Экологиялык кризис
Жоспары:
- Экологиялық дағдарыс (кризис)
- Қазіргі экологиялық проблемалар
- Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат а расындағы қатынастарда
қарама қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөні ндегі халықаралық конференциял ар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты
қазіргі заманның ғалами мәселелерінің
бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан
бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік
ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи
үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология
революцияның болжап білуге болмайтын
зардаптары, энергияны тұтынуды ң көбейе түсуі, қазба
отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар)
пайда болды.
Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу
керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын
қайтымдыкүй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап
шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған
қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған
ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің
әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс
табады.Олар: контоматация ( ортаның инертті материалдарға қанығуы) , уыттану (хим. активті
субстанциялармен қанығу, радиациямен
ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен
ластану),электро-магниттік дет ериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың
бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл
нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет
етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде
бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат
болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда
ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр.
Олар: атмосферақұрамының өзгеруі; осының салдарынан
“парникті әсердің” күшеюі және климаттың
жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит
деңгейінің апатты түрде көтерілуіне
апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің
ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен
ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами
ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар:
әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның
өзі гидросфера мен атмосфера а расындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады;
жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің
түрлік құрамының және олардың зәузаттық
қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті
Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен
қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің
басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық
елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан
зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы.
Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдары с экология қасірет
деңгейіне жетті (Арал өңірі,Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай айм ағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар).
Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың
жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар,
әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар
– министрліктер дәрежесіндегі органдар
құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми
негіздері тұжырымдалды, Экологиялық
дағдарысты шиеленістіретін бірқатар
әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды
тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға
көшу, озон қабатын бұзатын заттардың
шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар
мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау
кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі
халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіптітехнологияларға қарсы халықаралық қоғамдық
қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық
дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне
елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.
Ғаламдық
проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи- антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар.
Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда
Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық
проблемалар бар:
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Демографиялық проблема;
Климаттың өзгеруі;
Экологиялық проблемалар;
«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
Қауіпті ауруларды жою;
Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
Қылмыспен және терроризммен күрес;
Наркобизнеспен күрес.
Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
Атмосферадағы озонның мөлшері
бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді
құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының,
Күннің ультракүлгін радиацияларының ә
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.
1980 жылдары Антарктидадағы
ғылыми жұмыс станцияларында
жүргізілген зерттеулерден
Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.
Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.
Парникті эффект (жылу эффекті).
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.
Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі.
Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.
Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына - тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Ұлттық экологиялық проблемалар: экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Еліміздің тарихындағы
ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ
полигонының өмірге келуі Алғашқы
атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың
29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық
полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті
және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі
нәтижесінде атмосфераға, гидро сфераға жәнелитосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті
материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық
полигонының ғана емес, соған жақын жатқан
орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей
Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті
ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде
сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және
тұрғын халықтар зардап шекті.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Ядролық сынақтар
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Жер бетінің түпкір-түпкірінде
экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық
мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге
мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде
қоршаған ортаны қорғауды басқаратын
министрліктер, департаменттер мен агенттіктер
құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан
шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті
шараларды бірге жүргізу туралы келісімге
қол жетті.
Табиғат қорғау проблемаларына
арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек
айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның
эконмикалық комиссиясының симпозиумы
болатын.
1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның
қоршаған орта жөніндегі конференциясы
ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың
басталу күні болып есептелетін конференция
«Жер біреу» деген ұранмен өтті.
Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа,
кеңеске мыналар кіреді:
• Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық
елдердің дерлік академиялары мен ғылым
одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік,
Антарктида, мұхиттар проблемаларымен
айналысып зерттейді;
• Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет
биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның
улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау
(мониторинг) мәселесімен айналысады;
• ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы
адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және
субтропиктік орман және жайылым экологиялық
жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;
• БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы
(ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау
проблемаларын, мұхиттарды ластанудан
сақтау мәселелерін зерттейді;
• Қоршаған орта мониторингісінің глобалды
жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын
арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары,
мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы
біліп отыру үшін құрылған;
• Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП)
табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану
және қорғау мәселелерін зерттейді;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
(ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық
жөнінен бағалайды және бақылайды;
• Дүниежүзілік метереологиялық ұйым
(ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен
өзгерістерді бақылайды;
• Халықаралық океанографиялық комитет
(МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды;
• Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық
жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын,
су қорларын үнемді пайдалану және қорғау,
жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін
зерттейді,
• Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет
мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат
қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту,
даярлау мәселелерімен айналысады.
1975 ж. шілде айында Хельсинки қаласында
еуропалық 35 мемлекет және АҚШ пен Канада
елдері басшылары қорытынды актіге қол
қойып, ауаның ластауына қарсы күресті,
тұщы су мен теңіз суларын, топырақ бетін,
тірі ағзаларды қорғауды, қорықтар құру,
елді мекендерді қоршаған ортаны жақсарту
мәселелерін, қоршаған ортаны зерттеу
жұмыстарын халықаралық ынтымақтастықтың
негізінде және халықаралық бағдарламаларға
сәйкес жүргізуге келісті.
Қорытынды
Адамның шаруашылық әрекеті
табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында
қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны
өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту
барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын
да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне
кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың
тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда
адамның шаруашылық әрекетінің әсері
есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін,
топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа
минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың
шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын
туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен
шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған
ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін
ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак,
өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруі не әкеп соғады. Қазіргі
кездеантропогендік
ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту
үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді.
Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жерді ң жағдайын жақсарту мен
оны пайдалану тиімділігін арттыруға
бағытталған шаралардың жиынтығы болып
табылады. Табиғатты тиімді пайдалану,
көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы
қажет. Рио-де-Жанейро
декларациясының қағидаларын есепке ала отырып
Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі
проблемалары және қоршаған ортасының
жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті
деңгейде қаралуын қарастырады.
Дерек көздер
Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
start="3"О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
start="4"Журнал «Арай» 1988 жыл № 10
start="5"Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

- Экологиялык факторлар
- Экологиялық ақпаратқа қол жетімділік қағидасын қамтамасыз ету мәселелері
- Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі
- Экологиялық биогеография
- Экологиялық білім
- Экологиялық білім беру
- Экологиялық ғылымның қалыртасу кезеңдері
- Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
- Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
- Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
- Экология леса
- Экологиялык бакылау
- Экологиялык жаfдай жэне адам денсаулыfы
- Экологиялык жагдай