Егін шаруашылығы
Кіріспе
I-тарау
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы
сипаттама.
II-тарау
Егін шаруашылығының түрлері және оның агро өнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзілік агроөенркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен өзара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әр түрлі болады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың ас маңызды бағыты болып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір – бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін – бірі толықтырып отырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 56,9 % - ы, тиесілі. Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай; дәнді техникалық, жемшөптік, бау – бақша дақылдары болып бөлінеді.
I - тарау
Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама.
«Аграрлық» сөзі ( латын тілінде agrarius) – «жер, жерді игеру, жерді пайдалану» деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен дара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенге – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен – республика шаруашылығының жетекші саласының бірі.
Агроөнеркәсіптік интеграция процесінің дамуы Қазақстанда бірнеше кезеңде жүргізіледі. Ол тарихи сатылардың қарапайым түрінен барынша күрделі түріне дейін қамтыды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, азық –түлік салғыртын, азық – түлік салығымен алмастыру мемлекет пен шаруалар арасындағы экономикалық байланыстар сипатын түбірінен өзгертті. Басқарудың экономикалық тәсілдерін қолдану ауыл шаруашылығын қайта құру мен кооперативтік жоспарды ойдағыдай жүзеге асыруда шешуші маңызға ие болды. Ауыл шаруашылығы өндірген шикізатты қайта өңдеу тек ауыл шаруашылығы кооперациялары мен тұтыну жүйесінде ғана жүзеге асырылды. Ал бұл салалардың күш –қуаты әлсіз болатын.Агроөнеркәсіптің кешенінің дамуындағы көптеген өзгерістер коллективтендіруді аяқтау, маши-на – трактор станцияларын құру, ірі – ірі егін және мал шаруашылығын ұйымдастыру кезеңімен байланысты.Ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытуды жеделдету үшін арнайы мамандандырылған мал өсіретін, сүт өндіретін, егін шаруашылығымен айналысатын, сөйтіп осының негізінде мал өсіруші, қой өсіруші деген сияқты және басқа да көптеген мамандандырылған мемлекеттік бірлестіктер ұйымдастыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуының осы кезеңіне ауылшаруашылығының басқа да салаларға тәуелділігінің аздығы, берік байланысты дамытуға ұмтылудың жетімсіздігі тән еді. Агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастырудыңформасы мен мазмұны жағынан бүтіндей ерекше түрі басқару трестік жүйесінен территориялық - өндірістік құрылымына көшу болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен ілгерілеушілік болды.Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле бастады, шаруашылық аралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикалар мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен өлкелік, облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми өндірістік бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады.Олардың бір – бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске барар жолын қысқартса,екінші жағынан серіктестер арасындағы кооперативтік келісім – шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік
және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып отыр.Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылық-тары былай сипатталады: біріншіден бұл жаңалықтарды дұрыс пайдалану
нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық–түліктерді сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі.Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен тағамдық азық – түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық артады.Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді.
2001-2010 жылдары Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылға арналған мемелекеттік аграрлық азық – түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін салалық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оларда агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің өсуімен ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдауымен байланысты қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция) қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жету мүмкін еді.
Ауыл
шаруашылығы –
1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы салаларының негізгі қызметін атқаратын заңды түрде жұмыс жасайтын ұйым.
2) Ал шаруа
шаруашылығына ауыл
3) Халықтың жеке
шаруашылығына олардың жеке
Ауыл
шаруашылығының өнеркәсіптен
Жайылым жер дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.
Егістік жер – дегеніміз көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды жер.
Пішендемелік жер – пішендеме шабу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір–бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін –бірі толықтырып отырады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой, ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – археологиялық қазбалардан табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады. 2009 жылдан бастап республиканың өнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік – экономикалық өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн га жер бар. Оның 25,7 млн га егістік, 3,6 млн га шабындық, 103,5 млн га-ы жайылымдық (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымдар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. 2010ж. Қазақстанда жалпы саны 42335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 701-і акционерлік қоғамдар, 3714- і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-і мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріс-ке ұшыратып қоюға ғана жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға,өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны 705,4 млрд теңгеге жетті (2009ж.). Оның 41,5% -ы мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21,5 млн га оның ішінде дәнді дақылдар 15,7 млн га болды. Бидай 11,5 млн га, күріш 65,2 мың , жүгері 69 мың га қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал азық дақылдары 5,4 млн га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі – 12,4 млн т құрайды. Оның ішінде бидай 8,9 млн т, күріш 255,0 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, мақта 198мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1,5 млн т, көкеніс 880 мың теңге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкеністен 100.6 ц болады. (Қазақстан энциклопедиясы бойынша).
Қазақстанның
ауыл шаруашылығындағы
-
Тұтынушы шаруашылығы түрінде
, егер ол, тек қана жеке қажетті
- Егер ол өнімді өзі үшін өндіріп, ал артығын рыноктық құрылымдар арқылы сатса, онда аралас түрде.
-
Егер өнім сату үшін
- Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе бірлестіктер түрінде. Бұлардың әр тобы үшін әрқайсысының өзіне тән міндеттері шешілуге тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі де елдің ауыл шаруашылығының әлуметтік және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шағын түрлерін дамытуды өңірлік бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:
-
Картоптың және басқа
-
Құрама жемге; минералдық
2003-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік азық –
түлік бағдарламасының негізгі
мақсаты агроөнеркәсіптік
Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
елдің азық – түліктік
аграрлық бизнестің тиімді
ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту;
ауыл шаруашылығы өндірісін
Аграрлық азық – түлік
1) Халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуді және қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық деңгейін сипаттаушылар,
а) азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;
ә) ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;
б) мемлекеттің материалдық резервтер жүйесінде азық – түлік запастарының болуы;
в) ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерін өндірудің қажетті көлемін сипаттайтын шекті мәндер;
г) тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі;
2) Ауыл шаруашылығы өндірісін
және қайта өңдеудің дамытудың тиімділігінсипаттаушылар:
а) аграрлық бизнес пен қайта өңдеу
кәсіпорындары кірістерінің деңгейі;
б) ішкі азық – түлік саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігі;
в) сырқы сауда айналымы;
г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары сыйымдылығының теңдестірілуі;
ғ) халықты жұмыспен қамтудың өсуі.
3) Аграрлық
азық-түлік кешенін
шылар;
а) заңнамалық базаның агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-
теріне сәйкестігі;
ә) ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге
кедендік –тарифтік және салық режимі;
б) тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;
в) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүйесі.
г) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
қолдау мөлшерлері және тиімділігі.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік
қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер беруді (салықтар жеңілдіктері, борышты өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 2009 -2011 жылдармен салыстырғанда, абсалютті көрсеткіштерді 14,5 пайызға жоғары, алайда теңгеге есептегенде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2009 – 2011 жылдардағы 0,18 теңгеден 2012 жылы 0,16 теңгеге төмендеген. Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда – 1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен салыстырғанда (107,5$) 15 есе, Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам. ЕҚ-мен салыстырғанда (855$) 115 есе, Швейцариямен (4214$) салыстырғанда 570 есе төмен екенін көрсетіп отыр.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің АҚШ-та 70%-ына, Германияда 50%-ына, Жапонияда 75%-ына дотация беріледі. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл 1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі заемдарының есебінен жеңілдікті кредит беру арқылы ғана қолдау жасалып келді. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше назар аударылмаған.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына (бұдан әрі – ҰААЗО) жүктелген.Республиканың аграрлық ғылыми саласында 29 ғылыми-зерттеу иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық станциялар және 31 тәжірибелік шаруашылық бар, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар нысанында жұмыс істейді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді. Білім және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аграрлық - өнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлардың және микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану республикалық нысаналы бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 2001 жылы – 230 млн т, 2002 жылы – 406 млн теңге, ал 2001 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруді, «ұқсату мен сақтауды ғылыми қамтамасыз ету» салалық ғылыми – техникалық бағдарламасы бойынша 2001 жылы - 404,3 млн теңге, 2002 жылы - 404,43 млн теңге болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру көлемі 2001ж. - 28,6 млн теңге, 2002ж. - 36,8 млн теңге болған «Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың элиталық тұқымдарының гендік қорын сақтау тұқымдарды және асыл тұқымды жануарларды өсіру мен сату үшін элиталық тұқым өсіру мен мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына субсидия беруді «гендік қор» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырып келеді және гендік қорды шаруашылықты пайдалануды қамтамасыз ету және өндірілген тұқым шарушылығы мен асыл тұқымды өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін жауап болып отыр.
ІІ - ТАРАУ.
Өсімдік шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
Ауыл
шаруашылық дақылдарынан
Еліміздің нарықтық
Жер реформасының екінші кезеңінде ( 1994-1995 жылдары) жер туралы заңды нарықтық экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет меншігінде сақтай отырып,жерді пайдалануға сатып алу, сату заңдарын белгілеу енгізілді.
Жер
реформасының үшінші кезеңінде
(1995 жылдан бері қарай) жерге
жеке меншіктік заңдарды
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30% - нан астамын өндіруді қамтамасыз етеді. 1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317 мың гектар жер суарылды қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының ұйымдастыру іс-шараларының нашарлауына, ең алдымен қаржылық және материалдық – техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.
Ауыл
шаруашылығында суды пайдалануд
Суды
жеткізіп беру жөнінде
Жер
суландыру құрылыстарының
Оңтүстік
облыстардың сумен
Химияландыру
1987 жылға дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады. Әсіресе 1991 жылдан бастап күрт төмендегені байқалады.бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы минералдық коректің жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2000 жылы 6,7 мың тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.
1991
жылдан бастап дәнді
Топырақ
құнарлылығын сақтау және
Облыстарда
агрохимиялық қызмет
Минералдық
тыңайтқыштарды қолдану
2003 жылы 1333 мың га алқаптағы жерге агрохимиялық зерттеу жүргізу.
Отандық
ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің минералдық
Республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер мен гербицидтер арзандату жолымен оларды қолдануға субсидия беру.
Қазақстан Республикасының
Бұрын минералдық тыңайтқыштар
өндірген «Казфосфат», ЖШС, «
Минералдық тыңайтқыштар
Мемлекеттік білім беру
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі бағыттары;
Ауыл шарушылығы тауарын
«Қазақстантрактор» ААҚ (
Кейбір машина жасайтын
Тіркемелі кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін Қазақстандық кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып шығару игерілді; «ЗИНСТО» ААҚ-да трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш және шөп шабатын, агрегаттар шығару жолға қойылды. «Агромаш» АҚ (Астана) тұқым сепкіштер, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын құралдар шығаруды қайта қалпына келтірді. Бүгінгі күнде республикамызда ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар. Бұл зауыттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімнің 391 түрін шығарады. Зауыттардың 2002 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы кредиторлық және дебиторлық берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде кредиторлық берешек – 2,7 млрд теңге болады.1994 жылдан 1999 жылға дейін ауыл шаруашылығы іс жүзінде жаңа техника алған жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды қоса алғанда соңғы үш жылда барлығы 7279 бірлік техника сатып алынды, оның 1193-і трактор және 2388-і комбайн. Бұл республикадағы осы саланы техникалық жарақтандырылуына тұтас алғанда айтарлықтай ықпал етпейді.

- Егошихинский некрополь города Перми
- Егулирование внешнеэкономической деятельности
- Еда для космонавтов в экспозиционном комплексе Мемориального музея космонавтики
- Еда и этикет
- Еда как одежда. Экскурс в историю и практику создания одежды из еды
- Единая автоматизированная информационная система таможенных органов
- Единая автоматизированная информационная система ФТС России. Основные характеристики и элементы
- Египетские пирамиды для детей
- Египетские пирамиды как объект всемирного культурного исторического наследия
- Египетский «лабиринт»
- Египетский стиль в интерьере
- Египетский стиль в интерьере
- Египетское искусство
- Египетско-ливийская война