«Эйр Астана» АҚ-ның бағалы қағаздармен операциялары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті

Қаржы кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: «Эйр Астана» АҚ-ның бағалы қағаздармен операциялары

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Оқытушы: Тұрлыбекова А.

                                                                  Студент: Есжанова Б.О.

                                                                                   Жағапарқызы М

                                                          Мамандығы: Қаржы

                                                                                  Тобы: Ф10К2

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Алматы 2012

        

 

   Жоспар

 

1 «Эйр Астана» туралы жалпы мәлімет

 

2 «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры» және BAE Systems (Kazakhstan) Limited акционерлері

3 Акциялар және дивидендтер туралы ақпарат 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Эйр  Астана»  АҚ туралы

 

   Тарихы

«Эйр Астана»  әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші  рейсін 2002 жылдың 15-ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады. Рейстің ашылу салтанатына әуекомпанияның акционерлері болып табылатын Қазақстан  Республикасы үкіметінің және ұлыбританиялық BAE Systems компаниясының өкілдері –  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр  Ричард Эванс қатысты.

 

Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып  келеді.

 

Әуекомпанияның  жаңа буындық ұшақтарды пайдалану  арқылы ішкі және халықаралық әуетасымалдарды  қауіпсіздік пен сервистің өте  жоғары стандарттарына сәйкес орындау  миссиясы да тұрақты болып қалды. Бұл экономикалық дамуы өте қарқынды елдердің бірі болып саналатын Қазақстанның мұқтаждықтарын қанағатандырады.

 

«Эйр Астана»  – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық  авиация қауіпсіздігі агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына  сәйкес техникалық қызмет көрсететін әуекомпаниялардың бірі. 2011 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы IATA-ның (Әуе  транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі  Халықаралық аудиттен (IOSA) сәтті  өткен әуекомпаниялар регистрінде  ресми түрде тіркелді. Сонымен  қатар «Эйр Астана» 2007 жылдан бастап Қазақстаннан осы регистрде тіркелген  жалғыз әуекомпания болып табылады.

 

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста  жасалған 26 ұшақтан тұрады және олардың  орташа пайдаланым мерзімі 11 жылды  құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 50-ден астам ішкі және халықаралық  бағыттарды қамтиды. 3500-ге жуық жұмыс  орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыскерлер қатары негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан  құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны  авиация саласында 25 жылдан астам  басқару тәжірибесі бар Питер  Фостер басқарып келеді. Әуекомпанияның президенті Директорлар кеңесіне есеп береді.

 

Жақында әуекомпания  жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2016 жылға қарай 34 данаға, ал 2020 жылы 43 данаға дейін арттыру мақсатына  сай келеді.

 

Міндеті

Біз клиенттеріміздің талабына, компаниямыздың мүддесіне  және Қазақстан Республикасының  қажеттілігіне сай, қауіпсіздік  пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейлі стандарттарына сәйкес ішкі және халықаралық  бағыттар бойынша әуетасымалдау  қызметін ұсынамыз.

 

Мақсаттар мен құндылықтар 

Біз пайдалану қауіпсіздігінің  халықаралық стандарттарының жоғарғы  деңгейіне жетуге міндеттенеміз.

Біз жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі және қауіпсіздік  сенімділігі бойынша аймақтағы  жетекші әуекомпания боламыз.

Біз үнемі компания және клиенттеріміздің мүддесін ескере отырып, әуекемелер паркін және ұшу  бағыттарын кеңейтіп, қызмет көрсету  сапасын жақсартып және бизнес процестерді  жетілдіріп отырамыз.

Біз іскерлік этика  қағидаларын ұстана отырып, акционерлерімен, серіктестер, клиенттер және әріптестерімен қарым-қатынасты жауапкершілік негізінде  дамытамыз.

Біз «Эйр Астана»  командасын нығайтуға үлес қоскан қызметкерлердің, сіңірген еңбегі мен кәсіби біліктілігіне, жетістіктеріне қарай басын қосып, бағалап, сыйақы беріп қызметте өсулеріне  мүмкіндік туғызамыз.

Біз үзіліссіз оқыту  бағдарламасы арқылы әрбір қызметкердің жеке дамуы мен ортақ мақсаттарға  жетуі үшін барлық мүмкіндіктер жасаймыз.

Біз міндетерімізді іске асыру, сонымен қатар, қоғамдық, мәдени бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстандағы  мәртебесі жоғары компаниялар арасына  кіру үшін барлық күшімізді саламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корпоративтік құрылым

         Жалғыз акционер

 

 

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100 пайыз  акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына» меншікті.

 

«Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2008 жылдың 13 қазанындағы «Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығы  бойынша кейбір шаралар туралы»  №962 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 қазанындағы  «Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығын жүзеге асыру бойынша шаралар  туралы» №669 қаулысына сәйкес «Қазына» тұрақты даму қоры» мен «Самұрық»  мемлекеттік активтерді басқару  жөніндегі Қазақстандық холдинг» акционерлік  қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат  қоры» ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге кері әсерін тигізуі мүмкін факторлардың алдын-алу үшін құрылған.

Қор қызметінің негізгі  мақсаты ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар мен басқа  да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығы негізінде тиесілі акцияларының (қатысу үлесі) пакеттерін олардың ұзақ мерзімді құндылығын барынша көбейту  және әлем рыноктарындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басқару болып табылады.


Жалғыз  акционердің мақсаттары, «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ міндеттері мен көзқарасы

Акционердің мақсаттары

  • Құнның өсуі.
  • Тиімді инвестициялық портфельді қалыптастыру.
  • Басқару тиімділігін арттыру.

Міндеттері

  • Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін алынатын барынша көп пайданы қамтамасыз ету.
  • Компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Отандық тауарлар жеткізушілерді, жұмыстар орындаушыларды және қызметтер көрсетушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.

Компания  көзқарасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.

Стратегиялық  мақсаты

Әлемнің ең ірі 30 мұнай-газ компанияларының қатарына кіру.

Стратегиялық  басымдықтары

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде дамитын болады және олардың бейінді емес қызмет түрлерінің шығарылуын жүзеге асырады.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде дамитын болады және олардың бейінді емес қызмет түрлерінің шығарылуын жүзеге асырады.
  • Өзге секторларда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірісті жаңғырту және операциялар тиімділігін арттыру арқылы қолда бар мықты ұстанымдарын сақтап қалуға бар күшін шоғырландырады.
  • Стратегия ашық және күрделілігі төмен ұйымдық құрылымды енгізу, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының шеңберінде тиімділікті басқару мәдениетін дамыту есебінен іске асырылатын болады.
  • 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өздігінше жобалар операторы бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Акциялар және дивидендтер туралы ақпарат

НЕГІЗГІ АКЦИОНЕРЛЕР  ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЖДҚ ҰСТАУШЫЛАР

 

Акционер

Қарапайым акциялар

саны

Артықшылықты акциялар

Саны

Барлық орналастырылған

акциялар

Шығарылған акциялар саны

70 220 935

4 136 107

74 357 042

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ иелігінде

43 087 006

-

43 087 006

Шығарылған акционерлік

капиталдан пайыз

61,36%

0,00%

57,95%



 

- 2006 жылдың нәтижелері бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтің көлемі 27,73 теңгені құрады, барлығы 8 766 059 040 теңге сомасында дивидендтер есептелді және төленді;  
- 2007 жылдың нәтижелері бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтің көлемі 92,40 теңгені құрады, барлығы 29 209 331 000 теңге сомасында дивидендтер есептелді және төленді;  
- 2008 жылдың нәтижелері бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтің көлемі 92,59 теңгені құрады, барлығы 29 268 028 100 теңге сомасында дивидендтер есептелді және төленді;  
- 2009 жылдың нәтижелері бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтің көлемі 53 теңгені құрады, барлығы 16 940 104 200 теңге сомасында дивидендтер есептелді және төленді;  
- 2010 жылдың қорытындысы бойынша бір қарапайым дивидендтің өлшемі 117 тенге 68 тиынды құрады, барлығы 45 796 382 550 теңгеге дивиденд есептелді және төленді.  
ҚМГ ҰК жарияланған акцияларының саны – 391 216 739 дана  
ҚМГ ҰК орналастырылған акцияларының саны – 389 143 450 дана  
Кесімді құны – 500 теңге.  
      Бір жай акцияға есептегенде дивидендтің көлемі 92,59 теңгені құрады, барлығы 29 268 028 100 теңге сомасында дивидендтер есептелді және төленді; 

- 2010 жылғы І тоқсанның нәтижелері бойынша (31.03.2010 ж.): жарияланған акциялар – 415 487 527 дана;  
орналастырылған акциялар - 415 487 527 дана

«ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) өзінің жалғыз акционері саналатын  «Самұрық-Қазына» АҚ-на 2011 жылдың дивиденттерін  төледі. Бір қарапайым акцияға  есептегенде дивидент мөлшері 293,35 тенге  құрады.

Дивиденд төлеу  күні – 14 қыркүйек. Қазақстандық қор  биржасының (KASE) ақпаратына сайкес, 2012 жылдың 1 шілдеге сайкес ҚМГ орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы саны 484 150 770 дананы құрады. Тиісінше 2011 жылдың дивидтерін төлеу үшін 142 млрд тенге жіберілді.

Жарғылық капитал

Мерзімі

Шығарылған акциялар

Акциялар саны

Мың теңге

2010 жылғы 1 қаңтарға

72 559 851

 

Акцияларға опциондарды орындау нәтижесінде

сатып алынған меншікті акциялардың азаюы

5 927

 

Сатып алу нәтижесінде меншікті сатып алынған акциялардың ұлғаюы

(1 346 213)

 

2010 жылғы 31 желтоқсанға

71 219 565

 

Акцияларға опциондарды орындау нәтижесінде

меншікті сатып алынған акциялардың азаюы

12 302

 

Сатып алу нәтижесінде меншікті сатып алынған акциялардың ұлғаюы

   

2011 жылғы 31 желтоқсанға

   

 

Қарапайым акциялар мен олар бойынша дивидендтер эмитент  қалауы бойынша төленетін өтелмейтін басымдықты акциялар капитал ретінде  жіктеледі. Жаңа акцияларды шығарумен  тікелей байланысты үшінші тараптарға қызметтерді төлеуге арналған шығындар осы эмиссия нәтижесінде алынған  капитал кемуі ретінде көрсетіледі.

Жыл ішінде өзгерістер

Келесі кесте  ЖДҚ санын және ЖДҚ-ға («WAEP») АҚШ  долларында орындалудың орташа өлшенген бағасы мен жыл ішінде акцияларға арналған опциондардағы өзгерістерді береді:

 

2011

2010

Саны

WAEP

Саны

WAEP

1 қаңтарда айналымда

2 246 195

18,15

1 384 542

17,41

Жыл ішінде берілді

7 845

21,50

1 028436

19,27

Жыл ішінде орындалды

(73 810)

14,19

(35 561)

15,71

Жыл ішінде қолдану мерзімі бітті

(61 246)

19,44

(131 222)

19,11

Айналымда 31 желтоқсаннан

2 118 984

18,26

2 146 195

18,15

31 желтоқсанға орындалуы мүмкін

1 051 017

17,11

543 641

21,83


 

Қалған келісімшарттық орташа өлшенген мерзім, акцияларға арналған опциондар

бойынша 2011 жылғы 31 желтоқсанға 5,35 жыл (2010 жылы: 6,24 жыл) құрайды. 2011

жылғы 31 желтоқсанға  арналған айналымда опциондар бойынша  орындалу бағасының

ауқымы ЖДҚ үшін 13,00 – 26,47 АҚШ долларын (2010 жылы: 13,00 – 26,47 АҚШ доллары) құрады. EOP 1 және EOP 2 берілу күніне бағаланатын әділ құны бойынша үлестік құралдар негізінде  жоспарлар болып табылады.

Қазақстан Қор Биржасыныі талаптары бойынша 2010 жылғы 11 қазанда Қазақстан Қорлар Биржасы («ҚҚБ») жаңа листингілік талаптар бекітті, оларға сәйкес Компания жыл соңына айналымда акциялардың жалпы санына бөлінген өзге материалдық емес активтерді (7 ескертпе) шегерумен капиталдың жалпы сомасын ашуы керек. 2011 жылғы 31 желтоқсанға бір акцияға арналған осы көрсеткіш 18 437 теңге (2010 жылғы 31 желтоқсанға: 16 249 теңге) құрайды.

Шығарылуы жарияланған  акциялар

Шығаруға жарияланған  акциялардың жалпы саны 74 357 042 (2010 жылы: 74 357 042) құрайды. 2011 жылғы 31 желтоқсанға арналған жағдай бойынша шығарылуы жарияланған 43 087 006 (2010 жылы: 43 087006) акциялар Бас компанияға тиесілі. Компания акциялары атаулы құнға ие емес.

Меншікті сатып  алынған акциялар

Компания немесе оның еншілес  ұйымдары Компания акцияларын сатып алған жағдайда, көтерме салықты шегерумен мәміле жасағаны үшін тиісті шығындарды қоса оларды

 сатып алу құны оларды  жойған сәтіне немесе қайта  шығарғанға дейін сатып алынған  меншікті акциялар ретінде капиталдан  шегеріледі. Компанияның меншікті  үлестік құралдарын сатып алу,  сату, шығару немесе жойған кезде  қандай да бір табыс немесе  шығын жиынтық табыс туралы  есепте танылмайды. Осындай акцияларды  кейінгі сату немесе қайта  шығарған кезде алынған сома  капитал құрамына қосылады. Сатып алынған меншікті акциялар орташа өлшенген құны бойынша ескеріледі.

Дивидендтер

Дивидендтер міндеттеме ретінде танылады және егер олар есеп беру күніне дейін мәлімделген жағдайда ғана есептік күнге арналған капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер туралы ақпарат, егер ол есеп беру күніне дейін ұсынылса, сондай-ақ есеп беру күнінен кейін, бірақ қаржы есебі шығаруға бекітілген күнге дейін ұсынылған немесе жарияланған болса, есепте ашылып көрсетіледі. Қазақстандық заңнамаға сәйкес дивидендтер, егер Компания Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес дайындалған қаржы есебінде теріс капиталға ие болатын жағдайда немесе егер дивидендтерді төлеу нормативтік қаржы есебінде теріс капиталға келтіретін болса, жариялана алмайды. Кезең ішінде акционерлерге төленетін ретінде танылған акцияларға арналған жиынтық дивидендтер 2011 жылғы 16 мамырда тізілімде тіркеу күніне қарапайым және басымдықты акциялар бойынша акцияға 800 теңге (2010 жылы: акцияға 704 теңге) құрады.

Акцияларға негізделген  төлемдер бойынша операциялар

Компания жұмыскерлері (жоғары басшылықты қоса) акцияларға негізделген  төлемдер түрінде сыйақы алады. Жұмыскерлер олар үшін үлестік құралдармен сыйақы алатын қызметтер көрсетеді. Үлестік құралдарды шығару болатын жағдайларда және компания үлестік құралдар үшін сыйақы ретінде алған кейбір қызметтер сәйкестендіріле алмайды, бұл сәйкестендірілмейтін алынған (немесе алуға жататын) тауарлар немесе қызметтер акцияларға негізделген төлемдермен мәміленің әділ құны мен сыйақыны беру күніне алынған сәйкестендірілетін тауарлар немесе қызметтердің әділ құны арасында айырмашылық ретінде бағаланады. Әрі қарай осы сома тиісті үлгімен капиталданды құрылады немесе шығындарға жатқызылады.Олар бойынша есеп айырысу үлестік құралдармен жүзеге асырылатын қызметкерлермен мәмілелер құны, 2007 жылғы 1 шілдеден кейін берілген сыйақыларға қатысты оларды беру күніне арналған осы құралдардың әділ құнынан шығып бағаланады. Әділ құн Блэк – Шоулз – Мертон опциялық баға түзу үлгісін пайдаланумен анықталады. Үлестік құралдар негізінде мәмілелер бойынша шығындар ол кезінде нақты мерзім қызметтерінің шарттары орындалатын кезең ішінде бірдей уақытта капиталда тиісті ұлғаюмен танылады. Осы мәмілелер бойынша жиынтық шығындар сыйақы ретінде берілетін үлестік құралдардың санына қатысты Компанияның ең үздік бағалауы негізінде өткен кезеңге пропорционал

міндеттемелерді өтегенге дейін  әр есептік күнге танылады. Кезең  ішінде жиынтық табыс туралы есепте шығын немесе табыс өзімен кезең  басы мен соңына танылған жиынтық  шығынның өзгеруін білдіреді. Үлестік  құралдармен сыйақы бойынша құқығы қызметкерлерге қорытынды өтпесе, шығын  танылмайды. Егер үлестік құралдармен  төленетін сыйақы жойылса, ол, оған деген құқық жою күніне өткен  ретінде есептеледі. Бұл жағдайда сыйақыға қатысты танылмаған барлық шығындар бірден танылады. Бұл сондай-ақ оларға қатысты, егер компания немесе қызметкер осы шарттарға әсер ете алмаса, құқықтар берілуін қамтамасыз етпейтін сыйақыларға қатысты болады. Олар бойынша есептеулер үлестік  құралдармен жүзеге асырылатын мәміле бойынша сыйақыларды жоюдың барлық шарттары бірдей ескеріледі. Құқықтар алу арқылы сыйақыларды жойған жағдайда бұрын алдын ала танылған кез  келген шығындар капитал арқылы сторнирленеді. Орындалмаған опциондердің айыру әсері  акцияға табыс көрсеткішін есептеу  кезінде акцияны қосымша ажырату  ретінде көрсетіледі.

 

 

Дивидендтерге салық  салу

Акциялар немесе ЖДҚ бойынша  дивиденд алатын Ұлыбританиядан ұстаушы  төлеу көзінде қазақстан салық  есебіне қандай да бір соманың  болуын есепке алып төлем көзінде  қазақстандық салықты шегергенге

дейін төленген дивидендтің  жаппай сомасына (жағдайға байланысты) Ұлыбританияның табыс немесе ұжымдық  салығын төлеуге міндетті болуы  мүмкін. Ұлыбританиядан ұстаушы –  Ұлыбритания резиденті болып  табылып және Ұлыбританияда тұратын  жеке тұлға акциялар немесе ЖДҚ бойынша

төленген дивидендке Ұлыбритания  табыс салығын төлейтін болады және алынған дивидендтен тоғыздан бірге  тең өтелмейтін салықнесиесіне құқығы болады. Ұлыбританиядан ұстаушы –  резидент болып табылатын, бірақ  Ұлыбританияда тұрмайтын және қаражатты  аудару негізінде Ұлыбританияның салық салуына құқығы бар жеке тұлға дивиденд аударылған немесе Ұлыбританияға аударылған деп саналатын шамада акциялар немесе ЖДҚ бойынша төленген дивидендке Ұлыбританияның табыс салығын төлейтін болады, сондай-ақ алынған дивидендтен тоғыздан бірге тең өтелмейтін салық несиесіне құқығы болады. Ұлыбританиядан акцияларды ұстаушы, Ұлыбританияның компания – резиденті болып табылып, салықтан бас тартуға қарсы анықталған ережелерге қатысты жағдайлардан басқа кезде акциялар немесе ЖДҚ бойынша төленген дивидендке ұжымдық салықты төлеуге жатпайды.

Шеттету немесе шартты шеттету кезінде салық салу

Ұлыбританиядан акциялар немесе ЖДҚ ұстаушыдан үлесті шеттету салық салынатын табысқа немесе Ұлыбританиядан Ұстаушының жағдайына байланысты және салық салудан бостатылуға жататын Ұлыбританияда алынатын табысқа салық салу мақсатында рұқсат етілген шегеруге әкелуі мүмкін. Жеке тұлға болып табылатын және Ұлыбританияда тұратын Ұлыбританиядан ұстаушы акциялар немесе ЖДҚ үлесті шеттеткен кезде салық салынатын табысқа капитал өсуіне Ұлыбритания салық төлеуге міндетті. Жеке тұлға болып табылатын және Ұлыбританияда тұрмайтын және қаражат аудару негізінде Ұлыбританияда салық салыну құқығына ие Ұлыбританиядан ұстаушы акциялар немесе ЖДҚ үлесті шегерген кезде алынған салық салынатын табыс Ұлыбританияға аударылған немесе аударылған боп саналатын шамада капитал өсуіне Ұлыбритания салығын төлейтін болады. Атап айтқанда ЖДҚ-дан Лондон қорлар биржасында мәмілелер табыс аударылуына әкелінуі мүмкін, ол сәйкес Ұлыбританияда капитал өсуіне салық салынатын болады. Жеке тұлға – акция немесе ЖДҚ ұстаушы, резидент болуды тоқтататын немесе кемі толық бес жыл ішінде Ұлыбританияда тұрмаса салық мақсатында осы акциялар немесе ЖДҚ

осы кезең ішінде шеттетеді, Ұлыбританияға қайтып келген жағдайда шеттету кезінде Ұлыбритания  резиденті болмаған және онда тұрмаған уақытына қарамастан капитал өсуіне Ұлыбританияда салық төлеуге  міндетті. Заңды тұлға болып табылатын  Ұлыбританиядан ұстаушы акция немесе ЖДҚ сатудан алынатын кез келген табысқа салынатын салықты Ұлыбританияның ұжымдық салығын төлейтін болады.

Қызметкерлерге  арналған опциондық бағдарлама

Жыл ішінде қызметкерлерге көрсетілген қызметтермен байланысты Компания қызметкерлеріне арналған опциондық бағдарлама бойынша танылған шығын 407 779 мың теңге (2010 жылы: 309 987 мың теңге)

құрайды.

Қызметкерлерге  арналған опциондықбағдарлама бойынша  жоспарлар

1 опциондық бағдарламаның  жоспарына сәйкес («EOP 1») басшы қызметкерлерге беру сәтіне ЖДҚ нарықтық құнына тең орындалу

бағасымен жаөандық депозитарлық таратылымдар (ЖДҚ) бойынша опциондар  берілді.Опциондарды орындау қызметті жүзеге асыру шарттарына байланысты болмайды және 3 жыл ішінде әр жылы берілген опционның 1/3 құқық береді және құқық берген күннен бастап бес жыл ішінде орындала алады. 2 опциондық бағдарламаның жоспарына

сәйкес («EOP 2») акцияларға берілген опциондар тәуелсіз директорлардан басқа Компанияның түйінді қызметкерлеріне, жоғары басшылығы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне ынталандыру мен марапаттау үшін беріледі. Опциондарды орындау бағасы берілу күніне арналған ЖДҚ нарықтық бағасына тең. Осы опциондарды орындау қызметті жүзеге асыру

шарттарына қол жеткізуге  байланысты болмайды. 2007 жылғы 1 шілдеге  арналған немесе осы күннен кейінгі  жағдай бойынша берілген опциондарға беру жылының үшінші жылдығына құқық береді және құқықты берген күннен бастап бесінші жылдыққа дейінгі мерзімде орындалуға жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Акцияға табыс

 

 

2011

2010

Айналымдағы барлық акциялардың  орташа өлшенген саны

70 803 127

72 561 873

Жыл ішінде табыс

208 930 886

234 501 890

Акцияға негізгі және ажыратылған  табыс

2,95

3,23


 

Жоғарыда келтірілген  ашу әдеттегі және басым акцияларды ашады, себебі басым акциялардың иелері қарапайым акциялардың иелеріне ұқсас акцияға арналған табы сты таратуға қатысудың тең құқығына ие, бұл акциялардың екі класы үшін акцияларға арналған ұқсас табысқа әкеледі.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР

Компанияның инвестициялық  қызметіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

• Қазақстанда құрлықта сатып алу үшін қол жетімді жаңа активтердің шектеулігі.

• Ірі халықаралық мұнай-газ компаниялары тарапынан мұнай-газ активтеріне қол жеткізуде бәсекелестіктің артуы.

• ҚМГ БӨ Қазақстанға  теңіз жобаларына қатысу мүмкіндігін  беретін меншікті тиімділігі жоғары сервистік сараптаманың, сондай-ақ тартымды шетел жобаларында жоқтығы;

• Қолданыстағы кен орындарын  қазу немесе мұнай мен газдың дәстүрлі емес көздерін қазу тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдану саласында меншікті сараптаманың шектеулігі немесе болмауы.

• Жаңа активтерді бағалау  және тиімді басқару үшін техникалық және білікті еңбек ресурстарының болмауы.

• Сатып алу үшін активтерді таңдау процесінің мөлдір еместігі. Бұдан басқа, ҚМГ БӨ Қазақстан Үкіметі бақылайтын ірі мұнай-газ өндіруші компания болып табылады. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тұлғасында мемлекет пен ҚМГ ҰК бүтін мемлекет мүддесінде ҚМГ БӨ акционерлерінің мүдделеріне қайшы келетіндей ҚМГ БӨ әсер ете алады.

Осы барлық факторлар жеке және бірігіп жобалардың тартымдылығын жете бағаламауға асыра бағалауға, тиімсіз инвестициялық шешімдерге әкелуі мүмкін, бұның салдарынан қорлар деңгейі қысқарып Компания құны құлдырайды.

 

 

 

 

 

 

«КазМунайГаз» АҚ - «Халықтық IPO» Бағдарламасына қатысушы

 

ҚМГ БӨ компаниясының  акцияларын ұстап отырғандар компанияның  құнды қағаздары сатылымға шығарылған сәттен ең көлемді дивиденд төлемдеріне  қол жеткізетін болады. Бір акцияға  төленетін қаржы 1300 теңгеге жетеді. Жалпы шараға 90 млрд. жұмсау жоспарланды. 
         ҚМГ БӨ компаниясының акционерлері құрылым IPO жүргізген сәттен ең көлемді дивиденд төлемдерін жүргізуді жоспарлап отыр. 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 615 млн. долларға жетеді. Ақпаратты Интерфакс компанияның ресми баспасөз-мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, таратты. Бір қарапайы және артықшылықты акцияның құны 1300 теңге етіп бекітілді. Жалпы шара 90 млрд. теңге жұмсау жоспарланып қойған. Бұл өткен жылғы төлемнен 62,5 пайызға артық болып отыр. Аталған IPO 2006 жылдан бері қарай ең ірісі болып табылады. ҚМГ БӨ елдегі ҚМГ Ұлттық компаниясының еншілес құрылымы болып табылады. Ол 2004 жылдың наурыз айында құрылған еді. Компания Ұлттық «Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» құрылымдарының бірігуі арқасында пайда болды. Ол, елде мұнайды өндіріп, барлап отырған 3 ірі компанияның құрамына кіріп отыр. Оның құнды қағаздары Қазақстан және Лондон қор биржаларында саудаланып келеді. «КазМунайГаз» АҚ - «Халықтық IPO» Бағдарламасына қатысушы компания.

Қатысушы компаниялар  – бұл тұрақты компаниялар, олардың  акцияларының құны ұзақ мерзімді перспективада  өседі. Бұл тұрақтылық инвесторларды  тартады, өйткені оларға деген сұранысты  ұстап тұрады, ал бұл бағаның да ұсталып тұратынын білдіреді.

«Эйр Астана» АҚ-ның бағалы қағаздармен операциялары