Экологиялық туризм
Туризм түрлерi
Экологиялық туризм
Облыс аумағында ерекше қорғалатын
16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам
көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының
өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде
бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi,
борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген
Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный
бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя
салады.
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi
өседi
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау
с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар
құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда
айтылған селолардың тұрғындары тартылған,
тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет
көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.
Танымдық туризм
Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, «Айғаным» мұражай-үй-жайы, зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ. Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.
Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi
Облыста спорттық туризм Спорттық туризм
федерациясымен, «ҚР Альпинизм және құзға
шығу федерациясы» ассоциациясының филиалымен,
спорттық бағдар жөнiндегi федерациямен,
«Планета» турорталығымен, «Спортландия»
турорталығымен, «Ориентир» студенттiк
турорталығымен ұсынылған.
Облыста спорттық балық аулауды дамыту
үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi кезде
250-ден астам су қоймасы балықтың құнды
түрлерiн тауарлық өсiрудi жүзеге асыру
үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен
Торанғұл көлiне белого амура и белого
толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген
көлдерде тұқы, көлдiк пелядь, қара балық,
лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын
жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл
балық питомникке сазанның жатырлық бастары
әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа
толтыру үшiн зауыттық әдiспен алғаш рет
583 мың ұрық алынған).
Емдеу-сауықтыру туризмi
СҚО аумағында тұщы және техникалық
сулар табылған орындар зерттелген,
минералдық сулар көздерi анықталған.
Қазiргi кезде «Асанов» минералдық суының
көзi пайдаланады. Становское және Пресное
көлдерiнде емдiк балшықтар байқалған.
Становское көлi Петропавл қ. батысында
55 шақырым және Мамлют станциясының оңтүстiгiнде
17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының
ұзындығы 7.7 және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң
балшығы 30-жылдары Омбы институтының ғылыми
қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның
тұжырымдамасы бойынша көлдiң минералданған
суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты
бiлдiредi.
Пресное көлi Петухов ст. 60 шақырым және
Преснов станциясынан 2 шақырым жерде
орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы
өткiр-ащы, балшығы қара түстi, икемдi. Тұзды
су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары
доктор Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге
тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен жылытылған),
ол жақсы емдiк әсердi атап өткен.
Iскер туризм
Облыстың географиялық орналасуына
байланысты Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық
әрiптестiк жақсы дамыған, сонда
Омбы, Түмен және Қорған — шекаралас
облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi
алады, олармен экономиканың әр түрлi салаларындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасалған
және iске асырылуда.
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық
сақтау, құқықтық тәртiп сақтау және т.б. —
әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр
түрлi салаларындағы шекара маңы ынтымақтастығы
жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп
тұрады.
- Баспаға шығаруға болжамы
Броньдау
Қонақ үйлер |
Шипажайлар |
Көлік |
Билет |
Қала |
Қонақтар |
| |
Келу күні |
|
|
|
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдері
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Жорық
Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан.[1].Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді[2].
Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не?, жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек?, кездейсоқ жағдайларда, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады.
Мазмұны
|
Туризм техникасы
Туристер орманға кіруде
Туристер суретке түсіруде
Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.
- Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет:
1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу.
2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу.
3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.
Туризм тактикасы
Арнайы маршрут бойынша жүру
Кедергілерді өту
Асуды өту
Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.
- Тактика 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Жорық алдындағы тактикалық іс-әрекеттер:
- Маршрутты таңдау;
- Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру;
- Жорыққа қажетті құрал-
- Жорыққа бара жатқан топтың деңгейін білу.
2-кезең. Жорық барысындағы тактикалық әрекеттер:
- Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру;
- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау;
- Маршруттағы кездесетін
кедергілердің техникалық
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеуі, қаржыны, адамдар күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің, оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:
1) Ауа райының шұғыл өзгеруі;
2) Табиғи апаттар;
3) Жарақаттар мен сырқаттар;
4) Топтың нашар хал-күйі және т.б.
- Белсенді саяхаттың классификациясы
Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік саяхат - белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағыт. Туристік маршрут - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын –ала жоспарланған жылжу трассасы.
- Асулардан өту ерекшеліктері
1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы
2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.
3. Маршруттық сандық
4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтары
- Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:
1. Маршруттың техникалық қиындығы.
2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )
3. Ара – қашықтық (км)
- 5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.
- 4- ші категорияға 7-8 күн беріледі.
- 3-ші категорияға 4-5 күн.
- 2-ші категорияға 2-3 күн.
- 1-ші категорияға 1 күн.
Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Маршрут жібі бойынша қозғалу
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.
І бөлімінде Маршрутты таңдап алу себептері, маршрутқа қойылатын критериялар:
1. Қауіпсіздік;
2. Маршруттың танымдылығы;
3. Маршруттың қиындылығы;
4. Ұзақтылығы.
ІІ бөлімінде Маршруттың жібі (ниткасы) қарастырылады. Жүріс графигінің 2 түрі болады:
1. Жоспарланған жүріс графигі;
2. Түрі тындырымды жүріс
графигінде маршруттың ара
ІІІ бөлімінде Маршруттың ара қашықтығы мен уақытына толық сипаттама беріледі.
ІҮ бөлімінде Маршруттың қосымша нұсқасы. Қосымша нұсқа негізгі бөлімнен жеңіл болуы керек.
Ү бөлімінде Маршрутта бара жатқан туристердің саны.
ҮІ бөлімінде Туристерге қызмет көрсететін топтың мінездемесі. Туристік топтың санды және сапалық құрамы келесі шарттарға байланысты болады:
1. Туризмнің түрі;
2. Маршрут қиындығы;
3. Аумақтың ерекшеліктері;
4. Туристердің саны.
Туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар: гид, инструктор, сирдар, аспазшы, медбике.
ҮІІ бөлімінде Азық-түлік.
ҮІІІ бөлімінде Топтық құрал-жабдықтың сипаттамасы[3].
Қазақстандағы туризм
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
"Медеу мұз айдыны"
Ұлы
Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты
ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат
және туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар
20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік
жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов
пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері
қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930
жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында
Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының
өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады.
Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов
сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф
пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған
топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен
Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов,
Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы
қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен
алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды.
“Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған
бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық
атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды.
Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия
командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық
пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті
қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
"Бурабай көлі"
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау
қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында
туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы
ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының
шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау
шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық
туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер
қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник”
турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын
даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар
мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер
кадрларын даярлайтын базаға айналды.
Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық
басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ
республикасының кеңесі жанынан туризм
жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық
басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып
қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық
(Алматы, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста
экскурсиялық бюро ашылды.
"Шарын каньоны"
- 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
- 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
- 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
- 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
- 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомоб. базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
- 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
- 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
- 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері
(танымдық, ойын-сауық, этника, экология,
денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық,
аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу),
т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін
Қазақстан аумағы бойынша 700-ден
астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Оларға Қазақстанда жиынтық
Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
Туристік нысандар
Қазақстандағы туристік ресурстарға
– туристік қызмет көрсету нысандарын
қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің
рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін қалпына
Қазақстандағы туристік
нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:
- табиғи-рекреациялық
- тарихи-археологиялық
- тәуеп ету
"Алтынемел тау жоталары"
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік
Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс
Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік
Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс
Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады.
Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар
мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы
зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы,
Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы
шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында
туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау
тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы
9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық
туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
"Қарқаралы ұлттық паркі"
Тарихи-археологиялық
"Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі"
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
"Арыстан баб кесенесі"
"Айша бибі кесенесі"
"Шымбұлақ тауы"
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика
аумағында көптеп кездеседі. Оларға
түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан
қаласы, Қожа
Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті,
Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б.
жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге
тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді.
Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан
баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш
ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата
мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша
бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі,
Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата,
Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ
халқының азаттық күресі жолындағы батырларға,
қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар
мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға
Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері
(Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы)
Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы
Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей
Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады.
Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы
үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар
ретінде Жошы және Алаша
хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік
монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері
қастерлі орындар санатында туристік
нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы
құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы
Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов,
Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс,
Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан,
Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік
орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.[1].
Пайдаланылған әдебиеттер
Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
«Ақтөберентген» зауыты озық үлгідегі үш... →
Олимпиада чемпиондары Ақтөбеде... →
Денсаулық фестивалі өтті ... →
Қазақстанда
медициналық туризм дамып келеді.
«Ұлттық медициналық
Тест сұрақтары
1. Жалпы туризм қай ғасырдың феноменомы:
A) XVIII века
B) XIV века
C) XX века
D) XXI века
E) XX-XXI век
2.Б.э.д. 4 –мың жылдықта финикицылардың саяхатқ шығыуына не түрткі болды:
А) Ақшаның пайда болуы
В) Мануфактураның пайда болуы
С) Сауда
D) Соғыстар мен басыпалушылыұтр
Е) Мәдениет
3. Океания елінің тұрғындары алғашқы саяхаттарын қай жерде жүргізді:
А) Оңтүстік Шығыс Азия, Индонезия, Малазия арқылы Тынық мұхиттан
Малайзия аралдарына.
В) Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауы мен Мадагаскар аралына
С)Оңтүстік Қытай теңізі арқылы Филип теңізінен Жаңа Зеландия мен Тосман теңізіне
D) Бенгаль шығанағы арқылы
Е) Глински шығанағынан Норвегия жағалауына
4. Жерорта теңізінің тұрғындарын қай ежелгі грек ғалымдары арқылы саяхатқа аттандырылған:
А) Геродот б.э.д. Vғ
В) Архимед
С) Сократ
D) Аристотель
Е) Страбоном (63 ж. б.э.д.- 20 ж. б.э.д)
5. Ежелгі Рим туризмінің даму тарихына не әсер етті:
А) Жол салу және бай жаұяларының құрылуы
В) Сауда
С) Тұрақты мекен-жайлар мен ойын-сауықтар
D) Гладиаторлар шайқасы
Е) Театрлық қойылымдар
6. Еуропалықтардың жаппай көшіп-қонуы:
А) Крест жорықтары
В) Жағрафиялық танымдар
С) Ойын-сауық
D) Сауда
Е) Жаугершілік
7. Американдықтардың Солтүстік Америка контингентіне саяхаттары қашан басталды:
А) XVI ғ
В) XIV ғ
С) XVII ғ
D) XVIII ғ
Е) XII ғ
8. Америкаға саяхат жасау тарихындағы ең елеулі оқиға:
А) Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі жол жүрулер
В) Атпен саяхат жасау
С) Почта каретасымен саяхат жасау
D) Теміржолдарының салынуы
Е) Әртүрлі шараларды ұсыну
9. Ивана Федоровтың жағрафиялық ашулары:
А) 1732 ж. Принц Уэльс мысының жанындағы Алясканың ашылуы
В) 1697 ж. Камчатканың ашылуы
С) 1725 ж. Охот теңізінің, Камчатканың, Куриль аралдарының ашылуы
D) 1750 ж. Олиут аралдарының ашылуы
Е) 1913 ж. Антарктиданың ашылуы
10. Австралияға келген саяхатшы:
А) М.А. Лазерев, Ф.Ф. Беллинсгаузен
В) П.П.Семенов Тянь-Шанский
С) Н.Н. Миклухо – Маклай
D) Крузен Штернан
Е) Т. Кук
11. Азияны, Орта Азияны, Памир мен Монголияны кім зерттеген:
А) Н.М. Пржевальский
В) П.П. Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский
С) С.П. Крашенников
D) Г.И. Шелихова
Е) В. Гверинг
12.Әлемнің жеті ғажайыбының алғашқысы:
А) Вавилондағы Семирамиданың аспалы бағы, Александрия Маягы
В) Тадж Махал Индия
С) Руины Машу-Пиешу (Перу)
D) Үлкен пиктограммалар (Перу)
Е) Ұлы Қытай қабырғасы
13. КСРО-да қай кезеңде экскурсиялық қызмет дамыды:
А) XIX ғасырдың екінші жартысынд
В) XVI ғасырдың аяғында
С) XIV басында
D) XXI ғасырдың аяғында
Е) XVII ғасырдың басында
14.Тау экскурсияларын, таудағы қыдыруларды кімдер ұйымдастырған:
А) Интеллигенция
В) Натуралистер
С) Бай буржуазия
D) Жаратылыстану қоғамы
Е) Туризм құмарлатының ұйымы
15.Ежелгі дүниені орналастыру кәсіпорыны қай кезде болған:
А) Б.э.д. 50 ж
В) Б.э.д. II ғ
С) Б.э.д. II ғ
D) V ғ
Е) Б.э.д. III ғ
16. Көліктің ежелгі түрі:
А) Жылқы малы, ат арба
В) Қайықтар
С) Түйе малы
D) Пілдер
Е) Велосипедтер
17. Почтолық кареталар қай жерде ойлап табылған:
А) Венгрия XVғ
В) Чехия XIVғ
С) Англия XVIIIғ
D) Швеция XVIIғ
Е) Испания XIXғ
18. Су көлігі қай кезде жақсы дамығын
А) XIX ғ. орта тұсы
В) XIX ғ. басы
С) XIXғ. аяғы
D) XVIғ
Е) XVIIғ
19. XXғ. Жоғарғы комфортты жүзуші қоанқүйлер жасалған. Мысалы: «Титаник»,52 мың. т.Ол қай жылы шығарылған:
А) 1912ж
В) 1956ж
С) 1902ж
D) 1930ж
Е) 1915ж
20. Қай кемелер мұхитты бір аптада кесіп өткен:
А) «Лузитания»
В) «Сириус»
С) «Мавритания»
D) «Титаник»
Е) Барлық жауап дұрыс
21. Қай кеңес теңіз туризімі адам тасымалдайтын кемелерді арендаға алуды бастады:
А) «Победа из Грузии»
В) «Григорян-Ордженикидзе»
С) «Адмирале Нахимове»
D) «Интурист»
Е) «Сириус»
22. Солтүстік Америкада теміржол қашан пайда болды:
А) 1884ж
В) 1882ж
С) 1830ж
D) 1840ж
Е) 1864ж
23. Қай компания Париж бенСтамбулды, Мәскеу мен Владивостокты жалғастырған:
А) Train Bleu
В) Golden Arrow
С) Orient Express
D) Transsiberien
Е) International Company of Wagon Lit and Grand Express of Europe
24. Автомобиль көлігінің қай кезден және қай жерде дами бастады:
А) 1904ж. Англияда
В) 1914ж. Испанияда
С) 1908ж. Канадада
D) 1920ж. АҚШ-да
Е) 1923ж. Норвегияда
25. Француз А. Жиффер салған аэростатта әуеге көтерілу қашан болды:
А) 1852ж
В) 1847ж
С) 1860ж
D) 1803ж
Е) 1899ж
26. Ең алғаш рет әуеге көтерілген ұшақтың моделін жасаған кім:
А) А.С. Кудашева
В) Я.М. Ганкеля
С) И.И. Сикорского
D) Д.Ф. Можайский
Е) Н.А. Телешов
27. Турист сөзінің негізгі ұғымы:
А) Сыйластықты талап ететін адамдар
В) Әртүрлі психикалық, физикалық қажеттілікті сезінетін адамдар
С) Рекреациондық ресурстарды талап ететін адамдар
D) Саяхат жасауға құмар адамдар
Е) Еркін демалыс уақыты бар адамдар
28.Халықаралық мекемелер:
А) БҰҰ
В) ВТО
С) ЮНЕСКО
D) ИОТО турнистік ұйымдардың ресми халықаралық қоғамы
Е) Қонақүй ассоцациялары
29. Саяхат сөзіне анықтама беріңіз:
А) Адамдардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысы
В) Көшіпқонушылр мигранты
С) Қатысушылар
D) 400 км.жылжу
Е) Адамдардың бір орынна бір орынға жылжуы
30. Туризм сөзінің анықтамасы:
А) Адамдардың ұзақ уақытқа жылжуы
В) Адамдардың қысқа уақытқа жылжуы
С) Адамдардың қаржы табуға жылжуы
D) Адамдардың ләззат алуға жылжуы
Е) Адамдардың білім алуға жылжуы

- Экологиялық туризм
- Экологиялық туризмнің
- Экологиялық туризмнің анықтамасы мен негізгі ұстанымдары
- Экологиялық ұйымдар
- Экологиялық фактордың адам ағзасына әсері
- Экологиялық факторлар
- Экологиялық факторлар
- Экологиялық мониторингті жүзеге асыру
- Экологиялық пирамида
- Экологиялық проблемалар
- Экологиялық проблемалары
- Экологиялық сараптама түсінігі
- Экологиялық тәрбие
- Экологиялық тәрбие