Экология гылымы туралы малиметтер
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
- Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
- Заңды тұлғалар.
- Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
- Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
- Ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері
Экологиялық құқықтың аса күрделі
және көпжақты институттарының бірі
табиғат пайдалану құқығының
институты болып табылады. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңына
сәйкес меншік күқығы тек жер қорына
ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман,
жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа
тек пайдалану құқығында ғана
беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың
аса көп мөлшері табиғат
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік
мағынасында — табиғат
Субъективтік мағынасында
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру
негіздерінің бірі — бүл табиғи
ресурстарды пайдалануға
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи
ресурстарды пайдалану
Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;
Су объектілерін ластануға және
бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті
химиялық және биологиялық заттар мен
радиоактивтік материаддарды
1-3 -топтағы қауіптілігі бар
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.
Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен
табиғи ресурстарды пайдалану
Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға об- лыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың — Алматы, астана — Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.
Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;
Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;
Қоршаған ортаның ластануына берілетін
лимиттер мен квота- ларды жергілікті
өкілді органдар (мәслихатгар) және облыстардың
әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері)
Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі
облыстар (республикалықмаңызы бар
қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал
табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі белгілейтін
Табиғат пайдалану құқығының
Адамның өмірі мен денсаулығын
қорғаудың басымдығы халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы
қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру. Бүл табиғат пайдалану
кезінде бірінші кезекте
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметгік және өзге де мүдделерін ескеру дегеңді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды, ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқа- рас қана бүгінгі үрпақгың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақгар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.
Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу жөне қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар био- логиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақгауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік ретгеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бүзғаны үшін жауапкершіліктің ымыра- сыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
ҚР-ДА ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Табиғатты пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттестіктің бірі болып табылады. ҚР Экологиялық кодексінің 10 б. 1 п. сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. Ол қоршаған табиғи ортаның адам және қоғамға пайдалы қасиеттерін экологиялық, экономикалық, мәдени-сауықтыру, адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін алу болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада табиғи қорларды ұсыну және қайтып алу (сатып алу) тәртібін, пайдалану шарттарын, табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығы субъективті мағынада - бұл нақты табиғатты пайдаланушының табиғи қорды игеру және пайдалану бойынша экологиялық заңнамамен бекітілген құзіреттіліктерінің жиыны.
Табиғатты пайдалану объектілері ретінде табиғи ресурстар - жер, жер қойнауы, су телімдері, жануарлар және өсімдіктер әлемінің объектілері саналады.
Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері табиғатты пайдаланушылар болып табылады.
ҚР Экологиялық кодексінің 1 б. 71 п. сәйкес табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. (Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар - ластаушы заттарды шығару, лақтыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қоршаған ортаға шығару, зиянды физикалық әсерлер, күкіртті қоршаған ортаға ашық түрде шығару және сақтау (ЭК 1 б. 43 п.)).
Табиғатты пайдаланушылар бола алады:
- тұрақты (табиғатты пайдалану құқығы мерзімсіз) және уақытша (табиғатты пайдалану құқығы анықталған мерзіммен шектелген);
- алғашқы (табиғатты пайдалану құқығы мемлекеттен немесе басқа алғашқы табиғатты пайдаланушылардан осы құқықты иесіздендіру немесе құқықтың бір тұлғадан екіншісіне ауысуы тәртібі арқылы алынған) немесе екіншілік (табиғатты уақытша пайдалану құқығы келісім-шарт негізінде алғашқы табиғатты пайдаланушыдан алынған, алғашқы табиғат пайдаланушы осы мәртебені сақтап қалады).
Табиғатты пайдаланушылардың тағы бірнеше жіктемесін көрсетуге болады.
Ұлттық табиғатты пайдаланушыларға ҚР азаматтары және қазақстандық, соның ішінде шетелдік қатысумен, заңды тұлғалар, ал шетелдік табиғатты пайдаланушыларға - шетелдік азаматтар, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық одақтар мен ұйымдар жатады.
Табиғатты пайдалану құқығының мәні - бұл табиғатты пайдаланушыларға заң бекіткен тәртіпте ұсынған және өзара байланысты болатын табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құзіреттіліктерінің жиынтығы.
Табиғатты пайдалану құқығының мазмұнын табиғатты пайдаланушының құқықтары мен міндеттері құрайды.
Барлық табиғатты пайдаланушылар үшін жалпыға бірдей құқықтар болып табылады:
- табиғи ресурсты мақсатқа сәйкес пайдалану құқығы;
-шаруашылық немесе тағы басқа іс-әрекет амалдарын өз бетінше таңдау құқығы;
- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін алуға немесе сатып алуға байланысты келтірілген шығынды өтеу құқығы;
- табиғи қорды пайдалану процесіне заңсыз араласудан қорғану құқығы және т.б.
Табиғатты пайдаланушылар міндетті:
- табиғи ресурстарды мақсатқа және оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
- шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетке қойылатын экологиялық талаптарды, қоршаған орта сапасының нормативтерін, қолданыстағы стандарттарын және техникалық шарттарын сақтауға;
- ұсынылған табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және басқа табиғатты пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
- табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғау және қалпына келтіру үшін бекітілген төлемді уақытында төлеуге;
- қоршаған ортаны қорғау облысында бақылауды жүзеге асыратын органдардың талабы бойынша қажетті ақпаратты ұсынуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тағы басқа талаптарды орындауға.
Табиғатты пайдалану құқығы субъектілерге келесі негізде беріледі:
- табиғи ресурстарды пайдалану және алу, қоршаған ортаны қорғау облысында іс-әрекеттің дербес түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиялар мен (немесе) рұқсаттар;
- табиғи қорларды табиғатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңдары бекіткен тәртіпте беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
- Қазақстан Республикасының заң актілері бекіткен тәртіпте жасалатын табиғатты пайдалану келісімдері (келісім-шарттары).
Табиғатты пайдалану құқығы әртүрлі негізде тоқтатылуы мүмкін. Табиғатты пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
- табиғатты пайдаланушының табиғатты пайдаланудан өз еркімен бас тартуы;
- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін қайтып алу;
- табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзімнің өтіп кетуі;
- аталған табиғи ресурсты пайдалану аймағында тұратын адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнуі;
- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін жүйелі түрде бұзуы;
- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты заңнамада немесе табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзім аралығында пайдаланбауы;
- заңды тұлғаның - табиғатты пайдаланушының жойылуы;
- физикалық тұлғаның - табиғатты пайдалануышының өлімі;
- табиғи ресурсты пайдаланғаны үшін бекітілген төлемдерді жүйелі түрде төлемеу;
- табиғатты пайдалану рұқсатында арнайы айтылған, олар бола қалған жағдайда табиғатты пайдалану құқығының тоқтатылуы қарастырылған тағы басқа шарттардың туындауы.
Қорытынды:
Табиғатты пайдалану құқығы
объективті мағынада табиғи ресурстарды
ұсыну және қайтып алу (сатып алу)
тәртібін, пайдалану шарттарын, табиғатты
пайдаланушылардың құқықтары
Табиғатты пайдалану құқығы субъективті мағынада - бұл нақты табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты игеру және пайдалану бойынша экологиялық заңнамамен бекітілген құзіреттіліктерінің жиыны.
- қазақстан республикасында табиғатты пайд
алану құқығының ұстанымдары
Табиғатты пайдалану құқығы келесі ұстанымдарға негізделеді:
1) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басымдылығы ұстанымы. Бұл ұстаным табиғатты пайдаланушы табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында, ең алдымен, тұлғаның экологиялық мүдделерін, жеке тұлғалардың өмір сүру және денсаулық үшін жайлы қоршаған ортаға құқығын, содан соң ғана өз мүдделерін ескеруі қажет екендігін білдіреді.
2) Қоршаған ортаның ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени мәні бар биологиялық әртүрлілігі мен объектілерін қорғауды қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, егер шаруашылық және тағы басқа іс-әрекет саласында табиғи ресурстарды пайдалану кезінде аталған объектілер кездесетін болса, онда оларға: сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерге, табиғи ескерткіштерге және тағы басқа айрықша қорғалатын объектілерге ерекше назар аударылуы қажет.
3)Табиғатты пайдаланудың мақсаттылық ұстанымы. Мемлекет табиғи ресурстарды жеке табиғатты пайдаланушыларға анықталған мақсаттар үшін ұсынады, олар міндетті түрде табиғатты пайдалану құқығы рұқсаттарында белгіленеді. Мысалы, азаматқа жер телімін пайдалануға беру кезінде мақсат - шаруа қожалығын басқару - әкімшілік беретін жерді пайдалану құқығы актісінде көрсетіледі. Ұсынылған табиғи ресурстарды мақсатсыз пайдалану заңнаманы бұзу ретінде қарастырылады және табиғатты пайдалану құқығын тоқтатуға және қайтарып алуға әкеліп соқтырады.
4) Табиғи ресурстарды орынды пайдалану, қалпына келтіру және олардың тұтастығы ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, табиғатты орынды, ойластырып, үнемді пайдалану, жойылған табиғи ресурстарды, мүмкіндік болса, қалпына келтіру немесе тең бағалы өтем жасау міндеттілігі. Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды қалпына келтіру өзара үздіксіз байланыста болуы қажет: тек сонда ғана табиғи ресурстарды қорғау мүмкін болады.
5) Табиғатты пайдаланудың ғылыми негізделгендік ұстанымының мәні, табиғи ресурстарды пайдалану табиғаттың даму заңдылықтарына сүйенеді, экономикалық және экологиялық мүдделерді біріктіреді.
6) Табиғи ресурстың ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Табиғатты пайдалану табиғи объектілердің және ресурстардың өзіне тән ерекшелігін - қалпына келу мүмкіндігін (өсімдік және жануарлар әлемі), қалпына келмеуін (пайдалы қазбалар) ескере отырып жүзеге асырылуы қажет және т.б. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық тұрғыда рұқсат етілетін шектері, шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетті жүзеге асырудың шектеулері, нормативтері және ережелері бекітілуі қажет. Мұндай жағдайларда лимиттеу және квоталау қолданылады. Оларды қолдану себебі, өкінішке орай, табиғи ресурстардың басым бөлігі таусылатын және тіпті қалпына келмейтін болып табылады.
Табиғатты пайдалану лимиттері мен квоталары табиғатты пайдаланушылар үшін табиғи ресурстарды анықталған мерзімде шектік пайдаланудың (алудың), қоршаған табиғи ортаға шығарылатын және лақтырылатын ластаушы заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың бекітілген көлемдері болып табылады.
Лимиттердің екі түрі бар:
- Қоршаған ортаны ластау лимиті – шығарылатын ластаушы заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің шектері, сонымен қатар қоршаған ортаға шудың, вибрацияның, магниттік өрістердің және тағы басқа физикалық әсерлердің жайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі ықпалдары;
- Табиғи ресурстарды алу лимиттері – табиғи ресурстарды мүмкін болатын мөлшерлік пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық ресурстардың табиғи қалпына келуі бұзылмайды және пайдалы қазбаларды орынды пайдалануға кепілдік беріледі.
Квоталар да екі түрге бөлінеді:
- Ластау квоталары – нақты табиғатты пайдаланушыға анықталған мерзімге берілетін ластау лимитінің бір бөлігі;
- Табиғи ресурстарды алу квотасы - нақты табиғатты пайдаланушыға анықталған мерзімге берілетін алу лимитінің бір бөлігі;
Қазақстан
Республикасының Үкіметі
ҚР
Үкіметі табиғи ресурстардың саны жойылуға
жақындаған жағдайларда табиғатты
пайдалану лимиттері мен
- Қоршаған табиғи ортаның барлық құрамдас бөліктерінің өзара байланысын және олардың тағайындалуын ескеру ұстанымы. Табиғи ресурстар бір-бірімен өзара әрекеттестікте болады, сондықтан мұндай өзара байланысқа назар аудармау келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, су объектілерінің жанындағы орман ресурстарын шабу ең соңында судың тартылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан табиғатты пайдалану кезінде мұндай жағдайлар ескерілуі қажет.
- Табиғатты пайдаланудың кешендік сипаты ұстанымы жоғарыдағы ұстанымнан шығады. Оның мәні, табиғи ресурстар олардың бір-біріне тәуелділігін және өзара әрекеттестігін ескере отырып пайдаланылуы қажет және сонымен қатар бір табиғи байлықты дұрыс пайдаланбау екіншісіне орны толмас зиян тигізуі мүмкін.
9) Арнайы табиғатты пайдалануды лицензиялау ұстанымы.
Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған табиғи ортаға кез келген қауіпті болуы мүмкін әсер рұқсат ету тәртібі бойынша жүзеге асырылуы қажет, яғни табиғатты пайдалануға рұқсат немесе лицензия алу қажет.
Табиғатты пайдалану құқығын лицензиялау - мемлекет табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыра алатын тәсіл, ол табиғатты пайдалануға рұқсат беру арқылы орындалады.
Табиғатты пайдалану рұқсаты табиғатты пайдаланушыға қоршаған ортаны қорғау облысында арнайы өкілетті мемлекеттік орган беретін және табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану (алу), қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару және лақтыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын, табиғатты пайдаланудың нақты мерзімдері мен көлемдері, нормалары, шарттары және қолданылатын технология көрсетілген құжат болып табылады.
Табиғатты пайдалану рұқсатында әдетте мыналар бар:
- табиғатты пайдалану рұқсатының иесі туралы мәліметтер;
- табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
- табиғи ресурстың сипаттамасы;
- табиғатты пайдалану рұқсатының жарамдылық мерзімі және табиғатты пайдалану операцияларының басталу уақыты;
- табиғатты пайдаланғаны үшін төлем шарттары;
- табиғатты пайдаланудың түрлері, өлшемдері, көлемдері және тәртібі;
- табиғатты пайдалануға рұқсат алған тұлғаның міндеттері;
- тағы басқа қажетті мәліметтер.
Табиғатты пайдалану рұқсаттарын (лицензияларын) үш түрге бөлуге болады:
- табиғи ресурстардың жеке түрлерін пайдалану құқығына рұқсат беру;
- қоршаған табиғи ортаға қалдықтарды орналастыру, зиянды заттарды шығару, лақтыру, қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму құқығына рұқсат беру (экологиялық рұқсаттар).
Экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат (ҚР ЭК 1 б. 98 п.).
ҚР Экологиялық кодексінің 68 б. сәйкес экологиялық рұқсаттар екі түрге бөлінеді:
1) қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсаттары (жеке рұқсаттар беріледі: а) зиянды заттарды шығаруға, б) лақтыруға, в) қоршаған ортаға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға, г) зиянды физикалық әсерлер);
2) кешенді экологиялық рұқсаттар (табиғатты пайдаланушының ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу және ҚР экологиялық заңнамасы бекіткен эмиссиялардың техникалық меншікті нормативтерін сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды шығару құқығын куәландыратын жалпы құжат болып табылады);
3. кешенді табиғатты пайдалану рұқсаттары, яғни табиғи ресурстардың бірнеше түрін бір уақытта пайдалану.
- Табиғатты пайдаланудың экологиялық кауіптілігінің презумпциясы ұстанымы. Жорамалдап айтқанда, табиғи ресурстарды пайдалану бойынша кез келген іс-әрекет қоршаған табиғи ортаға, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарына және заңды мүдделеріне қандай да бір дәрежеде зиян тигізеді. Шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау және жүзеге асыру осы ұстанымды басшылыққа алуы қажет.
- Қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерді бағалау ұстанымы. Табиғи ресурсты пайдаланудың алдында қоршаған табиғи ортаға зиян тигізу ықтималдығын алдын-ала қарастырған жөн.
- Табиғатты пайдаланудың экологиялық сараптамасының міндеттілігі ұстанымы. Табиғатты пайдалану көп жағдайларда экологиялық қауіпті болғандықтан, міндетті түрде табиғатты пайдалану бойынша іс-әрекеттің барлық жобаларында экологиялық сараптама өткізген дұрыс.
- Экологиялық нормалау ұстанымы. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады. (ҚР ЭК 22 б.). Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi. Табиғатты пайдалану бекітілген нормативтер шегінде жүзеге асырылуы тиіс.

- Экология г. Якутска
- Экология ғылым ретінде
- Экология ғылымы
- Экология ғылымының даму тарихы
- Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
- Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
- Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері
- Экология городов
- Экология городов
- Экология городских рек
- Экология городской среды
- Экология городской среды
- Экология Городской среды
- Экология гражданской авиации