Дүние жүзін бөлісудің аяқталуы
Дүние
жүзін территориялық
бөлісудің аяқталуы
Жоспар
1. Еуропалық
державалардың отарлау саясаты
2. Англияның
протекторатының орнауы
3. Орта Азиядағы
Ресей саясаты. Ағылшын – орыс
қатынасы
4. Ағылшын -француз
қарама -қайшылықтары
5. Ұлы державалар
саясатындағы Африка және әлемді отарлық
бөлісудің аяқталуы
Еуропалық державалардың
отарлау саясаты
Осман империясы
үшін капиталистік мемлекеттердің таласы.
XIX ғасырдың 50-60
жылдарында Азияның шығысында
капиталистік мемлекеттердің
Капиталистік
державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу
үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери
қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік
құлдық ету, миссионерлердің қызметі,
дипломатия.
Отарлық саясат
жүргізілген аудандарда буржуазиялық
дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің
ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі»
атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы
үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі
ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның
алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында
Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және
оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік
Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке
қол созды.
Феодалдық мемлекеттердің
ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін
тұйықталу саясатынан арылту болса,
шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ
болды. Олар капиталистік державалардың
талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп
қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою
арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың
құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге
түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды.
Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі
саясатына араласа алмады.
XIX ғасырдың екінші
жартысында Азия мен Африканың
кең аудандарын басып алу
70-жылдардың басында
Осман империясының шетелдік державаларына
бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері
эквивалентті емес сауданы, тең емес келісімшарттарды,
капитулляция режимін пайдалану арқылы
және Оттоман империя банкіне үстемдік
ете отырып, өз саясаттарын ашық жүргізді.
Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық
буржуазияға сүйенді.
Берлин конгресінен
кейін ұлы державаларға Осман
империясының бағыныштылығы артты.
1879 жылы Түркия өзін толығымен банкрот
деп жариялады. Шетел несие берушілерімен
жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881
жылы желтоқсанда Мұхарем декретіне қол
қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман
мемлекеттік қарызын басқаруды бекітті.
Басқару басында несие беруші мемлекеттер
өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро
-Венгрия және Италия түрды. Түрік үкімет
комиссары тек кеңес беру құқығына ғана
ие болды. Франция капиталистеріне Сириядағы,
ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы
берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға
неміс капиталы иелік етті.
Осман империясында
жаңа шетел банктері пайда бола бастады.
Стамбулда Франция банкінің бөлімшесі
ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа
банктері бірге отырып, «салоник банкінің»
негізін қалады. Сонымен қатар, капиталистік
державалар Түркияны саяси жағынан да
өздеріне тәуелді етті. 1883 жылы Түркияға
герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел
кеңесшілері флотта, жандармерияда тағы
басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде
қызмет етті.
Түркияның тәуелді
мемлекет ретінде өзінің ерекшеліктері
де болды. Соның бірі Түркия Азиядағы
ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік
меңгерген армияға иелік етті.
Англияның протекторатының
орнауы
¥лыбританияның
қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың
соңғы ширегінде Иранның Англия
мен Патшалық Ресейге тәуелділігі
арта түсті. Ағылшын және орыс, кейінірек
басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне
маңызды концессиялар жасау керек екендігіне
мәжбүрледі.
1862 - 1872 жылдарда
ағылшындар Иранда Лондон мен
Үндістанды байланыстыратын
1890 жылы Иранда
теңіз жол салыну жөніндегі
келісімге қол қойылды. Өйткені Англия
бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында
қайшылықтар туса орыс әскері өз жасағын
Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал
Ресей болса, арзан ағылшын тауарларының
Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты.
1872 жылы шах ағылшын телеграф агенттігінің
бастығы барон Рейттерге 70 жылдық концессияны
ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында,
минералды және орман байлықтарын игеруде
монополистік кұқық берілді. Рейттерге
Иран кеден басқару қызметі де өтті. Рейттер
концессиясына қарсы елден наразылық
туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық
көре отырып, шетелдіктермен тағы басқа
әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды.
Иран шетел
монополияларының қаржылық тәуелділігіне
көнді. 1889 жылы шах үкіметі Рейттерге
1872 жылы күшін жойған концессияны қайта
қарау туралы ұсыныс жасады және империялық
(Шахиншах) банкті құруды тапсырды. Бүл
шетел банк банкноттар шығаруға монополиялық
кұқық алды, тиын сарайын бақылауға алып,
шетел валютасының курсын қадағалады.
Солтүстік Иранның экономикалық өмірінде
Тіркеу қарыз беру банкі ерекше орынға
ие болды. Ол 1890 жылы орыс капиталисі Поляковтың
басшылығымен құрылған болатын. Орыс және
ағылшын банктері арасында қызу тартыс
басталды. Мемлекеттік аппаратта шетел
кеңес берушілерінің рөлі артты. Почта
және телеграф министрлігінде ағылшын
кеңесі, кедендік хаттамалықта Бельгияның
еншісі артты. Астанадағы және солтүстік
аудандардағы қызметтерге орыстар, оңтүстіктегі
ағылшындар тағайындалды. XIX ғасырдың
аяғында Иранның жартылай отарға айналу
процесі аяқталды. Шах, министрлер, губернаторлар,
шетел отарлаушыларының жол сілтеушілеріне
айналды. Оңтүстікте ағылшын, солтүстікте
орыс имперализмі орнады. Олардың әрқайсысы
жоғарғы мәртебеге жетуді көздеді.
Шетелдіктердің
отарлық езгісінен Ауғаныстанда
қүтыла алмады. Өйткені ол Үндістанға,
Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып
саналды. Ағылшындықтардың бүл елді басып
алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын
- ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын.
70 -жылдары Англия үкіметінің басына Дизраэлидің
консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде
бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең
ауқымды бағдарламасын жасады.
1875 - 1878 жылдары
Ағылшын - Үндістан үкіметі Ауғанстанның
әмірі Шер Али Ханды
Орта Азиядағы
Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама
- қайшылықтары
1869 жылдың басында
Британ сыртқы істер министрі
Лорд Кларендон орыс елшісі
Брунновпен Англия мен
1.
Ауғанстанның территориясы
2. Әмір өз территориясын
Бұқар жерлері арқылы кеңейтуден бас тартуы
қажет.
3. Орыс
үкіметі Ауған территориясына
Бұқар әмірлігі тарапынан қол
сұқпаушылығын бақылауы тиіс.
50-60 жылдары ағылшын
- орыс қайшылықтары Ирандағы, Ауғанстандағы
және Орта Азиядағы дипломатиялық қатынастардың
орталық түйіні болды. Британ отарлаушылары
өздеріне Түркия, Иран, Ауғанстан жерлерін
басып алып, бағындарғысы келді. Бірақ
бүл Англияның қолынан келмеді. Олар өздерінің
агрессорлық жоспарлары бойынша Ауғанстанды
өздеріне тәуелді етіп, Иранда өз үстанымдарын
күшейтті. Англия өзіне тәуелді мұсылман
мемлекетінің тізбегін құрауды жоспарлады.
Осы негізде Хиуаға, Орта Азияға өзінің
эмиссарларын жіберді. Патшалық Ресей
Иранға ықпал етуші бірден - бір мемлекет
болып қала берді және Орта Азиядағы үлкен
территорияның қосылуы арқасында (бұл
территорияларда Қоқан және Бұқар хандықтарының
үстемдігі жүрді) өз позициясын күшейтті.
Англия мен Ресейдің Орта Азия нарығы
және плацдармы үшін күрес күшейе берді.
70- жылдардағы
ағылшын - орыс күресі шабуылды
екі мемлекет те жасағанын
көрсетеді. Жаулап алу шикізат
көзін өз қолдарына алу үшін
жүргізілді. Орта Азияның біртіндеп
Ресейге қосылуы бүл елдерде
шаруалардың наразылығын
Ағылшын - француз
қарама - қайшылықтар
Орта Азиядағы
ірі алпауыттарды бағындырудағы
екі елдің жүргізген саясатына
XIX ғасырдың 70 -жылдарының аяғында Франция
араласты. Франция императоры Ресеймен
қарым - қатынасты жүйелі
түрде орнатқанымен, Англиямен жағдай
қиынға соқты. Гардан миссиясы Тегеранға
келіп, қару - жарақ жасау ісіне жастарды
үйрету мектебін ашты. Бұл Иранға Англия
мен Ресейге қарсы тұрудағы көмек болды.
Гарден Иран үкіметімен тең емес келіссөздер
жасады. Мұнда Грузия француздардың көмегімен
Иранға қосылатыны жөнінде айтты. Бұл
Наполеон тарапынан жасалған отарлық
саясаттың бастауы еді. Орта Азияны Пиреней
жарты аралына үстемдік жүргізудегі көпір
ретінде пайдаланбақ болды. Алайда, Гарданның
саясаты жүзеге аспай, ол Ираннан кетуге
мәжбүр болды. Ізіншала Иранға Джонс үкіметінің
елшілері келді. Одан кейін Оузлидің Иранға
келуімен жаңа келіссөздер жасалды. Англия
жыл сайын Иранға 200000 көлемінде жәрдем
ақша төлеуге және қандай мемлекет пен
болмасын соғысқан жағдайда әскери көмек
беретінін жариялады.
Шах оқтын - оқтын
шетелдік басқыншыларға наразылығын
білдіріп отырды. Әсіресе экономикада
ауыр концессиялардан бас тартып, кейбіреулеріне
келісуге мәжбүр болды. XIX ғасырдың 70 -
жылдарында Иранның ішкі жағдайы да қиын
еді. Жұмысшылар әсіресе, шаруалар Франция
мен Англияның тарапынан қыспакқа түсті.
Олардың наразылықтары Бабидтер көтерілісінен
кейін де басылмады. Франция мен Англияның
ықпал ету аймағы ету үшін күресі де елдің
сыртқы саясатына соққы берді. Елге әкелінетін
тауар саны азайып, шетке шығару да қиынға
соқты. Француз ағылшын жэне ағылшын орыс
қайшылықтары өз ішінде ғана емес, үстемдік
орынатқылары келген елге де әсерлерін
тигізді. Алайда, Ресей тарапынан жасалған
көмек елді тоқырауға түсірмеді.
¥лы державалар
саясатындағы Африка және әлемді отарлық
бөлісудің аяқталуы
XIX ғасырдың ақырғы
ширегінде Африканы бөлісу
Егер ағылшын
отарлық экспансиясы Каир-
80 -жылдардың
басында шығыс Тропикалық
Тынық мұхиты елдерінің
жаулануы және әлемді отарлық бөлісудің
аяқталуы. XIX ғасырдың аяғында капиталистік
мемлекеттер арасында әлемді бөлісу
аяқталды. Ағылшын империализмінен
Суданды басып алуы ағылшын - француздардың
Батыс және Орталық Африкада үстемдігі,
Бур республикасының жаулап алынуы, Тынық
мұхит аралдарының бөліске салынуы «бос»
жерлердің қалмағандығын көрсетті, формальды
түрде Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері
өзгерді. Алайда, олардың барлығы жартылай
отарға айналды. 1900 жылы Африканың оннан
тоғызы жаулап алынғанда отарларды монополиялық
иелікке алу дәуірі туындады.
Өткен XIX ғасырдың
аяғында халықаралық
Африкамен қатар
1887 жылы Англия Оңтүстік - Шығыс Азия
аудандарына көз тікті. Ол Малай
жарты аралының бөлінуін аяқтап, онда
өзінің билігін орнатты. Франция Үндіқытайдың
оңтүстік бөлігін иелене отырып, Аннам
жерін 1883 жылы басып алды. Француздардың
елге кіруі вьетнамдылықтардың наразылығын
тудырып, Вьетнамды вассалдық тәуелділікке
өтуіне жол беріледі. 1990жылдардың аяғында
ауыр отарлық соғыстардың нәтижесінде
Вьетнам Францияның қол астына кірді.
Англия 1885 жылы Бирманы отарлау саясатында
асығыстық танытты. XIX ғасырдың екінші
жартысында Бирма Англияменен Францияның
күрес алаңына айналды. Франция оны Үндіқытай
мен Үндістан арасындағы аралық мемлекетке
айландырмақ болды. Бірақ сәтсіздікке
ұшырады. 3 ағылшын Бирмандық соғыс нәтижесінде
король билігі таратылды. 1886 жылы Бирма
Британ империясының құрамына енді. Англияменен
Францияның Вьетнам және Бирма елдерін
жаулауы Сиам аралдарының бөлінісуінің
аяқталуына әкелді.

- Дүние жүзінің саны, ұдайы өсуі
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны
- Дүние жүзінің табиғат ресурстары
- Дүниежүзінің табиғат ресурстары
- Дүние жүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
- Дүниежүзілік экономикалық қатнастар