Экология ғылым ретінде
Қолданбалы экология - экология ғылымы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтаждын өтеу баысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп өндірісііі, ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимялық, рекроциондық, технологиялық және тағы басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау, көздеріне Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.
Экология
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Экология.
Экология.
Экология.
Экология.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын организмдер кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары,
бұған дейін негізінен биолог
мамандардың арасында ғана
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
1) ең жалпылама түрде
– қоғамның география,
2) адамзат қоғамының табиғи
ортамен әсерлесуін және өзара
байланыстылығын зерттеу
3) жекелеген әлеуметтік
топтардың табиғатпен қарым-
4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.
Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология – негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара организмдер деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара организмнің немесе белгілі бір түрге жататын организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология (популяциялық Экология) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроорганизмдерден тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған организмдер топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация, Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады. [1][2]Мазмұны [жасыру]
1 Тарихы
2 Түрлері
3 Жаңа ғылым салалары
4 Экология ғылымының сақтануы
4.1 Экология ғылымының
казіргі басты стратегиялық
5 Дереккөздер
[өңдеу]
Тарихы
Толық мақаласы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
[өңдеу]
Түрлері
Теориялық экология — тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.
Іргелі экология — биосферадағы тірі организмдер мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.
[өңдеу]
Жаңа ғылым салалары
Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3]
Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
[өңдеу]
Экология ғылымының сақтануы
Қазіргі жалпы экологияның
негізгі зерттеу нысандары
1) организмдердің әр түрлі топтарының (популяциялардың, түрлердің және т.б.) сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынастарын және олардың тіршілік ортасына әсер ету заңдылықтарын зерттеу;
2) биоценоздардағы көптеген
түрлер популяцияларының бір-
3) тіршілік ортасы мен популяциядағы дара сандарының бір-біріне тәуелділігін зерттеу;
4) популяциялардағы тіршілік үшін күрес заңдылықтары мен табиғи сұрыпталу бағыттарын зерттеу;
5) орта жағдайларының
6) адамның табиғатты тиімді
пайдалану жолдарын және орта
жағдайларына антропогендік
7) ауыл шаруашылығы
8) өндіріс процестеріне жаңа қалдықсыз технология тәсілдерін кеңінен енгізуге арналған зерттеулер жүргізу.
[өңдеу]
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
Экология ғылымының казіргі
басты стратегиялық міндеті —
биосфераның құрамды бөлігі ретінде
адамзат қоғамының табиғатпен өзара
карым-қатынасының
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу. [4]
1 тарау. Экология ғылымына кіріспе. Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері
1.1 Экология ғылымының тарихы
1.2 Экологияның негізгі заңдары
1.3 Экология ғылымының зерттеу әдістері
2 тарау Экология –ғылыми сала
3 тарау Экологиялық білім беру , тәрбиелеу және экологиялық көзқарас
Әдебиеттер тізімі
Студенттердің өз бетімен жұмысына тапсырма
Глоссарий
ЮНИТА 2
Дидактикалық жоспар
1 тарау. Экология ғылымына кіріспе. Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері
Бұл тарауда экология терминінің ғылымға енуі, оның анықтамасы, мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Экология ғылымының ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске ұшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.
1.1 Экология ғылымының тарихы
Ең ежелгі ғалымдардың бірі –экология өркениетінің алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәніне ие болған. Себебі отбасының, рудың тайпаның игілігі ғана емес, оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі, экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі, экология ғылымының өрлеу кезеңідері сиппаталады.
1.2 Экологияның негізгі заңдары
Бұл бөлімде экологияның негізгі заңдары биосферанаң ауысымсыздық заңы, атомдардың биогенді миграцияся заңы, Реди ұстанымы, Ағза -орта бірлігінің заңы, энергия ағымының бір бағыттылығы заңы, Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы, Р.Линдеманның 10 пайыз заңы, төзімділік заңы, оптимум заңы, шектеуші фактор заңы, Гаузенің ерекше ұстанымы, Коммонер заңдары баяндалады.
1.3 Экология ғылымының зерттеу әдістері
Экологиның негізгі зерттеу әдістері далалық , лабараториялық және эксперименталдық әдістеріне сипаттама берілген.
2 тарау Экология –ғылыми сала
Экология ғылымының негізгі салалары ,биозкология зерттеу бағыттары : аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, сонымен қатар адам экологиясына, геоэкологияға, нооэкологияға , ғаламдық экологияға сипаттам берілген.
3 тарау Экологиялық білім беру , тәрбиелеу және экологиялық көзқарас
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б. Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.
1 тарау. Экология ғылымына кіріспе
Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері
«Экология»терминін 1866 жылы Э.Геккель ғылымға алғаш енгізген .Экология термині гректің ойкос-үй, тұрақ, мекен логос-ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен тұралы ғылым деген мағына береді. Тірі оргонизімдердің бір-бірімен қарым-қатынасының байланысын айнала қоршаған ортасымен,тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерітеу аясын,мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті.Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым- қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зеріттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына топырақ құмды абиотикалық факторларға баиланысты организімдердің беймділігі географиялық зеріттеулерге ұласады.
Экология-организімдердіің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен зеріттеумен қатар табиғатты өзгерістерді,құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс- әрекестімен үйлестіре отырып зеріттейтін ғылымдар жыйынтығы.
Экология ғылымының ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам ,қоғам, табиғат арасындағы қарым- қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адам - нооэкологиялық тұрғыдан енгізу.
Экология ғылымының зеріттеу нысаны- биологиялық және географиялық микро және микро –экожүиелердің уақыт пен кеңсістікке тіршілік ырғысы.
Экология ғылымының негізгі зеріттеитін мәселелері
-организімдердің бір-бірімен қарым- қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы,
-биоценоз,экожүиелерді уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер
-табиғат ресурстары, оны тиімді паидалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері,
-адам, қоғам, табиғат арасындағы
гармониялық байланыстарды
- биосфера шегіндегі
- биосферадағы тіршілікті
қалыпты сақтауды ғаламдық
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мне тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет- ғұрпын қалыптастыру, -экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады.
Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске ұшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.
Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынау полигоны мен Арал апаты тікелей көрсетіп отыр.
СӨЖ, мазмұны
1.1 Экология ғылымының тарихы
Барлық энциклопедеиялар мен анықтама- сөздіктерден біз экология терминін 1866ж. ірі неміс зоологы Эренст Геккельдің ұсынғандығын оқимыз .Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы –романист және кең профилді натуралист Генри Дэвид Торо қолданған, оның басты кітабы ормандағы шаруашылық.
Ең ежелгі ғалымдардың бірі –экология өркениетінің алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәніне ие болған. Себебі отбасының, рудың тайпаның игілігі ғана емес, оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған.
Орта ғасырларда схолостика мен дінінің үстемдігі табиғатты зеріттеуге деген құштарлықты әлсіретті. Алайда қайта өрлеу дәуірінде болған ұлы географиялық жаңалықтар натуралистердің биологиялық зеріттеулерін қаита жаңартты 17-18ғ экологиялық мәліметер зоологтардың, саяхатшы натуралистердің еңбектерінде кездеседі.
Экология дербес биологиялық ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология- биология ғалымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгеиіне көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы экологиялық зеріттеулердің элементерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель,Теофраст еңбектерінен көреміз Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиалогиалық бейімделушілерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберіне экологиялық тұрғыдан қарастырады.20 ғасырдың екінші жартысында экология ғылымы ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерісінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі тіккелей немесе жанама түрде солардың құрбандығына аиналды.
Экология ғылымының
Ікезең. Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мосслен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль( 1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), (1740 1802), Л. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Л. Северцов Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарнип (1809 1882), К. МеГшус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841 1924), Н. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уалиханов (1835 1865), т.б. габнгаг зсрттсуші биологтар, систсматиктср, гсоірафгар оздерініц еңбектеріпде эжологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымьшың дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
// кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және
бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981),
Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады.
/// кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология — бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дими түсуде. Экологияпың жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулср жүргілуде.
соңғы жылдарьі экология ғылымының салаларының бірі — экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология"этноэкология" бағыттары дами түсуде.
1.2 Экологияның негізгі заңдары
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процесстердің жүру заңдылықтарын айқьндап, оларды шағын логикалық (қисынды) және практикамен тексерілген ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның бірқатар негізгі заңдарын қарастырайык, олардың барлығы - заңдар, зандылықтар, ережелер, принциптер, шамамен 250-дей (Реймерс, 1994).
Биосфераның ауысымсыздық заңы: биосфера - бүл тіршілік ету ортасының түрақтылыгын кез келген ауытқуларға қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның түрақтылыган табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасауға болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.
Атомдардың биогенді миграциясы заңы (В.И.Вернадскийдің): жер бетінде және жалпы биосферада химиялық элементтердщ миграциясы тірі заттьң тікелей қатысуымен жүзеге асырылады - бүл биогенді миграция.
Тірі заттардың физикалық-химиялык бірлігінің заңы: жалпы биосфералық заң - тірі зат физикалық-химиялык түрғыдан біртұтас; тірі ағзалардың әр түрлілігіне қарамастан олардың физикалық-химиялық ұқсастығы соншалық, біріне зиян заттыың екіншісіне да қатысы бар (мысалы, ластағъшітар).
Реди үстанымы: тірі зат тек тірі заттан ғана пайда болады, тірі және өлі затгың арасында түрақты өзара әрекетгестік болса да, оларды бөліп түрған берік шекара бар.
"Ағза-орта" бірлігінің заңы: тіршілік өмір орта мен оны мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығындағы энергия ағынының негізінде тұрақты зат және ақпарат алмасудың нитижесінде дамиды.
Энергия ағымының бір бағыттылығы заңы: қауымдастық болатын және продуцентгер сіңіретін энергия ыдырайды немесе олардың биомассасымен бірге консументтерге, сосын әрбір нәрлену деңгейінде ағымдардың түсуімен редуцентгерге беріледі; керісінше тасқынға (редуцентгерден продуценттерге) нәтижесінде алынған энергияның аз ғана бөлігі (көп дегенде 0,35%) түсетіндіктен "энергия айналымы" туралы айтудың қажеті шамалы; энергия тасқынымен сүйемелденетін заттар айналымы ғана бар.
Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы: ағза (популяция, түр) тегі ата-бабаларының тіршілік еткен ортасына қайтып оралса да, өзінің ата-бабалары іске асырған бұрышы күйіне қайтып келе алмайды.
Р.Лиңдеманның 10 пайыз заңы (ережесі): экологаялық пиримиданың бір нәрлену деңгейінен екіншісіне орташа 10% энергияның (немесе энергетикалық Гурдсгі заттар) өтуі әдетте, экожүйе мен энергаясын жоғалтатын нәрлену деңгейі үшін жағымсыз салдарларға апармайды.

- Экология ғылымы
- Экология ғылымының даму тарихы
- Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
- Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
- Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері
- Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері
- Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология городских рек
- Экология городской среды
- Экология городской среды
- Экология Городской среды
- Экология гражданской авиации
- Экология гылымы туралы малиметтер
- Экология г. Якутска