Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
ЖОСПАР
Кіріспе
1.МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
1.1Мұхаммед Хайдар Дулати
1.2 Мұхаммед Хайдардың еңбектері
1.3 ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
1.4 ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.
Сұлтан Саид өлгеннен
кейін таққа отырған Рашид дула
1.МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
1.1Мұхаммед Хайдар Дулати
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.
Күншығыс
әдебиетінің іргелі салаларын
ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-
Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды. Академик В.В. Вельяминов-Зерновтың анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат руынан, текті атадан. Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан түрік нәсілдес көп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына қосылып, Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед-Хайдар – дулат руы Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед-Хайдардың өз әкесі – Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар ортасында туып-өсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан саналған.
Қазақтың Қасым ханы мен өзбектің Шайбани ханы Алтын Ордадан қалған мұра – Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың әкесі – Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан Ахмет – барлығы дулат руының тума бектері аталған қолбасылар. Олар бір жағынан Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға қарсы тұрады. Хайдардың әкесі Хұсайын көрген ол кезде өзінің қайын атаса Моғұлстан ханы Жүніс ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын басқарады. Осы кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хадар келеді. Тегінде ұлы жүз үйсін, дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға қатынасуы тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы қалада өткізіп, бірталай естелік қалдырған, өзі өлгеннен кейін денесі де сол қалада жерленген.
Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан болса, оны мекендеген тайпаларды ресми тілде Моғұл деп атады. Бірақ бұл Моғұл деп отырған көшпелі тайпалар-моңғол да, ұйғыр да, өзбек те емес, түрік тілінде сөйлейтін сол жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен дулаттар, қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси тіршілік ретінде не моғұл, не дуғлат деп атағандығы байқалады.
1.2 Мұхаммед Хайдардың еңбектері
Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед Хайдардың нақтылы қай жерде туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені өзге мәліметтерімен анықтауға болды: біріншіден, оның әкесі Хусайынның тіршілік жасаған орындары арқылы, екінші, анасы Хуб Нигар-ханымның болған жерлері арқылы. Бұлардың екеуінің де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының төңірегі болған. Әкесі Хусаин Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы соғысқанда,осы Ташкент маңында қаза табды. Сондықтан Мұхаммед – Хайдар осы Ташкент төңірегіндегі туған облуы керек. Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы. Моғұлстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі. Дегенмен, Жүністің өзі де жаз күні жайлауға шығып, Арыс, Бөген, Шаян, Қаратауға дейін жайлап, көшпелі тайпалармен аралас отырады. Жүністің екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед қазақ қауымның бірігінуіне көп күш жұмсаған кісілер тобына кіреді.
Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым – қазақ ханы Әдіктің бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-Хайдарға бала күнінен таным болмаса, ол “Тарихи-Рашиди” кітабын да сондайлық жылы, сондайлық ашық жаза алмас та еді.
Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым өз күйеуі Әдік-сұлтан өлгеннен кейін Сыр бойында соғыс жиі бола берген соң, қырда тұра алмай, Қашқардағы туыстарына кеткісі келеді. Өзінің өгей баласы сол кездегі қазақтың ханы Тайырға арыз етіп, “Мен болсам қартайдым, Маураннахр мен рашид, қыпшақ арасы әлі түзелер емес. Қалған өмірімді қалада өткізейін, мен қашқарға апарып,Сейітханның қолына табыс ет ” дейді. Бұл кезде Сұлтан Нигар – ханымның қалған төркіні тегісімен Ташкент, Түркістан төңірегін қалдырып, Қашқарға барғаны байқалады. Кейін олардың соңын ала жетім қалған Мұхаммед-Хайдар да нағашысының қолына барады. Бұл жерде айтылып отырған Қашқар ханы Сейіт жоғарыда көрсетілген Жүніс ханның немересі, сұлтан Нигар ханымның ағасы Ахметтің баласы.
1526 жылы Сейіт пен қазақ ханы Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан Нигар-ханым бұл екеуінің арасына бітім айтады. Екі ханның екеуі де (бірінің апасы, бірінің шешесі) бұл кісінің сөзіне бас иіп, татулыққа келеді. Мұхаммед-Хайдар бұл туралы былай дейді: “Хан Қашқардан щығып, Қошқар келеді. Бұл жерге мен де келдім. Маған айтты: сен Қашқарға бар да апайды алып кел, Тайыр ханмен екеумізді татулыққа келтірсін.” Әдік ұлы Тайыр ханның ол кезде аузынан жалын шығып тұрған еді.
Бұрынғы Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты өзіне қаратып, қырғыз бен қазақты бірдей меңгеріп тұрған еді. Міне, осы уақиғаның ашық суретін біз бір ғана Хайдардың “Тарихи Рашиди” кітабынан көреміз. Бұл суреттер, біріншіден, Мұхаммед-Хайдардың туып-өскен ортасы кім екенін білдірсе, екіншіден, оның ол ортаны сондай жақсы біліп, оны кейінгі заманға мұра етіп қалдырғанын көреміз.
Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза Хайдар – Көреген. “Көреген” – ескі моңғол – түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би батырларға “көреген” деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқартын ханның күйеуі. Бірақ ханның өзі емес. Бұл лақапты Хайдардың өз әкесі Хұсайын да, Әмір темірдің өзі де, тағы басқаларда тағынған. Лақап атынан басқа, жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед - Хайдар Дұғлати деп жазған. Демек, ол шыққан руы дулат елі екенін көрсетеді.
Мұхаммед Хайдардың шыққан ортасы дұғлаттары екенін Хайдардың өзінен бастап басқа жазушылар да келтіріледі. Мәселен, Орта Азияның атақты тарихшыларының бірі Хафиз Таныш өзінің “Абдулла-нама” деген кітабында Әбілхайыр ханның баласы Беріш-ұғланды Жәнібек пер керей ханы қалай өлтіргенін, дұғлат Хайдар мырза осылай жазады дейді. Осындай сәл ескертулердің өзі де Хайдардың қазақ қауымының жүйрік, білгір, жеке дара адам екенін көрсетіп, оның қазақ қауымына аса жақын болғандығын дәлелдейді. Мұхаммед-Хайдар шыққан дулат тайпасы өз заманындағы ұлыстардың алдыңғы қатарында болып, Моғұлстан кезіндегі саяси тіршіліктің ну ортасында болған.
Дұғлат тайпасынан XV – XVI ғасырладрда бірнеше атқты адамдар шықты. Олар: Әмір Темірдің Моғұлстанды жаулауына қарсы тұрған белгілі Қамаридтен, Болашы, Түлек, Жорас деген кісілер. XV-XVI ғасырларда бұлардың аталары шағатай мемлекеттің үлкен астанасы Алмалық маңында болып, оларға қызмет етті. Алмалаық – Жетісудағы ең үлкен қала. Сауда мен мәдениеттің, саяси тіршіліктің қайнаған ортасы болды. Хайдардың арғы аталры Дұғлат Бауырты, оның баласы Болашы Шағатай ұрпағы Есенбұқа мен Тұғлық-Темірге қызмет істеп, моғұлстанның атақты билерінен болған. Бұл екеуі де Тұғлық-Темір дәуірінде Алмалық қаласы төңірегінде жасап, дәфенделген Тұғлық-Темірдің әдемі күмбезі осы күнге дейін, сол ескі Алмалық қаласының өзінде, қазіргі Коркос төңірегінде сақталғаны байқалады.
XIII – XIV ғасырларда Шағатай хандары мен Дұғлат билерінің жаз күні жайлаған жері – Іле өзенінің бойы, Ақкент деген жер. Қазіргі Жаркент (Панфилов) қаласына жақын тұрған. Хайдар атларының тұрақты қонысы – осы Алмалық қаласының Жетісу өңірі. Өзге дулаттар Алмалықтан Ташкентке дейін созылып отырған. Бұл ара – ұлы жүз тайпаларының ескі дәуірлерден XIX ғасырларға дейін мекен еткен жері. Тарихи жешілердің көрсетуінше Дұғлат Болашы би XIV ғасырдыңбірінші жартысында жасаған кісі. Болашы би мен Хайдардың арасында6-7 апта өткен. Хайдардың түп атасы – Болашы Шағатай ұрпағы еенбұқа мен оның баласы Тұғлық темір заманында билік құрған кісі.
Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлаяты (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейіт хан баласы Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын “Тарихи рашиди” деп атайды.
Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде туады. Оның әкесі Мұхаммед Хұсайын – Дұғлат Бауырты мен Болашы бидің тұқымы. Ол қазақ ханы Қасым мен бірігіп. Шайбани ханмен жауласып, жүргенде, 1508 жылы Шайбани әскерінің қолында өледі. Cегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып, үш-төрт жылдай өзінің бөлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан тәрбие алады. 13 жасқа жеткенде, Хайдар өзінің тума нағашысы Жүніс ханның немересі, атақты Сұлтан Ахмет-Алаша ханның баласы Қашқар өлкесін билейтін Сейіт ханның қолына келіп, рның қарамағында әрі би, әрі әскер басы болып болып қызмет атқарады. Сейіт хан өлген соң, оның баласы Рашид сұлтанға уәзір болып істейді, бірақ Мұхаммед – Хайдар рашид сұлтанмен келісе алмай, қйыра Бабырдың балалары Қарман мен Ғұмайынның қасына барып, олар арқылы Қашмир уәләятын басқаратын болады. Сөйтіп кашмир өлкесін басқарып трғанда, 52 жасында сол жерде дүние салады.
Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік.
Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».
Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.
1.3 ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.
Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415—1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.
Жүніс ханның үлкен әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл (Султан Махмұт хан (1443—1508); Сұлтан Ахмет хан (1465-1503), үш қызы (Миһр Нигар ханым, Құтлык Нигар ханым, Хуб Нигар ханым) бар еді. Миһр-Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал ад-Дин Миран шаһ (?—1408) атты үшінші ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға (?—1494) ұзатылған-ды. Ал Құтлық Нигар ханьімға оньің інісі Омар шейх (1455—1494) үйленіп, одан атақты ойшыл, акын, қолбасшы Мухаммед Захир ад-Дин Бабыр (1483—1530) туған, яғни ол Мүхаммед Хайдар Дулатиға бөле еді.
Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ
тағдыр тауқыметін көп тартқан, 1501 жылы
ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады.
Ол жайлы Бабыр өзінің атақты, «Бабырнамасында»:
«Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым
жарық дүниемен қоштасыпты, оны анамыз
екеумізге Ұратөбеде естіртті»-дейді.
Бабырдың әкесі Омар Шейх
Ферғана уалайатының билеушісі болатын.
Сырдарияның жағасына орналаскан астанасы
Ахсикентте 39 жасында «жардан үшып жан
тәсілім еткен соң», оның иелігіндегі
жерлерді Шайбани хан басып ала бастайды.«Бұл-«байтал
түгілі, бас қайғы» болған заман еді.
Ташкентті 1482—1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны (1490) Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хусайын Дулати кайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды. Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч. А. Стори де (1888—1967) «Мұхаммед Хусайынды Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұтхан қойып еді» деп растайды.
Мухаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында калың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен МұхаммедХұсайын ұлына Маула Мухаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала құран кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Ч.А. Стори Хайдар мырзаның дәріскерлері ішінен Мұхаммед Кади ныспылы Мухаммед бин Бурһан ад-Дин Самарқанди (?—1516) атты белгілі оқымыстының да атын атап кеткен.
Хайдар мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып,ӘмірТемір ұрпактарын куа бастаған кезге тұс келді.Шынында да Мухаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді.Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға қетуге мәжбүр болды.
1508 жылы осындай аласыпыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттандырады.
1.4 ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР
Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.
Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. «Жау кай жақта'» деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді.
Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын... Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді.
. Осы ретте айта кететін жайт— Бабырдың ол жайлы: «байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім» деген жолдарында бір сыр бар сияқты. Хайдар мырза туралы оның бұлай жазуына не себеп болды? Оған жауап беру үшін сәл шегініс жасау керек сияқты.
Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, еш қандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса «етікпенен саз кешіп, ауыздықпен су ішкен» күндер мен түндерді өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мухаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506—1507 жылдар арасында болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты. Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа қашады. Одан әрі ол 1506—1507 жылдар шамасында Қабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кетқенде, біреулердің азғыруынамақ астанасы Сринагарға кештеу жететін. Халқы егін жэне мал шаруашылығымен-айналысқан. Бұл жағынан да ол Орта Азия, халқының тіршілік тынысына ұксап кететін.
Һұмаюн мемлекет тізгінінен ажырап, үкімет басына Шерхан келгелі Кашмир уалайаты басшырыз қалып,жергілікті әкімдер халықты тонап, езе бастап еді. Елде тәртіпсіздік орнады.Сол себепті де Кашмир халқы өздері бұрыннан білетін Хайдар мырзаға қарсылық көрсетпеді. Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырза Кашмирді өзінің туа бітті мәмлегерлік қасиет, парасаттылығы мен алғырлығының арқасында бір оқ та шығармай өзіне қаратқанын айтады. Әрине, Хайдар мырзаның Кашмирді
алуына һұмаюн берген әскер косындарының да әсері болмай қойған жоқ. Сөйткен бабамыз 1540 жылдың қараша айында Сринагар қаласына келіп туын тікті. Соңыра ол өзінен Кашмир өлкесін тартып алу үшін Шерхан жіберген Қажы шаһ әскерін талқандап, жағдайын одан әрі нығайтып, жақсарта түсті.
Хайдар мырза Кашмирді 10-11жыл билеген. Ол өзіне қараған қалалар мен қоныстардың әл-ауқатын көтеріп, жолдарын жақсартты. Әдебиет пен мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады. Кашмир өлкесін гүлдендіріп абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге өкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді өзіне шақырды. Бірте-бірте ол Тибетті де өз иелігіне қосы алды.
1556 жылдан бастап Үндістанның тізгіні һұмаюнның ұлы Акбарға (1537-—1605) тигенде оның кеңесшісі, әрі досы болған Әбу-л-Фазл Әллами (1551-1602) атты тарихшы өзінің «Акбар нама» атты еңбегінде Кашмирді билеген Хайдар мырзаға да бірнеше бет арнаған.
Үнді тарихшысы Хайдар мырза «үлкен бір қателік жасады. Өзі патша болып тұрса да, ол Нәзік шаһ атынан хұтпа оқып, оның аты жазылған теңгелер соқтыра берді»,-дейді. Яғни Әбу-л-Фазл Әллами «өзі патша болған -соң Хайдар мырзаның өз атынан хұтпа оқып, өз атынан ғана теңгелер соқтыруы керек еді. Бірақ олай етпей, уақытша отырған, уақытша билік құрған кісінің тіршілігін істеді» дегісі келетін сияқты.
Әллами Хайдар мырзаның өмірінің соңғы кездері жайлы да біршама деректер қалдырған. Оның айтуынша сарай төңірегіндегі арамзалар ақкөңіл де кеңпейіл, жомарт та мәрт Хайдар мырзаны алдап соғып, сатқындық жасаған.
Әллами сондай-ақ Хайдар мырзаны «бейқам өмір сүрді, кісіге сенгіш еді» деп жазғырады. Жаулары Хайдар мырзаны алдап, серігі Қара Баһадурды әскерінің бір бөлігімен Тибет пен Ауғанстанға жіберткізеді. Әміршінің іс басқарушысы Қожа кажы мен сарай күзетіндегі әскер басыларын пәрелеп, Хайдар мырзаға айдап салады. Сөйткен олар бірде Сринагар мен Хирапур аралығындағы Ханпур маңыңда Хайдар мырзаға кенет шабуыл жасайды. Хайдар мырза көтерілісшілердің көсемі Қожа қажыдан олар тұтқындаған Қара баһадурды босатуды талап етіп тұрғанда Камал Дуби деген сатқынның қолынан қаза табады. Қейбір деректерге қарағанда Хайдар мырзаны күтушілерінің бірі уланған жебемен атқан. Ол содан қаза тапқан. Хайдар Мырза Дулати сөйтіп 1551 жылы 52-ге қараған шағында қапыда қазаға ұшырайды. І
Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI f.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Хайдар мырзаның жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады. Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы «Тарихи Рашидиді» де соған арнаған. «Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім» деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза ,оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпеле-ген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, бұдан асқан кешірімділік, будан өткен кішіпейілділік жоқ-ақ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Хайдар мырзаның бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетіп тұр.
Хайдар мырза белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының сарайында тұрғандыктан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен баска араб, парсы, тілдерін де білгендігінде дау жоқ. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері,ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқыған.Сондай- ақ оның тарих ғылымы һәм әдебиетпен де айналысуына белгілі бір шамада бөлесі Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр еңбектері де әсер еткен.
Жоғарыда біз Мухаммед Хайдар Дулатидің 1540 жылы Кашмирге туын тігіп, көңіл жайлағаннан кейін сарайына өнердің талай саңлақтарын жинағанын айттық. Сөйткен дарын иесі көптен бері өзіне маза бермей, тынышын алып жүрген өз басынан өткен жайттар мен Моғол мемлекетінің шежіресін жазуға кіріседі. Ол ойын іске асыруға, жоғарыда айтылғандай, терең білімі көмектескен. Хайдар мырза көбінесе өз құлағымен естіген немесе өзі білетін, көзімен көрген оқиғаларды ғана хатқа түсірген. Оны ол Орта Азиядағы, сол кездегі сарай тілімен парсыша жазған. Еңбегін жазу үстінде ол сондай-ақ Қаршылық жерлесі Жамалдың «Мулхақат ас-сурах» («ас-Сурах» сөздігіне «Қосымшалар»), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226—1283) мен Рашид ад-Дин немесе Әмір Темірдің жорықтарын хаттаған шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намесіне» («Жеңіс нама») сүйенген. Оның үстіне олардың көпшілігі Хайдар мырзадан бар болғаны екі жүз жылдардың ар жақ-бер жағында ғана өмір сүрген дарындар еді. «Тарих- и-Рашидиді» Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа - дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болады.
«Дулаттар... Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған» деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді... Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

- Дуловы
- Думаншыл тап теориясы
- Думаская монархия
- Думская монархия в России
- Думская монархия. Реформаторская деятельность П.А.Столыпина
- Дунаевский Исаак Осипович (1900-1955)
- Дунайський біосферний заповідник
- Дуговые сталеплавильные печи
- Дуговые электропечи
- Дугогасительные устройства элегазовых выключателей
- Дулат бабатайулы
- Дулат Бабатайұлы
- Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармалары
- Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары