Дидактикалық ойындар. 3
Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель.
Оқушылардың таным кезеңдерінің барлығында дербес іс – әрекет ұйымдастыру арқылы жаңа материалды меңгеру кезеңінде белсенділігін арттыруға болады. Егер оқушылар сабақта белсенді ой әрекетімен отырса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, олардың танымдық белсенділігін және дербестілігін қалыптастыруға болады. Әр сабақтың өтілу барысы әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Нәтижесінде оқушының таным қабілеті өсіп, өтілген тақырып толық меңгерілуі қажет. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушының ойы таза, білімге деген құштарлығы басым және алғыр кезеңдері. Сонымен қатар олар сабақты жеңіл түрде қабылдағанды ұнататындары сөзсіз. Орыс тарихшысы В.О.Клесковскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін емес, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегеніндей, сабақ үрдісінде түрлі тәсілдерді қолдану қажет.
Мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден - бір жолы.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз етуін алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі тақырыптарға сәйкес лайық сұрақтар мен жаттығулар, тапсырмалар ойын түрінде әзірленеді
Ойын деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандарға ермек сияқты көрінеді. Ал, шын мәнінде дүние танымдық, білімдік мәні бар білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді. «Салқын қарап, белсене кіріспеген ойын әрқашан жақсы болмайды».
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Ойын – бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызығушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктерін ашады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі...» Интеллектуалдық ойын пәннің маңызын күшейтіп, оқушының логикалық ойлауына,басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсерін анықтайды.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар тәсілдер мен әдістер ішінде анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу машықтарын қалыптастырудың маңызы зор.
Ойынның қай түрі болса да оқушыдан төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, іздемпаздықты, ұқыптылықты, шеберлікті т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді, ойын шартын шешу үшін оқушы көп білу немесе көп үйрену керек, онсыз ойынның шешуін табу мүмкіндігі болмайды.
Ойынға кейбіреулері немқұрайлы, ермек ретінде қарайды да, оған мән бермейді. Алайда оның сырын білуге құмартатын оқушылар да аз емес. Ойынның өзіндік тәрбиелік маңызы да жетерлік.
Ойын оқушыны ынтықтырумен бірге оқушы басында көптеген қасиетті ұштап, білім дәнін аңғартты, оның шешімін табуға мүмкіндік болар ма екен? Әрине жоқ, олай болса оқушы миын шынықтыратын негізгі жаттығу, жаттығудың маңызы қашан да зор.
Ойынға қойылатын талаптар:
- Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы керек.
- Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі.
- Ойынға қажетті материалдар алдын-ала дайындалуы керек.
- Ойын түрін таңдап алу: ойын мақал-мәтел, жұмбақ түрінде болуы мүмкін.
- Ойынның жоспарын жасау.
Ойынның ойналу түрлері:
а) топ болып ойнау;
ә) екеуара, үшеу болып ойнау;
Жалпы пәндік ойындар – әлі де зерттей түсуді қажет ететін педагогикалық объекті. Ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыруда баланың өз еркімен ойнауының қандай рөл атқаратыны туралы мәселе педагогикалық әдебиетте жеткілікті түрде көрсетілмеген, ал шындығында бұл–маңызды мәселе.
Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану
Химия сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың тапқырлығын, дүниетаным шеңберінің көлемділігін т.б. толып жатқан қасиеттерін дамытуға көмектеседі, білім тиянақталады. Оқушылар сабаққа әр түрлі дайындықпен келеді. Олардың кейбіреуі ғана химияны өзінің болашақ мамандығы ретінде таңдап, оны оқып үйренуге ынталы екендігін білдірсе, қалғандары сол пәннің жете қажеттілігін мойындамайды, оның үстіне мұндай оқушыларға химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсыру рұқсат етіледі. Сондықтан химиялық ойындарды жекелеп емес, оқушыларды түгел қатысатындай етіп жүргізу қызық болады.
Химиялық ойындар екі – екіден немесе оданда көп ұжызілсе, соғұрлым қызықты болып, жаппай сипат алады. Ол ойынның түріне қарай топталады. Ұжымда ойнаушылар кейбір уақытта бір - біріне «қарсы» екі топқа бөлінеді, бұл топтар бірін бірі жеңуді мақсат етіп, ойынның қызықтылығын арттырады. Химиялық ойындар үшке бөлінеді: дидактикалық, танымдық және іскерлік ойындар.
- Дидактикалық ойындар
Химиядан дидактикалық ойындарды қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.
Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып (имитациялық) модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындарыдң болашақта оқушының кәсіби мамандығын таңдауына да септігі мол екенін атауға болады. Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларды жіктеудің қажеттілігі туындайды.
- «Шаршылар мен нөлдер» ойыны
Сызбанұсқада берілген ойында металдар мен бейметалдарды бөліп көрсетулеріңіз керек. Онда «шаршылар мен нөлдерді» тік және көлденең бағыттарда үш торкөзде орналасқан элементтердің қасиетіне байланысты белгілеп көрсеткен кезде металдар немесе бейметалдар бір түзудің бойынша жатуы керек. Бір сызықтың бойынша шыққан шаршылар немесе нөлдер бойынша түзу жүргізіп, бұл элементтердің қандай тобына жататынын айтып беріңіз.
Барий |
Кремний |
Кальций |
Калий |
Магний |
Көміртек |
Фосфор |
Хлор |
Алюминий |
Br |
Mg |
Al |
Si |
Ba |
B |
Cl |
S |
Pb |
Жауабы:
|
||
|
||
Хлор |
Сынап |
Алтын |
Кремний |
Азот |
Оттек |
Никель |
Сутегі |
Темір |
Ca |
Cu |
Fe |
S |
C |
Cr |
Co |
Si |
Cl |
Жауабы:
|
||
|
||
Берілген формулалардан азоттың бірдей тотығу дәрежесін табу керек.
KNO3 |
Mg3N |
NH3 |
KNO2 |
N2O5 |
NaNO2 |
N2 |
HNO3 |
NaNO3 |
Ауаның негізгі құрамының концентрациясы іс жүзінде өзгермейді.
Азот |
Көміртек (ІV) оксиді |
Сутек |
Шаң |
Оттек |
Су буы |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Озон |
Бекзат газдар |
Ауаның құрамының концентрациясы нақты жағдайларға байланысты болады.
Азот |
Көміртек (ІV) оксиді |
Сутек |
Озон |
Шаң |
Оттек |
Бекзат газдар |
Су буы |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Адамның тұрмыстық қызметінің нәтижесінде ауаға тарап, оның ластануына әкеліп соғатын заттар.
Көміртек (ІV) оксиді |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Сутек |
Күкірт (ІV) оксиді |
Аммиак |
Азот оксидтері |
Көмірсу- Тектер |
Бекзат газдар |
Озон |
1.2. Химиялық чайнворд
А) Берілген заттарды дұрыс анықтай білсе, химиялық элемент аты шығады.
Аты |
Химиялық элемент |
Химиялық қоспа |
Қосылыс |
Mg |
Г |
Ж |
Д |
Ауа |
З |
Е |
К |
Су |
П |
С |
Р |
HgO |
Т |
Н |
М |
Fe |
А |
В |
Б |
I |
Г |
Н |
О |
ZnS |
Х |
К |
Й |
O2 |
Й |
М |
Л |
Жауабы: Германий
Аты |
Химиялық элемент |
Химиялық қоспа |
Қосылыс |
Mg |
Г |
Ж |
Д |
Ауа |
З |
Е |
К |
Су |
П |
С |
Р |
HgO |
Т |
Н |
М |
Fe |
А |
В |
Б |
I |
Г |
Н |
О |
ZnS |
Х |
К |
И |
O2 |
Й |
М |
Л |
Б) Реакция типін анықта. Дұрыс жауабын тапсаңыз, химиялық элемент аты шығады.
Реакция теңдеуі |
Қосылу |
Айырылу |
Орынбасу |
Zn+2HCl→ZnCl2+H2 |
Ц |
Ч |
Ф |
2Na+S→Na2S |
Е |
Е |
Ю |
CaCO3→CaO+CO2 |
Т |
Р |
К |
N2+3H2→2NH3 |
Р |
Н |
О |
2Fe(OH)2→Fe2O3+3H2O |
Ш |
У |
Х |
Mg+CuCl2→Cu+MgCl2 |
Л |
Н |
М |
Жауабы: Феррум.
Реакция теңдеуі |
Қосылу |
Айырылу |
Орынбасу |
Zn+2HCl→ZnCl2+H2 |
Ц |
Ч |
Ф |
2Na+S→Na2S |
Е |
Е |
Ю |
CaCO3→CaO+CO2 |
Т |
Р |
К |
N2+3H2→2NH3 |
Р |
Н |
О |
2Fe(OH)2→Fe2O3+3H2O |
Ш |
У |
Х |
Mg+CuCl2→Cu+MgCl2 |
Л |
Н |
М |
1.3. «Белгісізді тауып орнына қою»
Суреттегі дөңгелекшелердің ішіндегі сұрау белгісінің орнына тиісті химиялық заттың формуласын, қажетті индексы мен коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.
Жауабы: S+O2→SO2↑; 2Ca+O2→2CaO; 4P+5O2→2P2O5
Жауабы: H2 +S → H2S↑; H2 +2Na→2NaH; Ca+H2→ CaH2
Жауабы:SO2+ H2O→ H2SO3; SO3 + H2O→ H2SO4; CaO + H2O→Са(ОН)2
1.4. Викториналық сұрақтар
- Сырқатты айықтыруға қолданылатын қандай сөз тастар арасында болатын бейметалда жасырынған? (кремний - ем)
- Парфюмериялық иіс судың синонимі аммоний хлоридінің тривиалды атауында кездеседі? (мүсәтір-әтір)
- Қандай сан оттектің аллотропиалық түрөзгерісінде жасырынған? (озон-он)
- Біз дем алатын қандай газдар қоспасынан балықшы құралын таба аламыз? (ауа-ау)
- Инертті газдың бірінші буыны сұрайды, одан кейін санмен аяқталады? (неон-он)
- Жұрт сөзінің қандай синонимі ең жеңіл инертті газ құрамында кездеседі? (гелий-ел)
- Алдымен бір нәрсенің мөлшерін жалпы түрде сипаттайтын, соңғы буыны тілсіз жауды білдіретін жер атмосферасында ең көп таралған қандай элементті білесіз? (аз-от)
- Су тасқынының синонимі күкірт топшасындағы элементтің бірінің бастауы болып келеді? (сел-ен)
- Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән қандай элементті білесіз? (күш-ән (мышьяк))
1.5. Қайсысы артық?
Тартпалар берілген. Онда әр көлденең жолда қосылыстардың формулалары берілген. 3 заттың екеуі бейорганикалық заттырдың бір класына жатады, ал үшінші басқа класқа жатады.Осы затты сызып,атын атау керек.
1 SO2 |
H2SO4 |
HNO3 |
2NaNO3 |
H2CO3 |
MgCI2 |
3ZnSO4 |
FeS |
K2O |
1.6. Перфокарта
Вертикаль қатардағы заттар горизанталь қатардағы заттармен өзара әрекеттесетін болса, қиылскан торкөзге «+» белгісін қойыңдар.
H2O |
Mg |
K2O |
SO2 |
KOH | |
СO2 |
|||||
CuO |
|||||
Cu(OH)2 |
|||||
Ca(OH)2 |
|||||
HCI |
2. Танымдық ойындар
Дұрыс ұйымдастырылған химиялық мәні бар танымдық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналылықпен жеткізудің бір түрі, бірақ толық зерттеліп шешілмеген педагогикалық әдебиеттерде әлі де болса өзіне тән орын таппай келе жатқан мәселелердің бірі. Химиялық танымдық ойындар сабақта және сыныптан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Химиялық танымдық ойындарды ойнау үшін ерекше жағдай керек емес, оларды химия кабинетінде, таза ауада, спорт залында өткізуге болады. Қыры мен сыры моль химия пәнін енді бастап келе жатқан 8–сынып оқушыларын танымдық ойындар төзімділікке, іздемпаздыққа, іскерлікке баулып, дүниетаным өзгерісін кеңейтеді, көп білуді талап етіп, қызығушылығын арттырады. Химиялық танымдық ойындардың бірнеше түрі бар, оларға: тірексөз, өрмесөз, шарадалар, анаграмма, пиктограмма–анаграмма, химиялық дойбы, химиялық лото, химиялық билеттер, суретсөздер, «ойлан тап» жұмбақ ойындары т.б. жатады. Ол жұмыс тек сыныптан тыс уақыттарда жүзеге асады. Бұл ойындар химия кештерінің алдында, кеш кезінде, оқушылар конференциясының соңында, демалыс сағаттарында пайдаланады.
- Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақтарды жеке пәндерден, әсіресе химия, физика, математика, биология пәндерінен жеке – жеке құрастыру біршама қиын, ол көп ойлауды керек етеді. Ал, бірнеше пәндерді араластырып немесе кез – келген сөдерді пайдаланып құрастыру оңайлау.
Химиятық сөзжұмбақтардың жеке бір түрін құрау үшін олардың негізгі ерекшеліктерін есте сақтаған жөн. Мәселен, химиялық сөзжұмбақтардың қайсысы бір түрін құрастырады да, сөздер тобын жинақтап, кейін суретін салады, кейбіреулер алдымен суретін салып, соған қарай лайықты сөздер табады. Әрине, бұл – әркімнің өз ісі. Сондықтан сөзжұмбақтардың барлығына ортақ мына ережелерді білу керек.
Біріншіден – жасалатын сөзжұмбақтардың қай түрі болса да оның суреті симметриялы, екі немесе төрт қабырғасы біркелкі болуы қажет. Ол сөзжұмбаққа сән береді.
Екіншіден – сөзжұмбаққа енетін сөздер мағыналы болып, оларға берілген неғұрлым қысқа, түсінікті болғаны жөн.
Үшіншіден – сол сөзжұмбаққа енетін бір сөздің екінщі рет қайталанбағаны дұрыс.
Төртіншіден – сөзжұмбақты құрастырғанда мағынасыз сөздерді қалай болса солай ала беруге болмайды.
Бесіншіден – сөзжұмбақтарды тез қолма – қол жасамай, мүмкіндігінше асықпай ойлап, қызықты етіп құрастыруға талпынған пайдалы.
Мысалы:
“Металдар”сөзжұмбағы.
м |
|||||||||||||
|
|
е |
||||||||||||
т |
|||||||||||||
а |
|||||||||||||
л |
|||||||||||||
д |
|||||||||||||
а |
|||||||||||||
р |
|||||||||||||
1. Бактерицидтік қасиеті бар металл.
2. Алақанда балқитын металл.
3. Қан кұрамындағы металл.
4. Металдар патшасы атанған металл.
5. Ең қиын балқитын металл.
6. Шойын ондіретін пеш.
7. Фотографияда қолданылатын металл.
8. Ең қымбат металл.
Мына қатардағы әріптерді құрастыра отырып, элементтер атауын құрастыр (оңнан солға, солдан оңға, тігінен)
Қ |
О |
Р |
Ғ |
А |
С |
Ы |
Н |
Ы |
Т |
Л |
А |
М |
Н |
К |
А |
Ж |
С |
А |
Э |
Л |
Ф |
М |
А |
Г |
Н |
И |
Й |
Ы |
А |
Ө |
А |
М |
Ы |
Р |
Ю |
Ю |
К |
А |
Л |
Ь |
Ц |
И |
Й |
Р |
Т |
М |
Р |
А |
М |
О |
Ь |
М |
А |
З |
О |
Т |
О |
Қ |
Ғ |
Ы |
Р |
І |
Ф |
Р |
О |
Т |
Ф |
И |
Л |
Р |
С |
У |
Т |
Е |
К |
Ш |
И |
Р |
О |
Г |
Р |
Г |
Һ |
Н |
И |
І |
Қ |
Ғ |
Һ |
Ғ |
К |
І |
Й |
Т |
С |
А |
Б |
А |
Р |
И |
Й |
М |
Ғ |
Ө |
Ө |
Қ |
Ү |
І |
І |
Е |
Ф |
Н |
О |
В |
О |
Й |
О |
Е |
А |
Ұ |
А |
А |
М |
І |
А |
К |
О |
Е |
Р |
Қ |
Л |
О |
Т |
Т |
Е |
К |
Ү |
К |
І |
Р |
Т |
Л |
Р |
Ц |
Л |
Й |
Х |
Д |
А |
А |
П |
А |
Н |
Ы |
С |
І |
А |
Ж |
А |
- Шарада
Шарада – бұл бірнеше бөлікке бөліп берген жасырын сөзді табу. Құпия сөздің әрбір бөлігі өз алдына жұмбақ болып беріледі. Мысалы, «Мен кіммін» деген тақырыпта
- Жұмбақ сөздің бірінші бөлігі көп емес деген екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада. Бірақ химиялық элемент. Бұл не?
Жауабы: азот (аз – от).
- Тағы бір құпия сөздің бірінші бөлігі «ең алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, бұл шипалы газ деп те есептеледі. Бұл қай элемент?
Жауабы: озон (оз – он).
- Бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші бөлігі «шараппен улану» деген мағынада. Бұл не?
Жауабы: ал – мас.
- Бірінші бөлігім - тасқын су, екінші бөлігім – мал құлағына салатын белгі немесе кездеменің өлшемі. Ойлаңдаршы сонда мен кіммін?
Жауабы: селен
- Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім.
Жауабы:неон
- Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы бірінші әріпімді алып тастасаң, шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын.
Жауабы:фтор-тор
- Логорифмдер
Берілген жұмбақ сөздің құрамына әріп қосқанда немесе алып тастағанда өзінің мағынасын өзгертетін құпия сөздің бір түрі. Мысалы:
Егер Ф–дан бастасаң,
Элемент берем мен саған.
Ф–ны алып тастасаң,
Зат сала бер сен маған.
Жауабы: Фтор–тор
Сүттен шыққан керек тағам,
Ал аталған «М» – ны «Ш» –ға алмастырсаң
Ішетұғын сұйық болам.
Жауабы: май – шай
- Анаграмма
Бұл бір сөздің әріптерінің орындарын алмастыру арқылы одан кейін екінші бір жаңа сөз тудыру, жаңа сөз жасау. Бұл грек сөзі «ана» – кері, қайтадан «грамма» – әріп деген сөздерден шыққан. Алынған құпия сөздің жазылуы бойынша немесе керісінше оқыса да белгілі бір мағынасы болуы керек немесе белгілі бір әріптерін ауыстырып оқыса да, мағыналы сөз шығуы тиіс. Мысалы:

- Дидактикалық ойындар
- Дидактикалық ойындар
- Дидактикалық ойындар жаңылтпаштар
- Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
- Дидактикалық ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- Дидактика пәні
- Дидактика як галузь педагогіки, її виникнення і розвиток
- Дидактика и жизнь по Л.В. Занкову
- Дидактика как педагогическая теория обучения. Ее предмет, объект, задачи, функции, понятийный состав
- Дидактика как теория образования и обучения
- Дидактика как теория обучения
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
- Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру