Дина Нұрпейісова (1861-1955)
Дина Нұрпейісова (1861-1955)
Дина Нұрпейіс келіні - қазақтың әйгілі
күйші-композиторы. Туып-өскен жері
- Батыс Қазақстан облысының
Дина ата-ана шаңырағында
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа
руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген
жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен
Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған.
Алайда алғашқы перзенті дүниеге
келген соң Қанас көп кешікпей
қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын
інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің
атын атамайтын дәстүр бойынша Дина
күйеуі Шәпекті "Жәпек" деп атайтын
болған. Кейбір деректерде "Жәпек"
деп жазылуы содан. Динаның алғашқы
күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс
14 жасында қайтыс болады. Кейін ел
ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір
бір тізім алу науқаны
Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған. Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қара қасқа атына арнап шығарған "Қара қасқа ат" күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған "Бұлбұл", "Жігер", "Байжұма" сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынына арналған "Кербез" күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы "Июнь жарлығы" бойынша әскерге шақырылғанда тартқан "Он алтыншы жыл" ("Набор") күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған "Қосалқа" күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған "Әсем қоңыр" күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман-аңсарын, үміт, тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай "Тойбастар", Отан соғысы жылдарында "Ана бұйрығы", "Жеңіс" сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы тудырған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге "Еңбек ері", "Сауыншы", "Сталин", "Делегат", "Көкөніс" деп ат қойып, алаулатып-жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.
Алайда шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.

- Династии в Древнем Китае
- Династический вопрос
- Династичні звязки киівських князів
- Династия Абрикосовых
- Династия Гогенцоллерны
- Династия Демидовых
- Династия Каролингов
- Динаміка та джерела економічного зростання в Україні
- Динаміка та структура валового зовнішнього боргу України за 2013
- Динаміка та структура експорту України
- Динамічна модель рекламного впливу як інструмент ефективної рекламної кампанії
- Динамічний аспект у розвитку газонокосарки
- Динамічний розрахунок
- Динамометрирование скважин, оборудованных СШНУ