Еңбек қорғау. 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ  ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

 
 
 
 
 

Орындаған:         ВТиПО 2-курс(к/к) студенті                                                                                                                                                                                                                              Тойлакбаева А. К. 

                                                               Тексерген:           Акимова Ф.Е. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2012 жыл

 

Мазмұны 

     Кіріспе

       1. Жалпы бөлім.

    1.1. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер

        1.1.1. Нормативтік сілтемелер

        1.1.2. Терминдер мен анықтамалар

    1.2. Қауіпті  және зиянды өндірістік факторларды  талдау

    1.3. Санитарлы нормалар және ережелер

                1.4. Микроклимат

                      1.5. Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін  жарықтандыру         

                             талаптары

                 2. Негізгі бөлім

                     2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар

         2.2. Шуылды төмендететін құрығылар

         2.3. Иондаушы емес сәулелер деңгейіне  талаптар

         2.4. Электр магниттік өрістер

             2.4.1. Электр қауіпсіздігі

          2.5Өрт қауіпсіздігі

     3. Арнайы бөлім

          3.1. Есептеулер

              3.1.1. Жұмыс орнының жасанды жарықтануын есептеу

              3.1.2. Жұмыс орнының табиғи жарықтануын есптеу

          3.2. Жерлеуіш контурының жалпы кедергісін анықтау

          3.3. Өрт қауіпсіздігі бойынша есептер

          4. Әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

     Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шағын кәсіпорынға  еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

     Осы стандарт «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Қолдану жөніндегі басшылық» атты ҚР СТ жобасына сәйкес қолданылатын әдіснамаға негізделген.

     Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нақтылау дәрежесі мен қиындығы, құжаттама  көлемі мен жүйеге бөлінетін ресурстар  жүйені қолдану аясы, шағын кәсіпорынның көлемі және қызметінің, шығаратын өнімдерінің (көрсететін қызметтерінің) түрі сияқты бірқатар факторларға байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     

     1. Жалпы бөлім

     1.1.Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер 

     Ұйым  еңбекті қорғау тұжырымдамасымен келісілген, құжаттамалық ресімделген ұйымның тиісті фунциялары мен деңгейлері үшін еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарды айқындауға, енгізуге және қолдауға тиіс.

     Қойылған  мақсаттар мен міндеттердің қолжетімдігін  тиімді бақылау үшін олар мүмкіндігінше сандық белгіленуі тиіс.

     Мысалы  – еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар  мен міндеттерді  өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың [8], ұжымдық шарттың [1] және т.с.с нәтижесі бойынша еңбек  жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жоспары түрінде құжаттамалық ресімдеуге болады.

     Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлағанда  жұмыс істеп тұрған ұйым олар орындауға  міндеттенген заңдық және өзге де талаптарды, сондай-ақ алдын ала талдаудың  қорытындысын (4.1-тармақты қараңыз) ескеруге тиіс. Сондай-ақ ол өз технологиялық мүмкіндіктерін, қаржылық, өндірістік және коммерциялық талаптарды, сондай-ақ тиісті мүдделі тараптардың пікірлерін ескеруге тиіс.

     Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті  қорғау жөніндегі жоспарды (бағдарламаны) әзірлей отырып, ұйым мыналарды:

     - ұйымдағы тиісті функциялар мен  деңгейлер үшін жауапкершілік  пен өкілеттіктерді;

     - материалдық ресурстар мен мақсаттарға  қол жеткізу және міндеттерді  орындау мерзімдерін айқындауы тиіс.

     Жоспарлар (бағдарламалар) тұрақты жоспарлау негізінде қайта қаралуға және түзетілуге тиіс. 

      1. Нормативтік сілтемелер
 

     Осы стандартта мына стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

    • «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12.0.230-2007 МЕМСТ (ILO-OSH 2001 IDT)
    • «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Қолдану жөніндегі басшылық» атты ҚР СТ (әзірлеу сатысында)
    • «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Тексеруді (аудитті) ұйымдастыру» ҚР СТ жобасы
    • «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» 12.0.002-80 МЕМСТ

     - «Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгілеулер» 12.4.026-2002 МЕМСТ ҚР СТ

    • 1500-2006 ҚР СТ (ИСО/МЭК Басшылық 73-2002, «Тәуекел менеджменті. Сөздік. Стандарттарды қолдану жөніндегі басшылық, МОD). Тәуекел менеджменті. Терминдер мен анықтамалар. 

     1.1.2 Терминдер мен анықтамалар 

     Осы стандартта 12.0.230-2007 МЕМСТ бойынша, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылды:

     1. қауіпсіз еңбек жағдайлары: жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары [1]

     2. өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігі: Өндірістік жабдықтардың нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген жағдайларда монтаждау (қайта монтаждау) және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келу қасиеті. 12.0.002-80 МЕМСТ.

     3.  өндірістік процестің қауіпсіздігі: Өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген жағдайларда оны жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келу қасиеті. 12.0.002-80 МЕМСТ.

      4. зиянды өндірістік фактор: әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор. [1]

     5. қауіпсіздік белгісі: адамды болуы мүмкін қауіп-қатер туралы ескертуге, белгілі бір іс-қимылдарды болдырмауға немесе ұйғаруға, сондай-ақ оларды пайдалану қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі салдарын болдырмауға немесе оларды азайтуға байланысты объектілердің орналасуы туралы ақпарат беру арналған белгі. 12.0.002-80 МЕМСТ.

     6. тәуекелді сәйкестендіру: жобаны орындауға және оның болуы ықтимал салдарларын құжаттамалық рәсімдеуге әсер етуі мүмкін тәуекелдің айқындалуы. ҚР СТ 1500-2006

      7. еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға (бұдан әрі – жазатйым оқиға) — өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі. [1] 

     8. қауіпті өндірістік фактор: қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор [1]

     9. еңбекті қорғау: құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. [1]

       10.  қауіпті аймақ: жұмыскерге қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін кеңістік. 12.0.002-80 МЕМСТ

       11. жұмыс орны: қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін

орындауы  кезінде тұрақты немесе уақытша  болатын орны. [1].

       12. жеке қорғану заттары: қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім. [1].

        14. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ережелерден, рәсімдер мен критерийлерден тұрады [1].

        15. еңбек жағдайлары: еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары [1].

     16. қауіпсіздік түстері: қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың көздері болып табылатын өндірістік жабдықтар мен құрылыс конструкцияларының жекелеген элементтеріне, өрт сөндіру және қауіпсіздік белгілеріне адамның көңілін аурдаруға арналған түстер. 12.0.002-80 МЕМСТ 

    1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
 

     Бұл бөлімде прогрмма жасаушы программистің  жұмыс орны мен сол программамен жұмыс жасайтын қолданушылардың жұмыс орнындарына қойылатын талаптар қарастырылады.

     Санитарлық нормалар мен ережелер мемлекеттік документ болып табылады, сондықтан ПЭЕМ мен жұмыс жасайтын барлық ведомствалар, министрліктер, қоғамдар, ұйымдар және т.б. оны сақтауы тиісті. ( ҚР Заңы, 18 бап,  "Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық ахуалы туралы").

     Дипломдық жобаның бұл бөлімі ҚР заңдарына сүйеніп жасалған. Нақтылайтын болсақ:

     а) «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңы» 28.02.2004 ж. № 528-ІІ ҚР.

     б) «Қатерлі өндірістік объектілердегі қауіпсіздік  заңы» 03.04.2002ж. № 314-ІІ ҚР.

     в) «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.02.1996 ж.

     г) «Еңбек туралы заң» 10.12.1999 ж. №493-І ҚР.

     д) «Төтенше жағдайының құқықтық режимы туралы заң» 15.11.1993ж

     Берілген  санитарлық нормалар мен ережелер Қазақстан  Республикасының санитарлық–эпидемиологиялық  станциясымен(СНжЕ)  Қазақ мемлекеттік білімді ақпараттандыру ұйымы арқылы жасалған(РЦИО).1

Зерттеу нәтижелері:

     Аудитория ғимараттың 1 қабатында орналасқан. Оның мөлшері мынадай: ұзындығы –20м, ені –10м, биіктігі – 2,8 м, терезелер биіктігі – 2м, ені – 3 м. Табиғи және жасанды жарық беру көздері бар. Бөлмедегі ауаны оңтайлы микроклимат кондиционерлеу көмегімен ұстауға болады.

     Аудиторияда IBM PC типіндегі дербес 12 компьютер (құрамы: монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір) және Canon типтегі бір принтер  бар. Қызмет көрсетуші және пайдаланушы адамдарға мынадай қауіпті және зиянды әсер болуы мүмкін:

  • Электр тогы соғуы қауіпті;
  • Жиілігі 3-30МГц болатын СВЧ электромагнит сәулесі;
  • Рентген сәулесі;
  • Әлсіз жарық;
  • Желдетудің аздығы (дұрыс еместігі);
  • Дұрыс емес микроклимат;
  • Зиянды заттардың қауіпті концентрациясы;
  • Шу;
  • Психофизиологиялық әсерлер.

     Мысалы, электростатикалық өрістердің негізгі  көзі монитор экрандағы зарядтар болып табылады. Зарядтар жұмыс орны төңірегіндегі шаң түйіршіктерін  электрлетіп, олардың тығыздығын арттырады. Бұл демалу жүйесінің ауруына, аллергиялық ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге пайдаланушы денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

     СВЧ сәуесінің көзі болып синхронпульс генераторы табылады. СВЧ-ның адамға әсері жүйелік, эндокриндік, жүрек-тамыр  жүйелердің бұзылуымен білінеді. 

    1. Санитарлы нормалар және ережелер
 

     Санитарлы нормалар және ережелер – жұмыс  істейтін адамдарға зиянды фактілердің  әсерін болдырмау үшін алдын –  ала ұйымдастыру шаралары мен  техникалық құралдар жүйесі.  

    1. Микроклимат

     Бұл стандарт микроклиматтың көрсеткіштеріне жалпы санитарлы- гигиеналық талаптарды және жұмыс зонасындағы ауаның құрамында қауіпті заттардың болуын белгілейді. Жұмыс зонасындағы ауаның құрамында қауіпті заттардың болу талаптары, жұмыс орнының орналасуынан тәуелсіз болады.

     Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:

  • ауаның температурасы;
  • ауаның шартты ылғалдылық;
  • ауа қозғалысының жылдамдығы;
  • жылулық таратудың интенсивтілігі.

     Бөлмедегі микроклиматтың жағдайы еңбек өнімділігіне әсер ететін манызды факторлардың бірі болып табылады. 4.1 – кестеде температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауа қозғалысының жылдамдығының нормалары келтірілген.  

     Кесте  1 – ПЭЕМ бөлмелері үшін микроклиматтың тиімді нормалары 

Жылдық  кезең Жұмыс категориясы Ауа температурасы, гр С Ауаның  тиісті ылғалдылығы  % Ауаның  қозғалу жылдамдығы

м/с

Салқын Жеңіл 1а

Жеңіл 1б

22-24

23-21

40-60

40-60

0,1

0,1

Жылы Жеңіл 1а

Жеңіл 1б

23-25

22-24

40-60

40-60

0,1

0,2


 

     Кесте 2 – Оқу орындарының компьютер кластарындағы микроклиматтың тиімді параметрі 

Жылдық  кезең Температура, град.С Тиісті  ылғалдылығы % Қозғалу жылдамдығы м/с
Салқын 22-24 60-50 0,1
Жылы 23-25 60-40 0,1

 
 

    1.5.Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін  жарықтандыру талаптары

Жарықтың екі түрі бар:

  • Табиғи жарық;
  • Жасанды жарық.

     Табиғи  жарықтандыру жарық саңылаулары  арқылы іске асып, жұмыс орындарын жарықтандыру деңгейінің талаптарына сәйкес болу керек.

Табиғи  жарықтандырылмайтын бөлмелерде ПЭЕМ өндірістік пайдалану қажеттілігі  Мемлекеттік санитар-эпидемиологиялық органдары мен мекемелері келісімі бойынша ғана іске асырылуы керек.

     ПЭЕМ  бөлмелердегі жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жүйесі арқылы орындалу керек. Құжатармен жұмыстар жүргізілетін әкімшілік-қоғамдық орындарда аралас жарықтандыру қолданған дұрыс, жалпы  жарықтандыруға құжаттар жатқан аймақты  жарықтандыруға арналған жергілікті жарықтандыру шамдары қосылады.

     ПЭЕМ  жұмыс орындарында жарықтандыру тік (экран жазықтығы) және көлденең (құжаттармен жұмыс аймағындағы  стол жазықтығы) бойынша қалыпқа  келтіріледі. Қалыпқа келтіру бөлмедегі  табиғи және жасанды жарықтандырудан  тәуелсіз абсолютті бірлік арқылы есептелінеді (люкс). Құжаттармен жұмыс аймағындағы столдың көлденен жазықтығындағы аралас жарықтандыру 500 лк – тен кем болмау керек (сонымен бірге жалпы жүйеден жарықтандыру 300 лк – тен кем болмау керек). Аралас жарықтандыру жоқ кезде столдың көлденең бетін жарықтандыру (жасанды және табиғи) 400 лк-тен кем болмау керек. Экрандағы жарықтандыру (көлденен жазықтықтағы) 200 лк болу керек. Дискомфорт көрсеткіші 25 – тен аспау керек, әкімшілік-қоғамдық ғимараттағы жарықтандыру пульсация коэффициенті 10% – тен, өндірістік орындардағы жалпы жасанды жарықтандыру көздерінен ауырлық көрсеткіші 20 – дан артық болмау керек.

     Жарықтандыру  көздерінен жарқырауды шектеген дұрыс, сонымен қатар көзге көрінетін  жарқырайтын беттердің жарықтылығы (терезелер, шамдар және т.б.) 200 кд/кв.м – ден артық болмау керек.

     Жұмыс орындағы шағылу жарықтылығын заттардың (экран, стол, клавиатура) шамдар түрін  таңдау және жұмыс орынының жасанды  немесе табиғи жарықтандыру көздеріне  байланысты орналастыру  арқылы шектейді. Бұл кезде төбенің жарықтылығы шағылытын жарықтандыру жүйесінен қолданғанда 200 кд/кв.м-ден аспауы керек.

     ПЭЕМ  қолданушының көз алдындағы жарықтылық біркелкі емес таралуының шектеу қажет, бұл кезде жұмыс беттері жарықтылықтың  арасындағы қатынас (стол:экран) 3:1–5:1, ал жұмыс беттері мен қабырға беттері және қондырғылар арасындағы 10:1-ден аспауы керек.

     Әкімшілік – қоғамдық және өндірістік орындарда  шағылысатын жарықтандыратын құралдар ретінде күші 250 Вт дейін металл-галогендік лампаларды қолдануға рұқсат етіледі. Жалпы жарықтандыру шамдарын үзік немесе біртұтас тізбек түрінде қолданушының ПЭЕМ жанында отырғанда көзіне параллель, ал жұмыс орынына бүйір жанынан орналастыру керек. Компьютерлерді периметр бойынша орналастыру кезінде шамдарды операторға қатысты алдынғы жаққа орналастырған дұрыс.

     ПЭЕМ  орналасқан орындарды жарықтандыру үшін пульсация коэффициентін төмендетуге  арналған жоғары жиілікті реттегіш аппаратармен (ЖЖРА) жабдықталған айналы торлы ЛПО36 сериялы шамдарын қолданған дұрыс. Шашыратқышсыз және экрандағыш торларсыз шамдарда пайдалануға болмайды. Көп лампалы шамдарда ЖЖРА-лы шамдар жоқ кезде немесе жалпы жарықтандыру шамдарын қатар орналасқан болса, оларды үшфазалы жүйенің әртүрлі фазаларына қосу керек. 6-шы қосымшада қолданылатын шамдар типтері келтірілген.

     Жалпы жарықтандыру шамдарының жарықтылығы  сәулелену бұрышының аймағында 50 ден 90 градус тік бойлық және көлденең жазықтықта 200 кд/кв.м-ден аспауы керек, ал шамдардың қорғауыш бұрышы 40 градустан  төмен болмау керек.

     Жергілікті  жарықтандырудың шамдары 40 градустан кем емес қорғауыш бұрышы бар көрінбейтін шағылдырғышы болу керек.

     Жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыш құралдар үшін қор коэффициенті(КҚ) 1.4-ке тең деп аламыз.

     Жарықтылықтың қалыпты мәніне жету үшін ПЭЕМ қолданатын орындарда терезе шынылары мен шамдарды жылына кем дегенде екі рет тазалап, күйген шамдарды уақытында ауыстыру керек. 

     Кесте  3 – Жұмыс орындарындағы жарықтандыру деңгейі 

Бақылау нүктесі Жарықтандыру (табиғи., жасанды), лк Жарықтандыру

КЕО,%

Араластырылған  жарықтандыру, лк
Стол, клавиатура (Г) 400 1,5 500
Экран(В) 300 - 300

 

Жұмыс орнының  табиғи жарықтануына нормалар 

     Жарықтық  нормалауды табиғи жарықтану коэффициенті бойынша ( ТЖК) жүргізеді:

e=

x 100%

Мұндағы

     e – табиғи жарықтану коэффициенті;

      Eвн – жұмыс орны ішіндегі берілген жазықтықтың бір нүктесіндегі табиғи аспан жарығымен жарықтануы (лк);

      Eн – жазық жазықтықтың аспан толықтығымен байланысты жарығы арқылы сыртқы жарықтануы (лк). 

     Кесте  4 – Ғимараттың әртүрлі орындары үшін ТЖК-ның нормалары  

Бөлмелер  
 
Жарықтануды нормалау жазықтығы мен ТЖК –  жазықтықтың еден үстінен биіктігі,м
ТЖК
Сәулелер  жоғарыдан немесе жоғарыдан және бүйірден түскенде Сәулелер  бүйірден түскенде
Үнемі қар бар жерде  
Басқа жерлерде
1 Кабинеттер мен жұмыс кабинеттері, жобалық кабинеттер

2 Машинада жазушы  орындары үшін

3 Баспалдақтар

4 Коридорлар

5 Тұрмыстық-санитарлық  бөлмелер 

Ж – 0,8 
 

Ж – 0,8 

еден

>

Ж – 0,8

 
 

4 

0,8 
 

1,2 

0,2

0,1

0,2

1 
 

1,5 

0,2

0,1

0,3


 
  1. Негізгі бөлім

    2.1. Шу және дірілге қойылатын талаптар 

     Кез – келген қызмет орындарындағы (диспетчерлік, операторлық, зертханалық бөлмелер, есептегіш техникалық зал, офистер  және т.б) ПЭЕМ- лар жұмыстың көмекші  құралы болып табылады. Бұл жұмыс  орындарындағы шу деңгейлері жұмыс  орнында 50 дБА аспау керек. Инженерлік, техникалық жұмыстарды орындағанда зертханалық, аналитикалық және есептік бақылау кезінде ПЭЕМ бар бөлмелерде шу деңгейі 60 дБА аспау керек. Есептеу машиналарының шу агрегаты бар жұмыс орындарында шу деңгейі 75 дБА аспау керек.

     Шуды қатты шығаратын жабдық (АЦПУ , принтерлер және т.б.), егер олардың берілген жұмыс түрі үшін рауалы шу деңгейінен көп болса, онда ПЭЕМ-мен бірге бөлмеден тыс жерде болу керек.

     Бөлмелерде  шу деңгейін төмендету үшін дыбыс  жұтқыш материалдар қолдану керек (органдармен және мемлекеттің МедСанбақылау мекемелерімен рұқсат етілген) тиімділігін бекітіп, максималды дыбыс жұтқыш коэффициентімен 63-8000 Гц жиілік аймағында акустикалық есептеу керек. Қосымша дыбыс жұтқыш болып, қалың матадан перделер қабырғаға түстес және перденің ені терезе енінен 2 есе үлкен болу керек. 

     Кесте  5 – Шу дыбысының мәндері, дБ 

Шу  қысымы мәндері, дБ Шу  шамалары,

дБА

Жиілік, Гц
31,5    63   125    250    500  1000 2000  4000  8000
86      71     61     54      49      45     42     40      38

93      79     70     63      58      55      52     50     49

96      83     74     68      63      60      57     55      54

103     91     83     77      73      70      68      66      64

50

60

65

75


 

     Кесте 6 – Дірілге қойылатын санитарлы талаптар 

Ортагеометриялық  жиілік, ГЦ Z, X,Y осьтеріне келетін мағына
Діріл үдеуі Діріл жылдамдығы
м/с2 дБ м/с дБ
1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1/3

окт.

1/1

окт.

1,6

2,0

2,5

0,0125               82

0,0112    0,02    82       86

0,01                   80

0,13                  88

0,089   0,18      85      91

0,063                82

3,15

4,0

5,0

0,009                 79

0,008     0,014   78       83

0,008                 78

0,045                79

0,032   0,063    76       82

0,025                74

6,3

8,0

10,0

0,008                 79

0,008     0,014   78       83

0,01                   80

0,02                  72

0,016   0,032    70      76

0,016                70

12,0

16,0

20,0

0,0125               82

0,016    0,028    84        89

0,02                   86

0,016                70

0,016   0,028    70      75

0,016                70

25,0

31,5

40,0

0,025                 88

0,032     0,056   90       95

0,04                   92

0,016                70

0,016   0,028    70     75

0,016                70

50,0

63,0

80,0

0,05                   94

0,063     0,112   96      101

0,04                   98

0,016                70

0,016   0,028    70      75

0,016                70

Дәлдеп  тізілген және эквиваленттік  дәлдеп тізілгендер мағынасы және олардың деңгейі  
 
0,014                  83
 
 
0,028                    75
Еңбек қорғау. 3