Дүниежүзілік сауда ұйымы. 3

                    Дүниежүзілік сауда ұйымы 

  Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария

  Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл

  Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің нәтижелері бойынша (1986–94)

  ДСҰ мүшелері: 153 ел.

  Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі.

  Хатшылық: 625 адам

  Басшысы: Паскаль Лами Бас директор.

  Дүниежүзілік  сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.

  ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен*.

  ДСҰ — бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені.

  ДСҰ-ны құру туралы келісім «шатыр тәрізді» құжат болып табылады, оған мыналарды реттейтін 27 заң құжаттары қоса берілген: (1) халықаралық тауарлар саудасының кең ауқымды мәселелері; (2) қызмет көрсетулер саудасы және (3) интеллектуалдық меншік құқығының саудалық аспекттері. Жекелеген келісімдер сауда дауларын шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше елдердің сауда саясатына мониторингті жүзеге асыру тәртібін реттейді.

ДСҰ құру мақсаты

  • «Уругвай  раунды» саудалық келіссөздер барысында жасалған көпжақты саудалық келісімдерге қызмет көрсету және жүзеге асыру (1986 — 1994 гг.);
  • Өндірістік және ауылшаруашылық тауарлар саудасындағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту, бұдан әрі халықаралық сауданы либералдау және әлемдік нарықта еркін және әділ бәсеке үшін жағдай жасау;
  • Жасалған принциптер мен ережелер негізінде халықаралық қызмет көрсету саудасын реттеу, оны одан әрі кеңейту және келіссөздер жүргізу жолымен біртіндеп либералдау;
  • Ұлттық құқықтық жүйелердегі айырмашылықтарды ескере отырып интеллектуалдық меншік құқықтары аспектілері саласында тиімді қорғаныс тетігін жасау;
  • Сауда дауларын реттеудің көпжақты тиімді тетігін құру;
  • Мүше елдердің ұлттық саясатының мониторингін жүзеге асыру;
  • Көп жақты сауда келіссөзін оқтын-оқтын жүргізу үшін «келіссөз алаңының" функцияларын қамтамасыз ету.

ДСҰ құрылымы

  Министерлік конференция — ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады.

  Министрлік  конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8–10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады.

  Бас Кеңестің басқаруында Сауда саясатын шолу жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі орган бар.

  Бұдан басқа, Бас кеңеске Министрлік конференция  бекітетін: сауда және қоршаған орта жөнінде; сауда және даму жөніндегі; төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер жөніндегі; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі; өңірлік сауда келісімдері жөніндегі комитеттер есеп береді.

  Министрлік  конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кезде Бас директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999–2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002–2005 жылдары — Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі).

  Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған.

  Тауарлар  саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді.

  Қызмет  көрсету саудасы жөніндегі кеңес қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамына Қаржылық қызмет саудасы жөніндегі комитет және кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді.

  Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі кеңес Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі келісімнің орындалуын жүзеге асырудан басқа, жалған тауарлардың халықаралық саудасымен байланысқан дау-дамайдың туындауының алдын алу мәселелерімен-де айналысады.

  Бас директор басқаратын ДСҰ-ның хатшылығы ДСҰ-ның атқарушы органы болып табылады. ДСҰ хатшылығы, басқа халықаралық ұйымдарының осындай органдарынан айырмашылығы олар шешім қабылдамайды, өйткені осы функция мүше елдердің өзіне жүктеледі. Хатшылықтың негізгі міндеттері — әртүрлі кеңестер мен комитеттерге, сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдауды қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік саудаға талдау жасау мен қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына ДСҰ-ның ережелерін түсіндіру болып табылады. Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процессінде құқықтық көмек көрсетудің кейбір формаларын қамтамасыз етеді және ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдердің үкіметіне, ақыл-кеңес береді.

  ДСҰ-ның  кез-келген мүше елі барлық кеңестерге, комитеттерге және т.б., Дауларды шешу жөніндегі органға кіретін Апелляциялар жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ қатысушылар саны шектеулі келісімдер жөніндегі комитеттерден басқасы қатыса алады.

Дүниежүзілік  сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

ДСҰ міндеттері

ДСҰ басты  міндеті — іркіліссіз халықаралық  сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

— Саудада  еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

— Сауда  кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың  келуіне кедергі келтіретін факторларды  жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала  болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық  саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық  саудада жеңілдіктер жасау. Нақ  осы бап жоғарыда көрсетілген  ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

 Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды  бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа  осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:

— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен  соң Қазақстан пайдалануға құқық  алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;

— Қызметтер  нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;

— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;

— ДСҰ  қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін  орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.

Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда  ұйымына кіру процесі маңызды  сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу  тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Баңладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсуана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуела • Виетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гуинея-Биссау • Гуинея • Гренада • Гүржістан • Гуатемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Екуадор • Әрменстан • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Жамайка • Замбия • Зимбабуе •Исландия • Исраел • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Қатар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д-Ивуар • Куба • Кувейт • Құрама Штаттар • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Мағрибия • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малауи • Мали • Малдивтер • Маурики • Мауритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагуай • Пәкістан • Перу • Пилипинес • Руанда • Салуадор • Сауд Арабиясы • Сент Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайуан • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунисия • Түркия • Уганда • Үндінезия • Үндістан • Уругуай • Иордан • Фиджи • Хорватия • Чили • Шәңғаң • Шри-Ланка •

Д Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген: 
Алмания • Аустрия • Белгия • Бұлғарстан • Грекия • Дания • Естония • Ирландия • Испания • Италия • Швеция • 
Қыбыр • Құрама Патшалық • Латвия • Литуания • Лүксембор • Мажарстан • Малта • Недерланд •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финландия • Франция • Чехия 

Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі    
  
   Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды. 
  Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған. 
  «Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек. 
   Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін. 
  Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады. 
  «Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді. 
  Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады. 
  АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды. 
  Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді. 
  МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі елдің президенттері Жалпы нарық құру туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды. 
  Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.
 

    Қортынды

     ДСҰ-ның  жарияланған мақсаты – еркін сауда идеясы мен принциптерінің кең таралуы және экономикалық өсуді стимулдау. Көпшілік еркін сауда адамдардың көпшілігінің өмірін аса көркейте қоймай, тек ауқаттылардың (мемлекет, сондай-ақ тұлғалар) бай өмірін одан ары байыту  деп санайды. ДСҰ келісімшарттары бөліктей әділ емес мультиұлттық корпорациялар мен бай елдерге приоритеттілік көрсетеді деп айыпталды.

     Сыншылар  шағын мемлекеттер ДСҰ-ға аз ықпал  етеді деп санайды және негізгі  ұсынылған мақсат – дамушы елдерге  көмектесу болғанымен, дамыған елдер ең алдымен өзінің коммерциялық қызығушылықтарына көңіл бөледі.Сондай-ақ, олардың тұжырымдарына сәйкес, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері тұрақты түрде бизнес үшін қосымша льгота пайдасына қарай шешіледі.

        Негізінен, ДСҰ қызметі сынға және антиглобалисттер жағынан кінәлаушылыққа жиі ұшырайды.

       Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

    1. Ауылшаруашылық  құрылымдары экономикасының дамуын мемлекеттік реттеудің маңызы\\ Экономика  и статистика, Алматы, 2006.-5№5. Б 54,55
    2. Қазақстан тәуелсіздік жолында. Ақпараттық талдау жинағы \\ ҚР статистика агеттігі, 2006 ж, 174б

    3.Т. Исахметов. Основные направления финансового обеспечения аграрного производства Казахстана в условиях вступления в ВТО\\ Экономика и статистика 2005 г. №5.77,78

    4.Интернет көзі: ДСҰ веб сайті- http://www.wto.org/ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Жоспар:

1.Дүние жүзілік сауда ұйымы.

2.ДСҰ  құру мақсаты.

3.ДСҰ  құрылымы.

4.ДСҰ  міндеттері.

5.Қазақстан  – ДСҰ -ға кіруге міндетті.

6.Халықаралық  сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен рөлі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМУЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 

"СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ

СЕРТИФИКАТТАУ " КАФЕДРАСЫ 
 
 

     

 
 
 

     Пән: Стандарттау 

     Тақырыбы:Дүниежүзілік сауда ұйымы мақсаттары,мәселелері,ұйым ерекшелігі

          
 
 
 

                                                                 Орындаған:Ахмедиова А.

     Тексеруші:Ишанқұлов С.Қ.

                       

                                
 
 

Астана 2010


Дүниежүзілік сауда ұйымы. 3