Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы. 5
Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
Экономикалық
ілім — ертедегі ең ескі және бай
тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық
ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге
дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек
ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.)
пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен
табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша)
байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты
жоюға және мемлекеттің пайда болуына
әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке
иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы
ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің
жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен
бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты
жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия»
деген атка ие болды. Антуан Мокретьен
1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты»
кітабында Франция елінің шаруашылығын
мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі
ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де
ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық
ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда
пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары
кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру
мен зерттеудің бастауы болып табылады.
«Меркантилизм» бірінші экономикалық
ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі
мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың
қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы
материалдық игіліктер өндірісінде емес,
ол тауар мен ақша айналымы саласында
болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның
әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу,
тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен
артып тұруы мен елдегі ақша капиталы
(алтын, күміс) қорлануының арқасында қол
жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге
барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті
жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз
өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612 ж.ж.)
және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.
Қоғам байлығы
сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы
туралы идея алғашқы рет физиократтар
мектебінің еңбектерінде пайда болды.
Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа
Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың
қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі
деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти
(1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид
Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды.
Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек
ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы
емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте
(ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс
өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы
идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа
ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері
классикалық экономикалық мектептің негізін
қалаушылар деп аталды.
Саяси экономиканың
классикалық мектебінің тұжырымдамаларын
одан әрі тереңдете зерттеу негізінде
марксизм ілімі қалыптасты. К.Маркстың
ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық
формация, капитализмнің даму заңдылықтары,
социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде
пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық
дағдарыстар теориясы, тауарға сінген
еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн
туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік
рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты.
К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші
жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары
жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі
ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде
жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың
капитализм кезеңіндегі пролетариаттың
абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын
қоғам толық мақұлдамады, капитализмді
таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу
қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді
қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық
теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын
мойындады.
ХІХ-шы ғасырдың
екінші жартысында «маржинализм» теориясы
қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық
мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921
ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген
фон Бем- Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын
экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882
ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің
басты категориялары: шекті пайдалылык,
шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм
экономико-математикалық тәсілдер мен
модельдерді кең қолданды. Математикалық
мектептің бірден-бір белгілі теоретигі
швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910
ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық
тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне
– сұраным мен ұсынымды талдау жатады.
Экономикалық
ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси
экономия ретінде дамыды. Экономикалық
ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың
басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс
оны кеңінен қолдануды ұсынды.
Ағылшын ғалым-экономисі
Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің «Саяси
экономия принциптері» (1890 ж.) Деген
еңбегінде «саяси экономия» термині
«экономикалық теория» ұғымымен
пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан
астам уақыт өтті және экономикалық ғылым
жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы
зерттеулер дамыған елдерге кең тараған
және «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон,
Кэмпбелл, Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және
басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды.
Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық
теориясы орташа мөлшерден шекті шағын
шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың
сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар
көлеміндегі өзгерістерге алып келді.
Бұл талдау техникасы процесі үшін өте
үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда
математикалық тәсілді қолдануға жол
ашты.
Қазіргі экономикалық
ілімдер тарихының негізін
ХХ-шы ғасырдың
70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс
пен кәсіпкерлік белсенділіктің
бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік
реттеудің тиімсіздігі идеясына
алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен
экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда
бола бастады. Осы бағыттағы экономистер
ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек
етті. Олардың ойынша, нарық механизмі,
бәсеке негізінде өсуді баланстандыру
қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен
ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады.
Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс
жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық»
немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені
жекешелендіруге пайдаға салық өсімін
төмендету арқылы және бәсеке жағдайында
жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды
ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз
ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік
бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік
амортизаторлар сақталып, тегін қызмет
көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып,
кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы
жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға
қатыстыру және сол сияқты бойын көтере
бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік
өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды
өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру
теориясы рейганомика мен тетчеризмнін
негізін қалады.
«Неолиберализмнің»
белгілі өкілдеріне американ экономисі
Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің
экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан
— Фредрих Август фон Хайекті
(1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі
насихаттап жүрген экономикалық ілімінің
қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді»
айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының
басты ошағы ақша аясында жатыр және оны
реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы
өндіріс циклын жоюда болып табылады.
«Монетаризмнің» басты стратегиясы –
экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін
қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен
экономикаға ынталандыру салымын алмай
жүзеге асыру.
Осы тенденцияның
айқын көрінісі американ экономисі
Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық
синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық
синтез теориясының түсіндіруінше «еркін
бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды
және ресурстар түгелдей игерілмейді».
Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты,
жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты»
қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі
шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды.
Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік
түрлерінің араласуымен – нәтижесінде
аралас экономика пайда болады. «Таза
жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық»
және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған
классикалық принциптер өзінің «заңды
күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда
негізгі құн мен табысты үйлестірудің
теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық
коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып,
Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист
өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның
неоклассикалық синтез теориясы ерекше
жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың
негізгі принциптерін экептикалық қосудан
туындап, экономиканы мемлекетік реттеу
теориясының басымды ролі атқаратындығын
көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық
синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет
Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын
қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық
революцияға және экономиканы реттеудің
түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді
келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың
мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың
басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды
күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек
қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету
еді.
Қорыта айтканда,
қазіргі кезде экономикалық ілімдер
тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады:
– бірінші ағым
«неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне
қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм»
теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер
— А.Смиттің тікелей
– екінші ағым «капитализмді
реттеу» теориясымен
– үшінші ағым «институционализм»
теориясымен айқындалады. Оның негізін
қалаушы американ ғалым-экономисі
Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады.
Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы»
атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым
үшін капиталистік қоғамның дамуы мен
түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер
сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына
«индустриалды қоғам» теориясын жасаған
американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті
(1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу,
ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған
голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді
жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі
Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл
теорияларда «аралас экономиканың» түп
тұлғасы қарастырылған.
– төртінші ағым
әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық
теориясымен айқындалады. Осы теорияның
негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік
қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және
германияның ғалым-экономисі Вальтер
Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады.
«Экономика ғылымының
ғылыми мақсатын терең түсіну үшін
ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит,
К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін
зерделеп оқу жеткілікті» – дейді американдық
белгілі экономист, жаңа институционалдық
бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық
экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді.
Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл
үш атақты экономистер экономика ғылымында
түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін
мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық
жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас
түрлерінің негізін қалаушылар.
Экономика мен
экономикалық ілімдер тарихының негізгі
теориялык негізі – экономикалық теория
(саяси экономика) курсы. Өткен заманғы
және қазіргі әлемге танымал атақты экономист
ғалымдардың, теориялық мектептер мен
экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық
концепцияларының талқыламаларын салыстыра
отырып алған білімнің экономикалық теория
курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
Экономикалық ілімдер тарихының әдістері [ Скачать с сервера (13.5Kb) ] 16.12.2010, 21:09
Экономикалық ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі – диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.
Экономикалық ілімдер тарихының пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық форматтарға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәнін тоқып, оны терең қорытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі құбылыстардан дерексіздендіру қажет.
Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) калыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады.
Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық ілімдер тарихы зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихи принципті басшылыкка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих кең жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінің ең маңызды принциптері – зерттеудің тарихи әдісі және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалық әдіс – деп жазды Ф.Энгельс, – бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Экономикалық ілімдер тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады».
Экономикалық процесті танып-білуде жалпы, ерекше және жекенің бірлестігі әдісін қатаң сақтау орын алады.
Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинақтау) тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер каснеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу кажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.
Ғылыми болмыс
экспериментті қолдануды, экономикалық
процесс пен кұбылыстардың
Экономикалық
ілімдер тарихының пәні
Экономикалық
ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының
ажыратылмас бөлігі, онымен бірге
дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру,
қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру,
бөлу процестеріндегі қарым-
Экономикалық
ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу
кезеңі XVII ғасыр болып табылады,
бірақ экономикалық қөзқарастар көне
заманда да кездеседі.
Оның өмір сүру
кезендерінде бірнеше мектептермен,
ағымдармен ауыстырылды.
Экономикалық
әдебиеттерде экономикалық ілімдер
тарихының пәні төңірегінде алуан
түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық
ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы туралы
экономикалық ғылым саласындағы танымал
беделділердің арасында да ортақ пікір
жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың
жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін
түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан
классиктерді (олар экономикалық ғылым
пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары
деп есептейді); неоклассиктерді (олардың
ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік
ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді
іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді
(оларды өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтыну процесінде туындаған экономикалық
қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді
(олар экономикалық өсу факторларын зерттеген
және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық
реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді
(олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін
зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы
тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз
ету факторы ретінде монетарлық, яғни
ақша несие саясатын алған); институционалистерді
(олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік,
саяси және рухани қатынастармен байланыстырып
қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға
болады. Дегенмен, жасалған әр түрлі тұжырымдарға
қарамастан, қарама-қайшылықтар жиі кездеседі
және олар классиктердің көзқарастарымен
ойдағыдай ұштасып жатады.
«Экономикалық
ілімдер тарихы» кітабының авторы Титова
И.Е. осы ғылымның төмендегідей анықтамасын
береді: экономикалық ілімдер тарихы түрлі
тарихи кезендердегі ғалымдардың экономикалық
көзқарастарының негізгі жүйелерінін
пайда болып, дамуының тарихи процесін
зерттейді. Бұдан туындайтыны — экономикалық
ілімдердің қалыптасуын және дамуын талдау,
барлық қоғамдық дамудың – құл иеленушілік
қоғамнан бастап барлық тарихи кезендердің
тарихи процесін қамтиды. (Титова Н.Е. «Истории
экономических учений» - М.:; Гуманит. Изд.
центр «ВЛАДОС, 1997, 3 б).
Белгілі окулықтың
авторы Худокормов А.Г. курстың пәні
тек қана қазіргі кезде жалпыға
бірдей мойындалған тұжырымдар емес,
сонымен қатар батыс
М, 1998, 3 б.).
Экономикалық
ілімдер тарихы пәнінің неғұрльгм
кеңейтілген тусініктемесін белгілі
экономист алыс және жақын шетелдердің
ғылым әлемінде жақсы танымал «Экономикалық
ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров
берді. Ол былай деп жазды: «Бұл пәннің
объектісі жекелеген экономистердің теорияларында,
теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда
орын алған экономикалық идеялар мен танымдардын,
экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы
және әлеуметтік саладағы өзгерістерге
сәйкес кұрылу, даму және ауысуының тарихи
процесі болып табылады». (Ядгаров Я.С.
«История экономических учений: Учебник
для вузов. Изд. 4-е перерад. идоп. - М.: ИНФРА-М,
2000, 12 б.).
«Экономикалық
ілімдер тарихы» кітабының
Г.А. Шмарловскаяның
анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер
тарихының зерттеу пәні экономикалық
идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің
және ауысып отыруының тарихи процесі
және олардың адам өркениетінің дамуындағы
ролі» («История экономических учений:
Учеб. пособие/Под общ. ред. Шмарловский
Г.А. - 2-е изд., испр.-Мн.: Новое знание, 2001,
4 6.).
Санкт-Петербургтік
ғалымдардың пікірінше, экономикалық
ілімдер тарихының пәні — бұл
экономикалық ілімдердің пайда болуының,
қалыптасуының, дамуының, күресуінің және
ауысуының тарихи процесі. (Павлова
И.П., Владимировский Е.А, Оводенко А.А.,
Ильинская Е.М., «История экономических
учений»: Учебное пособие. 5-е изд. - СПб.:
Изд. «Лань», 2001, 5 6.)
Профессор С.А.Бартенов
экономикалық процестерге және экономикалық
теориялармен мектептердің қалыптасып,
дамуының заңдылыктарына деген көзқарастар
эволюциясы экономикалық ілімдер тарихының
пәні деп есептейді. (Бартенов С.А. «Истории
экономических учений» - М.: Юрист, 2002, 15
б.).
Әрине, курс әдебиеттерді
зерттеп. белгілі экономистердің көзқарастарын
жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай,
идеялардың өзара байланысың, реттілігін,
әдістер мен қорытындылардың трансформациясын
анықтауға ұмтылады.
Экономикалық
ілімдер тарихы пәнінің қысқаша
сипаттамасы да қолданылады. Бірқатар
ресейлік ғалымдар (Борисов Г.В., Шишкин
М.В., Сутырин С.Ф.) бұл курстың пәні өркениет
дамуының түрлі сатысындағы экономикалық
теориясының пайда болу, даму және басқалармен
ауысу процесі деп есептейді. (Борисов
Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф. «История
экономических учений» - С-Пб., Изд. дом
«Сентябрь», 2003, 7 б).
Біздің айтуымызша,
бір анықтама екінші анықтаманы дамытады
және олардың бәріне ортақ нәрсе
– экономикалық ой тарихының пәні
қоғамдық өндірістің қалыптасып, дамуының
тарихын зерттеу, ол сонымен бірге
адам қоғамының эволюциясы барысындағы
экономикалық концепциялардын (идеялар
мен көзқарастардың) пайда болуының, дамуының
және ауысуының тарихи процесі.
Экономикалық
әдебиеттерде де қысқаша талдау жасағаннан
аңғарғанымыз, экономикалық ілімдер
тарихы пәнін зерттеу бойынша
үлкен жұмыс Батыста және Ресейде жұргізіледі.
Қазақстанда аталған
мәселелер осы күнге дейін
жеткіліксіз зерттелген. Экономикалык
әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы
экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін
қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров,
О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев,
М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев,
Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев,
Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).
соған қарамастан.
Қазақстандағы
экономикалық ілімдер тарихын кешенді
тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми
деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға
койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы
ізденістер әрі жалғасуда.

- Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
- Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
- Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
- Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
- Экономикалық категориялар мен экологиялық заңдар
- Экономикалық қауіпсіздік
- Экономикалық қызмет
- Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері
- Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
- Экономикалық ілімнің
- Экономикалық ілім пәні мен әдістері
- Экономикалық ілім пәні мен әдістері
- Экономикалық ілім пәні мен әдістері
- Экономикалық ілім пәні мен әдістері