Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері. 2
Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Биосфера.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.
Адам пайда болғаннан
бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан
экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады.
Адамның іс-әрекеттерінің
Мазмұны
|
Кезеңдері
Бірінші кезең
Мамонттар
Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды.
Екінші кезең
Сахара
Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады.
Үшінші кезең
Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.
Экологиялық дағдарыс
Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.
Экологиялық апат
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.
Адамдардың іс-әрекеттерінен соңғы 300 жылда құстардың 140- қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржола жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуда.
Экологиялық мәселелер
Адамның жер бетіндегі
табиғатқа әсер ету ауқымдылығына
байланысты адамзатты алаңдатып
отырған экологиялық
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.
Аймақтық экологиялық мәселелер
Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.
Жергілікті экологиялық мәселелер
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.
Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.
Жер асты суы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Жер асты суы
Жер асты суы[1] – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.
Мазмұны
|
Жер асты суының кен орны
Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат
Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының Жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 – 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан. Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 – 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл Жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.
Жер асты суының қоры
Жер асты суының қоры – жер
асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық
мақсаттарға пайдалануға
Жер асты суын қорғау
Жер асты суын қорғау – жер
асты суын жинауға арналған құрылыстарды
пайдалану тәртібі оның қорларының
сарқылуын болдырмауға
Грунт суы
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы.[2]
Артезиан сулары
Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық казылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.
Минералды сулар
Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген. Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.[3]
Жер асты су ағыны
Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына (бағытына) карай козғалатын жер асты суы.
Жер асты су ағынының алабы
Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі (табиғи гидродинамикалық жүйе). Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.
Жер асты суы
Жер асты су жинау шекарасы
Жер асты су жинау шекарасы— аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.
Жер асты сужиғысы
Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен (көл, теңіз) торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері: гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.
Жер асты сулары
Жер асты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі (сүйық, газ төрізді, қатты) сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма (үстіңгі) су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.
Жер асты сулары балансының теңдеуі
Жер асты сулары балансының теңдеуі — жер асты суларының бір жерге ағып келуі мен ағып кетуі элементтері арасындағы байланыс тендеуі. Тұйық алап үшін оның кіріс бөлігін алап аумағында жауатын жауын-шашын, су буларының конденсациялануы және жер астылық ағып келу құрайды; шығыс бөлігі жер үсті ағынынан, буланудан және алаптан жер астымен ағып кететін судан түрады.
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы (лат.amplitudo— мөлшер, шама) — жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден (түрақталған) көтеріліп-төмендеу шамасы (ауқымы).
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы — жер асты сулары деңгейінің белгілі бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.
Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері — белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады
- 1) инфильтрациялық немесе континенттік;
- 2) тешздік немесе шөгіндшік;
- 3) метаморфтық және магмалық.
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы — жер асты суларының пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді жиналу (шөгіндену) процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі (массасы) пайда болатындыгы дәлелденді.
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы— жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.
Жер асты суларын барлау
Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.
Жер асты суларын жіктеу
Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:
- 1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;
- 2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;
- 3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.
Жер асты суларын пайдалану
Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.
Жер асты суларын шегендеу
Жер асты суларын шегендеу - жер асты суларын шаруашылықта пайдалану мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған қүрылғылар (құдық, үңғыма, су жинау галереясы).
Жер асты суларын іздеу және барлау
Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер қыртысының бір түсынан басқа тұсына (бөлікшесіне) орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процес- тердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны — метан.
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы — мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Жер асты суларының алабы
Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің сино- нимі.
Жер асты суларының балансы
Жер асты суларының балансы — сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын (шығындалатын) су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоретену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жер асты суларының болжамдық қоры
Жер асты суларының болжамдық қоры — жер асты суларының жалпы гидрогеологиялық түсініктер, теориялық алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры (мөлшері). Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.
Жер асты суларының балансы[4] - Кен орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.
Жер асты суларының газдық құрамы
Жер асты суларының газдық құрамы — жер асты суларында еріген газдардың
- Ең көп тарағандары: оттек, азот, метан, көміркышқыл газы, күкіртті сутек, салғырт газдар.
- Сирегірек кездесетіндері: сутек, этан, пропан және бутан, сондай-
ақ көміртек тотығы, азот тотығы мен шала тотығы және т.б. Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.
Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі
Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі - жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жүйелеу тәсілі. Бұлайша жүйелеуде жер асты суларының химиялық құрамы мен пайда болуы арасында байланыс болады деп есептеледі.
Жер асты суларының геологиялық қорлары
Жер асты суларының геологиялық қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.
Жер асты суларының геохимиясы
Жер асты суларының геохимиясы — жер асты суларының химиялық құрамының қалыптасуы мен таралу зандылықтарын химиялық элементтердің жалпы жер қыртысында жыныстау (миграция) жағдайларымен ұштастыра отырып зерттейтін гидрогеология ғылымының саласы. Жер асты суларының геохимиясының дамуы геохимияның бөлігі ретінде әр түрлі пәндердің (химия, физика, гидрохимия, гидрогеология, микробиология және т.б.) тоғысында жүзеге асады.
Жер асты суларының депрессиясы
Жер асты суларының депрессиясы — жер асты суларының еркін немесе арынды бетінің табиғи (құрсайлар, аңғарлар) немесе жасанды дреналарға (ұңғымалар, құдықтар, құрғату каналдары және т.б.) қарай төмендеуі.
Жер асты суларының динамикасы
Жер асты суларының динамикасы
- — 1) гравитациялық жер асты суларының жер қыртысына тон таужыныстар ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;
- - 2) Жер асты суларының таужыныстар қимасындағы қозғалысы.

- Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология ғылымының пайда болуы
- Экология ғылымы туралы түсінік
- Экология даму тарихы
- Экология - дело каждого
- Экология Донецкой области
- Экология Донецкой области
- Экология г. Якутска
- Экология ғылым ретінде
- Экология ғылымы
- Экология ғылымының даму тарихы
- Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
- Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
- Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері