Экологиялық туризм. 2

 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

                             Экономика факультеті

                            «Туризм» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Реферат

 

                                              Тақырыбы: Экологиялық туризм

 

 

 

 

 

 

                                                                   Дайындаған: Амангельдиева Қ.А.

                                                           Тексерген: Гиззатжанова А.Г.

 

 

 

 

 

 

 

                               

                                  

                                     Астана

                                       2012

                                    Жоспар

    1. Кіріспе бөлім
    2. Негізгі бөлім

           1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

           2. Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері

           3. Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары

           4. Туризмнің табиғи туристік ресурстарға әсерін басқару

    III.    Қорытынды бөлім

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

      Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм. 
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы. 
     Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті. 
БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді. 
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.  
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек. 
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді. 
     Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. 
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды. 
       Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады: 
- табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна,  
ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.  
- тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың  
материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер [32]. 
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі - мақсаты Экологиялық туризмнің    Қазақстан экономикасының дамуына әсерін зерттеп, «Бурабай» ұлттық паркінің экотуризмінің дамуына анализ жасау, аймақтың экотуризмін одан әрі дамытуда ұсыныстар жасау. 
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

          Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері

 

  Зерттеушілердің көпшілігі «экотуризм» түсінігіне көп уақыттар бойы нақты анықтама бермеді. Оның себебі – маркетологтардың туристерді тарту мақсатында белсенді демалысты (outdoor) табиғатқа және оны қорғауға бағытталған сөз ретінде қолданылуы. Бірақ шынында да ондай туроператорлар қоршаған ортаны қорғауда айтарлықтай мән берілмеді. Сондықтан да экотуризм түсінігі көп уақыттар бойы туризм теоретиктеріне сыншыл қатынаста болды. Мысалы, Б.Виллер Кубада экотурмен болғанда, туристер мейрамханада түскі асты ішіп болғанша, автобус жүргізушісі автобус ішінде ауа тазартқыштың жұмыс істеуі үшін жарты сағат бойы двигательді өшірмегенін байқады. Бұл әрине, туристерге ыңғайлы болғанымен, жергілікті халықтың денсаулығына зиянды екені ескерілмеген.

Еуропадағы БТҰ-ның жетекшісі  П.Шэклфордтың айтуы бойынша «экотуризм»  туризм индустриясында он жылдан астам  уақыт қолданылып келеді. Сонымен  қатар бұл терминді 1978 жылы Миллер туризмнің тұрақты даму тәсілі ретінде  қарастырған.  

Кейбір жағдайда бұл табиғаттың түртілмеген өркениеттеріне жасалған саяхат деп түсіндіріледі: экотуризм  – «пейзажбен қанағаттандырып, ләззат алуға, жабайы өсімдіктер мен жануарларды  тамашалайтын ластанбаған аймақтарға саяхат». Басқа жағдайда – бұл  табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін күш, яғни экотуризм  – «табиғи және мәдени қоршаған ортаны танып білу және сол ортадағы жағдайларды жақсарту үшін қызмет ететін табиғи туризм».

Экотуризмге көзқарастарда  кездесетін географиялық анықтама да ерекше көрініс табады. Дамыған елдердің сарапшылары, яғни экотуристерді жеткізушілер тұтынушылардың талғамы мен рекреациялық қажеттіліктерімен келісе отырып, тұтынушылар  көзқарасын мақұлдайды. Туроператорларды және қабылдайтын туристік жақ зерттеушілерін ойландыратын жайт елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы туризмнен түсетін табыс пен туризм рөлі.

Экотуризм жөнінде анықтамалардың ішінде біздің көзқарасымызбен үйлесетіні – Г.С.Гужиннің, М.Ю.Беликовтың, Е.В.Клименконың  берген анықтамалары, ол: Экотуризмнің негізінде қоршаған ортаға қамқорлық  көрсету жатыр. Табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану және қорғаудың  әртүрлі жобаларын жүзеге асыру  мақсатындағы мәдени қызығушылықты  көрсететін табиғат зонасына қатысушылардың шектелген санымен саяхатты ұйымдастыратын түсінігімен анықталады.

Берілген анықтама халықаралық  экотуризм ұйымының (TIES) ,берген анықтамасымен  көп ұқсастықтары бар: Экотуризм  – «жергілікті халықтың жағдайына  қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи зоналарға, аймақтарға жүргізілетін жауапкершілігі мол саяхат».

Бұл саяхаттың түрін терең  түсіну үшін TIES берген экотуристің  он парызын мысалға келтірейік:

  • Жердің әлсіздігі мен осалдығын ескеру;
  • Тек із ғана қалдыру, тек фото ғана алып кету;
  • Тұрған әлеміңді танып-білу;
  • Жергілікті халықты сыйлау;
  • Қоршаған ортаға зиянын тигізетін бұйымдарды сатып алмау;
  • Әрқашанда тек жүрілген соқпақ жолмен ғана жүру;
  • Қоршаған ортаны қорғаудағы бағдарламаларға қолдау көрсету;
  • Қоршаған ортаны қорғау тәсілін иейлінше қолдану;
  • Табиғатты қорғауда әрекет ететін ұйымдарға қолдау көрсету;
  • Экотуризм қағидасына қолдау көрсететін фирмалармен бірге саяхат

жасау.

Экотурист парызына сәйкес «British Airways» әуе компаниясы жолаушыларға төмендегідей ескертпелер (British Airways Worldwide) құраған:

1. Піл сүйегінен немесе  оған ұқсас сирек кездесетін  жануарлардан жасалған бұйымдарды  ешқашанда сатып алмаңыз;

2. Жергілікті өндірістң  өнімдері мен қызметтерін тұтынуға  белсене атсалысыңыз. Осы орайда  Сіз жергілікті экономиканың  дамуына өз үлесіңізді қосасыз;

3. Жануарларға қиянат  жасамаңыздар және өсімдіктерді  жараламаңыздар. 

4. Әсіресе маржан рифтерімен абай болыңыз. Естеріңізде болсын, маржандар – олар жақындағаннан адам денесін жаралап тастайтын тірі ағзалар;

5. Көптеген елдер қоршаған  ортаны қорғау мәселесімен жұмыс  істеуде, егер сіз ұлттық парктерді,  мұражайларды, ескерткіштерді араласаңыз    сіз оларға өз үлесіңізді қосасыз;

6. Егер сізде қоршаған  ортаны қорғау жөнінде мәселе  туындаса өз ойыңызды, оған деген  қатынасыңызды айтыңыз;

7. Тірі табиғатты мекендейтін  тіршілік иелеріне қиянат жасамауға  тырысу, тіршілік ететін ортасын  немесе табиғи өмір салтын  бұзбаңыз;

8. Қорықтарда немесе ұлттық  саябақтарда өсімдіктерге зиян  тигізбес үшін тек көшелермен  ғана жүріңіз. Шылым тартқанда  байқаңыздар – сөнбеген шылым  өрттің себебі болуы мүмкін.

Наташа К.Верд экотуризмге  берілген анықтамаларды белсенді және белсенді емес деп екіге ажыратқан. Біріншісіне ол Майяның берген анықтамасын  жатқызады: «экотуризм жергілікті халық  пен болашақ туристер үшін аймақтың табиғи ресурстары мен жергілікті мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, мәдени, табиғи туристік ресурстардың қолданылуын ынталандырады, реттейді және көмектеседі». Белсенді анықтамаға мысал болатын көзқарас халықаралық выживания қоғамының  көзқарасы. Онда: «экотуризм жергілікті халықтың туристік территорияларды  игерудегі қызығушылықтарын, жергілікті флора мен фаунаны қорғауды, жергілікті халықтың қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық ынтасын қамтамасыз етуді  ынталандырады».

Экотуризмнің белгілерінің толық спектрі төмендегідей ажыратылады:

1. Саяхатшы саяхат кезінде  қоршаған ортаны танитын кез-келген  саяхат;

2. Ең негізгі құндылық  табиғат болып табылатын саяхат;

3. Экотуризмнен түсетін  табыс қоршаған ортаны қорғауда  қаржылық қолдауға жұмсалады;

4. Экотуристер жабайы  табиғат ресурстарын қорғау және  қалпына келтіру әрекеттеріне  тікелей қатысады;

5. Экотур – бұл барлық  әрекеттер «экономикалық жұмсақ»  болатын саяхат.

Жоғарыда көрсетілген  көзқарастардың барлығы экотуризмнің дамуы жөнінен нақты статистикалық  мәліметтер алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан БТҰ-ның сарапшылары  туризмнің түрлерінің келуі және түсімдері түсінігінің орнына «табиғи  туристік ресурстарға бағытталған  туризм» немесе «табиғи туризм» (nature based tourism) деген түсінікпен алмастырылады. 

Бұл ережелер басқа терминдердің  қолданылуымен тереңдетіледі: «табиғи  туризм», «жұмсақ туризм», «жасыл туризм», «жауапкершілікті туризм», «агротуризм» және т.б. Осыған орай Экотуризм қоғамының  Президенті Д.Вестерн былай деп  жариялады: «туризм мен экотуризмнің ешқашанда нақты айырмашылығы болмайды. Экотуризм туристік нарыққа таңдаулы болу керек және бүкіл әлем еліктеу  үшін үлгі болып табылатын алдыңғы  қатарлы сала болу қажет».

Маркус Эндикотт берілген түсініктерді төмендегідей ажыратуды  ұсынды: «Экотуризм – қоршаған ортаға мейлінше антропогендік әсер ететін саяхат немесе табиғатқа жасалған турлар. Қазіргі кезде нағыз экотуризм  мен жалған экотуризм жөнінде  айтуға болады. Тұрақты даму туралы айтатын болсақ, тұрақтылық термин ретінде Рио-де-Жанейрода өткен  БҰҰ-ының конференциясынан кейін пайда  болды, бірақ бұл идея одан да ерте пайда болған. Тұрақтылық идеясы американдықтардың  жетінші ұрпақ алдағы, болашақтағы  жоспарлау және болжамдау нәтижесі тұжырымдамасынеске түсіреді. Мен тұрақты  туризмді қоршаған орта мен мәдениетті біріктіретін ауқымы кең термин ретінде  түсінемін... Сонымен қатар туризм индустриясының толығымен қаржылық жауапкершілігі. Сондықтан тұрақты  туризм нақты экотуризм және шытырман (қызық) оқиғалы туризмді қамтуы қажет. Бизнес және индустрия ретінде бизнес жүргізудің жауапкершілігі мол түріне жатады. Осыдан «жауапкершілікті туризм»  деп аталды. Бастапқы кезде бұл  түсінікті туризмнің әлеуметтік және мәдени жауапкершілігі жөнінде  әлеуметтік белсенді халық пен христиандық  уағыздаушылар қолданған. Бұл түсінікке  қоршаған ортаны қарастыру енгізілмеді. «Әлеуметтік» термині туристің мәдениетіне  саяхат жасауы туралы, ал «мәдени» -  өз мәдениетінен тыс жерге саяхат жасауы... «Жасыл туризм» терминінің шығу тегіне келетін болсақ, ол жасыл  партияның саясаткерлерімен және қоғамдық қозғалыс қызметімен байланысты».

Соңғы талқылаумен келісе қою қиын, себебі көп жағдайда жасыл  туризм деп ауыл туризмі (агротуризм) түсініледі. Испандық сарапшы Монтанер. Х. Монтехано жасыл туризмге мынадай  түсінік береді: «қыстақтар мен лагерьлердегі  өмірмен, табиғатпен етене араласудағы  қызмет». Бұл қызмет ауыл шаруашылығы жұмысында, шағын қыстақтар өмірімен танысқанда, жаяу экскурсияларда, флора мен фаунаны зерттеуде, су спортымен және де басқалармен айналысқанда кездеседі. Италияда экотуризмнің үш бағытын бөліп көрсетеді: «табиғат және денсаулық», «дәстүрлі гастрономия» және «спорт». Экотуризммен бірінші бағыт байланысты, себебі онда ұлттық парктер, қорықтар және курорттық жерлерге саяхат ұйымдастырылған.

Канаданың қоршаған орта жөніндегі  ақыл-кеңес беру кеңесі экотуризмге  өздерінің анықтамасын берді. Бұл  анықтаманы экотуристік ұйымдар  көп қолданады және ол қазіргі  заман көзқарастарымен үйлеседі. «Экотуризм табиғатты танумен байланысты туризм түрі және ол жергілікті халықтың қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені  сақтауда өз орнын алу керек».

Қарастырылған анықтамалардың барлығын жалпылайтын болсақ, экотуризмнің үш негізгі компонентін бөліп  көрсетуге болады:

1. «Табиғатты тану», яғни  табиғатты зерттеудегі элементтің  болуын және туристердің жаңа  білімдерін, қабілеттіліктерін алуды  жобалайтын саяхат.

2. «Экожүйені сақтау»  маршруттағы тек қана топтың  тәртібіне сәйкес емес, сонымен  қатар туристердің, туроператорлардың  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  бағдарламаларға, іс-шараларға қатысуы  түсініледі.

3. «Жергілікті халықтың  қызығушылығын сыйлау» - бұл тек  қана жергілікті заңдар мен  әдет- ғұрыптарын сақтау ғана  емес, сонымен қатар туристік  дестинацияның әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы туризм рөлі де  кіреді. Саяхатшы болу өнері –  бұл жақсы қонақ болу өнері.  Бұл ағылшындардың туризм жөніндегі  жастар конференциясының логотипін  еске алғызады.

Әлемнің әрбір аймақтарының, әсіресе таулы аймақтарындағы жүргізілетін табиғатты қорғау іс-шаралары тәжәрибесі көрсеткендей, жұмысты «жермен емес, адамдармен» жүргізу қажет, яғни жергілікті халықтың өмір сүру ортасын  басқару және жасаудағы белсенділігін  ынталандыру керек.

Жоғарыда барлық қарастырылған  анықтамалар негізгі сұраққа  жауап бермейді: неге қазіргі кезеңде  экотуризм тақырыбына приоритет  беріліп отыр? Бұл мәселе осыдан отыз жыл бұрын туристік ресурстарды  ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы айтылғанда пайда болды. Туризмнің  бұл түрінің басқалардан негізгі  ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап  бере отырып, экотуризмді қайда және қалай дамыту, кімге сүйену және қай жерде кедергі кездесетінін түсінуге болады.

Жоғарыда айтылғандай, экотуризм  термині туризм аналитиктері (талдаушылары) немесе оқымыстылар емес, маркетологтардың ұсыныстары бойынша берілген, яғни экотуризм экотурларға деген  сұраныстың пайда болуымен, туристердің  қажеттіліктері нәтижесінде туған. Егер бастапқыда тұрақты дамумен  туристік ұсынысты қалыптастыратын  туристік ұйымдар (турфирмалар, туризм жөніндегі әкімшіліктер) айналысса, онда экотуризм жаңа топтың және қоғамның мәдени құндылықтарға, табиғатты қорғауды зерттеуге деген қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болды, яғни сұраныс  барысында. Осы орайда, экотуризм  – туроператорларды нақты іс-әрекеттерге  талаптануына экономикалық әрекет ететін жаңа қалып. Шытырман оқиғалы туризм қоғамының (The Adventure Travel Society ) жетекшісі  Джеймс Пирсонның көзқарасы тегіннен тегін емес: «Экологиялық жауапкершілікті  туризм секілді жалтақ терминдерді  көбінесе туризм тәжірибесінен алыс адамдар қолданады. Олар экономикалық жағын қарастырмайды, яғни туризмге қызмет көрсету, гидтерге төлеу, жергілікті халықпен қарым-қатынасты сақтау, туризмнің  қауіпсіздігімен қамтамасыз ету  т.с.с. туралы сөз қозғалмайды. Сонымен, экономика – экотуристің қозғалтқыш күші болып табылады».

Демек, экотуризмнің анықтамасы біздің көзқарасымыз бойынша келесідей  болу қажет: «Экотуризм – туристік сұранысқа негізделген, жергілікті халықтың қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені сақтауда өз орнын алатын және табиғатты танудағы туристік қажеттіліктермен байланысты туризм түрі».

Бұдан экотуризмнің қозғалтқыш күші туристік бизнес екенін көреміз. Туристік ресурстар экотуризмді  дамытудағы жетекші фактор деген  түсінік үлкен қате болып табылады. Бұл қателік 1975 жылы рекреациялық география  жөніндегі ресейлік мектептердің еңбектерінде көрсетілген. Экотуризм мемлекетті ұлттық және аймақтық туризм жөніндегі  әкімшіліктер арқылы, ЕҚАТА жүйесі арқылы дамыту қате болып табылады.

Жоғарыда қарастырылған  анықтамалардан байқағанымыздай, тек  туристер мен турбизнес экотуризмді  дамытады. Экотуризм жөніндегі кениялық сарапшы Тереза Черфас «экотуризм –  бұл сұраныс пен ұсынысқа негізделген  экономикалық туризм» деп бекер  айтпаған. Демек, экотуризм әкімшіліктермен  емес, экономикалық тетіктер көмегі арқылы дамытылады. Сондықтан да бюджеттен  ақша құралдарын бөлу өтініші негізінде  емес, ал бизнесмендерге, турфирмаларға  бағытталған инвестициялық жобалар  жөнінде сөз қозғалу керек. Әйтпесе  нарықтық жағдайға қабілетті жұмыс  істейтін күшті дамыған туристік индустрияның орнына, біз Қазақстанның барлық аймағындағы болып жатқан туристік кәсіпорынның зиянды дамуын жалғастыра береміз.

Осы автордың «экотуризмге»  берген анықтамасынан кейін, экотуристер  ағымының бағыты мен географиясын түсіндіруге  болады. Қазір индустриалды дамыған  елдердің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания) бағыттары дамушы елдерге (Непал, Үндістан, Пәкістан) дәлелдеген. Осы идеяны дайындай отырып, экотуризм отаны деп туристік дестинацияларды, аудандарды емес, экотуристердің бірінші топтарының құрылуы мен  пайда болу орындарын айтамыз.

Осыдан кейін Қазақстан  Республикасында ішкі туризм ретінде  экотуризм өте әлсіз дамығаны белгілі. Бізде туризмнің бұл  түріне сұраныс қалыптаса қойған жоқ, экотуристер өте аз. Қоршаған ортаны қорғауға күші, уақыты, қаржысын бөлетін отандық туристер көп  емес. Осының нәтижесінде ішкі экотуризмді  әлеуметтік туризмге жатқызады, яғни мемлекет құралдарынан қолдау табу салдарынан туристік ұсыныс әлсіз дамыған.

Қазіргі уақытта экотуризм  мен экотурды төрт түрге бөледі:

1.Ғылыми туризм. Ғылыми  экотурларда туристер табиғатты  зерттеудің әр түріне қатысады. Мысалы, Латын  Америкасында құстардың  әрекеттерін бақылаумен байланысты, тынық мұхитындағы киттердің  популяция санын есептеумен байланысты  экотурлар бүкіл әлемге әйгілі. Әрине мұндай турлардың туристік  дестинациясы болып ЕҚАТА табылады: қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер,  табиғи ескерткіштер. Ғылыми туризмге  шетелдік ғылыми-зерттеу экспедициялары  жатады, сонымен қатар университеттердің  жаратылыстану-ғылыми факультетінде  оқитын студенттердің далалық  іс-тәжірибелері жатады;

2. Табиғат тарихына турлар. Бұл қоршаған ортаны және жергілікті  мәдениетті танумен байланысты  саяхат. Әрине мұндай турлар арнайы  жабдықталған экологиялық соқпақ  жолдармен созылып жатқан оқу-ғылыми, тақырыптық экскурсиялардың жиынтығы. Көбінесе олар қорықтар мен  ұлттық парктер территориясында  ұйымдастырылады. Мұнда табиғат  туралы гидтер экскурсия жүргізеді,  мектеп оқушылары мұғалімдерімен  болады. Экотуризмнің бұл түрі  әсіресе Германияда атақты, сондықтан  мұны «экотуризм дамуының неміс  моделі» деп аталады;

3. Шытырман оқиғалы туризм. Бұл түр жаңа әсер алу, дене  қалпын жақсарту және спорттық  нәтижеге жету мақсатындағы табиғатқа  демалыс (outdoor), қозғалыстың белсенді тәсілімен байланысты саяхат. Бұған туризмнің мына түрлері кіреді: альпинизм, құздарға өрмелеу, спелеотуризм, тау және жаяу туризм, су, шаңғы және тау шаңғысы туризмі, каньонинг, жылқымен туризм, маунт байк, дайвинг, парапланеризм және т.б. Бұл экотуризмнің жедел дамитын, табысты, қымбат тұратын түрі. Шытырман оқиғалы туризмді көбінесе «ауыр экотуризм» деп атайды. Себебі, туристердің шытырман оқиғаға ұмтылуы табиғатты қорғауға деген ынтадан басым түседі. Алдағы уақытта экотуризмді айтқанда, шытырман оқиғалы деп түсінуіміз қажет.

Шытырман оқиғалы туризм көбінесе спорттық туризммен (альпинизм, спелеология, парапланеризм және т.б.), туристер белсенді тәсілдер көмегімен  орын ауыстыратын белсенді туризммен (жаяу, велосипедпен, қайықпен, салмен және т.б.) теңестіріледі.

Спорттық туризм шытырман оқиғалылығына және тәуекелділігіне  байланыссыз спортпен айналысу немесе жарыстарға бару мақсатындағы  саяхат деп бөлінеді.

Сонымен қатар шытырман оқиғалы  туризм қозғалыстың белсенді емес түрін  де қамтиды. Мысалы, джиппинг – автомобильдер  көп жүретін қиылыстар жеріне саяхат немесе BASE – тік жартастардан, биік антропологиялық объектілерден (арка көпірлерден, теле мұнаралардан және т.б.) ұшу аппараттарымен арнайы парашюттардан секіру.

Қазіргі кезде әлемдік  нарықта шытырман оқиғалы туризм (adventure tourism) -  бұл тек шытырман оқиғалы саяхат емес, сонымен қатар  туристер үшін ерекше элементтері бар  турлар. Бұл туроператор нарықтың осы сегментінде қызметтердің кең  спектрін ұсына алады: нәрсіз, ығыр болған ормандағы жаяу серуеннен  Антарктидадағы экспедицияға дейін.

Ағылшындық жетекші туроператор  «Exodus»  шытырман оқиғалы турлардың  келесі түрлерін ұсынады:

Discovery and adventure holiday – белсенді  қозғалыспен ғаламның барлық  шеткі аумағына саяхат;

European Destinations – велосипедпен  немесе жаяу қозғалыспен еуропалық  елдердің ЕҚАТА-на қымбат емес  қысқа мерзімді туризм;

Walking and trekking – шытырман  оқиғалы туризмнің бастапқы негізгі  түрі. Бұл жүксіз (туристің жүгін  арнайы жүк көтеруші немесе  көлік арқылы тасиды) арнайы экологиялық  соқпақ жолдармен жаяу саяхат;

Multi Activity Holidays – құрамына  рафтинг, каньонинг, спелеология,  құзға өрмелеу, балық аулау,  джиппингті қамтитын дене ауыртпалығының  ұзақтығы бір аптаға жуық саяхат;

Overland – жүк автомобильдерінің  жоғарғы өте алуына тұрақ үшін  арнайы жабдықталған саяхат. Әрине  мұндай саяхаттар жылы климатты  елдерде (Африка, Оңтүстік Америка,  Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде)  ұйымдастырылады. Ал туристер  өзінің бірінші сапарында бірнеше  елдерге саяхат жасайды. 

4.Табиғи резерваттарға,  ЕҚАТА-ға саяхат. ЕҚАТА-да орналасқан  сирек кездесетін және экзотикалық  табиғи объектілер мен құбылыстар  туристердің көпшілігін тартады.  Мысалы, Латын Америкасында болған  туристердің 48 %   табиғи резерваттарға  саяхат мақсатында. Көптеген ұлттық  парктер мен қорықтардың басшылығы  экологиялық экскурсияларды нағыз  шоуларға айналдырады. Бұған нақты  мысал АҚШ-тағы Йеллоустоун ұлттық  паркі. Мұнда экскурсия минут  бойынша есептелген және ол  гейзерлердің белсенділігік кезеңіне  байланысты. Табиғи объектілердің  өте жиі көрсетілуі, әсіресе үңгірлерде, түрлі-түсті жарықтармен, әуенмен,  театрлық ойын-сауықтармен, аборигендер  өмірінен көріністердің қойылымы. Экотуризмнің бұл түрі Австралияда  жақсы дамыған, сондықтан оны  «экотуризм дамуының австралиялық  моделі»  деп аталады. 

Халықаралық саяхат динамикасын  талдай отырып, халықаралық туристік ұйымдар (WTO, WTTC) мен отандық сарапшылардың  көзқарастарын халықаралық туризм және оның ішінде экотуризмнің қазіргі  заманғы даму тенденцияларын бөліп  көрсетуге болады.

БТҰ-ның «Tourism Vision 2020» болжамына  сәйкес, 2020 жылға қарай халықаралық  туристік саяхаттар 1,6 млрд-қа өседі. 2000 жылы 702 млн халықаралық саяхат, 2010 жылы – 1,018 млрд., 2020 жылы – 1,6 млрд. саяхат күтіледі. Бұл 1996 жылмен (592 млн. саяхат) салыстырғанда үш есе көп. Сол  уақытта туризм дамуының ұлттық жүйесі есебін біріктіру жұмысы туралы еске алу қажет. Сондықтан да көрсетілген  сандарды соңғы деп қарастырмау  керек. Қалыптасқан жағдайдың өзінде де сала дамуының жайлы болжамын жасау  керек. 

Болашақта алдыңғы қатарлы  түрі болып круиздер, экологиялық, шытырман оқиғалы, танымдық, тақырыптық туризм болып табылады.

Г.А.Папирян айтқандай  «туризмнің дамуымен қатар жаңа турист пайда болды. Бұл жанұялық туризмнің  өз демалысын әр жылы теңізде,  сонымен  қатар жаңа түрлерге орын ауыстыру, әсіресе экотуризмге, шытырман оқиғалы, танымдық туризмге жасайтын дәстүрлік түрі мағынасында айтылған. Белсенді емес демалысқа мода кетеді, туристік ағындардың  бағдарлануы басталады. Өсімнің жоғарғы қарқыны тауға саяхат үшін тән, әсіресе шытырман оқиғалы және тәуекелділікті элементтерімен саяхат үшін тән.

Көптеген авторлар зейнеткерлік жастағы туристердің туристік қызметке сұранысының өсуін болжайды. Бос  уақыттың болуы, материалдық жетістік, психологиялық және әлеуметтік рахат  тұрмыс гедонизация – мұның бәрі болашаққа оптимистік көзқараспен  қарауға жол беріледі. Көптеген сеньорлар, әсіресе АҚШ, Германия және Жапония  сеньорлары экотурларға міндетті түрде  қатысады. Бұл тенденция халықаралық  экотуристердің 35-54 жастағылардан айқын  көрініс табады.

Туризм және саяхат жөніндегі  халықаралық релизінде 2010 жылы туризм ұлттық және аймақтық экономиканың дамуында үлкен орын алады, 100 млн. жаңа жұмыс  орнын ашады деп айтылған. Онда экотуризм әлемнің мешеу елдерінде, аймақтарында экономикалық өсу мен  тұрақты дамуды жүзеге асыратын құрал  ретінде айтылған.

ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты  дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды  реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық  жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес  беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен  қамтамасыз ету; табиғи кешендердің  туристік-рекреациялық жүктемелеріне  тұрақтылық деңгейде баға беруі.

Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар  адамның өмір сүру ортасының күрт өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық  ауырлықтың өсуіне де байланысты.

Экологиялық туризмнің жалпы  туризмнен айырмашылығы неде?

Біріншіден, экотуризм –  территориясы жақсы сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға  қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.

Екіншіден, экотуризм –  ең экологиялық табиғатты пайдаланушы  болып саналады. Экотуристердің табиғатты  эксплуатациялау технологиясы визуальды  түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік  және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс  сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен  экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде  табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір  жолы болып табылады.

Үшіншіден, экотуризм туристердің  ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын қадағалайды, соның ішінде қатаң тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.).  Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.

Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік  береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның  барлығы халыққа белгілі пайда  келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.

Өзіндік ерекшелігі бар  экотуризмнің  бұқаралық  туризмнен  айырмпшылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар. Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде  белгілі  жерлердің  шегінде  үнемі  саяхаттайды, көп  жағдайда  өз  елінде. Оларға  қарағанда, экотуристер  адамдар аз өзгерткен  табиғи  территорияларда сапар  шегеді, және олар саяхаттың шектелген  жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды болады.

Авторлар  қатары экотуристерді  олардың қызығушылық  деңгейіне  қарай бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.

  • Бірінші топқа білім беру кеңселерінің  мүшелері  алғашқы табиғатты

зерттеумен  айналысатын  ғылыми зерттеушілер;

  • Екінше топқа жергілікті жердің тарихын  білу  мақсатымен  қорғалатын 
Экологиялық туризм. 2