Егемендік
КІРІСПЕ
І тарау ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Егемендіктің жалпы теориясы
ІІ тарау ҚАЗАҚСТАНДА ЕГЕМЕНДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Қазақстанда мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы және кезеңдерге бөлінуі
2.2 Қазақстанның егемендік жолындағы конституциялық эволюциялары (дамуы)
ІІІ тарау ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
3.1 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ел тәуелсіздігінің жиырма жылы тұтас бір дәуір. Өйткені, осы бір тарихи жағынан алып қарағанда аз ғана уақыт ішінде басқа елдер мен халықтар тұтас жүз жылда бастан кешетін мейлінше қуатты, әрі мәні жағынан революциялық, қоғамдық түбегейлі өзгерістер болып өтті. Осындай бұлтарыс көп күрделі де тар жолда біз Қазақстанда егеменділіктің қалыптасуына қатысты мемлекеттік – құқықтық мәселелерді егжей-тегжей ой елегіне өткізуге ұмтыламыз. Мемлекет дегеніміз адамзат тарихының әмбебап субъектісі, өзгермейтін әлеуметтік құндылығы болып табылатын адамдардың тұрақты қарым-қатынас өнімі іспеттес. Әлбетте, мемлекет халық пен тұлғалардың бостандығын ұйымдастыруға және сақтауға қабілеті болуға тиіс. Алайда, тарихта ешкім халықтың кепілденген бостандығына делдал бола алмайды. Мемлекеттің ең маңызды белгілерінің бірі – егеменділік. Егеменділік қоғамның бүкіл саяси жүйесінің шоғырланған көрінісі. «Егемен» деген сөздің тарихи және этимологиялық мағынасы әлеуметтік қатынастардағы субъектілердің ерекшелігін танытады, яғни жоғарғы билікті жүзеге асыру барысында дербестік, тәуелсіздік қабілетін және шешім қабылдау кезінде оны іске асыруды субъективті жауаптылықты білдіреді.
Егемендік – субъект үшін игілік және проблема. Игілігі - өзінің субъектілігін толық көрсету мүмкіндігі, шығармашылық қасиетін дамыту және жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі. Проблемасы - әлеуметтік үрдістерді басқаруда шешуші рөлді атқару қажеттілігі, міндеттілігі және жауаптылығы. Мемлекеттердің конституциясында халықтың егемендігі белгіленген. Халық егемендігінің саяси көрінісі мемлекеттің пайда болуы.
Егеменділік, ең жоғарғы саяси құндылық. Егемендік – қоғамның бүкіл саяси жүйесінің шоғырланған көрінісі, егемендік категориясының жалпы сипаты бар, мемлекет мінінің абстрактылы көрінісі және барлық басқа мемлекеттік түсініктерді өзіне бағындырушы ретінде көрінеді. Белгілері мен қасиеттерінен және оған берілетін анықтамалардан жоғары ұғым. Егеменділік қоғам үшін әрі құрал, әрі мақсат, ол кеңістікте де, мезгілде де бар, өйткені осы қоғам үшін мемлекеттің қазіргісі мен болашағын құрайды. Біздің республиканың егемендігі оның мемлекеттігінің өмір сүруінің табиғи және қажетті жағдайы. Ең алдымен ол мемлекеттіктің барлық элементтерін бекітуге, азаматтардың өз мемлекетімен өзіндік тарихи жолымен, аумақтық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Егеменділік иесі және мемлекеттік биліктің көзі көпұлтты халық болып табылады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халықтың егемендігі конституциялық институттар жүйесі ретінде халықтың мемлекеттік үкіметінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары түрінде жүзеге асуымен байланысты.
І тарау ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Егеменділік жалпы теориясы
Егеменділік жалпы теориясы негізінің ретроспекциясы оның қағидаларының қоғамдағы жоғарғы билікті ұстанушы мен жүзеге асырылу жолдары арқылы салынады. Осыған байланысты «монарх егемендігі», «халық егемендігі», «парламент егемендігі», «ұлттық егемендік», «тап егемендігі», «құқық егемендігі» және «мемлекеттік егемендік» идеялары дамиды.
Аталған әр қағиданың мазмұны жағынан өзгеше, өйткені пайда болу алғышарттарына байланысты нақты тарихи ерекше құбылыстар. Олардың әрқайсысы белгілі бір дәуірде экономикалық қарым-қатынас пен адам санасының рационализациясын қажет ететін қоғамның әлеуметтік жағдайының сапалы түр өзгертушіліктерін салыстырады.
Орта ғасырдағы егеменділік туралы ілімді жетілдіру және соңғы ғасырда оны дамыту, осы уақытқа дейін мемлекеттің болашақ тағдырына көз қарасы – егеменділіктің мәнін тану бір келкі емес процесстің органикалық бөлімдерінің нәтижесі. Жоғарыда айтылған барлық ой пікірлер белгілі бір мөлшерде қазіргі ХХ ғасыр соңындағы мемлекеттік материяда өздерінің жүзеге асырылуын табады. Бірақ егеменділіктің нақты бір идеясын көруге болатын мемлекеттік нысан мен институттардың сан-алуан болуы осы егемендікті таратушының арқасында емес, ол адамзат тарихының мыңжылдық тереңінде жасырынған жалпы байланыстылықтың арқасында пайда болған.
Сондықтан да, өзара тәуелді, этникалық, әлеуметтік көп қабатты және экономикалық байланысқан әлемде мемлекеттік егеменділік идеясы өмір сүреді. Ол орта ғасырларда белгілі бір Еуропалық қағида түрінде ұғынылғаннан кейін іске асырыла бастады. Қоғамда қандай қарама-қайшылық болуына қарамастан, тайпалық, ұлттық, жеке тұлғалар арасында жалпы әлеуметтік сипатқа ие, олардың шығуына онтологиялық себебі болатын, олардың әртүрлі нысандары мемлекеттілікті өмірге сырттай шақырды.
Индивидтің әлеуметтік түйсігін өзіндік сақтауының өзіне тән инстинктен әлеуметті сырттағы және өзінің ішіндегі зиянды ықпалдан өзіндік қорғау туындайды. Индивидтің бір-біріне мұқтаждылығы мен мүдделігінің жиынтығы ретінде әлеуметтің өзіндік қорғау түйсігі әлеуметтік билікті тудырады. Осы биліктің тарихи қалыптасуының потестарлық күйінен мемлекеттік билік пен егеменділік пайда болады.
Монархия, аристократия және демократия бір-бірін толықтыру кезінде, ұзақ тарихи кезеңдерді бастарынан өткізеді. Бүгін де шартты түрде аз мөлшерде мемлекеттің тұлғасының орнына монархты ұсыну, мемлекет басшысын – президент немесе бас хатшыны басқа аристократтың орнына ағартушы (рулық, партиялық – номенклатуралық немесе кәсіпқой) бюрократияны ұсыну қиын емес, ал демократияны бір аумақта халық жиналысы нысанында, халық үкіметі түрінде жетілдіру (парламент немесе Кеңестер болса) азаматтардың (плебисциттер, референдум, петиция сұрау) өз еркімен көңіл білдіруін толықтыратын институттармен жетілдіру күрделі. Кез-келген типтегі «құлдық» немесе «әлеуметтік», «феодалдық» және «капиталистік» мемлекеттерде интегративті – күшті құрал, қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікті, соттық және қадағалаушы тексеріс, қаруланған күштер өмір сүреді.
Алғашқы қоғамдастықта табиғи пайда болған бұл институттар, олардың нақты қызметтері болған, бірақ өздерін көп бейнеде таныған жоқ, бірнеше өзін-өзі басқару органдарының болуы биліктің түрін қалыптастырды (көсем, ақсақалдар кеңесі, жасақ). Ұйымдасқан локальды күш ретінде, жалпының еркіне бағындыратын немесе уақыт өте келе аймақтық, орталықтандырылған биліктің мәні байқағанымыздай, егеменділік немесе мемлекеттік билік – қоғамда өзгерген жоқ. Ежелгі Египеттік патшалыққа үлкен мемлекеттік аппарат, шенеуліктердің бөлшек иерархиясы, әскері белгілі болған.
Өркениет тарихында әлеуметтік құрылым өзгереді, ал мемлекет қаланды. Себебі кез-келген қоғамның табиғатынан шығатын жалпы істер алғашқыда мемлекет үшін қосымша және екінші дәрежелі болса, кейін негізгі және міндетті болып ауысты. Мемлекет осы жалпы халықтың істерін шешу қажеттілігінен туындады, яғни сұғарым құрылыстарды салу, жер массивтерін игеру, мекендейтін ортаны қорғау. Осы істерді жүргізу барысында мемлекеттің қызметі таптық мүдделердің ықпалын сезінді, бірақ әлеуметтікті таптықта ерітіп, олардың табиғатын өзгертуге, ауыстыруға және мемлекеттің жалпы әрекетін тоқтатуға бағытталған ешбір таптық күші тарихта кездеспейді.
Егеменді билікті бақылау дәрежелерді сатумен, ірі байлықты тәркілеу жолымен мүліктік ерекшеліктерді түсіруге ұмтылды. Бәрінен байқалатыны, мемлекетте болуы мүмкін – саяси режимді тасымалдау, олар өздерін «ең жоғарғы демократия» деп жариялаған, мысалы, ХХ ғ. социал – большевиктер және ұлттық - әлеуметтік мемлекеттері, азаматтарға өте қатыгездікпен қараған және керісінше, скандинавиялық және батыс еуропалық елдер қатарындағы Англия, Японияда монархиялық қатынастарды «адам еркін тыныс алатын» шын мәнінде өркендеуші демократия үлгісіне қызмет етеді.
Егеменділік – адамзаттық өмір сүрудің табиғи өзіндік ұйымдастырылуының адамға тән еркіндік сезімі мен нәтижесі. Өзін жануарлардан ерекше жан екенін алғашқы ұғынған парасатты адамның табиғи қажеттілігі – ол өзі сияқты ортада болып және бір-бірімен қарым-қатынаста болу қажеттілігі, бірге өмір сүру қажеттілігі басынан бастап басқаға қатысты адамның еркіндігінің мөлшерінің рухтанған, тумысынан еркін, адамның және оның тірі жиынтығының мәселесін қояды. Индивид еркіндігінің осындай мөлшерін анықтау үшін олардың әр қайсысына бірге өмір сүру барысында олардың бастапқы қажеттіліктерін қанағаттандыратын қажетті қарапайым тәртіп орнатылды. Бірақ қажеттілікті сезіне тұра жалпы тәртіп барлығының осы тәртіпке бағынуының нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін.
Қоғам ядросы сияқты егеменділік сапасы біртіндеп қалыптасты. Бірінші болып, бірге тұрып, еңбек ету қажеттілігі сезімі мен түйсігінің адамзат иесінің ұғымынан шығатыны бірлік болды деп санаймыз. Көпшіліктен өз кезеңінде құзіретті жоғарғыға жалпы ерікті білдіру және шығарудан бірлік пайда болады.
Егеменділік белгілі бір территорияда нақты халыққа таратылатын өз күшінде бәрін қамтитын билік сипатын мемлекеттік билік деп атауға болады. Егеменділік пен дербес мемлекеттік билік мәні бойынша синонимдер. Егеменділік – сипат емес, биліктің белгісі де, қағидасы емес, нақты ұғымында бұл мемлекеттік билік. Билік барлығына және барлығы үшін, бір билік жоғары және тұрақты.
Тәуелсіз мемлекеттік биліктің сапасы біздің пікірімізше, тарихи кейінірек ішкі жоғарғы жақ пен бірліктің бекітілуінен кейін егеменділік табылады. Индивидтің дамуының заңдылығымен және әмбебаптағы әлеумет пен соңғы бір-біріне қатысты жиынтықпен негізделген объективті процесс.
Басымдылық әскерлер дәуірінде мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі шартты түрде болды, өйткені әр егеменділіктің кеңістегі шегі қозғалыста болды (Рим патшалығының әр түрлі мемлекеттік кезеңдерінде Шыңғыс хан, Александр Македонскийдің шапқыншылығы) және де жаңа жерлерді жаулап алу мен соғысты жүргізуге күш егеменділіктің ең жақсы, жалғыз ғана дәлеледемесі болды. Бәрібір нақты түрде мемлекеттік шекаралар біртіндеп айқындала бастады.
Бейбітшілік дәуірінде халықаралық дәстүрлер мен шарттар арқылы мемлекеттер арасында құрылушы шекаралар бекітілді. Кейіннен әмбебап саласында шекаралар бұзылмайтындығы түсінігі қалыптасты. Негізінен ХХ ғасырдың ІІ жартысында мемлекеттік ұлттарды бейнелеу, бұл түсінік әлемдік қоғамдастықпен жалпы міндетті қағида, халықаралық құқықтық тәртіптің императивті нормасы ретінде белгіледі.
Егеменділік – мемлекет мәні болып табылады. Егеменділік - өзінің қалыптасуы мен дамуының саяси, мемлекеттік биліктің сапасының бәрін қамтитын, тұтас дәрежесіне қол жеткізген сапалы арнайы әлеуметтік билік. Егеменділікті мемлекеттің мәні деп мойындау – яғни егемендікке ие емес немесе «егеменді емес» мемлекеттердің өмір сүруі мүмкін екендігі. Таптардың, әлеуметтік топтардың соқтығысуы арнайы тарихи кезеңдерде егеменділіктің сипаты мен күйін белгіледі. Бірақ осылай әрқашан болса, онда онтогонизмнің перманенттік күйі қайсы бір таптың жеңісі жағдайында ғана жоққа шығушы еді. Таптың технологиялық прогрестің жетістігі негізінде бір-бірін ортақ мүдделеріне әлеуметтік серіктесіп және күштемей ғана қарсы шыққан соң осыдан кейін әлеуметтік топтар, олардың біреулері – үстемдік етуші жеңімпаз, басқалары жеңілгендер, өз егеменділіктері үшін күресін жалғастырады, осылай шексіз болады.
ІІ тарау ҚАЗАҚСТАНДА ЕГЕМЕНДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Қазақстанда мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы және
кезеңдерге бөлінуі
Мемлекеттану және тарихи-құқықтық ғылымның таным объектісі барлық уақытта бірден қалыптасқан объект емес, әрі кеткенде аяқталып бітпеген. Сондықтан бұл ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық болмыстың қалыптасқан нысандарын ғана емес, сондай-ақ олардың нақты тарихи жағдайдағы сапалық деңгейіне дейінгі қалыптасу және даму процестерін де қарастыру қажет. Бұған қоса кез-келген заң ғылымының қалыптасқан таным объектісін объективті және субъективті факторлардың әсерімен жекелеген тұстарымен қатар, бүтіндей алғанда өздігінен дами отырып, қозщғалыста болатындығын ескеру керек.
Егеменділік мәселесі жөнінде кеңестік дәуірдегі мемлекет танушылардың өте көп жұмыстарының негізгі анализі сипатты бір бөлшекке көңіл аудартқызады. Олардың бәрінде мемлекеттік егеменділік – сипат ретінде сирек белгілі, кейде – мемлекеттің немесе мемлекеттік биліктің жағдайы ретінде ұғынылады және ешқашан мемлекеттің мәні ретінде ұғынылмайды.
Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан мемлекеттігі деп отырғанымыз – мемлекеттік егемендік Декларациясының ресми-саяси тұрғыда жариялануы (25 қазан 1990 ж.) мен КСРО-ң тарау кезеңдегі және тарағаннан кейін қабылданған Мемлекеттік тәуелсіздік туралы (16 желтоқсан 1991 ж.) конституциялық заңының жай ғана заңды нәтижесі емес, Қазақстанда адам бостандығынан бастап, жеке меншік құқық-мемлекеттік және соңғы саты – Қазақстан Республикасы мемлекеті сияқты сатылардан тұратын қазақ жеріндегі әлеуметтік-генетикалық буынның бүкіл қалыптасу жолы болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеті де әлеуметтік дамудың белгілі бір сатысы бола отырып, мемлекеттің нығаюы мен дамуына, әсіресе, Қазақстан қоғамында және мемлекеттер мен халықтардың дүниежүзілік қатынасында өзінің әлеуметтік қызметін іске асыру бағытында шешуші орын алды. «Жаңа мазмұнның нақты тұрғысы деп, қалыптаса бастаған оның белгілі бір деңгейде бастапқы кезеңіндегі нысанымен түйісіп, дамудың қайта бастау қабілетіне ие болатындай нысандары мен әдістерінен өткенін есептеуге болатын шығар».
Жабайы түрдегі бостандық немесе «абсолюттік бостандық» адамдар үшін мемлекеттікті мемлекеттегі болмысы ретінде қалыптасады. Мемлекеттің болмысы өкіметтің саяси ұйымдасуы элементтерінің толық емес жиынтығы бола отырып, адамдар қабілеттерінің табиғи теңсіздігі мен олардың жеке бастың бостандығына билік пен меншікке деген бірдей ұмтылысымен негізделеді. Осыған байланысты қоғам мүшелерін тең дәрежеде топтастыру үшін қоғамдық билікті орталықтандыру қажеттігі тұрады.
Қазіргі таңдағы біздің мемлекетімізді Қазақстан Республикасының кеңес дәуірінен кейінгі саяси дамуындағы ең ақырғы өлшем деп қарауға болмайды. Дегенмен, ол қазақ жеріндегі тұрғылықты халықтың сан ғасырлық этнополитогенездік дамуының, демографиялық және басқа мемлекетті құраушы тарихи процестердің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын зерттеу үшін, ең алдымен мемлекеттің аумақтық негізделуі мен оның тарихи қалыптасуы уақытты анықтау мәселелеріне назар аудару қажет.
Егеменді Қазақстанның бүгінгі қалыптасуы этнополитогенездің үздіксіз процесінде оның мемлекеттігінің өткеніне, бүгінгі күніне және болашағына ара қатынасы болып табылады. Алайда, этнополитогенездің үздіксіздігі тарихи уақыттың әр кезеңіндегі оның сандық және сапалық тұрақтылығын көрсетпейді.
Егемендіктің белгілерінің пісіп жетілуінде сапалық және сандық өзгерістердің ара қатынасына қарай көшпелі тайпалардың этнополитогенездік тарихи уақытын кезеңдер мен дәуірлерге бөлуге болады. Бұл екеуі де Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді, әтсе де өзінің мәні мен мазмұны жағынан тең емес.
Этнополитогенез дәуірі мемлекеттіктің жаңа сапасын қалыптастыратын адамдар қауымының өзара қатар және шарттасқан түрде жүретін этникалық және саяси белгілі бір дәрежедегі тұтастығымен сипатталады. Кезең дегеніміз белгілі бір уақыт өлшемінде мемлекеттіктің жекелеген белгілері мен элементтерінде сандық жинақталу және өзгеру сипаты бар өзгерістер болып отыратын тарихи уақыт кесіндісі. Бұл кезеңде ол жаңа сапалық тұрғыда қалыптаса қоймады, дегенмен пісіп, жетіле бастайды.
Этнополитогенездің белгілі бір дәуіріне тән жаңа сапа – егемен мемлекеттің мейлі ол адамдардың рулық немесе тайпалық қауымдастығы болсын, жоқ дегенде бір элементінің жетіліп, қалыптасуы болып табылады. Бұған аумақтық иеленудің салыстырмалы түрдегі тұрақты сипаты, орталық жоғарғы биліктің пайда болуы немесе әкімшілік-аумақтық бөлінудің, алым-салық жүйесінің, тәуелділік институтының немесе индивидтердің құқығы мен міндетін белгілейтін азаматтық институттың пайда болуы жатады.
Этнополитогенез кезеңінде Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы бытыраңқы сипаттағы мемлекеттіктің көптеген кездейсоқтары мен бұлталаңы бар даму сәттері мен шынайы орнығуын қамтиды. Онда жекелеген элементтердің эмбрионалдық қалпы мен мемлекттіктің белгілі типке жатпайтын өтпелі сипаттағы сапалық белгілері өсіп жетіледі. Жекелеген кезеңдік өлшемде мемлекеттің қалыптасу заңдылықтары саяси болмыстың әр алуан сипатымен көмескеленіп отырды.
Дәуір тарихы кезеңдердің түйінді белгілерін қамти отырып, этнополитогенездің негізгі қайшылықтарын, шешуші ағымдарын көрсетеді. Мемлекетті зерттейтін ғылым тарапынан дәуірді алып қарастыру тарихтың күрделілігін, бұлталаңын ашып көрсетпеуі мүмкін. Алайда, ол мемлекеттіктің жекелеген элементтерінің бастапқы, қарапайым қалпынан бастап толыққанды, біртұтас жоғарғы және тәуелсіз билікке дейінгі аралықтағы адамдар қауымдастығын бір әлеуметтік организмге біріктірген заңдылықтарды анықтайды.
Қазақстан мемлекеттігінің болмысын әртүрлі ұлттың өткенін сақтайтын бүгінгі немесе құқықтық мемлекетке ие ұлт болашағының бастауы ретіндегі бүгінгі түрінде түсінуге болады.
Мемлекеттің қалыптасуындағы шешуші сәті бұл этнополитогенез ағымдарында дамуды тежейтін сабақтастық сәті екендігі даусыз. \
Қазақстан Республикасы мемлекеті сияқты сатылардан тұратын қазақ жеріндегі әлеуметтік-генетикалық буынның бүкіл қалыптасу жолы болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеті де әлеуметтік дамудың белгілі бір сатысы бола отырып, мемлекеттің нығаюы мен дамуына, әсіресе, Қазақстан қоғамында және мемлекеттер мен халықтардың дүниежүзілік қатынасында өзінің әлеуметтік қызметін іске асыру бағытында шешуші орын алды.
Қазақстан Республикасындағы конституциялық сипат прогрессивтік бағытты таңдады. Бұл біздің мемлекетімізідің қарқынды дамуын нықтай түседі.
Конференциядан кейінгі дәуірдегі Қазақстан мемлекетінің одан әрі қалыптасуының өлшемі болып ұлттық өрлеу мен елдің әлеуметтік модернизацияға жететін жағы есептеледі.
Бұл уақыт өтпелі кезеңнің стратегиялық уақыты – республика халқының өз мемлекетін толық мәніндегі экономикалық және әскери жағынан тәуелсіз, шикізатты өндіруші елден индустриялық сипаттағы, ішкі мүмкіндіктері арқылы өз қажеттігін толық қамтамасыз ете алатын экспортер мемлекет дәрежесіне көтеру мақсатындағы табанды әрекетімен толықтырылады. Қазақстан Республикасының егемендігінің қалыптасуы 1992 жылдан бастап, 3 кезеңнен тұратын 15-20 жылға есептелінген.
Бұл уақытты Қазақастан халқы табысты өткізуі әбден мүмкін. Республиканың экономикалық және әлеуметтік потенциалы, ел басшыларының салиқалы прагматизм осы тұрғыда болжам жасауға негіз болып отыр. Алайда, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мемлекеттегі биліктің конституциялық бөлінуінің тиімді тетігін одан әрі жетілдіріп, дамушы конструктивтік демократияның Қазақстанға тән өзіндік ерекшелікке ие жаңа түрін қалыптастыруды көздейді. Міне, осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы бірнеше ұрпақты қамтуы мүмкін.
Жалпы алғанда, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы үздіксіз процесс. Мемлекеттің сапалық жағынан толық пісіп жетілуі әлеуметтік дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақ қоғамының жан-жақты даму перспективасы дүниежүзінде оның мемлекеттік егемендігін нығайтып, беделін арттыра түседі. Бұл процесс үздіксіз, дамушы сипатта ғана жемісті, бағалы болмақ. Шын мәнінде Қазақстан Республикасының әрі қарай қалыптасуы, біздің өз Отанымызды гүлдендіруге деген ұмтылысымызбен тығыз байланысты. Дұрыс, саналы ойлайтын қоғам мен оның қайраткерлері үшін бұл ұмтылыс уақытша, өткінші тұрғыда болмақ емес.
Қазақстан Республикасының Президенті біздің мемлекетіміздің үздіксіз қалыптасуы жөнінде былай деп жазды: «Өтпелі кезең стратегиясының мазмұны мен мақсатының жүзеге асуымен байланысты, әлемдік қатынастағы Қазақстанның жаңа орны мен жаңа сапасын ескеруші стратегияны жасау, ойластыру қажеттілігі туады».
Өзінің өткен тарихы сияқты Қазақстанның болашағы да шексіз. Алайда, қазақ даласындағы этнополитогенез процесі бойында мемлекеттіктің қалыптасуы әр уақытта толық болмағанымен тарихи тұрғыдан жасау мүмкіндігінен асып кетпейді. Бүгінгі Қазақстанның тарихы сахнасындағы бір рулық қауымның екіншісімен ауысып отыруы алғашқысының толық жойылуын көрсетпейді. Көне (ескі) тайпалар жаңадан пайда болған этникалық және саяси құрылымдарды жаңа атаулармен сақталынып, деформацияға ұшыраған жаңа халықты қалыптастырып отырған. Олардың әрқайсысының тағдырын көршілес тайпалар мен қандастарының тағдырын еш бөлуге болмайды.
Қола дәуірінің басында пайда болып, сақтар уақытында гүлденуге жеткен Еуразия даласындағы тарих пен мәдениеттегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, қайта көне түркі дәуірінің басталуымен жаңа этникалық жалғастық тапты.
Қазақтың ата-бабалары басқа халықтар сияқты біздің дәуіріміздің орта ғасырында ортақ Қазақ мемлекеттігін құрды.
2.2 Қазақстанның егемендік жолындағы Конституциялық
эволюциялары (дамуы).
Бұрынғы Ресей империясы қол астындағы ұлттардың саяси жағынан өзін-өзі билеу барысындағы процестері езілген ұлттардың жеке, тіпті оның ішінде буржуазиялық мемлекет құруға әрекеттенбеді деген пікірді теріске шығарды. Мәселе ұлттардың өзін-өзі билеуге ұлттық сананың қандай деңгейінде жетіп, оның мүмкін болатын қандай тарихи жағдайларға байланысты екендігінде. Алайда, автономияға ие болу аймағы ұлан-байтақ, көптеген халықтың өкілдері тұратын, ресурстарға бай Қазақстан сияқты аймақта этнополитогенездің бүкіл процесін тоқтата алмайтын еді.
Автономия тек қазақ ұлтының саяси өзін-өзі билеуінің кезеңі болды, атап айтқанда, ол қазақ халқының өзін-өзі билеуінің тиімді нысаны мен дәрежесін, оның Қазақстанның мемлекеттік дамуына қажетті қолдау көрсететін федералды биліктен белгілі бір тәуелдігін сипаттады.
Қазақстанның егемендікке жетудегі конституциялық даму дәуірін «Ресейдің арта қалған шығысындағы Түркістан, Қазақстан сияқты аймақтарда халықтың өзін-өзі билеу процесін тура, өтпелі кезеңдер мен осы жолда кездескен қиындықтарды көрсетпей, көзге елестетуге болмайды», – деп жазды С.З. Зиманов. Күрделілігі көп, негізінен, кеңес үкіметі қамқорлығы мен басшылығының қол астында өткен бұл дәуірдің мәнін объективті түрде анықтау үшін, Қазақстан мемлекеттігінің конституциялық қалыптасуындағы барлық кезеңдердің мазмұнын ашудың мәні бар.
Бұл кезеңде ұлттық бірлесудің материалдық базасы мен жалпы аумақтық негізін қалыптастыру қажет болды. Тек экономикалық өмірдің тұтастығы ғана қазақ этносының ұлтқа бірігуін аяқтай алатын еді. Бірақ ұлттық экономикалық өмірдің тұтастығы ешқашан бірыңғай өмір кеңістігінсіз, аумақсыз пайда болған емес.
Ұлттық бірігудің негізі бола отырып, этнополитогенездің осы өзара байланысты шарттары, мемлекеттіктің өзін немесе егемендіктің қалыптасу мүмкіндігін, ұлттық мінез-құлық пен белгілерінің даму деңгейін бірге анықтайды. Алайда, биліктің тек қана бір орталықтан жүргізілуі ғана халықтың аумақтық тұтастығын ұлттың мемлекеттік аумағына айналдырады.
Қазақстан мемлекетінің одан әрі қалыптасуының өлшемі болып ұлттық өрлеу мен елдің әлеуметтік модернизацияға жететін жағы есептеледі. Бұл уақыт өтпелі кезеңнің стратегиялық уақыты – республика халқының өз мемлекетін толық мәніндегі экономикалық және әскери жағынан тәуелсіз, шикізатты өндіруші елден индустриялық сипаттағы, ішкі мүмкіндіктері арқылы өз қажеттігін толық қамтамасыз ете алатын экспортер мемлекет дәрежесіне көтеру мақсатындағы табанды әрекетімен толықтырылады.
Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың келесі құрамдас бөлігіне республикадағы кеңестік аппараттарға жергілікті ұлт өкілдерін тарту саясаты жатады. Бұл саяси-әлеуметтік мәселе екіжақты процесс түрінде шешіліп жатты. Оның бір іс қағаздарын ана тіліне аудару арқылы мемлекеттік аппаратты қалың бұқараға жақындату болса, екіншісі жергілікті ұлт өкілдерін кеңес мемлекеттік аппаратының қызметіне тарту болды.
Конференциядан кейінгі дәуірдегі Қазақстан мемлекетінің одан әрі қалыптасуының өлшемі болып ұлттық өрлеу мен елдің әлеуметтік модернизацияға жететін жағы есептеледі. Бұл уақыт өтпелі кезеңнің стратегиялық уақыты – республика халқының өз мемлекетін толық мәніндегі экономикалық және әскери жағынан тәуелсіз, шикізатты өндіруші елден индустриялық сипаттағы, ішкі мүмкіндіктері арқылы өз қажеттігін толық қамтамасыз ете алатын экспортер мемлекет дәрежесіне көтеру мақсатындағы табанды әрекетімен толықтырылады.
Егеменді мемлекеттің заңды белгілері – қазақ автономиясының өз Конституциясы, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының қызметі, Қазақстан аумағында белгілі бір заң шығару мүмкіндігі түрінде қалыптасып және ең ақырында, республика Одақ көлемінде тікелей сыртқы мемлекетаралық байланыстарды орнатты.
Ел егемендігінің негізін құрайтын жер мен кен байлықтары, су, ауа кеңістігі, өзге де табиғи ресурстары халықты мәдени және тарихи құнды мұралар.
1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң осы процестің негізгі басқыштарының бірі болды.
Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның негізгі қағидаларын дамыта отырып, конституциялық заң Қазақстан Республикасының алдағы уақытта барлық мемлекеттермен өзінің ара қатынасын тәуелсіз мемлекетке тән халықаралық құқық принциптері негізінде құратындығын жариялады. Бірінші рет бірыңғай Қазақстан азаматтығы бекітілді. Декларацияда жарияланған меншік формасының әр түрлілігі заңдастырылып, мемлекеттің өзіндік қаржы-кредиттік, салықтық және кедендік саясаты бар дербес экономикаға ұстаған бағыты нығайтылды. Ұлттық бірігудің негізі бола отырып, этнополитогенездің осы өзара байланысты шарттары, мемлекеттіктің өзін немесе егемендіктің қалыптасу мүмкіндігін, ұлттық мінез-құлық пен белгілерінің даму деңгейін бірге анықтайды. Алайда, биліктің тек бір орталықтан жүргізілуі ғана халықтың аумақтық тұтастығын ұлттың мемлекеттік аумағына айналдырады.
Конституциялық заң Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін дербес әскери қарулы күштерін құруды қарастырды. Қазақстанның толық мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылуы енді ұлттық сана сезімнің шапшаң өсуін ғана емес, республикада басталған жаңаруларды тоталитарлық Орталықтың басып тастауынан қорғау қажеттігінен де туындады. Қазақстан егемендігінің негізгі саяси құқықтық белгілері конституциялық тұрғыдан бекітілді. Егемендіктің сипаты одақтық мемлекеттің нақты тарихи кезеңдерінде кеңес федерациясындағы жалпы процестер мен бағыттар арқылы анықталып отыр.
Бүгінгі таңда, біз бұл дәуірдің бірінші кезеңі – Қазақстанның жаңа индустриялық сапаға жетуде экономикалық өрлеумен құқықтық-ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам негіздерін қалыптастыруды мақсат ететін Қазақстан Республикасы егемендігінің қалыптасу кезеңінде тұрмыз. Қазақстан егемендігінің негізгі саяси құқықтық белгілері конституциялық тұрғыдан бекітілді. Егемендіктің сипаты одақтық мемлекеттің нақты тарихи кезеңдерінде кеңес федерациясындағы жалпы процестер мен бағыттар арқылы анықталып отыр.

- Егемен Қазақстан
- Егемен Қазақстанның саяси партиялары
- Егемен Қазақстанның саяси ұстанымы
- Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- Егеря Финляндии
- Египет
- Евфросиния Полоцкая жизнь и деятельность
- Евфросиния Полоцкая: жизнь и деятельность
- Евфросиния Полоцкая и Кирилл Туровский – выдающиеся деятели белоруской культуры XII века
- Евфросиния Полоцкая и Кирилл Туровский – выдающиеся деятели белоруской культуры XII века
- Евфросиния Полоцкая и Кирилл Туровский – выдающиеся деятели культуры XII в
- Евфросиния Полоцкая и Кирилл Туровский – выдающиеся деятели культуры XII в
- Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау