргізе алады. (Сызба-нұсқа-1).

        «Диана» ЖШС туристік компаниясының директоры жекеше түрде қаланың  төлқұжат беру бөлімшелерімен, тасымалдаушы фирмалардың жетекшілерімен, компанияның мықты, танымал клиенттерімен тікелей байланыс орната алады. Әрине, ЖШС «Adore travel» туристік компаниясының жетекші директоры бола тұрып шет елдік серіктестермен жиі байланыста бола алады.

    1. «Диана»  туристік фирмасының  маркетингтік саясаты

Туристік фирмалардың қызметкерлеріне  сатуға ұсынылатын өнімді тек білу ғана жеткіліксіз. Оны дұрыс ұсына  алу және, ақырында, тұтынушыға сата білу керек. Ірі фирмаларда осы сұрақтармен  айналысатын маркетолог-мамандар болады.

Туризмдегі маркетинг – туристік нарық талаптарына және турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту мақсатында сұранысқа белсенді түрде ықпал  етуге бағытталған өндірісті, туристік өнімді сату мен тұтынуды ұйымдастыруды  басқарудың кешенді түрі. Маркетинг  болжау іс-әрекеті болуы керек. Ол фирманың клиенті болып табылмайтын  адамға осы фирмамен көрсетілетін қызмет көрсетулерге бас бұруының себебін  бағалау мүмкіндігін береді.

Кез-келген туристік фирманың нақты  белгіленген маркетингтік стратегиясы  болуы керек. Маркетинг мәселелерді  жан-жақты, нақты шешумен қатар, тұтынушылардың талаптарын оқып, ұсынылатын қызметтерді  оларға сәйкестендіруді де қамтиды. Сонымен қатар ол сату көлемін  ұлғайту және нарықта іс-әрекеттің  пайдасын жоғарылату мақсатында сұранысты  қалыптастыру мен сатуды ынталандыру  бойынша мәселелерді белсенді жүзеге асыруды қамтиды. Соңғысына маркетингтік коммуникациялар кешені жұмыс істейді.

Коммуникациялар кешенінің құрамына негізгі 4 элемент кіреді:

- жеке сату;

- сатуды ынталандыру;

- насихаттау;

- жарнама.      

Жеке сату туристік өнімді таныстыру  және сатуды ұйымдастыру мақсатында фирма өкілінің бір немесе бірнеше  әлеуетті тұтынушымен жеке байланысын қамтиды. Байланыс құралдары – телефонмен хабарласу, поштамен жіберу, жеке әңгімелесу. Жеке әңгімелесу қалауды қалыптастыру мен клиенттерді көндіруде үлкен  рөл атқарады.      

Сатуды ынталандыру әр түрлі  шараларға мақсатты аудиторияның жауапты реакциясын күшейтуге бағытталған ояту шаралар мен тәсілдер жүйесі болып табылады. Көбінесе түсіп қалған сұранысты жоғарылату, ұсынылатын өнім туралы клиенттердің білімін кеңейту, оған керек имиджді жасау үшін қолданылады. Жаңа туристік өнімді енгізу кезінде аса маңызды рөл атқарады.

Насихаттау көбіне бұқарамен байланыс бойынша жұмыс (public relation), немесе PR ретінде  түсініледі. Ол қалыптасып келе жатқан бұқаралық пікірді оқу және туристік кәсіпорын мен оның іс-әрекетіне  мақсатты аудитория жағынан жағымды  қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Туризм индустриясындағы жарнама  туристік кәсіпорынның маркетингінде  ерекше орын алады. Жиі оны жеке бағыт  болып бөліп тастайды. Бірақ та ол максималды эффективтілігіне тек  маркетинг кешенінде ғана жетеді.

Маркетингтік іс-әрекет көп қаржылық құралдарды талап етеді, сондықтан  «Диана» ЖШС фирмасының басшылығы «шығындар-нәтижелер» критериясы бойынша маркетинг бақылауын уақытында жүргізіп тұрады. Маркетингтік іс-әрекеттің әр бағыты өте маңызды, бірақ та оларды біріктіргенде, олар табысты турфирма іс-әрекеті үшін керек жағдайлармен қамтамассыз етеді.

Маркетингтік зерттеулердің керекті  кезеңі нарықта іс-әрекеттенетін  бәсекелестерді оқу болып табылады. Олар туралы мақсатты түрде келесі ақпаратты жинау керек:

  • нарықтың үлкен үлесіне ие негізгі бәсекелестер (үш-төрт турфирма);
  • осы нарықта өзінің іс-әрекетін жоғары темппен дамытатын бәсекелестер (екі-үш турфирма);
  • тұтынушылар қалайтын бәсекелестер өнімінің сипаты;
  • бәсекелестің танымалдылығы;
  • тәжірибелі кадрлардың болуы;
  • жарнаманың және бұқарамен байланыс жүйесінің пәрменділігі, ақпаратпен қамтамассыздану;
  • жақсы баға саясаты, жеңілдіктер;
  • тұрақты тұтынушылардың болуы;
  • сатуларды ынталандыратын ұйымдастырылатын шаралар;
  • қолданылатын сату каналдары;
  • кірістер мен шығыстар туралы ресми мәліметтер;
  • жаңа турөнімдер туралы алдын-ала мәліметтер.

Туристік өнімнің бәсекелестік қабілетіне әсер ететін факторларды  талдау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын, олардың өзіндік  ерекшеліктерін анықтауда.

Фирма дұрыс жарнамалық саясатты жүргізеді, үнемі ең көп нәтиже беретін жарнамалық кеңістіктерді газет, журналдарда  іздейді, сыртқы жарнаманы, радио және теледидарды қолданады. Имидж жарнамасына  көп назар аударылады: әдемі және тұжырымды фирмалық стиль, логотиптер жасалынады. Ойластырылған жарнамалық саясат, оған жұмсалатын жеткілікті қаражат  жағымды нәтижеге әкеледі – сатулар  көлемі үнемі ұлғаяды.

«Диана» ЖШС турагенттігі  туристік нарықтағы барлық өзгерісті үзбей қадағалап отырады, бәсекелес фирмалардың қызмет көрсетуде ұсынатын сервистарын зерттейді,  жастарға, отбасылық, іскерлік, танымдық, емдік мақсатта саяхаттайтын жаңа туристік маршруттарды жасайды; жергілікті тұрғындардан, ғаламтор желілері арқылы әр түрлі сауалнамалар жүргізеді.Бұл жаңа тур өнімдерді шығаруда зор мәнге ие.  
 Жоғарыда айтылған сауалнамаларға қарапайым студенттер де қатыса алады, себебі бұл жұмысты жүргізу үшін нақты біліктілік қажет емес. Бұл сауалнамаларды жүргізудегі басты мақсат тұтынушылардың шексіз қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру болып табылады.

«Диана» ЖШС авиатурагенттігінің басқа фирмаларға қарағанда ең ұтымды жағы біліктілігі жоғары, өз ісінің шебері болып келетін менеджерлердің болуы, олар қандай жағдай болмасын келген тұтынушылар тілек қалауларын толығымен қанағаттандыра алады. Мұндай жұмыс әрекеттеріне басшылық жағынан еш шектеу қойылмаған, себебі мұндай ұжымға берілетін еркіндік көп фирмаларада орын ала бермейді.

Маркетингтік  зерттеу жүргізу барысында біздің елдің туристік арығын қарастырмау  мүмкін емес еді. Қазақстан Туристік Ассоциациясының мәліметі бойынша 2011 жылдан 2012 жыл аралығындағы Астана қаласы бойынша кіру туризмі 60%-ға өсті, нақты айтқанда 52963 адамнан 84789 дейін, ал шығу туризмі 26,7% құраған, яғни 25923 адамнан 31131дейін өскен. Ішкі туризм 26% құрап, 256204-дан 322879 адамға жоғарылаған. Туристік фирмалардың саны47,3 % өскен, және 74 –2011 жылғы көрсеткіш болса, бір жыл ішінде  121 фирма бой көтерген.

Туристік  нарық құрылымын саралай келе туристік фирмалардың басым бөлігі шығу туризміне бағытталған турагенттіктер екенін аңғара аламыз. Нақты себеп, шығу туризмін тиімді қаржы көзі болып  табылады және турөнімді өткізу барысында  материалдық шығындарды көп қажет  етпейді.

Жылдық  есеп барысында қаланың  қаржылық қорына туризм саласынан түскен түсім  көлемі 2011 жылы 12,2 млрд құраса, 2012 жылы 17,8 млрд. тенгеге көтерілген. Бұл көрсеткіш ішіне қонақ үй кешенінен түскен, туристік жолдамалардан, визалық және экскурсиялық қызметтерден, сондай-ақ,орынды алдын ала жалдаудан түскен түсімдер.

Тәжірибе  кезінде қала тұрғындарының басты  бөлігі  Түркияға (64,4%), Біріккен Арап Әмірлігіне (10,6%), Қытай (6,7%), германияға (5,6%), Чехия (3,4%), Таиланд (2,9%) және  Испанияға (2,0%) туристік сапарлар жүргізеді.

2011-2012 жыл  аралығында 162 авиарейстері, 32 000 жуық  демалушылар тасымалы жүзеге  асқан.

Нарықтар:

Ұзақ мерзімге қойылған мақсат: 2015 жылы нарықтағы үлесін 30% жеткізу

Ортамерзімге  қойылған мақсат: Тұтынушыларды көптеп тарту

Қысқа мерзімге негізделген мақсаттар: Жарнама  жұмыстарын дамыту.

Тұрақты тұтынушыларға  белгілі бір жеңілдіктер ұсыну.

Ішкі  ортанысын зерттеу және бағалау. (кесте-2)

«Диана» турагенттігінің ішкі ортасына анализ жасайтын болсақ: Кесте 2 . «Диана»  турагенттігінің ішкі ортасына сараптама

Факторлар тобы

Факторлар

Қойылған мақсатқа жетуге ықпал  ететін факторлар

Қойылған мақсатқа кедергі келтіретін факторлар

1. Экономикалық   фактор

1.Салық төлеу нормалары.

2.Кеден ісі .

3.Валюта бағамы.

4.Инфляция ықпалы.

5.Жұмыссыздар саны

 

-

-

-

-

-

2.Нарықтық факторлар

1.Бәскелестік деңгейі.

2.Жергілікті  тұрғындардың қаржы жағдайы

+

+

+

-

-

-

3.Технологиялық фактор

1.Байланыс құралдарын жетілдіру.

2.Өнімді  жеткізу құралдарын жетілдіру.

+

+

 

4. Әлеуметтік

факторлар

1. Қызметкерлердің жұмысына деген ынтасы

2.Жұмысшы күштің біліктілігі, білім деңгейі.

+

+

+

-

-

         

Кестеде көрсетілген факторлардың тургаенттікке  тигізер әсерін талдайтын болсақ:

Экономикалық  фактор.

Салықтар (-)

Фирманың  ішкі ортасына әсер ететін негізгі  факторлардың бірі салық нормалары  болып табылады. Қазіргі таңда  елімізде салық жүйесі толығымен  ретке келтірілмеген.  Сондықтан, турагенттіктің мемлекетте төлеуге  міндетті көптеген салық түрлері  бар. Осыған орай кез келген кәсіпорынның экономикалық нарықта өз ісін сақтап қалуы үшін мемлекет салық нормаларын бір жүйеге келтіруде, салық пайыздарын төмендетіп, тіпті кей салық түрлерінен шеттетуде.

Валюта бағамы (-)

"Диана" туристік фирмасы