Экономикаға мемлекеттің реттеудің ғылыми негіздері

Жоспары:  
  
 

Кіріспе…………………………………………………………………………..3

1.Экономикаға мемлекеттің реттеудің  ғылыми негіздері……………………..4-5

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі……………….5-7

3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің құрамы мен бысынқылығы.Олардың объектілері мен мақсаты бағдарламаларына тәуелді ……………………..7-10     4.Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік  қолдау  корсетуді  ұйымдастырушылық-құқықтық  жағынан  қпамтамасыз ету

5. Өтпелі экономика үлгілерінің жуйесі ..................................12-13

Қорытынды………………………………………………………………...13-14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………............15  

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

 

 

 Экономиканы мемлекеттік басқаруда оның тиімділігін  арттыру жөніндегі мәселелер  соңғы он шақты жылдар бойы күн  тәртібінен түскен емес деп тұжырым  жасауға негіз бар.     

Еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін  қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды Елбасымыз биылғы жылы Қазақстан халқына арналған жолдауында басты мақсат етіп қойды.      

Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін аз ғанан уақыт ішіндегі экономиканы  реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі  кең көлемде шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың  теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік  реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің  сандық сапалық көрсеткіштері өзгерісін  тұрақты түрде зерттеп отыруды  қажет ететіндігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграцияның объективтілігі және экологиялық кең ауқымды мәселелерін  әлемдік деңгейде шешу қажеттілігімен байланысты екендігін де атап көрсету  керек. Реттеудің мемлекет қолындағы  ең негізгі құралы болашақты болжау мен жоспарлау болып табылады. Ғылыми методологиялық және ұйымдастыру  жақтары қарастырылуы керек.

Біздің  ел Қазақстан – 2030 стратегиясы шеңберінде қалыптасуда және осы стратегияның  дәйектілікпен орындалуы  республиканың одан әрі дамуына ықпал етуі басты мақсаттардың бірі болып табылады.      

Елдің тарихи қалыптасқан ескере отырып басқару  функцияларын төменгі деңгейге біртіндеп  табыстау, жергілікті қаржы көздерін молайтуға ықпал ету, аймақтардың  әлеуметтік экономикалық даму деңгейлерін  теңестіруге тиісті экономикалық механизмдерді  қолдану елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруэкономикасы дамыған елдердің қатарына қосылудағы алғы шарттардың бірі.   

 

 

 

  

1. Экономикаға мемлекеттің реттеудің  ғылыми негіздері  

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) - нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.  

 Нарық шаруашылығының даму барысында,  жеке меншік шеңберінде шешілмейтін,  яғни экономиканың өзін-өзі реттеу  қағидалары негізінде экономикалық  және әлеуметтік проблемалар  туындайды және шиеленіседі. Өндіріс  күшінің дамуы елеулі инвестицияның  қажеттілігін туғызады, өндірісті  мамандандыру, капиталдың шоғырлануы  күшейді, өндіріс пен капиталдың  бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен  өзара тәуелділігі өсті. Сонымен  бірге қоғам дамуының белгілі  бір сатысында еңбек пен капиталдың  арасындағы қарама-қайшылық күшейе  түсті, жаппай жұмыссыздық пайда  болды, экономикалық дағдарыстар  салалық шеңберден асып, жалпы  ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға  айналды. Монополияның үстемдігіне  әкелген, бәсекелестікті күшейткен  ақша айналымының бұзылуы, нарықтың  әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының  жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы  күштің әсерін, атап айтқанда  мемлекет күшін талап етеді.   

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің қажеттілігі. Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.    

 Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.     

 А. Смит көзқарасы бойынша,  пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық  жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті  екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық  дамудың ең басты қозғаушы  ретінде көрінеді.     

 А.Смиттің іліміндегі идеяларының  бірі, экономикадан мемлекеттік  реттеуді алып тастаса, онда  экономика  тиімді қызмет етеді  деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан,  рынокқа толық еркіндік беру  қажет,- деп есептеді.    

 Рыноктық үйлестіру ресурстардың  тиімді пайдалануды қамтамасыз  етпегенде, нарық сәтсіздігі деп  аталатын жағдай болатынын экономикалық  тәжірибе растады. Рыноктағы нарық  сәтсіздігі қоғамның игілігі  мен сыртқы әсерлерге ғана  емес, басқа жағдайларға да байланысты  пайда болады. Оның ең маңызды  себебі – рынокқа тән монополияланған  беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз  ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.    

 Нарық экономикасында мемлекеттің  рөлін теориялық танудың маңызды  сатысы көрнекті ағылшын экономисі  Дж.М. Кейнстің  есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы »  барысында  алға қойылған идеялар, экономикалық  құлдыраудан өз бетімен сауығудың  мумкін емес екенін, мемлекеттік  саясат экономиканы дағдарыстық  жағдайдан шығару үшін, жиынтықты  сұраныс пен жиынтықты ұсынысты  теңдестіруге және әрі қарай  тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті  құрал ретінде қажет екенін  дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын  екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін әлемнің көптеген елдері  қабылдады. Сұраныс жиынтығын  реттеуде кредиттік-ақшалы және  қаржылық саясатты пайдалану,  бұл елдердегі экономиканың кезеңдік  ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді  деп есептеледі.     

 Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік  реттеудің ) объективті мүмкіндігі  экономикалық дамудың белгілі  бір деңгейіне жетумен, өндіріс  пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің  шоғырлануында, өндіріс күші мен  өндіріс қатынастарының дамуында  пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы  жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің  құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру,  жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы  ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты  қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды  шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты  нысаны қоғам дамуындағы әр  сатыдағы сипатпен,экономикалық  және әлеуметтік мәселелердің  өткірлігімен анықталады.  

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен  бұрын ең алдымен осы түсініктің өзіне анықтама беру қажет. «Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің  араласуын білдіреді».  
  
  
  

 

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі.    

Объективті  қажеттілікті анықтау үшін нарықтық қатынастардың өріс алған не өрістеу  қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау немесе жинақталуға негізделуі керек. Бұл тәжірибені нарықтық экономикасы  дамыған  елдердің білгір мамандары  жасап, дайындаған ғылыми талдауы әлеуметтік экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі  мемлекеттің жүзеге асыратын іс шараларының  объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін  жасаушы және көрнекті маман Клас Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы  айтқанда, ешқашан болған емес» деп  тұжырым жасай келе ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды  әділетті бөлуді қамтамасыз ету мақсатындағы  экономиканы  мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып білгендіктен атап көрсетеді.          

Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік  беретін келесі маңызды түсінік  тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюінің тығыздылығының сыртқы әсерлері болып табылады.         

Нарық субъектілерінің  өзара іс әрекеттерінің шарттарын  анықтауға және олардың сақталуын  бақылауға арналған трансакциялық  шығындарды төмендетуге де мемлекеттің  рөлі зор. Мұнда шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді.         

Ең соңында халықты  әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін атап айту керек. Өйткені, бұл мәселелердің саясатпен көршілес тұратынлығын ескеріп оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет рөлі айрықша жоғары болып келеді.         

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі белгілі шартылықпен  алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық  көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде  елестетуге болады.   

Қажеттілік  тауарлар мен қызметтердің барлық түрін  өндіру мен тұтынуды мемлекеттік  және нарықтық реттеудің диалектикалық  бірлігінен туындайды.   
  
  

 

 Экономиканы мемлекеттік  реттеудің объектісі және құралдары.    

ЭМР-дің  объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.  

 ЭМР-дің негізгі объектілеріне:    

● шаруашылықтың экономикалық кезеңін,     

● секторлық, салалық және аймақтық құрылымын;    

● капитал жинақтау жағдайын;    

● жұмыспен қамтамасыз етілуін;    

● ақша айналымын;    

● төлем балансын;    

● бағасын;    

● бәсекелестік жағдайын;    

● әлеуметтік қатынастарын;    

● әлеуметтік қамтамасыз етілуін;    

● кадрларды дайындауы мен қайта  дайындауын;    

● қоршаған ортаны;    

● сыртқы экономикалық байланыстарды  жатқызады.  

 Мемлекеттің кезеңдікке қарсы  немесе шаруашылық жағдаятын  реттеу саясатынын мәні тоқырау  мен дағдарыс кезінде тауарлар  мен қызметке сұранысты қолдау  мен капртал салу және жұмыспен  қамтамасыз етуден тұрады. Ол  үшін жеке капиталға қосымша  қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар  өсіріледі.   

 Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу  кезінде, тауар қорларының азаюы,  импорттың өсуі және баланс  төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне  сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті  жағдайлар пайда болуы мүмкін  және осыдан келіп, баға мен  еңбекақының негізсіз өсуіне  әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің  міндетті - « экономиканың қызып  кетуіне » жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру  мен артық қорланудың мүмкін  болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың  күрделі қаржы жұмсалымының және  өндірістің өсуіне жол бермеу  қажет. 

Бәрінен бұрын экономиканы реттеу мемлекеттің  макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл үкіметтің болжамы емес оның объективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады:

  • өндірістік немесе әлеуметтік сипаттағы нақтылы мәселелердің тиімді шешімі оны макроэкономикалық деңгейден қарастырғанда, яғни тек жиынтық шығындармен салыстыру жағынан келгенде тиімсіз болып шығуы әбден мүмкін.
  • Халық шаруашылығының тиімді аймақтық салалық құрылымын құру жөніндегі мемлекеттік шаралар жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің  салалар мен аймақтардың тұрғысынан тіпті де тиімді болмай шығуы мүмкін.
  • Егер экономиканы ұдайы өндіретін жүйе ретінде қарастыратын болсақ онда макроэкономикалық теңгермешліктің өзі осы жүйенің болашақтағы даму тиімділігінің факторы ретінде алынады.

Осыларды ескере отырып мемлекеттік  реттеу барысы өз кезеңінде нақтылы  бір мерзімге есептелген мемлекеттік  әлеуметтік экономикалық саясатының туындысы болып табылатын тұтастай экономикалық жүйе дамуының бағдарламалы мақсатты нұсқауларына бағындырылуы қажет екендігі туындайды.  

ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым  мен салалық шеңберде маңызды  рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру  мен мемлекеттік күрделі қаржы  жұмсалымы көмегімен бөлек салалар  мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы  дағдарыста қалған шаруашылық  бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық  шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда  құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен  бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.  

 Экономика мемлекеттік реттеудің  объектісі-капиталды жинақтау болып  табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар  үшін экономикалық кезең мен  құрылымға ықпал ететін, қосымша  ынталандырулар жасалады.  

 Жұмыспен  қамтамасыз етуді реттеу  – бұл нарықтық экономика көзқарасы  тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс  пен ұсыныс арасындағы қатнастарды  қалыпты қолдау. Бұл қатнастар  еңбекақысы еңбекке жеткілікті  тартуға қызмет ететін экономиканың  білікті және тәртіпті қызметкерлерге  деген талабын қанағаттандыруы  тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың  арасындағы қатынастар ұлттық  бәсекелестік қабілетке кері  әсер ететін еңбекақының шектен  тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен  қамтамасыз етудің қажетсіздігі  және тез төмендеуі жұмыссыздар  армиясын көбейтуге, тұтынушы  сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне,  жәрдемақыға салықтың өсуіне  және қауіпті әлеметтік нәтижелерге  әкеледі.  

 Ақша айналымын реттеуде ерекше  назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің  жағдайына әсер ету, ұлттық  валюта бағамының көтерлуі мен  төмендеуі, (валюталық «дәлізді»  анықтау), халықаралық экономикалық  интеграцияға қатысу.  

 Реттеудің тағы бір маңызды  объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы  экономиканың жағдайын көрсетеді.  Сонымен бірге сол баға шаруашылық  құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының  жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына  күшті ықпал етеді.  

 ЭМР объектілерінің шешілетін  міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық  деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары  және иерархиялық сипаты болады.  

ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады.  

 Нарықтық экономикалы дамыған  елдерде реттеудің әкімшілік  құралы елеусіз көлемде пайдаланады.  Олардың қызметінің аясы негізінен  қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік  әлсіз қорғалған тұрғындар үшін  жағдай жасаумен шектеледі.   

 Мемлекеттік реттеудің негізгі  құралдары:     

●қазыналық  саясат, яғни шығындар мен салықтардың  құқықтық    

● аумағындағы саясат;    

● ақша саясаты;    

● табыстарды реттеу саясаты;    

● әлеуметтік саясаты;    

● баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;     

● сыртқы экономикалық реттеу;  

Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары  ақша - кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.   

Негізгі экономикалық құралдар:    

● есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат);     

●  елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;    

● мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік    міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.  
  
  

 

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құрамы мен бысынқылығы.Олардың объектілері мен мақсаты бағдарламаларына тәуелді   

ЭМР-дің  мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.     

Егер  мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы  барынша айқын анықталған болса, онда осы қызметті жүзеге асырудың механизмдері туралы сұрақ туындайды.     

Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына  оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы  мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей және жанама деп  екі топқа бөлуге болады.     

Тікелей реттеу әдістері, көбінесе экономикалық процтердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі  бір адресттік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған.      

Тікелей реттеу әдістері:

  • Мемлекеттік сатып алу және тапсырыстар жасау;
  • Лимиттер бекіту;
  • Орталықтандырылған күрделі қаржы жұмсау;
  • Өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бөлінетін мемлекеттік жәрдемақы бөлу.

 

     Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың  қызметі экономикалық шарттар нәтижесінде  әсет етумен байланысты.     

Жанама реттеу әдістері:

  • Салықтық саясат;
  • Несиелік саясат;
  • Ақша саясаты;
  • Амортизациялық саясат;
  • Ресурстарды пайдалану шарттары мен ақысын реттеу әдістері.

 

  

ЭМР-дің  экономикалық қызметі.  

Мемлекет  орындайтын қызметтерге ең алдымен  мыналар жатады:  

● экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;  

● монополияға қарсы реттеу;  

● макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;  

● ресурстарды орналастыруға ықпал ету;   

● табыстарды бөлу аясындағы қызмет;  

● мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.   

Заңдық  базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.    

 Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық  өсумен,  жұмыспен толық қамтамасыз  етілуімен және бағаның тұрақты  деңгейімен байланысты.    

 Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік  және ауыл шаруашылығы өндірісіне  қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты   жағдайда мемлекеттік ықпал етудің  белгілі бір түрлері қолданылады.  Салықтар, демеу қаржылар, тікелей  реттеу және т.б. – құралдар  ретінде қолданылуы мүмкін.    

 Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз  етудегі бөлу - әлеуметтік топқа  жіктелуге және кедейлікке әкеледі.  Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында  қолданылған, табыстарды салықты  қайта бөлу арқылы ауқатсыз  азаматтарға қамқорлық жасауды  өз мойнына алады.      

 Мемлекеттік меншік – сату-сатып  алу объектісі болмайтын және  пайда әкелмейтін ұлттық игілікті  көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің  қалыптасу көзі мемлекет меншігіне  айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік  болып табылады.   

Нарықтық  экономикалы дамыған елдерде  реттеудің әкімшілік құралы елеусіз  көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар  үшін жағдай жасаумен шектеледі.     

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:  
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық    аумағындағы саясат;  
- ақша саясаты;  
- табыстарды реттеу саясаты;  
- әлеуметтік саясаты;  
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;  
- сыртқы экономикалық реттеу;     

Мемлекеттік реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, оның келесідей негізгі қағидаларын  атап өтуге болады:

  • мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
  • халық шаруашылығын басқару иерархиясының барлық деңгейлеріндегі шаруашылық жүйесінің тиімді шамаластық, сай келушілігі, мен теңгермешілігі;
  • мемлекеттік реттеу бойынша шешілетін мәселелердің сипаты мен деңгейіне сай келетін құралдарды таңдай білу;
  • реттеу барысында тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайына, оның ішінде макроэкономикалық тұрақтылыққа айтырлықтай әсер ететін мәселелерді кешегнді түрде қарастыру.

 

     Экономиканы мемлекеттік реттеу концепциясы  тұтастай алғанда, қоғамның шаруашылық іс әрекетін үйлестірудің жоспарлы және нарықтық модельдерінің артықшылықтарын  тиімді пайдалана отырып, макроэкономикалық, құрылымдық инвестициялық және сыртқы экономикалық  саясаттарды тиімді жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын қабылданғанын білдіреді.    

Мемлекеттік реттеу  – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.  
Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.  
Қазіргі кезде әкімшілік және құқықтық реттеу, тікелей және жанама экономикалық реттеу түрлері қолданылып жүр.    

● Әкімшілік реттеуге үлестеу, контингенттеу, лицензиялау, бағаны, табысты, валюта бағамын, есептеу пайызын, т.б. бақылау шаралары жатады. 

● Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.     

● Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды, кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие және салық жеңілдіктері жатады.    

● Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта, сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.  

1930 – 1970 жылдары кейнстік постулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлау, жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды.

       4. Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік  қолдау  корсетуді  ұйымдастырушылық-құқықтық  жағынан  қпамтамасыз ету

Бүгінгі таңда қай елде болмасын шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлік әрқашан мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі, ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиындыққа душар болуда. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

Осы мәселелерді кеңінен  талқылау үшін Астанада «Нұр Отан»  партиясы Қазақстандағы бизнес ахуалын  жақсарту және әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған билік партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин төрағалық жасады. Басқосуда мәлім болғандай партияның ықпалымен билік пен бизнестің байланысын арттыру үшін енді Үкімет пен Ұлттық экономикалық «Атамекен» одағы күш біріктіреді. Қазақстандағы кәсіпкерлерді дамытуда «Нұр Отанның» ықпалы мол. Атап айтқанда, партияның бастамасымен Ата Заңның бизнеске байланысты тармағына шығындарды азайту туралы өзгеріс енгізілді. Ендігі қадам, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағытын жүзеге асыру болмақ. Мұндай жүйе – билік пен бизнесті байланыстыруға ықпал етуші жобаларға қатысты болмақ. Ол үшін ең алдымен, лицензиялар мен рұқсат берулерді, жөнсіз тексерулерді азайту қажет. Бүгінгі күнге дейін Заң бойынша 300-ден астам рұқсат беру құжаттары қысқарды. 2015 жылға дейін бизнеске байланысты шығындар тағы 30 пайызға дейін төмендеуі тиіс.

Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру.

Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы барысында  мемлекеттік қолдау ауадай қажет. Себебі, ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс. Республикалық қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі – ауылшаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет. Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады. Дөңгелек үстелге қатысушылар шағын бизнесті дамыту үшін үш факторды ескеру қажет деген тұжырымға келді. Оның біріншісі – кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, екіншісі – тексеруші органдардың санын қысқарту, үшіншісі – рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

Экономикаға мемлекеттің реттеудің ғылыми негіздері